В. Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға тәрбие мен білім берудің жүйесін саралау



Кiрiспе
1 Педагогика ғылымы, ондағы В.А.Сухомлинскийдің орны мен педагогикалық қызметі
1.1 В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеяларының теориялық сипаты

1.2 В.Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға тәрбие беру мәселесі
2 В.Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарастарының құндылығы

2.1 В.Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға білім беру мәселесі

2.2 Бастауыш мектеп оқушыларына «Дүниетану» сабақтарында тәрбие мен білім беру барысында В.А.Сухомлинскийдің іс.тәжiрибесiн пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымның маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, адами асыл қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз [1]. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi - мұғалiм. Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адами мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. – А.: 1997.
2.Занков В.В. Избранные педагигические труды. – М.:1990.
3.Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М.:1980.
4.Сухомлинский В.А. Коллективтің құдіретті күші. Алматы. Мектеп. 1979. 248 бет.
5.Байтұрсынұлы А. Тiл тағылымы. -Алматы, 1992.- 418б.
6. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания. М. Просвещение. 1977.
7.Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. Алматы. Мектеп. 1979.
8.Сухомлинский В.А. Азаматтың қалыптасуы. Алматы. Мектеп. 1981.
9.Сухомлинский В.А. Павлыш орта мектебі. Алматы. Мектеп. 1982.
10.Сухомлинский В.А. Мұғалімдерге жүз кеңес. Алматы. Мектеп. 1978.
11.Сухомлинский В.А. Мектептің жас мұғалімімен әңгіме. Алматы. Мектеп. 1975.
12.Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, 1924.
13.Ушинский К.Д. Таңдамалы шығармалар. М.: 1961.
14.Макаренко А.С. Шығармалары. 1 том, М.: 1967.
15.Жұмабаев М. Педагогика. А.: Рауан, 1993.
16.Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау. Алматы: Шартарап. 2000.
17.Богословский В.В. Жалпы психология. – А.: Мектеп, 1995.
18.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – Астана.: 1998.
19.Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. 1972
20.Рубинштейн С.Л Избранные психологические труды. –М.: Просвещение, 1960.
21.Жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу бағдарламасы / 1-4 сыныптар/. – А.: 1997.
22.Жарықбаев Қ Қазақ тiлi тәрбиесi. А.: Санат. 1996.
23.Балтабай Е. Этнопедпгогика және тәрбие //Қазақстан мектебi, -2003, -№1, -40 б.
24.Төлегенов Ө. Оқытудың пелагогикалық-психологикалық ерекшелiктерi //Бастауыш мектеп, -2001, -№1 -33.
25.Керiмбаева Р. Оқушының дүниетанымын қалыптастыру // Бастауыш мектеп, -2000, -№2
26.Бексайын Қ. Бала келешегi бастауыштан басталады //Қазақстан мектебi, -2001, -№3-7
27.Барсай Б. Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясы //Бастауыш мектеп, -1998, -№1-27
28.Дүйсенова Ә. Бала мiнезiн тәрбиелеу // Бастауыш мектеп, 1996, -№2
29.Ешiмова С. Қоршаған ортамен таныстыру //Бастауыш мектеп, -1985, -№6-22
30.Майғаранова Ш. Бастауыш сыныпта оқыту мәселелерi //Бастауыш мектеп, 1989, №9.
31.Айтмамбетова Б. “Педагогика тағылымдары”– А.: Рауан, 1993.
32.Асылов Ү. Даналардан шыққан сөз – А.: Мектеп, 1987.
33.Көбесов А. Әл-Фараби. – А.: Қазақстан, 1971.
34.Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақал-мәтелдері. – А.: Мектеп, 1987.
35.Төреқұлов Н. Нақыл сөздеодің тәрбиелік мәні. – А.: Мектеп, 1971.
36.Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер. – А.: Ғылым, 1979.
37.Ғаббасов С. Ізгілік әліппесі. - А.: Ғылым, 1991.
38.Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – А.: Мектеп, 1992.
39.Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. - А.: Білім, 1995.
40.Эльконин Д.Б. Психология младшего школьника. – М.: Просвещение, 1993.
41.Давыдов В.В. Психологическая теория учебной деятельности и методов начального обучения. – М:: Просвещение, 1992.
42.Қопсаева С. Ізгілік қасиеттерінің негіздерін оқу-тәрбие процесіне енгізу моделі // Ізденіс 1999, №6.
43.Подласый И.П. Педагогика. – Питер.: Владос, 1999.
44.Алдамұратов Ә Әдептілік негіздері. – А.: Санат, 1998.
45.Табылдиев Ә. Әдеп әліппесі. – А.: Мектеп, 1997.
46.Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. – А.: Білім.: 1990
47.Елекбаев Н. Ұлттық психология.– А.: Білім.: 1992
48.Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. – А.: Мектеп, 1975
49.Каженбаева С. Табиғатты қорғау. – А.: Ана тілі, 1992
50.Сәттімбеков Р. Табиғатты қорғау. – А.: Рауан, 1992
51.Молдағалиева Р.Т. Жаратылыстану негіздері мен дүниетануды оқыту әдістемесі. – Астана, 2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе 3
1 Педагогика ғылымы, ондағы В.А.Сухомлинскийдің орны мен  
педагогикалық қызметі 7
1.1 В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеяларының теориялық сипаты 7
1.2 В.Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп  
жасындағы оқушыларға тәрбие беру мәселесі 22
2 В.Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарастарының құндылығы  26
2.1 В.Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп 26
жасындағы оқушыларға білім беру мәселесі
2.2 Бастауыш мектеп оқушыларына Дүниетану сабақтарында тәрбие мен  44
білім беру барысында В.А.Сухомлинскийдің іс-тәжiрибесiн пайдалану
Қорытынды 51
Пайдаланылған әдебиеттер 57

КIРIСПЕ

      Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң
тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымның
маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру
негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Бастауыш мектептен бастап
оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, адами
асыл қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа
лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз [1]. Сондықтан да
бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы
керек.
     Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi - мұғалiм. Бастауыш
бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып
қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде
қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адами мәдениетiн қалыптастыру
талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң
анықтауы бойынша мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан
болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
     Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту - оқушының жалпы рухани дамуын
қамтамасыз етуi қажет”- дейдi [2.32]. Ал көрнектi психолог Л.С.Выготский:
“Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”-
деп тұжырымдайды [3]. Оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс
болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

     Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал
мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiммен қатар тәрбие беру,
яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап
адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ
бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық
сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет.
Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер
жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне ұлттық
педагогика элементтерi де жатады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының
мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды,
отансүйгiш, әдептiлiк, ар-намысы биiк оқушылар тәрбиелеу.
     Бастауыш сынып оқушыларының оқу-әрекетi басым. Жас баланы жасынан
жақсылыққа баулу баршы жұрттың мақсаты. Сондықтан да бiлiм негiзi бастауыш
мектепте қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi
көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
     Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани-адамгершiлiк
ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның
бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
     Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның
iшiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларға адамгершiлiк-рухани бiлiм бiлiм
беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды
талап етедi.
Өзі өмір бойы мектепте жұмыс істеп, бүкіл саналы ғұмырын баланы
тәрбиелеу мәселесіне арнаған педагог В.Сухомлинскийдің күнделікті іс-
тәжірибесі кеңестер одағында өзге мүғалімдерге үлгі болғаны белгілі. Баланы
жан-тәнімен сүйген, оның әрбір қадамын ерінбей-жалықпай қадағалап, оларды
саналы азамат етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерін жұмсаған Василий
Александровичтің артына қалдырған еңбектері өзінің маңызын ешқашан жоймақ
емес. Өйткені, ол тәрбие саласының барлық қыр-сырын жетік меңгерген, сол
үшін өмірін сарп еткен нағыз педагог.
“Әрбір баланы ой-пікірдің сарқылмас қайнар көзіне әкелу өте маңызды
тәрбиелік міндет деп қараймын, жасөспірім кезінде, жігіт кезінде, ересек
болғанда, өзі балаларға әке болып жетілгеннен кейін де осы ой-пікірдің
қайнар көзіне өзінің бүкіл өмір бойында оралып отыруын қарастырамын.
Табиғатты, еңбекті, адамның мінез-құлқындағы моральдық сұлулықты, кітапты
және творчествоны мен осындай қайнар көздер деп есептеймін. Орта мектеп
курсын мұқият игеріп, аттестат алып шығу әлі де болса нағыз ойлы адам болып
шықты деген сөз емес. Ой дүниесі кемтар, таяз адамдардың да жоғары білімі
бар – бұл жиі кездеседі. Сондай-ақ, керісінше, белгілі бір себептерге
байланысты, тіпті толық бастауыш білім ала алмай қалған нағыз ойлы адамдар
қаншама. Мұндай адамдармен аса күрделі, ең нәзік нәрселер жөнінде де
сөйлесуге болады. Ойлы адам болу дегеніміз – бұл дүниені және қоршаған
дүниедегі өзіңді... нәзік, сергек тану, түсіну, сезіну деген сөз”, - деп атап
көрсетеді В.Сухомлинский өзінің “Коллективтің құдіретті күші” атты
еңбегінде [4.83-84].
Шынында да жоғары білімді таяз адам бар да, ешқандай да дипломы жоқ
ақылды адамдар бар. Мұның бәрі өз айналамызда кездесіп жатқан жайттар. Ал
егемен еліміздің жарқын болашағы тек білімділерде ғана емес, сонымен қатар
саналы, тәрбиелі, адами асыл қасиеттері мол мамандарда десек, бұл ретте
білім мен тәрбие қашан да қатар игерілуі тиіс деп санаймыз. Осы бір-бірінен
бөліп-жаруға болмайтын екі тармақты қатар қамтыған педагогтардың бірі
В.Сухомлинский екендігін әлемдік педагогика кеңістігі де мойындағаны анық.
     Сондықтан да біз дипломдық жұмысымымыздың тақырыбын “В.Сухомлинскийдің
педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға тәрбие мен
білім берудің жүйесі” деп алып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізуге
күш салдық
     Зерттеу мақсаты: В.Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы
бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға тәрбие мен білім берудің жүйесін
саралау.
     Зерттеу нысанасы: Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелеуде белгілі
ғалым В.Сухомлинскийдің мұраларын пайдалану үрдiсi.
     Зерттеу пәнi: Бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі мен білім
мәдениетiн қалыптастырудағы оқушылар мен мұғалiмнiң iс-әрекеттер жүйесi.

     Зерттеу мiндеттерi:
     1.В.Сухомлинскийдің педагогикалық мұралары арқылы баланы тәрбиелеудің
педагогикалық-психологиялық, әдiстемелiк ой-пікірлеріне шолу жасау;
2.В.Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы балаға жүйелі білім
беру туралы ерекшелiктерiн қарастыру;
3.“Дүниетану” пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау жасау;

      Зерттеу болжамы:
      Егер, бастауыш сыныпта әйгілі педагог В.Сухомлинскийдің педагогикалық
мұраларындағы тәрбие мен білім беру жүйесінің әдiс-тәсiлдерi тиімді
қолданылса, онда “Дүниетану” пәні оқушылардың дүние-танымын қалыптастырудың
бір құралына айналып, олардың ой-өрісінің кеңейгенімен қатар, тәрбие
деңгейлері де артар еді.
      Зерттеу әдiстерi:
1.В.Сухомлинскийдің педагогикалық-психологиялық әдебиеттерін басқа
ғалымдардың еңбектерімен салыстыра отырып талдау.
2.Педагогикалық бақылау.
3.Педагогикалық эксперимент.
Диплом жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және
әдебиеттер тiзiмi мен тiркемелерден тұрады. Көлемi 60 бет.
 

1. Педагогика ғылымы, ондағы В.А.Сухомлинскийдің
орны мен педагогикалық қызметі
1.1 В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеяларының теориялық сипаты
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға
болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған
қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын
жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар
басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан.
Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын
грек сөздері пайдес- балалар жəне аго - жетектеу дегеннен алған,
тікелей аудармасында педагогика сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері
дегенді түсіндіреді, ал педагог сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген
мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын
тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер
тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет
болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы
педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты
міндеті ғылыми білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие
жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген
бүгінгі заман педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға
айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу
ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы
жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске
асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін ұдайы
жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі,
ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын
күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан
əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын
құрастырумен жауап береді.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның
алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі
проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне
енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін
тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес.
Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-
қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі
балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса,
болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға
байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр.
Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді,
ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да,
педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы
қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында,
дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие
тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне
психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие
практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа
идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі
дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен, педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам
тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелендіру. Педагогика
адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның
негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық
жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.
Тəрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші
қадамдарымен байланыстырады. Тəрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды.
Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тəрбиеленген. Адамдардың ол
жөнінде тіпті хабары да болмаған. Тəрбие жөніндегі ғылым геометрия,
астрономия басқа да ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт
- өмір қажеттілігі. Кейін тəрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл
атқара бастады. Себебі əр түрлі қоғамда өсіп келе жатқан əлеуметке берген
тəрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі.
Осыдан тəрбие тəжірибесін топтастыру жəне қорытындылау, арнайы оқу-тəрбие
мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында
қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. б.э.д.) - балалар
тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол:
Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды
жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді... Жақсы адам болу табиғат
ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді деген болатын.
Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен
тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399 жж.б.э.д.), Платон (427-
347 жж. б.э.д.), Аристотель (384-322 жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222 жж.
б.э.д) еңбектерінде жарияланған.
Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни
арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу
принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық
тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-
430), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған.
Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан
Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары.
Қайта өрлеу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-
гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм
Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446),
француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592)
өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII
ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі
күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да
шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы
чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты. Оның
1654 жылы Амстердамда жарық көрген Ұлы дидактика атты еңбегі алғашқы
ғылыми-педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған идеялардың
көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін жəне ғылыми маңызын
жоғалтқан емес. Я.А.Коменский ұсынған табиғи сəйкестік принципі, сынып-
сабақтық оқу жүйесі жəне басқа да оқу принциптері, əдістері, формалары
педагогикалық теорияның алтын қорынан орын алды. Оқу негізіне басқалардың
зат жөніндегі бақылаулары мен айғақтарын жаттау алынбай, сол заттар мен
құбылыстарды танып, білу қалануы тиіс; Естігенді – көргенмен, сөзді - қол
əрекетімен байланыстыру қажет; əрқандай үйрету сыртқы сезім жəне ақыл-
парасат байланысы негізіндегі дəлелдерге сүйенуі қажет... Ұлы педагогтың осы
тұжырымдары біздің заманымыздың талаптарына да сəйкес келіп тұр.
Ағылшын философы жəне педагогы Джон Локк (1632-1704) өз қайрат-күшін
тəрбие теориясына бағыштады. Өзінің Тəрбие жөніндегі ойлар атты басты
еңбегінде ол өзіне сенімді, ауқымды білімділігін іскерлікпен, берік наным-
сенімдерін сұлу мəнерлілікпен ұштастыра білген адам - джентельмен
тəрбиелеуге арналған көзқарастарын жариялады.
XVIII ғасырда мектеп педагогикасы бойынша өз шығармаларымен танылған
француз материалист-ағартушылары Д.Дидро (1713-1784), К.Гельвеций (1715-
1771), П.Гольбах (1723-1789), əсіресе Ж.Ж.Руссо (1712-1778) болды.
Педагогиканың қалыптасуында И.Г.Песталоцийдің (1746-1827) есімі аса
құрметпен аталады. О сүйікті халқым! Сенің қаншалықты төмен жасап
жатқаныңды мен байқап жүрмін, мен саған көтерілуге жəрдем беремін-деп, ол
жан айқайын салды. И.Г.Пестолоций өз дегеніне жетті: мұғалімдерге оқыту мен
адамгершілік тəрбиесінің ізгілікті теориясын ұсынды.
Өзгерістерден басқа тұрақты ешнəрсе жоқ, -деп үйреткен неміс
педагогы Фридрих А.В.Дистервег (1790-1886) барша педагогикалық құбылыстарға
тəн тəрбиенің қозғаушы күштері мен қарама-қарсылықтарын зерттеген.
Орыс ойшылдары, философтары жəне жазушыларының арасында педагогикалық
шығармаларымен белгілі болған есімдер: В.Г.Белинский (1811-1848),
А.И.Герцен (1812-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889), Н.А.Добролюбов (1836-
1561). Бүкіл əлемде Л.Н.Толстойдың (1828-1910), Н.И.Пироговтың
педагогикалық идеялары əйгілі. Олар таптық мектепті қатаң сынға алып,
халықтық тəрбие саласын түбегейлі өзгерту қажеттігін ұрандады.
Қазақ халқының да тəлім-тəрбиелік жүйесі ұланғайыр да мəуелі. Бұл
салада халқымыздың тəлім-тəрбиелік алтын қорына елеулі үлес қосқан
арыстарымыз А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, С.Торайғырұлы жəне т.б. Олардың
тəлім-тəрбиелік өсиеттері талай зерттеулерге арқау болған. Кемеңгер Ахмет
Байтұрсынұлының өткен ғасыр басында Мектептің жаны мұғалім. Мұғалім қандай
болса, мектебі həм сондай болмақшы...əуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін
түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та
оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде,
оқумен түзеледі – деген ұлағатты ескертпесі бүгінгі қазақ мектебінің
ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде қабылдануда [5.54].
Орыс педагогикасын əлемдік даңққа бөлеген Константин Дмитриевич
Ушинский (1824-1871) оқу-тəрбие теориясын түбегейлі өзгеріске келтіріп,
педагогикалық практикада төңкеріс жасады. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық
жүйесінде жетекші орын тəрбие мақсаттарына, принциптеріне жəне оның мəніне
берілген. Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін
тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие
адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын
барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады- деп жазған еді ұлы ғұлама.
Тəрбие жолындағы жетекші рөл мектеп жəне мұғалімнің билігінде:
Тəрбиедегі барлық істер тəрбиеші тұлғасына негізделуі тиіс, себебі тəрбие
күші тұлғаның адамилық қадір-сапаларынан бастау алады. Ешбір жарғы немесе
бағдарлама, ешқандай жасанды мекеме организмі, қаншалықты айламен құрылса
да, тəрбие жұмысындағы тұлға беделінің орнын баса алмайды -деген
К.Д.Ушинский бүкіл педагогиканы қайта қарастырып, жаңа ғылыми деректер
негізінде білім беру жүйесін толығымен түбегейлі қайта құруды талап етті:
...теориядан алшақтаған педагогикалық практиканың бір өзі – медицинадағы
тəуіпшілдікпен тең [6.72].
XIX ғ. ақыры мен XX ғ. басында педагогикалық проблемалар АҚШ-та
қарқынды зерттеле бастады. Ол жерде адам тəрбиелеудің жалпы принциптері мен
заңдылықтары өрнектелді, əрбір адамға белгілеген мақсаттарына тез, əрі
табысты жетуге мүмкіндік беретін тиімді білім технологиялары қалыптасып,
практикаға енді. Американ педагогикасының белгілі өкілдерінің бірі Джон
Дьюи (1859-1952). Оның зерттеу жұмыстары бүкіл батыс Еуропа, Америка жəне
Австралия аймақтарында педагогикалық ойдың дамуына үлкен ықпал жасады.
Американ педагогтарының тағы бір көрнекті тұлғасы Эдвард Торндайк (1874-
1949) оқу процесін зерттеумен атын əйгілеп, əрекетшіл тəрбие технологиясын
бүкіл əлемге жария етті.
Елімізде аты танымал американ педагогы жəне дəрігері Бенджамен Спок.
Ол қауым өкілдеріне, бір қарағанға қарапайым ғана тəрбиеде басты не болу
керек: қаталдық па қайырымдылық па? –деген сұрақ қойып, көпшіліктің
санасына жаңа тəрбие лебін жеткізді. Бұл сұрақтардың астарынан күтілген
жауап - педагогика қай бағытта: əміршіл-əкімшіл немесе гуманистік жолымен
дамуы қажет пе? Бұған нақты жауапты Б.Спок өзінің “Бала жəне оған
қамқорлық”, “Анамен сұқбат” жəне т.б. еңбектерінде беруге тырысқан.
XX ғасырдың басында əлемдік педагогикада еркін тəрбие жəне бала
тұлғасының дамуы идеялары белсенді жария етіле бастады. Бұл идеяға жетекші
Мария Монтессори (1870-1952) болды. Өзінің Ғылыми педагогика əдістемесі
кітабында ол балалық жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігін
түсіндіріп бақты. Себебі, сəбилік шақтағы бала дамуы үлкен тəрбиелік
табыстарға есік ашады. Оның пікірінше, мектеп оқуының басты формасы өзіндік
оқу жұмыстары болуы қажет. Монтессори оқушылардың жекелеп оқуына ыңғайлы
грамматикалық, математикалық, биология-жаратылыстану жəне басқа пəндерге
арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі,
оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілік-қателерін табады жəне оларды
түзетеді. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында да Монтессори жүйесінің
тараптарлары мен қолдаушылары баршылық. Осы бағытта түзілген бала-бақша -
мектеп жүйесі іске қосылып, балаларды еркін тəрбиелеу идеясы өз жемісін
беруде.
Ресейдегі еркін тəрбие идеяларын қуаттаушылардың бірі Константин
Николаевич Вентцель (1857-1947) еді. Ол 1917 жылы дүниеде алғашқылардың
бірі болып, бала құқықтары декларациясын түзіп, жариялады. 1906-1909жж.
аралығында Мəскеуде ол ұйымдастырған Еркін бала Отауы жұмыс істеп тұрды.
Бұл ерекше оқу мекемесінде басты кейіпкер - бала аса құрметпен танылды.
Тəрбиешілер мен мұғалімдер бала қызығуларына икемдесіп, оның табиғаттан
берілген қабілеттері мен дарынының дамуына жəрдемдесу қызметтерін атқарды.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам
тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа
педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен
қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский
(1884-1941), А.П.Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір
педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский
еңбектері. Н.К.Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес
мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді
пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде
шоғырланды. А.С.Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық
басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды
отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап,
оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе
тексеруінен өткізді. Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өз
зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырды.
Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі
педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры
жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім
сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.
Халыққа білім беру аймағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары белсенді
еңбек еткен педагог-ғалымдардың бірі Михаил Алексеевич Данилов (1899-1973).
Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын жасап шықты (“Бастауыш білім беру
міндеттері мен ерекшеліктері”, 1943), (1947 жылы “Адамның ақыл-парасат жəне
моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлі”) кітабын жазып, мұғалімдерге
арналған көптеген жетекші əдістемелік еңбектер жариялады. Олар осы күнге
дейін мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып отыр.
70-80 жылдары жалпыбілімдік мектеп проблемаларымен академик
Л.В.Занковтың ғылыми лабораториясы белсенді айналысты. Бұл мекеменің
зерттеулері нəтижесінде кіші, орта жастағы балаларды оқытудың жаңа,
оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арқау еткен оқу жүйесі пайда болды.
80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикаларында мектепті жаңалау
мен қайта құру қозғалысы өріс алды. Бұл қызметтестік педагогикасының
туындауынан көрінді. Осы дəуірдегі жаңаланған педагогиканы дамытуға ат
салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла
бастады. Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов,
Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А. Караковский жəне басқалар болды.
Бүкіл елге белгілі болған мəскеулік бастауыш мектеп мұғалімі
С.Н.Лысынкова “Қалайша жеңіл оқуға болады?” атты кітабын жариялап, онда
бастауыш мектеп оқушыларының оқу істерін схема, тірек карточкалар,
таблицалар пайдалану арқылы басқару тəсілдерін көрсетіп берді. Сонымен
бірге С.Н.Лысынкова “Ілгерілестірілген (опережающее) оқу” əдістемесін
жасады.
Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым
сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда
педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қола жеткізілді,
əсіресе мұндай жетістіктер мектептегі оқудың жаңа технологияларын жасауда
көрініс берді.
Сапалы оқу бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері
оқу процесін басқаруда үлкен жəрдемін тигізуде. Соның нəтижесінде оқу
барысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нəтижелерге жету мүмкіндіктері
пайда болды.
Тəрбиенің жетілген əдістемелерін жасау бағытында да пайдалы өзгерістер
көптеп болуда. Ғылыми-өндірістік кешендер, авторлық мектептер,
эксперименталды оқу-тəрбие алаңдары - ұнамды өзгерістер жолындағы елеулі
көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа жəне жаңаланған
мектеп оқуы мен тəрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге алып, гуманистік
бағытта өрлеп, өрістеуде.
Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи
сатыларынан бастау алады. Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне
дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді
теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та
қайшылықты жолын басып өтті.
Жоғарыда есімдері аталып өткендердің арасынан біз өзінің саналы
ғұмырының басым бөлігін мектепте өткізіп, педагогикалық ұжым мен оқушылар
арасында біте қайнаса еңбек еткен Василий Александрович Сухомлинский туралы
нақтырақ сөз қозғауды жөн санап отырмыз.
В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығына жыл өткен сайын біздің елімізде
де, сол сияқты шетелде де ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан
да бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес, әрине.
Өйткені оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық
идеялармен және қағидалармен тек қана байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен
қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және кеңестер
одағындағы отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуында белгілі ерекше кезең
болды.
В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы бүгінде
біршама әдебиет баршылық, десек те әдебиеттердің үлкен бөлігі
В.А.Сухомлинскийдің ғұмырнамалық деректерін және педагогикалық көзқарасын
талдауға арналған.
Сырт қарағанда, В.А.Сухомлинскийдің өмірі көптеген оның құрдастары мен
замандастарының өмірбаянының айырмашылығы өте аз сияқты көрінеді.
     Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте Васильевка селосында
Херсон жерінде (қазіргі Кировоград облысы) дүниеге келді. Осында оның
балалық және жастық шағы өтті.
     В.А.Сухамлинский В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық
институтында оқыды. В.А.Сухомлинский педагогика ғылымының негіздерінен
білім алғаны балалармен жұмыс істеу ептілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне,
ғылыми ізденіске ұмтылуды қалыптастырғаны үшін Полтава педагогикалық
институты оқытушыларына қарыздар. Бұл институттың қабырғасында оның есімі
мәңгі қалды.
     1982 жылы В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық инстиутының
ғимаратында Василий Александровичтің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында
мемориалдық тақта орнатылды.
     1938 жылы институтты бітіргеннен кейін, В.А.Сухомлинский өзінің туған
жеріне оралады, Онуфриев орта мектебінде украин тілі мен әдебиетінен
мұғалім болып қызмет атқарады.
     1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылы қаңтар айында
Москваны ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Оралда
әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін сол кезде неміс басқыншыларынан
азат етілген туған жеріне қайтадан оралды.
     1948 жылы В.А.Сухомлинский Павлыш орта мектебінің директоры болып
тағайындалды және үзбестен оны өмірінің соңына дейін, 22 жыл бойы
басқарады. Соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық қиындығын басынан кешуге тура
келді. Соғыстан қираған Украина селоларында алғашқы соғыстан кейінгі
жылдарда өмір сүрген қиын болғандығын жақсы біледі, соғыс қаншама балаларды
анасынан, әкесінен және ең жақын бауырларынан айырды. Мектепке тек ғана
қарапайым мұғалім ғана емес, балалардың жаралы жан дүниесін арашалай
білетін, соғыстың құрбаны болған ата-аналарының орнын толтыратын ұстаздар
қажет болды. Осындай мұғалім өз шәкірттері үшін әкесі және тәлімгері, әр
күн және әр сағат сайын өз жүрегінің жылуын арнаған  В.А.Сухомлинский
болды.
     Педагогке философ сияқты, оның танымдық қағидалары, педагогикалық
сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды қажет етеді.
В.А.Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті.
     В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған
кезінде 1970 жылы 2 қыркүйекте дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында
алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.
     Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен
марапатталды. 1957 жылдан В.А.Сухомлинский РСФСР Педагогикалық ғылымдар
академиясының корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген
мұғалімі. 1968 жылы оған үкіметтің ең жоғары Социалистік Еңбек Ері атағы
берілді. Сол жылы СССР Педагогикалық ғылымдары академиясының корреспондент-
мүшесіне сайланды.
     В.А.Сухомлинский – 41 монография мен жекеленген кітаптардың, 600-ден
астам ғылыми мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның
еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі
тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.
     1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық
диссертацияны қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері”
тақырыбында баяндамасын аяқтады.
     В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық
жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға
жүрек жылуы”, “Азаматтың қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”,
“Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен
әңгіме”, т.б. кітаптарын ерекше атауға болады.
     А.С.Макаренконың идеясының белсенді ізбасары және жалғастырушысы
болған В.А.Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу әдістемесіне
көптеген жаңалық енгізді. Оның бұл жаңалықтары бүкіл елдің барлық
мектептерінде дерлік жүзеге асырылды. Жалғасын тапты. В.А.Сухомлинский
дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т.б. тәрбиелік ықпалдарын терең
және жан-жақты талдады. Сәби дүниетанымының ертегілер әлеміне жиі-жиі
саяхат жасап, әсем де сұлу табиғат аясында серуендеу арқылы олардың ой-
өрісін, сана-сезімін қалыптастырудың сан алуан жолдарын қарастырды.
     Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне
шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас
директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек
мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар
жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз,
әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”.
     Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек
жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің
жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін
тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп
берді. Баланы мейірімділікпен тәрбиелей алмасаң, онда оны қаталдықпен де
тәрбиелей алмайтыныңды үнемі баса айтып отыратын Василий Александровичтің
ойлары бір арнаға тоғысқанда – ең алдыменен тәрбиешінің өзі сол бөбектерге
үлгі болатындай деңгейге қол жеткізуі тиіс дегенге саяды.
     В.А.Сухомлинскийдің көзқарасының қалыптасуына Я.Корчактың әсері ерекше
болды. Белгілі поляк педагогының тамаша еңбектерімен, атап айтқанда “Баланы
қалай сүюге болады” (1920), “Қашан мен қайтадан кішкентай боламын” (1926)
атты шығармаларымен В.А.Сухомлинский соғысқа дейін таныс болған еді.
Я.Корчак гитлер конц-лагерьлерінің бірінде 1942 жылы тамыз айының бас
жерінде. Жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге қайтыс болды. Өзінің
өмірін сақтауға болар еді, оған бірнеше рет қашуға ұсынған болатын-ды.
Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете алмады. Көргендердің
айтуына қарағанда, достарының Геттоны тастап кету және өзін аман сақтау
туралы ұсынысына, өз ісіне берілгендігімен жауап берді. Я.Корчак газ
толтырылған камерада өлім азабының соңғы минуттарының алдында қолынан
ұстап, балалары мен бірге болды. Бүкіл өз өміріне терең адамгершілік мән
бете отырып, өз борышын балаларының алдында аяғына дейін орындады.
     В.А.Сухомлинский – гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары болып
табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның
педагогикалық қағидасы болып табылады. “Он жыл мен, - деп жазды
В.А.Сухомлинский,- өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және
олар белгілі адамдар болып шықты”. Кейбір мектептерде кездесетініндей,
мұғалімдердің балаларға дөрекілік танытып, үлкендік жасап, қорқытып-үркітіп
ұстауы ешқашан да жақсы нәтиже бермейтінін өз тәжірибесінде үнемі дәлелдеп
отыратын ұстаз өзінің осы жазалаусыз тәрбиелеу деген ұстанымын барлық
уақытта да іске асырып отырды және ұстаздар қауымын осыған шақырды. 
     В.А.Сухомлинский баға туралы жазалау құралы ретінде айта келіп, оны
тек ғана жоғары сыныптарда қанағаттанғысыз баға қою баланың жүрегін
жаралайды, психологиясына әсер етеді, өзіне деген енімі жоғалады.
Сухомлинскийдің айтуынша, барлық балалар І сыныпқа бір ғана мақсатпен жақсы
оқу үшін келеді.
     Тек ғана баланың оқудағы 7 жетістігі, оның әрбір күн сайын алға басқан
қадамы оған күш-жігер береді. В.А.Сухомлинский төрт жыл бастауыш сыныпта
оқығанда бірде-бір қанағаттанғысыз баға қоймапты. Бірде бір бала екімен
жазаланбапты.
     Баға В.А.Сухомлинскийше, жазалау емес, жалқаулығы үшін жазалау емес,
әруақытта да оптимистік түрде еңбегі үшін марапаттау керек деп түсінді.  
Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие
процесін жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп
директорының, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушылардың
мектеп ұжымының тәрбиесі туралы негізгі принциптерді – тәжірибелік қызметте
басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы керек. Бұл орайда, ең алдыменен,
отанға деген сүйіспеншілік, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жолындағы іс-
әрекеттердің идеялық бірлігі болғанда, ой-пікір, сана-сезім орынды
үйлескенде ғана жүзеге асатыны анық. Мектепте идеялық жағынан табанды,
рухани бай, өмірлік тәжірибесі арқылы көреген болған адамдар – аға ұрпақтың
өкілдері жас ұрпақты өмір сүруге үйретеді. “Өмір сүруге үйрету – бұл өте
күрделі және нәзік ғылым. Оның әліппелік ақиқаты: әрбір тәрбиеленуші күні
ертең ғана емес, сонымен бірге бір жылдан кейін не істейтін болады; адам
мен адамның араласуының негізінде не жатқанын, адамның коллективтен қандай
рухани байлық алатынын және коллективке қандай рухани байлық әкелетінін
білу”, -деп атап көрсетеді В.Сухомлинский өзінің еңбегінде [4.8]. Ал
өмірінің 11-12 жылын мектеп қабырғасында өткізетін оқушының балалық шақ пен
бозбалалық шаққа дейінгі аралықтағы білім алуы мен тәрбиесіне жауап беретін
мектеп басшысы мен сол саладағы барлық тәрбиешілер әрбір баланың
психикалық, рухани, интеллектуалдық ерекшеліктерін жақсы білуге міндетті.

Адамдарды коллективте біріктіретін басты күш қандай? Бұл күш –
адамның адамға қамқорлығы. Адамның адамға деген жауапкершілігі. Адамның
коллектив алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілігі.
Өзіндік өмірдің бастапқы қадамынан бастап-ақ бала адамның өзара қарым-
қатынастарын тәжірибе жүзінде танып біле бастайды. Адамның өзара қарым-
қатынастар дүниесі өте күрделі. Мұның өзі ата-аналар алдындағы, отбасы
өмірінің белгіленген және бекітілген әдет-ғұрып дәстүрлерін сақтау
жауапкершілігі болып табылады.
Егер адам қоғам өміріне, оның дамуына өзінің қатысқанын сезсе, ол адам
үшін тек материалдық игіліктер жасап қана қоймайды – ол өзін де жасайды.
Азаматтық рух айқын бейнеленген жұмыстан шынайы өзіндік тәрбие басталады.
Ал өзіндік тәрбие – бұл тәрбие ісіндегі әлдеқандай бір көмекші нәрсе емес,
қайта оның мықты іргетасы. Егер адам өзін өзі тәрбиелемесе, оны ешкім де
тәрбиелей алмайды .
Қоғам үшін шығармашылық жұмыс істеудің арқасында адам балалық және
бозбалалық шағының өзінде-ақ қоғамдық асыл мүдделерді танып біледі. Ол
өзінің ақыл-ойымен және жүрегімен ақиқаттың ұлы мәнін, тәртіптіліктің,
еңбексүйгіштіктің, адалдықтың жоғары өлшемі оның қоғамға деген көзқарасы
болып табылатындығын түсінеді. Қоғам үшін жұмыс істеудің арқасында, асыл
мүдделерді танып білудің арқасында, адам балалық және бозбалалық шағының
өзінде-ақ идеяларға – адам баласының жақсы болашағы жолындағы күрестің
мәнін ашатын саяси ақиқаттарға деген өзінің көзқарасын қалыптастырады.
Адамның моральдық бейнесі, оның ой-санасы мен мінез-құлқының
бірегейлігі, қоғамдық қызметі, қоғам, халық, коллектив алдындағы
жауапкершілікті түсіну – осының бәрі адамның ой-санасы мен жүрегінде қандай
идеялардың барлығына, жеке өмірінде ол қандай идеялық ниетпен
рухтанатындығына байланысты. Идеялық ниет – бұл адам сенімінің негізі,-
дейді В.А.Сухомлинский [4.32]. Ғалымның осы бір қанатты сөзіне иланбасқа
лажың жоқ. Отанын, халқын сүйген адам ғана өзінің ой-санасын, бітім-
болмысын осы жауапкершілік дегенге бағыттайтыны рас.

1.2 В.Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш
мектеп жасындағы оқушыларға тәрбие беру мәселесі

  “Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiм -
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi”- деп Әл-
Фараби айтқандай [33.28], педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi
категорияларының бiрi - тәрбие.
       Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани
өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және
өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата
отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзедi. Адам
тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тәрбие - адамзат
тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты.
Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк
тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi. Осы барлық тәрбиенiң өзегi -
адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы
аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық
тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары
қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын индивидтiң өзi анықтап, адамгершiлiк
ұстанымын да өзi қалыптастырады.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен
бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады, — дейді. Демек, шәкіртке жан-
жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін
үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының
қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің
ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-
жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп
тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
“Тәрбие берудің даналығы, күрделілігі, азапты қиындығы және осымен
бірге қуаныш-рақаты біздің әрбір түлегіміздің балалық шағында, әсіресе
бозбалалық шағында өзі сүйген еңбектен таба білуінде, соған әуестенуінде,
оның шырқау биігіне жетуінде. Бұл саналы азаматтың, саналы еңбеккердің
мінсіз мінез-құлқына жету жолы...”,- дейді В.Сухомлинский [4.160].
       Оқушының iшкi ұстанымының қалыптасуы көбiнесе оның оқу әрекетiнiң
белгiлi мөлшерде нәтижеге жетуiне байланысты болады. Психикалық
процестердiң жұмыс iстеуiнiң бiршама жоғары түрде қалыптасуы ерiктi мiнез-
құлық түрiнiң дамуының негiзiн құрайды, баланың мiнез-құлық актісiнде
мотивациялық деңгейiнiң дамуымен байланысты барлық мақсатқа бағытталған
ниет, талаптары артады. Өзiмен бiрге оқитын оқушылармен тығыз өзара
қатынастардың құрылуы, құрбыларының арасында да орнын анықтау, әр түрлi
жағдайлардағы мiнез-құлық ережелерiн меңгеру, оларды өзiне талап етiп
қоюының қажеттiлiгi, бастауыш сынып оқушыларының мiнез-құлық факторлары,
эмоционалды және адамгершiлiк жүгiн арттырады.
       Бастауыш мектептiк кезең, кейiнгi зерттеулердiң дәлелдеуi бойынша,
адамгершiлiк дамуының, моральдық мөлшердi меңгерудiң қарқынды даму кезеңi.
Адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-
құлық және адамгершiлiк қарым-қытынасты жинақтайды. Бұл кезеңде оқушыны
тәрбиелеудiң негiзгi бағыты - мiнез-құлық мотивтерi мен әдеттердi
қалыптастыру. Мектепке жаңа келген балаларда бұларды қалыптастыру бiршама
қиындықтарды тудырып жатады, олар әлi де болса моральдық жағдайларды
бiржақты қабылдайды, оларға талдау жасауға қиналады, жасы өсе келе бұл
жастағы балалардағы бағалаулар бiршама бейiмделiп, адамгершiлiк мiнез-құлық
ережелерi негiзделе бастайды. Оларға жан-жақты көмек, адамдық сезiмнiң
жылылығы, шын көңiлмен сүю, ұғу қажет. Тiптi жай ғана мысалмен түсiндiруге
болады: егер де гүлдi күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда ол жайқалып
өседi, адамдарға көңiл әсемдiгiн сыйлайды. Ал егер оны қарамасаң, ол
сарғайып, солып қалады. Мiне, бұл қарапайым шындық.
       Бастауыш мектептен бастап қарым-қатынас мiнезi, құрбы-құрдастарымен
өзара қатынастары айтарлықтай өзгередi. Тiптi олар үшiн өте маңызды болып
саналатын жора-жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю,
мейiрiмдiлiк, қайырымдылық сияқты қасиеттер табылады [7.23].
Атақты орыс ғалымы Н.И.Пирогов: “Пайдалы азамат болуға дайындалған
адам ең алдымен адамшылыққа үйренуі тиiс” деп жазады. Яғни, оқулықтағы әр
тарау бойынша оқушыларға түсiндiрiлетiн материалдың адамгершiлiкке,
еңбексүйгiштiкке, мамандықтың бәрi жақсы екендiгiне, оны қадiрлей бiлуiне
байланысты қосымша материалдарды пайдаланып отыру қажет.
       Бастауыш сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы мiндеттердiң
бiрi оны адамгершiлiк туралы ұғымдар, түсiнiктермен байыту болып табылады.
Оқушылар бұларды әр түрлi дәрежеде игередi, ол баланың жалпы дамуына, оның
өмiрлiк тәжiрибесiне байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда оқу сабақтарының ролi
үлкен, соның iшiнде дүниетану сабағы. Бiз үнемi, “Кiтап – бұл әлем сырын
ашу” деймiз. Яғни, оқу арқылы оқушы қоршаған өмiрмен, табиғатпен,
адамдардың еңбегiмен, құрдастарымен, олардың қуаныштарымен, кейде тiптi
сәтсiздiктерiмен танысады. Бастауыш сынып оқушылары ең алдымен iзгiлiк,
қайырымдылық, сезiмталдық, әдеттiлiк туралы ұғымдарды түсiнуi, оларды айыра
бiлудi үйренуi керек. Бұл сапалар өзара байланысты, қайырымды адам қашан да
сезiмтал, әдiлеттi адам да сергек, сезiмтал келедi. Балаға адамгершiлiк
сапалардың өмiрдегi көрiнiсiн көре бiлуде, қайырымдылық, зұлымдықты,
сезiмталдық пен әдiлетсiздiкті, жолдасына шын мәнiнде немее жалған көмек
берудi айыра бiлудi үйренуi тиiс. Сондықтан оқушылар адамгершiлiк
мәдениетiнiң дамуына бағыт беру үшiн осы сапаларпдың мазмұнын бiлу қажет.
“Әрбір адамның өзін көрсетуге деген ынтасын тудыру керек. Бұл үшін
педагог өз түлектерінің творчестволық күш-жігері мен қабілетін
бағыттағанда, әрбір кішкентай адам, әрбір жасөспірім ең алдымен өзіне-өзі
тәрбиеші болатындай етіп бағыттау керек, - осыны мен тағы да атап айтамын:
тек осындай жағдайда ғана ол – сіздің түлегіңіз”, -дейді В.Сухомлинский
өзінің “Коллективтің құдіретті күші” деген еңбегінде [4.160].
Шынында да, бастауыш мектеп баласының әрқайсысының алғашқы талпынысын,
білімге деген құлшынысын, ынта-жігерін тудырып, олардың жеке қабілеттерін,
бір нәрсеге деген бейімділігін көре білу – мұғалімнің міндеті. Қолына енді
ғана қалам ұстаған оқушының әрбір талпынысын мадақтап, әрбір жетістігін
көпшілік алдында қолпаштап, бағалап отыру – істің пайдалы жақтарының бірі
демекпін. Олардың шығармашылығын аңғару, байқау, көре білу қажет. Сол
шығармашылықты жетілдіру жолдарын қарастырған жөн.
Қорыта айтқанда, украиналық әйгілі педагог, шәкірт тәрбиелеуде өзінің
жеке қолтаңбасы бар ұстаз В.А.Сухомлинский тәрбие мәселелері жөніндегі
көптеген мәселелерді егжей-тегжейлі талдап, әсіресе, жеке тұлғаны жан-жақты
дамыту мәселесіне ерекше көңіл аударғанын оның артына қалдырған
педагогикалық мұраларын таба аласыз.

2. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарастарының құндылығы
2.1.В.Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп жасындағы
оқушыларға білім беру мәселесі

Әлемге белгілі педагог, бала тәрбиелеуде өзінің жеке тәжірибесі мол
ұстаз В.А.Сухомлинский тәрбие мәселелері жөніндегі көптеген мәселелерді
талдай отырып, олардың өмір сүріп отырған заман талабына сай сапалы білім
алуына ерекше назар аударды. Әсіресе, жастарға политехникалық білім беру
мәселелері, отбасылық тәрбиенің жалпы дидактикалары мәселелері, мұғалімнің
кәсіби шеберліктерін арттыру мәселелері де оның ғылыми шығармаларының
негізгі тақырыбы болды. Ең бастысы сәбиге деген көзқарастың нәзік тұстарын
көпшілікке айқындап берді. Ол да Макаренко секілді Полтава педагогикалық
институтының түлегі екендігін жоғарыда айтып өттік. Алғашқыда мұғалім болып
жұмыс істеген ол кейіннен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
қызметіне көтерілді. Елінің патриоты ретінде жалынды жас өз еркіменен
соғысқа аттанып, Ржев маңында қатты жарақат алады. Госпитальға түскен
Василийдің өкпесінде (жүрекке жақын тұста) оқ жарықшақтары қалып қояды.
В.А.Сухомлинский 1947 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Павлыш орта
мектебінде директор қызметін адал атқарады. Ол өз алдына міндет қоя білді:
тату, ұйымшыл, ынтымақшыл, педагогикалық көзқарастары, талаптары бірдей
мұғалімдер ұжымын жасау. Ұжым ерекше шығармашылықпен еңбек етті. Сосын
ұйымшыл педагогикалық ұжым (мұғалімдер мен оқушылар) қалыптасты. Мұғалімдер
өздерінің Педагогикалық ой деген қолжазба жинағын жасады. Мұғалімдер
өздерінің педагогикалық кеңесіне жиналып, барлығы бірігіп, балаға қалай
көмектесуге болады, оны тәрбиелеу үшін ата-анасына не жәрдем бере алады
деген сұрақтар төңірегінде кеңінен пікір таластырды. Тәлімгерлік мектебі
ұйымдастырылды, жас мұғалімдерге көмектесу үшін олардың әрқайсысында бір-
бір тәлімгер болды. Мектепте ата-аналармен жұмыс жүргізілді.
Ата-аналармен жұмыс. Мектептің ең басты миссиясы – балалардың көз
алдында ата-ананың беделін, абыройын нығайту. Отбасылық тәрбиеге ерекше
көңіл бөлінді. Отбасылық тәрбие қоғамдық деңгейге дейін көтерілді. Ата-
аналар үшін мектеп ұйымдастырылды. Онда әр жастағы балалар үшін ата-
аналардың бөлімшесі құрылды. Мектеп мектепке дейінгі жастағы балаларды
тәрбиелеуді бақылауға алды. Сабақ айына екі рет 1,5 сағаттан (тіпті
әжелерге, әке мен шешеге) өткізілді. Балаларды тәрбиелеу жөнінде жеке
кеңестер берілді. Мектептеге оқушылар анаға ғибадат (табынуға) етуге
тәрбиеленді. Балалар, өз аналарыңды сақтаңдар! деген жазуы бар плакаттар
мектептердің кіре берісіне ілінді. Балалар Аналар күнінде шешелеріне гүл
шоқтарын немесе өздері қолдарымен жасаған бұйымдарын тарту етті. Сонымен
бірге Әкелер мерекесі де өткізілді. Осылайша, отбасы мен мектеп
арасындағы өзара байланыс нығайып, оның ақыры өзара сыйластыққа ұласты.
Мектеп миссиясы – отабсыны нығайту. Мектеп миссиясы әрбір баланың мектепте
жетістікке жетуі үшін күресті. Балалар мектептен үйге қуаныш алып келуі
тиіс болды. Мектеп бұған қол да жеткізді. Мұғалім ата-аналармен сөйлескенде
өте әдепті болды, сыпайыгершілік таныта білді. Әрбір жас өскінді оның қарым-
қабілетіне қарай қолдап отыру ескерілді. Балаға деген сенім өте жоғары
болды. Дұрыс тәрбиеленбейтін бала жоқ. Барлық бала әр түрлі. Тәрбие – бұл
адамтану. Әрбір баланың жеке ерекшеліктерін жете білмейінше, тәрбие өзінің
алдына қойған мақсатына жете алмайды. Әрбір бала – бұл ерекше,
қайталанбайтын әлем,-дейді В.Сухомлинский. Сондықтан да баланың рухани
әлемін, ішкі жандүниесін білу үшін бастауыш мектеп мұғалімдеріне үлкен
жауапкершілік жүктеледі. Олардың ортақ құштарлығы, ұмтылысы болуы қажет. Ең
басты міндет – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің жалпы сипаттамасы
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқыту
Оқушыларда табиғатқа құндылық көзқарасын қалыптастыру
Химия сабақтарында сыни тұрғыдан оқыту технологиясын қолданып оқытудың әдістемесі орта
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Пәндер