Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру


Ф-ОБ-001/033
Мазмұны
Ф-ОБ-001/033
Нормативтік сілтемелер
Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер көрсетілген:
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының (2003 ж. 27. 12. ) мақсаты
Назарбаев Н. «Қазақстан - 2030» - Алматы: Білім, 1997. -256 б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты /Жалпы бастауыш білім/. Алматы: РКБ, 2010 - 46-58 б.
Дүниетану: 4-сыныпқа арналған оқулық /К. Жүнісова, Ә. Бірмағамбетова, Қ. Аймағамбетова, Н. Нұғыманов, Қ. Жүкешов/ - Алматы, Атамұра, 2000. - 174 б.
Ф-ОБ-001/033
Анықтамалар
Таным - филисофиялық ұғым, “айналадағы материалдық шындықты адам санасында бенеленуі”. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санадай бейнеленеді. Көру, сезіну түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер бірге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамыды.
Философия тұрғысынан: “айналадағы материалдықтың адам санасында бейнеленуі немесе таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі” - деген анықтама береді.
Таным - обективті шындықтың адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы.
Белсенділік деп - адамның іс әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Қызығу - тану қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында тұлға оның жолдары мен тәсілдерін іздестіреді. Қызығу белгілі бағытталған және бір жерге шоғырланған ойда туындайды, анық бір іскерлік түріне ынтадан туындайды. Егер қажеттілік пәнді меңгеруге ынталандырса, қызығушылық бастапқы этапқа, онымен танысуға бағытталады.
Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасына оның процесі - танымдық іс-әрекетінің кезеңдері кіреді.
Т. Сабыров: "Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірлік тәжірибеде пайдала білуге үйренуге оқушының істейтін сапалы әрекеті", -деп атап көрсетеді.
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
Қызығу - шындықтағы заттарымен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның бір шама тұрақты жеке рекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамдарды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.
Белгілеулер мен қысқартулар
АПН - академия педагогических наук
РСФСР - Российская Советская Федеративная Социалистическая Республика.
СССР - Союз Советских Социалистических Республик
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі реформаларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты оқушылардың танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында бастауыш білім берудің 2005-2015 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай пәндік білімдердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу үрдісі барысында танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде танымдық белсенділіктерін қалыптастырып, дамытып, жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр. Бұл мақсатты жүзеге асыру оқушыларды жинақылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді. Білімді саналы түрде игеріп, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін тудырады [1] .
Осыдан келіп оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен білім алу, даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеу әр мектептің, әр мұғалімнің міндеті.
Нарықтық қатынастар орныға бастаған егеменді еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан-2030” атты стратегиялық жолдауында “әлемдік білім кеңістігінде толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететінін, жоғары сатылы білімді азамат қалыптастыру” керектігі көзделінген еді [2] .
Олай болса, қазіргі қоғам алдындағы негізгі міндеттерінің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Оқушылардың танымдық процесін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығушылығын арттыруды психологиялық тұрғыдан А. Н. Леонтьев [3], С. Л. Рубинштейн [4], Л. В. Занков [5], Л. В. Эльконин [6], т. б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан Т. Н. Шамова [7], Г. И. Щукина [8], П. И. Пидкасистый [9] т. б. болса, отандық ғалымдардан Т. С. Сабыров [10], т. б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты. Мәселен Т. Н. Шамова тұлғаның оқыту сипатына, мазмұнына, таным мақсатына еріктік-күш жігерін жұмсау іс-әрекет сапасын қарастырған.
Танымдық белсенділікті оқушы бойына дамытудағы мақсат, міндетіміз айқындалған соң, осы терминдерге анықтама берейік. Таным ұғымы - негізінен философиялық- педагогикалық ұғым.
Философия тұрғысынан: “айналадағы материалдықтың адам санасында бейнеленуі немесе таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі” - деген анықтама береді [11] .
Танымдық іс-әрекеттің кейбір қырлары тамыры терең бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Ғалымдардың пікірін тұжырымдай келе, танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.
Оқу үрдісі бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.
Танымдылық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның құрамды белгілері бөлшектеніп мазмұны мен көмегі анықталынады.
Таным белсенділігінің мәселесі - педагогикалық зерттеулердің терең негізі екенін атап көрсету керек. Оның зерттеуіне маңызды үлес қосқандар: М. Н. Скаткин [12], И. Ф. Харламов [13], М. А. Данилов [14], И. Л. Лернер [15], М. И. Махмутов [16], Г. И. Щукина [17] және тағы басқа.
Бүгінгі күн оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің әдіс- тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, олармен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр. Бұл міндет сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға жетелейді. Уақыт ағымы, ұстаздар қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр. Яғни, бүгінгі күн мұғалімдерінің алдында тұрған ең басты міндет - оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыра білу.
Бастауыш сыныптағы таным процестерін зерттеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін тереңірек меңгеріп алу үшін жұмыс тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру» деп анықтадық.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныптағы оқушылардың таным белсенділігін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыдан анықтау және оны дүниетану пәнінде жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу.
Зерттеу объектісі : Оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру.
Зерттеу пәні : Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дүниетану пәнін оқытуды жетілдіру барысы.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдірудің педагогикалық-психологиялық мәселелеріне талдау жасау.
2. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдірудің ерекшеліктерін қарастыру.
3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудағы дүниетану пәнінің рөлі мен маңызын тәжірибе жүзінде пайдалану.
4. Оқушылардың таным белсенділігін жетілдіру барысындағы озат педагогикалық тәжірибелер, зерттеулерді салыстыру, қолдану мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу әдісі: Зерттеудің алға қойған мақсат, міндеттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылады.
Зерттеудің теориялық қолданымы. Оқыту үрдісі барысында оқушылардың таным белсенділігін жетілдірудің педагогикалық-психологиялық мәселелері.
Зерттеудің практикалық қолданымы.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудағы дүниетану пәнінің рөлі мен маңызын тәжірибе жүзінде пайдалану.
Зерттеудің эксперименталдық базасы Түркістан қаласындағы М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, бес парагрфтан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамытудың теориялық мәселелері
1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты еліміздің көркейіп өркендеуіне, ел талап тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясыда айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету міндеттері қойылды.
Бала психологиясын жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге жауапты да, құрметті міндеттер жүктейді. Сондықтан да бірінші кезекте, бастауыш сынып мұғалімдері алдына педагогикалық ғылым теориясы және оқыту әдістері негіздерін жан-жақты меңгерумен қатар әр жастағы балдырғандардың жасына сәйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылады.
Әр оқушының өзіне ғана тән мінез-құлық, тәртіп, ерік-жігер, эмоциялық сезім, танымдық қызмет ерекшеліктері болады. Соған сәйкес жеке адамның қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтар жөнінде терең түсінікке, білімге негізделген жекелей қарым-қатынас жүзеге асырылуы тиіс. Бұл мұғалімнен шәкірттерінің жекелей қасиеттерін айқын ажырата білетін психолог ұстаз болуды талап етеді. Бұл оған оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін есепке алуға мүмкіндік береді.
Мұғалім өзінің күнделікті қызметінде бұл міндетті ойдағыдай атқарған жағдайда оқу-тәрбие жұмысын бүгінгі талапқа сәйкес шұғыл жақсартуға берік негіз қаланады. Сондықтан да қазіргі таңда әр мұғалім бұрыннан қалыптасқан ұстаздық әдістемелік мүмкіндіктерін қанағат тұтумен шектелмей, өз бетімен теориялық білім деңгейін көтеруге, әсіресе педагогикалық-психология және физиология ғылымы саласындағы жетістіктерінен жан-жақты қарулануға батыл бетбұрыс жасалуы қажет.
Ал педагогика тұрғысынан Р. Қоянбаев былай тұжырымдайды: ” Таным - обективті шындықтың адамның ойында бейнелейтін және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы” [18] .
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған. Біреулер танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
Тұлғаны дамытудағы танымдық белсенділіктің рөлі Л. С. Выготскийдің [19], Л. И. Божовичтің [20], А. А. Люблинская [21], И. В. Пестолоции [22], Дж. Брунердің [23] ғалымдарының жұмыстарында қаралған. Олар білімге деген позитивтік қарым-қатынас пен оқушылардың танымдық белсенділігінің арасындағы тікелей байланысты орнатады және берілген процестің теориялық негіздерін береді.
Ғалымдардың тұжырымдамаларын жинақтай келе белсенділік - адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан-жақты жетіктігін аңғартып, шәкірті меңгере алмайтын мәселеде басшылық жасағаны жөн. Оқушының өзіндік ойлауға ынтасы болмаса, ол сол материалды жан-жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.
Оқушы бойында бір нәрсені танып білуге деген немесе танымын, ой-өрісін кеңейтетін материлдарды игеруге деген қабілеті болған жағдайда ғана танымдық іс-әрекетке оң көзқарасы қалыптасады, қызығушылығы оянып, дамиды. Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналуы үшін осы ғылыми негіздердің іргетасын мұғалім қалайды.
Соңғы кезде оқушының танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Көптеген әдістемелік еңбектер де бар. Оқушының танымдық қабілетін арттыру жөнінде ғалым-педагогтар әртүрлі көзқарас ұстанады. Мысалы: ғалым-педагог Л. Занков: ”Оқыту - оқушының жалпы рухани дамуын қамтамаыз етуі керек” - десе [24], көрнекті психолог Л. Выготский: ”Жақсы оқыту деп - баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтатынын ”- тұжырымдайды және оқу - баланың өзінің танымдық белсенділігі екенін анықтайды [25] .
Кейбір шәкірттердің ерекше қадір тұтып қастерлейтін пәніне ғана қабілет-қарымы ашылып, бүкіл болмысымен соны танып білуге талпынады, сол жолда жарқырап көрінеді. Өзге пәндерге келгенде белсенділігі тежеліп қалады. Бұл процесс әрине кез-келген адамға білініп көрінбейді, әйтсе де баланың физиологиясымен, психологиясын жетік білетін сезімтал ұстаздар мұны айна қатесіз ажырата алады. Демек, қандай да бір ұстаз болсын, өзінің бүкіл оқу-тәрбие жұмысын оқушының психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын үйлестірсе ғана жұмысының нәтижелі болары ақиқат.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін не істеуіміз қажет? - деген сұраққа Ә. Мұхамбетжанова өз еңбегінде “Сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді, әдіс-құралдарды пайдалану керек. Осы аталғандар оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып, өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгертуге төзімділігін арттырудың бірден-бір негізгі тәсілі болып табылады” - деп жауап береді [26] .
Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби болды [27] .
Материяның жалпы қасиеттері және оның әр уақыттағы қозғалысын детерминизациялайтын белсенді болып табылады. Белсенділік тірі материяның өмір сүруіне барлық жақтан тән болады. Адамның белсенділігі қарапайым биологиялық мақсат бойынша және негізгі іскерліктің сферасына қосылады деген шекарадан тыс шығып отыр. Іскерлік белсенділіктің тәжірибелік жағында тұрады, оның рухани және заттық-материалдық іске асуы болып табылады. Белсенділіктің әртүрлі бағыттары болуы мүмкін.
Ол қоғамдық және жеке қажеттіліктердің, шарттылықтардың қызығушылығы. Тұлғаның бағалы бағдаршамы болады. Мұндай бағыт бұл бағдарлаудың тек қана қосындысы емес, соның қиын жүйесі. Ол ептілік және динамизмге ие. Адамның іскерлігінің маңызды шамасы бола тұрып, белсенділік тек қана іскерліктің көлемін ғана емес, сонымен бірге оның көптеген нәтижесін де анықтайды. Өз кезегінде өзіндік белсенділіктің дәрежесі сұраныстың күшімен және қызығушылықтарымен детерминациялайды. Сондай-ақ құнды бағдарлаудың өзгешелігімен, темпераменттің ерекшелігімен, мінездің рухани және қайраттың дамуымен детерминацияланады.
К. Д. Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге деген құмарлықтарын ашу керектігіне баса назар аударған. Оның пайымдауынша қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, бала бойында қызығушылық сезімі оянбаса, оған мұғалім зорлық күшімен білім нәрін бере алмайды және оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды [28] .
Психологиялық теорияға сүйене отырып, дидактик-ғалымдар М. А. Данилов, Б. П. Есипов [29], И. Т. Огордников [30] және т. б. білімнің обьектісіне деген тұлғаның қарым-қатынасын өзгертуші сияқты белсенділігін танымдық түрде қарастырады. Танымдық белсенділік мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің ықпалымен құрылады.
Баланың тұлғасын қалыптастыру құрылымында танымдық белсенділік маңызды рөлді ойнайды. Тұлғаның дамуын анықтайтын барлық ішкі факторлар яғни рухани және мінез-құлқын кұрудағы басқа нышандарға, сондай-ақ мәдениеттік, эстетикалық, өнегелік құрылудағы танымдық қажеттіліктер мен қызығушылықтардың тәрбиелік маңызы бұл жерде бірдей. Оқушылардың танымдық белсенділігінің негізінде тұлғаның фундаментальдік қасиеттері бар, ал ол оның әлемге деген қарым-қатынасын анықтайды.
Баланың физикалық және рухани дамуында көптеген өзгерістер болып жатады, ал ол балалық шақтан үлкен шақтарға өтумен байланысты болады. Баланың бойы, салмағы өседі, тіреуіш-жылжымалы аппараты өзгереді және жыныстық мүшелері дамиды. Физикалық өзгерістер балалардың танымды түрде қобалжуына алып келеді. Ол өзін өте күштімін және өзімді нық ұстай аламын деп есептейді. Олар өзін бала санатқысы келмейді, қайта оның орнына үлкен болуға талпынады. Бұл пайда болған қажеттілікті тәжірибелік іскерлікте таныту ол үшін өте қиынға соғады. Жасөспірім ұмтылысының арасындағы айырмашылық өз мүмкіншіліктерін сезінумен байланысты. Өзін тұлға ретінде бекіту және үлкендердің еркіне бағынышты болуындағы адамның жағдай «Мен-концепциялар», оның тұрақсыздығын шақырады. Сол уақытта дербестікке деген ұмтылыс өсе бастайды, ал үлкен жасөспірім жасында үлкендерге және құрдастарына деген тұлға аралық қатынас әртүрлі бола бастайды. Олардың іскерлік сферасы кеңейеді және қоғамның мүшесіне деген өзіндік түсінушілік қалыптаса бастайды. Осы уақытта өзін-өзі бағалауға деген бейімділік өсіп, соның негізінде өзін тұлға ретінде өзіндік тануға дейін жетеді.
Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйренуі барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Біріншісі - оқытудың мазмұны. Мұнда оқушыларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи деректер, ғылыми білімнің іс жүзінде қолданылуы, бұрыннан білетін мағұлматтың жаңа қырынан ашылуы.
Екіншісі - оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формаларын құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, оқушы танымын кеңейтетін ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру әрбір сабақты өмірмен, өндіріспен, қоғамдағы жаңалықтармен байланыстырып отыру.
Үшіншісі - мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста сыйластық пен жылылық орнатып, мұғалімнің оқушыға деген жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету. Оқушы өзі сыйламайтын, ұнатпайтын мұғалімнің пәніне де сабағына да ешқашан қызықпайды. Оқушылар өзара сыйласа алмайтын, тәртіп жиі бұзылатын сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.
Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындаумен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттап отыру мүмкіндігіне ие болуы керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырып дамытудың негізгі жолы яғни танымдық іс-әрекетте оқушының ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады. Оқу үрдісінде кездескен қиыншылықтарды шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді. Әр мұғалім өз оқушысының білім, білік деңгейлерін анықтап (дербестігін, ізденімпаздығын, қызығушылығын т. б. ) олармен жеке-дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек. Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған танымдық әрекеттің нәтижесінде оқушының білімі, біліктілігі кеңейіп, танымдық белсенділігі қалыптасып, дамиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz