Шамаларды оқытуда деңгейлік тапсырмаларды қолдану мүмкіндіктері мен тиімділігін анықтау



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Деңгейлеп саралап оқыту.жаңа педагогикалық технология
2.1.1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының зерттелуі және дамуы
2.1.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. математика сабағында
2.2. Шама ұғымы туралы түсінік
2.3. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі
2.3.1. Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін қалыптастыру
2.3.2. Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі
2.3.3.Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру
2.3.4. Уақыт және оны өлшеу бірліктері туралы түсінік қалыптастыру
2.4. 1.4 сыныптарға арналған «Математика» оқу бағдарламасы бойынша шамаларды оқытуға сипаттама
2.4.1. Шамаларды оқыту бойынша 1.4 математикасының базалық мазмұнының таралуына сипаттама
2.4.2. «Шамалар және оларды өлшеу» тарауы бойынша сағаттары көрсетілген базалық білім мазмұынының сыныпаралық бөлінуі
2.4.3. Шамаларды оқытуда сыныптар бойынша білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар
2.5. Шамаларды оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына негізделген сабақ жоспары
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VІ. Қосымша материалдар
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас ұрпақтың танымдық дүниесінің дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту, тәрбиелеу, технологиялар, әдіс-тәсілдер де өзгеруде.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық білімдік және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Ол заман талабыңа сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
1. ҚР Білім туралы Заңы. 27.7.07 №319 жарлғымен бекітілді.
2. ҚР-ндағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 жарлығымен бекітілген.
3 . ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері». 28.01.2011
4. «Математика» пәнінен оқу бағдарламасы, 09.07.2010 №367 бұйрығымен бекітілген.
5. Ж.У. Кобдикова. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. 2002ж.
6. С. Б. Бабаев. Бастауыш мектеп педагогикасы. Алматы. 2007
7. Қоянбаев Ж. Б. , Қоянбаев Р. М. Педагогика , -Алматы ,2000.
8. С.Ш. Әбенбаев, А.М.Құдиярова, Ж.Ә.Әбиев. Педагогика. Астана
«Фолиант-2003»
9. Деңгейлік оқыту. «Бастауыш білім» №5. 2008 ж. 9-10-бет.
10. Т.Қ. Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш
сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Астана «Фолиант»
2003 ж.
11. М.А.Бантова, Г.В.Бельтюкова, А.М.Полевщикова.«Бастауыш
сыныптарда математиканы оқыту методикасы».Алматы «Мектеп»
1978 ж.
12. А.М.Пышкало, Л.П.Стойла, Н.П.Ирошников. Теоритические основы начального курса математики. Москва «Просвещение» 1974 г.
13. Мектептің бастауыш және негізгі сатысында математика пәнін
сабақтастыра оқыту мәселелері «Бастауыш мектеп» №4 2009 ж
26-30 бет.
14. Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Алматы «Білім» 2005.
15. Т.Қ.Оспанов. Математика. оқу құралы-Алматы 2000.
16. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова. Математика 1-сынып.
Алматыкітап баспасы 2009 ж.
17. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова. Математика 2-сынып.
Алматыкітап баспасы 2009 ж.
18. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова. Математика 3-сынып,
2-бөлім. Алматыкітап баспасы 2009 ж.
19. Т.Қ.Оспанов, Б.М.Қосанов, Ж.Т.Қайыңбаев, К.Ә.Ерегиева, Ш.Х.Құрманалина. Математика 4-сынып Алматы «Атамұра» 2004.
20. Баст.мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру «Баст мек» №8 2007 ж 11,12-бет.
21. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова. Математика, Әдістемелік құрал.1 -сынып. Алматыкітап баспасы 2008 ж.
22. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова. Математика, Әдістемелік құрал.2 -сынып. Алматыкітап баспасы 2009 ж.
23. Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова. Математика, Әдістемелік құрал.3 -сынып. Алматыкітап баспасы 2010 ж.
24. Т.Қ.Оспанов, Ж.Т.Қайыңбаев, Б.М.Қосанов, Қ.Ж.Ағанина м/ка. Оқыту әдістемесі. Алматы «Атамұра» 2004.
25. http://cdp.kitaphana.kz
26. http://erkin.ukos.kz

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Деңгейлеп саралап оқыту-жаңа педагогикалық технология
2.1.1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының зерттелуі және дамуы
2.1.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- математика сабағында
2.2. Шама ұғымы туралы түсінік
2.3. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі
2.3.1. Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін қалыптастыру
2.3.2. Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі
2.3.3.Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру
2.3.4. Уақыт және оны өлшеу бірліктері туралы түсінік қалыптастыру
2.4. 1-4 сыныптарға арналған Математика оқу бағдарламасы бойынша
шамаларды оқытуға сипаттама
2.4.1. Шамаларды оқыту бойынша 1-4 математикасының базалық мазмұнының
таралуына сипаттама
2.4.2. Шамалар және оларды өлшеу тарауы бойынша сағаттары көрсетілген
базалық білім мазмұынының сыныпаралық бөлінуі
2.4.3. Шамаларды оқытуда сыныптар бойынша білім, білік және дағдыларға
қойылатын талаптар
2.5. Шамаларды оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына негізделген сабақ жоспары
ІV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
VІ. Қосымша материалдар

Мазмұны:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...4
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Деңгейлеп саралап оқыту-жаңа педагогикалық технология ... ... ... ... .7
2.1.1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының зерттелуі және дамуы ... 7
2.1.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- математика сабағында ... ...17
2.2. Шама ұғымы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.3. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3.1. Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 28
2.3.2. Масса және оның өлшем бірліктері туралы ұғым қалыптастыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..33
2.3.3.Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру ... .36
2.3.4. Уақыт және оны өлшеу бірліктері туралы түсінік қалыптастыру ... ... 39
2.4. 1-4 сыныптарға арналған математика бағдарламасы бойынша шамаларды
оқытуға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4 2
2.4.1. Шамаларды оқыту бойынша 1-4 математикасының базалық мазмұнының
таралуына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 2
2.4.2. Шамалар және оларды өлшеу тарауы бойынша сағаттары көрсетілген
базалық білім мазмұынының сыныпаралық бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
2.4.3. Шамаларды оқытуда сыныптар бойынша білім, білік және дағдыларға
қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
2.5. Шамаларды оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар ... ... ... ...49
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына негізделген сабақ жоспары ... ... 51
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
VІ. Қосымша материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66

Кіріспе
Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Әр
ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен
сайын күрделене береді. Қай кезде де жалпы білімнің атқаратын қызметі-жас
ұрпақтың танымдық дүниесінің дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерісіне қарай
мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту, тәрбиелеу, технологиялар,
әдіс-тәсілдер де өзгеруде.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана
емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық
білімдік және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Ол заман талабыңа сай
білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен
тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда
ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру жүйесінде
міндетті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, яғни кәсіби
дамытуға бағытталған білім алу үшін, қажетті жағдайлар жасау екіндігі .[1]
Қазақстан Республикасының білім беруді дамутыдың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты-жалпы білім
беретін мектептертде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және
рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде онын табысты
болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды
дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу жөнінде айтылған. [2]
Сонымен қатар мемлекеттік білім беру салысындағы саясаттың
тұжырымдамасы, Қазақстан мемлекетінде матемитикадан білім берудің
мемлекеттік стандартында жеке тұлғанын шығармашылық, танымдық қабілетін
дамыту. Біліктілігі жоғары білімді мамандар даярлауды көздейді. Осы орайда
орта мектепте математиканы оқытудың білімдік мақсаты-кіші мектеп жасындағы
оқушыны математикалық дамыту, практикалық міндеттерді шешуге қажетті
математикалық ұғымдарды, білім мен білікті, іс-әрекет тәсілдерін игерген
білімді тұлға қалыптастыру және негізгі мектептің математикасын оқытуға
дайындау, математика пәні арқылы түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыру.
[4]
Қоғамның қазіргі даму кезіндегі басты мәселелердің бірі мектептегі
білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Қазіргі заман
талабына сай білім беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық,
мәдени дамуының жоғарғы деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге
бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы
орайда қазіргі білім беру салысының алдындағы өзекті мәселелердің бірі-
мектеп оқушылыраның математикалық сауаттылығын арттыру болып отыр. Ал
оқушылардың математикалық сауаттылығы мен мәдениеттілігі тек берілген
білімге оның деңгейі анықтау критерилеріне, тексеру құралына ғана емес,
тәсіліне де тәуелді.
Білім негізі-бастауышта болғандықтан, жоғарғы сыныптағы
математикалық білімге негіз болатын маңызды мәселелердің бірі-шамаларды
оқыту болып табылады. Осы материалдарды бастауыш сыныпта оқыту кезінде
деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану арқылы оң нәтижелерге қол
жеткізуге болады.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптың математика сабақтарындағы
деңгейлеп саралап оқыту процесі.
Зерттеу пәні- бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі,
педагогика, психология, жаңа педагогикалық техгологиялар арқылы, соның
ішінде деңгейліп саралап оқыту технологиясы арқылы, педагогикалық зерттеу
әдістері мәселелерімен байланыстыра отырып зерттеу.
Зерттеу мақсаты:
• Шамаларды оқытуда деңгейлік тапсырмаларды қолдану мүмкіндіктері мен
тиімділігін анықтау.
• Ғылыми бағытта ізденушілік-зерттеушілік әрекеттерді жетілдіре отырып,
оқытуды тиімді жоспарлай білетін кәсіби құзіретті қабілетіне ие болу.
• Жинақталған теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі
болашақтағы кәсіби қызметіне қолдану.
Зерттеудің міндеттері:
• Таңдап алынған тақырып бойынша әдебиеттерге әдістеме құралдарға,
оқулықтарға ғылыми еңбектерге, ақпарат басылымдарына шолу жасау,
талдау жұмыстарын жүргізу, қажетті мәліметтерді іріптеу.
• оқытудың жаңа технологияларының бірі-деңгейлеп саралап оқыту
технологиясын математика сабағында, сонын ішінде шамаларды оқытуда
қолданудың тиімділігін айқындау.
• Теориялық білімді тәжірибиемен ұштастыра отырып, шамаларды оқыту
әдістемесін жетілдіру.
Зерттеудің концептуалдық немесе тұжырымдамалық негізі- Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы 27.7.07 №319 жарлғымен бекітілді,
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы 19.03.2010, №957 жарлығымен бекітілді,
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы,
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы Болашақтың іргесін бірге қалаймыз, 28.01.2011ж.

2.1. Деңгейлеп саралап оқыту-жаңа педагогикалық технология
2.1.1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының зерттелуі және дамуы
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі
уақыттағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары
жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда , академик В.М.
Монаховтың оқыту технологиясы жұмыстарында айтылғанда оқытудың ұжымдық
тәсілі.
Профессор Ж.А. Қараевтың жұмыстарында еліміздің көптеген
мектептерінде қолданылып жүрген:
-оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау;
- білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру
Принциптеріне негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технология алғаш
рет зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық
технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы
ретінде енгізетін болсақ, онда:
- білімді демократияландыруға және ізгілендіруге;
- оқыту сапасын арттыруға;
- басқару тиімділігін жетілдіруге;
- оқушылардың дамуына бақылау жасауға;
- оған сәйкес бағалауға болатыны дәлелденіп отыр.
Бұл жағдайда педагогикалық технология- компьютерлік техниканың тиімді
пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да , бірқатар мектептерде
жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік –сынақ жұмыстарымыздың басты міндеті
дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық техналогиясын оқыту процесіне
енгізу болып табылады. Педагогикалық технология дегеніміз- тәжірибеде
жүзеге асырылатын, (В.П. Беспалько), белгілі бір педагогикалық жүйенің
жобасы .
Педагогикалық технология
Тәжірибеде

жүзеге асыру

+

Бұл жерде:Әдістемелік жүйе {Мақсат, мазмұн, әдіс, сабақ түрі, құралдар} Дпр
{Ы+Әбн+Оә+Түз.ә.+Бә+Басқ.}
Тқ
Қайда: Мақсат- өздігінен білім алу мақсаты (жаңа мақсат) . Ол дәстүр
оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай
өзгеруін талап етеді.
Тқ –оқушының танымдық қызметі; Ол төмендегі іс-әрекеттерден тұрады
Әбн - әрекеттің бағдарлық негіздері (өткен материалдар);
Оә - орындаушылық әрекеттер, мысалы, өздігімен деңгейлік тапсырмаларды
орындау.
Түз.ж. –түзету әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Бә -бақылау әрекеттері (бақылау жұмыстары);
Басқ . –педагогтік басқару, болашақта (жоғарырақ деңгейлерді оқушылар өзін
-өзі басқарады)
Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің
мақсаты –жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан
бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті-
оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ бұл мақсат - өздігіне дамуға ұмтылатын
жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс
-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың
әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі оқыту түрі мен
құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап
етеді.
Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз.
1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-
әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің
мұғалімдердің күнделікті жұмысына пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен
айырмашылығы бар. Демек , біздің жағдайымыздағы оқыту әдістемесі деп
отырғанымыз оқушы-мұғалім деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты
қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен
білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық
түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген
сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз беделі мен
қадір-қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету
енгізуде ғана пайдалынылады.
3. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру
қажет деп отырмыз ғой. Ол –оқыту құралдарына деген көзқарасты да
өзгеруді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың
өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек
Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды сондықтан
оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар
қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы
жерде компьютерлік техниканың да функциональды мүмкіндіктерінің мол
екендігін ескере кету қажет, себебі комьютерлік техника-оқушыға, ол ізденіс
және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай оқытушы орта құруына мүмкіндік
береді. Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда –оқу материалдарының
мазмұны жаңаша баяндалуы қажет .
- Қалайша ?!
- Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлға
қалыптастыру болғандықтан, теориялық материалдардың мазмұны
әңгімелесуші – оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты
меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды
қанағаттандыру үшін оқулықта келтірілген тапсырмалар сұрақ-жауап
диалогы түрінде беріледі, оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін
дамытуға бағытталады. Бұл тапсырмалар , негізінен, жаңа тақырып
бойынша заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды
өздігінен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту
үшін, қарапайым мысалдар келтірсе жеткілікті. Осындай әңгімелесуші-
оқулықтардың мазмұны, бұл жағдайда, білім алу құралына айналады.
Біздің педагогикалық техналогияны құруға қажетті тұжырымдама,
С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде айтылған, ойлау барысында ойлау берік
объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық, психологиялық негіз
бар-деген ойыннан алынған. Ол бойынша өнертапқыштық пен жаңалықтар ашуға
жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен.
Технологиямыздың тағы бір психологиялық негізі болып табылатын
теория Л.С. Выготскийдің оқыту процесінде оқушының ақыл –ойының дамуы
актуальды даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына ауысуы туралы
теориясы. Бұл ауысу- тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1-ші
деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу
негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі
деңгейде қабылдайды.
В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: Бірінші деңгей-
міндетті, оқушылық, екінші –алгоритмдік, үшінші-эвристикалық және
төртінші –шығармашылық деңгейлердегі қабылдау .
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін,
оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік
принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне
арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар
әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар
берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші –оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен
меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу мысалдармен
оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды
орындауға көшеді.
Бірінші деңгей үшін-игерілгенді пысықтау мен қайталауға,
ережелері мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған.
Жоғары деңгейлер үшін-алған білімдерін өз бетімен қорыту мен
жүйелеуге және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу
процесі басқаруға ыңғайсыз-делініп, сыналып жатады. Сонда айтатындары:
оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате
болады-дейді.
Мүмкін , дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар
бойынша өздігінен оқытуға тырысып, осыған ұқсас өздік жұмыстарды жүргізген
кезде солай болса, болған шығар.
Бірақ , оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
-оқушылардың өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар
күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;
- Оқыту проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
- барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда
ынталану пайда болады. Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші
мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын
байқаған. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус,
математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп,
өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа
тақырып басталады. Нәтижесінде екіліктер жойылумен қатар, үштік алып
жүрудің өзі де ұят саналатын болған
Осы жерде , үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір
себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуі қажет?-
деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
- Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар
үлгермеушілерге көмектеседі;
- Сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де
үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты болады. Ол сынып
оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқару, жалпы
бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын
атқарады.
- Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға
қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен бағалаудың ерекшелігі
неде?
- Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын
қабілетті және қабілетсіз деп жасанды түрде әр түрлі жіктерге бөлуді
болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар,
барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды
дұрыс орындағаны есепке алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитынына қарамастан,
жұмысын оқушылық, міндетті, 1-ші деңгейдің , ол үшін жеңіл болса да,
тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап: әрқайсысы, білім
игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды
тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңының талаптарына сай келеді. Нақтырақ айтсақ :
- барлық оқушылардың оқу мақсатында 100% қол жеткізуінің кепілі болады және
оқу пәндерінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші
деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік
стандарттың min-талаптарының орындалуына кепілдік береді.
Есепке алу жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да,
кем дегенде, оқушылық деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз
тәжірибемізден байқадық. Себебі ,ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық
және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. Міндетті
деңгейде толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады; өзіне
өзінің сенімі артады.
Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті
және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Осылайша , бір деңгейден бір деңгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра
отырып, өз қабылетін де жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік
тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады. [5].
Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді
игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін-5 ұпай, екінші деңгей
үшін-10 ұпай, үшінші деңгей үшін-15 ұпай.
Біздің жағдайда, әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік
жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және
реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік
тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес
құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге,
барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да олар үйде өз
бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:
- бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші
деңгейдің тапсырмалары;
- екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары
деңгейлік тапсырмалар беріледі;
- т. с. с. деңгейден деңгейге көтеріле береді.
Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине,
дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
Осылайша , әр тақырып бойынша оқушыларға, сыныптан тыс уақытта,
жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі
баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады.
Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабылеттері мен дарындылық қасиеттерінің
ашылуына жақсы жағдай жасалады.
Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар (дұрыс орындалғандығын
мұғалімге тексеріп алып) тақта жанында ілулі тұратын жалпы ведомоста және
өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомоста (+)-
пен белгілеп отырады.
Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін
бақылай отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ , оқушылардың
өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалатын демеп жіберуге жол
беріледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау
болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар жиналған
ұпайларды есептеумен аяқталады.
Жинаған ұпайларын оқушылар әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп
отырады. Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график
шығады. Ол – оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг бойынша
мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен
материалды қандай деңгеймен меңгергенін қадағалап, үлгермеушілермен
қосымша жұмыс жүргізеді.[6]
Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі.
Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз орындалады және мұғалім
тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдерін тиісті
ұпайларын алады. Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылау біз
сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар, оқушылардың даму
моторингтерінде белгіленеді.
Оқушының даму моторингі, оның жеке басының қабылетіне қарай тақырып
бойынша игерген білім сапасының обьективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда
оқушының даму деңгейі – басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен -өзін
салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты
көрсетеді.
Сонымен, оқытудың педагогикалық технологиясын қолдану жағдайында
бағалау процесі арнайы қосу әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесі
негізі болып оқушы білімінің ең төменгі деңгейі алынады және ол деңгей
мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Бұл деңгейдегі
тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де
қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті.[25]
Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған
тапсырмалар есеп -зачетқа алынып отырады дедік қой. Зачеттің
екілікте айырмашылығы: осы бірінші деңгейдің есепке алынбаған
тапсырмаларын қашан есепке алғанша, міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла
береді.
Өзін -өзі бағалау қосу әдісімен жүргізілетіндіктен оқушы
бұрынғыдай екілік аламын деп қорықпайды. Оқушыда жоғары ұпай жинауда
ұмтылушылық пайда болады. Бұл дұрыс орындалған тапсырмалардың саны тікелей
тәуелді.
Сонымен :
технологияның принциптері –оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру
жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс
шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші
тұлға қалыптастыруға болады екен;
- өздігінен оқытудың осындай мақсаттары жүзеге асыру үшін, білім
- беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат- жаңа технологиясының
талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Жаңа
оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі-қысқа мерзімді ешқандай
бейімдеусіз –ақ олардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады себебі, бұл
құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас. [5]
Қорыта келе, оқытудың жаңа технологиясы , яғни Деңгейлеп оқыту
технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.Осылардың
ішінде барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса,
оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтанда жаңа технология бойынша
сабақтан бас алмайтындығы байқалған. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ ,
сөзжұмбақ , ребустар сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешіп , өтіп жатқан
тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып
басталады. Нәтижесінде оқушылардың ынтасы артып, сонымен қатар даму
мониторингі де күннен –күнге жоғарылай түседі. Демек , мұғалім берген
тапсырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру отырып
және бағалау деңгейі жоғарылай түседі. Сонымен қатар , тапсырмалар ауқымы
да өсіп , шығармашылыққа ұласады.

1.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- математика сабағында
Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін
мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып
табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді
жолдары бар , деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке
тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ , деңгейге
бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік- теориялық дайындығын ,
оқуға деген ынтасын , дара қасиетін әлеуметтік- психологиялық танымал ,
сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін
оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру
қажет.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі.
Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып , ережелерді оқытып,
жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол
мұғалім үшін қиын жұмыс емес . Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып,
тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін.
Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме , міне,
негізгі мәселе осында жатыр. [7]
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей
бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) –эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру
мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2- деңгей –түсініктерді жүйелеу деңгейі
. 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды.; 3- деңгей (жоғары) бастапқы
ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.[9].
Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына
әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде
ақыл –ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші
деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан
меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік береді, екінші
деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару
қорытынды жұмыстары.
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы тапсырмалар -
өтілген тақырыптар бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған
математикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында өрнектер,
теңдеулер, мәселе есептер, шамаларға байланысты тапсырмалар, сөзжұмбақтар,
қызықты математика, тестік сұрақтар, ойындар мен тренингтер жүйесін
қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,
әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай
құрылып , оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.
Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс
орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік
тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының
белсенділігі мен іскерлігі артып , шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік
оқыту барысында біліктілікке жетеді. [7]
. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы математика пәнінен, төмендегідей
талаптар қойылады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек:
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап,
пысықтануына мүмкіндік беруі тиіс:
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған
есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі
шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды
құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл
аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген
тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы
тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін
түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Математика мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен
берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру
тапсырмалары т.с. с.
2) Оқушының ойлау қабылетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік
маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен
сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды біз төмендегінше
топтастырдық:
1. танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында
оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін
(заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т .с. с.
жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі
үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс –анализ бен синтез және
салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын
қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысын оқушылар жаңа есептерге тап
болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа
әдістер іздеуі керек.
2. Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер.
3. Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігінен шығару
өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма графиктер салу,
жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын шығару, көрнекі құралдар дайындау
берілетін тапсырмаларға берілген тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинағын өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым
түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша,
бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының
икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген теорема
дәлелдеген заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып
шығарды.
2) Олимпиадалық есептер.
3) Берілген тақырыпқа өз бетінше реферат, баяндамалар дайындау.
4) Төртінші деңгей дарынды , іздемпаз, қабілеті жоғары , талапты балаларға
арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өз
мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын
орындайды. [5]
Демек , бұл тапсырмалар –оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады .
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу
ақпараттарының көлемінің ұлғаюы , оқушыларға түсетін салмақтыңартуы басты
себеп болады.
Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес , оқушыларға
қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму
деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Деңгейлеп оқыту ерекшелігі :
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып
білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып,
олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі
қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық ), бағдарламалық ,
күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі
шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс . Бұл деңгей оқушыға өзінің
қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып , уақытымен күшін дұрыс
пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де
нәтижелі болу үшін :
*жеке тұлға ерекшеліктеріне;
*психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне ,
ойлау ,қабылдау, зейін еркшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
*пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет
тәсіліне назар аударып , көңіл бөлу керек. [26].
Деңгейлеп оқыту барысында оқушы мен мұғалім іс әрекетінің жүйесі.
Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Дайындық кезең Оқушыларды оқу материалын
базалық , бағдарламалық
күрделенген деңгейлер
бойынша игеруін анықтау.
Диогностикалық Білімді меңгеру деңгейін Диагностика нәтижелері
кезең. анықтайтын тапсырмаларды мен өз қызығушылықтары
дайындау. Оқушылардың негізінде пәнді оқу
білімді меңгеру деңгейін деңгейі
диагностикалау . Оқушылардантаңдалады.Оқушы
сауалнама алу.Сынып өзіндік таңдау
жетекшілерімен оқушылар жасайды.
және олардың ата-аналарымен
әңгімелесу.
Оқушыларды топтарғаОқушыларды топқа бөлуді Белгілі топты оқушының
бөлу кезеңі ұйымдастыру : әр топ үшін таңдауы. Топтардағы
оқу мазмұнын анықтау . Әр оқыту талаптарының
деңгейде оқытуға қойылатын жобасын талқылауға
нақты талаптарды дайындау қатысу.
Дайындалған талаптарды
оқушыларға ұсыну.
Деңгейлеп оқыту Оқушылардың топтардағы Таңдалған топта өзінің
жүзеге асырылу жұмысын ұйымдастыру. оқу іс-әрекетін
кезеңі. ұйымдастыру.
Деңгейлеп оқыту Атқарылған жұмыстар нәтижесіЖеткен нәтижелер
жағдайына білімді бойынша оқушыларды бағалау. бойынша өзара
меңгеру нәтижелерінКері байланыстың дұрыс бағалауды және
бағалау кезеңі. орнауы , жүзеге асыру. өзін-өзі бағалауды
жүзеге асыру.

Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана
қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жетіп ,
даму үстінде . Осындай өздігімен дамуды қалыптастыратын Ж.Қараевтың
Деңгейлеп- саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен маңыздылығы
қажетті . Бұл технология оқу үрдісінде:
-оқушыға сенімділік білдіру;
-пәнге қызығушылығын арттыру;
-оқушы біліміне сеніп, әрі дамыту;
-өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу көзделген .
Профессор Ж. Қараевтың технологиясының тиімділігі сол жаңа тақырыпты
балаларға шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан
мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын белсенділігін арттыру үшін мәселелік
сұрақтар қойып отыру. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі
сабақта қарастырылды.
Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.
1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.
Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды
қайталау.Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан ,үй жұмысын
талдауға барлық оқушыларды қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік
береді. Осы кезеңде әңгімелесу , көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін
қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін ескере сабаққа
қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар
арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге
дайындалады.
2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен
оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге ,
ізденімпаздыққа үйренеді , әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестікті
дамытуға мүмкіндік туады . Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс
-әрекетіне негізделеді. Мұнда оқушы жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз
бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында оқушы өзін-өзі жетілдіреді . Одан
кейінгі кезеңде оқушы тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт
беріледі. Оқушы тақырыпты оқып болған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын
тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге уақыты бар . Мұнда
оқушылардың барлығы қатысады. Тақырып тақтада талданады. Оқушылар жартылай
ізденіс , мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.
Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Қоюшы
әр сабақта жинаған ұпайларын Даму мониторинг кестесінде белгілеп отыру
арқылы талдау жасалады.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:
- жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын
жұмыстар.
- оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.
- дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды.
- әр оқушы өзін -өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе
алады, материалды толық меңгереді.
- жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.
- тест, диктант арқылы тақырып меңгеріледі.
- өзіндік жұмыстар жүргізіледі.
- бақылау жұмысы алынады.
- бақылау парағы жасалады.[9]
Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең . Мектеп
оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді.
Тасырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді. . Оны шешуде ақыл –
ойы дамиды , ойлануына жан – жақты әсер етеді деп түйіндеуге болады.
Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес,
оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана
қоймай, соны игеріп, ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жету
мақсатын көздейді.

2.2. Шама ұғымы туралы түсінік
Жиын жөніндегі ұғым сияқты, шама жөніндегі ұғым да бастапқы ұғым деп
саналады, сондықтан шамаға анықтама бермей, тек мысалды қарастыру арқылы ол
ұғым жөнінде түсінік берумен қанағаттанамыз. Шамаларды оқып үйренудің
маңызы зор, өйткені шамалар математиканың ең бір маңызды ұғымы болып
табылады. Әр бір оқып үйренетін шама-бұл бізді қоршаған дүниедегі реал
объектілердің белгілі бір жалпыланған қасиеті. Өлшеулерге берілген
жаттығулар кеңістік түсініктерді дамытады, оқушыларды өмірде кең
қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландырады. Демек,
шамаларды оқып үйрену математиканы оқытуда орны зор. Бұл оқытудың өмірмен
байланыс құралдарының бірі.
Біздің санамызда заттар мен құбылыстар қасиеттерінің бейнеленуі
барысында қандай да бір ұғым қалыптасады. Ұзындық, аудан, масса, уақыт,
сыйымдылық, көлем, жылдамдық, т.б. шамалардың мысалдары болып табылады. Бұл
ұғымдар тек математикада ғана емес сондай да физика, химия және т.б.
ғылымдарда да қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл
жағдайда шама ұғымына айқын түрде сипаттама беру өте қиын. Өйткені әр түрлі
ғылым салаларында, тіптен бір ғана ғылым саласының әр тарауларында да шама
ұғымы әр түрлі мағынада қарастырылады.
Сонымен бірге, көбіне шама термині мөлшер терминінің синонимі ретінде
қолданылады немесе шама және шаманың мәні терминдері бірдей мағынада
қарастырылады. Көп жағдайда, шама ұғымының таза математикалық ұғым болып
табылатындығынан оның әр түрлі мағынада көрінетіндігі мен түсіндіруге
болады.
Шамалар жайындағы түсініктер, оларға тән ерекшеліктерді сипаттауға
мүмкіндік береді.
Біріншіден, шамалар-нақты объектілер мен құбылыстардың ерекше
қасиеттері мөселен заттардың бойлылық (созымдылық) қасиеті ұзындық деп
аталады. Бұл сөзді нақты объектілердің ұзындығы туралы айтқанда, бұл
шамалардың тегі бір деп түсініледі. Жалпы, біртекті шамалар деп қандай да
бір жиын объектілерінің бір ғана ортақ қасиетін әр текті шамалар арқылы
қасиеттерін сипаттайды. Мәселен, ұзын және аудан-өртекті шамалар.
Екіншіден, шама-заттар мен құбылыстардың оларды
салыстыруға мүмкіндік беретіндей қасиеттері сондай-ақ, осы
қасиеті арқылы оған бірдей деңгейде не болатын объектілер жүбын
тағайындауға болады. Мысалы: ұзындығы болу қасиетіне не
болатын барлық заттар жиынында ұзындығы бірдей заттар
эквиваленттілік класын құрайды.

Үшіншіден, шама-заттар немесе құбылыстарды салыстыруға мүмкіндік
беретіндей қасиеті болуымен бірге, осы қасиеттің көмегімен екі эквивалентті
емес заттардың қайсысы бүл қасиетке көбірек ие болатындығын тағайындауға
болады. Мысалы: (ұзындығы бар) қасиетіне ие болатын барлық заттар жиынында
ұзындығы әр түрлі екі заттың қайсысы ұзынырақ болатындығын тағайындауға
болады.[11]
Шама ұғымына ғалым Н.Я. Виленкин төмендегі түсініктемені берді. Ол :
а.
Егер а=в болса, онда m(а) = m(в), яғни эквивалентті
объектілердің өлшеуіштері бірдей болады.
Егер а=в+с болса, онда m(a) =m (в) + m(a) яғни шамаларды қосуға болады.
Шама ұғымына ғалым А.Н. Колмагоров мынадай анықтама берген. Оң скаляр
шамалар деп:
а) кез келген а, в, шамалар үшін а=в, не а в, а в қатынастарының
біреуі орындалады.
ә) кез келген а,в,с шамалары үшін, а+в=в+а коммутативті.
в) кез келген а, в, с үшін (а+в)+с = а+(в+с) ассоциативті
г) а+в а монотонды
д) а+в=с қосындысы бар және жалғыз ғана болады.
е) ав және вс болса, онда ас болады.
ж) ав болса, онда а=в+с болады.
з) п- в = а болатындай в шамасы бар болады.

Шамалардың қандай да бір түрін оқыту әдіс-тәсілдері оның өзіне тән
ерекшеліктеріне қарай анықталады. Шамаларды.оқыту әдістемесі төмендегіше:
Қарастырылып отырған нақты шама туралы баланың түсінігін
анықтау және сәйкес ұжым мен терменді енгізу.
Біртекті шамаларды салыстыру суіну көз мөлшерімен беттестіру әр түрлі шарты
өлшеуіштер т.б. арқылы.
Шаманың негізгі өлшеу бірлігін таңдап алу және онымен оқушыны таныстыру,
сондай-ақ өлшеу құрал жабдықтарын көрсету осы шаманың негізгі өлшеу
бірлігін пайдаланып өлшеу процесін таныстыру?
Сандарды атау және таңбалаудың концентр бойынша оқытылуына
байланысты шаманы өлшеудің жаңа бірліктерімен таныстыру.
Осындай бірліктерді еңгізудің өмір мұқтаждықтарын туындап отырғанына
оқушылардың көзін жеткізу.
Өлшеу бірліктерін түрлендіру, яғни өлшеудің бір атау бірлігімен
өрнектелген шаманы осы текті шаманың басқа отау бірлігіне көшіруге
жаттығу.
Бірдей атау бірлігімен, сондай-ақ екі түрлі атау бірлігімен
өрнектелген біртекті шамаларды қосу мен азайту.
Шаманы санға көбейту және бөлу шамаларды оқып үйрену математика курсының
көптеген мәселелерін меңгеруге көмектеседі.[13]

2.3. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі
2.3.1. Ұзындықты оқыту әдістемесі және оны өлшеу бірліктерін
қалыптастыру
Оқытудың міндеттері
1. Ұзындық жөнінде нақты түсінік қалыптастыру және заттың ұзындығын
салыстыру, кесіндінің ұзындығын өлшеу сияқты ұғымдарды меңгеру.
2. ұзындықтың өлшем бірілктерімен: сантиметр, дециметр, метр, километр,
миллиметр және олардың арасындағы қатынаспен таныстыру.
3. Сызғыштың көмегімен есіндінің ұзындығын өлшеу, сонда-ақ берілген
ұзындық дойынша кесінділер сызу, кесіндінің ұзындығын кеміту немесе
арттыру, кесінділерді ұзындықтарына қарай салыстыру біліктерін
қалыптастыру.
4. Ұзындық бірліктерін түрлендіру (іріден ұсаққажәне керісінше);әр түрлі
бірліктерімен берілген ұзындықты салыстыру, сондай-ақ шамалармен
(ұзындық) амалдар орындауға үйрету.
5. Осы шамамен (ұзындық) есептерді шығаруға үйрету.
Оқыту әдістемесі:
Балалардың ұзындық туралы түсініктері мектепке дейін пайда болады.
Мектепке алғаш келген кезде, балалар сызықтық өлшемділікті айыра біледі
(нәрселердің ұзындығын, енін, биіктігін, олардың ара қашықтығын). Олар
қатынастарды дұрыс тағайындайды: ұзынырақ-қысқарақ, кеңірек-тарырақ,
қашығырақ-жақынырақ, т.б.
Мектепте оқытудың алғашқы күндерінен бастап балаларда
кеңістік түсініктерді айқындай түсу мөселесі қойылады. Бұған
нәрселердің өлшемділігі жөнінен салыстыру жаттығулары
көмектеседі. Түзу сызықпен және кесіндімен сызықтық
өлшемділіктің тасымалдаушысы ретінде танысу берілген ұғымды
қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады. Кесінділерді
көзбен шамалап салыстыру арқылы балалар тең және тең емес
кесінділер жөнінде түсінік алады.
Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен
таныстырылады. Кесінділер жиынынан бір кесінді бөліп алынып, бірлік
ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да осы бірліктің
көмегімен өлшеуге кіріседі. Алайда метрді қарастырған кезде әрбір оқушы
жұмыс істеу үшін өлшеу процесінің өзін түсінуге өте қажетті жаттығулардың
жеткілікті мөлшерін жүргізу қиын. Екінші бір методистер өлшеудің алғашқы
бірлігі етіп сантиметрді енгізуді ұсынады (бағдарламада осылай берілген)
бұл әрбір оқушының партада отырып өлшеу бойынша көптеген жұмыстар
орындауына мүмкіндік береді.
Метр мен сантиметр арасындағы қатысты тағайындамай тұрып, ұзындығы
метрден кіші, шағын кесінділерді өлшеудегі өлшеуіш ретінде сантиметрді
енгізуге болады.
Балалар сантиметрі жөнінде көрнекі түсінік алу үшін,
көптеген жаттығулар орындаған жөн. Мысалы: олар өздері сантиметрдің
моделін жасауы, дәптерлеріне 1см кесіндіні сызу, клеткалар бойынша)
шынашақтың ені шамамен 1см-ге тең екендігін өздерінің табуы керек.
Әрі қарай оқушылар кесінділерді өлшеумен таныстырылады. Балалар өлшеу
процесін және өлшеу нәтижесінде алған сандар нені көрсететінін оның түсіну
үшін, сантиметр модельдерін салудың және оларды есептеуді қарапайым
әдістерінен қиынына өлшеп салуға біртіндеп жөн. Содан кейін сызғышты немесе
рулетканы істіріп қиып, өлшеу тәсіліне кіріскен жөн.
Көзбен өлшеуді үйретудің бүкіл жұмысын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Алғашқы кезең-көз мөлшердің қатыстылық түрімен жұмыс істеуді үйрету, мұнда
ол шаманың неше есе биіктігін анықтай алады. Мұнда оқушыларға мынандай
тапсырмалар мен сұрақтар қойылуы мүмкін: бірінші кесінді екіншісіне
қарағанда қанша ұзын? Көзбен берілген кесіндіден екі есе ұзын кесінді сыз.
Келесі кезең құрал-сайман өлшем процесіндегі кейбір шама мәніне
байланысты мысалдар берілген, оларды балалар білуі қажет.
Одан кейінгі кезеңде балалар өз беттерінше көзбен өлшеуді үйренеді.
Қатыстылық көз мөлшерден айырмашылығы мұнда шаманың бағасы абсалютті
бірліктермен - метр, дециметр, метрді еселеумен жүріп отырады.
Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен
таныстырылады. Кесінділер жанынан бір кесінді бөлініп алынып, бірлік
ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да, осы бірліктің
көмегімен өлшеуге кіріседі. Өлшеу бірлігінің қайсысын бірінші енгізу
жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.
Ондық санын өткеннен бастап сантиметр ұғымымен танысады және кесіндіні
өлшеуді қолдана бастады. Өлшеудің алғашқы бірлігі ретінде, шағын
кесінділерді өлшеудегі өлшеуіш ретінде сантиметр енгізілген. Сантиметр -
берілген кесіндінің ұзындығы есебінде немесе дәптердің екі тор ұзындығы деп
түсіндіріледі.
Көптеген әдіскерлер (Н.С.Попова, П.С.Исаков және А.М.Пышкало т.б.) алдымен
балалар өздері клетка қағаздан жасалған сызғышпен пайдаланғандары жөн
екенін айтады. Бұл сызғыштардан сантиметрлік бөліктер жасалады, бірақ
цифрлар жазылмайды. Ол сызғыштарды пайдалана отырып балалар кесінділерді
өлшеуді, жолсыз қағазға кесінділер сызады. [10]
Кейінірек жаңа өлшеу бірлігі - дициметр енгізіледі. Дициметр өлшемімен
танысуда оның 10 сантиметр өлшеміне тең екендігін қарастырылады. Берілген
ұзындық кескінін құрастыруда және оны өлшеуде 3 тәсілді атап өтуге болады.
Бірінші тәсіл - өлшенетін кескінді біріне-бірі беттестіріледі.
Екінші тәсіл - кейін тастау (қалдыру), берілген кескінді өлшеп
қарындашпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты дүние қасиеттерінің шама ұғымы арқылы бейнеленуі
Бастауыш сыныптың математика сабақтарында шамаларды оқытудың деңгейлік тапсырмаларын қолдану
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖАЙЫНДА
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі
Шама ұғымдарын оқытуда оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту жолдары
Оқыту әдістемесі
Ұзындықты оқыту әдістемесі
Бөлшекті бүтін санға көбейту
Фигураның ауданын оқыту әдістемесі
2-сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілетін дамыту
Пәндер