Ғылымның қажеттілігі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МӨЖ
Тақырыбы: Ғылымның қажеттілігі
Орындаған:
Топ:
Тексерген:
Семей 2017
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Ғылымның қалыптасуы
- Ғылыми жетістіктер және олардың әсері
- Ғылым-философия-дін арақатынасы
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Қолданылған әдебиет
Адамның өмір сүруі жеңілдеді
Жаңа дәрілер жасалуда (қатерлі ісікті емдейтін т. б)
Ғарышты игерді
Жаңа мүмкіндіктер ашылды
Алысты жақын етті
Білімнің дамуы
Жаңа энергия түрін, жасанды материалдарды қолдану
Адам техникаға тәуелді
Стресстік жағдайлар басыдық танытуда
Агрессия белең алуда
Жойқын қарулар шығарылуда
Техникалық прогресс табиғатқа адам денсаулығына зиян келтіруде
Ғылым және оның қоғамдағы рөлі
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым - табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар - жаратылыстану, қоғам туралы - қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар) ; таным мен ойлау туралы - логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика - өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына - механика, физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына - тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың өркайсысы біркатар ғылыми пөндерді күрайды. Мысалы, физика - оптикага, катты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінін; пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді. Қазіргі замандык ғылымда ғылыми білімдердің үздіксіз жіктелуімен бірге, ғылыми білімдердің ыкпалдастығы деп аталатьш, жекелеген ғылымдардьщ өзара әрекеттесуі және бірігу үдерісі катар жүруде. Ықпалдың нәтижесі есебінде соңғы кезеңдерде "аралык" немесе "түйіскен" ғылыми пөндер пайда болуда. Мысалы, физикалык химия, биохимия, физикалык география, т. б. Кейде ғылым іргелі және колданбалы болып бөлінеді. Бұлай бөлу, әрине, шартты, өйткені ғылым - коғам дамуының практикалык кажеттіліктерімен байланыскан біртүтас жүйе. Ғылым коғамда "таза білімдер" жүйесі болып қана қоймайды, өзінің функциясын аткарады. Өйткені ғылым езінің тамыңын қоғам койнауларынан алады және мөдениеттің бірегей күбылысы болып табылады. Одан басқа, ғылым өзінің мәніне орай, белгілі бір әлеуметтік-тарихи жағдайларда жүзеге асьфылатын адамдар кызметінің шығармашылық түрі ретінде көрініс береді. Қоғамнан тыс, өзі жеке алға тартылған, "таза" ғылым болмайды. Солай болса да, ғылымның өзінің белгілі дербестігі болады. Мұның айғағы ретінде, ғылымның өзінін; ішкі заңдары мен ұстанымдарына сүйеніп дамитынын және кызмет ететінін айтуға болады. Оларға мыналар жатады: сын еркіндігі, ақикатқа монополия орнатуға жол берілмейтіні, сабақтастык (ескі білімдегі рационалды мазмүнның жаңа білімде сакталуы), ғылыми білімдегі жіктелу мен ыкпалдастық үдерістерінің үйлесуі, ғылымның математикалануы және компьютерлендіруі, диалектіленуі және теориялануы, казіргі ғылымның әлеуметтік және этикалык мазмұнының күшеюі. Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін төрт қажетті элементтен тұрады:
• ғылым субъектісі - ғалыж. Бұл-ғылымда жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін;
• объект (нәрсе, пән саласы) - алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтіні;
• ғылымға тән және оның пөнімен шарттаскан өдістер мен тәсілдер жүйесі;
• табиғи немесе жасанды, өзіндік колтаңбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар) .
Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI-XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септігін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінідік өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.
Ғылыми зерттеу деңгейі
эмпириялық теориялык
Эмпириялық зерттеулер зерттелетін объектіге тура бағытталады, бакылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Ғылымның теориялық деңгейіне корыта шолу жасалған ережелердің жиынтығы ретінде көрініс беретін ғылыми теория жатады. Қорытып шолу терминдермен, пікірлермен және ой корытындылармен беріледі. Қорыта шолу көптеген айғақтарға сүйенеді, содан зандар шығарылады. Ал заңның өзі айғактар мен оларды корыта шолулардың арасындағы байланыс түрінде алға тартылады. Заңдар эмпириялык және теориялық болып бөлінді.
Тұтастай ғылыми зерттеулердің барысын төмендегідей келтіруге болады:
• айғақтар айкындалады және тіркеледі;
• айғактар белгілі бейнеде түсіндіріледі;
• айғактарды түсіндіру үғымдар мен зандар шығаруға, идеалдауға алып келеді;
• долбарлармен заң сұлбаланады;
• долбарлардан дедукция ережелеріяе сүйеніп, демек, жалпыдан жалкыға жылжи отырып, салдар шығарылады;
• салдарлар айғақтармен салыстырылып қарастырылады.
Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық;
2) өндіргіш күштер функциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы.
ҒЫЛЫМНЫҢ, ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖӘНЕ ДІННІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе отырып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, ие болды.
Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол - тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз.
Ғылым - жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.
ҒЫЛЫМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ
Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.
Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану - қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.
Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.
Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады
Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.
Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы - физикалық химия, химиялык, физика т. б. пайда болды.
Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т. б. дамиды.
Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.
Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні - Бүкіл әлем. Космоло-гия - космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.
Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты - қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.
Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.
Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына - гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz