Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.1. Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi ... ... ... ..4
1.2. Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi ... ... ... ... ... ... ..5
1.3. Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi ... ... ... ... 11

Қортынды

Дерек көздер тізімі
Соңғы жылдары есептеуiш техникалардың қарқынды дамуына байланысты мемлекеттi басқарудағы ақпараттық жүйенi қолдану заман талабы. Сондықтан ақпараттық жүйенiң дамуын қарастыру - мемлекеттi басқарудың аспаптық тәсiлi ретiнде өзектi мәселе болып отыр.
Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының қазiргi жағдайын дәлме-дәл анықталған дәрежеде олигополия деп атауға болады, бұл берiлген салада өндiрушiлердiң азғантай санымен сипатталады. Бұндай жағдайда өндiрiс нарығында бәсекелес-фирма әрекетiн болжауға, талдауға талпынуы мүмкiн; басқа өндiрушiлердiң бағытын және жағдайын ескермей бiр-бiрiмен келiсiмге келуi мүмкiн. Нарықтың мұндай күйi Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының әлi жас және даму үшiн келешегiнiң мол екенiн көрсетедi.
Бүгiнде барлық орталық ақпараттандыру саласында және адамзаттың қызмет саласында ғылым мен техниканың қазiргi жетiстiктерiнсiз, телекоммуникацияның қазiргi құралдарынсыз және жаңа ақпараттық технологиясыз қоғамның дамуы мүмкiн емес.
1. ҚР Президентiнiң 1997 жылғы 9 желтоқсандағы №3787 "Қазақстан Республикасындағы бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру" Жарлығы.
2. Иноземцев В.Л. Современное постиндустриальное общество: природа, противоречия, перспективы.-М.Логос, 2000.-С.20-22.
3. Ш.Гольдфингер, Стюарт Т. Интеллектуальный капитал. Новый источник богатсва организаций//Новая постиндустриальная волна на Западе: Антология/Под ред.В.Л.Иноземцева. - М.:Academia, 1999.-С.391.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.1Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi ... ... ... ..4
.
1.2Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту
. мәселелерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi ... ... ... ... 11
.

Қортынды

Дерек көздер тізімі

Кіріспе

Соңғы жылдары есептеуiш техникалардың қарқынды дамуына байланысты
мемлекеттi басқарудағы ақпараттық жүйенi қолдану заман талабы. Сондықтан
ақпараттық жүйенiң дамуын қарастыру - мемлекеттi басқарудың аспаптық тәсiлi
ретiнде өзектi мәселе болып отыр.
Қазақстандағы ақпараттық-техникалық қызмет нарығының қазiргi жағдайын
дәлме-дәл анықталған дәрежеде олигополия деп атауға болады, бұл берiлген
салада өндiрушiлердiң азғантай санымен сипатталады. Бұндай жағдайда өндiрiс
нарығында бәсекелес-фирма әрекетiн болжауға, талдауға талпынуы мүмкiн;
басқа өндiрушiлердiң бағытын және жағдайын ескермей бiр-бiрiмен келiсiмге
келуi мүмкiн. Нарықтың мұндай күйi Қазақстандағы ақпараттық-техникалық
қызмет нарығының әлi жас және даму үшiн келешегiнiң мол екенiн көрсетедi.
Бүгiнде барлық орталық ақпараттандыру саласында және адамзаттың қызмет
саласында ғылым мен техниканың қазiргi жетiстiктерiнсiз,
телекоммуникацияның қазiргi құралдарынсыз және жаңа ақпараттық
технологиясыз қоғамның дамуы мүмкiн емес.
Кеңес үкiметi жылдарындағы ақпараттандыруда тек қана КСРО (соның
iшiнде Қазақстанда да) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн салалар мен
орталықтарға, ең алдымен қорғаныс және космос салаларына берiлдi. Халық
шаруашылығының қалған салалары әлемдiк үлгiден ерекшеленетiн отандық
өндiрiстiк телекоммуникация және байланыстың дәстүрлi құралдарымен
жабдықталды. Көп нәрседен артта қалушылық Батыс пен Шығыс арасындағы "темiр
жолқыш" әрекетiнiң әсерiнен болды.
Сондай-ақ, қоғамда орталықтанған саяси басқарудың қатал жағдайы және
халық шаруашылығын экономикалық басқару басылып қалған ақпарат ағымының
одан әрi жоғалуына, ақпараттық инфрақұрылымының орталықта "тұйықталып
қалуына" әкелдi.
Одақ ыдырағаннан кейiн пайда болған жаңа тәуелсiз мемлекеттер кадр,
технология, қаржы мәселелерiне қатысты өзiндiк ақпарат кеңiстiгiн құруда
өткiр мұқтаждықтармен кездестi.
Қазақстан да осы орайда, қиын жағдайға тап болды. Бiр жағынан,
Қазақстан құрылғаннан бастап ұзақ жылдар бойы Ресей Федерациясымен терең
экономикалық интеграцияда болуынан және Одақтың басқа республикаларымен
жалпы одақтық еңбек бөлiнiсiнiң орнауынан, екiншi жағынан - алып
территориядағы өз аудандары арасында көлiк қатынасының және ақпараттық
қамтамасыз етiлудiң нашарлауынан.

1.1.Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi

Ақпараттық технологияларды дамыту тұрғысында және қоғам мен
экономикаға деген ақпараттық-үрдiстердiң ықпалын күшейту, берiлген оқиғаны
қамтитын теориялық тұжырымдаманы қайта қарауға және қайта мағынасын ұсынуға
әкелiп соғады. Постиндустриялды қоғамның (Д.Рисмен, Д.Бэлл) және жаңа
индустриалды қоғамның пiкiрi (Дж.Гэлбрейт) бiрте-бiрте жйүелiк қоғам мен
ақпараттық қоғам тұжырымдамасына қарай жаңарып отырды.
Ақпараттанғандық - осы экономикадағы өнiмдiлiк және бәсекелестiк
мүмкiндiк тудыратын себептер не қозғаушы күштер, бiрiншi кезекте, бiлiмге
негiзделген ақпаратты өңдеу, тиiмдi қолдану және оларды тарату мүмкiндiгiне
тәуелiд. Жаһандандыру-экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi өндiрiс,
тұтыну және тауар мен табыс айналымы, сондай-ақ оларды құрайтын (кпаитал,
еңбек, өнiм, басқару, ақпарат, технология, нарық) экономикалық себептермен
байланысты тармақталған жүйенi тiкелей үздiксiз қолдану жаһандандыру
көлемiнде ұйымдастырылуда.
Мемлекеттiк басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттың
желiлiк игiлiк қасиетiмен қатам қоғамдық игiлiк қасиетiн иемденетiнiн
ескерген жөн, осыған байланысты қоғамдық игiлiктiң тұтынудағы бәсекелестiк
және жойылып кетуiн болдырмау секiлдi ерекше сипаты тән. Мысалы, В.Мартин
ақпаратты қарастыра отырып, әсiресе ақпараттың қоғамдық игiлiкпен
үйлесiтiгiне көңiл аударып, тiкелей көрсетедi: Ақпарат-бұл қоғамдық
игiлiк, мұнда көбiсi сол, не басқа ақпаратқа бiр мезетте ие болады, осыған
орай жеке адамдағы ақпараттық деректiң болуы басқа адамдардың ақпаратты
иемдену дәрежесiн төмендетпейді.

1.2.Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi

ҚР реформасы дамуының қазiргi кезеңiнде экономиканы мемлекеттiк
басқарудағы ақпараттанған жүйесi маңызды болып табылады. Экономикадағы
басқару процесiн ақпараттандыру мәселесi бүгiнде баспасөз беттерiнде
кеңiнен айтылуда. Мысалы, В.Решетников былай деп жазады: "Ғылым мен
техниканың қарқынды дамуын бағалай отырып, қоғамның алға басу шапшаңдығының
төмендемейтiнiн түсiнуге болады. Жаңа бiлiм мен технологияға дайын емес
мемлекеттер, экономикалық және әлеуметтiк деңгейi жағынан әлемде алдыңғы
қатарлы орынға ие бола алмайды".
Өткен ғасырдың басты жетiстiгi-алынған қорытындыларды күрделi ой-
өрiстiк талдаудан өткiзетiн және үлкен көлемдi есептеу эксперименттерiн
жүргiзетiн есептеуiш техниканың ойлап табылуы. Басқару шешiмдерiн дайындау
мен қабылдау кезiнде дұрыс қабылдабаған шешiм, дамудың экономикалық жолын
таңдағанда, миллиондаған адамдар өмiрiне керi әсерiн тигiзуi мүмкiн.
Есептеу экспериментi мен модельдеудi техникалық құптау секiлдi,
басқару және экономикаға жаңа технологияларды енгiзу көзқарасы мұндай
байланыста маңызды болып табылады. Ғаламдық жүйенi басқаруды, оның iшiнде
экономика мен бақаруда есептеу эксперименттерiн жүргiзудi жүзеге асыру
есептеудiң үлкен қуатын талап етедi. Мұндай есептердi шешуде ақпаратты
талдау, тiкелей өңдеу, жинақтау супер ЭВМ класына жататын компьютерлердi
қолдану арқылы орындалады. Басқару шешiмдерiн дайындауды жасырын түрде
сақтауды ұйғарады, бiрақ шетелдiк өндiрiстегi супер ЭЕМ жасауды қамтамасыз
ету қиын.
Ақпаратты өңдеу, тарату жылдамдығы мен сенiмдiлiгi, жүйе және ақпарат
құралдарымен қамтамасыз етiлу деңгейi ақпараттық қоғам дамуы дәрежесiнiң
басты көрсеткiшi саналады. Мысалы, дамыған елдерде желiлiк, радио- және
спутниктiк байланыспен қамтамасыз етiлу жоғары дәрежеге жеткен. Осылайша,
Германияда тұрғындардың 82 млн.адамына 45 млн.жуық абоненттiк номер
тiркелген, Ұлыбританияда бұл көрсеткiш 60 млн.сәйкес 30,2 млн., Канадада-29
млн. және 18 млн., Гонконгте 5,8 млн. және 3 млн. адам.
Тiптi, Чили, Колумбия, Пәкiстан, Таиланд және баса дамыған елдердiң
өзiнде автоматты телефон жүйесi жедел қарқынмен дамуда. Сонымен 90-шы
дылдары АҚШ-та тұрғындардың 1000 адамына 319 компьютерден, Германияда-152,
Италияда-87, Ресейде-11.
Қазiргi әлемдегi кез-келген елдiң алатын орны сол қоғамның ақпараттық
процеске қосылу дәрежесiмен анықталады.
Осылайша, АҚШ, Канада, ЕО-қа мүше елдер, Оңтүстiк-Шығыс Азияның кейбiр
елдерi ақпараттық қоғам құруға қадам басты, ал Жапония болса, 2002 дж.
дейiн жаппай ақпараттық қоғам құру және елдiң жаппай ақпараттануы жөнiнде 5
жылдық бағдарламасын ұсынды. Бұл елдердегi мемлекеттiк ұйымдар мен
мемлекеттiк емес ұйымдағы бiлiм мен ғылымды қаржыландырудың тұрақты өсуiн
белгiлеуге болады. Мұны әлемдiк бизнестiң таңдаулы тобының және әр түрлi
саладағы корпорацияны жүргiзетiн басшылықтың ақпараттық, қоғамдағы "жаңа
экономикалық тәртiптiң" маңыздылығын айқын түсiнуiмен жеткiзуге болады. Бұл
бұдан былай бәсекелестiк мүмкiндiгiнiң ұйым мен басқарма нәтижесiне,
байланыстың дамыған құралдарының бар болуына, тапсырыс берушi мен серiктес
арасындағы бiрлестiктiң болуына кәсiптiк жинақталған бiлiм көлемi мен
оларды қарқынды пайдалануға қаншалықты тәуелдi болса, материалдық қорға да
соншалықты тәуелдi бола бастайтынын бiлдiредi.
Осылайша, қоғамның ақпараттану дәрежесiн бейнелейтiн басқа да
көрсеткiштердiң бар екенiн бiлдiруге болады. Бұл - тұрғындардың бiлiм
деңгейi, еңбек қорындағы мамандар деңгейi және мамандар дайындау мен
бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiнiң болуы, ғылымның даму деңгейi, ақпараттық
саланың дамуына мемлекеттiң ақша қаражатын жұмсау деңгейi.
Белгiлi американ менеджерi Ли Якокка шешiм қабыладуда ақпаратты 95%
сәйкес аймаққа орналастыру керек екенiн мақұлдайды. Қалған 5 пайызы
(этропия) шешiм қабылдау кезiндегi қауiп-қатерге әкеледi. Олар сондай-ақ
кейбiр авторлардың толық аппараттанушылықты белгiсiздiктi тануға
ұмтылушылықты асықтыратын шығармашылық әуесқойлықты шектейдi деп
есептейтiнiн атап көрсетедi.
Дамып келе жатқан мекемелердiң менеджерлерi өзiнiң жұмыс уақытының
орташа есеппен алғанда 30% ақпарат iздестiруге жұмсауға мәжбүр. Э.Дудинск
пен М.Мизлдiң есептеуiнше, қазiргi кезде, бұдан он жыл бұрынғыға қарағанда
олардың қарамағында арнайы ақпараттың 60% жинақталған. Бiрақ, шешiм
қабылдауға кеткен уақыт 3 есеге қысқарды.
Олар көбiнесе, ақпарат пен басқару арасындағы байланысты шартты
пирамида түрiнде анықтайды (сурет 2), мұнда ақпараттық, нақтылық және
басқару жүйесiндегi әр түрлi деңгейдегi тұтынушылардың қажеттiлiгiн
қанағаттандыру дәрежесi бейнеленедi.

Сурет 2. Ақпараттық пирамида.

Бүгiнде болып жатқан өзгерiстер басқару жүйесiн жетiлдiру үшiн,
болашаққа бағытталған тiкелей жүзеге асыратын басқаруды стратегиялық
басқаруға ауыстырып қою қажетiлiгiн туғызып, негiзгi әсер ақпараттық
пирамиданың шыңына орналасуына сәйкес келедi.
Ақпарат көлеiм мен оның элементiнiң байланыс саны арасында тiкелей
тәуелдiлiк бар. Басқару үшiн қажеттi ақпарат көлемi арифметикалық
прогрессия жағынан өскен шағында, оның элементтерiнiң мүмкiн болатын
үйлестiк саны геометриялық прогрессия жағдайында ұлғаяды. Мысалы, қолда бар
ақпараттық элементтердiң әр бiрi басқасымен байланысып, байланыстың жалпы
саны 45-ке тең болса, 1 мың элемент кезiнде бұл сан 500 мыңға жетедi.
Осыдан, ақпаратты өңдеуге кеткен шығынды ауыстыру, салыстыру, сондай-ақ
шешiм қабылдауды қоса есептеп қайта бағалау қажет.
.
Қазақстан ғалымы Т.Садықовтың айтуынша, ақпарат жетекшi экономикалық
қорға айналуда, ендiгi жерде рухани, заттық емес өндiрiске ден қойылып, оны
тұтыну инновациялық сипатқа ие делiнген. Дамыған елдерде ақпараттық
экономикаға қатысты жинақтар туындап тез арада дамуда, осыдан келiп,
экономикалық қызмет пен заңдылықты ерекшелеп көрсетуге тура келедi.
Ақпараттық қоғамның дамуының және қалыптасуының негiзi бола отырып,
ақпараттық экономика өзiнiң қасиетi жағынан ғаламдық сипатқа ие.
Ғылыми экономикалық ақпаратты кодпен хабарлау немесе алғашқы күйiне
қайта түрлендiру процестерi ақпараттық қоғам жағдайында бiлiм көлемiн жыл
сайын екi еселену дәрежесiне жеткiзедi. Сондықтан, ақпараттық ұлғайған
көлемiн меңгеруге қазiргi ғылыми-технологиялық және экономикалық өмiрдiң
қарқынымен артта қалмас үшiн кез келген жеке адамға, мамандарға,
қызметкерлерге өзiнiң бiлiмiн үздiксiз жетiлдiру қажет.
Бұл ақпараттың негiзгi бастамасы өмiрге енген жағдайда, жоғары
ақпараттық мәдениет пен дамыған тармақталған ақпараттық қызмет нарығы
жеткiлiктi болғанда орындалады.
Мұндай дамудың бағыты арқасында, ақпараттық қоғам ұлттық мемлекеттiң
шегiнен шығып, ғаламдық жалпы планеталық нарық қауымдастығымен бiрiгедi.
Професоор В.П.Колесов және профессор М.Н.Осьмова "Ақпараттандыру ғаламдық
сипатқа ие бола отырып, өзi ғаламдық көлемде ұлттар арасындағы шаруашылық
қызметтi тасымалдау, яғни әлемдiк экономиканы жаһандандырудың қозғалтқышына
айналады" деп, көрсеткен. Қазiргi ақпараттық-нарықтық қатынаста жүзеге
асырылған ақпараттық өнiмдi тұтыну және өндiру ақпараттық қоғамды
қалыптастырудың қозғаушы күшi болып табылады.
Ақпараттық өнiм феноменiн Ю.Шрейдер, Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко және
т.б. ғалымдар зерттеуде.
Ақпараттық өнiм ретiнде "өндiрiстiк-шаруашылық қызмет туралы берiлген
мәлiметтердi, бiлiмнiң әр түрлi көзқарастарды, дәстүрлi жолмен, не
электрондық техника көмегiмен алынған өнер туындыларын, басқа да ақпарттар
мен ермек түрлерiн" қарастыруға болады.
Ақпараттық қоғам және оның негiзi-ақпараттық экономиканың қалыптасу
мәселесiнiң талқылау дәрежесiн аша отырып, оның бүкiл жағына тоқталуға
тура келедi. Ғылыми зерттеулерде көрсетiлгендей нақты мәселе ұйымдасқан
және ақпараттық басқару, технологиялық, ғылыми-техникалық төңкерiстiң
әлеуметтiк-экономикалық салдарын талдаудан және оқып бiлуден басталады.
Т.У.Садықов бұдан он жыл бұрын Д.Бенигер нұсқағандай, мұндай түрдегi ғылыми
зерттеудiң бағытындағы 77 әдiстi белгiледi. Бұл зерттеулер көбiнесе
философиялық, әлеуметтiк және жалпы экономикалық сипатта болады. Осы
жұмыстардың барлығы экономикалық процестiң даму құрылымындағы ақпараттың
өсiп келе жатқан iс-тәжiрибелiк құндылығын сызып көрсетедi және кейiнiрек,
Т.Закупень, Е.Балацкий, С.Б.Абдашева және басқалары осы ойды жоққа
шығарады.
Ақпараттық экономикалық, iс-тәжiрибелiк және теориялық мәселелердi
жалпы қарастыру тұрғысынан алғанда, ақпарат теориясы төңiрегiндегi ежелгi
зерттеулерге қарасты белгiлеуге болады. Техника-экономикалық және
ұйымдастыру-басқару құрылымындағы ақпаратты ғылыми талдауды оны қабылдау-
беру көзқарасын алғаш математиктер және байланыс, телекоммуникация
мамандары өткiздi. Бәрiнен бұрын бұлар ақпараттық математикалық және
статистикалық теориялар. Бұл теориялар ақпаратты оның сандық сипаттары
тұрғысынан қарастырады. Берiлген ақпараттардың сапасы (нақтылығы мен
дәлдiгi) туралы техникалық бөгеттер мен кедергiлердiң әсерi қарастырылды.
Бұл ХХ ғасырдың 30 жылдары болды. "Ақпарат" категориясы ғалымдар мен
мамандардың көңiлiн аудартады. Сонымен бiрге, сол кезден берi ғалымдардың
ойын әуреге салған К.Шеннонның белгiлi формуласы толық iске аспай, техника-
экономикалық процестерде ақпарттарды талдау үшiн қолданылмады.
Кейiнiрек ақпараттың басқа да теориялары пайда болды. Мысалы:
аглоритмдiк, прагматикалық, психологиялық, семантикалық, синтаксистiк,
топологиялық, кибернетикалық, динамикалық, экономикалық және басқалары.
Ақпараттық теорияны талдай отырып, келесiдей сипаттық белгiлеуге
тоқталуға болады, әсiресе, көптеген теорияның iшiнде "адамсыз және
парасатпен ұйымдастырылған адам қоғамынсыз ақпараттың болуы да мүмкiн емес"-
делiнген ертеден қарастырылған сипаттауды қадет етпейтiн жорамалды қабылдау
керек. Басқа теориялар мысалы, ақпараттың динамикалық және ақпараттық
теориялары ақпаратты кеңiнен және тереңiнен қарастырады, басқаша айтқанда
ақпараттық процестердi адам санасынан тыс, тәуелсiз зерттейдi.
Бiрiншiден, 30-жылдары ақпаратты сақату және беру төңiрегiнде техника-
экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы зерттеулер басталды. Сонымен
қатар ғылым мен iс-тәжiрибенiң басқа саласындағы ақпаратты зерттеуге күш
жұмсалды. Ақпарат категория ретiнде философтардың назарынан тыс қалған жоқ.
Сондықтан, екiншiден ақпаратты талдау философия-экономикалық және
әдiстемелiк жағынан жүргiзiлдi. Қоғамды, экономиканы, ақпаратты субъектiлеу
мен объектiлеу тұрғысында ақпараттың тәуелдiлiгi және атрибуттың қасиетi
туралы ғылыми пiкiр-таластар өткiзiлуде.
Алайда, ақпарат қоғамдық өндiрiстi ұйымдастыруда және басқаруда iс-
тәжiрибелiк мағынаға ие болғанда, өнеркәсiптiң дамуы сол уақытта сондай
дәрежеге жетедi.
Үшiншiден, экономика саласының дамуын бағдарламалау, нарықтық реттеу,
талдау, тiркеу, бақылау, жоспарлау секiлдi басқарудың әр түрлi түрлерiнiң
тиiмдiлiгiн арттыруда, ақпараттың өңдеу қорытындыларын қолдану мақсатында,
оны қайта құру көзқарасында ақпаратты зерттеу басталады.
Төртiншiден, ақпарат теориялық және iс-тәжiрибелiк жағынан көз алдында
өсiп, қоғам санасында жалпы ғылыми категорияға айналды.
Ғылыми ақпараттық жағынан алғанда өндiрiсте ақпаратты қолдану,
қоғамдық өндiрiсте және тұтынуда жалғыз, жалпы, жалпы көлемдi фактор деп
түсiнедi. Басқаша айтқанда, ақпарат, дәстүрлi еңбектiң, шикiзаттың,
материалдық, энергетикалық, таиғи,¸ қаржылық, технологиялық, ұйымдасқан
және басқа қорлардың сапасын жаңа қазiргi заманға сай өте жоғары деңгейге
көтередi.
Осыалйша, ақпараттық қор бiрыңғай жақты бола тұрып екi ұшты сипатта
болады: бiр жағынан ол алғашқы құрылған күйiнде аса ақпараттық болуы
мүмкiн, ал екiншi жағынан, өзгерген не басқа түрге енген экономикалық
потенциалдың әр алуан түрiнде көрiнедi.
Сонымен қатар, Т.У.Садықов экономикадағы ақпарат деп толып жатқан
дәлiрек айтқанда оның есепсiз көптеген туынды түрлерi, мысалы, озық
ақпараттық жаңа технологияны, ақпараттық мәдениеттi, ақпараттық қатынасты,
ақпараттық заңдарды, ақпараттық қарама-қайшылықты, ақпараттық ойлау
тәсiлiн, ақпараттық өмiр салтын, ақпараттық постиндустрияны, жеке тұлғаның
ақпараттық - ой-өрiстiк қызметiн, ақпаратты адам, ақпараттық-тауарлық
өндiрiстi, ақпараттық сұранысты, экономикалық өсу және ұдайы өндiрудi
ақпараттық-өнiмдi инновациялық түрi деп түсiнуге болады деп қорытындылайды.
Керектi ақпаратқа ие болу арқылы көбiнесе кез келген мекеменiң
тиiмдiлiгiмен табыс мөлшерiн анықтайды. Сондай-ақ, технологияның берiлуi,
ақпараттың өңделуi көбiнесе есептеу техникасы мен байланыс құралдарының
қарқынды өсуiне қамтамасыз етедi деп есептейдi. Ақпараттық технологияның
тез өсуiне және оның берiлуi қызметiне қарамастан, кейбiр салаларында
(әсiресе қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекетті басқарудың тәсілдері
Мемлекеттi басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру ерекшеліктері
Тактикалық басқаруға арналған ақпараттар
Қоғамның құқықтық жағдайы
Саяси жүйелердің түрлері
Құқықтық билік
МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ, МӘНІ БЕЛГІЛЕРІ
Демократиялық режимнің белгілері
“МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ”
Саяси қатынастар
Пәндер