1 сыныптарда математика пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері



Кіріспе
І тарау. Бастауыш сыныптардағы интеграциялап оқытудың теориялық негіздері.
1.1 Интеграция, интеграциялап оқыту туралы түсінік.
1.2. Бастауыш сыныптардың оқыту процесінде білімдерді интеграциялаудың жолдары.
II.тарау. 1. сыныптарды математика пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге асыру әдістемесі.
2.1 Бастауыш мектепте математиканы интеграциялап оқытудың мүмкіндіктері.
2.2 Педагогикалық тәжірибе және оның нәтижелері
Қорытынды
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандартында: “Бастауыш сатыда жекеленген пәндер, ең алдымен, оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыруға, яғни оның жекебас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет ететіндіктен, бала мазмұнының интегративтік біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бір класта барлық пәнде бір мұғалім оқытуының да мәні осында,”- деп атап көрсетілген. Осыған орай қазіргі кезде бастауыш сатыда берілетін білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету көкейкесті мәселенің біріне айналып отыр. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінің интегративтік тұрғыда ұйымдастырылуы баланың интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы айнала қоршаған дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.
1. Қазақ Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. – А., 1988

2. Берулаева М.Н. Интеграция общего и среднего профессионального образования. Советская педагогика., 1990, №9.

3. Гмурман Г.Е. Уточнение и систематизация понятий и терминов в педагогике. Сб. науч. трудов. Интегративные процессы в педагогической науке и практике коммунистического воспитания и образования. – М., 1983.

4. Жунусова К.Ж. Языковой аспект интеграции содержания образования. Советская педагогика. 1990, №1.

5. Интегративные процессы в педагогической науке и практике коммунистического воспитания и образования. – М., 1983.

6. Леднев В.С. Содержание общего среднего
образования: пробдемы и структуры. – М., 1980.

7. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения.
– М., 1981

8. На пути к новой школе. – Таллин, 1989.

9. Оспанов Т.К., «Интеграция» ұғымына педагогикалық
Баранова И.В. тұрғыдан түсінік берудің жайы. // Қазақ мектебінің білім мазмұнымен оқыту әдістерін жетілдірудің мәселелері. – Алматы, 1991

10. Жүнісова Қ.Ж. Мектепте білім мазмұнын интеграциялап оқыту не үшін керек? // Қазақ мектебіндегі білім мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдірудің мәселелері. – Алматы, 1991.

11. Молдабеков Ж. Білім мазмұнын интеграциялау проблемасына қысқаша тарихи шолу.// Қазақ мектебіндегі білім мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдірудің мәселелері. – Алматы, 1991.

12. Жапанбаева Н. Кешенді – интеграциялап оқыту – оқыту процесін жандандырудың тиімді құралы. // Қазақ мектебіндегі білім мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдірудің мәселелері. – Алматы, 1991.

13. Молдабеков Ж. Білім мазмұнын интеграциялау проблемасына қысқаша тарихи шолу.// Қазақ мектебіндегі білім мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдірудің мәселелері. – Алматы, 1991.

14. Кенжебаева М.У. 5 сыныпта математика мен информатика сабағын интеграциялап оқыту.// Қазақ мектебіндегі білім мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдірудің мәселелері. – Алматы, 1991.

15. Колягин Ю.М., Интеграция школьного обучения.
Алексеенко О.А. // Начальная школа. 1990, №9.

16. Маженова А.Б., Қазақ мектептерінің болашағы: ойлар мен Оспанов Т.К. ұсыныстар. Қазақстан мектебі. 1989, №8.

17. Маженова А.Б., Содержание образования в казахской Оспанов Т.К. школе. Советская педагогика. 1990, №1.

18. Методологические проблемы взаимодействия общественных, естественных и технических наук. Под. ред. Б.М. Кедрова и др. – М., 1981.

19. Павлович Г. Интеграция – дифферанция, прогресс в кн: Интегративные тенденции в современном мире и социальный прогресс. – М., МГУ, 1989.
19. Проблемы и тенднции развития школы в современном мире. – М., 1988.

21.Ожегов С.И. Словарь русского языка. Русский язык. – М.,1984.

22. Светловская Н. Об интеграции как от методическом явлении и ее возможности в начальном обучении. Начальная школа. 1990, №1.

23. Советский энциклопедический словарь. – М., Советская энциклопедия, 1984

24. Словарь иностранных слов. М. Русский язык. 1986.

25. Шабалина Э.П. На пути обновления начальной школы.Нужны ли интегративные курсы. Начальная школа. 1989. №1.

26. Оспанов Т.К. Математиканы оқыту әдістемесі. 1- сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. – А.,” Атамұра“, 2001

27. Оспанов Т.К. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық.-А.,” Атамұра“, 2001.
28. Бастауыш мектеп журналы. 1990-2001.

29. Оспанов Т.К. Бастауыш кластарда математиканы оқыту.-
А., 1987.

30. Оспанов Т.К. Математиканың бастауыш курсын
Құрманалина Ш.Х оқыту әдістемесі. 1-бөлімі. –А., 1995.

31. Оспанов Т.К. Математиканың бастауыш курсын оқыту
Құрманалина Ш.Х әдістемесі. 2- бөлімі. –А., 1996.

32. Истомина Н.Б. Методика обучения математике в начальных классах. –М., 2001.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік
стандартында: “Бастауыш сатыда жекеленген пәндер, ең алдымен, оқушыда
мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыруға, яғни оның жекебас тұлғасын
тәрбиелеуге қызмет ететіндіктен, бала мазмұнының интегративтік
біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бір класта барлық пәнде
бір мұғалім оқытуының да мәні осында,”- деп атап көрсетілген. Осыған
орай қазіргі кезде бастауыш сатыда берілетін білімнің интеграциялануын
қамтамасыз ету көкейкесті мәселенің біріне айналып отыр. Бастауыш
мектептің оқу-тәрбие процесінің интегративтік тұрғыда ұйымдастырылуы
баланың интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық
құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы айнала қоршаған дүниенің біртұтас
жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік
береді. Білім мазмұнының интегративті тұрғыдағы біртұтастығын зерттеу
ерте замандардан қолға алынып келе жатқан мәселенің бірі болып
табылады. Интеграциялап оқыту мәселесі көптеген прогресшіл педагогтарды
бұрыннан-ақ толғандырып келген Я.А.Каменский (1569-1670). И.Г.Песталоцци
(1746-1827). К.Д.Ушинский (1824-1870). Л.Н.Толстой (1828-1910) ұлы
педагогтардың еңбектерінде интеграциялап оқытудың кейбір мәселелеріне, атап
айтқанда пән аралық байланыс мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Сонымен бірге
шығыстың ұлы ойшылдарының (Әл-Фараби т.б) мұраларында, ал бертін келе
қазақтың ағартушы педагогы Ы.Алтынсариннің еңбектерінде пәнаралық байланыс
идеяларына да мән берілгенін көреміз.
Қазіргі кезде интеграциялап оқыту проблемасының педагогикалық және
әдістемелік негіздері қарастырылған еңбектер арасынан Даниловтың,
И.Д.Зверевтің, С.А.Рубинштейннің, Д.Б.Элькониннің, ал Қазақстанда
А.А.Бейсембаеваның, Р.Аббакованың, Н.Оразахинованың, Г.Шолпанқұлованың
еңбектерін ерекше атауға болады.
Дегенмен, мектеп тәжірибесінде интеграциялап оқытуды жүзеге
асыруда мұғалімдердің біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі: Атап
айтқанда, олардың көпшілігі оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер
арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыста
қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттері мен іс-әрекеттерін
дамыту, алған білімдерді жинақтау және тәжірибеде қолдана білуге үйрету
мәселелерін бүгінгі күннің талабына сай шеше алмай отыр.
Сондықтан осы мәселені шешудің жолдарын іздестіру үшін біз диплом
жұмысымыздың тақырыбын 1 сыныптарда математика пәнін интеграциялап оқытуды
жүзеге асыру мүмкіндіктері деп алдық.
Диплом жұмысын жазуда біз алдымызға мынандай мақсат қойдық:
Интеграция ұғымының педагогикалық әдебиеттегі анықтамаларына шолу жасай
отырып, 1-сыныптарда математика пәнін оқыту барысында оны жүзеге асырудың
жолдарын көрсету.
Қойылып отырған мақсаттан төмендегідей міндеттер
туындайды:
1. Тақырыпқа сай әдебиеттерді жинақтап талдай отырып, интеграция
ұғымына сипаттама беру.
2. Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында интеграциялап
оқытуды жүзеге асырудың әдістемелік жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардағы оқыту процесі.
Зерттеу пәні: 1-сыныптарды интеграциялап оқыту.
Зерттеу әдістері : ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиетті оқып-
үйрену және оларға талдау жасау.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден екі тараудан және қорытындыдан
тұрады. Соңында жұмысты орындау барысында пайдаланылған әдебиет тізімі
келтірілген.

І тарау. Бастауыш сыныптардағы интеграциялап оқытудың теориялық негіздері.

1. Интеграция, интеграциялап оқыту туралы түсінік.
Қазіргі кезде бастауыш сыныптардағы білім мазмұнын жетілдіре түсудің
ұтымды жолы немесе негізгі ғылыми идеясы интеграция проблемасын шешумен
ұштастырылады. Демек, педогогикалық және әдістемелік тұрғыда интеграция
сөзі әр алуан тіркесте бірде термин ретінде қолданса, басқа жағдайда ұғым
деңгейіне дейін көтеріледі. Олай болса, бұл сөздің мән – мағынасын аша
түсіп, оны педогогикалық категория ретінде анықтау қажет болады. Осы
мәселеге қатысты педогогикалық және әдістемелік әдебиеттерге жасалған
шолудың нәтижесі түрліше мақсатта және мағынада интеграция,
интеграциялау, интеграцияланған, интегралды, интегралдау,
интегративті сөздерінің жиі қолданатынын көрсетеді. Шынында да ғылым мен
практиканың әр түрлі салаларында бұл терминнің кең көлемде қолданылуы заңды
құбылыс болып табылады. Ал оның педогогикалық мағынада жиірек қолданыла
бастауы тек қана біздің елде емес, сонымен бірге бүкіл дүниежүзі елдерінде,
халыққа білім беру мәселесінің беталысы мен даму бағытынан туындап отыр
деуге толық негіз бар. Өйткені интеграция проблемасына деген көзқарас,
ықылас пен ілтипат күннен – күнге үдей түсуде. Дегенмен де осы термин
анықтайтын ұғымның әр алуан мағына білдіретінін, сондай – ақ, сәйкес
ұғымның мән- мағынасын түсіндіріп беруде бірізділіктің болмай отырғандығын
да ескермеуге болмайды. Профессор Т.К.Оспанов және ғылыми қызметкер И.В.
Баранованың пікірінше, басты себептерінің бірі ретінде терминді
қолданушылық оның лингвистикалық сипаттамаларын ғана басшылыққа
алатындығында авторлар бұл терминнің бір сөздікке біріктіру, құрастыру.
реттеу осы процестердің нәтижесі және белгілі бір жолмен жөнге келтіру
сияқты ұғым берілгендігін (краткий словарь по социологии М..Политиздат,
1988) кейбір ғалымдардың (Максимова В.Н.) ғылыми білім негіздерінің
интеграциясы мен дифференциясының бірлігі – оқу туралы әр алуан пәнаралық
байланыстардың көзі болып отырғандығын ерекше атап көрсететінін айтады.
Т.Оспанов және басқалар сол сияқты осы ұғымның мағынасын ашуда мынадай
мысалдар келтіреді: интеграция, латынның untegratio - қалпына келтіру,
қайта құру, толықтыру сөзінен шыққан және бірнеше салаға тарамдалумен яғни
білімнің дифференциялануымен қарбалас жүретінін өзара жақындасумен
байланысты білдіретін процесс ретінде түсіндіріледі (советский
энциклопедический словарь М. Советская энциклопедия, 1984) Интеграциялау
- бөліктерді бүтін шығатындай етіп біріктіру (С.И. Ожегов Словарь русского
языка, 1984) қандай да бір бөліктердің элементтердің бүтінге
біріктірілуі және бірдей типті қоғамдық құрылыстағы екі немесе одан да көп
мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының өзара бейімделу және біріктірілу
процесі. (Словарь иностранных слов М. Русский язык, 1986 ). Бұл
түсіндірмелердегі интеграция сөзінің жалпы мағынасы бірдей екендігі
байқалады да, ал сол сөзді ғылыми термин деңгейіне көтеру үшін оның қандай
да бір мәнді белгісін бөліп көрсетудің қажеттігін аңғартады. Демек,
біріктірудің өзі қалай болса, солай жасала салмайды, алдымен оның негізіне
алынатын жалпы мақсат, міндет, шарт, белгі т.б.с.с. нақталуы тиіс екендігін
ескеруге тура келеді.
Интеграция ұғымының процесс, қалып, күй ретінде анықталып отыруына
мына мысалдарды келтіруге болады.
Интеграция жаңа байланыстардың жасалуын сапалық емес, сан жағынан
көбеюі деп қана қарастырылу жөн болмайды. Бұл процесте байланыстардың
саны жаңа сапаға ауысады, яғни жалпы алғанда бұрын ғылымда белгісіз
болған немесе қанатын кең жая қоймаған және сипаты өзгеше мәселеге көрініс
береді. (Интегративные процессы в педогогической науке и практике
коммунистического воспитания сб. Науч. 1983 ). Интеграция белгілі бір
жағдай қозғалысқа келуі және дамуы, сонда оның элементтерінің саны өседі
және олардың өзара әсері күшейе түседі, яғни элементтердің өзара байланысын
артады да, олардың бір – біріне қатысты салыстырмалы бірлестігі бәсеңдейді,
осының бәрінің нәтижесінде жүйенің тарихында болмаған өзара әсердің жаңа
түрі пайда болады (Павельциг Г. Интеграция – дифференция прогресс,
интегративные тенденции в современном мире и социальной прогресс МГУ,
1988).
Интеграция – жүйе құрамын енетін әрбір элементтің өзімен тікелей
байланысты болатын сапалық түрлендірулерге және оның дамуына жаңа
бағыттарына тәуелдігін сипаттайтын табиғи процесс (краткий словарь по
социологии М. Политиздат 1988). Интеграция ұғымын методологиялық принцип,
заңдылық, белгі, сондай – ақ ойлаудың, танымның тәсілі ретінде өте сирек
болсын кездесетін түсіндірмелерге ұғымның мазмұндық сипаттамасынан ерекше,
мәнді, сипаттамалық белгілерін атап көрсету оны категорияға жатқызу жағы
басымырақ болып келеді. Мәселен, интеграция барлық ғылымға ортақ қатынас ол
білімнің объектіге қатынасын, білім мазмұнының оны шығарып алу тәсіліне
сәйкестігін білдіреді. (Интегративные процессы в педогогической науке и
практике коммунистического воспитания и образования,1983)
Интеграция барлық ғылымның дамуының негізгі бір бағыт ғана емес,
сонымен бірге ол дамудың (кілтістемпес) заңдылығы... Интеграцияның
арқасында ғылымның қандай да бір саласында басқа салалардағы білімнің
жетістіктері пәрменді қолданылады. (Советская педагогика. 1987,№1,№2).
Интеграция - ғылымның жаңаша ұйымдастырылуы ғана емес, мұндағы басты
мәселе – ғылымның ішкі қалпы, күйі зерттеудің жаңа тақырыбына барабар
бейнелеудің бірден-бір шарты және мұнда оның барлық қырлары бір мезгілде
өзара байланысты нақты бейнеленеді. (Методические проблемы взаимодействия
общественных, естественных, технических наук Б.М. Кедрова и др. М.1984).
Интеграция ұғымының қөп мағыналығы оны педагогиканың әр алуан салаларында
(дидактика, тәрбие теориясында, дербес пәндердің оқытылуы әдістемесінде)
пәрменді қолдануға мүмкіндік туғызуда. Атап айтқанда: экономикалық,
қоғамдық, саяси, еңбек, мәдени өмірдің әр түрлі салалары мен мектептің
өзара әсерін тигізетін бағытында, жастарға білім берумен байланысты
дайындықты, білім берудің әртүрлі салаларындағы жалпы педагогикалық
заңдылықпен табиғи ұштастыруға, оқыту жүйесінің дидиктикалық заңдылықтары
мен тәрбие берудің шешілуін үйлестіру.
Осы бағытта арнайы жүргізілетін жұмыстың барысында жоғарыда шолу
ретінде қарастырылған Интеграция терминінің әр алуан түсіндірмелік
салыстырудың нәтижесінде осы проблеманы зерттеушілердің тобы мынандай
тұжырымдарға, қорытындыларға келді.
1. Көпшілік жағдайларда интеграция ұғымы әрдайым орынды бола бермейтін
(біріктірілуі), қосылуы сияқты түсініктерге келтіріледі. Сонымен бірге
осы ұғымды жалпының құрамында көрініс беретін дербестің жаңа сапасы
ретінде түсіндіруге де болмайтын сияқты, Өйткені интеграция аса күрделі
деңгейдегі құбылыс іспеттес.
2. Ұғымның категориялық қатары әлі де болса толық түрде анықтала қоймаған
сияқты. Әсіресі, осы ұғымды методологиялық деңгейде анықтауды, яғни
принцип, заңдылық, белгі, ойлаудың және танымның тәсілі ретінде
анықтаудың жетілдіре түсуі жөн,
3. Педагогиканың әр алуан салаларында интеграция ұғымының кеңінен
қолданылуы, сондай-ақ интегративтік процестердің педагогика ғылымы
дамуының негізгі бағытына айналуы осы ұғымға қатысты терминологияны жан-
жақты жетілдіру және ол терминді қолдануды қамтамасыз ету тұрғысынан
арнайы зерттеулер жүргізу педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің бірі
екендігін байқатты.

1.2. Бастауыш сыныптардың оқыту процесінде білімдерді интеграциялаудың
жолдары.
Педагогикалық ойдың аса көрнекті өкілі Я.А.Коменский мектепте
шәкірттердің ақылы даланың жарығымен нұрланып, олар барлық құбылыстың ашық
және жасырын тұрған құпияларын жылдам түсініп, адам жаны мен қимылының
сырларына еніп, жалпыға ортақ, ізгілік үндестігіне жетерлік бағытта
тәрбиеленуі тиіс - деп атап көрсеткен. Я.А.Коменский интегратциялап оқыту
мәселесіне байланысты өз ойын айқындай келіп: Ғылымның бір саласынан, оны
басқа ғылымдардан бөлек алып, балаға жан – жақты білім беруге болмайды, -
деп түйіндейді.
Интеграциялап оқыту білім беру мен оқыту талаптарының бірі болып
табылады. Ол білімдерді тәртіпке жүйеге келтіреді, білімнің саналы
игерілуімен беріктігін қамтамасыз етеді. Білімдерді интеграциялау арқасында
бірқатар оқу пәндеріне ортақ жетекші қағидалар, ұғымдар, деректер, ғылыми
таным әдістері арасында өзара байланыс орнығады.
Профессор Т.С.Сабыров пәнаралық байланысты дидактиканың негізгі
принциптерінің бірі ретінде жіктейді. Оның оқыту теориясындағы барлық
принциптер мен заңдылықтар өзара тығыз дидактикалық бірлікте қарыстыруды
көздейтін және мазмұны жағынан бір – біріне жақын пәндердің өзара және жеке
ішіндегі материалдар арасындағы байланыстарын анықтап оқушылардың білімін
тереңдетуге болатындығын дәлелдейді.
Педагогика теориясындағы интеграциялап оқыту мәселесін
қарастырғанымызда оның ғылыми негізіне тереңірек үңілгеніміз жөн.
Бұл мәселенің негізгі материалистік дидактиканың ғылымдардың
дамуындағы интеграциялық және диференция процестерінде жатыр.
Интеграциялық және дифференциялық процестер ғылым дамуының маңызды
заңдылығын бейнелейді. Бұл біртұтас таным процесінің ең мағаналы айрықша
екі бағыты. Осы екі бағыт біріне – бірі қарама – қарсылығымен қатар, олар
өзара шартты байланысты болады. Бұл бір жағынан, объективтік шыңдылықтың
көп сапалығын көрсете, екінші жағынан әлемнің біртұтастығынан туындайды.
Осы қағида тұрғысынан білім берудің мазмұнын қарайтын
болсақ, ол оқу пәндері жиынтығы және олардың өзара байланысы болып
табылады. Қазіргі кезеңде оқу материялын дифференциялау оның
интеграциялауымен бір тұтас қаралуы керек. Бұл мәселені шешу пән
аралық байланысты талдаумен ұштасады.
Пәнаралық байланысты болуының заңды екендігін білім беру
мазмұнының төмендегідей алғы шарттары дәлелдейді.
Біріншіден, оқытылатын ғылым негіздері оқушылардың танымдық іс -
әрекеті жиынтығымен өзара байланысты болды. Адамды қоршаған орта жөнінде
оқушылардың ғылыми негіздерін оқу барысында игеретін ғылыми білімдер барлық
оқу пәндері мазмұнында бар.
Екіншіден, оқытылатын ғылым негіздері тұлғаның бағыттылығын
қалыптастыру тұрғысынан өзара байланысты. Тұлғаны қалыптастыруда әрбір
пәннің өзіндік үлесі бар.
Үшіншіден, оқытылатын ғылым негіздері тұлғалық коммуникативтік сапасын
қалыптастыруы тұрғысынан өзара байланысты. Жалпы алғанда – бұл
коммуникативтік құрал ретінде оқушылардың сөйлесуін дамыту.
Төртіншіден, оқытылатын ғылым негіздерінен алған білім және оның
тәжербиеде жүзеге асуы болып табылады. Кез – келген іс - әрекеттің,
мұнымен қатар камуникативтік, талғамдық және күш – қуаттың жақтары болады.
Бесіншіден, оқытылатын ғылым негіздері тұлға эстетикалық тәрбие беру
тұлғасынан өзара байланысты. Тұлғалық эстетикалық сапаларын қалыптастыруға
барлық пәндердің де өзіндік қатысы бар.
Алтыншыдан,оқытылатын ғылым негіздері, тұлғаның жекелігін
қалыптастыру тұрғысынан өзара байланысты.
Жетіншіден, оқылатын ғылым негіздері тұлғаны дамыткдағы дене тәрбиесі
тұрғысынан өзара байланысты.
Сегізіншіден, оқытылатын ғылым негіздері мен реті тұрғысынан өзара
байланысты.
Міне, біз пән аралық байланыстың ғылымға белгілі бағыттарының алғы
шарттарын жүйелеп атап өтейік.
Ғылыми әдебиеттерде пән аралық байланыстың дидактикалық негізіне оқу
пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық
болып дәстүрлі топтастырылуы. Олардың зертейтін объектілерінің ортақтығына,
пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген. Әрбір ғылымның өзіндік
ерекшелігі бар, сол ерекшелікті танып білуде басқа бір мәліметтердің
көмегімен ойлаудың оңай дамытуға болатын жақтарын талдап көрсетеді.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық маңызы –оқыту процесінің
білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Пәнаралық байланыс –оқытудың қазіргі кездегі принциптерінің бірі.
Пәнаралық байланыс пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді,
оқушылардың алған білімдерінің бірі-бірімен сабақтастығын бір жүйеге
келтіреді. Пәнаралық байланыс меңгерген білімді кешенді түрде пайдалана
білуге жол ашады. Мектептегі пәндік жүйе бір-бірінен бөлек жатқан дүниелер
емес, сондықтан пәндер арасындағы байланысты жүйелі түрде сабақ
процестерінде іске асырып отыру арқылы олар бірін-бірі толықтырып отырады.
Пәнаралық байланыстың сыртқы және ішкі түрі бар. Пәнаралық байланыстың
сыртқы түріне механикалық, шаблонды, жаттанды оқу жүйесін (лекпродуктивное
мышление) жатқызуға болады:
А)оқушы айтқанда тек үстірт жаттап алу;
ә) жаттап алғанды өзгеріссіз баяндау;
б) жаттанды білімді бағалау, баға қою.
Оқытып білім берудің бұл көрсетілген жүйесінде оқушының еске
сақтауы (наметь) іске қосылады да, ақыл-ой, зейінмен білімді қабылдауы,
ондағы тілдің қызметі ескерілмейді. Пәнаралық байланыстың мәні оның ішкі
құрылысында жатқандығында, одан оқыту мен тәрбиені дұрыс, жүйелі
ұйымдастырудың көп қырларының бірі екендігін танытады. Пәнаралық
байланыстың іске асырылуында метологиялық шешуші қызмет атқаратын мынандай
негіздер басшылыққа алынады:
Біріншіден, пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі
барлық заттың, құбылыстың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы
тұжырымдалған дағды алынады. Дүниедегі бар құбылыс бір-бірімен байланысты
болады, сондықтан оны танып білетін ғылымдар да өзара байланысты.
Екіншіден, пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуына оның
психологиялық негізі үлкен қызмет атқарады. Пәнаралық байланысты педагогика
ғылымында зерттеуші ғалымдар пәнаралық байланыстың педагогика психологиялық
негізін И.П.Павлов есімімен тығыз байланыстыра қарастырады. И.П.Павлов
мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оның үздіксіз дамуда
өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеде қабылданатын көптеген
тітіркендіргіш реттеліп, жүиеге келетінін түсіндіреді.
Сондықтан ойлау, нерв процестерінің күрделі динамикалық жүйесі
болғандықтан, ол- мидың анализ, синтез қызметімен орындалады.
Бір жүйеге әр пәннің өз ішіндегі және пәндер бірлестігіндегі
білімдер жүйесі сәйкес келеді.
Үшіншіден, жоғарыдағы аталған пәнаралық байланыстың филсофиялық
психологиялық негіздерімен тығыз байланысы келетін оның дидактикалық
негізін ашуға ұмтылмас жасаған педагог- ғылымдардың бірі - немістің
идеалист педагогы И.Ф.Герборт. Ол өзінің еңбектерінде жан-жақты
тәрбиелеуді, білім беруді пәндердің арасындағы және пәншілік күрделі
байланыстармен тығыз бірлікте қарау керектігін көрсетеді. И.Ф.Герборт
оқытудың негізгі жолдарын төмендегідей үлгіде көрсетеді
Көрсету
Байланыстыру
Үйрету
Философиялық негіздеу
Сенімге әсер ету жағынан мына үлгіде болуын атайды:
Көрнекілік
Байланыстылық
Көтеріңкілік
Қызығушылығын арттыру.
XVII-XIX ғасырдың ұлы педагогы И.П.Пестолоций пәнаралық байланыстылықтың
маңыздылығын мойындай келе, оны тәжірибеде іске асыруға тырысты. Оның
дидактикалық шығармаларында оқыту өнерінің физика-механикалық заңдылықтары
туралы жиі айтылып отырады. Бірінші орынға ол мына талапты қояды: өз
санаңызда пәндердің арасындағы шын мәндегі табиғи байланысты
көрсетіңіз.Пестолоцийпәндердің бір-бірімен байланысын тәжірибеде іске
асырудың үлгілерін көрсетеді. Мысалы, геометриялық фигураларды оқытуды тіл
дамытумен байланыстыра қарайды. Бала өлшем бірліктерді сызып көрсете
отырып, оны өз сөзімен түсіндіріп жазып отырады. Сөйтіп бастауыш мектептің
қабырғасында-ақпәндер арасындағы байланыстың алғашқы элементтері енгізіле
бастайды.
Белгілі ағылшын философы, педагогы Джон Локтың пікірінше логика мен
метафизикалық абстрактылы түсініктерін оқыту оқушы білімін кемітпесе,
дамытпайды.
Ол білім беруде құр жаттандылықтан гөрі, баланың алған білімін
өмірде пайдалануға үйретіп дағдыландырады.Бір пәннің мазмұны,келесі бір
пәннің элементтерінің фактісі ретінде пайдалануы керек.
Мысалы, шет тілінде ауызекі сөйлеу тілін дамыту үшін, география мен
тарих пәндерінің материалдары бойынша баламен пікір алысу, әңгіме өткізу
керек.оның пікірінше:Только тот ум в состоянии найти истину, который ясно
различает все части и, опуская то, что вовсе не относится к делу строит
вывод на основании совокупности всех данных могущих каким-либо образом на
него повлиять”.
Пәндерді араластырып оқытуға неміс педагогы Адольф Дистерверг қарсы
шықты. Ол әрбір пән өзіндік ерекшелігімен, өз құрылысын сақтай отырып,
оқытылуын дәріптеді.
А.Дистенверг пәнаралық байланысты мүлдем жоққа шығармайды, тегі бір,
ұқсас пәндерді, мазмұны жақын пәндерді оқыту барысында аталған әдісті толық
қолдануға болатындығын атайды: “Связывай родственные по содержанию
предметы”,-деп дидактикалық талап қояды.
XIX ғасырдың соңында Отто Вильманның – “Дидактика как теория
образования в ее отношениях к социологии и истории образования” еңбегі
жарық көрді. Автор еңбегінде ұлы дидактик ғалымдардың пәнаралық байланыс
туралы айтқан құнды пікірлерін қолдай келе, арнайы “оқыту пәндері”
арасындағы байланыс деген параграфта пәнаралық байланысқа ерекше тоқталады.
О.Вильман философия оқу пәндерін бір-бірімен тығыз байланыстыра алатын
ғылым екендігін көрсетеді. Философия оқыту барысында оны тарихпен,
астрономия, географиясымен байланыстырып оқытудың өте тиімді екендігін
айтады. Сондай-ақ ол оқытудағы кейбір схолостикалық әдістердің ізімен
қажетті, қажетсіз көптеген фактілерді, олардың арасындағы байлансытылықты
түсінбей, бір жерге жинақтай берудің кері нәтиже беретіндігін ескертеді.
К.Д.Ушинский әр мұғалімнің өз оқушыларының алған білімі түсінікті,
жан-жақты толық болуы үшін сыртқы қоршалған ортамен өмірмен, оқытылып
отырған пәндер арасындағы тығыз байланыс болуы керектігін айтады. Смольный
институтының оқу жоспарында пнаралық байланыс ерекше орынға қойылған, әр
оқу пәні бір-бірімен байланысына қарай белгілі бір жүйеде жүргізіліп
отырған.
Мәселен география, жаратылыстану, тарих пәндері бір-бірімен
байланыстырылған. Жоспар бойынша, география, тарих пәніне бұрын өтіліп
отырған себебі, география сабағында әңгімеленетін тарихи фактілер оның
уақытын, белгілі бір орвн дәп көрсету үшін қажет болады. Ушинский сөзімен
айтсақ:”Знания и идеи, сообщаемые какими бы то ни было науками, должны
органически строиться по возможности, обширный взгляд на мир и на его
жизнь”.
Сонымен, пәнаралық байланыс дегеніміз – жеке пәндерді терең меңгеру
негізінде іске асады. Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың жеке пәндерден
алған білімі барынша күрделене тиянақтала түседі, оқушылар бір пән аясымен
шектелмей, оны өзге сабақтас пәндермен байланыстыра отырып, пәнді еркін
меңгеруге мүмкіндік алады.
Бұл – оқушының белгілі бір пәннен алған білім шеңберінің кеңеюі,
басқа пәндердің мүмкіншілігін пайдалана білу деген сөз.

II-тарау. 1- сыныптарды математика пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге
асыру әдістемесі.

2.1 Бастауыш мектепте математиканы интеграциялап оқытудың
мүмкіндіктері.
Жеткіншектердің математикалық білімін жетілдіру мектепте оқытылған
пәндер бойынша теориялық білімдер көлемін әрдайым үстемелеп арттыруды қажет
етеді. Ал бастауыш сыныптарда оқушылардың математикалық білім қорын шексіз
арттыра беруге болмайды. Оған бала психикасы дамуының жалпы заңдылықтары
шеек қояды және ол баланың жас шамасына қатысты математикалық білім мазмұны
мен көлемінің шамасын бағдарлайды. Осы тұрғыдан алсақ, 6-10 жастағы балалар
нақтылы-бейнелі ойлауға бейімділік байқатады және нәрсені (құбылысты)
біртұтас қабылдауымен әрі қарай оның құрамды бөліктеріне талдау жасауға
ынталы келеді. Сондықтан олармен жүргізілетін жұмыс және оқу мазмұны
қарастыратын мағлұматтарда ірі бағыттар бойынша интеграциялауды талап
етеді. Осыдан да болар, кейінгі жылдары интеграция проблемалары бастауыш
мектепке қатысты шешілуі мүмкін бе? деген мәселе жиі қойылып, онымен
байланысты ізденістер мен зерттеулер үдей түсуде. Ал шын мәнінде, бастауыш
буын үшін мақсаты мен міндетінің бірдей типтілігін ескере отырып, іс-
әрекетінің түрлерін, олардың элементтері мен бөліктерін біріктіру және
үйлестіру арқылы біртұтас түрге келтіру процесі-интеграцияның қарапайым
көрінісі ретінде бұрыннан орын алып келе жатқан құбылыс. Жалпы алғанда, оқу
пәндерінің құрылымы негізінде алынатын теориялық концепцияға байланысты
әдістеме ғылыми интеграциялап оқытудың төрт түрін ұсынады:
1. Толық интеграциялау – екі пәннің оқу материалы
толығымен біріктіріледі.
2. Оқу пәндерінің олардың өздеріне тән бағдарламаларын
сақтай отырып, ірі автономиялық блоктар түрінде бір пәнге
интеграциялау.
3. Оқу пәндерін жарым-жартылай жинақтап интеграциялау.
Мұндай интеграциялауды қосарланған сабақтарда, пәнаралық семинар мен
конференция сабақтарында оқу материалдарын бір мәселе төңірігінде
шоғырландырып оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Оқыту мазмұнын алғашқы үш әріппен интеграциялау нәтижесінде,
тиянақталған, зерттеу аймағы белгілі жаңа оқу пәні пайда болады. Мұнда
бұрыннан белгілі білім мазмұны жаңартылып, толықтырылады. Міне, осы
тұрғыдан алғанда қазіргі бастауыш мектептің математика курсы
интеграцияланған курстың қарапайым мысалы бола алады. Мұнда математиканың
әр саласындағы білімдер интеграцияланған деуге болады. Шынында да қазіргі
бастауыш мектептің математика курсын құрастыруда кіші жастағы оқушылардың
жас және психологиялық ерекшеліктері, мүмкіндіктері және осыған байланысты
нақты жағдайлар ескеріле отырып, білім мазмұнын интеграциялау мәселесі жан-
жақты ойластыра шешілген деп айтуға толық негіз бар.
1. Арифметикалық материал (теріс емес бүтін сандардың нумерациясы
және оларға қолданылатын арифметикалық амалдар, есептеулер жүргізуге
қатысты білік пен дағдылар қалыптастыру, есеп шығаруға үйрету, үлес және
бөлшек туралы ұарапайым түсініктер қалыптастыру.)
2. Геометриялық элементтерді (қарапайым геометриялық фигуралар және
олардың қасиеттері, геометриялық фигураларды өлшеу, геометриялық мазмұнды
есептер)
3. Алгебраның элементтері (санды және әріпті өрнек, олардың мәндері,
санды теңдік және теңсіздік, теңддеу және оны шешу, санның квадраты және
санның кубы)
4. Шамалар және оларды өлшеу (ұзындық , уақыт , сыйымдылық, аудан, көлем,
масса, т.б. және олардың өлшем бірліктері , шамаларға амалдар қолдану).
Міне, осылардың арасындағы байланыс, яғни интеграция мәселесі қазіргі
бастауыш мектепте қолданып жүрген жаңа буын математика оқулықтарында өз
деңгейінде шешімін тауып отыр. Сөзіміз дәлелді болуы үшін 1-сыныпқа
арналған Математика оқулығынан нақты мысал келтірейік. Сабақтың тақырыбы
4 саны және цифры (30бeт) Оқулықтың жоғарғы жағында нақты көрнекілік –
сурет арқылы 4 саны туралы ұғым қалыптастырылады. Торда 3 қоян отыр, оған 1
қоян кіргізілді.(3+1=4)
2-суретте ағаш басында 4 қоян отыр еді, оның біреуі секіріп жерге түсіп
кетті (4-1=3) Бұл жерде 4 саны туралы ұғым қалыптастырылады. Сондай –ақ
цифрының баспа және жазба түрі беріледі. Мұның бәрі негізінен алғанда,
арифметикалық материал болып табылады.
Келесі кезеңде осы тақырып шамалар және оларды өлшеу тұрғысынан
(ұзындығы 4см-ге тең кесінді, 4-ті көрсетіп тұрған сағаттың моделі, 4см 0
см жазу т.б.) қарастырылады.
Енді 4 саны және цифры тақырыбына байланысты мәселелер геометриялық
материалмен байланыстырылады.
(Төртбұрыштар : олардың төрт бұрышы ,төрт төбесі, төрт қабырғасы бар)
Соңында нақты суреттерді пайдалана отырып +1=4
және - 1=3 түріндегі жазулардағы белгісіз сандарды табу, сондай-ақ 3*4
және 4*3 жазуларындағы салыстыру таңбасын табу, белгісіз сандарды анықтау
сиияқты жұмыстар жүргізіледі. Басқаша айтқанда, осы тақырып алгебралық
тұрғыдан қарастырылады.
Міне, математика – 1 оқулығынан келтірілген осы бір ғана мысалдың
өзі – ақ білімді интеграциялаудың оқулықта да көрініс тапқандығына
Айқын дәлел бола алады.
Жалпы алғанда, әр алуан білім саласынан алынған мағлұматтарды
интеграциялау үшін алдымен олардың негізін құрайтын басты немесе жетекші
ғылыми ұғымдар, заңдылықтар, теориялар, сондай – ақ ортақ іс - әрекеттер
анықталуы тиіс. Егер оларды анықтау мүмкін болмаса, онда әр текті білімді
табиғи бірлікте болатындай етіп біріктіру мүмкін емес. Біздің жоғарыдағы
келтірілген мысалымызға көңіл аударсақ, мұнда білім мазмұның
интеграциялауға жетекші ғылыми идея ретінде сан және цифр ұғымдары
алынғаны аңғарылады. Демек, бұл жерде белгілі бір деңгейде математикалық
білім мазмұнын интеграциялау мәселесі өз шешімін тапқан деп айтуға негіз
бар. Міне, осы бір ғана сабақ материалына жасалған таңдаудың өзі-ақ
бастауыш математикалық білім берудің дәстүрлі, қалыптасқан білім
мазмұнындағы мәнді өзгерісті – интеграцияны педогогикалық құбылыс ретінде
мойындауымызды және оны ғылыми – теориялық тұрғыдан терең зерттеуімізді
қажет етеді. Бұны қазіргі мектеп тәжірибесі де дәлелдеп отыр. Шынында да
математиканы оқытудың жаңа оқу бағдарламасымен, сондай – ақ жаңа буын
математика оқулықтарымен жан- жақты таныс халық ағарту мекемелерінің
қызметкерлері әдіскер-ғалымдар, мұғалімдер бастауыш математика бурсының
білім мазмұнының құрамды бөліктері арасында өзара байланыстың
артықшылықтары жайында, әсіресе, оның оқыту нәтижелеріне пайдалы әсерінің
болып отырғандығын жиі айтуда.
Ал енді қазіргі бастауыш мектеп математикасы курсының информатика
элементтерімен интеграциялау мүмкіндігі мәселесіне келейік. Жаңа оқу
бағдарламасы бойынша бастауыш мектеп оқушысын информатика элементтерімен
таныстыру мәселесі де ескерілген. Мұның айқын бір дәлелі – сынып
математика курсына Микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу атты
арнайы үлкен бір тақырып енгізілген. Мұнда оқушылар микрокалькулятормен
орындалатын қаркапайым есептеулерді игру мәселесімен шектеліп қоймай,
микрокалькулятордың құрылысы, олардың түрлері және жұмыс істеу принциптері
туралы білімдер, алады. Демек, бастауыш математиканың қазіргі курсында оның
информатика элементтерімен байланысы біршама ескерілген деуге болады. Осы
орайда, математикалық білім мазмұнының біртіндеп дами түсатіні, желдісіні
құрудың ескерілуі, математика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асыру
Ана тілі Математика пәндері
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Пәнаралық байланыстар
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Интеграцияланған сабақ бірнеше пәннен білімдерін біріктіріп жинақтап сабақтың мақсатына жететін, бірнеше пән бойынша мәселелерді қарастыруға мүмкіндік беретін арнайы ұйымдастырылған сабақ
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Пәндер