“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер


Түркістан - 2014 ж.
КІРІСПЕ
Қазақ тілін оқу барысында балалардың ойы дамиды, дүниетанымы кеңейеді, әдебиет пен өнердің алуан түрлі салаларына қызығып, рухани дамиды. Қазақ тілін оқытудың жетекші принципі ауызша және жазбаша тіл дамыту болып табылады.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі кіші жастағы оқушыларды оқыту заңдылықтарын зерттейді: қазақ тілін оқыту мазмұнын анықтайды, мектептегі оқу-әдістемелік топтамамен қамтамасыз етеді, оқушылардың материалды ұғыну процесін, оқу материалын ұғыну барысындағы қиындықтарды және оларды жою жолдарын зерттейді, ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтайды. Әдістемеден терең білім беру - бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары кәсіптік деңгейде дайындаудың қажетті шарты.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі мынадай бөлімдерді қамтиды:
- Қазақ тілін оқыту әдістемесі -ғылым;
- бастауыш сыныптағы қазақ тілі - оқу пәні;
- сауат ашу әдістемесі;
- әдебиеттік оқу әдістемесі;
- фонетиканы оқыту әдістемесі;
- сөзжасам және грамматиканың әдістемесі;
- орфографияны үйрету әдістемесі;
- тіл дамыту әдістемесі.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі лекция, практикалық-семинар, студенттердің өзіндік жұмыстары және педагогикалық іс-тәжірибе арқылы іске асырылады.
Лекцияда әдістеменің негізгі теориялық қағидалары, ең соңғы зерттеу жұмыстарының нәтижелері және озат тәжірибелері айтылады. Практикалық сабақтарда бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар талданады, сабақ үлгілері жобаланады т. с. с. Семинар сабақтарында негізгі әдістемелік еңбектер оқытылады. Студенттердің өзіндік жұмыстарында лекцияда ұсынылған әдебиеттерді оқып, конспект жасайды.
Студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесінен теориялық білімдерін педагогикалық іс-тәжірибеде іс жүзіне асырады және мамандыққа қажетті біліктері мен дағдыларын шыңдай түседі.
Оқыту мақсаты:
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінің басты мақсаты - болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін (әліппе, ана тілін, грамматиканы) оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Оқыту міндеттері:
- қазақ тілін үйретудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік ұстанымдарды таныстыру;
- бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;
- сауат ашу әдістемесін меңгерту;
- оқуға үйрету жолдарымен таныстыру;
- грамматиканы оқыту әдістемесін игерту;
- жазуға үйрету жолдарымен таныстыру;
- тіл дамыту әдіс-тәсілдерін үйрету;
- оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу жолдарын көрсету.
Басқа пәндермен байланысы:
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері, басқа ғылым арасында алатын орны, лингвистика, психология, педагогика, сөйлеу әрекеті теориясымен, логикамен, әдебиетпен байланысы.
Пәннің обьектісі-бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкес болашақ болашақ бастауыш мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кәсіптік білімінің құрамдасы ретіндегі әліппе, әдебиеттік оқу, қазақ тілін оқытудан әдістемелік білім, білік дағды.
Пәнді оқытуда тероялық, практикалық әдіс, әдебиеттермен жұмыс, салыстыру, көрнекілік әдіс, талдау, жинақтау әдістері пайдаланылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ тілі теориясы мен технологиясы зерттейтін ғылым.
Әдістемеден терең білім беру-бастауыш сынып мұғалімдерін жоғары кәсіпте дайындаудың қажетті шарты.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Бастауышта қазақ тілін оқытудың мазмұны. Бастауышта қазақ тілін білім берудің стандарты. Қазақ тілінен мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі орта мектеп бағдарламаларын талдау. Қазақ тілінен бастауыш мектепте оқыту әдістері. Басатауыш сыныптарада қазақ тілін оқыту құралдары. Қазақ тілінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу-әдістемелік топтама. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуды ұйымдастыр формалары.
Балаларды қазақ тілін оқуға дайындау. Қазақ тілін оқытудағы сабақтастық байланыстар. Қазақ тілін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланыс. Қазақ тілінен білім, білі дағдыларға әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламаылқ талаптар. Білім, білік, дағдыларды тессеру және бағалау. Бақылау түрлері, және қазақ тілін оқыту нәтижелерін диагностикалау.
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың технологиясы
Сауат ашу технологиясы: Сауат ашу технологиясының мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы, сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негіз және психофизиалогиялық негізі. Дыбыстық таладау-жинақтау әдісі.
Әдебиеттік оқу технологиясы Оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқу топтамасы. Әдебиеттік оқудың түрлері. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапашаң, мәнерлеп оқу. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың психологиялық негіздері.
Фонетикалық, сөзжасам және грамматиаканы оқыту технологиясы: Кіші жастағы оқушыларға грамматиканы оқытудың мәні және оқу-тәрбиелік міндеттері. Оқушыларда грамматикалық және сөзжасам ұғымдарын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. Грамматикалық ұғымдардың мәні. Оларды ұғыну қиындықтары. Грамматикалық ұғымдардың мәні. Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқытудың негідері. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары.
Орфографияны оқыту технологиясы: Орфография әдістемесіндегі грамматикалық және грамматикаға қарсы бағыттар. Орфографиялық дағдылар қалыптастыру.
Тіл дамыту технологиясы: Тіл дамытудың мақсат, міндеттері мен жолдары. Сөйлеу туралы ұғым және оларды дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде. Оның түрлері мен қызметі. Оқушылардың сөйлеуіне қойылтын талаптар. Сөйлей- ойлады дамыту құралы. Сөздікпен жұмыс жасау. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. Бастауыш сыныптардағы жазбаша іс қағаздарының түрлері. Ресми сөйлеу жұмысы.
Қазақ тілін оқыту теориясы мен технолгиясын оқыту барысында оқушылардың әректін ұйымдастыру технологиясы.
Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің қазіргі сабақтарына қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптағы сабақ құрылымына қазіргі көзқарастар. Сабаққа дайындық және оны жоспарлау. Сауат ашу әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогиалық технолгиялары. Оқушылардың оқу-әректін ұйымдастыру. Балалардың ойлауын, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың өздік әрекетіне жетекшілік жасау.
Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы.
Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы. Сыныптан тыс сабақ түрлері. Оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік. Дәстүрлі емес және қызықты жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдері. Оқушылардың таңдауы үшін жүргізілетін курстар. Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу мен қазақ тілін тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылым. Сауат ашуды, қазақ тілін бастапқы оқыту жөнінідегі ғылым. Психологиялық, педагогикалық зерттеулердің оқыту әдістемесін дамытудағы рөлі. Пеадгогикалық практика. Озат тәжірибелерді зертеу. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу. Курстық, дипломдық жұмыстардың орындалуы.
Лекция тезистері
1 Лекция тақырыбы: Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі - оқу пәні
2. Лекция жоспары:
- Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
- Пәннің басқа ғылымдармен байланысы.
- Қазақ тілін оқыту әдістері.
3. Лекция мақсаты: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
Пәннің басқа ғылымдармен байланысы, әдістер туралы мағұлмат беру.
4. Лекция мазмұны:
1. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілін оқу, білу не үшін керек? Себебі қазақ тілі - қазақ республикасының мемлекеттік тілі, ол өнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен сипатталады.
Қазақ тілі бастауыш, орта мектептерде, жоғары және арнаулы орындарда арнайы пән ретінде оқытылуда.
Бастауыш сыныптарда балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда оқуға, жазуға үйренеді, ойын анық, дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.
Сонымен, 050102 - мамандығы бойынша оқитын студенттеріне бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудағы мақсат - бастауыш сынып оқушыларын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету және соның негізінде олардың тілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдіру болып табылады.
Бастауыш мектепте оқытылатын грамматика, оқу, тіл дамыту сабақатарының, бір жағынан білімдік мәні, екінші жағынан тәрбиелік мәні, үшіншіден баланың жеке басындағы қасиеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор үлес қосады.
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруден және оларды дамытуда мынадай қағидалар басшылыққа, алынады:
- Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға міндетті;
- Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде, үнемі дағдыландырады;
- Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, совет адамына қажетті моралъдық қасиеттер, адамгершілік мінез - құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады.
2. Пәннің басқа ғылымдармен байланысы.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де мазмұны жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін себептілікті, байланыстылықты, бір-біріне тәуелділікті, даму жолдарын нақты ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Әрбір пәннің оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Мысалы, әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына, ал қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты қаралады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын мәңгілік еш нәрсе жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды. Сондай өзгеру мен дамуды тілдің синтаксистік жүйесінен көруге болады.
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында оқушының ауызша және жазбаша тіліне көп көңіл бөлінеді. Мұның өзі тілдің фонетика, орфография және орфоэпия бөлімдерін саналы меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс меңгерген оқушы жазба жұмыстарында қате жібермей, сауатты жазатын болады. Бұлардың бәрі де оқыту процесінде байланыстырып сөйлеуге дағды бере отырып, ойын жүйелі, дұрыс айта білуге жаттықтырады.
Қазақ тілі біліміндегі сөз тудыру мәселесі біршама зерттеледі. Мұның мектепке қазақ тілін оқыту әдістемесінде үлкен әсері болды. Әсіресе, қазақ тілі бағдарламасы мен оқулығына бұл тақырып енгізіліп, сөздің құрамына, сөз тудыру жұмыстарына баса көңіл бөлінді. Ол оқушылардың сөздік қорының баюына, орфографиялық дағдыларды меңгеруіне жағдай жасады.
Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл ғылымының осындай дамуына, оның қойып отырған талаптарына сай жетіліп келеді. Мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын, атап айтқанда, қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен фразеологиясы, орфографиясы мен орфоэпиясы, грамматикасы, сөздердің өзгеруі мен сөздердің сөйлемдегі тіркесі, сөйлем түрлері мен оның белгілері және қазақ тілінің жалпы заңдылықтарымен таныстыру-қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі болып табылады және оның әшқайсысы әдістемелік амал - тәсілдерсіз оқытылмайды. Сондықтан қазақ тілі мектепке арналған бағдарлама бойынша белгілі бір пән ретінде танылса, қазақ тілін оқыту әдістемесі оның оқыту әдістері мен тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.
Педагогика ғылымы соңғы жылдары бірсыпыра табыстарға жетті. Әсіресе, адамның психикасының қоғамдық-тарихи даму табиғатын танып білуде, ой-санасының жетілуін зерттеу проблемасының айналасында үлкен ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Психологияның жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше. Мысалы, психология грамматикалық ережелерді оқушылардың қалай меңгеретінін, оны күнделікті практикада қалай жүзеге асыратынын зерттеп, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына ықпалын тигізіп отырады.
Оқу жоспарын жасағанда да, қазақ тілінің бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеуде де оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріліп отырады.
Оқу-тәрбие ісіндегі ең қажетті мәселе - мұғалімнің психологиялық жағынан дайындығы. Әсіресе, қазақ тіліг оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліәктерді меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгеру қабілеті ескерілуі тиіс. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі қажет.
«Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым терең түсінеді. Бұл - мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақты психологиялық жағынан өте тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт: бірінші жағдай - сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты мәселелер шартты түрде: мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым-қатынасы, мұғалімнің өзін-өзі ұстау мәнері, оның өнегелі өнегесі, сыртқы келбет-пішіні, сөйлеу мәдениеті, оқушыларға қатаң талап қоюмен бірге, олардысыйлай да білу, саналы адамгершілік пен парасаттылыққа баулу т. б. Мұғалімнің сабақта жеке оқушыны өзіне қарата, зейінін аудара білуі сынып ұжымын тегіс меңгере алуын қамтамасыз етеді. Сабақтың теориялық жағы негізгі тактілермен дәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, ол оқушылардың логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлі болады. ‡шінші жағдай - сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы. Бұл мұғалімнің материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуында, дидактикалық заңды принциптерді орынды қолдануына, қажетті көрнекі құралдар мен тәжірибе жұмыстарын тиісті кезінде көрсете білуіне байланысты»
3. Қазақ тілін оқыту әдістері
Әдіс - грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда адамның ақыл-ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді. Әдіс мынадай түрлерге бөлінеді: 1-әдіс, 2-оқу әдісі, 3-мұлалімнің оқыту әдісі, 4-оқушылардың білімді үйрену әдісі.
Оқу әдісі - оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың өзара біліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі.
Оқу - екі жақты процесс, оған бір жағынан - мұғалім, екніші жағынан - оқушылар қатысады. Мұғалім оқу жұмысын ұйымдастырып, оған тікелей басшылық етеді. Ол оқушыларға жаңа білімді түсіндіреді, танымдық қызметін жандандырады, тапсырма беріп, оның орындалуын қадағалайды. Оқушы еңбегінің қаншалықты тиімді болып отырғанын ескеріп, білімін бағалайды. Оқу процесінің табысты болуында мұғалімнің теориялық дайындығы, методикалық шеберлігі, педагогикалық әдептілігі шешуші роль атқарады.
Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады, ал, оқушылардың үйрену методы дегеніміз - олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру тәсілдері. Оқу процесін жүргізу жұмысында басшылық рольді мұғалім атқарады. Сол себепті мұғалімнен білімділік және методикаға төселген шеберлік талап теіледі. Ал, оқушылар болса оқу еңбегіне саналы әрі белсенді түрде қатысу дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болуы қажет. Осындай екі жақты белсенді әрекеттің нәтижесінде ғана оқыту процесі көздеген педагогикалық мақсаттарға жете алады.
Оқыту әдісінің негіздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық негізі дүниетаным теориясы болып табылады.
Оқыту әдісінің педагогикалық және психологиялық негіздері де бар. Біріншіден, оқыту әдісіоқудың мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді. Оның өзі оқушыларды тәрбиелеу мақсаттарынан туындайды.
Екіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі дидактика принциптерін өз табиғатына лайықтап қолданады. Мәселен, теория мен практиканың байланыстылық принципі қазақ тілін оқытуда кеңінен орын алады.
Үшіншіден, бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдісі психология ғылымына сүйенеді, оның жаңалықтарын негізге алады. Осыған орай балалардың абстракциялы ойлау қызметінің даму деңгейіне сәйкестіріліп, грамматикалық, абстракция элементтері енгізіліп келеді. Бұл ретте оқыту методы оқушылардың жас ерекшелігіне, ақыл-ой дамуына, қабілеті мен талғамына сәйкес қолданылады.
Төртіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі оқу мазмұнына шарттас құралыдаы. Оқу мазмұнының өзгеруіне байланысты оқыту әдісі де өзгеріп отырады. Мысалы, сынып сайын оқу материалының бірте-бірте күрделене түсетіндігіне сәйкес оқыту әдісі де оқушылардың бақылау, ойлау қабілетін дамыта түсетін өздік жұмыс әдістеріне көбірек орын беріледі.
Бесіншіден, қазақ тілін оқыту әдісі тіл білімі ғылымының зерттеу әдістеріне тығыз байланысты әрі біршама оған бағынышты келеді. Бірақ ғылыми-зерттеу әдістері мен оқыту әдісі бірдей емес. Оқыту негізінде, ғылымда анық танылған білімді баяндау, түсіндіру логикасын көрсетеді, оқушылар ондай білімді ұғынып меңгереді. Дегенмен оқыту әдісі зерттеу жолын да қолданады.
Оқыту әдісінің жалпы түрлері . Мектептегі оқыту жұмысының алдына қойылатын түпкі мақсат - тәрбиемен қатар саналы білім, берік практикалық дағды беру және оларға білімді өздігінен меңгеру жолын, сол білімді практикада кәдеге асыра алатындай іскерлікті дарыту. Бұл игі мақсат оқыту тәсілдерін, білімді меңгеру процесінде оқушының өздігінен жұмыс жасауына себін тигізетін тиімді әдістерді қолдану жолымен жүзеге асады. Осыған байланысты бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту ісінде өзін практикада ақтаған - жинақтау, индукция-дедукция, бақылау және эврикалық әдістер пайдаланылып келеді. Мұғалім сабақта белгілі бір әдіске жетекшелік роль бергенімен, оны мыңда бір дауа әдіске айналдырып алмауды ойластырады, демек бір сабақта бірнеше әдістің элементін ендіріп, оқу жүйесін тиімді, тартымды ұйымдастыру тәсілін іздестіреді.
Талдау-жинақтау - оқытудың жалпы әдісі. Ал оның жеке бөліктері - салыстыру, таптау, саралау, абстракциялау, тұжырымдау, нақтылау, жүйелеу. Талдау (анализ) әдісі қазақ тілінің табиғатына лайық келеді.
Оқыту әдісінің индукция және дедукция түрлері оқу материалдарын өту кезіндегі оқушының ойлау жолдарына қарай қолданылады. Индукция - жеке оқиғадан, нақты заттардан жалпы ережеге келетін ойлау формасы.
Дедукция - әдісін қолданғанда, жалпы ұғым анықтама заңдылықтарды танудан жеке ережеге келетін ойлау қызметі орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне қарай жаңа материал көбіне и н ду к ц и я әдісімен түсіндіріледі.
Эврикалық немесе сұрақ-жауап әдісі. Дидактиктер бұл әдістің өзін үш түрге бөліп қарастырады. Олар: проблемалық әдіс, ізденісті немесе ішінара ізденісті әдіс және зерттеу әдісі.
Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытуда тіл дамыту әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс оқушыларға ана тілінің сөздік қорын, сөз құрамын, орфоэпиялық, орфографиялық ерекшеліктерін меңгертуді мақсат етіп қояды. Сонымен бірге баланы дұрыс сөйлеуге, жазуға, өз ойын айтып беруге үйрету жолын қарастырады.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі не үшін оқытылады.
2. Бастауыш сыныптарға арналған «Қазақ тілі», және «Ана тілі» оқулықтарымен танысыңыздар.
3. Әдіс ұғымына анықтама беріп, оның әр түрін сипаттаңыз.
4. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдістемелік, лингвистикалық негізі дегенді қалай түсінесіз?
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары
1. Бастауыш сыныптарға арналған «Қазақ тілі», және «Ана тілі» оқулықтарымен танысу, әр сыныптың тақырыбына көңіл аудару.
7. Лекция тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі
- Аймауытов Ж. Сабақтың комплектстік жүйесінің әдістері. Қызылорда, 1929.
- Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1999.
- Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы. 1987.
- Қазыбаев С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. Алматы, 1985.
- Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1992
- Әуелбаев Ш. “Әліппе” оқулығына әдістемелік нұсқау. 1992-2000.
- Бірінші сыныптағы оқыту. А., 1986.
- Жазыбаев М., Қызықты грамматика. 1969.
- “Әліппе”, “Әліппе серігі”, “Жазу үлгілеі”, А., 1992-2000
- “Ана тілі” оқулықтары А., 1988-2000.
2 Лекция тақырыбы: Бастауышта қазақ тілінен білім беру стандарты, бағдарламаларын талдау
Лекция жоспары:
Қазақ тілін бастауыш мектепте оқыту әдістері.
Қазақ тілінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу-әдістемелік топтама.
Қазақ тілінен берілген білім, білік, дағдылар туралы.
Лекция мақсаты: Қазақ тілінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу-әдістемелік топтама. Қазақ тілін бастауыш мектепте оқыту әдістерін меігерту.
Лекция мазмұны:
1. Қазақ тілін бастауыш мектепте оқыту әдістері.
Бағдарлама балаларға нені оқыту керектігін көрсетеді, бағдарлама бойынша оқулықтар жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz