«Қазақ этнопедагогикасы» пәнінің электронды оқулығын дайындау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Алтынбек Рүстембек
«Қазақ этнопедагогикасы» пәнінің электронды оқулығын дайындау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011100 -- «Информатика» мамандығы
Түркістан 2015
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Компьютерлік ғылымдар
кафедрасының меңгерушісі,
техн. ғ. д., доцент
Марасулов А. М.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Қазақ этнопедагогикасы» пәнінің электронды оқулығын дайындау
5В011100 - «Информатика» мамандығы
Ғылыми жетекшісі,
п. ғ. к., доцент
Түркістан 2015
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 58 б.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Алматы: Литера, 2007. - 96 б.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 113 б.
4. 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - 117 б.
5. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі (негізгі ережелер) (ҚР МЖМБС 5. 03. 016 2009)
6. Университет ережесі. Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар. УЕ-ХҚТУ-015-2014
7. Диплом жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулық. 5В011100 - Информатика және 5В060200 - Информатика мамандықтары. Әдістемелік нұсқаулық жаратылыстану факультетінің Оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген. 2013 жылы 27 тамыз №1 хаттама.
АНЫҚТАМАЛАР
Ақпарат- біздің айналамыздағы объектілер мен құбылыстардың белгілер мен символдар арқылы берілген бейнесі.
Әдіс(грек. - «methodos» - «зерттеу») - бұл тәсіл, әдіс немесе әрекет бейнесі; мақсатқа жету әдісі, қандайда бір айқындалған түрде реттелген әрекет; нақты тапсырманы шешуге бағынышты, шындықты игерудің практикалық немесе теориялық тәсілдері мен амалдардың жиынтығы.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
AOЖ - aвтoмaттaндыpылғaн oқыту жүйeлepi;
ТР - тpeнaжepлap;
ББ- бaқылaушы бaғдapлaмaлap;
АЖ - aнықтaмa жүйeлepi;
ЛП - лaбopaтopиялық пpaктикумдap;
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ асыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.
Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
«Технология» ұғымы латын сөздерінен - «техне» - өнер, шеберлік, кәсіп және «логос» - ғылым - дегенді білдіреді. Технология - ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі ретінде, ғылымда қол жеткізілген деңгейдің жинақталған көрінісі ретінде анықталады.
Білім сапасына қойылып отырған жаңа ұстанымдарға байланысты оқу әрекетінің мақсаттылығына, мазмұнына үлкен мән берілуде. Оқушының ғылыми ұғымдар мен заңдарды түсініп, практикалық мәселелерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін, дағдыларын ғана меңгеріп қоймай, шығармашылық бағытта еңбектенуі - оқу әрекетінің негізгі мақсаты және нәтижесі болып табылады. Бізді қоршаған ортамыздың маңызды мәндерінің бірі ақпарат болып табылады.
Ақпарат - біздің айналамыздағы объектілер мен құбылыстардың белгілер мен символдар арқылы берілген бейнесі. Адам жасаған әрбір құрылғы мен жүйеде, ақпарат жинау және өңдеу процестері өтеді. Дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты ақпаратты жинау, беру және өңдеу саласында төңкеріс басталды. Бұл төңкеріс материалдық өндіріс саласын ғана емес интелектуалды салаларды да қамтиды.
Ақпараттандыру қоғамның барлық саларының өміріне түбегейлі өзгеріс жасауда. Олардың өмір сүру жағдайын, адамдардың іс-әрекеттерін, мәдениеті мен мінездік стереотиптерін, ойлау образын түбегейлі өзгертті.
Ақпараттандыру - адамзат өміріне барлық жағынан әсер ететін парасаттылық іс-әрекетінің ролі мен денгейін көтерумен байланысты жан-жақты даму үдерісі болып табылады. Ақпараттандыру кең қолданылатын сөз, ол барлық адамзат іс-әрекетіндегі қоғамдық мәні бар толық анықталған, жеткілікті және сол уақыттағы білім негізіндегі қоғам өмірін қайта құру үдерісін көрсетеді.
Білім беру ортасы ақпараттанумен тікелей байланыстағы негізгі қоғамдық жүйелердің бірі болып табылады. Білімді ақпараттандыруды ақпараттық қоғам жағдайында жоғарғы деңгейдегі өмірге маман дайындау үдерісі ретінде сипаттауға болады.
Қазіргі қоғам мен оның білім беру саласын ақпараттандыру туралы айтпастан бұрын, ақпараттандырудың тарихи алғышарттарын түсінген жөн. Қоғамды ақпараттандырудың тарихи үдерісі өз заманында пайда болған жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты ақпараттық төңкерістер тізбегі арқылы сипатталады.
Ақпараттық төңкеріс қоныстанушы халықтың белсенді бөлігі үшін ашық ақпараттар ауқымының артуына әкеп тірейтін ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және таратудың тәсілдері мен аспап-құралдарының өзгеруінен тұрады.
Ақпараттық технологиялар саласындағы даму ғылыми және ғылыми көпшілік басылымдарда “ақпараттық қоғам” атауының пайда болуына әкелді. Кейбір ғалымдар ақпараттық қоғам деп ондағы өндірістің басты өнімі мағлұматтар (білім) болып табылатын қоғамды түсінеді. Ақпараттық қоғам статусын қоғамға беру өлшемі ретінде адамзат жинақтаған мағлұматтар саны сияқты көрсеткішті пайдаланудың жөні бар, себебі кейбір бағалаулар бойынша біздің эрамыздың басынан бері адамзат жинақтаған мағлұматтардың бірінші екі еселенуі 1750 жылға, екіншісі ХХ ғасырдың басына, үшіншісі 1950 жылға таман болған. 1950 жылдан бастап әр жылда екі еселенеді. Бұл бүгінгі күнде әлемдегі білім көлемінің 250 мың реттен аса артқанын білдіреді.
Қоғамды және оның барлық салаларын, соның біріне жататын білімді ақпараттандыру мәселелеріне мемлекет аса көңіл бөлуде. Қоғамды ақпараттандыруды дамыту үдерісіне жүйелі мемлекеттік тұрғыдан келудің қажеттігі өткен ғасырдың 90 жылдарының басында-ақ көрініс ала бастаған болатын. Ал “ақпараттандыру” ұғымы “компьютерлендіру” ұғымын біртіндеп ығыстыра отырып ғылыми, сол сияқты қоғамдық-саяси терминологияда кеңінен пайдаланыла бастады [1] .
Ақпараттық көптеген мәселе, әсіресе оның ішінде ең негізгісі білім беру (оқыту) мәселесі болып табылады . Біздің негізге алған мәселеміз оқытуды автоматтандырумен байланысты. Демек білім беру мен пайдаланушы білімінің бақылау сұрағына қажетті нәтижелерді өңдеуі үшін қолданады. Білім беру компьютерлік техналогиямен жүзеге асыру ақпарат алушының сұранысын қанағаттандыра тын оқу құралының басылымымен қатар тұрады. Мұндағы негізгі таралымдар оқулық шығару, оқу процестерінің бірігуін қамтамасыз ету және жоғарғы сапалы, иннавациялық ғылыми зерттеулердің, яғни жаңа ақпараттық технологиялардың қолданылу мақсатында оқу процестеріне және сонымен қатар, әртүрлі «электрондық оқулықтардың» түбі бір дәл осылай аталатындығы.
Компьютерлік техникалар құралдарын қолданудың жақсы тиімділігіне маман иесі пәндік облыста ақпаратты ұсынулардың құралдарын шектемей, коммуникациялардың және жұмыстың базалары мен білімдердің нәтижесінде қол жеткізуі мүмкін.
Зерттеудің мақсаты: «Қазақ этнопедагогикасы» пәнінен электронды оқулық құру.
Зерттеудің міндеттері:
- Ақпараттық технологиялар және олардың білім берудегі мүмкіндіктерін саралау
- Электронды оқулық құру бағдарламалары мен әдістерін зерттеу
- «Қазақ этнопедагогикасы» электрондық оқулығын құру және қолдану әдістемесін жасау
- Зерттеу объектісі:Auto Play Media Studio бағдарламасының электронды оқулық құру мүмкіндіктерін қолдану
Ғылыми жаңашылдығы: Auto Play Media Studio бағдарламасында «Қазақ этнопедагогикасы» бойынша электронды оқулық құру технологиясы ұсынылды.
Практикалық маңыздылығы: Ұсынылған электронды оқулық құру технологиясын заманауи білім беру контенттерін жасақтауда тиімді пайдалануға болады.
Теориялық және әдіснамалық негіздерін: Білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, қазіргі білім беру проблемалары, электронды білім беру қорларын құру әдістемесі мен технологиялары саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Дипломдық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік қағидаларын жасауда оқыту үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми принциптері, сонымен бірге электронды білім беру қорларын құрудың әдістемелік негіздері туралы теориялары мен идеялары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
- Ақпараттық технологиялардың білім берудегі орны
“Ақпараттандыру” ұғымының біршама кеңірек анықтамасын академик А. П. Ершов өз жарияланымдарында берді. Ол: “ақпараттандыру - адамзат қызметінің барлық қоғамдық елеулі түрлеріндегі шынайы, жеткілікті және уақтылы білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені” деп жазды. Оның үстіне А. П. Ершов ақпарат “қоғамның табысты даму қабілеттілігіне көп жағынан алғышарт жасайтын, тұтас алғанда, оның стратегиялық ресурсы” болып табылатындығын атап өтті. Сол сияқты, ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша да, ақпараттандыру - бұл мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын қалыптастыруда, сонымен қоса, оларды қоғамды ағымдық басқару және ары қарай жетілдіру мен дамыту үшін пайдалануды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау мен тарату әдістері мен жолдарын кең көлемде қолдану [2] . Әрине, бір жағынан, осы айтылған екі анықтама бір-біріне қарама-қайшы емес, екіншіден, адамзат қызметінің бір саласы болып табылатын білім саласын ақпараттандыруды да анықтайды. Сонымен, “білімді ақпараттандыру” ұғымын осы екі анықтаманы ыңғайластыру арқылы енгізуге болады.
Білімді ақпараттандыру оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім саласында мағлұматтардың (білімнің) барын жүйеге келтіріп, жаңасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинақтау, сақтау және тарату технологиялары мен құралдарын қолдануға бағытталған адамзат қызметінің ғылыми-практикалық саласын білдіреді [3] .
Сонымен, білімді ақпараттандыру - білім беру жүйесінің қызмет етуіне, бүкіл қоғам өміріне бүтіндей әсер ететін қоғам мүшелері қызметінің кең, әрі көп қырлы ғылым саласы.
Көптеген мамандар білімді ақпараттандыруды үдеріс ретінде қарастырып, оқу пәндері немесе оқу пәндерінің жиынтығы аталуы мүмкін емес деген пікірлер айтады. Шындығында, үдерісті оқыту мүмкін емес. Бірақ, білімді ақпараттандыруды білімді нақты, сенімді, өзекті ақпараттармен және оларды өңдеу құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет ретінде де қарастыруға болады.
Білімді ақпараттандыру дәстүрлі информатика курсын, басқа пәндерді оқытуда қолданылатын ақпараттандыру әдістерін, технологиялары мен құралдарын қайта қарастыруды талап етеді. Информатиканың әдістері мен құралдары көмегімен болашақ маман қандай ақпараттық қорлар, олар қай жерде, оларға кіру мүмкіндігі қалай және оларды өзінің кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру мақсаттарына қалай пайдалануына болады деген сұрақтарға жауап алуды үйренуі тиіс.
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа мүмкін-дігін - қашықтан оқытудың енуін берді. Ол біріншіден, үйренушінің өзіне оқу уақыты мен орнын тағдауына, еніншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі білім алудан шеттетілген адамдарға білім алуға, үшіншіден, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға, төртіншіден, оқытуға кететін шығынды белгілі бір мөлшерде азайтуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан қашықтан оқыту білім беруді жекешелендіру мүмкіндігін арттырады.
Қашықтан оқытуда электронды оқулықтар қолданылатыны белгілі. Электрондық оқулықтарды құру ақпараттық материалдардың әркез жаңарып отыруына байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді. Оларда, сонымен қатар, жаттығулар мен мысалдардың мол болуы және ақпараттың әр түрінің көрнекі түрде берілуі мүмкін. Сонымен бірге электрондық оқулықтар көмегімен білімді тексеру - компьютерлік тест орындалады.
Білім беру саласында "электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтарды қолдану тәжірибесі студенттер мен оқушылардың берілген материалды сапалы түрде меңгеретінін көрсетті. Бұған тестілеу қорытындылары куә. Олай болса ақпараттық технологияның дамуы білім беруде жаңа әдістер мен әдістемелерді ойлап табуға және сол арқылы оның сапасын арттыруға толық мүмкіндік береді.
Электрондыќ оќулыќтың тиімділігі олардың ќашыќтыќтан оќытудағы өз мүмкіндіктерін жетілдіріп, казіргі жаѓдайда барлыќ білім алатын үйренушілерге ұсынылуында.
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады да, оларды ауылдық жерлерде, мұғалім жетіспейтін жерлерде көбіне қажет етеді.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Электрондық оқулық мазмұны жағынан толық, жоғары деңгейде ақпараттанған және дарынды жазылуы қажет. Қашықтан білім алуда оқулықта барлық электрондық-методикалық құралдары кіруі керек.
Дәл осындай оқулықты кез-келген оқушыға ұсынуға болады және студенттердің өз бетінше дайындалуы кезінде жақсы көмекші құрал болып табылады. Сонымен қатар сынақтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға дайындалуға да көмектеседі.
Қазіргі уақытта оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуда. Мұндай оқу көздеріне деген қызығушылықтың артуы мультимедиалық технологиялардың пайда болуымен және коммуникациялық құралдар, Интернет желісінің дамуымен байланысты.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Олардын мақсаты оқыту процесін мүмкіңдігінше дидактикалық жағынан тиімді ұйымдастыру. Дидактикалық тиімділікке қол жеткізу үшін қазіргі замандағы ақпараттық және телекоммуникациялық технология құралдарын комплексті түрде зерттеу, өз бетінше жұмыс жасау, білім алу сияқты әр түрлі салаларда қолдану қажет.
Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жузеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
- Оқушылардын өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;
- Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіңдіктерін пайдалануға;
- Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипертекстік және гипермедия жүйелерін пайдалануға;
- Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
- Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесің автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар беруге;
- Оқушылардын өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
- Қазіргі заманда телекоммуникациялық орталарда жұмыс жасауға, ақпараттық ағындарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіңдік береді.
Оқытушы электрондық құралдарды компонеттері ретінде мыналарды қарастыруға болады:
- Сервистік программалық құралдар;
- Оқушылардың білім деңгейін, іскерлігі мен дағдыларын бақылау мен тексеруге арналған программалық құралдар;
- Электрондық тренажерлар;
- Математикалық және имитациялық моделдеу үшін прграммалық құралдар;
- Автоматтандырылған оқтушы жүйелер (АОЖ) ;
- Экспертті оқытушы жүйелер (ЭОЖ) ;
- Интелектуалдық оқытушы жүйелер (ИОЖ) ;
Оқушылардың білім денгейін бақылау және тексеруге арналған програмалық құралдар құрылу жеңілдігіне байланысты кең қолданыс тапты. Тіпті, программалау негіздерімен таныс емес кез келген оқытушы өз пәні бойынша сұрақтар мен мүмкін болатын жауаптарын енгізе алатын бірқатар инструментальді жүйелер бар. Оқушының есебі ұсынылатын жауаптардын ішінен дұрысын тандау. Бұндай программалар оқытушыларды бақылау тапсырмаларын беріп, олрадың дұрыстығын тексеру жұмысынан босатады. Оқу материалын бекіту үшін бұл программаларды бір неше рет қолдануға болады.
Электрондық тренажерлар практикалық іскерліктер мен дағдыларды бекітуге арналған. Сонымен қатар олар есепті шығару іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді . Бұл жағдайда олар теориядан қысқаша ақпарат алып, әр түрлі денгейлерде өз бетінше жұмысты ұйымдастыруды қамтамассыз етеді.
Математикалық және имитациялық моделдеу үшін арналған программалық құралдар, тәжірибелік және теориялық зерттеулерді кеңейтіп, физикалық тәжірбені есептеуіш тәжірибемен толықтыруға мүмкіндік береді. Бір жағдайларда зерттеу объектілері, екіншісінде - өлшеуіш тағайындаулар модельденеді. Бұндай құралдар қымбат лабораториялық құрылғыларды сатып алуға кететін шығынды азайтуға мүмкіңдік береді, оқу лабораторияларындағы жұмыс қауіпсіздігі төмендейді.
Автоматтандырылған оқыту жүйелері оқушыларды теориялық материалмен таныстырып, білім деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін шағын көлемді оқытушы программалар.
Интеллектуалдық оқытушы жүйелер жоғарғы денгейлі жүйелерге жатады және жасанды интелект идеясында жүзеге асырлады. ИОЖ есептің қойылымынан және оны шешу принципін іздеуден бастап, шешімнің тиімділігін бағалауға дейін, оқу есебінің барлық сатыларында басқаруды жүзеге асыруға мүмкіңдік береді. Бұндай жүйелер қарапайым тілге жақын тілде өзара диалогтық түрде қарым-қатынас ұйымдастыруға мүмкіңдік береді. Диалог барысында тек орындалатын әректтер дұрыстығы ғана емес, сонымен қатар шешімді іздеу стратегиясы әрекеттерді жоспарлау және т. б. талқылануы мүмкін.
Білімді ақпараттандырудың актуальді есептерінің бірі білім беруші электрондық құралдарды классификациялау проблемасы болып табылады. Бұндай классификация бірнеше әр түрлі критерийлер негізінде жүргізілуі мүмкін.
Жалпы оқу жүйесіне қатысы оқытушы электрондық құралдарды(ОЭҚ) келесі түрлерге бөлуге болады:
- Стандарттарға сәйкес дәстүрлі жүйеде оқытуға арналған ОЭҚ;
- Факультатив жұмыстарға арналған ОЭҚ;
- ОЭҚ - үй репетиторлары;
- Оқу қызметінің нәтижелерін бақылаушы және бағалаушы ОЭҚ;
- Анықтамалық және энциклопедиялық сипаттағы ОЭҚ;
Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқытушы электрондық құралдарды қолдануға арналған программалық құралдардын барлық типтерін қамтуы мүмкін. Сонымен қатар, дәстүрлі оқыту жүйесі ОЭҚ-ды оқушылардын өз бетінше жұмысында қолдануға үлкен мүмкіндіктер береді.
Факультатив жұмысында қолдануға және бір пән бойынша білімін тереңдетуге арналған ОЭҚ дәстүрлі оқыту жүйесіне бағытталған ОЭҚ- ға ұқсас. Негізгі ерекшелігі ҚР БМ стандарттары мен программаларынан тыс оқу материалдарының болуы.
Әдістемелік қызметіне қарай ОЭҚ-дар мен олардын компоненттерің былай классификациялауға болады:
- Оқытушы (білімдерді хабарлайды, іскерліктер мен дағдылар қалыптастырады) ;
- Тренажерлар (Өтілген материалды қайталау немесе бекітуге арналған) ;
- Бақылаушы (Оқу материалын меңгеру деңгейің бақылауға арналған) ;
- Ақпараттық іздеу және ақпараттық анықтамалық (ақпаратты жүйелендіру бойынша мәліметтер беріп, іскерліктер мен дағдылар қалыптастырады) ;
- Демонстрациялық (зерттелетін объектілер мен құбылыстарды визуализацилайды) ;
- Имитациялық (құрылымдық функционалдық сипаттарын зерттеу үшін нақты бір шындық аспектісін бенейлейді) ;
- Моделдеуші (зерттеу мақсатында объектілерді, құбылыстарды және прцестерді моделдеуге мүмкідік береді) ;
- Есептеуіш (есептеулерді автоматтандырады) ;
- Оқытушы-ойындық (оқушылардың қызметін ойын түрінде ұйымдастырады) ;
- Ойындық (жадыны, назарын дамытуға арналған) .
Сабақты ұйымдастыру формасына қарай да ОЭҚ-рды топтауға болады. Оларды дәріс, лабороториялық, практикалық сабақтарда, ғылыми зерттеу жұмысында курстық және дипломдық проектілерге пайдаланылатын деп ажыратады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz