Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихын зерттеудің маңыздылығы



І. Кіріспе.
2.1. Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму тарихы.
2.2. Бейнелеу өнерінің саласы пейзаж жанры және оның ерекшеліктері.
2.2.1. Кескіндеме өнерін бейнелеу өнері сабақтарында қолдану әдістері.
2.2.2. Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары, кескіндеме заңдылықтарын насихаттау.
Қорытынды
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды. Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады. Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына баса назар аударылған.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.
1. «Бүгінгі Қазақстан» Республика суретшілерінің шығармаларында Алматы Өнер 1983ж.
2. Ә.Қастеев. Альбом. Алматы. 1978ж.
3. «Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері» Алматы. Өнер. 1990ж.
4. Ералин Қ., Халмуратов Ж. «Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлері» Алматы «М-Талант фирмасы» 1997ж.
5. Ералин Қ., Тастемиров К., «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру».
6. Әлмұхамбетов Б., Бакенов Ж. Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. – А., 1987
7. «Бүгінгі Қазақстан» Республика суретшілерінің шығармаларында Алматы Өнер 1983ж.
8. Қазақстан акварелі «Өнер» Алматы 1989
9. Щипанов А.С. «Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілерге» Алматы «Мектеп» 1989.
10. Ғаламтор сайттары.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму
тарихын зерттеудің маңыздылығы.

І. Кіріспе.
Көркемдік қайсыбір эстетика мамандары айтқандай, дүниетану
талпынысының долбарлы бастапқы сатысы емес. Немесе оны - жай бір жалпылама
ұғымды бейнелі суретке қарамай көшіре салу әрекеті деп бағалауға болмайды.
Көркем өнер ойшылдық өрісінің баянды бір көрінісі. Қазіргі кезде халықтың
өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым артты. Халық шығармашылығын жаңғыртып
одан әрі дамыту бүгінгі күннің көкей тесті мәселесі болып табылады.
Эстетикалық тәрбие беру процесінде мемлекеттің даму жолындағы
замандастардың еңбегінің әсемдігін көрсету маңызды орын алады. Осыған орай
елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында білім, мәдениет, өнер саласына
баса назар аударылған.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда
өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз
байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа
қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін
Жаратылыс адамы теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму
белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет
өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада
тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру
керек - ақ.
Көркемдік және ғылыми таным көрінісінің шынайы бауырластығын теориялық,
логикалық түр-тұрпаттардың өзі мейлінше бейнелі жарастық тауып, сезім
әсерімен байыған, шабыттанған ғылыми ізденістер тәжірибесінен аңғаруға
болады. Ал мұндай бірлестікте әдетте сезім теориялық сипат алады.
Суреткер көз қарасын аңдау, аңғару әрекеті, ұғым ойы жанданып, рухтанып,
көркем ойға айналып кетеді.
Көркемөнер табиғат мәнімен шұғылданғанда ол өз тұрғысынан емес
адамзат мәні тұрғысынан қарастырады, яғни нақты шынайы мәнін сипатын
айқындайды. Бұл жаратылыс құбылыстың өз болмысынан бүлінбей, жіктелмей,
мейлінше тұтас мүсінделетін сапалық мағыналы бейнесі. Суреткер табиғи
тіршілік пішінінің нақтылығы, мазмұны, сыртқы әлпетінің сезіне білу
құдіретіне еркінірек бойлап тұңғиық сырларына бірте бірте жақындай береді.
Әр құбылыс өзінің мәнісімен табыса бастаған тұста ғана ол көркемдік таным
тақырыбына айналады.

Ғылыми жұмыстың мiндеттерi: Бейнелеу өнері жанрларын зерттеу арқылы
сурет салу, шығармашылық жұмыстармен айналысуға қоғамға ықпал ете отырып,
эстетикалық тәрбиеге жол сілтеу.
Ғылыми жұмыстың ұрылымы: кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша әдебиеттер және суреттерден
тұрады.

2.1. Бейнелеу өнері саласындағы кескіндеме өнерінің даму
тарихы.

Кескіндеме өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін,
сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы
ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойынша
суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп
отырады, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме
жасап дами берді.
Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі
шалғанның бәрін мейілінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы
ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіннің бәрін бейнелеудің
таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары
шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай
үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп
отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика,
қиялдың қызықты құбылмалылығы, осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу
үшін берілген.
Батырлардың сауыттарының жылтырын, жібек маталардың асқан
әдемілерін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және
ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан кескіншілер
қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі
қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ аспанды,
мөлдір – сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған
көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере
алады.
Ал ең ғажабы бұл емес! Бар ықыласымен берілген суретші шапшаң, батыл
да нәзік қимылмен, келіп керілген кенеп бетіне қылқаламмен бояу жағады –
міне одан өзімізге тірі адам көз тастайды! Суретші оның жүзіндегі көзге
шалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтары таң ғажайып
қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге
оның жан - дүниесін ашып берген.
Кескіндеменің ұлылығы менімше мынада - ол сансыз жүректерді бір мәнді
ойды, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер
етеді, оның тілі халықаралық тіл. Оған аудармашылар қажет емес. Оның
алдында уақыттың өзі кейін шегінеді.
Аса көрнекті Кеңес кескіншілерінің бірі - А.Пластов кескіндеме туралы
осылай шабыттана айтады.
Кескіндеме - бұл майлы бояулармен жасалған және пакет рамаға салынған,
біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі
мейілінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен,
темперамен, гуашьпен, акварельмен салынған кескіндеме болады. Тіпті аздап
боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар.
Мұның бәрі станоктік, яғни станок та (мольбертте ) жасалатын кескіндеме.
Монументтік кескіндеме де болады. Оның үлгілерін біз ғимараттардың
қабырғаларынан көреміз. Мұндай кескіндеме арнайы техникада әк суына
араластырылган бояулар және жаңа сылақ бетіне жиі жасалады. Мүлдем бояусыз
- ақ жасалатын өзінше ерекшелігі бар монументтік кескіндеме де бар. Бейне
түрлі материалдардың алуан түсті кесектерінен жасалады (мозайка). Сондай -
ақ жарықтанатын кескіндеме - шыныдан жасалған картинадан өтіп түрлі -
түсті жарық түсіретін кескіндеме де болады (витраж).
Кескіндеме шығармаларын орындаудың алуан түрлі техникаларын қарастыруға
көшпестен бұрын түс танудың кейбір меселелерімен танысайық.
Кескіндеменің түсі. Гравюраға арналған өткен тарауда біз түс, бояулар
туралы біршама сөз еттік. Бірақ онда түс әлі де тапшы, оның ролі шектеулі
де шартты болатын. Кескіндемеге түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші
орынға ие болады және барлық күш-қуатымен өркен жаяды.

Түс - кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік
қүралдарының негізінен суретпен және жарықпен көлеңкемен бірлікте түс
құрайды. Бірақ кескіндемедегі түс деп нені түсеміз. Бәлкім, бізге
тәжірибеден белгілі заттардың боялғандығы болар. Бақсақ, олай емес,
басқаша, неғұрлым күрделі нәрсе екен. Кескіндеме - біздің қайсы бір заттар
туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес
суретті боямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда біз
қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу.
Біз шөптің жасыл, гүлдің қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден білеміз.
Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа ия
деп те, жоқ деп те жауап беруге болар еді. Жасыл шөпті кескіндеменің
шығармаларды іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік, немесе тіпті қызыл
дерлік ( мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер
картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ, қар сияқты әсер қалдырмай, жай
ақ дақ болып шығады. Мұның болатын себебі, ақ қарда мыңдаған - қызғылт,
алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер болады. Мысалы:
В. Суриковтың Бояр әйел Морозова атты картинасында қардың суреті қалай
салынғанына назар аударып, мұқият қарап көріңдер.
Егер заттардың дәл өзіндей түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік
сан құбылмалылығын қалай нанымды беруге болады. Бәрін де картинада дұрыс
табылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін
бояуды таңдап алуға ұмтылу тіпті де керек емес. Суретшіге қолына қылқалам
ұстап затқа жақын келіп, таңдап алынған түсті, ол дәлме – дәл сәйкес келуі
үшін затпен салыстырып жатудың қажеті жоқ. Картинада, басқа түстердің
барлық бояулық үйлестірімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікке және
өмірлік шынайылыққа ұмтылған кезде, оның мұндай жалпы түстік
кейпі кескіндемеде колорит деп атайды. Профессионал кескіндеменің басты
белгілерінің бірі жалпы және суық реңктердің бірлігімен күресі. Белгілі бір
заттың жарық түсіп тұрған және көлеңкеленген бөліктері жарықтанумен ғана
емес, сонымен бірге жылы немесе суық түстік реңктерімен де міндетті түрде
ерекшеленеді - егер жарық жылы болса, керісінше, онда көлеңке жылы реңкте
болады. Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға қарама - қарсы реңктер
кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу көрші бояуға ұқсамайтын, оған
контрасты болуы тиіс. Жылы және суық түстерді қатарлас
тұруы кескіндемеге интенсивті әуен береді. Кескіндемешінің міндеті -
картинаның жақын және алыс нүктелеріндегі түстердің айырмашылығын
аңғарымпаздықпен ұстай білуінде. Кескіндеме — өнер әлеміндегі орасан зор,
өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Кескіндеме, кескіндеу өнері
(живопись) - бейнелеу өнерінің аса көркем бір түрі. Ол белгілі бір заттың
бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері
сияқты кескіндеме идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға
эстетикалық ляззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме
дәуірінің рухани мазмұны мен әлемнің негізінде оларға береді. Кескіндеме
туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан
тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да
кескіндеменің қоғамдық – тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұмат
береді. Кескіндеме – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге
әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді өнер мектебі деп
бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы –
сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір
құбылыстарын айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің
көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-
қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық
жарасымымен тауып, бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те, өткір тіл
жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына
адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған
қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ
суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, заманның,
дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан
тебіреністерінен дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме
туындылары кейбір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі
сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.

2.2. Бейнелеу өнерінің саласы пейзаж жанры және оның
ерекшеліктері.
Өнердегі басты саланың бірі - пейзаж. Пейзаж дегеніміз өзі француз
сөзі, біздің тілімізге аударғанда табиғат деген ұғымды береді. Өнер
саласында да пейзаж жеке жанр болып қалыптасқан.
Пейзаж тек кескіндеме саласында емес, сол сияқты графика, керамика,
мүсін, бетіндегі рельефтерде т.б. кездеседі.
Пейзажды негізінен табиғатты ғана емес, адам пішіндері, хайуанаттар
дүниесі, бірқатар сюжеттік көріністерді бейнелеп береді. Мұнда ескеретін
жағдай хайуанаттар дүниесі мен адамдар басты рольді атқармайды, керісінше
композициялық шешімді дұрыс атқару мақсатында немесе картинаның сюжетін ашу
үшін қосымша деталь ретінде таңдап алынады. Бұл заңдылықты сақтамаған
жағдайда суретшінің картинасы басқа жанрға ауысып кетуі ғажап емес, суретші
айтарлықтай деңгейге жете алмайды.
Енді пейзаж өнері немесе дәлірек айтқанда пейзаж жанрының
қалыптасуының тарихына тоқталайықшы.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, яғни неолит дәуірінің өзінде адамдар
табиғатты жан-жануарлар дүниесін бейнелейді. Мәселен Алжир сахарасындағы
үңгірлердегі жартастарда алғашқы адамдардың ағаштары, тас суларды
бейнелеулерін кездестіруге болады.
Сонымен қатар бұл бейнелер тек жартасқа бейнеленіп қана қоймаған,
өзіндік композициялық шешімі бар, белгілі бір ұғымды береді.
Бұл пейзаж жанрының алғашқы жазбалары ежелгі шығыста Крит жерінде,
яғни Египет жерінде кездестіруге болады. Онда негізінен жартастағы бейнелер
б.э. XX ғ. Аңшы фараондардың өмірлерінен көріністер, сол сияқты жабайы
мысық түқымдасының аң аулау сәті бейнеленген жазбаларды (роспись)
кездестіруге болады. Сол сияқты б.э. XX ғ. Киоск сарайындағы жасалған
росписьтерді (криште) құстармен бірге табиғат суреттерін кездестіруге
болады.
Бұл аталған табиғат суреттерінің барлығы тек нобай немесе жоба ретінде
атауға болады.
Жалпы орта ғасырлар Европа өнерінде, ежелгі Икон жазуы орыс өнерінде
табиғат схематизациялық түрінде жазылған жалпы бұл пейзаж жанрынан апаратын
басбалдақтар еді.
XXI - XXII ғ.ғ. пейзаж Европа өнерінде белгілі бір тақырыптағы
картинаның фонын немесе портретте тек фон қызметін ғана атқарады, оған
мысал атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчидің белгілі Монне Лизаны
(1503 - Лучр. Париж) айтуға болады.
Алғашқы пейзаждардың қалыптасуы, яғни белгі бере бастауы XI ғасырда
Қытай өнерінде байқалады.
Қытай пейзаж шеберлерінің жұмысында табиғат өте поэтикалық нәзіктікпен
жазылған. Оған мысал Х-ғасырдағы Дунь-юанның жібек матаға тушьпен орындаған
Өзен пейзажы деп аталған жұмысы.
Уақыт өте келе Қытай пейзаж шеберлерінің ықпалды жапон пейзаждарымен
араласып, өзіндік стиль құрады.
Жалпы өнерде пейзаждың өз алдында жанр болып Европадағы Қайта
өрлеу дәстүрінің үлкен маңызы болды.
Енді суретшілер картина жазғанда бір нәрседен қарап жазуға, сол сияқты
сызықтың перспективаға, кеңістікті беруге жалпы картинаның сюжетін шынайы
түрде ұмтыла бастады.
XX ғасырдың бірінші жартысында-ақ швецар суретшісі К.Вицаның Ғажайып
аулау (1444 Женева) деген картинасында көлдің жағалауын нақты және
кеңістікті көрсете білді. Бұл сол ғасырда үлкен жетістік еді.
Одан кейінгі суретшілердің кіші өлшемдегі картиналарында нидерландық
И.Потини-рада, неміс А.Дюрерде және А. Альтдо бірінші план өз үстемдігін
ала бастады. Яғни, алғашқы план картинада нақты талданып жазыла бастады.
Дәл осы уақытта, яғни қайта өрлеу дәуірінде итальян суретшілері табиғатқа
басқаша көңіл бөле бастады.
Итальян суретшілері Тициан, Франческо, А.Матеньи, Джорджоне
картиналарында табиғат адамға гармониялық жағынан әуен бере бастады.
Картинаның көп бөлігін архитектуралық орта дами бастады.
XXI ғасырдың ортасында П.Бейгеля табиғат адамзатпен бөлінбес,
ажыратқысыз бірлігін көрсетуге өз жұмыстарында басты назарға алды және қол
жеткізді.
Оған мысал, суретшінің Жыл мезгілдері, Қар бетіндегі аңшы (1565-
екеуі де Вена өнер музейі) деген жұмыстары мысал бола алады.
XXI ғасырда табиғатты бейнелеу нақты орнығып болып, пейзажды идеалды
түрде бейнелеу етек алды.
Бұл ғасырда, яғни жаңа ағым классицизм қалыптасты. Пейзаж шеберлері
енді табиғатқа жаңа көзқараспен қарап, басты мақсатты табиғат деп танып,
картинада басты орында табиғат образ ретінде таңдап алынып, сол картинаның
арқауы табиғат болды.
Ал француз суретшісі И. Пуссенің картиналарында мифологиялық
кейіпкерлер және антикалық мифология табиғатпен ажырағысыз бейнеленеді.
(Геркулес және Канус, 1949 ГМНН). Ал кейін барокко стиліндегі суретшілерде,
олардың пейзаждарына табиғаттың стихиялық күш қуаттары көрсетіледі.
Д. Веласкестің күн сәулесінің өзгеруіне байланысты ауа қабаттарының
өзгеруі, атмосфераның өзгеруінде болып қалыптасты.

2.2.1. Кескіндеме өнерін бейнелеу өнері сабақтарында
қолдану әдістері.
Бейнелеу өнері шығармаларында басты нәрсе олардың бейнеленгені емес,
олардың нені білдіргені екенін біз енді білеміз. Оның өзінде де егер әңгіме
кескіндеме, мүсін өнері және графика жөнінде, яғни әлденені тікелей
бейнелейтін өнерлер туралы болып отырса ғана. Ал декорациялық - қолданбалы
өнер туралы не айтуға болады: әшекейлі көне қобди немесе әсем өрнектелген
ыдыс нені бейнелейді? Сәулет өнерін қайтпекпіз? Ол мүлдем ештеңені
бейнелемейді, бірақ көп нәрсені білдіреді. Ертеректе осы өнерлердің бәрін
белгілеу үшін пластикалық өнер, сымбатты өнер терминдері қолданылды,
бірақ бұл да онша айқын, дәл болмай шықты. Ақыры аяғында бейнелеу өнері
терминіне тоқталды, біз де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ өнерінің тарихы
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Тау бөктерінде
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРҒА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА МҮСІНДІК КОМПОЗИЦИЯ ЖАСАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
Пәндер