Жылқы тұмауы


Жоспар
Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1. 1 Жылқы тұмауы
1. 2 Жылқы тұмауы таралуы
1. 2. 1 Жылқы тұмауының қоздырушысы
1. 2. 2 Жылқы тұмауы қоздырушысының төзімділігі
1. 2. 3 Жылқы тұмауы қоздырушысының шоғырлануы мен репродукциясы
1. 2. 4 Жылқы тұмауының клиникалық белгілері
1. 2. 5 Жылқы тұмауында өлекседегі патологоанатомиялық өзгерістері
1. 2. 6 Жылқы тұмауын анықтау
1. 2. 7 Жылқы тұмауының емі, иммунитеті және арнамалы дауалау
2 Қорытынды
3 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде болған экономикалық өзгерістер ветеринарлық қызмет көрсету жүйесін түп-тамырымен өзгеруіне әкеп соқтырады.
Орталықталындырылған жоспарлы экономика кезеңінде қалыптасқан және бұрын толық мемлекет қаржысымен қаржыландырып келген ветеринарлық қызмет сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуді қалыптастыра алмады. Ол жеке кәсіпкерлік саласының дамуына кедергі болады.
Осы жағдайлар «Ветеринария туралы заңның» талқыланып, 1995 жылы қабылдануына әсер етті.
Бұл қаулы ТМД елдері арасындағы заңды күші бар және сол уақыттың барлық талаптарына жауап беретін алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол елімізде ветеринарияның бір саласы жеке кәсіпкерліктің дамуына жол ашты және бұл ветеринариялық қызмет көрсетудің нарықтық дамуына негіз болды.
Ветеринариялық жүйені дұрыс қалыптастыру жолында жасалған жұмысты негізге ала отырып, төмендегі мәліметтерге көңіл бөледі:
- мемлекеттік қадағалау, бақылау қызметінен шаруашылықтық-атқарушы қызметін бөліп ажырату жұмыстары атқарылды. Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер мысалында ветеринарияда инспекторлық жүйе құрылды. Ол мемлекетегі қызметтегі бөлімнен, ауыл округына және базарға дейінгі аумақты қамтыды. Мемлекеттік ветинспекторлар ветеринарлық тәжірибе жүргізбейді.
- ветеринариялық қызмет көрсетудің барлық саласы бәсекелестік ортаға шығарылған, бұған өте қауіпті жұқпалы аурулармен күресу шараларын ұйымдастыру және карантин қойылатын инфекциялық ауруларды жою жұмыстарын жүргізу қосылмаған.
- ветеринария саласында жұмыс атқаратын мелекеттік өндірістер саны анықталған.
- ветеринариялық препараттарды өндіруде барлық потенциалдық өндірушілердің байланысын қалыптастыруда және ветеринарлық қызмет көрсету нарығына ветпрепараттарды жеткізуде бәсекелестік ортасы кеңейтілген.
- осы қалыптасқан өзгерістердің бәрі 1995 жылы қабылданған заңға қарама-қайшылық туғызады және ол 2002 жылдың 10 шілдесінде жаңа талаптарға сай келетін «Ветеринария туралы заңды» қайта талқылап, қабылдануының себебі болды.
- жаңа «Ветеринария туралы заңның» мақсаты - ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсарту, жануарлар өнімдерін, шикізаттардың және ветеринарлық қадағалаудан өтетін басқа объектілердің қауіпсіздігін, халықты адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардан сақтау, сонымен қатар бірінші, экономикалық орталық құру.
Жылқы тұмауы (Equine enfluenza virus)
Жылқы тұмауы (Grippus eguorum) - қысқа мерзімді қызбамен және жоғарғы тыныс жолдарынық кілегейлі қабықтарының катаральді қабынуымен сыпатталатын, жіті өтетін, жоғары контагиозді ауру. Індет безгек, коньюктивит, жас ағу, мұрыннан серозды немесе іріңді сұйықтық ағу, ауыртпалы жөтел, жоғарғы тыныс жолдарының қатары, ларинготрахеит және бронхитпен сипатталады.
1872-73 жылдары АҚШ-та жылқы тұмауының эпизоотиясы туралы жазылған.
Жылқы тұмауының таралуы
Жылқылардың грипі Европа, Америка және Азияның көптеген елдерінде, оның ішінде біздің елде де кездеседі.
Жылқы тұмауының қоздырушысы
Қоздырушысы -«А» типті ортомиксовирустердің түріне жататын РНҚ-сі бар вирус. Вириондары шар немесе жіп тәрізді (80-120 нм) болады, түк сипаттас кабықпен жабынған. Вирусті тауық эмбриондарында өсіреді. Ол ультракүлгін сәулелермен және дезинфекциялық дәрулермен активтігін тез жояды. Бұл аурудың қоздырғышы - арнаулы сүзгіден өтетін вирус. Бұл ауру көптеген жағдайда стрептокок, стафилокок, пневмокок сияқты ауру тудыру қабілеті бар уытты әлсіз микробтардың өнуінен асқынып кетеді.
Алғаш рет 1956 жылы Чехославакияда Совинова мен Тумова бөліп алған. 1963 жылы АҚШ-та вирустың тип тармағы анықталған. СССР - жылқы тұмауының вирусы 1969 жылы бөлінген. Бөлінген жылқы тұмауының вирустары адамның тұмау вирусынан айырмашылығы байқалмайды, А туыстығына жатқызылады.
Жылқының тұмау вирусы полиморфты келеді, пішіні шар, жіп, алмұрт, сопақша тәрізді, сыртында бүршіктері бар, вирустар күрделі, капсид симметриясы спираль тәрізді, сыртқы қабықшасы ақ заттардан, липидтерден және көмірсулардан тұрады, гемагглютинин және нейраминидаза гликопротейдтері бар. Геномы бір жіпшелі, сызықшалы, үзілмелі (8 үзілімдерден тұрады) және теріс стратегиялы РНҚ-лы. Вирионның 70%-ы белоктар, РНҚ -1-2%. Тұмау вирусында гемагглютинация туғызатын белсенділігі бар.
Жылқы тұмауының қоздырушысының төзімділігі
Физико-химиялық әсерлерге вирустардың төзімділігі аз. Бөлме температурасында 1 тәуліктен кейін белсенділігі жойылады, ал 4С-та -2-3 ай, минус 20С - белсенділігі бірнеше жыл бойы сақталады. 50-60С қыздырғанда 20 минутта, ультракүлгін сәулесі әсерінен вирус инактивтелінеді.
Антигендік қасиеті. Жылқы тұмауының барлық бөлінген вирус штамдары А туыстығына жатады.
Сыртқы гемагглютинин және нейраминидаза гликопротейдтеріне қарсы ауырған мал организмінде вирусты бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, антигемагглютининдер пайда болады. Жылқының, құстардың тұмау вирустары арасында антигендік байланыстар байқалады. Мысалы, жылқы тұмау вирусы және үйрек тұмау вирустардың арасында антигендік байланыстар бар.
Індеттік деректер
Жасы мен тұқымына қарамастан ауруға жылқылар бейімді. Инфекция қоздырушының кезі -мұрынның сараптарымен, жөтелгенде және пысқырғандағы кілегейімен вирусті бөліп шығаратын ауру және ауырып айыққан малдар. Вирус ауалы- тамшылық және алиментарлық жолдармен беріледі. Сау малдар ауру малдармен бірге күтіп-бағылғанда, сонымен бірге жем-шөп, су, күтім заттары арқылы (вируспен инфекцияланған) залалданады. Ауру жылдың кез-келген мезгілінде, жиірек көктем мен күзде шығады. Грипп жылқылардың көп шоғырланған жерлерінде өте тез таралады. Бұған қолайсыз ауа жағдайы, малдардың қораларда тығыз орналасуы мен әдеттен тыс қалжырауы себебін тигізеді. Аурушаңдық әжәптәуір болады. Қейбір шаруашылықтарда ауру бүкіл жылқы басын, басқа біреулерінде-10-50 процент малды қамтыйды.
Жылқы тұмауының қоздырушысының шоғырлануы мен репродукциясы
Ауруға бейімділік. Гриппке тек жылқы, көбінесе ересек жылқы шалдығады.
Аурудың шығуы мен жұғуы. Індет көбіне ауру жылқы арқылы тарайды. Ол ауру мал сау малмен жанасқан кезде, сондай-ақ микроб тамған азық, суат және қора-жай арқылы жұғады.
Індеттің жіті өтетін кезінде үлкен концентрацияда вирус кеңірдектің бөліндісінде, өкпеде, мұрынның кілегейінде, өңеште сақталады да, осы мүшелердің торшаларында шоғырланады. Гипертермия кезінде вирусты қанда да табуға болады. Организмнен қоздырушы тыныс алғанда ауа арқылы, иұрыннан бөлінетін сұйықпен, нәжіспен кейде зәрімен бөлініп шығады. Вирус сезімтал клеткаларға еніп, адсорбциясы гемагглютинин көмегімен мукопротеиндік клетка рецепторлары арқылы жүреді. Транскрипция және репликация ядрода өтеді. Транскрипция РНҚ - тәуелді РНҚ полимераза көмегімен үзілмелі РНҚ геномында РНҚ теріс жіптері пайда болады. Репликация кезінде тұмау вирусының үзілмелі геномдары түзіледі, олардың арасында генетикалық өзара әсерлер байқалады да, вирустың өзгергіштік себебі осыған байланысты. Вирус - денешіктерінің жиналуы цитоплазмалық мембрана арқылы жүреді, ал клеткадан шығуы бүршіктену жолымен өтеді.
Өсіру . Зертханалық жануарлардың ішіндегі тұмау вирусына сезімтал келетін - ақ тышқан, ат жалмандар.
Вирус жоғары тыныс алу жолдары мен өкпеде көбейеді. Вирус тауық эмбрионының аллантойс, амнион қуыстарында жақсы көбейеді. Зақымдалған эмбрион өлмейді. Аллантойс сұйығындағы бөлінген вирус РГА арқылы анықталады.
Патогенезі . Вирус жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтарына тусіп, өсіп-өнетін эпителиальді клеткаларға енеді де катаральді қабынулар мен қызбаны туындатады деп жорамалданады.
Клиникалық белгілері
Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі 1-6 күн. Ауырған малдардың дене температурасы 39-40°С дейін көтеріледі, қан тамырының соғуы мен тыныс алуы жиілейді, қысқа мерзімді енжарлық болады. Қызба кезеңдерінің ұзақтығы әртүрлі. Бірде температураның жоғарылауы 1-2 күн, тағы бірде 2-7 күн төмендемей тұрып алады. Көп күндік қызба тіпті қай уақытта болмасын ремитирлеуші типте болады. Мұрынның кілегейлі қабығы мен көздің дәнекер қабығын қан кернейді және ісінеді. Аурудың басында, кейінірек қатаң дыбысты, аурушаңға айналатын, құрғақ жөтел пайда болады. Бұл кезде жұтқыншақ пен көмей ерекше сезімтал болады. Жөтелгенде мал басын төмен салып мұрнынан сірілі-кілегейлі сорап ағады. Биелердің іш тастауы да байқалған. Ол буаздыктың, бірінші жартысында (4-5 айлық) кенеттен болады. Ауру 3-5 күнге жалғасады, сирегірек 6-9 күнге және де ауру малдың сауығуымен аяқталады. Күтімі, азықтандырылуы және жұмысқа пайдаланылуы нашар шаруашылықтарда гриппен ауырған жылқыларда асқыну аз болмайды - бронхопневмония, ішек-қарын жолының зақымдануы, артқы аяқтары мен құрсақтың сыртында ісінулер білінеді. Бұндай жағдайда ауру созылмалы өтуге бет бұрады да 2-3 аптаға және одан да көпке жалғасады және көп жағдайда малдың өлуімен аяқталады.
Жылқы тұмауында өлекседегі патолого-анатомиялық өзгерістері
Өлекседегі өзгерістер . Гриппте малдың өлуі тек қана қатты асқынулардың нәтижесінде болады, сондықтан өлекседегі өзгерістерді бұл ауруға тән деп санауға болмайды. Бронхопневмонияда өкпеден қызғылт-сұр немесе сұрғылт түсті қабыну ошақтарын, ал кеңірдектің ішінен -кілегейлі-іріңді экссудатты табуға болады. Ішек-қарын жолының кілегейлі қабығын қан кернеген, көптеген ұсақ қан құйылу бар, ісінген эпителий түсіп қалған. Ұлпалы органдарға қан толған, бұзылып өзгерген. Жүректің еті босаңсыған, бозарыңқы. Эпикардтың астында және эндокардың бетінде әртүрлі көлемді қан құйылу бар. Ішкі органдардың көптеген жер пішіні нүкте тәрізді болып қанталаған. Ішектің кілегейлі қабығы қабынған, көптеген жағдайда ол қанталап кеткен.
Жылқы тұмауын анықтау
Жылқыда грипп клиникалық белгілеріне қарай анықталады, осыған орай аурудыңөршуі белгілі бір маусымға байланысты екені, оның барысы ескеріледі. Жылқы гриппен көбіне жылдың жауын-шашынды кезеңдерінде жаппай ауырады. Ауру індет түрінде өтеді. Оны дәл анықтау үшін инфлюэнц, жұқпалы тұмау ауруларын, жұқпалы плевропневмонияның жеңіл түрін ажырата білу керек.
Диагноз клиникалық-індеттік деректердің және лабораториялық зерттеулер нәтижесінің (серологиялық-спецификалық антительдерді табу үшін және вирусологиялық - вирусті бөліп алу мақсатымен) негізінде қойылады. Вирусті бөліп алу үшін өкпе тканьдері мен мұрын қуысы кілегейінің сынамалары зерттеледі.
Алдын-ала балаудың әдістері:
1. Эпизоотологиялық . Індет ауру және ауырып жазылған малдар арқылы таралады, бұл індет тыныс жолдары жолымен жұғады. Тұмаумен барлық жастағылар ауырады, көбіне 2-жасқа дейінгі малдар сезімтал келеді, және де есектер де тұмаумен ауырады.
2. Клиникалық зерттеу . Жоғарғы температура (39-40С) 4-6 күн тұрады. Ентігу пайда болып, құрғақ жөтел, содан соң ауырсына бастайды, мұрыннан сұйық ағып, коньюктивит, лимфа түйіндерін басқан кезде ауырсынады. Малдардың өлімі 1-5%-ға дейін жетеді.
3. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер . Респираторлы мүшелерде өзгерістер көрінеді. Мұрын, кеңірдек, бронхылардың кілегей қабықтары - ісінген, гиперемияланған, өкпеде - қабыну ошақтары пайда болғаны байқалады.
Зертханалық балау . Зерттелетін материалдар - бөлінділер, мұрынның кілегей қабықтарының қағындысы, бронхиалды бөлінді, өкпе кесінділері.
Вирустың индикациясы:
1) Тауық эмбрионында - амнион және аллантоис қуыстарына материалды жұқтыру.
2) Алғашқы клетка өсіндісінде . Өсіндідегі вирусты ГАР және ГАТР-да анықтайды.
Вирустың серологиялық идентификациясы : ГАТР, КБР, ИФР, БР - арқылы жүргізіледі.
Ретроспективті балау қою үшін жылқылардың жұп қан сарысуын зерттейді. Антигемагглютиндеуші, вирус бейтараптаушы және комплемент байланыстырушы антиденелер РТГА, КБР, БР арқылы анықталады.
Ажыратып балау . Жылқының тұмауын ринопневмониядан(вирусты іш тастау), вирусты артерииттен, контагиозды плевропневмониядан ажырату керек.
Жылқы тұмауының емі, иммунитеті және арнамалы дауалау
Емі . Ауырған малдарды жұмыстан босатады, оларға жақсы кү-тім жасайды, жеңіл қорытылатын сапалы жем-шөппен және жеткілікті мөлшерде таза сумен қамтамасыз етеді. Ауру жайлы өткен жағдайда емдік препараттарға жүгінудің қажеті болмайды. Асқынған жағдайда симптоматикалық ем қолданылады - антибиотиктер мен сульфаниламидтер, құрамы төмендегідей ертіндіні кан тамы-рына 2-3 рет жібергенде жақсы нәтижелер алынған: хлорлы
кальций -15 г, гексаметилентетрамин - 8 г, салицилды натрий -2 г, кофеин -2 г, дистиллденген су- 200 мл.
Иммунитет . Ауырып айыққаннан кейін жылқыларда бір жылға дейін жететін гриппті туындатқан вирустің типіне бейімсіздік пайда болады. Біздің елде жылқылардың грипіне қарсы активтігі жойылған поливалентті вакцина даярланған (вирустің 1-2 подтиптері) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz