Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  • Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы
  • Пайдалы өсімдіктер классификациясы
  • Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны

I-тарау. Қ. Р. өсімдіктер ресурстарына қысқаша талдау

  1. Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарының бағыттары
  2. Қ. Р пайдалы өсімдіктерді зерттеу және менгеру тарихы
  3. Қ. Р өсімдіктер ресурстарын зерттеудің негізін қалаған ғалымдар

II. Негізгі бөлім. Зерттеу обьектісі және ізденістік жұмыстардың әдістемесі

2. 1. Түркістан ауданының табиғи-климаттық жағдайларына сипаттама

2. 2. Балды өсімдіктердің көптүрлілігі және сипаттамасы

2. 3. Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктердің түрлі құрамы

III. Балды өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы

3. 1 Арашаруашылығының өнімдерін өндіру тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

- Ботаникалық ресурстану ғылымының қалыптасуы

Қазақстан флорасында 6 мыңнан астам жоғары сатыдағы өсімдіктер түрлері бар. Олардың ішінде пайдалы өсімдіктер өте мол.

Адамзаттың даму тарихы қоршаған әлемді танып-білумен және табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалануға ендірумен тығыз байланысты.

Адамдар өзінің күнделікті шаруашылығында өсімдіктер әлемі байлығын ерте заманнан бері пайдаланады. Адамдар өздерінің дамуының алғашқы кезеңдерінен бастап өздерін қоршаған өсімдіктерді сипаттап, олардың пайдалы жақтарына көңіл аударған. Бұл мәліметтер бірте-бірте бір жүйеге келтіріліп, практикалық тұрғыдан ерекшеліктеріне байланысты топтастырыла бастады. Сондықтан өсімдіктер туралы ғылымда ботаникалық мәліметтермен қатар, өсімдіктердің практикалық маңызы туралы да мәліметтер жинала басталды. Кейіннен пайдалы өсімдіктер туралы ғылыми тұрғыдан маңызды еңбектер жазыла бастады. Ботаниканың бұл саласы алғашқыда шаруашылық немесе экономикалық ботаника деп аталды. Тек XX ғасырдың бірінші жартысында КСРО-ның атақты ботаниктері М. М. Ильин, А. Федоров және Н. В. Павлов ботаникалық ресурстану ғылымына ғылым саласы ретінде ғылыми теоретикалық дәлелдеме берді. Осы жылдары, яғни 1948 жылы ғылымның осы сатысында алғашқы іргелі еңбектер, мысалы ''Методика полевого исследования растении" деген өте құнды еңбек жарияланды.

Қазақстан Республикасында академик Н. Б. Павловтың классикалық еңбектерінің нәтижесінде ботаниканың жоғарыда аталған саласында Қазақстан алғашқы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Қазақстанда ботаниканың бұл саласының қарқынды дамуына биология ғылымдарының докторы В. Т. Михайлованың бастамасы бойынша 1965 жылы Қазақстан Ғылым академиясының қарамағындағы Ботаника институтының құрамында арнайы «Өсімдіктер ресурстары» бөлімінің ашылуы үлкен әсер етті. Академиктер Н. В. Павлов, Б. А. Быков және проф. В. П. Михайлованың еңбектері нәтижесінде Қазақстанда күшті ботаник-ресурстанушылар мектебі құрылды. XX ғасырдың соңғы жылдарында ол мектептің танылған жетекшісі биология ғылымдарының докторы Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, проф. М. Қ. Кукенов болды.

Профессор М. Қ. Кукенов пайдалы өсімдіктерді зерттеу нәтижелерін жариялады және оның жазған «Ботаническое ресурсоведение Казахстана» деген оқулығы (1999) Қазақстандағы ботаника ғылымының дамуындағы маңызды жетістік деп атауға болады. Өсімдіктерді және олардан алынған өнімдерді практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі XX ғасырдың басында «Шаруашылық ботаника» деп атала бастады. Шаруашылық немесе экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын пайдаланудың әртүрлі әдістері және формалары туралы мәліметтер жинаумен шектелді.

Пайдалы өсімдіктер классификациясы

Бірте-бірте жиналған мәліметтерге талдау жасалып, пайдалы өсімдіктер бір жүйеге келтірілді. Сол жұмыстардың нәтижесінде 1966 жылы профессор А. Федоров осы саладағы зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін үсынды.

Шикізаттық өсімдіктер дегеніміз не?

Профессор М. М. Ильин бойынша (1948), «Шикізаттық өсімдіктер деп завод немесе ауыл шаруашылық практикасында тікелей қайта өңделіп пайдалануға болатын шикізат беретін немесе мәдени өсімдіктер қатарына ендірілетін табиғи флора өкілдерін айтамыз».

Егер біз профессор М. К. Ильин анықтамасын қабылдайтын болсақ, онда өсімдіктер ресурстары туралы 1935 жылы Ташкентте өткен ғылыми-зерттеу конференциясының маңызы өте зор.

Бұл конференцияда өсімдіктер ресурстары мынадай 3 топқа бөлінеді:

Өндірістік өсімдіктер ресурсы

1. 1. Тағамдық өсімдіктер тобы бес топ тармақтарымен.

1. 2. Құрамында техникалық экстракт заттары бар өсімдіктер тобы 12 топ тармақтарымен.

1. 3. Талшықты өсімдіктер тобы 2 топ тармақтарымен.

1. 4. Қағаз-целлюзалы өсімдіктер тобы.

1. 5. Құрылыс және бұйымдық өсімдіктер тобы 3 топ тармағымен.

1. 6. Отындық және орман-химиялық өсімдіктер тобы 2 топ тармақтарымен.

2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы

2. 1. Тағамдық өсімдіктер тобы 3 топ тармақтарымен.

2. 2. Малазықтық өсімдіктер тобы 5 топ тармақтарымен.

3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар

3. 1. Сәндік-көгалдандыратын өсімдіктер тобы.

3. 2. Мелкоративтік өсімдіктер тобы.

Сонымен, 1935 жылы Өзбекстанда, Ташкент қаласында болған конференцияда қабылданған шикізаттық өсімдіктер классификациясы жабайы өсетін және мәдени өсімдіктерді қамтиды. Бұл үшін топтар әртүрлі шикізаттық өсімдіктер тармақтарына бөлінеді. Топтар тармақтарынын жалпы саны 1942 жылы акад. Н. В. Павлов «Дикие полезные и технические растения СССР» деп аталатын үлкен монографиясында өзінің жаңа классификациясын ұсынды. Н. В. Павловтың классификациясында барлық пайдалы және техникалық өсімдіктер 22 топқа біріктірілді.

I Дәрілік өсімдіктер

II Көксағызды (каучук) өсімдіктер

III Құрамында гуттаперча бар өсімдіктер

IV Шипалы майлы өсімдіктер

V Эфир майлы өсімдіктер

VI Тоқымалық өсімдіктер

VII Щеткалық өсімдіктер

VIII Ірі-талшықты өсімдіктер

IX Қағаз-целлюзалы өсімдіктер

X Тағамдық өсімдіктер

XI Крахмалды өсімдіктер

XII Қант-инсулинді өсімдіктер

ХПІ Сергітуші ынталандырушы өсімдіктер

XIV Витаминді өсімдіктер

XV Балды өсімдіктер

XVI Илік затты өсімдіктер

XVII Сабынды немесе сапонинді өсімдіктер

XVIII Қарамайлы өсімдіктер

XIX Бояуы бар өсімдіктер

XX Мал азықтық өсімдіктер

XXI Уландырғыш заты бар өсімдіктер

XXII Сәндік немесе гүлдік өсімдіктер

А. А. Приступа (1973) дүние жүзі флорасындағы пайдалы өсімдіктер туралы мәлімет берді. Бұл мәліметте 118 тұқымдасқа жататын 1000 өсімдік түрлерінің сипаттамасы берілген. А. А. Приступа классификациясында барлық пайдалы өсімдіктер19 топқа біріктірілген .

+

Жоғарыда келтірілген барлық классификациялардың кемшіліктері - классификация жасауда белгілі бір принциптің жоқтығы. Кейбір классификацияда өсімдіктердің топтары олардың химиялық құрамына, ал басқа топтары олардың практика-жүзінде пайдалануына негізделген. Осындай топтың біреуіне - балды өсімдіктер жатады. Практика жүзінде олар арашаруашылығында кеңінен қолданылады.

Сонымен, өсімдіктер әлемі биоресурстарының зерттеу обьектілері шикізаттық өсімдіктердің жеке түрлері және өсімдіктер қауымы болып табылады.

Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны

+

I. Қазақстанда өсімдіктер ресурстарына қысқаша талдау

1. 1 Өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстарының бағыттары .

Ресурстану - ботаника ғылымының жас бір саласы. 1917 жылға дейін Қазақстанда өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ деп айтуға болады.

Қазақстанда ботаника саласындағы зерттеу жұмыстарын екі кезеңге бөлуге болады:

1) бірінші кезеңге Ресейдің Европа бөлігінен келген (Петербург, Мәскеу жэне т. б. ) ғалымдардың ұйымдастырып жүргізген жұмыстарын жатқызуға болады;

2) Екінші кезең 1920 жылдан басталады деуге болады. Бұл кезеңге жергілікті Орта Азиянын және Қазақстаннын ғыдыми мекемелерінің. әсіресе КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы ашылған филиалының жұмыстарын жатқызуға болады.

1917 жылға дейін Ресейде өсімдіктер байлығы өте аз және тиімсіз пайдаланылды. Ол кезеңде Ресейде белгілі дәрежеде тек орман өндірісі дамыған еді.

Ресейде табиғи шалғындықтар және жайылымдықтар кеңінен зерттелді және іргелі еңбектер жарияланды. Мысалы, бұл саладағы іргелі еңбектерден «Шабындық және жайылым-дық» деген кітап 1950-1958 жылдары ғана жарияланды. Авторлары - И. В. Ларин. И. В. Цаценкин, Т. А Работнов. Басқа топтардың өсімдіктері салыстырмалы аз зерттелді және пайдаланылды. Дәрілік өсімдіктер аз зерттелгенімен жиналды, тіпті кейбір турлері екпе жағдайда өсіріледі.

1920-1930 жылдардан бастап өсімдіктер ресурстарын зерттеу және игеру жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілді. Мысалы, 1921-1962 жылдары химия-технология анықтамасының 12 томы баспадан шықты. 1934 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында (Ленинград) алғаш peт «Өсімдіктер ресурстары» деген бөлім ашылды. Ол бөлімді Б. Н. Кропотов басқарды. Алғашқы кезде бұл бөлім талшықты өсімдіктерді іздеумен айналысты, ол үшін арнайы технологиялық лаборатория ашылды. Кейінірек бұл бөлім нағыз ресурстармен айналысатын болып одақтық республикаларда осы салада жұмыс жасайтын топтар, содан кейін лабораториялар ашылды. Мысалы, Әзірбайжанда А. А. Гросгеим және т. б., Түрікменстанда О. А. Эндем, В. Н. Минервин, Л. В. Вегезин және т. б., Өзбекстанда В. С. Титов, Ф. И. Русаков және 7. 6., Қырғызстанда И. В. Выходцев, М. М. Советкина, Е. В. Аикитина, Қазақстанда Н. В. Павлов, В. П. Михайлова, Сібірде В. В. Реиердатто және т. б., Украинада М. И. Котов және т. б. ғылыми жұмыстарға жетекшілік етеді. Сол ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінде өсімдіктер ресурстарын зерттеу жұмыстары алға қарқынды дамып. ботаникалық ресурстану саласында әртүлі мектептер, коллективтер және жаңа зерттеу орталықтары өмірге келді.

1935 жылы Ташкент қаласында ғылыми - зерттеу конференциясы өткізілді. Бұл конференцияда қабылданған пайдалы өсімдіктер классификациясы туралы жоғарыда айтылды.

1938 жылдан бастан КСРО Ғылым академиясының (Ботаника институтының) өсімдіктер шикізаты бөлімі «Растительное сырья» деген атпен ғылыми еңбектер сериясы шығарыла бастады.

1917-1941 жылдар арасында зерттеушілер, негізінен пайдалы өсімдіктердің келесі топтарына көңіл аударылды.

Көксағыз, гуттаперчалы, қарамайлы, эфир майлары, шипалы-майлы, талшықты, бояулы, целлюлоза-қағазды, сүректі, дәрілік, -инсектицидті және т. б. барлығы 19 топ. Осы бағыттарда жүргізілетін жүмыстардың нәтижесінде жаңа отандық өсімдіктер табылып анықталды. Ресурстанушы мамандардың жана ұрпағы өмірге келді.

Әсіресе, атақты ғалымдар Н. И. Вавилов, П. М. Жуковский. М. Г. Попов басшылық еткен Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институты үлкен үлес қосты.

Шикізатты зерттеу сипаты және бағыты алға қойған міндеттерге тікелей байланысты.

Соғыс жылдары жабайы өсетін тағамдық және дәрілік өсімдіктерді іздеуге көбірек көңіл бөлінді. Соғыстан кейін ботаникалық ғылыми мекемелердің жұмыстары бұрынғыдан жандана түсті. Бірнеше ірі іргелі жинақтар, монографиялар жарияланды. Мысалы, 1948 жылы КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында «Өсімдіктер ресурстары» бөлімінің қызметкерлері «Методика полевого исследования сырьевых растении» деген әдістемелік құралды баспадан шығарды. Бұл еңбекте пайдалы өсімдіктерді зерттеудің негізгі тәсілдері келтірілген.

1950 жылы КСРО-да бірнеше рет ірі - ірі экспедициялар ұйымдастырылды. Экспедициялар негізінен:

1) тропикалық астрагалды, илік өсімдіктерді зерттеумен айналысты. Бұл жұмыстарды, мысалы Өзбекстанда -В. П. Дробоков, X. Чеврениди, К. З. Закировтар, Қазақстаңда -В. П. Михайлова және т. б., Украинада - А. И. Закордонец, С. С. Харкович, Белоруссияда - Н. В. Смолзско, Литвада -И. А. Титинс, Сібірде В. И. Кузьмин жүргізді.

2) дәрілік өсімдіктерді зерттеу ауқымы кеңейді. Әсіресе, шипалық қасиеттері бар табиғи қосылыстарды зерттеу күшейтілді. Мысалы, алкалойдтарды, флавоноидтарды, кумариндерді, сесквитерпенді, лактондарды және т. б. Бұл жұмыстар, негізінен, Бүкілодақтық дәрілік өсімдіктер институтында А. Г. Кондратенко, И. А. Губанов, В. Б. Куваев, А. И. Шретер, М. Г. Пименов және т. б., Харьков фармацевтикалық институтында М. А. Антарсков, Л. И. Хаджай, Д. Г. Колесников, И. Г. Зоз, И. Ф. Комиссаренко және т. б., Өзбекстанда Ғылым академиясының өсімдік заттарының химиясы институтында Н. С. Абубакиров, Ю. Юнусов және т. б., КСРО Ғылым академиясының Ботаника институтында Г. В. Пигелевский, Н. П. Кирьяков, И. С. Катина және т. б. . Армения ботаника институтында Г. З. Золотинцкая, Әзірбайжан ботаника институтында И. М. Исмайлов, Қазақстан Ғылым академиясының Ботаника институтында Л. К. Клышев, А. С. Алюкина және т. б. Ленинград химия-фармацевтика институтында А. Ф. Гаммерман жүргізді. Мұндай бағыттарда жұмыстар ботаника бақтарында, жоғары оқу орындарында жүргізілді.

3) көптеген жұмыстар мияның (Glycyzzhiza) глициризинді түрлерін зерттеуге арналады. Мысалы, Т. П. Надеждина (Ботаника институты, Санкт-Петербург), М. М. Михаилов (Әзірбайжан ботаника институты), А. И. Исембаев, Э. В. Кузьмин, Б. Н. Сауранбаев, Д. К. Абдрахманов (Қазақстан ботаника институты), К. З. Закиров, С. Х. Нугманов, А. Б. Бахиев, О. А. Ашурметов (Өзбекстан ботаника институты) .

4) 1950-1960 жылдары эфир майлы өсімдіктерді табу компоненттік құрамын зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Мысалы: 1) М. И. Горяев 1952 жылы «Эфирные масла флоры СССР» деген еңбегін жариялады (Алматы, 312 бет) ; 2) Н. Л. Гурвич 1960 жылы «Опыт классификации эфирно-масличных растении» деген еңбегін жариялады (БИНАН СССР) .

5) малазықтық және сүрлемдік өсімдіктерге көп көңіл бөлінді. 3958 жылы Ленинградта Бүкілодактық кеңесте ресурстар туралы жасалған жұмыстардын қорытындылары талқыланды. Одан кейін кеңестерде жаңа пайдалы өсімдіктерді мәденилендіру туралы мәселелер талқыланды.

1. 2. Қ. Р. әртүрлі пайдалы өсімдіктерді зерттеу және меңгеру тарихы

Қазақстанда табиғи-климаттық жағдай әртүрлі шығыстан батысқа дейін, яғни Алтайдан Каспийге дейін және Оңтүстік Қазақстаннан (Шымкент) Солтүстік Қазақстанға (Петропавловск) дейінгі аралықтарды көз алдарыңа елестетсеңдер, Қазақстанның табиғаты, топырағы, климаты әртүрлі екендігін түсіну қиын емес. Топырағы және климат жағдайы әртүрлі Қазақстан пайдалы өсімдіктерге өте бай. Оларды зерттеу және игеру тарихы ертеден басталады. Әрине, көптеген пайдалы өсімдіктер топтарының өзектілігі қазір бұрынғыдай емес. Өйткені олардың орнына синтетикалық жолмен алынған заттар пайдаланылады. Мысалы, гуттаперчалы, көксағызды өсімдіктер бұрынғы бағасын жоғалтты. Ал дәрілік, хош иісті, тағамдық және кейбір басқа да өсімдік топтары өздерінің бағасын жоғалтқан жоқ. Керісінше олардың, әсіресе дәрілік өсімдіктердің бағасы, өзектілігі күннен-күнге арта түсуде. Академик Н. В. Павловтың (1942) ұсынған пайдалы өсімдіктердің 22 тобының жартысы өздерінің маңызын жоғалтты деп айтуға болады. Бұл әрине химия ғылымының жетістіктеріне байланысты және өсімдіктер шикізатын өндеу технологиясының жетілдірілуі өсімдіктер селекциясының табыстарына байланысты. Сондықтан бұрын пайдаланылып жүрген кейбір өсімдіктер экономикалық жағынан тиімсіз болғандығына байланысты қазір пайдаланылмайды.

Халық шаруашьшығы талабына сәйкес Қазақстан ресурстанушылары барлық уақытта республикадағы алуан түрлі өсімдіктерді зерттеу және тиімді иайдалану бағытында өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге тиісті еңбек етуде.

Шикізаттық өсімдіктердің бір топтары жеткілікті зерттелген, ал екіншілерін зерттеу жалғасуда және солармен бірге үшінші бір топтарын шаруашылықта игеру мәселелерін шешу мақсаттары туындауда.

Өте жиі жақсы зерттелген пайдалы қасиеттері белгілі өсімдіктердің басқа пайдалы қасиеттері ашылуда. Мысалы, құрамында глициризин қышқылы бар мия туысы (Glycyrrhiza) өсімдіктерінің медицинада пайдалануға болатын жаңа мүмкіншіліктері ашылуда. Қазір мия туысы өсімдіктері өзінің шипалық қасиеті жағынан бірінші орында тұр деп айтуға болады. Соңғы жылдардағы шетелдік ғалымдардың мәліметтері бойынша миядан алынған кейбір препараттарды СПИД-ке қарсы пайдалануға болады екен. Демек, Қазақстанның өсімдіктер әлемінің әлі ашылмаған потенциалдық мүмкіншіліктері өте мол, оларды зерттеп ашу - келешектің мәселесі. Қазақстанның өсімдіктер ресурстарын жоспарлы түрде зерттеуді 1920 жылдары П. С. Массагетов бастады. Массагетов тиімді пайдалану варианттарын іздеді. 1921 жылы Массагетов Алтайдан Жетісу арқылы Өзбекстанға дейін дәрілік және улық қасиеттері бар өсімдіктерді іздестірді.

Массагетов 1926 жылы дермене жусанының (Artemisia cina) және бұйырғының (Anabasis) популяцияларын зерттеді. Массагетовтің көпжылғы экспедицияларының нәтижесінде құрамында анабазин, эфедрин, поликардин, элатин және т. б. пайдалы заттар бар шикізаттар өндіріске енгізілді. Ол нәтижелі бірнеше еңбектер жазып қалдырды. Мысалы, 1947 жылы "Поиски алкалойдоносных растении", 1975 жылы "Заветные травы".

Қазақстандағы ерте кезендегі жүргізген жұмыстардың тағы бір бағыты - ол илік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Қазақстанда оларды зерітеуді алғаш бастаған 1917 жылы В. П. Марков болды. Марковтың зерттеген илік өсімдіктерінің ішіндегі ең маңыздысы Алтайда өсетін бадан (Bergenta), тасжарғандар (Saxifragaceae - камнеломковые) тұқымдасынан. Құрамында илік заттар бар өсмдіктер туралы алғашқы ғылыми еңбек жазғандар:

1) Марков В Л. (1923) Исследования дубильных растении центрального Алтая. - Т. 43. Выл 1. Изв. Томского технологического института. - С. 40-56.

2) Каримов А. С. Дубильное растения Казахстана. Алма-Ата, 1932. -47с.

Кейінірек 1950-1970 жылдары илік затты өсімдіктерді зерттеу ботаникалық ресурстану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытгарынын бірі болды.

1930 жылдары отанымызда көксағызды (каучук) өсімдіктер өте қажет болды. Соған байланысты 1930 жылы С. С. Зарецкий күрделі гүлділер тұқымдасынан жергілікті жердің тұрғыны Дайрбеков Тұрғанның көмегімен таусағыз (Scozoneza L-козлец) өсімдігін Оңтустік Қазақстан облысынан (Сырдария Қаратауында) тауып ұсынды.

1930 жылдары талшықты өсімдік ретінде Кендір (Arocynym) туысы өсімдіктері кеңінен зерттеліне бастады. Соңғы жылдары бұл туыстың өсімдіктерінен жүрек гаикозидтері алынатын болды.

Кендір өсімдіктері туралы жазылып, жарық көрген Ф. Н. Русановтың (1930) жэне Е. Тюрктің, Ф. Н. Русановтың (1934) мақалаларын атауға болады.

Қазақстанда өсімліктеге ресурстары жүргізілген алғашкы жинағы болып Н. И. Рубцов (1934) жұмысы саналады. Ол жұмыстың аты - "Дикорастущие лекарственные, технологические пищевые растения Западного Казахстана".

1938 жылы В. С. Корпилова Шығыс Қазақстанның дәрілік өсімдіктерін зерттеуді бастады.

Жалпы, КСРО Ғылым академиясының Қазақстан филиалының Ботаника секторында Н. В. Павловтын бастамасы бойынша 1932 жылы Республиканың пайдалы өсімдіктерін жоспарлы зерттеу жұмыстары басталды. Сол жүмыстардың нәтижесінде Н. В. Павлов 1942 ж. "Дикие полезные и технические растения СССР" деген 640 беттік кітапты Мәскеуден шығарды, ал одан кейін 1947 жылы "Растительные ресурсы Южного Казахстана" деген кітабын, сол жылы "Растительное сырье Казахстана" деген 550 беттік монографиясын Мәскеуда, Ленинградта бастырып шығарды. Н. П. Павловтың жазған бұл монографияларда өте бағалы өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтпаған мәліметтер келтірілген.

Н. В. Павлов "Растительное сырье Казахстана" деген 1947 жылы шыққан монографиясы үшін мемлекеттік сыйлық алды.

Академик Н. П. Павловтьң қалдырған үлкен ғьшыми мұрасы Қазақстаңда Ботаникалық ресурстану ғылымының ары қарай қарқынды дамуына негіз болды. Соның нәтижесінде 1956 жылы Қазақ Ғылым академиясының Ботаника институтының құрамында арнайы бөлім ашылып, оның ұйымдастырушысы және 20 жылдай басшысы Н. В. Павловтың шәкірттерінің бірі проф. Михайлова болды. Осы жылдары илік затты өсімдіктерді кеңінен зерттейтін құрамында 15%-дан жоғары таниндері бар өсімдіктердің 95 түрі анықталды, олардың негізгілері - таран (Polygonum - борец), рауғаш (Rheum - ревень), қымыздық (Rumex - щавель) туыстарының өкілдері.

Таниндердің биологиялық ерекшеліктерін сандық және сапалық құрамын табиғи популяцияларының болуын есептеп, ең бағалы иліктер - таран (Polygonium coriarium Gridu - горец дубильный), Бекара тараны (Polygonium bucharifum Gridu -Горец бухарский), Тянь-Шань қымыздығы (Rumex tianchanicus A. Los - щавель тянь-шаньский), татар рауғашы (Reum tataricum L. - ревень татарский) .

Алғашқы 3 түрдің өндірістік өсірілуі мүмкін екендігі дәлелденді. Өйткені олардың жер асты мүшелерінің түсімділігі артып, олардың құрамындағы илік заттардың мөлшері жоғары болады.

Polygonaceae тұқымдасы өкілдерінін тамырларында болатын илік заттардың химиялық құрамы кеңінен зерттелді (Чумбалов және т. б. 1962, Чумбалов, Мухамедиярова, 1962, Нургалиева, 1968, Байгозина, 1968) . Тамырлық илік заттармен қатар Қазақстан флорасында жапырақтарында илік заттары бар өсімдік түрлері бар. Мысалы, дөңшіл қазтамақ (Geeranium collinum Steph - герань холмовая) . Құрамында танинді заттары бар өсімдіктерді көпжылдық зерттеу нәтижелері В. П. Михайлованың (1968) және А. С. Алюкинаның (1977) монографияларында жарияланды.

Кәдімгі қамыс (Phragmites communis Trin - тростник обыкновенный) бағалы шикізаттық өсімдіктер қатарына жатады. Оның жер бетіндегі мүшелерінің малазықтық қасиеті бар, кұрылыс материалы ретінде пайдаланылады және кағаз шығару үшін целлюлоза алу үшінде қолданылады. Оның осындай пайдалы өсімдік екендігіне байланысты оны зерттеу жұмыстары Сырдария, Шу өзендері аңғарларында және Алакөл, Сасықкөл көлдерінің жағалауларында жүргізіледі. Әсіресе егжей-тегжейлі кәдімгі қамыс Сырдария өзенінің аңғарларывда зерттелді. Оның биологиялық ерекшеліктері, фенологиясы, көбею тәсілдері және түсімділігінің динамикасы анықталды. Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде шаруашылық мекемелерінде кәдімгі қамыстың популяциясын сактау және тиімді пайдалану туралы ұсыныстар берілді. Мысалы, Исамбаевтың докторлық диссертациясы(1994) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НҚ гибридизациясы, ДНҚ зондтары
Оқушылардың білімін бақылау
Компьютерлік модельдеу түсінігі
ЖОО оқыту үрдісінде биологиялық модельдеудің әдістемесін жасау
Биологиядағы білім мен біліктілікті қалыптастырудағы оқу тәжірибелік ұйымдастыру мен оның маңызы
Аналитикалық модельдеу. имитациялық модельдеу. кластерлық анализ
Биология мамандықтарында математиканы оқытудың кейбір әдістері
Жүйелік қолайлылық
Ғылымның даму кезеңдері
Сандық және символдық ақпаратты компьютерлік модельдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz