Дене шынықтыру педагогикасы пәні бойынша дәрістер кешені


Лекция сабақтарының жоспары.
Кредит №1
- тақырып.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пән ретінде
Қарастырылатын мәселелер:
- Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі туралы түсінік
- Ғылыми зерттеу әдістері
- Дене тәрбиесі теориясындағы негізгі ұғымдар
Пайдаланылатын әдебиеттер :
- Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
- Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-1004ж.
- Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
- Е. Уаңбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы 1000ж
- Т. Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Алматы 1996ж.
- Под. ред. Б. А. Ашмарина Теория и методика физического воспитания. Москва 1979.
- Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі туралы түсінік
Дене тәрбесінің териясы мен әдістемесінің пайда болуы қоғамымыздың жақсы дене дайындығы бар адамдарға мұқтаждығы, дене тәобиесінің заңдылықтарын тануға деген ұмтылысты туғызды және сол негізде адамденесін жетілдірудібасқару жүйесін құруды қажет етті.
Тарихи өзінінің даму жолында дене тәрбиесінің әдістемесі мынандай кезеңдерден өтті:
Бірінші кезең- қозғалыс дағдыларын ағзаға әсері жөніндегі эмпиризмдік (сезім қабылдауларын, тәжірибені дүниетанудың бірден бір бұлағы деп тауып, теориялық қорытындыларды бағаламайтын, сол себепті құбылыстардыңм өзара байланысын және даму заңдылықтарын аша алмайтын философиялық ілім) білім кезеңі. Адам балсы оны күнделікті қимыл қозғалыста алады. Эмпиризмдік білімнің жинақталуы адамды “жаттығудың тиімділігі” түсінуге және тәжірибені өзгелерге беру әдістерін танып білуге әкелді.
Екінші кезең - дене тәрбиесінің ең алғашқы әдістерінің жасалукезеңі-ежелгі және орта ғсырлардағы құл иеленуші мемлекеттердің кезеңін қамтиды. Бұл әдістер тәжірибе жолымен жасалды.
Үшінші кезең - дене тәрбиесі туралы теориялықбілімнің тасқынды түрде жиналуы. Қайта өрлеу кезеңінен ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Адам туралы, оны тәрбиелеу және үйрету, оны емдеу туралы ғылымның дамуы филсофтарды, педагогтарды, дәрігерлерді дене тәрбиесі проблемаларына назар аударуға тартты. Жоғарыдағы аталған ғылымдардың өкілдері “Өзіндік” мәселелерді адам өмірінде дене тәрбиесінің атқаратын қызметін есептемей шешу мүмкін еместігін түсінді.
Төртінші кезең -біздің елімізде жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінінің теориясы мен әдістерінің құрылу кезеңі. Бұл кезең ХІХ ғасырдың аяғы мен қазан революциясына дейінгі аралықты қамтиды және дене тәрбиесінгің проблемалары жөнінде аранаулы ізденістердің дамуы мен сипатталады. Дене тәрбиесі саласындағы ғылымдар арасында ең жарқын өкілдердің бірі П. Ф. Лесгафт (1837 - 1909) болды. Оның тарихтан, анатомиядан, биологиядан, педагогикдан, антропологиядан, дене тәрбиесінің теориясы мен әдісінен еңбектерінің көпшілігі прогрестік бағытта болды, сондықтан да жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің қазіргі теориясы мен әдісінің негізіне енді.
Бесінші кезең-қазан революциясынан бастап қазіргі кезеңмен өлшенеді. Дене тәрбиесінің пролблемалары мен арнаулы ғылыми жәнее оқу мекемелері, көптеген салалардың ғылымдары айналысуда.
Балалардың спорттық мамандануы - бұл тек спорттық-педагогикалық мәселеге ғана емес сонымен қатар әлеуметтік, психологиялық, биологиялық мәселе.
- Ғылыми зерттеу әдістері
“Методология ” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. “Метод” “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағнасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретінде түсіндіріледі. Ғылыми метологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақты ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдісі дегеніміз мазмұнының қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.
Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі - педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған. Методологиялық білімдер жүйесінде: педогогика пәні, педогогиканың категориялары, педогогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педогогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педогогика ғылымдарының жүйесі; педогогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педогогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.
Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді.
- тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейкестілігін дәлелдей біледі;
- ғылымдағы тақырырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған қайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың, жасалған теориялардың (разработкалардың сәйкес келмеуі) ;
- зерттеу нысанасын талдамалардың, үйлестіре біледі.
- Мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын ) нысана зерттеу пәнін анықтай алады.
- Дене тәрбиесі теориясындағы негізгі ұғымдар
Дене тәрбиесінің нәтижелілігіне жүйедегі барлық құрал және мүмкіншіліктерді пайдаланғанда ғанажетуге болады, деген мен оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешу де дене жаттығуларының үлесіне көп салмақ түседі. Бұл жағдайлар бірнеше себептерге байланысты :
- Педагогиклық қызметтің көптеген түрлерінің ішінде тек дене тәрбиесінде ғана жаттығушының денені жетілдіруге және сол қимылды игеру үшін орындауға батытталған оқыту, үйрету процесін аңғаруға болады
- Дене жаттығулары организмнің әсер етумен шектелмейді, сонымен қатар орындаушының жеке баына да өз әсерін тигізеді.
- Дене жаттығулары қозғалыс қозғалыс жүйесі есебінде адамның ойы мен сезімін, оның өзін қоршаған ортаға қатынасын білдіреді. Бұл қағида И. М. Сеченовтың сөзінде нық көрсетілген “Ми қызметінен тысқары пайдаболғандардың . . . бұлшық ет қозғалысына келіп тірелуі мүмкін” дегенді
- Дене жаттығулары дене тәрбиесі саласындағы ғылыми және практкалық табыстарды, қоғамдық тарихи тәжірибені берудің бірден-бір әдісі
- Дене жаттығулары адамның қозғалыскезінде табиғи қимыл қажеттілігін толығынан қанағаттандыруы мүмкін
2- тақырып
Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру.
Қарастырылатын мәселелер:
- 1. Жеке тұлға туралы түсінік. 2. Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар. 3. Белсенділік, оның түрлері.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
- Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. Астана-1998ж.
- Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова . Педагогика. Алматы-1004ж.
- Е. Сағындықұлы. Педагогика. Алматы-1999ж.
- Е. Уаңбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы 1000ж
- Т. Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Алматы 1996ж.
- Под. ред. Б. А. Ашмарина Теория и методика физического воспитания. Москва 1979.
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті 2003
- К. Б Сейдалиев Тәрбие теориясы Алматы 1986
1. Жеке тұлға туралы түсінік.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтіктәжірибені меңгеруі, оның жан- жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т. б. ) .
Жеке тұлға бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаның зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегі” бар деп мойындайды, олар оны “Мен- жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым болып табылады.
Жеке тұлғаның. ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы қадір - қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс - әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спетцификалық көрініс табуы арқылы, оның іс - әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері ерекше белгілері (мысалы, салмақты- жігерлі және мақсатты адам), шығармашылық қызмет- әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі ақылы ерекшеленеді. Осылйша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т. б. арқылы көрінеді. “Даралық” ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпа мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым “индивид”. Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы “жекелік”. Ұғым ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты біртектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педаггика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарвай қозғалыс. Сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спралды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы (бұл орайда бір нәрсе алынып тасталады, “теріске шығарылады”) . Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлғаның дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама- қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моралдық- жігерлік т. б. ) . Мінез- құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс- әрекеттілікке айналады. Дербестік пен өз мінез- құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық- физиологиялық жетілуінегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай- ақ танымдық және шығармашылық іс- әрекетіндегі, оның дүние танымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пйда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапалраға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз- бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор- баланың ата- анасынан немесе ата- бабаларынан биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда- адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, ақыл, шартсыз рефлекстер, нәсілік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық- физиологиялық бейімділіктер) .
Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден тұрады:
- морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері) ;
- функционалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы) ;
- адамға тән бейімділіктер (тік жүріп- қозғалу, сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті т. б. )
- жүйке қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі, шапшаңдық- ширақтылық)
- әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық- физиологиялық бейімділіктер
- есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер т. б.
Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар қоршаған орта да әсер
Етеді- адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік- экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып бөлінеді. Макро орта- дегеніміз- адамға әлеуметтік- экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құалдары) . Микро- орталық дегеніміз баланың ең жақын қарым- қатынас ортасы, ол адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді.
Жеке тұлғаның қалыпасуына әсер ететін фактрлардың араында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенің белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан- ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т. б. ), ал тар педагогикалық мағынада тәрбие.
2. Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көзқарастар.
- Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тәрбие ісінің проблемалары. Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі түсініктер.
Тәрбиенің негізгі масаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан- жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал ететінін білумен байланысты.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
С. Л. Рубинштейннің зертеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс - әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы; өз бетінше дербес іс - әрекетін жасай білуі - жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі фолософ, ғалым В. П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды. 1) саналылық; 2) жауапкершілік; 3) еркіндік; 4) жеке басының қадірі; 5) даралық; осыларға және қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси - идеялық бағытты қосады.
Жеке адамдың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В. П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырады.
Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін “индивид” түсінігін білген де жөн. Бұл латын сөзі қазақша “жекелік” дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа - қасиеттеріне қатыстысын танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл - ес дұрыс адам “индивид” бола алады. “Жеке адам” түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осындай.
Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін “даму” және “қалыптасу” категорияларының мәнін ашып беру өз алдына маңызды. Сонымен бұл түсініктер нені білдіреді?
Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік - тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалы өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген қөзқарас пен наным - сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез - құлық бірте - бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық - әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық - физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық мен шығармашылық іс - әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық - саяси қөзқарастары мен нанымдарындағы бір - біріне кіріс байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.
Қалыптасу түсінігіне келетінболсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
3. Белсенділік, оның түрлері.
Адам белсенділігінің табиғатты тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның, іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, тапшы және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекетттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әректтерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жасатғы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және лоармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауларында әр алуан ерекшеліктер болады. V-VI сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді. Мектеп оқу жылы басталысымен-ақ балалар жолдастық қатынастарын дамыта түседі. Сыныпта болатын түрлі іс-шараларына қатысып отыруға тілек білдіреді. Бұл жастағы балалар сынып бойынша өткізілетін жарыстарға, жорықтарға, басқа да түрлі іс-әрекеттеріне қатысып отыруға ынталы болады. Түрлі іс-әрекеттеріне жаппай қатысып, балалардың өзара тілектестік және жолдастық сезіиде болуы олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Осыған орай ұжым мүшелеріне әрбір мүшесінің өсіп жетілуіне достық, жолдастық негізінде жағдай жасап қамқоршы болады. Ал ұжымның қамқорлығын сезген жеке мүшелері, оның талабын орындауға, бірігіпе қызмет етуге әр уақытта дайын екендігін білдіреді.
Қарым - қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық, қайырымдылық, тқамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезамі т. б. ) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz