Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет мотивациясын қалыптастырудың педагогикалық теориялық негіздері.

  1. Оқушылардың танымдық іс-әрекет мотивациясын қалыптастырудың негізі . . .
  2. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет мотивациясының мазмұндық, құрылымдық нобайы . . .
  3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет мотивациясының мазмұны . . .

2 Оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары.

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет мотивациясының шарттарының қалыптасу деңгейін анықтау . . . 73

2. 2. Жеке өз іс-тәжірибиемнен сабақ жоспарларының үлгілері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Біздің қоғам жаңа нарықтық қатынастарды игеру мен ақпараттық сұраныстардың қарқынды өсіп келе жатқан ағыны. Жақандық компьютерлік жүйелерге ауысу, технологиялық процестердің жылдам өрбуі заман талабына сай адамдарды үнемі өз білімдерін, өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейді. Қазіргі таңда мектепке білімсіз, тәжірибесіз атқарушыларды емес, әлеуметтік тұрғыдан белсенді, шығармашылықпен айналысып, еркін ойлайтын, жаңа ақпаратты өз бетінше игеріп, оған баға бере отырып, таңдау жасау барысында тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті адамдарды тәрбиелеу талаптары қойылып отыр.

Білім беру жүйесінің мазмұны қоғамның ағымдағы және болашақ қажеттіліктерін, адам танымының ерекшеліктерін бейнелеп, әлеуметтік даму ағымын есепке алудың негізінде қоғамда қабылданған білім берудің даму тұжырымдамасына сәйкес келуі тиіс.

Президент Н. Ә. Назарбаев «Білім беру саласы ақпараттық қоғамда экономикалық саламен елеулі түрде астасады, ал білім берік қызметі ақпараттық қоғамның экономикалық дамуының аса маңызды құрамдасына, артта қалушылықты еңсерудің факторына айналады». -деп жазды. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңейуде.

Бүгінде республикамызды өркендету үшін экономиканы, мәдениетті, ғылымды дамыту мақсатында шығармашылық әрекетке қабілетті, дербес, белсенді және бастамашыл жоғары деңгейдегі мамандар қажет. Әсіресе, бастауыш мектептің мұғалімдері осындай қасиеттерге ие болуы тиіс; себебі, бастапқы буында баланың жеке басының қарқынды дамуы жүреді. Бастауыш сынып оқушыларын тек оқу қызметінің негіздеріне ғана үйретіп қоймай, уақыт талабына сай - ойдың дербестігіне, танымдық әрекетке, белсенділікке және тағы да басқа көптеген нәрселерге баулу ќажет. Бұл тұжырым бастауыш мектепті оқу-танымдық іс-әрекет мотивтерін дамытуға бағыттайтын көптеген зерттеулердің нәтижелерімен және педагогикалық тәжірибелермен дәлелденді. Б. Г. Ананьев [1], Л. В. Занков [2], Д. Б. Эльконин[3-5] және т. б. зерттеушілердің еңбектерінен бастауыш мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін жеткіліксіз бағалау орын алғанын байқауға болады. Арнайы ұйымдастырылған оқыту болған жағдайда психикалық дамудың неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бар. Бастауыш сыныптарда дұрыс ұйымдастырылған оқыту-білімдерді, икемдіктер мен дағдыларды игерудің сапасына түбегейлі ықпал етеді; шамадан тыс жүктемелердің азаюына, жалпы алғанда оң оқу мотивациясын тәрбиелеп шығаруға әкеледі. Көп жылдар бойы бастауыш мектептің міндеті тек балаларды оқу мен жазуға машықтандыру, санаудың қарапайым дағдыларына үйрету, қоршаған әлем туралы түсініктерін кеңейту деп есептелінді. Бірақ, оқушыға педагогикалық ықпал ету объектісінің рөлі ғана бөлінетін оқытудың дәстүрлі жүйесі тұлғаның шығармашылық жағынан дамуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ете алмайды. Осы жағдаяттарға байланысты Қазақстанның бастауыш мектебі тұжырымдамасы қайта қаралды. Оның тұтас білім беру жүйесінің іргетасының негізіне дамыта білім беру алынды.

Яғни, бастауыш мектептің жаңа мазмұны жаңа нысандағы, жаңа технологияны игерген мұғалімді талап етеді. Мұндай мұғалімнің сабағының негізгі міндеті оқушыларға білім беру емес, танымдық іс-әрекет мотивациясын арттырудың негізінде бастауыш мектеп оқушыларының жеке, дербес әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Соңғы зерттеулер (Н. Н. Демиденко [6], Т. А. Капитонова [7], И. В. Архипова[8], У. Б. Төлешова [9], Е. Бекболғанов [10] ), А. Қапашов [11], Ш. Қайыпова [12], баланың ойлау дербестігінің дамуымен қатар, оның сөйлеу қабілетінің дамитындығын көрсетті, ол ойды ұйымдастырып, нақтылайды, оның маңыздысын қосалқысынан бөліп қарап, неғұрлым жалпылап білдіру мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, ойдың дамуы оқушының тәрбиелілігіне ықпал етеді.

Осыған байланысты қазіргі кезеңде мектеп алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі- оқушылардың танымдық іс-әрекетінің мотивациясын қалыптастыру болып табылады. Бұл мәселені оқушыны оқытудың бастапқы кезеңінде шешу қажеттілігі туындайды, себебі, дәл осы сатыда оның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады.

Мотивация, оқу мотивациясы, танымдық іс-әрекет мотивациясы мәселелері С. С. Смаилов [13], Л. С. Выготский [14-16], Ж. Нұрбекова [17], С. Л. Рубинштейн [18-20], А. Н. Леонтьев [21-25], Л. И. Божович [26-28], А. В. Запорожец [29-31], Б. Г. Ананьев [32], А. К. Маркова [33], және т. б. психолог зерттеулердің назарында болды. Тұлғаның барлық өмір сатыларындағы дамуын олар индивидтік әрекеттің дербес және саналы субъектісіне айналу процесі ретінде қарастырды. Оқытудың психологиялық-педагогикалық шарттарын зерттеу, оң танымдық мотивацияны оқытудың алғашқы жылдарынан бастап дамыту қашанда маңызды болып, әлі де өз өзектілігін жоғалтпады.

А. К. Маркова: «Мұғалім оқушыларға оқыту процесінің жеке мәнін ашып көрсетудің (адам не үшін, қандай мақсат үшін оқитындығын) қажеттілігін, кәсіби қызмет үшін, алдағы қоғамдық өмірдегі әлеуметтік өзара әрекеттер мен қатынастар үшін мектепте оқудың маңыздылығын ашу қажеттілігін көрсету өте маңызды», - деп жазды [33] .

Қазіргі уақытта педагогикалық психологияда оқу мотивациясы бойынша біршама үлкен тәжірибелік материал жинақталған (Н. Е. Седова [34], Т. И. Лях [35], К. П. Вальдес [36], М. Б. Поторочина [37], В. Д. Голиков [38], Г. И. Ибрагимова [39], С. Н. Кивчун [40], М. З. Диняева [41] ) . Осылайша, мектеп оқушыларын мәселелік-дамытушы оқыту саласындағы психологтардың зерттеулерінен байқайтынымыздай, бұл әдістің қолайлы жағдайлары жаңа білім алуға ұмтылуға және өз танымдық іс-әрекетінің әдістеріне деген қызығушылықтан көрініс табатын танымдық мотивацияның жеткілікті шамада жоғарғы деңгейін қалыптастыру мүмкіндігін береді (А. М. Матюшкин [42-44] ) . А. М. Матюшкин мотивтерді танымдық белсенділіктің неғұрлым жалпы құрылымдық элементтері ретінде қарастырды. Ол оқытудың белгілі жағдайларында: «Тиісті оқу міндеттерін шешу барысында танымдық қажеттіліктердің пайда болуының алғы шарты болып табылатын жағдайлар туындайды»- деп жазды [42] ) .

Проблемалық оқыту элементтерін қолдану жағдайларындағы педагогикалық зерттеулердің нәтижесінде алынған фактілер де толыққанды оқу мотивациясын тәрбиелеудің мүмкіндік көрсетті. М. И. Махмудов [45], К. Сатыбалдина, Тарасинка [46] Р Ю. К. Бабанский [47], И. Я. Лернер [48], және т. б. ғалымдардың пікірлері мен тәжірибелеріне сүйеніп, бағытталған түзету жұмысын атқару арқылы, тіпті, артта қалушы оқушылардың мотивациялық саласында алға жылжуға қол жеткізуге болады, ал бұл олардың оқуындағы оң нәтижені береді (Н. А. Менчинская [49], Н. Г. Морозова [50], Л. С. Славина [51], И. Ю. Кулагина [52] жєне т. б) .

Танымдық мотивацияның дамуымен тікелей байланысты болатын және бала тұлғасының шынайы дамуының критерийлері болып табылатын білімдерді өз бетінше алу әдістерін қалыптастыруға бірқатар зерттеулер жүргізілген (Л. И. Божович [53-55], Н. Г. Морозова [56], С. С. Смаилов [57], Мустафинава Ф. [58] ) Л. С. Славина [59], Н. А. Менчинская [60], Г. И. Щукина [61] және т. б. ) .

Мектеп оқушылардың шығармашылық түрлендіруші әрекетке деген ішкі қажеттілігін, дайындығын, білімдерді іс жүзінде қолдана білу икемділігін қалыптастыруы тиіс. Бұл міндетті түрде баланың танымдық іс-әрекетінің қолданылмаған мүмкіндіктерін ашып көрсетуге көмектесетін балаларға тәрбие беру мен оқытудың жаңа жолдарын іздеуге әкеп соқтырады. Осындай танымдық мүмкіндіктердің бірі - оң мотивацияны, яғни оқуға жеке қатынасын, еңбекке дайындығын, өз Отанының игілігіне кәсіби қызмет етуге деген қызығушылықты қалыптастыру.

Осылайша, оқушылардың оқу мотивациясын зерттеу мәселесі оқытуды дұрыс ұйымдастыру үшін үлкен маңызға ие. Оқушылардың мотивациялық саласының қалыптасуы айтарлықтай дәрежеде тұтастай педагогикалық үрдістің табыстылығын анықтайды.

Педагогика ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде қоғам талап ететін дербес шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуға деген қажеттілік пен оқушылардың танымдық іс-әрекет мотивациясы деңгейінің төмендей бастауы аралығында, бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет мотивациясын қалыптастырудың теориялық негіздері мен мектептің оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың бейім қаблеттерін дамытудың педагогикалық шарттары мен құралдарының жеткілікті шамада зерттеліп-дайындалмауының арасында қарама-қайшылық орын алуда. Бұл қарама-қайшылықтарды шешу зерттеудің проблемасы - бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекет мотивациясының орнығуы мен одан әрі дамуына тиімді ықпал ететін педагогикалық шарттарды ќарастыруды міндеттейді.

Мәселенің өзекті маңыздылығы, оның педагогика ғылымының теориясында, сондай-ақ, бастауыш мектепте тәжірибесінде де жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі, біздің зерттеуіміздің тақырыбын:« Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары» деп белгілеуімізге себеп болды.

Зерттеу мақсаты: оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін мотивацияландыруды теориялық негіздеу және педагогикалық шарттарын анықтау, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеу пәні: оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары.

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектеп оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу міндеттері:

  • танымдық іс-әрекеттер мотивациясының теориялық негізін айқындау;
  • оқу-тәрбие үдерісіндегі танымдық іс-әрекеттер мотивациясының құрылымдық-мазмұндық нобайын жасау, өлшемдері мен көрсеткіштерін, деңгейлерін негіздеу;
  • бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттер мотивациясын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау және әдістемелік жасау;
  • оқу тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттер мотивациясын қалыптастыруды тәжірибелік-экспериментте тексеру және нәтижесін шығару.

Зерттеу әдістері: - психологиялық-педагогикалық еңбектерді ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу;

- белгіленген мәселе бойынша озық педагогикалық тәжірибелерді талдау және қорытындылау;

- тәжірибелік-экспериментті ұйымдастыру(сауалнама, тестілеу, бақылау, сұхбаттасу, әңгімелесу) тәуелсіз сараптамалар мен өзін-өзі бағалау;

-зерттеудің нәтижелерін, алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу, оларды талдау және қорытындылау;

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:

- бастауыш мектептің оқу үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс- әрекет мотивациясының ғылыми-теориялық негізі анықталды;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет мотивациясы қалыптасуының критерийлерін белгілеп, өлшемдері мен деңгейлері сұрыпталды;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттер мотивациясын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.

- бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің оң мотивациясын қалыптастырудың практикалық- ғылыми әдістемелік жүйесі жасалынды.

Зерттеудің практикалық маңызы: дипломдық жұмыстың теориялық тұрғыда негізделген, сыналған, іс жүзінде тексеруден өткен материалдарын, оның қорытындылары мен нәтижелерін бастауыш мектеп оқушыларының танымдық әрекетін мотивацияландыруды қалыптастыру үшін пайдалану оқушылардың білім игеру үрдісін қарқындандырып оқу сапасының артуына негіз болады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

І Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет мотивациясын қалыптастырудың педагогикалық теориялық негізі

1. 1 Оқушылардың танымдық іс-әрекет мотивациясын қалыптастырудың негізі.

Бастауыш сынып оқушысының танымдық іс-әрекеті мен оған итермелейтін себеп - салдар немесе түрткі болатын жағдайлардың мән-мағынасын мүмкіндігінше ғылыми-теориялық және ғылымдардың ықпалдастығы мен олардың әрқайсысының зерттеу нысындарындағы алынған қорытынды жиынтықтарының негізделулеріне сүйене отырып, деңгейлік сапа, сандық көрсеткіштік белгілерімен салыстыра анықтау шындыққа жақындықтау ете түсетіні анық. Әсіресе, бұндай жағдайлар бастауыш білім беру кезеңіндегі оқу іс-әрекетінің күрделілігімен көрінуі және ондағы шешімі табылуға тиісті келелі мәселелердің түйінін табу, оң нәтижеге қол жеткізу және оның құбылмалылығына ғылыми тұрғыдан жиі қарау заңды нәрсе. Құбылмалылығы дегенде қоғамдық құрылымның өзгеруі, ғылым мен техниканың жаңа белеске көтерілуі, жаңалықтардың ашылуы, ғылымның түрленуі мен олардың сапалық құрылымдарының пайда болып, өркен жайуы кез келген мемлекеттегі білім беру жүйесін реформалауға, оқушыларға берілетін тәрбие мен білім жүйесінің келесі бір белеске, заман талабына сай деңгейлік өсуін қарастырып, оны білім алуға тасымалдап жеткізу барысында әр түрлі ғылым салаларының зерттеу әдістері мен жетістіктеріне сүйене отырып тасымалдаудың әрі оқушының объекті негізінде емес субъктік қарым-қатынастыққа жетелеу, итермелеу іс-әрекеті жүзеге асырылуын басшылыққа алады.

Осы тұрғыдан келгенде педагогика ғылымы бастауыш білім беру кезеңі алдында, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру міндетін қойып, оны шешумен айналысады.

Бұндай түйіні күрделі мәселенің шешімі әліде болса толығымен табылмай келеді.

Осы негіздегі өзікті мәселенің шешімі қоғам дамуының денгейі мен әлеуметтік-көпшіліктің сұраныс талаптарына үйлесімді жүйеленген білім көлемі оқу мен тәрбиелеудің басты қағидаларымен ұстанымдарына сәйкес іріктеліп, оны оқушыларға игерту үдерісінде педогогикалық психологиялық жаңа бағыттарының негізге алу қойған мақсатқа қол жеткізу барысында ұйымдастырылуды нақты тиянақтауды қажетсінетін қыры мен сыры көп жұмыс сондықтан бастауыш сынып оқушыларына берілетін білім негіздерін анықталған деректер жүйесімен жаттанды түрде оқытып, қажеттік іскерлік, дағдыны үстүріт қалыптастырып қоймай біліктілікке баулып білімді оқушылардың сапалы түрде өз бетінше игеруіне үйретіп, шығармашылық пен ізденімпаздыққа жетелеу, бастауыш сынып оқушысының бойына белсенді өмірлік ұстанымдарымен алғашқы көз қарасты, өз ісіне деген үлкен жауаптылықты, сенімділікті, ой еңбегімен дене еңбегіне саналы қарым- қатынасты, түрлі тәрбие қырларын қалыптастыру мен сөзбен істің бірлігіне негізделген күрделі танымдық іс-әрекетті айқындауды педогогика және психология ғылымдарының жетістіктерімен жаңа бағыттылығын қажетсінеді.

Бұған сүйену оқушының өзін-өзі тануына, тұлғалы қырының қалыптасуы мен жеке санасының өсуіне, «мен» деген сенімдігінің артуына мүмкіндік туғызу жаңа педогогикалық парадигманың негізін құрайды.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және оның себеп-салдары мен түрткі боларлық жағдайларындағы күрделі мәселе педагогика ғылымының даму тарихындағы шәкіртке, оқушыға тәрбие мен білім беру жолында ықпал жасау керектігі жөніндегі озық ойлы пікірлердің сол заманнан бүгінге дейін жалғасып келеді яғни, бұл заман талабына сай ғылыми тұрғыдан шешілуді талап ететін күрделі мәселе екені анық оған филосф, психолог, педагог және озық ойлы жеке тұлғалардың ой пікірлерін талдау.

Білімнің түрлі салаларындағы ғалымдардың, философтардың, психологтардың, педагогтардың оқудың мотивациясы, оқушылардың танымдық дербестігі мәселелеріне деген терең және үздіксіз қызығушылығы мәселенің қазіргі таңдағы өзектілігін көрсетеді.

Пифагор мектебінің өкілдерінің өзі - Аристоксен мен Архит және де басқа ғалымдар білімдерді өз бетімен игеру үшін оқушы өз еркімен оқуы, яғни онда білім алуға ниет (мотив) болуы қажет деп тұжырымдаған. Олай болатын болса, «Ғылымдар мен өнерлерді зерттеу дұрыс болады және мақсатқа жетелейді, ал егер ол еріксіз, мәжбүрлеп жүретін болса, әлсіз және нәтижесіз болады».

Сократтың пікірінше, білім берудің негізгі мақсаты тұлғаның моральдық тұрғыдан жетілуі мен оның қабілеттерінің дамуы. Оқушылардың танымдық іс-әрекетіне арнайы жетекшілік жасау қажеттілігі туралы, оқытудың арнайы әдісін - эвристикалық әңгімені алғаш рет Сократ әзірлеп жасады.
Аристотель өзінің «Жан туралы» деп аталатын еңбегінде адамға қуаныш пен қанағаттану сезімін беретін тіршілік үшін қажетті нормалар мен ережелерді игеру бойынша әрекет қана табысты болады деп тұжырымдады. Сол себепті бұл әрекет енжар жаттау арқылы емес, адамның белсенді практикасының барысында, оның дербес жұмысының барысында жүзеге асырылуы қажет.

Сенсуалистік негізде құрылған оқытудың дамытушы әдістемесінің ғылыми негіздерін Я. А. Коменский қалады. Ол біздің уақытта өзектілігін жоғалтпаған оқыту үдерісін белсендендірудің ыңғайларын әзірледі. Танымның бастауы «қашан да сезімнен шығуы тиіс, себебі бұрын санада, сезімдерде бейнеленбеген сондықтан еш нәрсе болмайды. Яғни, оқуды заттар туралы сөзбен айтудан емес, оқушының дербес ойлауын дамытатын пәндік бақылаудан бастау қажет».

Швейцариялық педагог И. Г. Песталоци оқушылар өз білімдерінің қорын байытатын және «ақыл күштерін қарқынды арттыратын» білім беру жүйесі ғана жоғары нәтижелікке ие деп санады. Дамыта оқытудың жалпы психологиялық көзін ізденумен айналыса келе, ғалым тек білімдерді дербес игерумен, оқуға қызығушылық арқылы ғана «адамға табиғатпен тағайындалған» нысанды табуға болады деп есептеген. «Балалар сөйлеуді белсенді игеруі, өз бетінше өлшей, санай білуі тиіс. Білімдермен қатар бір уақытта икемдіктер де қалыптасады. Сана іс барысында неғұрлым жақсы дамиды, онда қандай да қателік бірден білінеді».

«Дамыта оқыту» түсінігін дидактикаға А. Дистервег ендірді. Адамның рухани күштері мен қабілеттерінің дамуы оның тарапынан бұл бағыттағы күш салуларынсыз мүмкін болмайды деп тұжырымдай келе, Дистервег дербестікті оқытудың аса маңызды принциптерінің бірі деп санады. Ол ақылдың, еріктің, жадының, ойлаудың және адамның басқа қасиеттерінің дамуының негізі болып табылады. «Оқытуды сабақта «ойлау билік ететіндей» етіп құрған жөн, оқытудың белсенді әдістерін кеңінен қолдану, оқушыны өз бетінше ойлап, ізденіп, өзін көрсететіндей, өзінің қалғып жатқан күштерін дамытатындай етіп, жұмыс істеуге мәжбүрлеу қажет», - деп жазды . Кез- келген әдіс, егер ол тек қабылдампаздыққа үйретсе жаман және егер дербестікке итермелесе, жақсы.

К. Д. Ушинский оқуды мағынаға толы балалардың айтарлықтай еңбегі ретінде қарастырды. Ол оқу ойын емес деп ерекше атап өтті: «ойнай келе тек жеті жасқа толмаған кішкентай балаларды ғана оқытуға болады, одан кейін ғылым салмақты, оған ғана тән қалыпқа түсуі тиіс» . «Оқу еңбегін оқушылар өз бетімен дербес оқып, мұғалім оларға жетекшілік жасап, тек материалды ғана емес, оқытудың тәсілдерін игеруге көмектесетіндей, олардың ойын дамыту бойынша жұмысты жүргізетіндей етіп ұйымдастыру қажет, оқушыға тек белгілі бір танымдарды ғана табыстап қоймай, оның өз бетінше, мұғалімсіз жаңа білімдерді игеру қабілетін және қалауын дамыту қажет болатындығын үнемі есте сақтаған жөн».

Кеңестік қоғам жүйесін орнату төңкерісі алдындағы кезеңнің озық педагогика үлгісі өз бетінше дамытушы оқыту идеясын ұстанды. Ол оқушы тек қана тәрбие объектісі болып қана қоймай, сонымен бірге оқу-тәрбие үдерісінің субъектісі болып табылады деп есептеді. Сондықтан оны тек оқуға ғана емес, оларды өз бетінше игеру әдістеріне де үйрету қажет. Осындай көзқарастарды ұстанушылардың бірі - В. П. Вахтеров өзінің «Жаңа педагогика негіздері» атты еңбегінде «баланы тек қазірде ақиқат деп танылатынға ғана емес, ең алдымен, ақиқатты қалай ашу қажеттігіне үйрету қажет», -деп жазды. Догмалық оқытуға қарсы шыға отырып, ол белсенді әдістерді қолдануды, оларды «дербестік пен шығармашылыққа» үйретуді талап етті. «Мұғалім міндеттерді қояды, материалдарды береді, ал оқушы өзі өз күштерімен оған дейін ашылған не жасалғанды жаңадан іздейді, ашады не игереді. Сонымен бірге, тек білім алып қана қоймай, өз бетімен қалай білім алып, бақылап, ашып, жасап, салыстыруды да және т. б. үйренеді. Ол әдіске үйренеді». Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары қалыптасады, олардың танымдық қабілеттері, ойлау, сөйлеу қабілеті дамиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін ертегі оқу барысында қалыптастыру
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
2-сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын дамытуға батытталған теориялық ережелерді зерттеу
Болашақ мұғалімдердің шығармашылығының мәні мен қазіргі кезеңдегі жағдайы
Шығармашылық туралы ұғым
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Дамыта оқыту түсіндірме әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz