Даму психологиясының пәнінен дәрістер



1. Тақырыбы: Даму психологиясының пәні мен міндеттері
2. Тақырыбы: Даму психологиясының зерттеу әдістері
3. Тақырыбы: Психология ғылымының дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезге қалыптасуы.
4. Тақырып. Қазіргі шетел психологиясының негізгі бағыттары
5.Тақырып Кеңестік даму психологиясының негізгі теориялық бағыттары.
6. Тақырыбы: Психологиядағы жас кезеңдеріне топтастыру мәселесі
7 Психикалық даму негіздері.
8. Тақырыбы: Сәбилік психикалық жас.
9 Жаңа туған бала
10 Тақырыбы: Нәресте жасындағылардың психикалық даму ерекшеліктері
10. Тақырыбы: Мектепке дейінгі психикалық жас.
11. Тақырыбы:Кіші мектеп психикалық жас.
12. ЖАС ӨСПІРІМДІК ПСИХОЛОГИЯ
13. Тақырыбы: Жеткіншектік психикалық жас.
№14, 15 лекция
Қартаю психикалық жас.
Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі- биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастар дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларды қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады.
Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар өзгерілетін қасиеттер психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.
Даму психологиясы- студенттерді дайындау, олардың білім деңгейін көтеру жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Даму психологиясы пәні негізінде студенттерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру.
Зерттеу обьектісі – бала жасының даму ерекшеліктері, оның жеке басының қалыптасу заңдылықтары.
Зерттеу пәні- жеке адамның психикалық дамуындағы жас даму психологиясы.
Даму психологиясының мақсаты онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар туралы студенттерде жүйелі түсініктерді қалыптастыру.
1. «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы», А.В.Петровский, Алматы-1987жыл.
2. Алдамұратов, Рақымбетов, Іргебаева, Нығметов «Жалпы психология», Алматы-1996жыл.
3. Жарықбаев Қ. «Жантану», Алматы 1996 жыл.
4. Сәбет Бап-Баба «Жантану негіздері», Алматы 2003жыл.
5. Тәжібаев Т. «Жалпы психология», Алматы 1993жыл.
6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және Психология, Алматы мектеп 2002жыл.
7. Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
8 Блонский П. П. Избранные психологические произведения. М., 1964.
9 Божович Л. И. Личность и ее развитие в детском возрасте. М.
10 Выготский Л. С. Мышление и речь. Проблемы психологического развития ребенка.— В кн.: Избранные психологические исследования. М., 1956.
11 Кон И. С. Открытие «я». М., 1978.
Крутецкий В. А. Психология обучения и воспитание школьников. М., 1976.
12 Лейтес Н. С. Умственные способности и возраст. М., 1971.
13 Леонтьев А. Н. Проблемы развития психики. 3-е изд. МГУ, 1972.
14 Леоитьев А. Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975.
15 Мухина В. С. Мектеп жасына дейінгі психология. А., 1986.
16 Петровский А. В., Шпалинский В. В. Социальная психология коллектива. М, 1978.
17 Хрестоматия по психологии (Под. ред. А. В. Петровского. М, 1977.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
1. Тақырыбы: Даму психологиясының пәні мен міндеттері

Жоспар:
1. Даму психологиясының пәні.
2. Даму психологиясының теориялық және практикалық міндеттері.
3. Психикалық дамудың жағдайы мен қозғаушы күші- жас дамуының түбегейлі
мәселесі.

Дәріс мақсаты: Даму психологиясының пәні мен міндеттері туралы ғылыми
теориялардың тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін меңгеруге бағыттау.

Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда
жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа
жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы
жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы
дамуының басты механизмі- биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап
берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады.
Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-
тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар
дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастар дүниесінде
өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларды қоғамдық практика тәжірибесі
қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып
саналады.
Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей
өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар.
Сонымен қатар өзгерілетін қасиеттер психикалық дамудың тірегі және негізгі
шарты болып есептелінеді.
Даму психологиясы- студенттерді дайындау, олардың білім деңгейін
көтеру жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі. Даму психологиясы пәні
негізінде студенттерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу
заңдылықтары жайындағы біліммен қаруландыру.
Зерттеу обьектісі – бала жасының даму ерекшеліктері, оның жеке
басының қалыптасу заңдылықтары.
Зерттеу пәні- жеке адамның психикалық дамуындағы жас даму
психологиясы.
Даму психологиясының мақсаты онтогенездің әр түрлі сатыларындағы
психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар
туралы студенттерде жүйелі түсініктерді қалыптастыру.
Даму психологиясының міндеттері:
1. Жас ұғымының психологиялық ерекшеліктерін, жас даму заңдылықтары
мен механизмдерін зерттеу;
2. Даму психологиясының жалпы және жеке әдістерімен танысу.
2. Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері
мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты проблема.
20 ғасырдың басында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр
түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала
дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды
алуымен ерекшеленеді. Бұл әрине, бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік
әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы
шарттарын толық жоққа шығарды деген сөз емес. Биогенетикалық және
социогенетикалық бағыттар жайын сөз ете отырып, бұндай жіктеуді мүлдем
абсалюттік деп қарауға болмайды. Ол баланың психикалық даму концепциясын
жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.
А.В.Брушлинский еңбектерінде биологиялық фактор мен әлеуметтік
факторларды логикадағы дизьюнктиптік не мынау?, не анау? процестері емес
екенін дәлелдеп берді. Осыған сүйене отырып, шынында биологиялық не
әлеуметтік факторлардың бірі ғана шешеді деу қате. Бұлардың әрқайсысы
өзінің орнында қажет. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғаннан
берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай роль атқармайды деуге
болмайды, Керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы
берілген. Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың
өзі, оның іштен туа берілген несібесі. Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек
түрткі, сол білінбей ұйықтап жатқан несібелерді оятып, соларды дамытуда
негізгі роль атқарады. Осылай деу әлеумет ортасының соның ішінде тәрбиенің
рөлін бірден-бір жоққа шығара алмайды.
Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі-жоғары
нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін,
қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда дамудың психологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі
баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне
еніп және көбініесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің
жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайт
құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алаңдаушылық
пен ырықсыздыққа да итермелейді.
Осыдан физиологиялық қарапайым тұқым қуалай берілетін функциялар
психикалық даму процесінің кейбір жақтарын әсер етуі мүмкін. Бірақ та
олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен
механизмдер көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында
жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі.
3. Балалар психологиясы нәресте мен жас өспірімдердің есею процесін
зерттеп, қайткенде бұлар сапа жағынан тиісті дәрежеге жете алатынын
зерттейді.
Бала психикасының дамуындағы қозғаушы күшке биологиялық және
әлеуметтік факторларды айтуға болады. баланың дамуы мен жеке басының
қалыптасуына оқыту мен тәрбие істерінің ықпалы өте жоғары. Себебі әр жастың
өзіне тән оқыту, тәрбиелеу, білім беру заңдылықтары бар.
Психиканың жас өзгерістері 4 аспектіні қамтиды:
1. Онтологиялық- адамның биологиялық және әлеуметтік сәйкестік
заңдылықтары;
2. Құрылымдық-динамикалық- әр жастағы психикалық құбылыстардың
айырмашылығын және сапалық өзгерістердің байланысын зерттейді;
3. Хронологиялық- адамның жас динамикасын және психикалық эволюциясын
процесс ретінде қарайды. Яғни адамның уақытына және өміріне байланысты
қарайды.
Даму психологиясының қысқаша тарихы ХХ ғасырдың ортасына дейін даму
психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей сол пәннің қоластында болып
келді. Бұған түрткі болған себептер мыналар: Ч. Дарвин (1809-1882) негізін
құраған жануарлар дүниесіндегі сұыпталу заңдылығы. Осыған орай сол ғасырдың
2-ші жартысында дамып шыққан рецепторлар физиологиясының өріс алуы.
Г.Гельмтомның жүйке жүйесінің жұмысын рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеу.
Мұнымен қатар даму психологиясы туралы мағлұматтардың жиналуына біріншіден
әсер еткен балаға туғандардың күнделіктер жазып соған талдау беруі, екінші
жағынан балалар психологиясын зерттеуде эксперимент тәсілдерін кеңінен
қолдану әсер етті.
Бұл зерттеулер көбіне балалардың шартты рефлекстері туралы зерттеу
жүргізілді. Екіншіден, сол кездегі бала психологиясын зерттеуге үлкен үлес
қосқандар: Н.А.Рыбнитков (1880-1961), К.Н.Корнилов (1879-1954),
П.П.Рионский (1880-1941)Д.Б.Эльконин

2. Тақырыбы: Даму психологиясының зерттеу әдістері

Жоспар: 1. Психологиялық зерттеу әдістерін негіздеу оларды даму
психологиясында қолдану жағдайы.
2. Даму психологиясының әдісін талдау.
3. Даму психологиясының әдісін топтастыру сипаттары.

Дәріс мақсаты: Даму психологиясының зерттеу әдістері туралы ғылыми
тұжырымдардың практикадағы мәнділігін нақтылау.

Әдіс ғылыми білім жүйесін қалыптастыру және негіздеудің жолы болып
табылады. Сонымен бірге болмысты тәрбиелік және теориялық тұрғыдан игерудің
тәсілімен қимыл әрекеттерін жүйеледі. Даму психологиясында психологияның
зерттеу әдістері қолданады.
Бақылау- зерттеудің ғылыми әдісі баланың психикалық даму ереекшелігіне
байланысты мәселелерді суреттеп оның ішкі мәнін түсіндіруге және әрбір
фактіні жүйелеуде жүзеге асады. Бпақылау әдісінің негізгі тиімділігі
психикалық құбылыстарды табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігі мол болуы.
Сырттай бақылау- сыналушының әлеуметтік психологиялық құбылысын
сырттай зерттелуші адамдармен, топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп
мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау- адамдардың өзін-өзі бақылап өзінің ішкі жан дүниесін
қалыптасуымен тану жолы.
Эксперимент- баланың психикалық дамуына байланысты психологиялық
деректердің ашылуына жағдай жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы
адамдардың не топтың іс-әрекетіне белсенді араласуы.
- табиғи эксперимент- ойын, оқу, еңбек қарым-қатынасының жағдайларында
жүргізіледі. Ал адам өзінің эксперименттік сынауда екенін сезбейді.
- зертханалық эксперимент- арнайы жағдайларда жүргізіледі. Арнайы
жабдықтар пайдаланады. Сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді.
Сынаушы экспериментке түсетінін сезеді. Бірақ оның толық мәнін аңғармауы да
мүмкін.
Тестілеу- әрбір жастың белгілі бір психологиялық сапаларын сынақтан
өткізіп анықтау.
- психологиялық тест- жас ерекшелігіне байланысты сыналушының
жеке бсының кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін орындалатын қысқа мерзімді,
шағын стандартты сынақ тапсырмаларын береді. Қазіргі таңда адамдардың ақыл
ойын даму деңгейін, бағыт-бағдарын, қабілетін, психологиялық ерекетке келу
мүмкіндігіне кәсіби әрекет қабілеттерін тұлғалық сапаларын анықтаушы тест
жеке қолданылады.
- Құжаттарды талдау әдісі- адамдардың қызымет іс-әрекет өнім
талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі құжатты талдау
әдісі сапалық және сандық болып ажыратылады.
- Құрастырып жобалау әдісі – жас ерекшелігіне байланысты
құбылыстарды таңба күйіне келтіру және адамдардың іс-әрекетінің әр түрлі іс-
әрекетін жасанды құрастырған ортада ұйымдастыру.
-Сауалнама әдісі- жас ерекшелігіне байланысты кейбір теориялық
факторлардың сыналушы іс-әрекетіндегі қолдану айқындылығын анықтау.
-Биологиялық әдіс- жеке адамдардың қалыптасуындағы өзекті жағдайлар
өмір жолы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенудегі ерекшеліктер анықталады.

-Салыстырмалы генетикалық әдіс- әрбір жастағы психологиялық даму
кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
-Социометрия- әлеуметтік психология зерттеу әдісі. Бірлікті іс-
әрекетнемесе оқиғаға арласу мүмкіндігін анықтау мақсатында шағын топтың әр
мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері.
Жас ерекшелік психологияда зерттеу әдістері әрбір жастағы зерттеу
проблемасына сай әдістер жүктеледі. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің
әдістерін жүктеу барысында көптеген ғұламалар жүктеу жүргізді. Солардың
бірі 1910 ж. А.Бине баланың интеллектісін зерттеп әр жастағы балаға
арналған сұрақтың бұл түрін тест деп атайды. Бұдан кейін интеллект
анықтау коэффицентті деген ұғым енгізіп IQ әріптерімен белгіленеді.
Осыдан барып ақыл-ой коэффицентінің формуласы шығады.

3. Тақырыбы: Психология ғылымының дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары
және жеке адамның онтогенезге қалыптасуы.

Жоспар:
1. Баланың психикалық дамуы мен оның жеке басының қасиеттерін
қалыптастыруда оқыту мен тәрбиенің өмірі мен қоғамдық пайдалы істерінің
шешуші маңызы.
2. Оның жеке басы мен мінез-құлқының орнығуына саналы іс-әрекеттің
әсері мен ықпалы.
3. Бала психикасының дамуындағы қозғаушы күш.
4. Баланың дамуы мен жеке басының қалыптасуы оқыту мен тәрбие
істерінің ықпалы.

Дәріс мақсаты: Психология ғылымының дамуының негізгі теориялық мәселелері
туралы ғылыми тұжырымдардың практикадағы мәнділігін нақтылау.

Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде Баланы
оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына
ықпалын тигізбейді деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық
болатын. Сондықтан Ж.Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның
бірі біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, бала
психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын
дамыту үшін алдымен оны оқыту керек,-деді. Выготскийдің айтуынша, оқыту
баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді, Егер Баланы ақылды
етемін десеңдер,- деді Л.С.Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен
даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек.
Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады,-дейді. Бұл
пікірдің сол кездегі совет психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту
бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінеді.
Шетел психологтарының ішінен Дж.Брунер Выготскийдің осы пікірін
жақтады. Бұл сындарды Ж.Пиаже аңғармаған сияқты болып, өзінің осы пікірін
одан әрі ұлғайта бастады, келіспеушіліктің осы түрінің болғанына 50 жылдай
мерзім өтті.
Соңғы жылдары біздің елде В.В.Давыдов, АҚШ-та М.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейв
Ж.Пиаженің пікірлерін қолдады.
В.В.Давыдов Париж қаласында ұйымдастырылған ХХІ халықаралық
психологтар конгресіндегі баяндамасында Пиаженің оқыту ақыл-ойдың дамуына
әсер етпейді дейтін қағидасына қазір дәстүр болып келген оқыту жүйесіне
тікелей қатысы бар, оқытудың бұл түрі баланың ой-өрісін алға қарай дамыта
алмайды,-деген. Осыны айта келіп қазіргі оқыту тәсілдері баланың ақыл-ойын
дамыта алмайтыны дидактиканың мынадай: оқыту баланың оқу үлгеріміне тең
болуы қажет дейтін принципінен де белгілі: егер оқыту баланың сабақ
үлгеріміне шақ келсе, ол осыған қиналмайды; ой-өрісті сүйрейтін тек
қиыншылық. Егер оқу материалы балаға жеңіл түссе, немесе шақ келсе, осының
өзі баланың ой-өрісін дамыта алмайды. Баланың ой-өрісін онан әрі дамыту
үшін оқытудың айласын мүлде өзгерту қажет. Бұл жөнінде автор Д.Б.Элконинмен
бірлесе отырып оқытудың жаңа тәсілдерін бастауыш жастарға енгізіп отырғаны
және осының өзі баланың ой-өрісін сүйрейтін құралы болуы керек екенін
ескертеді.
Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлеріне келсек. Бұл ғалымдар Окатан
деген Мексиканың бір ауданында сауаты жоқ және сауатты адамдардың ой-өрісі
қаншалықты дамығанын тексеру үшін зерттеу жұмысын жүргізіп мынадай
қорытындыға келеді: егер ақыл-ой дегенді Адам бір үйренген тәсілін өзгерген
жағдайда қолдана білу десек, сауатты және сауатсыздар арасында ақыл-ой
жағынан ешқандай айырмашылық жоқ.
Бұл жерде В.В.Давыдов ақыл ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді
шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М.Коул мұны бала бір
үйренген тәсілін өзге . буған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп
түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады. Бұл жерде осы
зерттеулердің екеуінде оқытудың адам психикасының дамуына қатысы бар
екеніне күмәнданады. Демек, екеуінің пікірі Ж.Пиаженің осы жөніндегі
көзқарасына жақын.
Ескере кететін мәселе, П.Гринфилд деген әйел Африка негрлерінің
балары арасында Дж.Брунердің басшылығымен зерттеу жұмысын жүргізіп,
мектепте оқитын және оқымайтын балалардың интеллектісі әр түрлі:
рқығандарда-терең, оқымағандарда- таяз келеді деп қорытынды шығарған
болатын. М.Коул зерттеулеріне сүйене отырып, П.Гринфелдтің қорытындысы шикі
және жете тексерілмеген деген пікірге келді. Осындай қорытындыға келудің
үлкен маңызы бар сияқты. Себебі мұның өзі Октябрь революциясына дейінгі
қазақ елінің балалары мен қазіргі оқыған балалардың ақылының өзара көлемін
түсінуге мүмкіндік береді. Айталық, қазіргі оқыған балалардың ерте
кездегіден айырмашылығы, интеллектасының басым келетінінде емес,
білімінің молдығында деп түсіну керек.
Ал жаңағы сөзінде В.В.Давыдов қазіргі заманның оқытуы бала
психикасының дамуына әсер етпейді дегенде, осының өзі дәстүрге айналған
кәдімгі мектептің оқыту тәсілі жөнінде айтылып отыр. Ал қазірге дейін болып
келген оқыту балаға әсер етпесе, онда оқытудың қандай түрі оның ой-өрісінің
қалыптасуына ықпалын тигізеді? Бұл жөнінде В.В.Давыдов оқытудың жаңа түрі
психиканың дамуына әсер етеді деген сөзін өзінің тәжірибесіне сүйеніп айтып
отыр. Оның пікірінше, қазіргі мектеп балаларда ғылыми ұғымдарға сүйеніп
оқыта алмайды. Бұл жерде ұғым деп оның жалпылау функциясын айтып отыр. Адам
ойлағанда оның сүйенетін ұғымдарының сан алуан дәрежелері кездеседі.
В.В.Давыдов ойды абстрактік деудің өзін кең мағынада, айталық ұғымды өзінше
әрекет ретінде түсінеді. Оның айтуынша оқыту есеюге әсер етуі үшін жас
балалар мына сияқты ой ептілігіне ие болуы шарт: біріншіден, үнсіз сөйлеп
тапсырмаларды орындай білуі, екіншіден, тапсырманы оқушының өзі қалай
орындағанын тиісті оқу-құралындағы жауапты салыстырып тексеруі, егер дәл
келмеген жағдайда бұрынғысын қайтадан шығаруы. Сондықтан ескере кететін
мәселе В.В.Давыдовтың осы жөніндегі пікіріне қарам-қарсы көзқарас та бар.
Бұны қостаушылар Л.С.Выготскийдің оқыту дегеніміз-бала психикасының дамуына
аздап озып отыруы керек деген қағидасына сүйенеді. Психиканың даму мен
оқытудың өзара көлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі әр түрлі
пікірлердің бар екенін білу өте қажет. Себебі, осылардың ішінен қажет
дегенін басшылыққа алуға мүмкіндік туады.
Даму процесінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі,
күрделіленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке
басының тұтас өзгерісін, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да
қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалық іс-әрекеттерінің түрлі қыры
өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі,
тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа
мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық
өзгерістерді бөліп қарауға болады екен. Оларға: баланың жеке басы
бағыттарының жалпы қасиеттері; оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының
ерекшеліктері; сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.
Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму процесінде
қалыптасатын мотивтер сан алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді
зерттеу, оладың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін айқындайтын
жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу
бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімнің талаптарын
орындау маңызды саналып, мектептегі үлгерім бағасын көбірек ойлайды. Кейде
мұндай бағдар біршама формальды қара дүрсін сипатқа ие болады. Екінші
балалар танымдық бағдарымен ерекшеленеді. Олар есептер шығарып, жаңа білім
алғанды ұнатады. Алайда, оқушылар барлық оқу пәндеріне бірдей тырыспайды.
Бұл балалар үшін бағадан гөрі осы сабақтардың танымдық құндылығы қызық
болуы маңыздырақ. Көптеген балалар үшін неғұрлым маңыздысы- айналасымен
өзара қарым-қатынас жасау. Бұл балалардың мінез-құлқы ұжымдағы
құрдастарымен, үлкендермен өзара қарым-қатынасындағы белгілібір позиция
жетістіктерімен анықталады. Төменгі сынып оқушылары үшін кейде оларды
бұрынырақ, тіпті мектепке дейінгі кезде-ақ, қалыптасқан мінез-құлық пен
қарым-қатынастың дағдылы тәсілдері маңыздырақ болып саналады. Жеткіншек
шақта, басқа типтермен қатар, өздерінің жеке басын қалыптастыру мен
нығайтуға тура бағытталуы, сондай-ақ болашақ іс-әрекетке деген мақсат
айқынырақ көрінеді.
Мақсат және оның мотивтерімен байланысы іс-әрекетте анықтаушы мәнге
ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп
қалыптсады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын
белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады.
Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеттің көбіне материалмен, олар іс-әрекет
жасайтын заттық ситауциямен анықталуы тән.
Л.С. Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы.
20-30-жылдары Л.С.Выготскйдің жоғрғы психикалық функцияларды дамыту
функциялары қалыптасты. Выготский Ф.Энгельстің адамның табиғатқа
икемделудегі және өндіріс процесінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін
өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек-
адамның құралмен істейтін іс- әрекеті,ол адамның мінез- құлық типін
өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты.
Адамның бұл ерекшелігі оның іс- әрекетінің жанама сипатта болуынан
білінеді. Жанамалау адмның сыртқы практикалық іс- әрекетінде құрлды
қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс- әрекетінде белгілерді(сөзді,
цифрді т.б) пайдалану негізінде мүмкін болады. Құрал мен белгінің ұқсастығы
(психологиялық жағынан) олардың жанама іс- әрекетті жүзеге асыруға
мүмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың
түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде
өзгеріс туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-
әрекетінің құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс
туғызбай, адамның мінез- құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез –
құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның
өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің табиғи іс- әрекет
түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін шексіз күшейтіп,
кеңейтіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама
іс- әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық іс- әрекетін өзгеріске түседі.
Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсәлдердің (құралдардың
да,белгілердің де) барлығын игеру процесінде жүзеге асады. Міне, сондықтан
да , оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін
ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Демек, психика дамуының
бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдерді меңгерілетін
әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш
мүмкін емес.Сонымен, Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясында адамның
әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы
генетикалық заңын Выготский былайша тұжырымдады: ... баланың мәдени
дамуындағы қандай да болмасын іс- әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда:
әуелі - әлеуметтік, кейін- психологиялық, алдымен интерпсихикалық категория
ретінде адамдар арасында, одан соң интрапсихикалық категория ретінде,
баланың ішінде көрініс береді. Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы
әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы өтуі
қажет.
Бала тілінің маңызды роль атқаратын, Л.С.Выготскидің сөзімен
айтқанда, мінез –құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып
саналатынкөрсеткіш ымның тарихы, міне, осындай. Бастапқыда көрсеткіш ым –іс
- әрекет алдында затқа бағытталған сәтсіз қармау қимылы (қолын затқа қарай
созады, бірақ ұстай алмайды). Балаға ересек адам келіп көмек тесе отырып,
сәбиді қызықтырған заттың көрсеткіші ретінде ымды ұғындырады. Осылайша
көрсеткіш ым сәтсіз қармау қимылынан басқалар үшін көрсеткіш мәні бар ымға
ауысады. Ым- белгіге, қармау- көрсеткішке айналады. Міне, осыдан кейін ғана
бала өз қимылына көрсеткіш ретінде қарай бастайды. Басқаларға деген ым
(белгі) өзіңе деген ымға (белгіге) айналады. Сөйтіп, өзщінің ымын ұғынуға
бала ең соңынан жетеді. Оның мағынасы алдымен объективтік жағдайлар, ал
соңынан баланы қоршаған адамдар арқылы жасалынады.Дәл осы заңдылықты Л.С.
Выготскидің бала тілінің қалыптасуы үстінде де байқаған.Сөз затқа деген
қарым-қатынасты білдіреді. Сөз бен заттың арасындағы бұл обьективтік
байланысты үлкендер баламен қарым-қатынас жасау құралы ретінде пайдаланады.
Сөз баланың өзі үшін де ұғынықты болады. Міне сонда барып бастапқыда
басқаларға әсер ету құралы болған сөз енді өз мінез-құлқын басқару құралына
айналады.
Сонымен барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік
қарым-қатынастары көрініп жатады. Л.С.Выготский адамның психологиялық
табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның
құрылымының формалары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды.
Әлеуметтік мінез-құлықты генетикалық түрде жеке-дара мінез-құлықтан
шығарған дәстүрлі психологияға қарам-қарсы. Л.С.Выготский жоғары психикалық
функциялар алдымен адам арасындағы қарым-қатынастар ретінде қалыптасады да,
тек содан кейін ғана жеке адамның психикалық функциясына айналады деп
көрсетті. Выготскийдің теориясына сәйкес, талас ой толғаныстарын туғызады.
Жеке адамның қалыптасу процесі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның
басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.
Мінез-құлық дамуының құралы ретіндегі сыртқы белгілері баланың ақыл-
ой өрісінің дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың анықтау қажеттілігі
туған жағдайда маңызды көрсеткіш (диагностық) құрал болып та саналады. Ақыл
– ой дамуында кемшілігі бар балаға жүргізілген бақылаулар бала белгілерді
қолданған жерде кемшіліктің орнын толтыру мүмкіншілігі сақталатынын,
дамудың келешегі бар екенін көрсетіп отыр. Ал, белгілерді қолдану бөгелген
немесе қалыптаспаған жағдайда ақыл – ой дамуының да бөгеліске түсетіні
немесе тоқтап қалатыны анықталды.

4. Тақырып. Қазіргі шетел психологиясының негізгі бағыттары
Ғылыми-техникалық үлгі әу-бастан танымдық мүмкіндіктер теңдігіне
сенімсіздік қисынына сәйкес құрылған. Осыдан әлемдік педагогикалық
мәдениетте әр текті сынақтар, рейтингтік баламалар, тәлім-тәрбие
стандарттары мен олардың тығырықты форомалары пайда болуда. Мұнымен бірге
қалыпты талапқа “сәйкестік” тексерісінде, әдетте, бала дамуына қолайлы
жағдай бар ма, жоқ па, ұсынылған стандарт, өлшем нақты адам табиғатына сай
келе ме, келмей ме – бұлар ескерілмейді. Дегенмен, бұл үлгідегінің бәрі
бірдей болымсыз емес. Себебі, ол тек өкілі мүмкіндіктеріне сенімсіздік
негізінде құрылғанымен, бүгінгі өнімді педагогикалық технологиялар мен
қызғылықты жұмыс формаларының пайда болуына жол ашты. Олардан атап айтуға
тұрарлықтары: трафарет бойынша жазу, оқудың балл-ланкастер жүйесі,
алгоритмдеу және бағдарламаластыру, компьютер ойындары, тірек конспекттер
және басқа да күрделі педагогикалық үдерістерді реттеуге, оларды сандық
бағамға келтіруге, кері байланыс түзуге жәрдем беретін формалары.
ССРО-да технократиялық үлгі мектептердегі үкіметтік реформа барысында
1958 жылы ресми бекімін алған еді: оқу жоспарларына ССРО Конституциясы
(азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі пән), психология (адам
жаны жөніндегі ілім), логика (адам ойлауы жөніндегі ғылым негіздері)
шығарылды. Олардың орнына сабақ кестелеріне техникалық және қызмет көрсету
еңбегі мен бастапқы әскери дайындық пәндері енді, орта мектеп ресми түрде
“еңбектік политехникалық” деп жарияланды, дегенмен, оның басты қызметі –
адам мәдениетін қалыптастыру болып қала берді. Аталған дәуір реформасының
бүгінгі мектеп, оқу бағдарламасында сақталып қалған сарқындысы мектеп
дәрісханалары мен ауласын тазалауды оқушы мойнына борыш қып ілген “еңбектік
тәжірибе” әлі өз күшін жояр емес. Ол осылай? Орта Азия мектептері мен
жоғары, арнаулы оқу орындары тәлімгерлерінің ауыл шаруашылық мекемелерінің
егін алқаптарында жазғы, күзгі борышты “еңбек тәрбиесін” өтеуі де сол
заманна сақталып келе жатыр.
Барша кемшіліктеріне қарамастан, технократиялық үлгі оқушылардың
жоғары білімдік деңгейін қамтамасыз етуде өз міндетін ойдағыдай атқарды.
Осы үлгі үстемдігі заманында біздің еліміз, құрдымға кеткен ССРО ғарыштық
кеңістікте өз билігін паш етті. Алайда “білімділікті” ту еткен
технократиялық үлгі “тұлғалық” сапа-қасиеттерді ескермей, мемлекет
қорғанысы азамат тәрбиесінде өз болымсыздығын көрсетті.
Бихевиористік (саналылық, әрекет-қылықтық) үлгі.
Алдыңғыларымен салыстырғанда, бұл үлгі өз негізіне білімдік не мәдени
бағытттарды ұстанбай, психологиялық бағдарды арқау етеді.
Бихевиоризм – бұл әрекет-қылықтық (поведения) психологиялық теориясы:
адамның жауап әрекеті сыртқы ықпал салдары, яғни ықпал (стимул) – жауап
әрекет (реакция).
Бихевиористер адамның жан дүниесіне, оның ішкі қалпына мән бере бермеді,
оларды қызықтыратын бір-ақ нәрсе – сырттай ықпал.
Мектептің саналылық (рационалистік) жобасы осы теориямен тікелей
байланысты. Осы жобаға сәйкес мектеп балалар әрекет-қылығын қалыптастыруға
арналған білімдерді игерту жолы ретінде қарастырылады, яғни мектеп қоршаған
ортаға икемдестірудің тәлім-тәрбиелік тетігі (механизм).
Бұл жоба қолдаушылары мектепті шикі заты мен өңдеу нәтижесі оқушы
болған фабрика ретінде танығанды ұнатады. Оқушылар – өмірдің үшін дайын
өнімі.
Бұл үлгідегі тәлім-тәрбиенің жетекші принципі – үдерістің сыртқы
жағдайларын және нақты әрекет-қылық түрлерін пайда етіп, әрі оларды игеруші
оқушылардың сырттай ықпалдарға жауап әрекеттерін реттеп бару (яғни әрекет-
қылық белгілерін жинақтап, орынды қолдану).
Мектептің мақсаты – оқушы бойында әлеуметтік қалып, талап және заманға
сәйкес мәдениет, күткен икемшіл әрекет-қылық тобын қалыптастыру. Бұл
орайдағы “әркет-қылық” (поведение) термині адамға тән барша жауап әректтер
түрлерін: ой-өріс, сезім және аңдатады (Р.Тайлер).
Мұндай үлгі бағытындағы мектеп оқушының ұиымды әрекет-қылықтарын
қалыптастыру мақсатындағы құрал ретінде қарастырылады. Осыдан,
бихевиористік тәлім-тәрбие мекемесінің басты ұраны: “Мектеп – бұл фабрика,
ал оқушы оның шикі заты”.
Қарастырылуда үлгінің технократизмі оқу мақсаттарын қалыптастыру және
оларды бөлшектей тану қажеттігін айқындай отырып, оқушының қандай ептілік
және дағдыларға үйреніп, игеруі керектігін дәлме-дәл көрсетуінде.
Американ психологі Б.Скиннер “әлеуметтік инженерлік” терминін енгізді.
Осы ұғымға сәйкес әрекет-қылық мәнін ашып, оқу құрылымын ұсынды. Ол бойынша
оқу толығымен нақты дағдылар мен жауап әрекеттер қалыптастыруға арналуы
тиіс:
• Қалайша, телефоннан қоңырау соғу керек?
• Сырқат анамен қайтіп сөйлесу қажет?
• Жауабын білмейтін сұрақтан қалай жол тауып, құтылуға болады?
Бұл қиын да, бірақ қызықты мәселе. Мысалы, Б.Блум химия бойынша келесідей
ақыл-ес амалдарын ұсынады: білу, түсіну, талдау, қолдану, біріктіру (бәрі 5
деңгейлі амалдар).
Химияның қалаған бөлімі бір немесе бірнеше деңгейлі амалдармен
игерілуі тиіс. Бұл үшін өлшемді әрекет-қылық бірліктері болуы шарт. Ал
даму, оқушының шығармашылығы не болмақ? Шаблон және “жеттекке алу”
проблемасы пайда болды.
Солай да болса, нәтижеде “Білімді толық игеру” тұжырымы туындады. Осыған
орай бірден бір шарт – оқу мерзімінің шектелмеуі.
Оқудың негізгі құрылымдық кезеңдері:
• оқушының көзге түсер әрекеттері жиынтығы ретіндегі эталон негізінде оқуды
жоспарлау;
• нақтылы кезеңі: оқушылар білімі, ептілігі және дағдыларының бастау
деңгейін алдын ала нақтылап алу керек;
• ұсыныстар кезеңі: оқудың ниетті нәтижелерін бағдарламаластырып, оның
жағдай-шарттарын анықтап, қалыптастырушы ықпал-әрекеттер түрін белгілеу;
• ұйымдастыру кезеңі: оқушыларға не білуі қажет екені, яғни оқу мақсаттары
түсіндіріліп, тәжірибелік жаттығулар өткізіледі;
• оқу нәтижелерін бағалау және оларды алғашқы көзделген салыстыру кезеңі:
және бір рет тестілеу өткізіледі.
Сонымен, жаттықтыру (тренинг), жеке-даралық жұмыстар, нақтама және қатаң
мерзімді уақыт шектеулерінің болмауы – білімді толықтай игерудің басты
шарттары.
Б.Блум ғылыми топшылаулары да аталған тұжырыммен ұштасқан. Оның мәні:
оқушыға болған ұнамды қатынас пен сенімділік (оптимизм). Ғалым пікірінше,
балалардың баршасы үлгеріп қана қоймастан, табысты оқуға бейімді. Оқушының
болымды қабілеттері орнымен тиімді түзілген жағдайларда және жеке оқу
қарқыны ескерілгенде ашыла түседі.
Б.Блум оқушылардың келесідей топтарын ажыратады:
– қабілеті кемдер (5%). Мұндай оқушылар ұзақ мерзімді оқудың өзінде де
білім қабылдай алмайды;
– таланттылар (5%). Өте жоғары қарқынды оқып, білім қабылдауға қабілетті;
– әдеттегі оқушылар (90%). Бұлардың қабілеттері жұмсалған оқу уақытына
тәуелді.
Осыларды ескерумен жасалған Б.Блум тұжырымдамасы: оқушылардың 95%, уақыт
шектеуі қойылмай, қажетті оқу жағдайлары жасалса, оқу жоспарында
көрсетілген барша мазмұнды қабылдауы мүмкін.
Б.Блум негіздеген оқушылардың білімді толық игеру тұжырымдамасының
ерекшеліктері:
– барша оқушыларға міндетті оқу нәтижелерін жоғары деңгейде есепке алып
бару;
– оқу нәтижелеріндегі айырмашылықтар осы жалпы жоғары нәтижелер сыртында
ескеріледі;
– мұғалім өз оқушыларының бәрі де қажетті оқу материалдарын толық игеруге
қабілетті боларына сенім білдіріп, оқу үдерісін ұйымдастыруға міндетті.
Осы ерекшеліктерді еске ала отырып, келесі әдістемені ұстанған жөн:
1. Мұғалім бүкіл сынып, барша курс үшін толық игерім өлшем-шектерін
(критерий) дәл анықтап, осының негізінде соңғы алынуы қажет нақты оқу
нәтижелерінің тізімін құрастыруы тиіс. Осыған орай тексеру тесттері
түзіледі.
2. Оқу бірліктері ажыралып, оқу материалы біртұтас білімдерге келтіріледі.
Сонан соң осы біліктерді игеру нәтижелері анықталады. Қорытынды бағаға әсер
етпейтін ағымды тесттер жасалады. Бұл тесттерді өткізудегі мақсат: мұғалім
оқушылардың игерім барысына реттеу-түзетулер енгізеді.
3. Әр оқу бірлігі бойынша өз алдына оқу жұмыстарын өткізе отырып, мұғалім
оқушыларын толық игерімге жақындата түседі. Кейін – және тестілеу. Барша
материал бойынша толық игерім бағасын шығару.
Маңызды болатын жағдай: оқушыға баға мәні мен оқу мақсаттарын жіті
түсіндіріп, жеткізу.
“Тәрбие мақсаттарының таксономиясы” атты кітабында, Б.Блум
мақсаттардың келесідей категорияларын ұсынады:
– білім (білу);
– түсіну;
– қолдану;
– талдау (анализ);
– бағалау.
Орташа және үлгерімі төмен оқушылардың қабілеттерін жеделдете дамыту – Блум
тұжырымдамасының басты мәні.
Әдетте әрқилы теориялар, тұжырымдамалар мен үлгілер (парадигмалар)
арасында қатқыл шектер жоқ.
“Білім” деген не? Педагогикалық университет дәрісбаянында
магистранттардың берген жауаптары: Білім – бұл заңдарпринциптер
ұғымдар.
Яғни білім берушілердің өздері білімнің не екенін білмейді.
Білім – бұл деректер, ұғымдар, ережелер, принциптер, заңдылықтар, заңдар,
идеялар, теориялар. Бұл арадағы білім құрамындағы бірліктер материалдың
жалпылану дәрежесіне сәйкес бөлінген.
Бихевиористік жүйе (үлгі) Австралияда, Бельгияда, АҚШ-та, Кореяда 5-8
сыныптарда өз тиімділігін ақтайды деген пікір бар. Корея Республикасында
өткізілген ауқымды эксперименттерде бұл үлгімен оқушылардың 70% жоғары
үлгерімге қол жеткізсе, әдеттегі жүйе – 10-ақ пайыз үлгерім берген.
ССРО аймағында бұл бихевиористік үлгіні Эстонияда белсенді қолданып көрген.
Алайда дамыта оқыту үлгісі саналылық (рационалистік) тұжырымдамасымен
қайшылыққа кезіккен. Осыдан эстондықтар екі үлгі элементтерін біртұтастыққа
келтіруді көздеп, саналылық тұжырымдамасына дамытушы іс-әрекеттер
мүмкіндіктерін қосты. Нәтижесінде, білімдердің міндетті игерілуі тиіс ең аз
көлемі (минимум) жөнінде сөз қозғай бастады. Оқу мерзімін де шектеді.
Үлгерім 60%-ға көтерілді.

Тұлғалық бағытты (гуманистік) үлгі

Технократиялық және бихевиористік үлгілерде біршама ерте гуманистік-
тұлғалық бағытты үлгі қалыптаса бастады. Басты назар бұл үлгіде – оқушының
дамуына, оның ақыл-ес қажеттері мен тұлға аралық қатынастарына аударылады.
Негізгі өзек – оқушыға болған адамгершілік қатынас, оның тұлғалық
кемелденуіне жәрдем беру, сонымен бірге шәкірттің тұрмысқа дайындалып,
икемдесуі де ескерусіз қалмайды.
Сонымен, бұл тәлім-тәрбие жобасының негізі басқа үлгілердегідей субъектті-
объектті байланыстар емес, нақты оқушының дамуы мен өзіндік дамуы, өз
мүмкіндіктерін өзінше паш етуі, оның өмірлік шығармашылдығы мен жеке бас
әрекетшеңдігі (субъекттігі). Әріптестік қатынастарды арқау еткен бірлікті
қызметтестік басты назарда.
Оқушының даму категориясы
Даму деген не? Сапалық қалыптық өзгеріске келіп, жаңа қабілеттердің пайда
болуы. Тәлім-тәрбие желісінде ең алдымен қойылатын талап – баланың ақыл-ес
(интеллектуал) дамуы.
Даму – бұл оқушының белсенділік тұрғысынан біршама жоғары сатыға көтеріліп,
алға тартылған мәселелерді шешуде дербестік пен өзіндік әрекет көрсете
білуі. Танымал психолог Л.С.Выготский пікірінше, бала дамуы екі аймақ
сипатына сай өтіп жатады:
– нақты қажет (актуаль) даму аймағы – адамның өз бетінше игеріп, пайдалана
алатын білімдері, ептіліктері мен дағдылары.
– жақын арада даму аймағы – балалардың ересек адамдардың жәрдемімен ғана
пайдалана алатын білімдері, ептіліктері мен дағдылары.
Даму өз сапаларына орай келесідей ажыралады:
– жалпы (әмбебап қабілеттер, солар арасында тән-дене дамуы);
– арнайы (жоғары қабілеттер, дарындылықпен байланыстылары);
– мәдениеттік (тарихи қалыптасқан өндірістік, тұрмыстық құндылықтарды
меңгеру);
Дамудың ең жоғары сатысы – өзіндік даму.
Білім топтастырудың негізгі тәсілі – тәлім-тәрбиеге деген мәдени танымдық
(культурологиялық) көзқарас. Бұл бағыт оқу пәндерінің бірігіміне
(интеграция), дәуір және мәдениеттің тұтасқан кейпін жасай білуге, мәдениет
пен өркениет ара қатынасын түсінуге, мәдениет қалыптасуындағы әрқилы
саладағы білімдер маңызын пайымдай білуге негізделген.
Аталған ара қатынастарды жете түсінген психологтар, социологтар, жоғары
білімді бастауыш, орта мектеп мұғалімдері және де басқа мамандар бізде
жеткіліксіз. Осыдан, тәлім-тәрбиені гуманитаризациялаудың тиісті сатысына
әлі де көтеріле алмай жатырмыз (В.С.Кукушин).
1993 жылы Азов қаласында өткен “Адам құқығы” атты халықаралық семинарда
“Адам және қоғам” пәнін мектепте оқыту жөнінде әңгіме қозғалды. Италия,
Англиядан келген профессорлар тұлғалық бағытты үлгіні іске асыру үшін бұл
пәнді барша мектептер мен жоғары оқу орындарында жүргізу қажеттігін ұсынды.
Пән үздіксіз өтілуі тиіс:
• бастауыш мектепте – адам құқығы жөніндегі сұхбаттар;
• жас өспірімдер оқуында – “Азаматтану” пәнімен таныстыру;
• жоғары сынып оқушыларымен – “Адам құқығы және демократия негіздері”
тақырыбын талқылау.
Батыс ғалымдар пікірінше, мектеп құқықтық қоғамның моделі болуға тиіс.
Алайда, әміршіл-әкімшіл басқарудан сіңірі шыққан кеңестік дәуірдің
ықпалынан шыға алмай жатқан бүгінгі мектебімізде бұл жобаны іске асыру
қиындау болып тұр.
Тәлім-тәрбиенің гуманистік үлгісін жүзеге келтіру жағдайларында басты
мәселе – әр адамның Ақиқатты өзі таба білуі, яғни таным жолы. Бұл үлгінің
түпкілікті өз мәніне сай ұраны: “Таным – бұл күш-қуат!” Тұлғалық бағытта
педагогикалық үдеріс екеу ара не ауқымды қауым арасында өтерін “суырып
салма” әңгіме сұхбатқа негізделуі тиіс. Мұндай оқу жағдайында шектеу
ережелері, біртарапты шындық болмайды, осыдан ортақтасу нәтижесі, рухани
құндылықтар алмасуы қолдау-қуаттау, яғни “ия – ия” мәнімен анықталады.
Гуманистік үлгі ұстанымдарының бірі – бала мен ересектің құндылықты-мәнді
теңдігі. Теңдік мәні олардың білім және тәжірибесінің бірдейлігі мен тең
бағалылығында емес, таным субъекттерінің әрбірінің әлемді түбегейлі әрі
шексіз тануға деген құқықтарының болуында. Өз заманында әйгілі педагог
Я.А.Коменский “Баршаны баршаға үйрету” деп ұрандағаны бекер емес.
Мектептегі педагогикалық іс-әрекет нәтижесін шамалаудың бастау нүктесі –
адам, оның өз болмысына сәйкес уақыт пен кеңістікте әрекетке келуі.
Тұлғалық бағытты, яғни гуманистік үлгі ара қатынастарды “субъект-субъект”
байланысында орнықтыруды ұсынады. Мұғалім және оқушы қызметтерін, бірлікті
шығармашылық жағдайында өз ара келісе отырып, іс-әрекет мақсатын, мазмұнын
нақтылайды, бағалау формалары мен өлшем-шектерін белгілейді. Педагогикалық
ықпал “объекті” қалпының нақтамалық өзгерістері тәлім-тәрбиелік ажыратуға
таңдау, електеу құралы бола алмайды. Төмен үлгерім көрсеткіштері адамның
қажетті сапалары жөнінде пікір айтуға негіз бола алмайды, олар тек кәсіби
жұмыстың болашағы мен мүмкіндіктерін бағалауға бастау ғана болуы мүмкін.
Бағалау аймағы өлшемдері енді тұлғааралық байланыстар сапасының дәрежесімен
орын ауыстырады.
Гуманистік үлгі педагогикасында адамға болған сүйіспеншілік, балаға деген
мейір – кәсібиліктің белгісі, осыдан да бүгінде классикалық болған көптеген
кітаптардың авторлары “Баланы қалай сүю және түсіну қажет?” деген сұрақты
айналып өткен емес.
Сүйіспеншілік әрбір адамның шығармашыл қабілеттері мен мүмкіндіктеріне
сенім ұялатады, ал ымырашылдық – педагогке данагөйлік сыйын тартады.
Педагогика тарихында мұндай өнегені И.Г.Песталоциден, Я.Корчактан,
К.Н.Вентцельден, Л.Н.Толстойдан, С.Т.Шацкийден, В.А.Сухомлинскийден, ал
бүгінгі күнде өз еліміздің озат педагогтары К.Нұртазинадан, К.Нұрғалиевтен,
А.Искаковтан, К.Айтқалиевтан және көптеген т.б. алуымызға болады.
Гуманистік үлгі өкілдері бір текті көзқарастан аулақ. Үлгі шеңберінде тәлім-
тәрбиенің көпсанды және әрқилы жобаларының болуын мақұл тұтады. Оларды бір
арнада әріптестік келісім қатынасында біріктіретін мәселелер – адам
өмірінің бірегей кезеңі бала мен балалық шаққа құндылықты қатынас, тәлім-
тәрбие дамуын мектептің басты міндеті деп мойындауында. Гуманистік үлгі
шеңберіндегі әрбір тәлім-тәрбиелік жүйе үздіксіз шығармашыл ізденісте
болып, өзіне тән меншікті мазмұн, әдістер, оқу және тәрбие құралдарын
қарастыруда. Тұлғалық бағытты үлгі оқушының да, мұғалімнің де еркіндігі мен
шығармашылдығын қолдап, қуаттайды.
Аталған үлгі Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие кеңістігіне 90-
жылдардың басында министрліктің бұйрығымен емес, жер-жердегі мұғалімдер
қалауымен еніп, кейін ол “Қазақстан Республикасының Білім Заңында
Ресми бекімін алды. Бұл педагогикалық бағыт біздің еліміз үшін аса маңызды
да қадірлі, себебі оның ұлағаттайтыны мәдениет, тәлім-тәрбие және
табиғаттың бірегей туындысы – Адам.
5.Тақырып

ЖОСПАР

І.Кіріспе
ІІ. Негізі бөлім
1. Кеңестік даму психологиясының негізгі теориялық
бағыттары.
2. Әскери психология
3. Әлеуметтік немесе қоғамдық психология
ІІІ. Қорытынды.

1. Кеңестік даму психологиясының негізгі теориялық бағыттары.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке
ғылым саласы ретінде орнықты.
XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия,
Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының
жетекші бағытына айналды.
Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген.
Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік
психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ
динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық
құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың
психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі
болды.
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-
1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын
ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері"
(1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың
назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу,
есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген
Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім
тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік
психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі —
психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері
интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада
негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде
жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі
— теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі
аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің
аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам
ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология
теорияларына ықпалы зор.

ІІ.2. Әскери психология
Әскери психология (Военная психология) — әскери қызмет жағдайындағы
адам психикасының зандылықтарын (түйсік, қабылдау, ойлау, сезім және т.б.)
зерттейтін психология саласы. Әскери психология әскери қызметшілердің
психологиялық, қасиеттерінің қалыптасу зандылықтарын (қызығушылық, дағды,
қабілет, мінез, темперамент және т.б.), сондай-ақ жауынгерлердің санасы мен
эмоциясын зерттейді. Бұл зерттеулердің нәтижелері қарулы күштердің жеке
құрамы бойында кажетті ерік сапаларын тәрбиелеу кезінде тәжірибелік
тұрғыдан қолданылады.
Әскери психология — әртүрлі әскери іс-әрекеттердің психологиялық
мәселелерін, оның әлеуметтік тарихи жағдайларға сәйкес даму деңгейлерін,
жауынтерлердің жеке басының даярлығын, әскери ұжымдардың жауынгерлік
қабілетін, саяси қырағылығы мен әзірліктерін зерттейтін психология
ғылымының арнаулы саласы. Кеңес үкіметі тұсында әскери психология Кеңестік
армия құрылуымен қатар пайда болып, мемлекеттің қарулы күиггерін және Отан
қорғауды қамтамасыз ету мақсатында дамып келді. Әскери психологияның ғылыми
астары оның теориясы мсн практикасын жетілдіру, әскери қызметтегілерді
оқыту, тәрбиелеу, оларға ақыл-кеңес беріп, солдаттардың жауынгерлік рухын
көтерудің психологиялық аспектілерін зерттеуге арналады. Әскери
психологияның негізгі мәселелері: әлеумет, еңбек, инженерлік және
педагогикалық психологиямен байланысты. Әскери психология: әскери-
әлеуметтік, әскери-авиациялық, әскери-теңіз психологиясы салаларына
бөлінеді. Бұл салалар ерекше жағдайлардағы (экстремалдық) әскери
құрамалардың тыныс-тіршілігінде туындап отыратын құбылыстар мен
зандылықтарды зерттейді. Әскери психология дербес ғылым ретінде бірінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңында дүниеге келді. Онда ірі әскери құрамаларға
басшылық ету, ұрыс даласында жеңісті қамтамасыз ету мәселелеріне назар
аударылды. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан жағдайында әскери қызметтің сан
саласында әскери психологияның іргесін қалаушы Бауыржан Момышұлы болды. Ол
қазақ, орыс тілдерінде "Соғыс психологиясы" еңбегін жазды.

ІІ.3. Әлеуметтік немесе қоғамдық психология
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos —
сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың
қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің
рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да
басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай
жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология
қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан
қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және
тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны
стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл
ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.
Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
тұлға психологиясы;
ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың
өзара әрекеттесуі;
түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.
Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен,
философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.
Қорытынды.
Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен
нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір
сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының
нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер
социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын
ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен
заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың
жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен
қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін
ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың
қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық
сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.
Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму
тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл
бөліне бастады.
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Ғылым саласы ретіндегі әлеуметтік психологияның зерттеу объектісіне
мыналар жатады:
адамдар арасындағы ақпарат алмасу және өзара әрекеттесу заңдылықтары,
атап айтқанда, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар құрылымындағы
жүздесудің рөлі, оның құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер
ету амалдары;
таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы мен отбасы сияқты шағын
әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, бұған қоса ұжымшылдық,
басқару жөне жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің
тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу;
тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына
талдау жасау, әлеуметтену ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ. ғ. Басындағы қазақ этнопедагогикасының негізін салушылар
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Темперамент туралы дәрістер
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы педагогика- психологиялық ой-пікірлер
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
В. Вундттың психологияда сіңірген еңбегі
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Пәндер