Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру


М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе . . . ……… . . . 3-5
І ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан
тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың педагогикалық сипаты . . . 6-18
1. 2 Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру жолдары . . . 19-31
IІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың ерекшеліктері . . . 32-43
2. 2 Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 44-58
2. 3 Сабақ жоспарының үлгілері . . . 59-61
Қорытынды . . . 62-63
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 64
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Келешекте осы елдің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, Қазақстандықтар барлық мектептерге үлгі болуға тиісті қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылардың білім сапасы, даму бағыттары, келешегінің көкжиектері бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында болып 1999 жылы 7 маусым күні «Білім туралы заңы қабылданды.
Білім берудің деңгейлері мен мазмұны Қазақстанның білім беру жүйесінде жүйелі өзгерістер әкелмек. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістерімен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіру бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Сондықтан да болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесінің ізгілік бағыт алуы, атап айтқанда оқушыларды ізгілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерін айқындап, оны оқыту үрдісінде ұтымды пайдалану қажеттілігі туындайды. Соңғы кезде қолға алынып жатқан білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барлық білім беру жүйесінің, әсіресе мектептің міндеті.
Білім туралы заңда білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдарының бірі- педагог қызметкелер, оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, баланың жеке шығармашылық қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім стандарты министрлік алқасының 18. 07. 1996 жылы 81/2 шешімімен бекікіліп, 1998-1999 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Бұл білім стандартында оқушылардың әл- қуатына қызығушылығы мен шығармашылык кабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, өзін-өзі дамытуға жағдай жасай отырып, міндетті деңгейлерін айқындау жұмыстары жүргізілді.
Бастауыш мектеп- бұл оқушы тұлғасымен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондыктан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. [ 1]
Оқу - тәрбие үдерісінде мұғалім мен оқушы арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың атқаратын рөлі ерекше. Мұғалімнің өз оқушыларының жүрегіне жол тауып, олардың өзі оқып қана қоймай оның игеретін жетістіктерін де атап өткен.
Мысалы, қызығушылық қабілетті арттыра отырып, оқушының гумандық қасиеттеріноятуға қалыптастыруға болады. Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру. Осы гумандық қасиетін қалыптастыруда отбасы мен мектептің тәрбиелік маңызы зор. Адамгершілік қасиет- бұл адамның саналы әрекеті. Адамгершілік қасиетті оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыруға болады. Баланы гумандық қасиетке баулу үшін қызығуы үшін оның көңіл-күйі көтеріңкі болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығуы үшін қызығатын нәрсе адамға жағымды сезімдер туғызу керек. Жалпы адамның қызығулары бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психолог-педагогтар көптеген еңбектер жазған. Оларда ең көрнекті ғылымдар мыналар: У. Мак Дугал (1871-1938), Э. Торндайк, И. Ф. Гербарт. Бұл ғылымдар қызығушылықты зерттеп қана қоймай оның беретін жетістерін де атап өткен.
Мысалы қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының гумандық қасиеттерін қалыптастыруға, оятуға немесе қалыптастыруға болады. Адамгершілік қасиет оқушы бойындағы дарындылығын қалыптастыру және оны тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі.
Адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. «Адам» түсінігі биологиялық және әлеуметтік сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді. [ 2]
Ал «жеке адам» түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы әр түрлі әдеттерімен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу үшін, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты.
Сонымен «жеке адам» дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.
Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу көрінеді. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте мінез бен темпераменттің айрықша бітістері, шығармашылық іс - әрекет және қабілеттің ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді.
Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білім аралығында, педагогикалық ой - өрістерінде, балаларға жайлылығы мен еңбектегі жасампаздығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. [ 3]
Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін «индивид» түсінігін де білген жөн.
Бұл латын сөзі қазақша «жекелік» дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір ақыл - есі дұрыс адам «индивид» бола алады. «Жеке адам» түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні міне осындай.
Ал жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамуы және қалыптасуынан педагогика үшін «даму» және «қалыптасу» категорияларының мәнін ашып беру өз алдына маңызды.
Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әр түрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады.
Диплом жұмысының нысаны: Оқушылардың мектепте оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілік қасиетті қалыптастыру.
Диплом жұмысының мақсаты: Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру Міндеттері:
- Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
- Оқыту барысында оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың тиімділігі.
- оқыту барысында б астауыш сынып оқушыларының гумандық қасиеттерінің тәрбиелік мәні
- Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін пайдалану.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысу.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
І ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру педагогикалық сипаты
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады. Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Р. Выготский, В. В. Давыдов, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, Л. В. Занков, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тажібаев, М. М. Мұқанов, Ж. М. Абділдин, Қ. Б. Жарықбаев, Т. С. Сабыровтардың еңбектерін оқушының дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз.
Оқыта отырып, оқушылардың қабілеттерін, гумандық қасиеттерін қалыптастыру мәселесн көрнекті педагогтар Ш. А. Аманашвили, И. Т. Волков, О. С. Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешова жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В. Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. Ә. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы- сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын айқындайды.
Еліміздің егемендік алуына байланысты өз ұлтымыздың бала тәрбиелеу мен оқыту мәселесінде ғасырлар бойы жинақталған, асыл мұра ретінде осы күнге дейін жеткен озық ой-санамызды қорытып бір жүйеге келтіру, оны жалпы халыққа тарату, жастарымыздың бойында ең алдымен мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі тәрбиешілерімізді ұлттық дәстүрлер негізінде қайта тәрбиелеу-бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе.
Өйткені бүгінгі педагогикалық жоғары оқу орындарында халықтыңбүкіл тарихында қалыптасқан қазақ ұлтының ұлттық тәрбиесі идеясы кеңестік дәуірдің өміршеңдігінен оқу жоспары мен бағдарламасынан, білім берудің жалпы мазмұнынан тыс қалып қойды деуге болады. Сондықтан бүгінгі таңда жаратылысында дана-ақылгөй, ілтипатты, сыпайы қасиеттер туа дарыған өз ұлтымыздың психологиясы мен педагогикасын ғылыми негіздеу, оны қайта жаңғырту негізгі мәселелердің бірі болды.
Дегенмен біздің ұлтымыздың мәдениетінде, тарихында, әдебиетінде, этнографиясында, халықтың білімінде, өмір тәжірибесінде педагогикалық озық идеялар молынан кездеседі. Дана халық өзінің болашақ ұрпағына даналық сөздерін қалдырмауы, ұрпақтан-ұрпаққа үлкен бір қамқорлықпен іріктеп сақтап, асыл ойларын паш етіп, төкпей-шашпай жеткізу халқымыздың даралық тұлғасы деп білеміз. Бұл ойларды біз ең алдымен халқымыздың ауыз әдебиетінен, ұлттық мәдениетінен, ұлттық тілінен, тарихынан ағартушы педагогтарымыздың озық ой-пікірлерінен, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымыздан сұрыптап аламыз.
Халық педагогикасының материалдары жинақталып ғылыми түрде жүйеленіп қазақ этнопедагогикасы аталуы тың мәселе болғанымен бұл ғылым үшін жаңалық деуге де болмайды. Себебі бұл мәселе ғалымдарымыздың бүгінге дейінгі еңбектерінде қаралып келді.
Осы педагогикалық ой-жүйелерін бір ізге келтіру, оның бағдарламасын жасау, жоспарын, мазмұнын қалыптастыру мәселесін ғалымдарымыз әсіресе соңғы 10-15 жыл көлемінде қолға ала бастады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында білім ошақтарының барлығында да халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойып, Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихын жүйелеп ұсынуда педагог ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Солардың ішінен дара тұрған шығыс ойшылы атанған Әбу Насыр Әл-фараби (850-950) өз біліммен-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды.
Әлемнің негізгі тұрақтысы-адам. Адамның ақыл-ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дұрыс өсіп өркендей алады. Бақытты болу, кәмлетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту барлығы да білімге байланысты.
Шын мағынасындағы білімділік үлкен адамгершілік сипаты. Оның оқу-білім, тәлім-тәрбие мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы, адам атаулының, гуманистік ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. “Білімді болу деген сөз, - деп жазды ол, -белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз… білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады”. Ол оқу, білім алу ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. “Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет” - дейді ұлы ұстаз
Ол адамдардан шындықты, адамгершілікті, сыпайлыықты, әділдікті талап ететінін көреміз. Бұл ойды әрі қарай жалғастырушы түркі тілдес халықтардың аса көрнекті ақыны, ғалым Жүсіп Баласағұни (1015-1020ж) оның ғалымдық, ұстаздық, ақындық еңбегі “Құдатғу біліг” (“Құтты білік”) дастаны. Бұл дастан адамгершілік нұсқаларын, қоғамдық саяси ережелері мен заңдарды әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған. “Құдатғу білікті” қазақша “Құтты білік” немесе “Бақытқа жету ғылымы” деуге болады. Дастанда көтерілген тәлімдік маңызы зор келесі бір мәселе адамның мінез-құлқы, оның қоғамдағы орны туралы жәйіттер.
Адам-бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артынан ылғида жақсы сөзбен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бүл үшін ол әркез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөзбен істі бір жерден шығару қажет. Ол ақылдылықты адамның адам болуының, адамгершілік жағынан жетілуінің бірден бір өлшемі деп ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе шешілмейді деп түйіндейді
“Адамға оның ақылы ғана дос”
“Парасат қараңғыдағы шырақ”
“Ақылсыз адамның жануардан айырмасы жоқ”
“Біліктілік пен ақылдыдық төбеңді көкке жеткізеді”
Бұл ойларды қорыта айтқанда, ғалым адам әр кез орағыта ойлап, ақылдылықпен әрекет етсе ғана көздеген мақсатына жете алады деп тоқтам айтады. Ақылды адам жұрт алдында құрметке бөленеді. Тіл адамды көкке көтереді.
Адам екі нәрседе қартаймайды: бірі оның-игі ісі, екіншісі-ізгі сөзі. Олай болса, әр кез жақсы қылықпен қатар жақсы сөзің болсын, бұл екі қасиетің бір-бірімен байланысып жатсын. “Жақсы болғың келсе жаман сөз айтпа, он мың сөздің түйінін он сөзбен шеш”. Бақ пен бақытқа жету адамның өз қолында. Бұл үшін ол аянбай еңбек етіп, өз бойынан адамгершілік қасиеттерді егіп отыруы тиіс.
Білімді болу-бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Білімсіз адам-надан топас. “Білімді босаға жақта отырғанымен біртіндеп төрге шығады”. Нағыз білімділік адамгершілік, имандылық қылықпен нұрланып тұруы тиіс, деп тұжырмдайды.
Баласағұнның бұл ойлары қазіргі нарықтық экономикалық қатынаста өмір сүріп жатқан мектеп оқушыларына адамгершілік тұрғыда парасатты болуды меңзейді. Ғалым қазақ халқының ұлттық психологиясын былай сипаттаған: “…қазақ барлық сенім, әдетімен де, ойын сауығымен де, аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа құмаршылығымен де, халықтың заңының көптеген кодекстерін сақтаумен де, ең ақылдылардың қатарына қосылады ”- деп өз халқын жоғары тұтқан
Шоқан Уәлихановтың пікірінше халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі-сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері болып табылады. Ғалым халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын, мәдени мұра етуді мақсат етті. Оған жетудің жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдеиетті дамытудан іздеді. Бұдан біз Шоқан Уәлихановтың барлық еңбегі халықтық педагогика элементтерін өзек еткенін байқауға болады. Әрине бүгінгі күнде бастауыш сынып оқушыларының Атамұра ұсынған жаңа оқулықтарыныңда Шоқан айтып өткен тәлім-тәрбиелік ойлары түгелдей қамтылып, зерделеніп оқушылар бойына құйылса дер едік.
Қазақ халқының ұлы ағартушы педагогы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын Ыбырай Алтынсарин (1841-1889ж) мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білуі керек дей келе, “Мұғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы, егер бала бір нәрсені білмей қалса, ол бала кінәлі емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі кінәлі. Ұстаз балаға сабыр мен салмақты қысқа сөйлеу керек, ол әрбір пәнді балаға түсіндіргенде ықыласымен, қарапайым тілмен түсіндіруге тиіс”-дейді
Бүгінгі мұғалімнің бойында болатын жоғары білімді білгірлікті, шыдамдылықты, іздемпаздылықты қасиеттерді айтып тұрғанын байқаймыз.
Ақын педагог “Қазақ хрестоматиясы ” (1879) кітабында “Кел, балалар, оқылық” сияқты өлеңдері балаларды еңбекке, адамгершілікке тәрбиелейді.
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Надандықтың белгісі-
еш ақылға жарымас,
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Адамның ең басты қасиеті- оның адамгершілігі деп түсінген ұлы ағартушы ұстаз үшін ғылым мен білім қосыла, адамгершілікті таза сақтауға бірден-бір нәрсе деп көрсетеді.
Жас кезде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты өсетінін от басында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады. Сонымен қатар өнегелі отбасынан бұзық мінезді баланыњ шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланыњ өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортаныњ, замандас, жора-жолдас, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуге болатынын дәлелейді.
“Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезін түзеу, адамшылыдыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу” дей келе, “Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешініњ өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала, айтып тұрғаннан көрі көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соњ балаға не жақсы мінез болсын іспен көрсете білу керек”-дейді. Бұл еңбекте Аймауытов “Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі дидактикаға ғылыми анықтама берген”.
Оның пікірінше, “Мұғалім-үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан біркелкі әдістен табан алмай шектеліп қалуға болмайды. Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жањадан-жаңаны табатын өнер. Оқыту, білім беру әдісі үнемі ізденуден тұратын іс-әрекет”-деп атап өтеді. Ж. Аймауытовтың бұл пікірлері қазіргі қазақ мектептеріндегі оқытудың мазмұнын қайта құру жөніндегі жалпы орта білім беру тұжырымдамасында айтылған “педагогикалық процестің сапасын көтерудің” маңызды бағыты-сабақты өткізу тәсілдерін одан әрі жетілдіруде басты қағида етіп ала аламыз.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938ж. ) ақын, аудармашы, педагог. Ол 1922 жылы “Педагогика” оқулығын жазған ағартушы. Осы оқулығының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл және сұлулықпен әдеп-ғұрып тәрбиесі: “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оныњ тәрбиесі түгел болғаны.
Егерде ол ыстық суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елмейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы.
Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын…” Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қылып шығару”-деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді.
Ақын тілдің адам өміріндегі мањызы жайлы айта келіп, ұлттыњ мәнін мәнермен жеткізеді. “ұлттың тілі, кеми бастауы-деп жазды ол, -ұлттыњ құри бастағанын көрсетеді”. Мағжан педагогикасы аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жараламайтын адамгершілікті педагогика. Қазақ халқының ғалымы педагог Жұмабаевтың ойын бағамдап қарасақ бүгінгі жањару заманындағы оқушылардың тіл шұбарлығын тазарта отырып өз халқыныњ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге үйрететінін ањғардық.
Мағжан Жұмабаев “Педагогикасындағы” ойлармен нәрлендіретін кез келді деп ойлаймыз. Мағжан мен қатар өмір сүрген ақын, журналист, әрі ағартушы педагог С. Торайғыров (1843-1920ж) этнопедагогикалық ой-мақсаттарын өз шығармалары арқылы халық санасына жеткізе білді. Ұлттық білім, халықтық тәрбие ісінің жағдайларын зерттеп, ұрпақтың келешегіне кемелді жол сілтеді. “Жеткізбей кетер жүйрік жоқ, қусақ бәрін шаламыз”, - деп, жастарды жаңаша жарысқа шақырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz