Негізгі қорлар туралы жалпы түсінік


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
- Негізгі қорлар туралы жалпы түсінік . . . 616 (ХҚЕС) «Негізгі қорлар», оның мақсаты мен қолдану аясы . . . 6Негізгі қорларды Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарты бойынша тану және тану кезіндегі бағалау . . . 11
- Негізгі қорлардың амортизациясы және есептен шығару тәртібі . . . 30Негізгі қорлар амортизациясының есебі . . . 30Негізгі қорларды есептен шығару тәртібі . . . 36
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ . . . 49
КІРІСПЕ
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болу жолында.
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгалтерлік есептің атқаратын ролі зор.
Толығымен амортизацияланған, пайдалануға жарамды негізгі құралдарды есепке алу проблемасы қолданыстағы негізгі құралдарға амортизацияның толық саласы есептелген болса, бұл жағдайда қаржы есептілігінің дұрыстығына оның салдарының әсерін ескере қарау керек.
Ал негізгі бөлімінде негізгі құралдар есебін талдауға және негізгі құрал есебін жетілдіру жолдарына арнадық. Жетілдіру жолында негізгі құралдың жақсаруына жағдай жасайтын ұсыныстарды ұсындық.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
Осы негізгі құралдарға: үйлер, ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық) ; машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа материалдар мен құрал-жабдық, көлік құралдары, құрал-сайман, өндірістік мүлік және жабдықтар. Шаруашылық мүлкі: жұмысшы және өнім беретін мал, көп жылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебі №16 ХҚЕC-қа сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт негізгі құралдың есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Негізгі құралдың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскелері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы - актіде көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге берілген сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т. б. кезінде алынған материалдарды сатудан түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
Бірақ та біз ұмытпауға тиіспіз әр бір затты ұқыпты ұстамаса онда ол бұзылып қалады негізгі құралдарда сол сияқты бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайда біз оның бетін ала аламыз - жөндеу арқылы. Жөндеу есебі кәсіпорынға қажет. Негізгі құралдың естен шыққан жағдайында өндіріс процесі де тоқтауы мүмкін. Ал өндіріс процесінің тоқтауы біздің пайда табуымызға кедергісін жасайды. Ал жөндеу арқылы біз өндіріс процесінде көп жетіктіктерге жетеміз.
1. Негізгі қорлар туралы жалпы түсінік.
1. 1. 16 (ХҚЕС) «Негізгі қорлар», оның мақсаты мен қолдану аясы
Негізгі құралдар дегеніміз - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар - бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолда болатын материалдым активтер.
Осы Халықаралық Қаржылық Есеп Cтандартының мақсаты қаржы есептілігін пайдаланушылар ұйымның Негізгі қорларға инвестициялары және ондай инвестициялардағы өзгерістер туралы ақпарат алуы үшін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің тәртібін анықтау болып табылады. Негізгі қорлар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану, олардың қаржылық жағдай туралы есептық құнын және осыларға байланысты танылуы тиісті амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған залалдарды анықтау болып табылады.
Стандарт басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты басқа есепке алу тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін жағдайларды қоспағанда, негізгі қорларды есепке алу үшін қолданылуы тиіс.
№ 16 ХҚЕС мыналарға қатысты қолданылмайды:
- 5Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет(IFRS) Халық Негізгі қорлар аралық ХҚЕС-ына сәйкес сатуға арналу ретінде топтастырылған негізгі қорларға ;
- ауылшаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерге (қараңыз: 41Ауылшаруашылығы(IAS) ) ;
- минералдық ресурстарды барлау және бағалау жөніндегі активтерді тануға және бағалауға (қараңыз: 6Минералдық ресурстар босалқыларын барлау және бағалау(IFRS) ) ; және
- мұнай, табиғи газ және соған ұқсас қалпына келтірілмейтін ресурстар сияқты минералдық ресурстар босалқыларын пайдалану құқықтарына.
Алайда осы Стандарт (2) - (4) тармақтарында келтірілген активтерді әзірлеу және қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын негізгі қорларға қатысты қолданылады.
Басқа Стандарттар осы № 16 ХҚЕС-та көзделгеннен өзгеше тәсілдеме негізінде жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың сол немесе басқа баптарын тануды талап етуі мүмкін. Мысалы, 17 Жалдау (IAS) Халықаралық стандарты ұйымнан тәуекелдіктер мен пайдалардың негізгі қорлардың жалданатын объектісін тану белгісі ретінде берілуін қолдануды талап етеді. Алайда, мұндай жағдайларда, амортизацияны қоса, осы активтер үшін есепке алу тәртібінің қалған аспектілерінің барлығы осы Стандарттың талаптарымен анықталады.
40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік (IAS) ХҚЕС-на сәйкес құнның есеп үлгісін инвестициялық негізгі қорларға қолданушы ұйым осы Стандарттағы құнның есеп үлгісін қолдануы тиіс.
Оған мыналар жатады:
- жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа объектілер) ;
- көлік құралдары;
- жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қор, мұражай құндылықтары, жануар әлемінің экспорттары автомобиль жолдары) және т. б.
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.
Өндірістік бұл - өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыфналар жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді.
Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның, мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт)
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді: меншікті және жалданған.
Меншікті - бұл субъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.
Жалданған - жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа субъектілердің алынған негізгі құралдар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы.
Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар.
Қолданылмаған (тоқталған ) - консерватцияға немесе басқа себептерге байланысты қолданылмай тұрған негізгі құралдар.
Запаста тұрған - қолданылып жүрген негізгі құралдар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі құралдар.
Түріне қарай негізгі құралдар 13 топқа бөлінеді:
1. Жер;
2. Үйлер - бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне және материалдық құндылықтардың сақталу жағдайынан тұратын сәулет құралдар;
3. Ғимараттар - еңбек заттарының өзгеруіне байланысты жоқ қандай бір функцияналды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инжинерлік құрлыс объектілері (платина құбырлы өткізгіштер және т. б. ) ;
4. Беріліс құрылғылар -э лектронды жылулық және механикалық қуат беруге арналған құрылған (электор тарату желісі) құбырлы өткізгіштер т. б;
5. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер оның құрамына кіретін саймандарды, керек-жарақтарды аспаптарды басқа инвентардың бөлігі болмаса инвентарлық объект болып табылатын инвентор дегеніміз - түгендеу. Бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:
а ) Күш беретін машиналар мен жабдықмашиналар жылу және электро қуатын өндіретін электрометорлар және т. б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар) және т. с. с;
б) Жұмысшы машиналар мен жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін жасау процессіне механикалық, техникалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар апараттар және жабдықтар (насостар, элекрлік маторлар) және т. б;
в) Өлшеу және реттеу аспаптары (микроскоп, монометр, амперметр және т. б;
г) Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятор мен есептеу машиналары) ;
д) Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон, станциялары, өрт машиналары т. б. )
6. Көлік құралдары. Адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (теміржол, автомат, су көлігінің қозғалмалы құрамы) және т. б.
7. Құрал-сайман. Темірді ағашты өндеуге арналған қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған немесе машиналарға бекітілген заттар (балға, тесетін, тұратын және с. с. құралдар) ;
8. Өндірістік инвентар және керек жарақтар. Өндіріс операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс үстелі және т. б. ) ;
9. Шаруашылық инвентар. Кеңсеге және шаруашылықтарда қажетті заттар (шкафтар, клемдер және т. с. с. ) ;
10. Жұмысшы және өнім беретін малдар ( ірі қара, қошқар және т. с. с. ) ;
11. Көпжылдық өсімдіктер (жүзімдіктер, жеміс жидектер, роза және с. с. ) ;
12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі (жерлерді тастардан тазарту және т. б. ) ;
13. Өзге де негізгі құралдар (кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары) .
1. 2. Негізгі қорларды Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарты бойынша тану және тану кезіндегі бағалау
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 2410 «Негізгі кұралдар» ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
• бастапқы күн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай каражаттың немесе оның баламасының сомасы;
Негізгі қорлардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін
• ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;
• өткізу құнымен (әділ бағаның) - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
• жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
• амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
• баланстың құнмен - жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны онын орнын толтыратын құннан артқан сома.
Негізгі қорлардың нақты бар-жоғын анықтау және олардың сақталуына бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқа да актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып оқтын-оқтын негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.
Негізгі қорлардыдың мүліктік түгелдеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында, жылына ең аз дегенде 1 рет, қараша айында жүргізіледі. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді үш жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгелдеу жүргізіледі.
Негізгі қорларды қайта бағалау 16 ХКЕС сәйкес, негізгі құралдың бастапқы құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі, содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады. Әрекет етіп тұрған нормативтік актілерге сәйкес, шаруашылық жүргізуші субъектілер заңмен ұштастырылған негізгі құралдардың индексациялауының ережесі мен тәртібі туралы дербес шешім қабылдай алады. Қайта бағалаудың барысында негізгі құралдардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты ағымдағы (нарықтық) құны мен тозу дәрежесі туралы дәл және толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында өте маңызды роль атқарады. Және ол негізгі құралдарды белсенді түрде жаңартуға қажетті инвестициялық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды қайта бағалау техникалық дамуын есепке ала отырып, амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заман талабына сай ұдайы өңдірісті жетілдіруге қажетті жағдайларды жасап, негізгі құралдарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады .
Әділ баға: нарыктағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн бойынша есептелінуі мүмкін.
Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде ад1л багасын өте аз деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын есіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады.
Нарықтық экономика өрістеуіне байланысты қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға біртіндеп көшіріліп келеді.
Негізгі қорлар объектісінің өзіндік құны мынадай жағдайда ғана актив ретінде танылуы тиіс, егер:
1. осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсуі ықтимал болса; және
2. осы объектінің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Босалқы бөлшектер немесе қызмет көрсету жабдығы әдетте босалқылар ретінде ескеріледі және пайдада немесе шығында оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ретінде топтастырылады. Осы сияқты, егер босалқы бөлшектер және сервистік қызмет көрсету жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісін пайдалануға беруге байланысты пайдаланылуы мүмкін болса, олар жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ретінде ескеріледі.
Осы Стандарт тану бірлігін, яғни негізгі қорлар объектісі нені құрайтынына ұйғарым жасамайды. Осыған байланысты ұйымдағы нақты міндеттемелерді тану өлшемдерін қолдану білікті пайымдауды талап етеді. Кейбір жағдайларда жекелеген шағын объектілерді, мысалы, үлгілерді, құралдарды және мөртаңбаларды біріктіріп, осы өлшемдерді олардың жалпы құнына қолдануға болады.
Осы тану принципіне сәйкес ұйым жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар бойынша өзінің барлық шығындарын оларды шеккен кезде бағалайды. Бұл шығындар негізгі қорлар объектісін сатып алуға немесе салуға байланысты шеккен шығындарды, сондай-ақ кейіннен үстелумен, ішінара алмастырумен немесе осындай объектіге қызмет көрсетумен шеккен шығындарды қамтиды.
Негізгі құралдар есебі бойынша неғұрлым жиі қойылатын сұрақтар - бұлар негізгі құралдарды активтердің топтары бойынша топтапстыру, жою құнын анықтау туралы және негізгі құралдарды әділ құны бойынша бағалауды кімнің жүргізуі тиіс, яғни ХҚЕС - на көшу кезінде осы мәселелердің қалай шешілетінін қарастырайық. Негізгі құралдардың анықтамасы екі стандартта да сай келеді, ал негізгі құралдарды сыныптар бойынша топтастырған кезде 16-ХБЕС-да: ғимараттар, беріліс құрылғылары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар топтарының жоқ екенін көріп отырмыз.
16-ХБЕС-ның 9-тармағында: «Осы стандарт тану бірлігін, яғни негізгі құрал объектісін ненің құрайтынын нұсқамайды. Осыған байланысты ұйым тұрған нақты жағдайларға тану критерийлерін қолдану кәсіби тұжырымдауды талап етеді» делінген. Осы топтарды не істеу керек екенін шешу үшін бұл топтардың құнына ненің кіретінін еске түсіріп көрелік.
Ғимараттарға мақсаты еңбек құралдарын өзгертумен байланысты қандай да бір техникалық функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасау болып табылатын инженерлік-құрылыс объектілері жатады. Инвентарлық объекті болып оны бір тұтасты құрайтын барлық қондырғыларымен бірге әрбір жеке ғимарат саналады. Мысалы, жылу станцияларына қызмет көрсететін ғимараттар ( түтіп құбырлары, жүктемені азайтушы қондырғылар кірме есік эстакадалары), темір жолдар, дамбалар, бөгендер, қоршаулар және т. б.
Беріліс құрылғыларына оның көмегімен электрлік, жылулық немесе механикалық энергия қозғалтқыш-машиналардан жұмысшы машиналарға беру, сондай-ақ сұйық және газ тектес заттарды бір инвентарлық объектіден басқасына беру жүргізілетін құрылғылар жатады, мысалы, электр берілісінің әуелік желілері, құбыр өткізгіштер және т. б. Электр желілері бойынша инвентарлық объектілер, мысалы, электр станциясының бөлу құрылғысынан қабылдайтын ішкі станциялардың бөлу құрылғыларына дейінгі желілері болып табылады. Инвентарлық объектінің құамына мыналар кіреді: әуе желілерінің тіректері мен іргетастары, өткізгіштер, ілінбелі изо-ляторлар, қорғаныстың барлық заттары, клеммалар және басқа бекіткіш материалда, сонда-ақ үлкен өзендерден барлық өту жолдары мен басқа заттар.
Өндірістік құрал-сайманға және керек-жарақтарға жұмыс кезінде өндірістік операцияларды жеңілдететін өндірістік мақсаттағы заттар еңбекті қорғауға ықпал ететін; сұйық және төгілгіш заттарды сақтауға арналған сыйымдылықтар; сауда шкафтары мен стеллаждары; инвентарлық ыдыстар; жұмыс машиналарын жатқызыла алмайтын техникалық заттар .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz