Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы



I. Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
II. Ұлы Отан соғысының зардаптары.
III. Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық
IV. Қазақстан . лагерьлер өлкесі
V. Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік.экономикалық жағдайы.
VI. Кеңестік әміршіл.әкімшілік жүйенің тоқырай бастауы
VII. 1950 жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалар.
VIII. Республиканың 50.жылдардағы қоғамдық.саяси өмірі
IX. Кеңестік коғамның әлеуметтік проблемалары
X. Халықаралық жағдайдың шиеленісуі
XI. Дәуір құжаты
XII. Қорытынды
XIII. Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгінгі таңда тоталитарлық жүйенің қасіреті жайлы көптеп жазылуда. Бұған дейін бұл тақырыпта жазу түгілі айтуға тиым салынған болатын. Арнайы қоныстанушылар мен күштеп қоныстанған халықтардың аяусыз тағдырын зерттеу жабық болды. «Депортация» сөзінің өзі өткен ғасырдың 80-ші жылдардың ортасына дейін арнайы сөздіктерде «қылмыстық немесе әкімшілік жазалау шарасы есебінде мемлекеттен жер аудару, қуу» деп түсіндірілді. Мемлекеттің партиялық идеологиясы және билеуші элитаның іс-әрекеті арнайы қоныстанушылар үшін ақыр заман қасіретін орнатты. Бұл қасіретті зерттеу мәселесі ешқашан ашылмайтындай жасырын күйде қалатындай көрінді. Міне, бірнеше жылдың ішінде заман өзгеріп шыға келді. Саяси талаптар өзгеріп, соңында тарихи шынайы мүмкіндіктердің бетін ашуға жол ашылды.
ХХ ғасырдың басы самодержавияның жүйелі ұлттық-саяси қысымының үстемдік құруымен сипатталады. Оның ең басты элементтерінің бірі – «өзге дінді» және «өзге ұлтты» халықтарды зорлықпен ассимиляциялау еді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
Ұлы Отан соғысының зардаптары.
Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық
Қазақстан - лагерьлер өлкесі
Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Кеңестік әміршіл-әкімшілік жүйенің тоқырай бастауы
1950 жылдардың ортасындағы біршама прогресшіл бастамалар.
Республиканың 50-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі
Кеңестік коғамның әлеуметтік проблемалары
Халықаралық жағдайдың шиеленісуі
Дәуір құжаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы

Бүгінгі таңда тоталитарлық жүйенің қасіреті жайлы көптеп жазылуда. Бұған дейін бұл тақырыпта жазу түгілі айтуға тиым салынған болатын. Арнайы қоныстанушылар мен күштеп қоныстанған халықтардың аяусыз тағдырын зерттеу жабық болды. Депортация сөзінің өзі өткен ғасырдың 80-ші жылдардың ортасына дейін арнайы сөздіктерде қылмыстық немесе әкімшілік жазалау шарасы есебінде мемлекеттен жер аудару, қуу деп түсіндірілді. Мемлекеттің партиялық идеологиясы және билеуші элитаның іс-әрекеті арнайы қоныстанушылар үшін ақыр заман қасіретін орнатты. Бұл қасіретті зерттеу мәселесі ешқашан ашылмайтындай жасырын күйде қалатындай көрінді. Міне, бірнеше жылдың ішінде заман өзгеріп шыға келді. Саяси талаптар өзгеріп, соңында тарихи шынайы мүмкіндіктердің бетін ашуға жол ашылды.
ХХ ғасырдың басы самодержавияның жүйелі ұлттық-саяси қысымының үстемдік құруымен сипатталады. Оның ең басты элементтерінің бірі - өзге дінді және өзге ұлтты халықтарды зорлықпен ассимиляциялау еді. Мұны өз саясатында пайдаланған большевиктер саяси өмірде ұлттық және конфессиялық идеяларды ұрандатып, халықтарды алдап, өз құрсауында ұстады. Ақпан төңкерісі патшалық жүйені жойды, ал большевиктер болса Қазан төңкерісін ұйымдастырып, билікке келді. Нәтижесінде ұрандарын ұмытып, ұлт-азаттық көтерілістерді тұншықтырды. Осылайша тоталитарлық жүйенің негізі қаланды. Ресейлік жүйені өзгерткенімен, оның шовинистік мақсаты өз мәнін жоғалтпады, керісінше коммунистер ұлт азшылықтарына жаңа идеологиялық феномен ойлап тапты. Бұл феноменнің астарында өзге ұлттарды түбірімен жойып, жаулап алынған жерлерді орыстың меншігіне айналдыру жатты. Қазақстан барлық жағынан кеңестік саяси полигонының тәжірибелік орталығына айналды.
1922 жылы КСРО құрылуымен мемлекеттік құрылыста тоталитарлық жүйе қалыптаса бастады. Өмір сүру үшін маңызды мәселелер орталықтандырылған партиялық аппаратта шешілді. Орталықтың түрлі сынақтары арқасында миллиондаған жазықсыз халықтар қырылды. Маркстік-лениндік теорияны алға тартқан орталық аппарат халықтарды араластырып тастау интерұлттандыру атты жаңа ұранды пайдалана бастады. 1930 жылдардан бастап, кіші інілер үлкен ағаның айналасына жиналу қажеттілігі мен кеңестік патриотизм, сондай-ақ Отан түсінігі әрбір халықтың санасына зорлықпен сіңіріле бастады. Социалистік мәдениет түсінігі үстемдік етті, осы ұранның арқасында халықтар араласып өмір сүру теориясы жасалды. Бұл теорияның мазмұнында халықтарды қайткен күнде де орыстың рухани тәуелділігіне түсіру жатты. Жаңа адамды немесе жаңа кеңестік азаматты жасау идеясы түрлі зорлық-казармалық тәсілдерімен жүзеге асты. Жаңа индустриалды мемлекетті құру мақсатында мәдени төңкерісінің насихатын жүргізіліп, қарсылықсыз бұйрықтарды орындайтын конформист адамдарды жасау мақсаты да алға қойылды.
Сталиннің билік басына келуімен, жеке басқа табынушылық барлық қоғамдық қатынастарды қамтыды. Сталин бір жақтан ресми түрде коммунистік идеяларды таратса, екінші жақтан оны жүзеге асырудың қыруар түрлерін ойластырып, ал ол идеяларды орындауда террорлық әдістерін пайдаланатын. Осылайша Сталин заңды нормаларды заңсыз нормалармен араластырып, жүргізеді. Осыған байланысты атақты әдебиеттанушы және футуролог Дж. Оруэлл Тоталитаризм ой тәуелсіздігін бұрын соңды жасалмаған формада тежеді. Ол ой мен сезімді бақылайтын дәрежеге жетті деп, тоталитарлық жүйенің қатыгездігін атап өткен. Бұл жағдайда ресми интернационалдық идеология ұлттық нигилизм формасына көшкендігін атаған жөн. Егер Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін тек халық жаулары ұғымы пайдаланған болса, соғыс жылдарында жау халықтар ұғымы кең өріс алды. Бұл жөнінде қарашай халқының саясаттанушысы әрі публицисті Рашид Хатуев Ақмолада жарық көрген Қоныс аудару атты естелігінде жазған. Аталмыш еңбекте автор Ставрополдің басты партизаны Михаил Сусловтың қарашай халқын жазықсыз қырғандығын жазған .
1920 жылдары орыс халқының ұлттық мәдениетінің орнына орыс патриотизміне тәрбиелеу ұғымы пайда болды. Идеологияландырылған орыс халқының тарихы, ұлттық республикалар мен аумақтарда ұлттық буржуазияға қарсы күрес ұғымымен қатар жүріп, дәріптелді. Мәселен, 1937 жылы жарық көрген профессор А.Шестаковтың КСРО-ның қысқаша тарихы атты оқулығын жалпы кеңестік үкімет комиссиясы, бұл кітап кеңес жастарының сүйікті кітабына айналады деп, оны жер-көкке сидырмай мақтаған-ды. Алайда аталмыш еңбектің басты мазмұны түркі халықтары мен славян этносын бір-біріне айдап салу мақсатында жасалған. Бұл ойды Л.Н.Гумилев Ритмы Евразии. Эпохи и цивилизации атты еңбегінде сөз еткен.
1928 жылдың ақпан айында КП (б)-нің бөлімдеріне жіберген хатында И.Сталин қарсылықты - бұйрықты стильде Біз жүргізіп отырған ЖЭС, салықты салғыртпен өзгерту және тәркілеу саясаты туралы түрлі әңгімелер, контрреволюциялық, түкке тұрмайтын сөздер, оларға қарсы жіті күресті бастауымыз қажет деп жазып, халыққа қарсы күресті одан сайын күшейту керектігін тілге тиек етті. Нәтижесінде тоталитарлық идеология саяси шарықтаған түрде кеңінен іске аса бастады. 1930 жылдары Германияда фашистер билік басына келісімен, КСРО-да фашизмге қарсы идеологиялық күрес бастады. Ал 1939 жылы тамыздан кейін КСРО мен Германия арасында достық және келісім пропагандасы күшіне енді. Әрине, мұнда КСРО мен Германия арасындағы шекаралық келісім және соғыс жасаспайтындығы туралы Пакт жасалғанын атаған жөн. Дегенмен, оның астарында әлемді бөліске салу құпиясы жатқанын тілге тиек ете отырып, Гитлердің аяқ астынан контр лагерлерді құруды бастағанын, КСРО-ғы халықтарға қарсы зорлықпен қуғын-сүргін бастауына түрткі болғаны анық. 1926-1937 жылдар аралығындағы ресми мәліметтерге қарағанда КСРО-да ГУЛАГ-та қырылғандарды есептемегенде, 1 500 000 халық қуғыннан қырылған. Бұл тек тіркелген халықтардың мәліметі. Ал тіркелмегені қанша? 1939 жылдан бастап, халық санасына жаулар ұғымы сіңіріле жүргізілді, социализм сатқындары, Ұлы Кеңестер державасын сатуы мүмкін түсініктері талай халықтың өмірін қырғынға ұшыратты.
Арнайы қоныс аударушыларды орналастыру саясаты акциясын жүргізген Сталинді және оны қоршағандарды мыңдаған халықтардың тағдыры ойландырмады, олардың көштен қалған материалдық байлықтар алаңдатты. Ресми құжаттарға қарағанда қуғынға ұшыраған халықтардың мал-мүлкі НКВД қызметкерлері тарапынан тәркіленіп, арнайы дүкендерде сатылуға қойылатын, ал одан түскен қаржы сол қызметкерлердің еншісіне берілді.
Күштеп қоныстандырылған халықтардың басынан өткізген тауқыметін бір сөзбен айтуға болмайды. Әсіресе, түркі халықтарына қарсы жасалған зорлықпен қуғын-сүргін саясаты қазақ жерінде көбірек жүргізілді. Жердің кеңдігі мен адам санының аздығы қылмыстарды жасыруға ыңғайлы еді.
Зорлықпен қуғын-сүргін саясаты арнайы дайындалған тізбе бойынша жұмыс істеді: аяқ астынан түнде ауыл қоршауға алынатын, сонан соң халықты мал айдағандай эшелондарға сүйрелейтін, поездар құпиялы түрде тоқтаусыз жүретін. Вагон ішіндегі жазықсыз халық аштықтан қырылатын, адамдар дәретін сол вагонда сындыратын, аштықтан қырылып қалмау үшін тірі адамдар өліктердің етін жейтін, жаппай індет ауруы тарайтын. Қоныстанғаннан кейін оларды түрлі жұмыстарда пайдаланды, араларында оба ауруы кең тарады, ол ауру жергілікті халыққа тарап, жазықсыз халық адам тұрмайтын жерлерде өмір сүрді. Бұл фактілерді чекистердің өздері мойындаған. Мәселен, 27 қараша 1941 жылы КСРО-ның ГУЛАГ-тың бастығы Наседкин, Халкомның орынбасары Чернышевқа жіберген мәлімдемесінде 1941 жылы Балтық жағалаулары Республикалары, Молдавия ССР және Украина КСР мен Беларусия КСР-ің батыс аудандарынан 20 жылға деп Алтай өлкесіне, Киров облысына, Коми АКСР-не, Краснояр өлкесіне және Қазақ КСР-не, қуғын - сүргінге ұшыраған отбасылары бар. Жалпы қуғын-сүргінге жіберілгендердің саны 88 047 адам. Олардың жағдайлары өте нашар. Аштықтан ісіп, кедейшілік пен жұмыссыздық күйін кешіп отырғандығы туралы фактілер молшылық. НКВД-да мұндай категориямен жұмыс істейтін қызметкерлердің жоқтығын Сіз жақсы білесіз. Біз жауапкершілікті мойнымызға алмаймыз деп жазылған. Осылайша депортация террорлық саясат ұғымымен теңесе бастады.
Көптеген тарихшылар зорлықпен жүргізілген қуғын-сүргін тарихын жазу барысында, ол қылмысты істі соғыспен байланыстырады. Бірақ мұндай ұстаным жасалған қылмысты ақтамайды. Тарихқа үңілсек патшалық заманда да, Кеңестік жылдарында да этникалық топтарға қарсы жасалған зұлымдық әрекетері әр түрлілігімен ерекшеленеді. Осы тұста КСРО-ның 1934 жылы Ішкі істер халық комиссариатының (НКВД) қызметін атаған абзал. Себебі Сталиннің қолымен қуғынға ұшыраған халықты тек құрсауда ұстамай, оларды пайдалы еңбекке жұмсау мақсаты қойылған-ды. Бұл әрине жаңа формадағы құлдық жүйенің пайда болуының дәлелі. КСРО-ның әр бесжылдығында лагерлердің санын арттыру мәселесі қаралатын. 1932 жылы 11 еңбек лагерлері жұмыс істесе, 1940 жылы олардың саны 53 дейін өскен. Бұл лагерлер қуғынға ұшыраған халықты арнайы ірі құрылыс объектілерінің құрылыс жұмыстарына жұмсау мақсатында бой көтерді. Қамауға алынғандардың санын анықтайтын болсақ, егер 1930 олардың саны 179 мың болса, 1940 жылы олардың контингенті 1 668 200 дейін өскен. Олардың 30 пайызы саяси қуғындалғандар. Ендігі жерде осы қуғынға ұшырағандардың ел экономикасына қосқан үлесі туралы атаған жөн. 1941-1944 жылдар аралығында қамауға алынғандардың арқасында 3 домендік пеш, сода мен бром өнімін шығаратын 2 химиялық зауыт, 6 гидролизді және сульфатты - спирт шығаратын зауыт, 3573 километрлік темір жол, 4700 км. авто жолдар төселді, 612 оперативті аэродромдар бой көтерді т.б. Саяси қуғынға ұшырағандардың лагерлердегі саны күн өткен сайын азайып отырды. 1941 жылы ГУЛАГ-та 100 997 адам қырылса, 1942 жылы - 248 877, 1943 жылы - 166 967, 1944 жылы - 60948, 1945 жылы 43 848 адам.
Соғыстан кейінгі жылдары лагерлік жүйенің құрылысы өсе бастады. 1953 жылдың басында ГУЛАГ-тың құрамында 146 еңбек лагері, 687 еңбек колониясы, 52 арнайы қоныстанушылар үшін түрмелер қызмет жүргізген. Бұл лагердегі арнайы қоныстанушылардың саны 2 млн. 753 дейін өсті. Арнайы қоныстанушылардың арасында 1949 жылы Қара теңіз жағалауы халықтарын қылмысты деп танып, Грузия, Одесса және Қырымнан түркі халықтар қуғынға ұшырап, қамауға алынған. Олардың арасында 80 444 ингуш халқы бар еді. Осылайша түркі халықтары өзге халықтармен бірге кеңестік азапты басынан өткізген.
Күштеп қоныстанушы халықтарға тағылған айып-кінәні жоққа шығару Сталин өлгеннен кейін жүзеге асырылды. Алайда депортацияға ұшыраған халықтардың тарихи әділеттілік және моралдық-психологиялық жағдайының орнын толтыру қасіреті алыста қалды.
Осынау қуғын-сүргін науқанының жалпы көлемі туралы алғашқы пікірлерді шетелдік әріптестеріміз айтты. Қолдарында нақты архив деректері болмаса да олардың негізінен бұл мәселеге әділ тарихи баға бергенін айта кеткен жөн. Мысалы, Италияның марксист тарихшысы Джузеппе Бофора өзінің 1979 жылы Милан қаласында жарық көрген Кеңестер Одағының тарихы деген еңбегінде орыс тіліндегі аудармасы 1994 жылы Мәскеуде жарық көрген аталған науқанды төмендегідей сипаттап жазды: Алғаш ескертпе шара ретінде соғыстың басында Еділ бойы немістерінің автономиялық республикасы жойылды. Олар тарпынан басқыншылардан көмек және қолдау алулары мүмкін деген күдікпен республиканың барлық халқы Екатерина ІІ кезіндегі ескі колониядан шыққан 300 мыңнан астам адам өз жерлерінен қуылып, Сібір мен Қазақстанның әртүрлі облыстарына жер аударылды. Осындай шаралар, бұл жолы жазалау ретінде Еділдің төменгі жағындағы оңтүстік далаларды және Каспий теңізі жағалауларын мекендеген қалмақтарға 1943 жылдың желтоқсанында, біраз кейінірек, 1943 жылдың соңы мен келесі жылдың көктемі аралығында кейбір Солтүстік Кавказ халықтары - қарашайларға, шешендерге, ингуштарға және басқаларға ақыры, 1944 жылғы маусымда Қырым татарларына әзірлеген еді. Бұл халықтардың бәрі өздерінің автономиялық мемлекеттік құрылымдарынан айырылды. Жазалау талдаусыз, тіптен жекелеген жауапкершілікті анықтауға әрекет ретінде жазалаусыз, бәрін қамтыды. Олардың бәрі жастарына немесе мінез-құлқына қарамастан, сондай-ақ коммунистер немесе жергілікті кеңестердің жоғарғы басшылары да күшпенен Сібірдің және Орта Азияның аз мекендейтін аудандарына айдалды. Онда олар бөлшектенген топтар түрінде орналасты. Бұл Сталин басқарған жылдардағы қатал жазалау операцияларының бірі, болашақтың барып тұрған қатерлі нышандарының өзі еді.

Ұлы Отан соғысының зардаптары.
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.
Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық.
20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.
Қазақстан - лагерьлер өлкесі
20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен офицерлерін қамтыды. Көптеген әшкерелеудің ішінде ленинградтық іс, дәрігерлер ісі т.с.с. істер болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың төменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез келген апаттар мен ақаулар халық жауларының әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нөрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс аудару операциялары әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комиссариаты III басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға 2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды, олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар да жер аударылып, олар өз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың өкілдері өздерінің үздік адамгершілік және интернационалдың қасиеттерін көрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап, мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бөлісті. Қоныс аударғандар да борышта қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек көрсетті.
1940-1950 жылдары да ұлт саясатын қудалау ісі жалғасты. Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, С. Мұқанов Қазіргі тақырыпка пьеса жазбайтындар ретінде саналды. Ө. Тәжбаевтың Біз қазақпыз атты шығармасы ескі хандар мен бай-шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы қаулысы жарияланған соң ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды. Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында Қазақ совет әдебиетінін; жағдайы және оны одан әрі дамыту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Б. Кенжебаев, Т. Нүртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ө. Марғүлан секілді талантты зерттеушілер үлтшылдар қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы Кенесарыны дәріптеушілерретінде де айыпталды. 1947 жылы жарияланган Қазақстан XIX ғасырдың 20-40-жылдарында атты монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25 жылга сотталады. Оның көзкарасын жақтап, ғылымға адалдық танытқан тарихшылар да қудаланды. Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болады.
Тек кана 1956 жылы КОКП-ның XX съезінде сталиндік жеке баска табынушылық әшкереленіп, айыпталғаннан кейін жазықсыз тұлғаларды қудалау саясаты токтатылды. Солай дегенмен де еркін ойлайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды. Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі - Қазақстан аумагында тұзеу мекемелерінің тутас жуйесін. - Степлаг, Карлаг (Қараганды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагеръ жен изменников Родины) лагерьлерін салуы болды. Бүл лагерьлерде жазықсыз айыпталған мыңдаған адамдар өз мерзімін өтеді. Олардың катарында М. Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Гамарниктің отбасы мүшелері, Т. Рысқұловтың әйелі мен кызы, Т. Жүргеновтің, С. Қожановтың әйелдері т. б. болды.
Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді. Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге, асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді. Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейінің үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды. Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды. Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік өнімдерін ете төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар
Нацистік Германия мен сталиндік Кеңес одағындағы тоталитарлық жүйелердің қалыптасу және даму тарихы
Тоталитарлы саяси жүйе
XX ғасырдағы қазақ мәдениеті
ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
20 ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мәдениеті
Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті
Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті
Жұмыстың хронологиялық шегі
Пәндер