Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандарды қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I-тарау Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік

1. 1 Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және белгілері . . . 5

  1. Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы . . . 7
  1. Кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық

түрлері және олардың сипаттамалары . . . 11

II- тарау Кәсіпкерлік қызмет субъектілерін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту түсінігі мен ерекшеліктері

2. 1 Азаматтық құқықтық жауапкершiлiктiң түсiнiгi . . . 20

2. 2 Кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне азаматтық құқықтық жауапкершiлiктi қолдану шарттары . . . 28

2. 3 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мiндеттемелерді бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк нысандары мен түрлері . . . 38

2. 4 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндеттi сақтандыру . . . 46

III-тарау Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ҚР заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту ерекшеліктері

3. 1 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы . . . 51

3. 2 Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы . . . 56

Қорытынды . . . 60 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Құқықтық мемлекетті орнату бағытындағы негізгі қағидаттардың бірі - ол қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнату болып табылады. Осыған қол жеткізу тұрғысындағы, яғни адамдардың мінез-құлқына, теріс әрекеттеріне әсер етудің негізгі құралы болып заңдық жауапкершілік табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген кұқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі - құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Заңды жауапкершілікке тән белгілері: 1) құқықтық нормаларда мемлекетпен тағайындалады; 2) мемлекеттік мәжбүрлеумен негізделеді; 3) арнаулы өкілді мемлекеттік органдармен қолданылады; 4) жаңа қосымша міндет жүктеумен байланысты болады; 5) жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі теріс нәтиже түрінде көрінеді; 6) құқық норма санкциясын жүзеге асыру нысаны, нақты жағдайда нақты адамға қатысты қолданылады; 7) іс жүргізу нысанында жүктеледі; 8) жасалған қылмыс үшін және соның деңгейіне сай қолданылады.

Заңды жауапкершілік әртүрлі негіздер бойынша жіктелінеді. Құқық салаларына байланысты:

- қылмыстық құқыққа сәйкес қолданылады, ешкім сот үкімінсіз кінәлі деп саналмайды жауапқа тартылмайды; ең ауыр жаза;

- әкімшілік қоғамдық тәртіпті бұзу немесе атқару-жарлық етуші органдардың қызметіне кедергі келтіруге қатысты және т. б. қолданылады;

- азаматтық шарт бұзғандық үшін немесе шарттан тыс міндеттемелерді орындау барысында қолданылады. Зиянды толық өтеу - негізгі принципі;

- тәртіпшілік еңбек, оқу, қызмет ету, әскери тәртіптерді бұзғандық үшін қолданылады; түсініктеме талап етіледі; әкімшілік немесе тәртіпшілік алқамен салынады;

- материалдық еңбектік міндеттерін атқару барысында қызметкер, жұмысшыға келтірілген кәсіпорын, мекеме, ұйым зияны үшін туындайды.

Заң ғылыми саласында жауапкершілік институты заңдылықты сақтаудың негізгі құрал ретінде саналады.

Қоғамдағы болып жатқан әрбір қоғамдық қатынас тиісінше заңдармен реттеледі. Яғни, кезе келген нормативтік акті тиісті емесе оған сай жауаптылық нормаларынан тұрады. Демек, жауапкершілік өте күрделі әлеуметтік-құқықтық институт.

Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершiлiк мәселелерi қазіргі кезде құқық теориясы саласында да, салалық ғылымдарда да ғалымдардың актуальді зерттейтiн пәнi болып келедi. Жауапкершiлiктiң құқықтық табиғаты туралы талқылаулар осы күнге дейiн жүргiзiлуде, бiрақ осы кезге дейiн құқықтық жауапкершiлiктiң түсiнiгiнде ортақ пiкiр қалыптасқан жоқ. Бiз ғалымдардың заңды жауапкершiлiк сөзсiз ретроспективтi, яғни тек жасаған құқық бұзушылығы үшiн туындауы мүмкiн деген пiкiрiне қосыламыз. Заңды жауапкершiлiктi қолданұ құқық бұзушылықтың салдары ретiнде қарастырылуы тиiс, сонда барып ол адамның санасына жетедi, басқа тұлғалардың мүдделерiн бұзудың мақсатқа сай еместiгiне көзiн жеткiзедi. Тек осындай жағдайда ретроспективтi аспектiде түсiнiлiген жауапкершiлiк тұлғалардың құқыққа сай жүрiс-тұрысын қамтамасыз ету құралы қызметiн атқарады. Әдебиеттерде позитивтi жауапкершiлiктiң туындау негiзiнiң жоқтығына көңiл аударған болатын. Ал сол кезде ретроспективтi өзiнiң пайда болу негiзi құқық бұзушылық болғанын айтып кеткеңімiз жөн.

Кең таралған жауапкершiлiктiң екiншi тұжырымдамасы болып құқық бұзушының құқық бұзушылығы үшiн мемлекеттiң мажбұрлеудi қолданумен байланысты мемлекет алдында жауап берұ мiндетi табылады.

Сонымен қатар кәсіпкерлік қатынасқа қатысушы субьектiлердiң құрамы күннен күнге өсуде, өзара есеп айырысу, зейнетақы, еңбекақы төлеу сияқты және өтпелi кезеңге тән басқа да мәселелер туындайды. Өз ерекшелiгi бар нарықтық қатынас кәсіпкерлік құқыққа әcepiн тигiзбей қоймайды. Соған байланысты шаруашылық icтep бойынша дау-дамай көбейдi. Кәсіпкерлік құқықтық қатынасының субьектiлерi болып табылатын тараптар өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүлiктiк шығынға және жеке тұлғалар мен бүкiл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын бiлуi тиiс, әpi өзiнiң мiндетiн бұзбауға күш салуы керек.

Жалпы түрде кәсіпкерлердің жауапкершілігі мемлекеттің, қызметкерлердің, клиенттердің, шаруашылық жүргізу субъектілердің құқықтарын бұзуға, орындалмаған міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігін, міндетін түсінеді. Сәйкесінше, шаруашылық жүргізу әріптестер, мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзатын шешімдерді қабылдаған жағдайда, келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда кәсіперлердің алдында жауапты болады.

Кәсіпкерлер заңдық тұрғыдан жауапкершілікте болады. Ол кәсіпкерлердің құқықтық нормалармен және келісімшарттық міндеттер мен міндеттемелердің орындалмау салдарынан болатын, қолайсыз жағдайда душар болуына қарамай, құқықтық нормалармен белгіленген міндеттерді орындау қабілеттілігі.

Жауапкершiлiкке тарту, кәсіпкерлік құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормалардағы санкцияны жүзеге acыpуға түрткi болды. Ең алдымен, кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершiлiкте мемлекеттiк және шарттық тәртiптi нығайту да, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелiк маңызы айрықша. Тәрбиелiк жағын былай қойғанда, егер, құқық бұзушылыққа жол берiлетiн болса, онда кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершiлiк оны қайта қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi. Сондықтан да кәсіпкер өзi icтeyгe мiндеттi нәрсенi орындамағанда ғана емес, оны орындаудан бас тартқан кезде де оған жауапкершiлiк бәрiбiр мойындатылады. Жауапкершiлiк - барлық құқықтық қатынастарына тән нәрсе.

Барлық зерттеушілер құқықтық жауапкершілікті қоғамдағы қатынастарды реттейтін заңдардың орындалуы үшін маңызды орын алатындығын және оны жетілдірудің әр түрлі жүйесі, тәсілдері мен бағыттарын көрсетеді.

Заң жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін зерттеумен айналысып жүрген қазақстандық ғалымдар Ю. Г. Басин, М. К. Сүлейменов, А. Г. Диденко, О. Ихсанов және ресейлік ғалым Е. А. Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - кәсіпкерлік қатынастардағы

жауапкершіліктің түсінігі мен маңыздылығы, кәсіпкерлік қызмет туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауаптылық түрлері мен нысандары, сондай-ақ ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін анықтау.

Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ұғымы мен белгілерін анықтап олардың құқықтық жауапкершiлiк негіздерін айқындау;

- кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершiлiкті - заңды жауапкершiлiктің түpi ретiнде қарастыру;

- кәсіпкерлік қызмет субъектілерін жауапкершiлiкке тартуға туындайтын негiздерi мен түрлерін зерттеу;

- кәсіпкерлік қызметтің тиімділігіне ең көп ықпал ететін азаматтық құқықтық жауапкершiлiктi қолдану шарттарын қарастыру;

- кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мiндеттемелерді бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк нысандары мен түрлерін зерттеу;

- кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің тұтынушылар алдында пайда болатын азаматтық-құқықтық жауаптылығы негіздерін айқындау;

- кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ҚР заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту ерекшеліктері туралы жұмыстар жүргізу.

Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі ретінде Қазақстан Республикасыныңың кәсіпкерлік құқық қатынастарының реттейтін нормативтік актілері, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар, мерзімдік басылымдар және әділет органдарының мәліметтері қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I-тарау Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жауапкершілік

1. 1 Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және белгілері

ҚР Конституциясының 26 - бабының 4 - тармағына сәйкес, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар [1] .

Кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал кәсіпкерлік қызмет - бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы. Кәсіпкерліктің өркендеуінің алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономиканың орнықты дамуының экономикалық заңдылықтарын жанама түрге айналдыратын объективті экономикалық заңдар саналады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында « . . . мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қағидаттарында сенімді диалогты құру үшін, бизнестің нығаюын жалғастыру қажет . . . Халықаралық тәжірибені талдау палаталардағы кәсіпкерлердің шоғырлануы - экономика тиімділігінің ең маңызды факторларының бірі екенін көрсетеді, бұл жасалған жерде, іс жүзінде «мықты бизнес - мықты мемлекет» қағидаты іске асады . . . » атап өтті [2] .

Кәсіпкерлік қызметтің барлық субъектілері нарыққа өз тауарларымен, жұмыстарымен және қызметтерімен шығып, әртүрлі құқықтық қатынастарға өз араларында, тұтынушылар мен мемлекетпен түседі. Кәсіпкерлердің құқықтық жағдайы реттеуші арнайы нормалармен қатар, заңнамада жалпы бекітілімдедің аз болмауы таңғаларлық нәрсе емес [3, 20] .

ҚР Азаматтық кодекстің 10 бабының 1-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік - бұл меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негіздеген ынталы қызметі [4] .

Сойтіп кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашалық қызметі болып табылатын түрі. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет - ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің түрлерінің бірі. Экономикалық қызмет - бұл өндірісті, сауда-саттықты, көлік, қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және т. б ұйымдастыруға бағытталған экономика саласындағы кез келген қажет. Егер осы ұғымдарды салыстыратын болсақ, онда төмендегені айқындауға болады: кәсіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік тәуекелге егізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет. Шаруашылық қызмет - кәсіпкерлік қызметке қарағанда кеңірек ұғым, өйткені оны іс жүзінде асыру үшін кәсіпкердің ерекше мәртебесі болғаны талап етілмейді, онымен коммерциялық емес ұйымдар да айналыса алады (егер бұл олардың мақсат-мұраттарына сай келсе және заңға қайшы болмаса) . Экономикалық қызмет - бұл өте терең ұғым, ол барлық тауар өндірісін қамтиды және адамның қажеттіліктерін өтеуге, оның өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған [5, 16] .

Қазақстан Республикасы заңдарында «кәсіпкерлік қызмет» түсінігінің орнынан «кәсіпкерлік» деген термин енгізілген ( соған сәйкес мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік деп ажыратылады) [6, 37] . Сөйтіп ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 1-бабының 5-тармағына сәйкес «жеке кәсіпкерлік» деп жеке кәсіпкерлік субъектілердің өздерінің меншігіне негізделгшен және олардың тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігі үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері атынан жүзеге асырылатын бастамашалық қызметін айтамыз [7] .

Сол себепті кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек: 1) кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі; 2) меншіктің болуы; 3) тәуекел сипаты; 4) пайда (табыс) алуға деген мүдделік.

Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі - кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге жосықсыз араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы, олардың сакталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз ету. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өзі қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Оған қоса, кәсіпкердің бастамашылығы мен дербестігі оның жекелей тәуекелінде және ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жоғары деп танылатын (себебі, кәсіпкердің кінәсіна байланыссыз орын алады) жеке мүліктік жауапкершілігінде көрініс табады. Кәсіпкерді жауапкершіліктен босататын жалғыз негіз және алмайтын төтенше күш (форс-мажор) жағдайлары болып табылады.

Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға, тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады.

Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдік сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе қанағаттанғысыз дәрежеде орындауы сияқтя, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру де, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті ісжүзінде асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Тәуекелдік ұғымы мүмкін болатын шығын түсінігіне байланысты, оның үстіне ұғымы мүмкін болатын шығын түсінігіне байланысты, оның үстіне кәсіпкерлік қызметте мұндай шығындардың туу табиғатының ешқандай манызы жоқ, яғни бұл шығындар кездлейсоқ, абайсызда пайда болды ма, біреудің немесе қасақана әрекетінен туда ма, - оның бәрі есепке алынбайды. Келтірілген шығындардың орнын белгіленген тәртіппен толтыру мүмкіндігі тұрғысынан ғана бұд маңызды бола алады.

Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес, немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстуруға байланысты болады. Бұл табыстарды пайдалану көлемін және мүмкіндіктерін ешкім де, ештеңе де шектей алмайды, кәсіпкер кәсіпкерлік қызметтен тапқан пайдасының салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерден қалған бөлігін өз бетінше пайдалануға құқылы.

Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір қажетті элементі - жауапкершілік. Кәсіпкерліктегі жауапкершілікті: шаруашылық әрекет нәтижелері үшін жауапкершілік ретіндегі екі мағынада түсінуге болады. Шаруашылық әрекет нәтижелері үшін жауапкершілік жұмыстың нашар нәтижелері кезіндегі кәсіпкердің мүліктік жағдайының төмендеуін білдіреді. Кәсіпкерлік міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік азаматтық заңнамамен анықталатын мүліктік жауапкершілік деп аталады.

1. 2 Кәсіпкерлік қатынастардағы жауапкершілік түсінігі және маңызы

Заң әдебиетінде экономикалық жауапкершілік дегеннің түсінігі мен маңызын айқындау үшін әлденеше рет әрекет жасалған. Шаруашылық (кәсіпкерлік) құқық теориясында «экономикалық жауапкершілік», біріншіден, әрбір өндірушінің қоғам алдындағы халықшаруашылық қажеттіліктерді қанағаттандыру және мемлекет берген ресурстарды пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету жауапкершілігі деп (өндірушілік және жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруды жоспарлы бағалау жүйесі, ресурстарды пайдалану тиімділігі нормативтерін және соларға байланысты шаруашылық есеп және өндіруші ақылы іске асырылады; екіншіден, өндірушілердің тапсырыстар мен шаруашылық шарттарына, өнім беру жоспарларына, деңгейлес экоомикалық байланыстар жүйесіне негізделген, соның өнімдері ме қзметтерін тікелей тұтынатындар алдындағы жауапкершілігі деп ұғынылады [8, 14] .

Сонымен бірге «экономикалық жауапкершілік» түсінігі әлеуметтік жауапкершіліктің жиынтық ұғымы ретінде «заңдық жауаптылық» деген ұғымды тұнщықтармауға тиіс, оның үстінен «ықпал етудің экономикалық шаралары» түсінігі «ықпал етудің құқықтық (заңдық) шаралары» деген ұғымды ауыстыра, яғни соның орнына жүре алмайды, сол себепті «шаруашылық-құқықтық» немесе «кәсіпкерлік-құқықтық» жауапкершілік туралы айтқанда, кәсіпкерлік қызмет туралы заң нормаларын бұзғаны үшін көтеретін заңдық жауаптылықты сипаттау негізділеу болып табылады.

Заңдық жауаптылықтың аталған түрі бүгінгі таңда заңдық жауапкершіліктің азаматтық-құқықтық, материалдық, тәртіптік, әкімшіліктік және қылмыстық жауаптылық сияқты классикалық түрлер деп танылған салалық түрлеріне жатпайды. Алайда жауапкершіліктің бұл түрлері қолданыстағы заңдарды бұзушыларға ықпал етудің барлық тәсілдерін түгелдей қамти алмайды. Сонымен бірге, сөз жоқ, жауапкершілік түрлерін сапалық белгісі бойынша бөлу, шын мәнінде, құқықтың салалық құрылымына сай келмейді (жауапкершілік түрлерінен гөрі, құқық салалары көбірек; материалдық және тәртіптік жауаптылық құқықтың бір саласы - еңбек құқығына тән; заңдық жауаптылықтың сол бір-ақ түрі құқытың әртүрлі салалары ормаларының бұзылғаны үшін қолданыла береді) . Енді, ақыр сонында, жауапкершіліктің түрлерін салалық бөлудің дәстүрін болуына ықпал еткен негізгі себептердің бірі құқықтың іргелі (негізгі) салалары деп танылған азаматтық, әкімшіліктік және қылмыстық құқықты орасан үлкен жоспармен әзірлеу және зерттеу болып шықты.

Сол себепті заңдық жауапкершілік түрлерінің көптігі әбден заңды құбылыс болып саналады және салалық түрлермен қатар, жауапкершіліктің өзіндік (мамандырылған) түрлерінің бар екендігі туралы да айтуға болады. Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершілікпен қатар, заңдық жауапкершіліктің мамандырылған түрлеріне: салықтық-құқықтық жауапкершілікті, экологиялық-құқықтық жауапкершілікті, халықаралық-құқықтық жауапкершілікті, конституциялық-құқықтық жауапкершілікті және т. б. жатқызуға болады.

Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада: жеке кәсіпкерлік туралы заң мемлекеттік бақылау, лицензиялау және тіркеу әрекеттерін іске асыру барысындағы мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершіліктерінің жалпы ережелері мен түрлерін («Жеке кәсіпкерлік туралы( Заңның 9-тарауы), жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін («Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 10-тарауы), сонымен қатар жеке кәсіпкердің жауапкершілігін («Жеке кәсіпкерлік туралы( Заңның 7-бабы) белгілейді. Ал заң шығарушының қабылдаған тәртібіне сәйкес, заң актілерінде, заң бұзушылықтың нақты түрлерін және солар бойынша жауапкершілік шараларын қарастыратын нормалар жоқ, себебі бұл нормалар азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалдық-әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктің қолданылу негіздемелері мен тәртібін белгілейтін арнайы актілерге (тиісінше, ҚР Азаматтық кодексіне, ҚР Еңбек кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне және Қылмыстық кодекске) енгізілген.

Кәсіпкерлік заңдылық нормаларымен кәсіпкерлік айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Кәсіпкерлік заңдылық негіздерінде сәйкес тараптық құқыққа қарсы мінез ретінде тұтынушыларға кәсіпкерлердің мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтірілетін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады.

Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы басқа нормативті актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындаса, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқық қарсы мінез болып табылады.

Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктерінің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

1) оның субъектілері болып тек кәсіпкер мәртебесі бар тұлғалар (яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және заңмен белгіленген тәртіпте тіркелген тұлғалар;

2) ол, негізінен, әкімшілік-құқықтық тәртіпте (мысалы, кәсіпкердің лицензиясының қызметін тоқтату немесе қайтарып алу түрінде) болады;

3) жеке кәсіпкерлік туралы, бәсекелестік туралы және т. б. арнайы заң нормаларын бұзғаны үшін қолданалады;

4) соған арнайы өкілетті мемлекеттік органдар (мысалы, лицензия беруші орган) арқылы жүктеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар
Еңбек құқығы саласындағы тәртіптік жауапкершілік
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Шағын және орта кәсіпкерлік туралы ақпарат
Әкімшілік жаза
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗИЯН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен азаматтық құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері
Шағын кәсіпкерліктің түсінігі мен қызметінің құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz