Ұйымдық құрылым. Сызықтық және функционалдық түрі


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Ұйымдық құрылым. Сызықтық және функционалдық түрі

Орындаған:

Топ:

Тексерген:

Семей 2017

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
  2. Ұйымдық құрылымды құрудағы түрлі көзқарастар
  3. Сызықты және функционалдық ұйымдық құрылым

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Қолданылған әдебиет

Басқару құрылымы - бұл ұйымның буындары мен жекелеген қызметкерлерінің жиынтығы, олардың тігінен және көлденеңінен байланысу және бағыну тәртібі.

Басқару құрылымының негізгі элементтері - буындар, деңгейлер және байланыстар. Басқару құрылымы көлденеңінен буындарға, тігінен - деңгейлерге бөлінеді.

Басқару буыны дегеніміз - бір немесе бірнеше қызметті атқаратын ұйымның оқшауланған, дербес құрылымдық бөлімшесі.

Басқару деңгейі - бұл басқару иерархиясының бірдей сатысында орналасқан басқару буындарының жиынтығы. Ұйым құрылымы екі немесе үш (көп) деңгейлі болуы мүмкін. Екі деңгейлі құрылымда басқарудың жоғарғы буыны (жалпы ұйымды басқару) және төменгі буыны (орындаушылардың қызметін басқару) құрылады. Үш және одан артық деңгейлері бар құрылымдарда ортаңғы буын пайда болады, ал оның өзі бірнеше деңгейлерден құрылуы мүмкін.

Байланыстар көлденең және тік деп бөлінеді. Көлденең байланыстар келісімге негізделіп, бір деңгейлі болады. Тік байланыстар бағынуға негізделіп, әрбір деңгейде белгілі мақсаттарға бағытталатын иерархиялық сипатта болады. Буындар мен деңгейлер арасындағы байланыстар өте күрделі, біреуіндегі өзгерістер басқаларына да өз әсерін тигізеді.

Басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген сапалық қасиеттермен сипатталады, сондықтан да құрылымды қалыптастырған кезде оған әсер ететін факторларды талдауды талаптармен, сәйкес қағидалармен дұрыс үйлестіру қажет. Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырғанда мына қағидалар қолданылады:

1) өкім беру мен дербес жауапкершіліктің бірлігі;

2) сызықтық және функционалдық басшылық арасында дәл шек орнату;

3) бақылаудың таралуы;

4) айқын функционалдық бөлу;

5) әрбір буын басшысы мен лауазымды тұлғаның құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігінің сәйкестігі;

6) икемділік және үнемділік.

Бұл қағидаларды жүзеге асыру басқарудың ұйымдық құрылымына ұйымның құқықтық нысаны, басшылардың шешім қабылдау тәжірибесі, ақпараттық технологияның даму деңгейі және т. б. сияқты көптеген факторлардың әсер етуін ескеруді талап етеді.

Жұмысты ұйымдастыру - бұл олардың дәрежесіне қарамастан барлық басшылар жүзеге асыруы тиіс қызмет. Алайда бұл тұжырымдаманың мағынасы еңбекті көлденеңінен және тігінен бөлу үшін құқықтар мен міндеттерді табыстау болып табылса да, ұйымның құрылымы туралы шешімді әрқашан жоғары деңгейдегі басшы қабылдайды. Демек, менеджерлердің міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне әрі оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға сай келетін құрылымды таңдау болып табылады.

Ең жақсы құрылым - бұл сыртқы ортамен тиімді әрекеттесуге, өз қызметшілерінің күштерін өнімді әрі лайықты түрде бөлу және бағыттау, сөйтіп, клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру және өз мақсаттарына жоғары тиімділікпен жету үшін барынша жақсы мүмкіндік беретін құрылым.

Кәсіпорындағы өндірісті басқару процесі басқару аппаратына ұйымдастырылған жұмысшылар ұжымымен жүзеге асырылады. Басқару аппаратының маңызды сипаттамасы оның құрылымы болып табылады. Әрбір кәсіпорын үшін басқару аппаратының құрылымы мен саны былайша топтастыруға болатын көптеген факторларға тәуелді болады:

• техникалық (өндіріс масштабы, технологиялық процестер мен жабдықтардың күрделілігі, өндіріс пен басқаруды автоматтандыру деңгейі) ;

• ұйымдық - экономикалық (функцияларды орталықтандыру дәрежесі, басқарушы жүйенің әртүрлі сатылары мен звенолары арасындағы байланыстар сипаты) ;

• сыртқы байланыстар мен жағдайлар (жабдықтау және өткізу жүйесі, климаттық және табиғи жағдайлар) ;

• ұйымдық - құқықтық қатынастар (ЖШС, АҚ) .

Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы - бұл басқару функциялары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ететін басқару звеноларының жиынтығы. Басқару құрылымы сатылар мен звенолардан тұрады.

Басқару звеносы - бұл белгілі бір басқару функциясын (жоспарлау, есепке алу, реттеу және т. б. ), оның бір бөлігін немесе бірнеше функциялардың жиынтығын орындайтын дербес құрылымдық бөлімше.

Басқару сатысы - бұл басқару деңгейі, белгілі бір деңгей звеноларының біртұтастығы, басқару иерархиясы (кәсіпорынды басқару, цехты басқару, өндірістік учаскелерді басқару және т. б. ) .

Басқарудың ұйымдық құрылымын құру негізінде бағынудың сызықтық құрылымы мен басқару функцияларынан тұратын өндірістік - аумақтық принцип жатыр.

Өндірістік - аумақтық принцип басқару органдарын кәсіпорынның өндірістік құрылымына қатысты құруды білдіреді, яғни өндірістік құрылымда қанша болса, сонша басқару сатысы бөлінеді.

Бағынудың сызықтық құрылымы әрбір өндірістік бөлімше (басқарма, цех, қондырғы, учаске) басында осы бөлімшенің барлық жұмысшылары бағынатын басшы тұратынын білдіреді. Әрбір жұмысшы тек бір басшыға бағынады. Басқарудың мұндай құрылымында дара басшылық принципі сақталып, басқарудың екі жақтылығы болмайды.

Басқарудың жекелеген функцияларын орындау үшін әрбір басқару сатысы бірнеше звенолардан құралады. Олардың саны басқару деңгейіне, қандай да бір функцияны орындау бойынша жұмыстар көлемі мен сипатына тәуелді болады. Тәртіп бойынша, кәсіпорында үш звенолы өндірістік құрылым болады, оған сәйкес үш звенолы басқару құрылымы құрылады.

Басқарудың төменгі деңгейі өндірістік процесті жүзеге асырады. Оған объектінің жағдайы туралы барлық ақпараттар келіп түседі, ол ақпараттарды өңдеуді және тікелей сызықтық басқаруды жүзеге асырады.

Ортаңғы деңгей жұмыстар ағымын бағыттайды және қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Мұнда өндіріс пен оған қызмет көрсетуді жедел басқару үлкен мәнге ие, бірақ бұл жерде аз көлемде болса да сызықтық басқару функциялары сақталады. Цех бастығына ақпарат барынша кеңейтілген түрде, көбінесе берілген параметрлерден ауытқулар түрінде келіп түседі.

Цех басшысының аппараты бастапқы құжаттамаларды өңдейді және оны аса кеңейтілген түрде жоғарғы деңгейге ұсынады (тәуләктәк өнім өндірісі, өндірістік қуаттар, материалдық - техникалық құралдардың шығындары, шикізат пен өнімнің сапасы және т. б. туралы рапорттар) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдастырушылық құрылымды пайдаланудағы қазіргі тенденциялар
Функционалдық басқару құрылымының иерархиясы
Ұйымдастырудың негізгі типтері
Басқарудағы ұйымдастырудың маңызы мен қажеттілігі
Тиiмi бақылауды қамтамасыз ету және бақылауды мәлiметпен қамтамасыз ету
Жоба ұғымының анықтамасы
Басқарудың ұйымдық құқықтық формалары
Басқарудағы ұйымдастырудың маңызы
Бөлінетін ұйымдық басқару құрылымы
Басқару ғылымының мәні мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz