Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА
МІНДЕТТІ БІЛІМ СТАНДАРТЫ

ЖОҒАРЫ КӘСІБИ БІЛІМ

БАКАЛАВРИАТ

МАМАНДЫҒЫ 050719 - РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА

ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ 050719 - РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА

И ТЕЛЕКОММУНИКАЦИИ

SPECIALITY 050719 - Radioengineering, electronics

and telecommunications

ҚР МЖМБС 3. 08. 094 - 2004

Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Астана


Алғысөз

1 Алматы энергетика және байланыс институты мен Қ. И. Сәтбаев атындағы Ұлттық қазақ техникалық университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН .

2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «» 2004 ж. № бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН .

3 АЛҒАШҚЫ РЕТ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН

4 Бұл стандартта Қазақстан Республикасының 07. 06. 1999 ж. № 389-1 «Білім туралы» Заңының және 02. 09. 1999 ж. №1290 «Мемлекеттік білім стандарттарын әзірлеу, бекіту және қолданыста болуы мерзімдерін белгілеу тәртібі туралы» қаулысының нормалары жүзеге асырылған.

5 Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау Комитетімен 2004 ж. № КЕЛIСТIРIЛГЕН.

Бұл стандарт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жазбаша рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара көбейтіле және таратыла алмайды.
Мазмұны

1Қолданыс бағыты1

2Нормативтік сілтемелер1

3Анықтамалар мен қысқартулар1

4Мамандық ауқымындағы оқу бағдарламаларының тізімі2

5Біліктілік пен қызметтер тізімі2

6050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасы2

7Білім беру негізінің жалпы бұқаралық мақсаттары мен сатылары11

8Бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар12

9050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша оқыту бағдарламасының мазмұны14

10050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалаврды дайындау білім беру ортасына қойылатын талаптар27

11Аттестациялық процедураларға қойылатын талаптар белгіленген тәртіппен бекітілетін төмендегі нормативтік құжаттармен анықталады30

12Мемлекеттік білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын жасауға, жаңартуға (өзгертуге, өңдеуге) қойылатын талаптар33

13Академиялық дәреже алғандықты растайтын құжат пен оның қосымшасына қойылатын талаптар34

А қосымшасы ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ35

Кіріспе

Бұл мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіби білім беру стандартының жасалу мақсаты, оқушылардың оқу процесі барысында қажетті білім деңгейі мен дағдыларын алуды қамтамасыз ету.

Оқу процесін ұйымдастыру оқушылардың міндетті білім деңгейін алуын, олардың оқу материалдарын толығымен меңгеруін және жеке шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына жағдай туғызуды қамтамасыз етуі тиіс

Оқушы оқу материалдарының мемлекеттік компонент сабақтарына қойылатын міндетті аумағын игеруде, оның игеру деңгейін өз бетінше таңдау мүмкіндігі, бакалаврдың дайындық деңгейінің, жоғары білім деңгейін растайтын құжаттардың жақын және алыс шетелдерде танылуын қамтамасыз етеді.

Бұл мемлекеттік стандарт жоғары кәсіби білім беру жүйесі шеңберінде оқытудың жалпы талаптарын қамтамасыз ете отырып, оқушылардың бітіруші жұмыс тақырыбын, және де бірқатар оқытылатын пәндерді таңдау мүмкіндіктерін бере отырып, әр оқушының жеке ыңғайына қарай оқытуды қамтамасыз етеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ СТАНДАРТЫ

ЖОҒАРЫ КӘСІБИ БІЛІМ
БАКАЛАВРИАТ

МАМАНДЫҚ: 050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Енгізу күні

  1. Қолданыс бағыты

Бұл стандарт ҚР МЖМБС 5. 03. 001-2004 негізінде жасалып дайындалған және 050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалавр білімінің мазмұны мен оларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың Ережелері, аталған мамандық бойынша, бакалавр дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, олардың ведомстволық бағыныштылығына, ұйымдастырушылық-құқықтық және оқу түрлеріне байланыссыз, қолданылуға және сақталуға міндетті.

  1. Нормативтік сілтемелер

Бұл стандартта ҚР МЖМБС 5. 03. 001-2004 «Жоғары кәсіби білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері»-не жасалған сілтеме пайдаланылған.

  1. Анықтамалар мен қысқартулар

Бұл стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және ҚР МЖМБС 5. 03. 001-2004-ке сәйкес анықтамалар мен қысқартулар қолданылады.

Ресми басылым

  1. Мамандық ауқымындағы оқу бағдарламаларының тізімі

Мамандық ауқымындағы оқу бағдарламаларының тізімін жоғары оқу орнының Кеңесі белгілейді және оның өндірістік бағыттары электрондық жүйелер мен технологиялар, байланыс желілері мен коммутациялау жүйелері, көпарналы телекоммуникациялық жүйелер, радиотехника, радиобайланыс, радиохабар және теледидар, жылжымалы байланыс жүйелері мен жабдықтары, радиобайланыс және радионавигация бойынша анықталады.

Оқу бағдарламаларының ауқымында күндізгі, сырттан және қысқартылған (жеделдетілген) оқу түрлері қарастырылған. Олардың оқу мерзімдері:

  • күндізгі - 4 жыл;
  • сырттан - 6 жыл;
  • күндізгі қысқартылған (жеделдетілген) - 3 жыл;
  • сырттан қысқартылған (жеделдетілген) - 4-5 жыл.
  1. Біліктілік пен қызметтер тізімі

050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын бітіруші түлекке жоғары оқу орнының Кеңесі бекіткен оқу бағдарламасына сай «бакалавр» академиялық біліктілік деңгейі беріледі.

Қазақстан Республикасының еңбек және бұқаралық әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылдың 22-қарашадағы № 273-П бұйрығымен бекітілген Біліктілік анықамалығындағы жетекшілер, мамандар және басқа да қызметкерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес бакалаврлар 1категориялы техниктердің бастапқы қызметтерінде, кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер-лаборанттардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлері т. б қызметтерде, олардың еңбек стажына қарамастан, жұмыс істей алады.

  1. 050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бакалаврының біліктілік сипаттамасыКәсіби қызмет ету өрісі

Кәсіби қызмет ету өрісі адам іс-әрекетінің информацияны қашықтықтан алмасуға, информацияны электрондық құралдар көмегімен түрлендіруге жағдайлар жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер және әдістер жиынтығын қамтитын ғылым мен техниканың саласы болып табылады.

  1. Кәсіби қызмет ету нысандары

Бітірушілердің кәсіби қызмет ету нысандары қатарына сым, радио, оптикалық немесе келесі басқа да жүйелер арқылы таңбаларды, сигналдарды, жазбаша мәтін, бейнелерді, дыбыстарды таратуды қамтамасыз ететін технологиялық жүйелер, техникалық құралдар және де информацияны электрондық құралдар көмегімен түрлендіру жатады, олар:

  • байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері;
  • көпарналы телекоммуникацилық жүйелер, оптикалық ауқымдағы жүйелерді қоса алғанда;
  • радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, жерсеріктік, радиорелейлік және жылжымалы байланыс жүйелерін қоса алғанда;
  • дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, электракустика және сөздік информатиканың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары;
  • деректерді тарату жүйелері мен құрылғылары;
  • нысандарды электрондық, оның ішінде компьютерлік басқару, информацияны түрлендіру;
  • телекоммуникациялық жүйелерде информацияны қорғау құралдары;
  • телекоммуникациялық жүйелер мен тораптары метрологиялық қамтамасыз ету құралдары;
  • менеджмент пен маркетинг;
  • телекоммуникациялық құрылғыларды қажетке жарату мен сервистік қызметтер көрсету. Кәсіби қызмет ету салалары

050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет ету салаларына мына жүйелер жатады:

  • телекоммуникациялар;
  • радиобайланыс;
  • теледидар;
  • радиохабар тарату;
  • радиолокация мен навигация;
  • радиобасқару, таратушы және қабылдаушы радиоорталықтары, телеорталықтар;
  • жылжымалы байланыс;
  • радиотехниканың арнайы құрылғылары;
  • электрондық және компьютерлік;
  • микроконтроллерлер мен микроЭВМ-дер көмегімен басқарылатын жүйелер. Кәсіби қызмет ету түрлері

050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының бакалавры келесі қызмет түрлерін орындай алады, олар:

  • өндірістік-технологиялық;
  • тәжірибелік-зерттеушілік;
  • қызмет көрсету және пайдалану;
  • ұйымдастыру және басқару;
  • монтаждау-баптау;
  • есептеу-жобалау қызметтері. Кәсіби қызмет функциялары

050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының бакалавры өзінің негізгі және профилдік дайындығына байланысты келесі кәсіби қызмет функцияларын атқара алады, олар:

  • жобалау;
  • пайдалану;
  • қызмет көрсету;
  • монтаждау;
  • нақышына келтіру;
  • сүйемелдеу;
  • тесттен өткізу;
  • ақпараттарды қорғауды программалық және/немесе аппараттық қамтамасыздандыру. Кәсіби қызметтің негізгі міндеттері

Жетекші (аға) инженердің, жауапты орындаушының немесе тақырып (тапсырма) жетекшісінің басшылығымен бакалавр:

  • коммутациялау жүйелері, көпарналы тарату жүйелері мен байланыс тораптарын, оптикалық байланыс құралдарын, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарын, теледидар жүйелерін, радионавигация мен радиолокация жүйелерін, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарын, радиожүйелерді техникалық қызметтеуді және жұмысының сапасын қадағалауды, жетілдіруді, жаңартуды және олардың техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды жүзеге асырады;
  • коммутациялау жүйелері, көпарналы тарату жүйелерін, байланыс тораптарын мен оларды құраушы элементтерді, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарын, теледидар жүйелерін, радионавигация мен радиолокация жүйелерін, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарын, радиожүйелерді стандарттық және сертификациялық сынақтан өткізуді орындайды;
  • телекоммуникация жүйелері мен байланыс тораптарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарының, оптикалық байланыс құралдарының, теледидар жүйелерінің, радионавигация мен радиолокация жүйелерінің, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарының, радиожүйелердің негізгі өлшеу құралдарын метрологиялық тексеруді жүзеге асырады;
  • көпарналы тарату жүйелерінің, электрбайланыс тораптарының, жылжымалы радиобайланыс жүйелері мен құралдарының, оптикалық байланыс құралдарының, теледидар жүйелерінің, радионавигация мен радиолокация жүйелерінің, электрондық жүйелер және электрондық техника бұйымдарының, радиожүйелердің жобаларын жасап дайындауға қатысады;
  • телекоммуникациялық жүйелер мен электрондық техника бұйымдарына қатысты техникалық шарттар, стандарттар, техникалық мазмұндаулардың жобаларын жасап, дайындауға қатысады;
  • байланыс құралдары мен электрондық құрылғыларды жобалауға қатысты техникалық ұсыныстарға, техникалық тапсырмаларға және басқа да құжаттарға сараптамалық баға береді;
  • әр түрлі ойларды ескере отырып, ұйымдастырушылық шешімдерді жасауға қатысады;
  • бекітілген әдістемелерге сай тақырыптың жеке бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулерді, тәжірибелерді жүргізуге қатысады, бақылаулар мен өлшеулерді орындайды, олардың суреттемесін құрастырады және қорытындыларды тұжырымдайды. Кәсіби қызмет бағыттары

Меңгерілген білім бағдарламаларына сай түлектер кәсіби қызметтерінде келесі бағыттарда жобалау, өндіріске ендіру және пайдалану жұмыстарын атқарады:

  • телекоммуникация;
  • радиобайланыс;
  • теледидар;
  • радиохабар;
  • радиолокация мен навигация;
  • радиобасқару;
  • жылжымалы байланыс;
  • теледидар және дыбыс сигналдарын тарату мен қабылдау;
  • радиотехникалық арнайы пайдалану жүйелері;
  • электрондық және компьютерлік жүйелер;
  • микроконтроллер және микроЭЕМ негізіндегі басқару жүйелері. Кәсіби қызметтер мазмұны

Өндірістік-технологиялық қызметтер:

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологияларын жасауды жобалау және өндіріске ендіру;
  • материалдардың сапасын кіріс тексеруден өткізуді, технологиялық процестердің өндірістік тексеруін, дайын бұйымдардың сапасын тексеруді ұтымды ұйымдастыру және тиімді өткізу;
  • технологиялық процестердің параметрлерін таңдау және есептеу материалдарын, жабдықтарын, алгоритмдері мен программаларын тиімді пайдалану;
  • дайындау мен жөндеу кезінде радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын стандарттау және сертификаттау.

Қызмет көрсету мен пайдаланымдық жұмыстар:

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологиялық көздерін жобалау және өндіріске ендіру;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерін, олардың техникалық, ақпараттық, математикалық және программалық қамтамаларын пайдалану;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жабдықтарының тиімді технологиялық көздерін жобалау және өндіріске ендіру;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын алдын ала тексеруден өткізу, жөндеу, нақыштау және қондырғыларын сынақтан өткізу.

Ұйымдастыру-басқарушылық қызметтер:

  • кішігірім ұжым қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыра білу, адамдардың әр түрлі пікірлерін ескере отырып, тиімді шешімдерге қол жеткізу;
  • алыс, жақын жоспарлар құрарда, әр түрлі бір-біріне қайшы келетін талаптардың (бағасы, сапасы, қауіпсіздігі және орындау мерзімдер) тиімді шешімдерін таба білу;
  • бұйымдардың қажетті сапасын қамтамасыз етудегі өндірістік және қосымша шығындарды бағалау.

Монтаждау, нақыштау қызметтері:

  • шығарылатын бұйымдардың сапа көрсеткіштерін қамтамасыз ететін негізгі өлшеу жабдықтарының метрологиялық тексеруін іске асыру;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникация техникалық жабдықтарын монтаждау және нақыштау.

Есептеу-жобалау қызметтері:

  • берілген сапа көрсеткіштері мен шектеулер ауқымында жобалау есептері мен мақсаттарын тұжырымдау;
  • мәселенің жалпылама түрлерін көп критериалдық жағдайлардағы шешу жұмыстарын жобалау, әр түрлі варианттарды талдау, оның келешек салдарларын болжау білу және олардың ымыралық шешімдерін табу;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің энергетикалық, технологиялық, құралымдық, пайдаланымдық, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, жасау, құралымдау, моделдеу және жасалынған жобаларды іске асыру.

Тәжірибелік-зерттеулік қызметтер:

  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің деңгейін бағалау және тексеру үшін талдау мен бақылаудың қажетті әдістері мен жабдықтарын пайдалана отырып, аналитикалық және тәжірибелік жұмыстарды жүргізу;
  • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің математикалық және физикалық моделдерін құру;
  • тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін математикалық өңдеу әдістемелерімен жүргізу. 050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалаврдың басты білгірлігіне қойылатын талаптар

050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалавр:

  • рухани құндылықтар мен олардың маңызы туралы;
  • өзінің кәсіби қызметінің салдарлары туралы;
  • апаттардың, зілзалалардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жою шараларының ұйымдастырушылық негіздері туралы,

түсінігі болуы тиіс;

  • Қазақстан Республикасының құқықтық жүйелерінің негіздерін және заңдар жүйесін, кәсіби қызмет саласындағы құқықтық этикалық нормаларды;
  • телекоммуникациялық және информациялық тораптар мен жүйелердің, радиолокациялық және радионавигациялық жүйелердің, компьютерлік технологиялардың қазіргі және келешек даму бағыттарын, қазіргі программалық қамтамасыз етуді;
  • жасалынатын және пайдаланылатын радиоэлектрондық, коммутациялық және байланыс құралдарының жұмыс істеу принциптерін, техникалық сипаттамаларын және құралымдық ерекшеліктерін;
  • байланыс техникасы мен электроника саласында теориялық және тәжірибелік зерттеулерді жүргізу әдістерін;
  • радиоэлектрониканың, байланыс желілерінің және жүйелерінің, компьютерлік тораптардың техникалық құралдарын жобалау, салу, монтаждау және қажетке жарату негіздерін;
  • радиоэлектрондық құрылғылар мен электрбайланыс жүйелерін жасап, дайындау кезіндегі стандарттау, метрологиялық және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын;
  • телекоммуникациялық жүйелерде информацияны қорғаудың техникалық және программалық-математикалық құралдарын;
  • телекоммуникация саласындағы маркетинг пен менеджмент әдістерін;
  • радиоэлектроника жүйелері мен байланыс желілерін, коммутациялық жүйелерді жобалау, салу, монтаждау және қажетке жарату ережелері мен нормаларын;
  • болашағы зор жаңа радиоэлектроникалық жүйелерді, байланыс, коммутация және информатика құралдарын жасау мақсатында теориялық және тәжірибелік зерттеу әдістерін;
  • радиоэлектроникалық жүйелер мен байланыс құрылғыларын, коммутациялық жүйелерді жасап шығару, салу және қажетке жарату кезінде өміршеңдік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қажетті шараларды,

- білуі тиіс:

- аналогтық және цифрлық электрондық құрылғылардың сұлбаларын таңдауды жүзеге асыра алуы, сұлбатехникалық есептеулерді орындай алуы және оларды интегралдық түрде жасауды ескере отырып, электрлік сұлбаларын құра білуі;

  • жаңадан жасалынатын тораптар мен құрылғыларды қазіргі кезеңдік талдау және синтездеу әдістерін пайдаланып, оларды моделдеуді, теориялық және тәжірибелік зерттеуді жүргізе алуы;
  • ақпараттарды таратып беру мен түрлендірудің негізгі жүйелерінің құрылымы мен мүмкіншіліктеріне талдау жасай алуы;
  • программалық және аппаратық құралдар негізінде ақпараттарды сақтау мен бейнелеу құрылғыларын жасай алуы;
  • радиотехникалық, телекоммуникациялық және электрондық құрылғылардың, тексеру сұлбаларының сенімділігіне талдау жасай алуы, қажетті датчиктерді таңдай алуы;
  • әр түрлі қолданыста болатын микропроцессорлардың негізгі түрлерін таңдай алуы, жеке ішкі жүйелердің де, сондай-ақ микропроцессорлық жүйені тұтас алғанда, жобалаудың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін біле отырып, жүзеге асыра алуы;
  • элемент параметрлерінің мәндерін таңдап алуға қатысты есептеулерді орындай алуы, бұл параметрлерді және жұмыс режимдерін компьютерлік техниканы пайдаланып оңтайландыра алуы;
  • телекоммуникация және электроникалық құрылғылар құрылымын дайындап, жасай алуы, байланыс жүйелері мен құрылғыларын жобалай алуы;
  • жүйелердегі ақпарат алмасуының негізгі түрлеріне, радиоэлектроника мен байланыс жүйелерінің физикалық жұмыс істеу принциптеріне және негізгі техникалық сипаттамаларына талдау жасай алуы;
  • ғаламдық және жергілікті тораптарды ұйымдастыру принциптеріне, аппараттық және программалық құралдарының жұмысының алгоритмдері мен құрамына талдау жасай алуы;
  • жобалау кезінде стандарттау мен метрологиялық қамтамасыз етудің талаптарын сақтай алуы;
  • дайындап жасалынатын құрылғыны жобалаудың техникалық тапсырмасына талдау жасай алуы және келістіре алуы;
  • орындалған жұмысқа ғылыми-техникалық құжаттарды құра білуі;
  • оқып зерттейтін техникалық нысандарды қажетке жарату дағдысы болуы;
  • жобаланатын құрылғылар мен жүйелерге қойылатын негізгі техника-экономикалық талаптарды тұжырымдау дағдысы болуы;
  • қазіргі элементтік базада ақпараттарды жеткізіп беру, қабылап алу және тарату жүйелерінің аппаратурасы мен құрылғыларын дайындап жасау және жобалауға дағдысы болуы;
  • ақпараттық технологиялармен байланысты бір-біріне жақын бағыттарда телекоммуникациялар теориясының әдістерін қолдануға дағдысы болуы;
  • электрондық және компьютерлік жүйелер мен тораптарда жұмыс істеу дағдысы болуы,

қажет .

Мына жүйелерді қажетке жарату мәселелерінде білгір болуы тиіс, олар:

  • радиобайланыс;
  • радионавигация;
  • жылжымалы байланыс;
  • теледидар мен радиохабар тарату;
  • компьютерлік және электрондық құралдарды пайдалану жүйелері;
  • коммутациялау;
  • телекоммуникациялар.
  1. Білім беру негізінің жалпы бұқаралық мақсаттары мен сатылары

(пәндер циклы мен пәндері бойынша мақсаттар)

  1. Жоғарғы кәсіби білім Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бакалавр дайындауға лицензиясы бар жоғары оқу орындарында орта немесе орта арнайы білім негізінде алынады.
  2. Бакалавр дайындауда мыналар жүзеге асырылуы тиіс:
  • осы мемлекеттік стандарт;
  • оқу-бағдарламалық құжаттар;
  • оқытудың жеке жоспарлары;
  • белгіленген тәртіппен бекітілетін құжаттар. Бұл стандартты қолдану мына мақсаттарды көздейді:
  • оқушылардың дайындық деңгейіне міндетті түрде талаптар қою және жоғары оқу орнының жұмыс тиімділігін бақылау жүйесін құру арқылы оқытудың жоғары сапасына қол жеткізу;
  • жоғары оқу орындарындағы тиісті субъектілердің құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу;
  • бакалавр дайындаудың бағалау жүйесінің тиімділігі мен ақпараттылығын арттыру, оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру сапасын арттыру және жоғары оқу орындарын аттестациялау әдістемесін жақсарту;
  • бакалавр білімнің жоғары оқу орындарының түрлері мен бағдарламаларының әр түрлілігі жағдайында пара-парлығын, Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек нарқына кедергісіз қатысуы үшін жоғары білім туралы құжаттарының конвертациялануын қамтамасыз ету. Стандарт бойынша оқуды магистратурада жалғастыруға болады. Онда оқу мамандық ауқымында, келесі профилдік оқу бағдарламалары бойынша жүргізілуі мүмкін:электрондық жүйелер мен технологиялар; байланыс желілері мен коммутациялау жүйелері; көпарналы телекоммуникациялық жүйелер; радиотехника; радиобайланыс, радиохабар және теледидар; жылжымалы байланыс жүйелері мен жабдықтары; радиобайланыс және радионавигация.

Сонымен қатар, мамандық шеңберінде, радиотехника, электроника және басқа да бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруге болады.

  1. Бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптарЖалпы білімділікке қойылатын талаптар

Еңбек нарқы мен технологиялардың талаптарының өзгеріп отыруы жағдайына бейімделе алатын, командада жұмыс істей алатын, кең ауқымды іргелі білімі бар, ынталы жаңа буынды маман даярлау.

  1. Әлеуметтік-тұлғалық білгірлігіне қойылатын талаптар

Командада жұмыс істей алатын, кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас жасау мәдениеті, азаматтық көзқарасы бар, әр түрлі әлеуметтік-тұлғалық мәселелерді шеше алатын, өздерiнiң белсендi қызмет әрекетiнiң арқасында өз бетiмен бiлiмдерін тереңдету дағдыларын және қажеттiлiктерiн, өзiн-өзi жетiлдiру және өзiн-өзi дамыту қабiлеттерiн қалыптастыра алатын жаңа көзқарасты мамандарды даярлау.

  1. Экономикалық, ұйымдастырушылық және басқару білгірлігіне қойылатын талаптар

Радиотехника, электроника және телекоммуникация салаларының экономикалық сипаттамасын, нарықтық экономика жағдайларындағы басқарудың мәні мен маңызын, басқарудың принциптері мен әдістерін білетін, сала кәсіпорындарының өнімдерінің өзіндік құны мен бағасының құрылу жүйесі туралы, олардың экономикалық мәні туралы, байланыс қызметтерін өндіру мен көрсетудің әр түрлі жағдайларында анықтау прициптері мен әдістері туралы түсінігі бар маман даярлау.

  1. Кәсіби білгірлігіне қойылатын талаптар

Даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптар мыналар: радиотехника, электроника және телекоммуникация бағытының кәсіби оқыту бағдарламасы белгілейтін бакалаврдың теориялық және практикалық дағдылар жиынтығы ретінде анықталатын кәсіби білгірлігі; бір немесе бірнеше қызмет түрлері аясында кәсіби қызметін жүзеге асыра алу қабілеті; радиотехника, электроника және телекоммуникация саласындағы теория мен практиканың негізгі даму бағыттарын түсінуі.

  1. Арнайы білгірлігіне қойылатын талаптар

050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығын бітірушілердің мына салаларда арнайы білгірлігі болуы тиіс:

  • радиобайланыс, оның ішінде радиорелейлік және жер серіктік жүйелерді жобалау мен пайдалану;
  • радиолокация мен навигация жүйелерін жобалау мен пайдалану;
  • жылжымалы байланыс жүйелерін жобалау мен пайдалану;
  • телекоммуникациялық жүйелерді жобалау мен пайдалану;
  • коммутациялық және байланыс жүйелерін жобалау мен пайдалану;
  • жылжымалы байланыс құралдарын пайдалану;
  • электрондық жүйелерді пайдалану;
  • компьютерлік тораптарды жобалау мен пайдалану;
  • кезеңдік микропроцессорлар мен микроконтроллерлерді пайдалану. Өзгерістер мен белгісіздіктердің өсе түсу жағдайларында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби ролдерді, географиялық және әлеуметтік жылжымалылықты ауыстыруға дайын тұруына қойылатын талаптар.

050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын бітірушілер осы заманғы нарықтық қоғамда өзгерістер мен белгісіздіктердің өсе түсуі жағдайларында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби ролдерді, географиялық және әлеуметтік жылжымалылықты, жаңа білім деңгейін ауыстыруға дайын тұруы тиіс.

  1. Оқу пәндерінің негізгі циклдары бойынша білімдарлығына қойылатын талаптар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі білім
Бастапқы әскери даярлық
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Өркениетті дамыған елдердің білім беру жүйесінің ерекшеліктері
Стандарт талаптары
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы
Оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz