Білім-педагогикалық процесс



1. Білім . жалпы адамзаттық құбылыс
2. Білім . әлеуметтік қажеттілік
3. Білімнің жүйелілігі
4. Білім.педагогикалық процесс
5. Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мәнділігімен ерекшеленеді. Әдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық кұбылыс; білім - әлеуметтік мәдени мұра; білім - жүйе; білім - педагогикалық процесс; білім - нәтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадымзаттық құндылық ретінде танылады. XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив жағдаяттар (фактор) проблемасына қызы-ғушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы зерттейді.
1. С.Б. Бабаев «Жалпы педагогика» Алматы 2006 ж
2. Ж.Б. Қоянбаев «Педагогика» Астана 1998 ж
3. Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Алматы 2004 ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
1. Білім – жалпыа дамзаттық құбылыс

2. Білім - әлеуметтік қажеттілік

3. Білімнің жүйелілігі

4. Білім-педагогикалық процесс

5. Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
6. Пайдаланылған әдебиеттер

Білім – жалпы адамзаттық құбылыс
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен,
білім түсінігі көп мәнділігімен ерекшеленеді. Әдетте, бұл термин мазмұны
жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық
кұбылыс; білім - әлеуметтік мәдени мұра; білім - жүйе; білім -
педагогикалық процесс; білім - нәтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадымзаттық құндылық ретінде танылады.
XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив
жағдаяттар (фактор) проблемасына қызы-ғушылық артудан, бұл категория
философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың
құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы
зерттейді.
Құндылық термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де
міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды
олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, әрі
сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан және субъектив болып
ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі және
олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына
кіреді. Ал субъектив құндылықтар - бұлар бағалау -баға негізіне алынған
өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, әлеуметтік стандарттар. Бұлардың
бәрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-әрекет мақсаттары ретінде қоғамдық
санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде әлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды
мән-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғанатанылады. Әрқандай тарихи нақты
қоғамдық формация әлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тән
құндылықтар жиынтығына ие. Сол қиндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға
қалыптасады, қоғамда қабылданған тәртіптер жүйесі қолдау табады.
Адамзат дамуының әрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты
қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір,
бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, әсемдік, шығармашылық және т.б.
адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мәңгілік,
ешбір төңкеріс не идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Әр тарих
кезеңде олар мәні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы
ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылыктар өз алдына дербес
топ құрайды. Олардың мәні тәрбиелеу және білім беру қызметінің ерекшелігі,
оның әлеуметтік ролі және жасампаздық мүмкіншілікіерімен анықталады.
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық
дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама және тікелей
байланыстырушы ретінде, әрі педагогикалық іс-әрекетті реттеуші талаптар
(нормы) ретінде қабылданған.
Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы
әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тәуелді. Олар тарих желісінде
қалыптасып, ерекше танымдық бейне және ұғымдар түрінде қоғамдық сана
формасына енеді. Өмірдің әлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға,
педагогикалық қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтарда ауысып
барады.
Білім - қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дәлелі - көпшілік
елдер Ата заңында келтірілген әрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл
құқық әртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына
сәйкестендірілген нақты дәуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық және жеке тұлғалық құндылықтарға
ие.
Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі-мемлекеттің
адами-инабаттық, ақыл-парасаттық, ғылыми-техникалық, рухани-мәдени және
әкономикалық мүмкіндіктерінің негізі - білімде. Осыдан, білімді ел- мықты,
мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен
анықталады. Алайда, мемлекет және қоғам тарапынан болатын білім дамуына
орай түсіністік пен ұмтылыс әрқашан сәйкес бола бермейді. Мысалы, осы күнгі
ҚР он екі жылдық оқуға өту - мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан
түсінбеушілікке ұшырауда.
Білім - әлеуметтік қажеттілік
Әрқандай адамзат қауымдастығының шарты - оның мүшелігін мойындаған әр
тұлға сол қауымның нақты табиғи және әлеуметтік-тарихи жағдайларына
байланысты қалыптасып, қабылдаған құндылықтарын мойындап, қылық-әрекет
талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет
қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұлғалық
кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы
жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның
дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу
сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты
міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін
арнайы ұйымдастырылған мекеме-лердің қолдауымен және жеке адамның ынта-
ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай
жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі
білім (образование) деп аталады. Білім - өте күрделі, басқа дүние
болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық-тарихи құбылыс, оның
мән-жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз-ақ.
Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің "Ві1dung"-
"бейне" сөзі негізінде пайда болған әрі оның бұл күндегі көпшілік таныған
анықтамасы келесідей: кейбір идеалды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи
шарттарға тәуелді қоғамдың санада түбегейлі әлеуметтік өрнек - эталонға сай
бекіп, жүзеге келетін тұлғалық және рухани қалыптасу мен әлеуметтену
процесі.
Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің
ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен әлеуметтік
құбылыс.
Білімнің әлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім
мен әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік
әрекеттерінен өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы
кәсіби адамдардың пайда болу дәуірінен басталады. Дегенмен, мәдениетке
мұралық ету әлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тәсілі ретінде
білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек
әрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін
тауып келеді.
Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу
заңдылықтарын зерттеген ғалымдардың топшылауынша, ол дәуірдегі білім игеру
процесі қоғамдық өндірістің нақты іс-әрекетіне тікелей араласу нәтижесінде
атқарылатын болған. Оқу мен тәрбие, мәдени құндылықтарды әулеттен әулетке
жеткізу қызметтерін орындау әрбір ересектің борышты міндеті есептелген де,
ол міндет балалардың еңбек және әлеуметтік іс-әрекеттерге тікелей араласып
отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның әрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог
қызметін атқаратын болған, ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу
тайпасында) бұл жүктемені, яғни жас балаларды тәрбиелеу негізінен
жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайдада білім қоғам өмірінен
ажыралмай, оның ажыралмас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге
қорек тауып, ошақ-отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік,өнеге
үйренген. Әйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған,
ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару-жарақ ұстауға, пайдалануға
тәрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға
үйреткен, көкөніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мен аспан денелерінің
қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, әскери
жеңістерге қуана асыр сала билеп, ән шырқаған, тайпаластарының бақытсыздығы
мен ашаршылығын, жеңілістері мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған
да жабырқаған. Осыдан адам білімденуі комплексті іске асып, өмір бойы
үздіксіз дамуда.
Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мәдениеттің
дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тәжірибенің молыға түсуіне жол
ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектеулі болды. Осы қарама-қарсылықтың
үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында таратуға арналған
арнайы әлеуметтік құрылымдар мен әлеуметтік (институт) мекемелердің
түзілуіне байланысты болды.
Әлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім - ең алдымен шынайы қоғамдық
құндылық. Әрқандай қоғамның адамгершілік, интеллектуал, ғылыми-техникалық,
рухани-мәдени және экономикалық мүмкіндіктері білім беру саласының даму
деңгейіне тәуелді. Алайда білім қоғамдық - тарихи сипатта бола тұрып, өз
кезегінде, әлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тарихи
типіне байланысты. Әр дәуір білімі сол кезеңдегі әлеуметтік даму
міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мәдениет деңгейін, саяси және
идеологиялықталаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың орта-
сында қоғамдық қатынастар субъекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.
Сонымен, білім - салыстырмалы дербес жүйе. Оның қызметі -нақты ғылыми
біліктерді, идеялық-ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды,
әрекет-қылық нормаларын игеруге бағытталған қоғам мүшелерінің тәрбиесі мен
оқуын іске асыру. Ал бұлардың бәрінің астарында болатын мазмұн нақты
қоғамның әлеуметтік-әкономикалық және саяси құрылымы мен оның материалды
–техникалық деңгейімен айқындалып барады.
Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек.
Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.
Білім, әлеуметтік-қажеттілік болумен бірге біршама қызметтер атқарады.
Ғалымдардың пайымдауында (Н. В. Берковский, А.А. Реан) білім қызметтері
төмендегідей:
- адамның ғылым және мәдениет әлеміие енуінің ең оңтайлы да жедел
жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда әлем және барша планета азаматын
тәрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш-қуатын топтастыруда.
Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дамуда. Сондықтан да әлем қауымдастығы
адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тәуелсіз
жаһандық білім стратегиясын қалыптастыру тапаптарын алғатартып отыр;
- тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтақасыз ету
тәсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарының, әлеуметтік
танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске
түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи және әлеуметтік
тәжірибені әулеттен әулетке өткізу проиесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік
береді, сонымен бірге жаңа саяси және әкономикалық жағдайларды, қоғам және
мәдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына өндіріп, бекітуге
жәрдемдеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола,
адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икемделіп, бейімделеді.
- адамның қоғамдық және рухани өмірін, сонымен бірге жалпы халықтық
рухани сана қалытпастыру тетіктері: Білім беру және тәрбиелеу мекемелері
белгілі дәуір адамының әлеуметтік- мәдени іс-әрекеттерінің ең жоғары өрнек
- үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің әлеуметтік құндылығы білімді де
ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилық
(гуманистік) құндылығы әрбір жеке тұлғаның танымдық және рухани
қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің барша
түрлері мен денгейлерінде елдің интеллектуал және рухани- инабаттық
мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.
- мәдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық және қимыл- әрекет үлгілері
мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (трансляция) баруы. Оқу
және тәрбие барысында адам өркениет дамуына қажет әрі мәдени-тарихи маңызы
бар әлеуметтік- мәдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның
әлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен
бірге ортақтасу, жеке тұлғалық және іскерлік қатынастардағы моральдық және
ізгілік талап өлшемдері.
- аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дәстүрлердің даму әдісі. Кейбір
аудан тұрғындарының ерекшелігі педогогикалық міндеттерге өзіндік өң береді.
Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне енуі осы білімнің арнасында өтіп
жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы әрқилы әлеуметтік
топтардың сұраныстары ескеріледі.
- тұғырлы мәдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын бірден
бірге өткізіп тұрушы және іске асырушы әлеуметтік институт (ресми құрылым,
мекеме). Әлеуметтік институттар жас ұрпақты бүгінгі қоғамда дербес жасауға
мақсат бағдарлы дайындау жұмыстарын іске асырып барады.
- жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мәдени ауысулар мен қайта түрленудің
белсенді үдеткіш күші.
Білімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процесс
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Тұтас педагогикалық процесс
Педагогикалық процестің принциптері
Педагогиканың негiзгi мiндеттерi
Тұтас педагогикалық процес
Тұтас педагогика ұғымы
Тәрбие процесі
Педагогикалық процесс компоненттері
Педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Пәндер