Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру


ӘӨЖ 378. 02: 37. 6. 013. 41 Қолжазба құқығында
КЕНДЖАЕВА БАЛНУР БАЛАБЕКОВНА
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
13. 00. 08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2010
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған
Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Мухамеджанов Б. Қ.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Қадірбаева Р. І.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Жолдасбекова С. А.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Тұрсынбаев А.
Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университеті
Қорғау 2010 жылы «» сағат Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 35. диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Кіші мәжіліс залы.
Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.
Автореферат 2010 жылы «» таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы міндетін атқарушы Қ. Ералин
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жаһанданудың қазіргі үдерісі, отандық білім берудің әлемдік білім кеңістігіне енуі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы жеке тұлғаның жалпы коммуникативті мәдениеті маманның коммуникативті құзырлығы қалыптасуы түрлі тұжырымдарын алуда маңызды нәтижелердің бірі болып табылатындығы - білімнің халықаралық дәрежесінің жоғарылауына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Президентінің әр жылдардағы Жолдауларының арасында өте тығыз байланыс бар. 2004 жылғы Жолдауында: « . . . ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі тікелей оның білім беру деңгейімен анықталады», - десе, 2005 жылғы Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Білім деңгейін жетілдіріп, дамытпаған ел ХХІ ғасырда жоқ болып кетуі ықтимал». 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», - деп қадап айтса, 2007, 2008, 2009, 2010 жылдардағы Жолдауында бұл ойлары әрі қарай жалғасын тауып жатыр: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі - тиісті білім мен іскерлік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі» - деп атап көрсетті.
Қазіргі кезде студенттерді оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жүйесін қалыптастырудың жолдары жетілдірілуде.
Оқу үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беруді ақпараттандыру мен оқыту үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты. Соңғы кездегі ғылыми және практикалық зерттеулерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамзат танымының әдіснамалық бағыттағы ең негізгі нысаны болып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғылымда және практикада, түрлі білім беру және өндіріс салаларында өз орнын тауып, жоғары оқу орындарының да оқу үдерістерінде кеңінен қолданыс табуда.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды адам іс-әрекетінің барлық саласына ендіру білім беруге қойылатын жаңаша талаптарды айқындай түсті. Білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттерді (И. Г. Захаров, A. A. Кузнецов, В. М. Монахов, В. И. Пугач, И. В. Роберт, Е. Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, С. Кариев, Г. Т. Жангисина, М. Мәлібекова, Қ. С. Әбдиев, С. А. Исаев, С. М. Кеңесбаев, К. М. Беркімбаев және т. б. ) талдау танымдық операцияларды басқару үдерісіне, жоғары оқу орындары пәндерінің оқыту мазмұны, әдістері, орталары, оқыту формалары, функциялары, психологиялық-педагогикалық сипатының жаңа құрылымдарға ие болатындығын көрсетеді.
Ақпараттық қоғам жағдайындағы білім беру жүйесінің басты талаптары мен жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінің нәтижелерін ескере отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты талабы, ал оның негізгі техникалық және педагогикалық мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып
саналады, сонымен қатар, одан әрі зерттеуді қажет етеді.
Жалпы құзырлықтың мәні, кәсіби құзырлық және оның жіктелуі мәселелерін А. Дорофеев, В. С. Кульневич, Г. Селевко, Л. А. Петровская, Т. Е. Исаева, А. В. Хуторской, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, В. Д. Шадриков, Г. Ж. Менлибекова, Б. Т. Кенжебеков, Дж. Равен, С. И. Ферхо, Ю. Г. Татур, И. А. Зимняя, В. Байденко, С. Е. Шишов, Ш. Таубаева және т. б. өз еңбектерінде қарастырады.
Білім берудің нәтижесі ретіндегі құзырлық мәселесі саласында М. Ж. Жадринаның, Д. П. Мучкиннің, А. Арғымбаеваның, К. Л. Кабдолова мен Г. У. Кунакованың, Г. Қасымованың, Б. А. Тұрғынбаеваның, Л. Волкованың, Р. Дәулетованың, А. Жұмабаеваның және т. б. еңбектерін атауға болады.
Тұлғаның бәсекеге қабілетті моделінде маңызды құраушылардың бірі кәсіпқой маманға ақпараттар ағынында табысты бағдарлануға мүмкіндік беретін, іскерлік пен мәдениетаралық байланысты орнататын шетел тілін меңгеру болып табылады.
Шетел тілдерін оқу пәні ретінде оқыту кеңестік кезеңнен бастап, негізінен орта мектепте жүзеге асырылған. Осы бағытта көптеген педагог- ғалымдардың еңбектері (Пассов Е. И., Старков А. П., Комков И. В., Гез Н. И., Рогова Г. В., Рахманов И. В., Маркова Т. В. т. б. ) жарық көрді. Олардың негізгі мазмұны мектепте шетел тілдерін оқытудың мазмұнын анықтау, оқытудың әдістемесін нақтылау, оқытуды жетілдіру, т. б. бағыттарға арналған.
Қарым-қатынас және коммуникация мәселелерінің философиялық аспектісін Э. В. Ильенков, М. С. Каган, В. Н. Садовский, Г. П. Буева, Д. М. Гвишиани, И. С. Кон, В. М. Соковин еңбектерінде қарастырылған.
Комуникацияның психологиялық құраушы феномендері Э. Ф. Зеер, А. Г. Ковалев, К. К. Платонов, И. Е. Шварц және т. б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.
Педагогикада педагогикалық қарым-қатынас және коммуникацияға дайындықты қалыптастыру мәселелері М. Е. Дуранов, В. А. Кан-калик, В. И. Загвянскийдің еңбектерінде қарастырылған. Шетел тілдік кәсіби- бағдарланған қатынасқа үйретудің ерекшелігі В. И. Андреев, О. О. Смирнова, И. И. Халеева, И. В. Ханин және т. б. зерттеулерінде ашық айтылған.
Негізгі құзырлықты қалыптастыру технологиясын А. В. Хуторский, М. В. Рыжанков, Н. Хомский, Дж. Равен, Х. Холек және т. б. жасап шығарған.
Қазіргі күнге дейін болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінде коммуникативтік құзырлығын шетел тілін оқытуда заманауи білім беру технологияларын пайдаланып оқыту арқылы қалыптастыру аспектісіне жеткілікті көңіл бөлініп, ғылыми тұрғыда теориялық және практикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Коммуникативтік құзырлықты қалыптастыру мәселесін ғылыми зерттеу жеткіліксіздігіне байланысты:
-іскерлік және мәдениаралық коммуникативтік байланыс машықтарын жеткілікті игерген, бәсекеге қабілетті мамандардың кәсіби қажеттіліктері мен сапалы кәсіби қатынас пен байланысқа болашақ мамандарды дайындау деңгейі арасында;
- болашақ мұғалімдердің білім алуын белсендендіруге, қарқындатуға
бағытталған талаптар мен болашақ мұғалімдерге шетел тілін үйретудің дәстүрлі әдістемелері арасында;
- болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлы деңгейіне бағытталған мемлекеттік стандарт талаптары мен болашақ мұғалімдерге шетел тілін оқыту үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі арасында қарама-қайшылықтар айқындалды.
Жоғарыда аталған қайшылықтар зерттеу проблемасы мен тақырыпты анықтау: «Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру» деп алуға негіз болды .
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау.
Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын шетел тілін оқыту барысында қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу мақсаты: болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу, мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру моделі жасалып, педагогикалық шарттары айқындалса және оларды шетел тілін оқыту үдерісі барысында білім беру бүгінгі технологиялар негізінде жасалған әдістеме арқылы жүзеге асырылса, онда болашақ мұғалімнің коммуникативтік құзырлығы артады, ал, бұл болса оған меңгерген білім, іскерлік, дағдысын кәсіби іс-әрекетінде тиімді пайдалануда септігін тигізеді.
Зерттеудің міндеттері:
- Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
- Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
- Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
- Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың мазмұнын анықтап, әдістемесін жасау және оны тәжірибелік-эксперименттік жүйеде тексерістен өткізу.
Жетекші идея: болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлықтарын кәсіби даярлау үдерісінде шетел тілін оқытуды жетілдіру арқылы қалыптастыру олардың кәсіби белсенділігін, кәсіби біліктіліктері мен коммуникативтік құзырлығын қалыптастыруда ықпал етеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, политехникалық және кәсіптік білім беру, оқыту әдістемесі мен теориясы, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік қағидаларын жасауда кәсіби оқыту үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми принциптері, сонымен бірге кәсіпқойлық, оның бәсекеге қабілетті және кәсіби толысқан маман болып қалыптасуындағы рөлі туралы; іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық және профессиографиялық теориясы туралы; проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы теориялары мен идеялары қолданылды.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) ; Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары, педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; филология саласындағы ғылыми еңбектері.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер) ; әлеуметтанулық (сауалнама) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің кезеңдері: Бірінші кезеңде (2006-2007 жж. ) зерттеу проблемасы бойынша болашақ мұғалімдердің шетел тілі бойынша білім, біліктерінің параметрлері анықталды, теориялық зерттеулер жүргізілді, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды, ғылыми және ұғымдық аппараты анықталды, гуманитарлық - ақпараттық пәндердің мазмұнына ендірілетін материалдар сұрыпталды, тәжірибелік -эксперимент жұмысының анықтау, қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды, болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастырудың құрылымдық моделі құрастырылды, педагогикалық шарттар анықталды және болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығының қалыптасу элементтерін жүйесі нақтыланды.
Екінші кезеңде (2007-2008 жж. ) қалыптастыру эксперименті жалғасын тапты, болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда шетел тілін оқыту үдерісінде информатика, кәсіптік білім мамандығы болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру жолдары айқындалды, арнайы пәндер бойынша әдістемелік нұсқаулар жасалды, арнайы курс бағдарламасы даярланды, ғылыми нұсқаулар берілді.
Үшінші кезеңде (2008-2009 жж. ) бақылау тәжірибелік-эксперименті өткізілді, зерттеу барысында алынған нәтижелер өңделді, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жасалып, диссертация талапқа сай рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
1. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың мәні және мазмұны анықталды.
2. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.
3. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттар жиынтығы анықталды.
4. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың әдістемесі ұсынылды, және ол эксперимент жүзінде тексерістен өтті.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу орнының болашақ мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілі» және «Информатика мамандығы студенттеріне арналған ағылшын тілі» атты оқу-әдістемелік құралдар даярланған. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында, болашақ мұғалімдер мен мамандардың кәсіби білімін жетілдіретін институттарда пайдаланылуға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың мәні және мазмұны.
2. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі.
3. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттар жиынтығы ( мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік ) .
4. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде заманауи білім беру технологиялары негізінде қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үдерісіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру тәжірибелік-эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми семинарында, “Білім беруді реформалау: ұлттық басымдылықтар және олардың шешімін табу жолдары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Тараз, 2008), “Жас Ғалым-2009” атты ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Тараз, 2009), “12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық дайындаудың нормативті қамтамасыз етілуі” атты республикалық семинарда (Тараз-2009), “ХХІ ғасырдағы жоғары кәсіби білімді мамандар даярлаудың мәселелері: кешегісі, бүгіні және болашағы” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2009) “Қазіргі таңдағы білім мен ғылымның мәселелері” атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2009), “Дүниежүзілік философиялық ой дамуы контекстіндегі қазақ философиясының теориясы және тарихы” атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2010) баяндалды, басылым көрген мақалаларда, оқу-әдістемелік құралдарда көрініс тапты. Зерттеу нәтижесінде «Ағылшын тілі» болашақ мұғалімдеріне арналған (Түркістан, 2009. ) және «Информатика мамандығы студенттеріне арналған ағылшын тілі» (Түркістан, 2010. ) оқу-әдістемелік құралдары баспадан шығарылды. Зерттеу нәтижелері Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде оқу үдерісінің практикасына ендірілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің объектісі, пәні, болжамы, мақсаттары, міндеттері, жетекші идеясы, теориялық-әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалары, зерттеудің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру) сипаттама беріледі.
“Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың теориялық негіздері” атты бірінші бөлімде болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың мәні мен мазмұны, олардың коммуникативтік құзырлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылады. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалады.
“Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастырудың әдістемесі” атты екінші бөлімде болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда коммуникативтік құзырлығын қалыптастырудың мазмұны нақтыланып, болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру әдістері анықталған. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының қорытынды нәтижесі дәлелденіп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілген.
Коммуникативтік құзырлықты қалыптастыруды жетілдірудің келешектегі даму жолдары қарастырылады.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен болжамды растайтын негізгі қорытындылар және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беріледі.
Қосымшада зерттеу барысында қолданылған сауалнамалар, тапсырмалар және т. б. келтірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлануына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.
Бұған негізгі дәлел Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 26 мамырдағы Г. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге арнап оқыған дәрісінде:« . . . білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Жеке тұлғаны функциональдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшіп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруымен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді» деп көрсетті.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болған болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны баршамызға аян.
“Құзыр”, “құзырлық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. Мысалы, “Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде” (М., 1952ж. ) “құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) - анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген.
Құзырлық құзырлары мәселесі бойынша жұмыстарды талдау Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, В. Н. Куницина, Г. Э. Белицкая, Л. И. Берестова, В. И. Байденко, А. В. Хуторский, Н. А. Гришанова, және т. б. еңбектерінде кездеседі.
Білім беру құзырлары түсінігін анықтап, оның иерархиясын айқындайық. Білім беру мазмұнының жалпы метапәндік (барлық пәндер үшін), пәнаралық (пәндер немесе білім беру аймақтары циклі үшін) және пәндік (әрбір оқу пәні үшін) болып бөлінуіне сәйкес үш деңгейлік иерархиясы белгілі:
1) негізгі құзырлар - білім берудің жалпы (метапәндік) мазмұнына қатысты;
2) жалпы пәндік құзырлар - оқу пәндері мен білім беру аймақтарының анықталған шеңберіне қатысты;
3) пәндік құзырлар - алдыңғы екі деңгейге қарағанда дербес, нақты сипаты мен оқу пәндері шеңберінде қалыптасу мүмкіндігі бар.
Осылайша, білім берудің негізгі құзырлары білім беру аймақтары мен оқытудың әрбір сатысындағы оқу пәндерінің деңгейінде нақтыланады.
Ресей ғалымы Н. В. Кузминаның көзқарасы бойынша «Құзырлық дегеніміз - педагогтың басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді».
Құзыр - өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.
Құзырлық - жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Болашақ мұғалімнің тұлғасы, дәстүрлі пәндердің (философия, психология, тарих, мәдениеттану, шетел тілі) әсеріне байланысты қалыптасады. Соңғы уақыттарға дейін коммуникативтік құзырлықты қалыптастыруға жеткілікті көңіл бөлінбеді.
Қазіргі оқытушы, болашақ мұғалімдерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт-бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мұғалімдер тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып ағылшын тілін оқыту арқылы қалыптастыру қазіргі заман талабы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz