Экономикалық жүйенің типтері. Меншік экономикалық категория ретінде


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Экономикалық жүйенің типтері. Меншік экономикалық категория ретінде. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру.

Экономикалық жүйе

Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің объективті көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.

Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.

Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.

Негізінде өндіріс құралдарына меншік формасы мен шаруашылық қызметін басқару әдісі сынды екі критерий жатқан тағы бір жіктеулер бар. Бұл екі белгінің негізінде әкімшіл, рыноктық және аралас экономика деп бөліну жүреді.

Дәстүрлі экономика - бұл ежелгі, көне замандағы экономика. Ол дәстүрге негізделеді. Еңбек сипаттары, қарапайым, қол еңбегі. Қажеттіліктер - қарапайым. Қазақстанда ауыл және мал шаруашылығы - дәстүрлі.

Әкімшіл-әміршіл экономика классикалық саяси-экономикалық еңбекқұн теориясына негізделген. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізгі - мемлекет меншігі, себебі бәрі мемлекет қолында. Сол себептен сол кезде қоғам дамуы бюрократия, монополия (бір сатушы) қолында болады. Мемлекеттендіру жоғары қарқынмен жүргізілді.

Нарықтық экономика - экономикалық, адамның еркіндігі әркім өзі, жекеменшік қатынастары табысқа, пайдаға ие болу. Бәсекелік орын алды.

Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.

а) Дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықтады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.

ә) Еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойыңда бұл болғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды-ақ жиі қызмет жасайды».

Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А. Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі - артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері толып кетеді, қолма-қол акшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді.

б) Әкімшілдік-әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік-әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеумен алмастырылады».

Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы кезеңдерде Англия мен АҚШ-да дәл солай жүзеге асты.

Әміршілдік-әкімшілдік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.

Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі - барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат - жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.

Екіншіден, кәсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жоғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтанда орталық ұйымдар экономика және тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста бола алмайды.

Осының барлығы әкімшілдік-әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны әртүрлі тапшылықка алып келеді.

в) Қазіргі нарықты экономика аралас экономика ретінде болуда.

Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика - бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді.

Аралас нарықтық экономика теориясынын түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы - Нидерланд экономикалық мектебінің профессор-экономисі Ян Тинберген) және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы - Гарвард институтының профессор-экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж. Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нарықты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан.

Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады» - деп жазған болатын Пол Самуэльсон.

Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясынын негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950 жж. ) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас болігі: әлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «… адамды экономикалық, саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу».

Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4%-ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады.

Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс-әрекет жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде әмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынадай саланы - жұмыссыздық, әлеуметтік сактандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі».

Меншік экономикалық категория ретінде.

Меншік - қоғамдық құрылыстың негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал - жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену - затты мењгеріп алудыњ нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерініњ негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар жєне экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Иемдену - шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады - иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.

Меншік ол зат емес, меншік - заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

Иемдену - затты өз игілігіне пайдалану.

Жатсындыру - меншік объектісін иеліктен шығару

Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

Қоғамдастыру - еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша) :

  1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) баПайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
  2. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
  3. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
  4. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
  5. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
  6. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
  7. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
  8. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
  9. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
  10. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына кеттіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.

Жеке меншіктің дамуы XIX - ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру - бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу.
2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды)
3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

  • Кіші жекешелендіру- еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
  • Жаппай жекешелендіру- орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
  • Жеке жобалық жекешелендіру- ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕНШІКТІҢ МӘНІ, НЬІСАНДАРЬІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ТИПТЕРІ
Меншік экономикалық категория ретінде
Меншіктің мәні, нысандары және экономикалық жүйенің типтері
Экономикалық жүйе типтері(дәстүрлі, әкімшіл-әміршілдік, нарықтық, аралас). Меншік қатынастары. ҚР-дағы жекешелендіру процесі
Меншік қатынастары және оның түрлері
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
Экономикалық жүйе жайлы
Қазақстанғы меншік қатынастарының дамуы
Мемлекеттік меншіктегі: қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz