Өрттің алдын алу шаралары


ЖОСПАРЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

Өрт қауіпсіздігі негіздері

Жану процесі туралы жалпы мәліметтер

Алғашқы өрт сөндіру құралдары

Өрт болу себептері

Өрттің алдын алу шаралары

Қорытынды

Өрт - бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т. б. ) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсісзідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.

Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде) .

Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т. б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.

Өрт - бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.

Жану бұл - жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына келетін реакциялар барысында болатын процесс. Газдар, металлдар және әр түрлі көміртекті заттар жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром, және ауадағы өттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.

Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа - біртекті (газ+ газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты ( сұйықтық + газ, қатты зат+газ) болатын заттарды құрайды.

Жанудың екі түрі бар:

а) дифуздық - тотықтандырғыштың жанатын затпен дифузиялық уақыт жылдамдығы;

б) кинетикалық - тотықтандырғышпен жанғыш зат арасындағы жану жылдамдығы.

Жарылыс бұл тұйық кеңістікте болатын кинетикалық жану. Жану механизмі жылулық (жанғыш заттың қызуына байланысты) және тізбектік

(жанған заттың нәтижесінде жанғыш заттың пайда болуы) боады. Өрттің жану жылдамдығына байланысты:

а) дефлаграциондық жану - өрттің таратылу жылдамдығы 1м/с;

б) детонациялық - 1-10 м/с-тан астам;

в) жарылып жанатын - 10 м/с.

Өздігінен жану - жану көзі болмаған жағдайда, жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы шек концентрациясы.

Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:

а) кәсіпорынды жобалаған кезде болатын техникалық шаралар, олар:

1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау; 2) ғимарат подъездерінің жобалануы;

3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру; 4) ғимаратты найзағайдан қорғау.

б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік шаралар.

Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел туруына байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.

Өндіріс категориясы: А - жарылу қауіпі бар; Б, В - өрт және жарылу қауіпі бар; Г, Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз жанғыш қоспа болса; 2) жарылу кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.

Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық - 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.

Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.

Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.

Максималды - 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сағат - жай қоршаулар өртке қарсы тура алады. Жану тобы: а) жанбайтын құрылыс материалдар ( өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процессі аяқталады) ;

б) қиын жанатын - жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді; в) жанатын ( егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар) .

Өрт төзімділігінің 5 дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде 2, 5 сағат өртке төзе алады ( А өндіріс дәрежесі) ; Өндірістік кәсіпорындарда 3-4 дәрежелі өртке төзімділігі 1, 5 сағат құрайды ( қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар) .
Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:

а) жұмысшыларға нұсқау беру;

б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:

  • Қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер) ;
  • Өртке Қарсы Жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері) .

Өрт сөндіру үшін суды, көбікті, үгінділерді және инертті газдарды пайдаланады.

Суды өрт сөндіретін жеңдер, зеңбіл арқылы қолданады.

Төмендегі аталған нәрселер өрт кезінде судың көзі болып табылады:

- өрт сөндіру гидрантарымен жабдықталған өрт сөндіру су құбырлары;

- арнайы крандармен, зеңбілдермен, жеңдермен жабдықталған ішкі су құбыры;

- арнайы жабдықталған бүкіл су құбырлар жүйесі.

Көлдердің, өзендердің суларын пайдалануға болады. Объектілердің ауласында арнайы бөшкелерде су қорын сақтауға болады.

Кейбір жағдайларда суды өрт сөндіруге қолдануға болмайды. Мысалы, калий, натрий, кальций карбидін, алюминий үгіндісін т. б. заттарды су арқылы сөндіруге болмайды.

Электр қондырғыларды да сөндіруге су қолдануға болмайды.

Ағашқы өрт сөндіру құралдарына қол және жылжымалы өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер т. б. жатады.

Әр мекемеде алғашқы өрт сөндіру құралдары тұратын арнайы қабырға болады. Сол қабырғада алғашқы өрт сөндіру құралдары толығымен нұсқаулыққа сәйкес түрде орналасуы керек.

Өрт сөндіргіштердің түрі - көбікті, көмірқышқылды, үгінді түрде болады. Өрт сөндіру жабдықтарына спринклерді және дречерлі қондырғылар жатады.

Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.

Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер) . Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.

Барлық мекемелерде алғашқы өрт сөндіру құралдары нұсқаулыққа сәйкес, толығымен және іске жарамды түрде тұруы қажет.

Бұл шара үшін арнайы бекітілген өрт сөндіру қызметшісі немесе арнайы нұсқаулықтан өткен адам жеке басымен жауап береді.

Өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру крандары нөмірленіп арнайы журналда тіркеліп тұруы керек. Журналда өрт сөндіргіштердің соңғы рет толтырылғаны мерзімі, кранның соңғы тексерілген мерзімі көрсетілуі керек. Өрт сөндіру крандары және өрт сөндіргіштерге пломба салынып папорт ілініп қояды. Пломба жоқ болса өрт сөндіргішті алып іске жарамдылығын тексеріп толтырылғанын тексереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
Өрттің шығуы
Өрттен қорғануды ұйымдастыру. Өртке қарсы қорғаныс жүйелері
Өрт қауіпсіздігі. Эвакуациялық жоспарлау және оның бөлімдері
Орман және шымтезек өрттері
Жарылыс
Өрт қауіпсіздк шаралары
Өрт
Өрт – тілсіз жау
Өрт қауіпсіздігі негіздері. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары.Өрт кезіндегі эвакуация уақытын есептеу. Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz