Бастауыш мектепте білімді бағалау жүйесін жетілдіру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БІЛІМДІ БАҒАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Оқушылардың білім сапасын бағалауға қойылатын талаптар және оларды ғылыми тұрғыдан негіздеу 9

1. 2 Қазақстан Республикасында бастауыш мектепте білімді бағалау жүйесінің жайы мен ерекшеліктері 29

2. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУДАҒЫ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ

2. 1 TIMSS және PISA бағдарламалары бойынша бастауыш мектепте білімді бағалау мазмұны мен ұйымдастыру формалары 38

2. 2 Бастауыш мектепте білімді бағалаудың қолайлы әдістері мен әдістемелері 56

ҚОРЫТЫНДЫ 94

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 102

Кіріспе

ХХІ ғасырдың 2001 жылдарынан бастап қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім мен мәдениет беру мәселесінің өзектілігін үздіксіз жариялап келеді. Елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасының білім туралы заңы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» т. б. нормативті құжаттары негізінде білім берудің жаңа сапалық деңгейіне көтерілу тек білім мазмұнын анықтаумен ғана емес, білімнің сапалығын бағалау жүйесін де өзгеріс енгізу қажеттігін мемлекеттік деңгейдегі мәселе дәрежесіне көтерді. Осы тұрғыда елімізде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын пайдалану, кредиттік жүйеге көшу, 12 жылдық оқыту жүйесіне көшуге дайындық, халықаралық ИСО-9001:2000 стандарттарына сәйкес білім мазмұнын анықтау, TIMSS, PISA бағдарламалар бойынша білім сапасын бағалаудың жаңа жүйелерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеу т. б. мәселелер қолға алынуда. Бұл мәселе бойынша Қазақстанда көптеген педагог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардың нәтижелерін оқу тәрбие процесінде еңгізуде. Атап айтқанда Ж. Қараев, М. Жанпейісова, Қ. Жанпейісова, М. Жадрина, Ж. Қобдикова, М. Тамаи, А. Жайтапова, Ф. Наметқұлова, т. б. ғалымдар білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі түрлерімен қоса білім беру мазмұнын дифференсациялау арқылы комплексті сатылап бағалау жүйесін еңгізу қажеттігін қолдайды[5, 6, 9, 11, 15] . Қазақ білім академиясының педагог ғалымдары білім сапасын бағалаудың соңғы нәтижеге бағдарлануын сапалы бағалауға жатады деп есептеледі (М. Жадрина, Н. Оразақынова, т. б. ) [11, 19] .

Елімізде білім беру сапасын бағалауда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер жиі кездесетіні Н. Хмель, А. Сейтешов, Г. Уманов, Т. Сабыров, т. б. еңбектерінде айтылған[17, 16, 21, 27] . Онда білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі жүйесіне көшу, оның дидактикалық шарттарының анықтау арқылы көрсетілген. Осындай көзқараста Республикалық білім жетілдіру институтының ғалымдары (Ж. Қобдикова, Г. Жайтапова, т. б. ) білім сапасын бағалаудың әдістемелік жүйесін жетілдіру қажеттігін, ол үшін жаңа педагогикалық негізінде оқу тәрбие процесін технологизациялау қажеттігін күн тәртібіне қояды.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасының 4. 3. 1. тарауының I сатысы деп - бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар деп көрсетілген. Оқудың ұзақтығы - 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл ойының дамуы мен әлеуметтік даяарлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту.

Қазіргі жалпыға білім беру стандартына сәйкес бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталынып негізделген.

Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, комму-никативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен (табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен, т. б. ) өзара белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.

Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқты жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады.

Мұғалімнің еңбегінің табысты болуы оның жан-жақты ізденуінде, творчестволығында. Білімді оқушыға тиянақты, түсінікті бере білу - үлкен өнер. Сол сияқты білімді дұрыс бағлауда үлкен өнерді талап етеді. Оқушының білімді қалай игергендігін білудің оқушы өзі үшін де, мұғалім үшін де маңызы зор. Бұдан білімдерді, шеберліктерді және дағдыларды тексеру көмегі арқылы жетуге болады. Тексеру дегеніміз ұмытудан сақтандырудың ғана емес, сондай-ақ білімді неғұрлым берік игерудің маңызды құралы. Тексеру барысында мұғалім балалардың білімді игеру фактісінің өзін ғана емес, сондай-ақ олар материалды қаншалықты дұрыс игеріп, қабылданғанын ойлап, есіне сақтай ала ма, жоқ па соны анықтауға тырысады.

Тексеру мен бағалаудың тәрбиелік маңызы тығыз да, оқудағы дұрыс я бұрыс емес баға мектеп оқушысын жүйелі жұмыс істеуге итермелейді, оның мінез-құлқының маңызды сипаты ретінде еңбек сүйгіштік қабілетін қалыптастыруға жол ашады. Алған, игерген білімді тексеру және бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Мұғалім оқушының білімін тексеру мен бағалауда оқушының психикасына әсер еткізбейтіндей әділ бағалауы, білімді дұрыс игергені абзал. Қазіргі кезеңде білімді тексеру мен бағалау ісі мұғалімнің жауапкершілігіне, әділдігіне байланысты. Бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейін ғана емес, оның ізгілікке, әділдікке, адамгершілікке, ұжымдылыққа, жауапкершілікке ұмтылдыру - әрбір мұғалімнің міндеті, яғни бағалау тәрбие құралы.

Білімді тексеру және бағалау мұғалімнен үлкен жауапкершілікті және әділдікті талап етеді. Білімді бағалаудың моральдық мәні зор. Ал бағаны дұрыс, орынды пайдаланудың тәрбиелік мәні зор, яғни мұғалім бағаны қалай болса, солай қоюдан сақтануы керек. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін білімді тексергенде оқушының назарын негізінен материалды сөзбе-сөз айтып беруіне аударып келеді. Тексеруге бұлай қараудың белгілі негіздері бар. Әсіресе, бастауыш мектепте оқу материалының бір бөлігі жаттауға және айтып беруге жатады. Алайда бұл сөзбе-сөз айтып беру білімді тексерудің барысында басым болуға тиіс деген сөз емес. Егер жай айтып беру басым болса, онда оқушы оқу материалын жаттап алуға үйреніп кетеді. Ал бұл білімді меңгеруге жатпайды, яғни оқушы алған білімін практикада қолдана алмайды. Көптеген мұғалімдер көптен бері-ақ материалды дербес айтып беру тәсілін пайдаланып келеді. Бұл оқушылардың творчестволықпен оқи білуге талаптану барысында бір адым алға басқандық.

Алайда, қазіргі уақытта әлемдік білім беру кеңістігіне кемел біліммен ену үшін халықаралық дәрежедегі білімдік мазмұн мен оны бағалаудың сапалы жүйесін анықтап оған көшу Қазақстандық педагогика ғылымының өзекті мәселесі болып отыр. Білім мазмұнына дифференциалды қатынас орнату арқылы оның түрлі кезеңдік сатыларына сәйкес оқушылардың білімін бағалаудың дәстүрлі және басқа да формаларының тиімділігін зерттеп, халықаралық өлшемге сай келетін бағалау жүйесін таңдау мүмкіндігін анықтау үлкен мәселе деңгейінде қолданылып отыр. Сол себепті біз өзіміздің дипломдық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “ Бастауыш мектепте білімді бағалаудың әлемдік және отандық жүйелері ” деп таңдадық.

Зерттеу мақсаты : Бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалау жүйесін жетілдірудің тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу объектісі : Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні : Бастауыш сыныптарда оқушылардың білімін бағалау жүйесі.

Зерттеу болжамы: бастауыш сыныптарда оқушылардың білімін бағалауды белгілі бір жүйеге келтіру және дара ерекшеліктеріне байланысты тиімді қолдана білу, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі деп ойлаймыз. Білімді бағалаудың түрлі формаларын өзара салыстыру арқылы олардың тиімділік дәрежесін көрсете аламыз. Сол себепті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде қолданылып жүрген білімді бағалаудың TIMSS/PISA салыстырмалы бағалау жүйелеріне оқу-тәрбие процесінде қолдану арқылы білімді бағалау жүйесін жетілдіруге болады деп санаймыз.

Зерттеу міндеттері :

  1. Зерттеу тақырыбы бойынша әлемдік оқу, әдістемелік әдебиеттерге, мемлекеттік құжаттарға шолу және зерттеу мәселесінің теориялық мазмұнына талдау жасау;
  2. Қазіргі бастауыш мектепте білімді бағалау жүйесінің қолданылу жайы мен ерекшеліктерін көрсету;
  3. Халықаралық деңгейде қалыптасқан білім сапасын бағалау жүйелерінің тиімділігі негізінде бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін анықтау.

Зерттеу әдістері : Бақылау әдісі, салыстыру, сұрақ-жауап әдісі, түсіндіру, жинақтау, талдау әдістері, анкета, тест.

Зерттеу орны : Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық орта мектебі мектебі.

Қорғауға ұсынылады :

  1. Бастауыш мектепте оқушылардың білімін бағалаудың Отандық және әлемдік жүйелерінің тиімділігі мен ерекшеліктері.
  2. Бастауыш сынып оқушыларының білімін бағалаудың альтернативті түрлері және олардың тиімділік дәрежесі.

1. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ БІЛІМДІ БАҒАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Оқушылардың білім сапасын бағалауға қойылатын талаптар және оларды ғылыми тұрғыдан негіздеу

Әлемде өркениетті қоғамның даму барысында экономиканың, ғылымның өркендеуіне жоғары білімнің әсері орасан зор. Оның ішінде мәдениет ошағы, үлттық интеллигенцияны даярлау орталығы, үлттық әлита бастау алатын -университеттік білім беру жүйесіңде оқу үрдісі әлемдік білім кеңістігінің талаптарына сәйкес құрылуы қажет-ақ. Дегенмен, соңғы жылдары оқу үрдісінің қайта құрылуына қарамастан әлі де өз деңгейінде сапалы білім алуға нақты әсер ете алмай отыр. Оқу үрдісі университеттік білімді үйымдастырудың басты тетігі болғандықган, болашақ маманның шығармашылық және кәсіби жетілуі оқу үрдісінің оңтайлы, мазмүлдығ тиімді басқарылуына тікелей байланысты болып табылады. Оның үстіне 2010 жылдың 7 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесіне сапалы өзгеріс енгізуді міндеттеген болатын[2] .

Мектептегі білімді дамытуда оқушылардың білім деңгейін бақылау мен бағалау ертеден қалыптасқан дағды. Ол не үшін керек? Бағалаудың маңызы неде? Ол оқушылардың білімдерінід санасы мен үлгерушілік мүмкіндіктерін тиянақгы түрде анықгау үшін немесе оқыту әдістемесінің, мектептің мұғалім жүмысының сапасын көрсету үшін қажет пе? Бүл сүрақтардың барлығы педагогикалық ғылымда квалиметриялық теорияның толық жүргізілмегендігінен туындап отыр. Біздіңше, жеке түлғалардың іс-әрекеттері о бастағы танымдық іс-әрекет негізінен келіп шығады. Іс-әреккетті бағалау, бақылау және түзету жұмыстарының арасында жүреді (бұл өзін-өзі бақылау немесе өзін-өзі түзету жұмыстары да болуы мүмкін) . Сол себепті, кез-келген іс-әрекетті бақылау мен бағалау қажет.

Оқушылардың іс-әрекетін бағалау тек қана оқу деңгейінің көрсеткіші ғана емес, -сонымен қатар, ол осы екі субъектінің (мүғалім мен оқушы) арасындағы оқыту іс-әрекетін дамытудағы өзара қарым-қатынасын, мұғалім іс-әрекетінің сапасын анықтайтын амал болып саналады. Ендігі жерде біз оқушылардың іс-әрекетін бағалау жөнінде сөз қозғаймыз.

Баға - оқушы рухын көтереді, оқуға ынтасын арттырады. Ұлы ғалым Ш. Уалиханов білімнің мәніне, мазмұнына көп көңіл бөлген. Ол былай деген: «Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды. Ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. »

Бастауыш саты - оқушыда, оның интеллектісі дамуының іргетасы - оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағытта жүйелі «арнамен жүруін» қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психткалық үрдістері қалыптасып, ырықты зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет-амалдың ішкі жоспары сияқты жаңа түзілімдер пайда болады. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әрекетін бақылап-бағалауды, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.

Оқу әрекетінің қалыптасуы білім мазмұнының теориялық деңгейін көтеру ұстанымымен тығыз байланысты. Бұл білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттырудағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыруды қажет етеді. Осыдан объектілер мен құбылыстардың тек сыртқы түрін, белгілерін бақылап қана көріп тану тәсілін ғана емес, оқушыны ынталандырып шығармашылық әрекетке жетектейтін ішкі байланыстарды, өзара тәуелділікті, заңдылықтарды өздігінен ашып, түсініп танитындай әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік туады; оқу әрекеті арқылы оқушы осындай тәсілдермен жұмыс істеу біліктерін меңгереді.

Бағдарлама - оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың, пәннен білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілуі жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас әдістемелік жүйе.

Білім беру бұл - мұғалімнің ісі. Оқушы өмірге, одан әрі білім алуға өзін мейлінше жақсылап әзірлеу үшін білімдерді игереді. Білімнің ең алғашқы қайнар көзі бастауыш сыныпта қаланады. Бастауыш сынып оқушыларының білімі оқытушының жұмысына, шеберлігіне байланысты.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың білімін тексеру мен бағалауда кездесетін кейбір кемшіліктерді болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіру. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қабілетін арттыру үшін білімді бағалау мен тексерудің жолдарын сабақтарда дайындау әрбір оқушының өз мүмкінділігін, қабілетін және икемдігін көрсетуіне жағдай жасау, олардың білімді қызмет істеуіне жағдай жасау - бүгінгі таңдағы оқыту мен білім берудегі өзекті мәселелердің бірі.

Оқушының қандай білім алып жатқанын анықтау мұғалімнің кәсіптік төл ісі. Әр уақытта жұмыстың сапа жағын да, сан жағын да есепке алау керек. Оқушылар мынадай тапсырмаларды орындады, мынадай материалдар бойынша жұмыс істеді деп құр санын ғана анықтай беру жеткіліксіз болады. Оқушының әрбі р жеке пәннен білімін бағалағанда мыналар ескеріледі: білім көлемі, үйренген материалын қаншалықты түсінгендігі, алған білімінің беріктігі, оны оқу жұмысына және әр түрлі практикалық тапсырмаларға пайдалана білуі, білімін ауызша және жазбаша баяндай білуі. Білімді бағалағанда әрбір жеке оқу пәндерінің тиісті өзгешеліктерін еске алып отыру керек.

Баға - оқушы еңбегінің жемісі. Журналға қойылған баға қашанда объективті әрі ықпалды болуы керек. Оқушы өзінің жұмысына қойылған бағадан қай жері жақсы, қай жері жаман, қай жерінде кемшілік бар екенін, көңілін неге көп аударуды қажет екенін, қайткенде білімді толық меңгере алатынын біле алады. Оқушының біліміне лайық бағадан артық қоылған баға да, кем қойылған баға оның біліміне, мінез-құлқына теріс әсер етеді. Мысалы, мұғалім қаталдық көрсетіп, кем баға қоятын болса, мұндай жағдайда оқушылардың көңілі қалады, жұмыс істеуге ынтасы болмайды, жақсы оқуға ұмтылмайды. Мұғалім оқушыға бағаны дұрыс қою үшін, олардың біліміне қоятын талаптарды жақсы білуі керек. Кейбір жағдайларда қойылған бағаға түсінік беруге тура келеді. Оқушының істеген жұмысына, берген жауабына «үш» қойылған болса, бұл бағадан артық баға қоюға бөгет болып тұрған қандай кемшіліктері бар және оны жою үшін, оқушы не істеуі керек екенін, қандай жауаптарға «төрт» не «бес» қойылатынын жалпы сыныпқа айтып отыру өте пайдалы. Өйткені оқушылар олардан қандай білім сапасын талап ететінін мысалдар арқылы түсінетін болады.

Бағалау - бұл барынша кең түсінік. Баға - бағалаудан келіп шығатын сандық, жиынтық, оқушыларды жақсы оқуға, сауатты, білімді болуға жетелеп отыратын мұғалім қолындағы қуатты құралының бірі.

Қазіргі кезде мектептерде оқушы іс-әрекетін бағалау үрдісі әділ және дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Бүлай болудың да бірнеше себептері бар: бағалауға арналған әдіс-тәсілдің бір себепке әсер етуі; бағалауды жүзеге асыру тәртібінің педагогикалық мониторинг талаптарына сай келмеуі; негізгі білім сапасын (дәлдік, толық, шындық, танымдық, жүйелік және нақтылық) бағалауда тура есептеу жолының болмауы.
Оқушылардың білімін тексеріп бағалау - педагогикалық үрдіске қатысты мәсе-лелерді жинақтап қорыту болып табылады. Өйткені оқыту нәтижесінде оқушының меңгерген білім, білік дағдысы қандайлық дәрежеде екендігін айқындап, олардың алған білімін тәжірибеде қолдана білу міндеттерін шешуге бағыттай алу үрдісін бақылап бағдарлаудағы негізгі сала екендігі белгілі.

Бағалау - оқушының меңгерген білім сапасы мен даму деңгейінің көрсеткіші. Әрине, оқушының дамуындағы сапалық деңгей өлшеуішке салып дәлді ажытаруға келмейтін күрделі мәселе екені рас, солай болғанымен де оны есепке алып, тексеріп бағалау оқыту саласындағы басты істердің бірі болып саналады.

Дидактикадағы ежелден бері белгілі дәстүрлі бақылап, бағалаудың бірнеше түрі бар. Орта оқу орындарында ағымдағы бақылау, кезеңдік және қорытынды бақылау деп жіктеледі. Ағымдағы бақылауда нақты сабақ барысында өткен тақырып бойынша меңгерген нәтиже тексеріліп бағаланады. Кезеңдік бақылауда оқытылатын пәннің арнаулы тараулары бойынша, немесе тоқсандық, жарты жылдық көлемдегі білім, білік дағдыларын меңгеруі бағаланады. Қорытынды бақылау оқушыны сыныптан сыныпқа көшіру қарсаңында өткізіледі және мұндағы басты мақсат - оқушының алған білімін жинақтап, меңгергенін, алған білімін келешекте ілгері жалғастыру бағдарының өзектілігі көзделеді[14] .

Білімді бағалау әдісі - бақылау арқылы және ауызша, жазбаша тексеріледі, сондай-ақ сауалнамалық тест, тәжірибе жолымен жүргізіледі.

Бақылау әдісінің міндеті - оқушының күнделікті жұмыс үрдісінің нәтижесін байқап, даму жүйесін қадағалап, білім деңгейінің дәрежесін айқындау болып саналады. Бақылаудың көрсеткіші ресми қркаттарға түсіріліп, мұғалім жинақтап, жалпы баға қоюда есепке алынады.

Бағалауды ауызша өткізу оқушының сабақ барысында, емтиханда, сынақта мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы жүзеге асырылады. Сабақтың барысында жүргізілетін сұрақ және оқушыға, топқа тұтас сыныпқа қою арқылы өткізіледі. Тәжірибелі мұғалімдер сұраудың жолдарын түрлендіріп үлестірмелі корточка, ойын, техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырады. .

Жазба түрде бақылау бүгінде кең көлемде сипатталып, оқушының білімін байқауда ардайым зорайып және тиімділігі арта түсуде. Қазіргі дидактикада техникалық құралдардың мүмкіндігі артқан сайын оның қолданыс аясы да өрістей түсті де, автоматтық бақылау, перфокарта, баспа материалдарын пайдалану, басқа да сұрақгарға жауап беру, сұрақты өзінше талдап жазу т. б. жолдары өрістеуде.

Бағалау оқушының білім деңгейін айқындаумен қатар тәрбиелік мәні зор болғандықтан қай кезде де оған жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Дәстүрлік бағалаудағы бес балдық жүйемен қатар пәннің белгілі тараулары мен тақырыптары немесе тұтас курс бойынша сынақ тапсыру, яғни шәкірттің тиісті мәселені меңгеруі тұрғысындағы еңбегіне бақылау тұжырымдама жасалатын. Ал оның қорытынды көрсеткіші емтихан арқылы - бес балдық мәндегі өте жақсы, жақсы, орташа, нашар, өте нашар деген атаулармен жинақталатын. Соңғы он жылдыкта, әсіресе, жоғары дәрежелі мектептер мен арнаулы орта оқу орындарында рейтинг жүйесі өрістеді. Рейтинг - ағылшын тіліндегі - «жетістік өлшемі», «баға» деген мәнде болса, оқу үрдісінде шәкірттің таным сапасын, нәтижесін бақылап, тексеріп қол жеткен табысын ілгері жетілдірудің жол-жосығын нұсқап, олардың жауапкершілікпен белсенді түрде еңбектенуіне бағдар берілетін әдіске айналды[6] .

Рейтинг жүйесіндегі модульдік құрылым оқу материалын логикалық тұрғыдан бөлшектерге топтастырып. немесе пәндік тараулар негізінде блоктарға біріктіріледі. Модульдің саны оқу пәнінің мазмұнына қарай және оның көлемдік мөлшеріне лайық белгіленеді. Сондай-ақ модульдік құрылым оқу материалының белгілі бір кесегі, бөлшегі болса, оқушы мұнда берілген тапсырманы міндетті түрде орындап, жүзеге асыруға тиіс. Ал оны бақылау, тексеріп бағалау:

а) күнделікті немесе ағымдық іс-әрекетті бақылау тұрғысында:
ә) аралық (рубеждік) бақылау түрінде;

б) қорытынды мәнде аттестациядан өтеді.

Бүл жүйені тарамдап айтар болсақ, оның мәні:

Күнделікті немесе ағымдағы іс-әрекетті бағалау - белгіленген модуль бойынша атқарылған жұмыстың барысы мен бағдары қарастырылып, берілген тапсьірманың нақты орындалуы жөнінде ұйымдастырылған жоба, жоспардың жүзеге асуына мән беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Жалпыға бірдей орта білім берудің мазмұнын жетілдіру
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Жаңартылған білім мазмұнына сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz