Болон декларациясы контексі аумағында жоғары білімді реформалаудың негізгі құрылымдық элементтері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МӨЖ
Тақырыбы: «Болон декларациясы контексі аумағында жоғары білімді реформалаудың негізгі құрылымдық элементтері»
Орындаған:
Топ:
Тексерген:
Семей 2017
Болон процесі (Болондық қайтақұрылулар) - жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003) .
Болон процесі - жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.
- Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;
- ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
- жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу;
- академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
- білім сапасын бақылау;
- студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
- нәтижелерге және оқытуға бағытталу - Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.
Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз, оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.
Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы жоолардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.
Болон процесі - еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.
2010 жылғы науырыз айында Қазақстан Республикасының Болон декларациясына қосылуы білім мен ғылымның ұлтаралық қатынасы жолында өте маңызды кадам болды.
Болон үдерісіне Қазақстанның қатысуы жоғары білімдер аумағында салыстырмалы жүйені қабылдау арқылы Еуропалық білімге қол-жетерлік жағдай туғызуға, білім сапасын арттыруға және студенттер мен профессор-оқутышылар құрамының мобильдік деңгейін көтеруге мүмкіншілік туғызады. Болон үдерісі - жоғарғы білімнің біртұтас еуропалық кеңістік құру мақсатымен Болон келісім-шарты шеңберінде білім жүйелерін үндестіру және жақындастыру үдерісі. Сонымен бірге білім және ғылымның ұлтаралық қатынасы әлемде қазақстандық білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, еуропалық өңірде отандық дипломдардың еркін конверсиялануын, бітірушілердің кез-келген елде жұмысқа орналасу құқығын мойындауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Орталық Азия мемлекеттерінің арасында Болон декларациясының мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігіне толық құқықты қатысушы болған тұңғыш мемлекет болып табылады. Болон үдерісіне қосылғаннан кейін, қатысушы елдер оның негізгі қағидаларын орындау міндеттемелерін қабылдады.
2010 жылғы қыркүйек айында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Болон декларациясының қатысушы университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойды. ШҚМТУ-дің халықаралық ынтымақтастығы университеттің халықаралық білім және ғылым интеграциясының ажырамас бөлігі болып табылады. Болон үдерісінің негізгі қағидалары.
Міндетті қағидалар Еуропалық жоғары білім аймағын құру және еуропалық жоғары білім жүйесін әлемге тарату үшін аса маңызды деп қарастырылады.
Болон үдерісінің міндетті қағидалары:
- Жоғары білімнің үш деңгейлі жүйесі;
- ECTS академмиялық несиелер;
- Жоғары оқу орны студенттерінің, оқытушыларының, және әкімшілік қызметкерлерінің академиялық мобильдігі;
- Дипломға берілген еуропалық қосымша;
- Жоғары білімнің сапасын бақылау;
- Біртұтас еуропалық зерттеу кеңістігін құру.
Ұсынымдық шамалардың ұсынымдық сипаты бар және де Болон үдерісі қағидаларын таратуда бұлар маңызды болып табылады.
Болон үдерісінің ұсынымдық қағидаларына:
- Біртұтас еуропалық бағалаулар;
- Студенттердің белсенді қатысуы;
- Аз қамтылған студенттерді әлеуметтік қолдау;
- Өмір бойы білім алу.
Факультативтік қағидалар жұмыс берушілердің мүдделері және қоғам талаптарын есепке алынып оқу үдерісін жоспарлауда және ұйымдастыруда аса маңызды болып келеді.
Болон үдерісінің факультативтік қағидаларын:
- Дайындау бығыттары бойынша білім беру мазмұнын үндестіру;
- Студентердің дәстүрлі емес оқу траекториясы, таңдау бойынша курстар;
- Модульдік жүйе;
- Қашықтықтан оқыту, электрондық курстар;
- Оқытушылар мен студенттердің академиялық рейтингтері.
Болон декларациясына қол қойған кез-келген елдің білім беру жүйесі жаһандану жағдайында төл халқының тарихына, мәдениетіне және рухани өміріне, ана тіліне сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастыратын ұлттық ерекшелікке тән. Басқаша айтсақ, дамыған елдердің білім беру жүйесі - өз халқының нағыз патриоттарын қалыптастыруға негізделген. Осыған байланысты біз дүниежүзілік білім сахнасына бір жағынан әлемдік өркениетті байытатын, екінші жағынан ұлттық білім беру моделін жетілдіруге жаңа көкжиек ашатын, өзімізге тән мәдени және рухани құндылықтармен енуіміз қажет.
Білімнің ықпалдасуы түрлі мақсаттарды көздеуде: шетел студенттерін ақылы бөлім негізінде оқытуының қаржылық тұрғыда өсуі және диверсификациялануы; оқу бағдарламаларының кеңейуі, өз студенттерімізді шетелдік серіктес-оқу орындарында оқыту, білім сапасының артуы және мұғалімдер мен студенттердің халықаралық білім алмасу негізіндегі бірлескен зерттеулерінің нәтижелілігі.
«Білім беру саласын модернизациялау білімнің базалық құрамдылығын сақтауға бағытталуы тиіс және оларды үздіксіз жаңартып, толықтырып отыру қажет. Ең тәуір білім беру жүйесі жақсы оқитын оқушы мен нашар оқушының арасындағы айырмашылықтың жоққа таяулығы болып саналады», - деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрсеткендей, білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту, білім беру мзмұнын жаңа мәдени бағытта жаңарту қажеттігі туып отыр.
Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан жүйесі бар. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде барлық салаларда ықпалдасу үдерісі кеңінен дамып келе жатқанын білеміз. Сондықтан халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады.
Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы
Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің бірыңғай жүйесіне көшу көзделген болатын.
Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты
Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында
Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді.
Бұл - білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Европа мемлекеттері қолдап, бүгінде Ресей де қосылып ықылас білдіріп отырған Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар?
Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау;
Екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, PhD докторантураға негізделген үш сатысын бекіту;
Үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу;
Төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің тәжірибе алмасуын өрістету;
Бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру;
Алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру.
Болон үдерісінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді.
Болон үдерісі
- жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпыеуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі .
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес Болон декларациясына қосылу ерекше маңызға ие. Онда «Сапалы жоғары білім беру халықаралық талаптарға сәйкес болуы тиіс» деп нақты міндеттер көрсетілген. Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы туралы шешімді 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Сөйтіп, Қазақстан Болон үдерісіне 47-ші қатысушы-ел болды.
Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж. ) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық үдеріске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон үдерісі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады.
Болон үдерісінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон үдерісі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон үдерісі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі «бакалавр-магистр» формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. Болон үдерісі еуропалық жоғары білімге төңкеріс жасады десе де болады. Болон үдерісі 1970 жылдардан бастау алады. Сол жылдары еуропалық одақтың министрлер кеңесі білім саласындағы ынтымақтастыққа қол қойған болатын. Ал 1998 жылы Париждегі Сорбон университетінің 800 жылдығына жиналған Еуропа елдерінің білім министрлері құрлықтағы білім мен ғылымның әртүрлі жүйесі оның дамуына кедергі келтіреді деген шешімге келіп тарасты. Сол кездесуде «Сорбон декларациясы» жасалды. 1999 жылы Италияның Болон қаласында 29 еуропалық елдің өкілдері бас қосып, «Болон декларациясын» қабылдады. Бұл үрдіске ТМД мемлекеттерінен Ресей 2003 жылы, Украина 2005 жылы енсе, 2010 жылы Будапештте Қазақстан да толыққанды мүше мемлекет ретінде таныстырылды. Орталық Азия мемлекеттері ішінде бірінші болып енуіміз үлкен жетістік болып табылады. Ресей Болон үдерісіне 2003 жылы еуропалық елдер білім министрлерінің Берлин кездесуінде қосылды. 2005 жылы Берлинде Болон декларациясына Украина білім министрі қол қойды. Енді 2010 жылы Будапештте Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы туралы түпкілікті шешім қабылданды. Біздің еліміз - еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі болып танылған алғашқы орта азиялық мемлекет.
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасуы жөніндегі жұмыс бірнеше жылдардан бері жүргізіліп келеді. Айталық, 2007 жылы Университеттердің Ұлы хартиясы обсерваториясының Бас хатшысы доктор Андрис Барблан оқытудың несиелік технологиясы бойынша алғашқы халықаралық семинар өткізді. Сонда Қазақстан университеттерінің меморандумына (Тараз декларациясы) еліміздің 18 жоғары оқу орны қол қойған болатын. Тараз декларациясы Еуропалық Университеттердің ұлы хартиясының принциптерін ұстанады. Бұл құжат университеттердің қоғам өміріндегі рөлін арттыра түсуді көздейді.
Болон үдерісі (Болондық қайта құрылулар) - жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003) .
Болон үдерісі - жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің бірыңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.
- Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;
- ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;
- жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу;
- академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;
- білім сапасын бақылау;
- студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;
- нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу - Болон үдерісі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.
Болон үдерісінің толыққанды қатысушысы болып 2010 жылдың наурызында Қазақстан Болон декларациясына қол қойды. Қазақстанның Болон үдерісіне қатысуының негізгі мақсаты болып - оның негізгі принциптерін жүзеге асыру арқылы Қазақстанның жоғары білімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Болон үдерісіне енуде Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының негізгі бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне ену ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде өсуіне себепкер болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz