Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы



КІРІСПЕ
1.БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
1.1.КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚАҒИДАЛАРЫ 4
1.2.БАСҚАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 5
1.3.БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
2.БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІНІҢ.БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1.ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
2.3.ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтеріне толық мәлімет беріледі. Кәсіпорын автономды құрылым ретінде талқыланады. Басқарудың жүйелі жолына анықтама беріледі және оның маңызды сипаттамасы анықталынады. Кәсіпорындағы басқару қызметінің функциялары қамтылады. Басқару жүйесін, ұйымдық құрылымды таңдау қарастырылады.
Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтері – бұл жұмыс орындары, өндірістік учаскілерге біріктірілген цехтар, қызмет көрсетуші шаруашылықтар.
Кәсіпорынға өзара бөліну қасиеті тән. Мысалы, жұмыс күші, негізгі өндіріс қорлары, шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын, энергия, өндірілетін өнім.
Кәсіпорын автономды құрылым: оның әрбір элементі жеке қарастырылуы мүмкін. Кәсіпорынның басты ерекшіліктерінің бірі-барлық элементтерінің көрнектілігі және оның жұмысы туралы түрлі статистикалық, бухгалтерлік, оперативті ақпарат алу.
1. «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі», Абленов Д.О., Алматы, 2007 жыл.
2.«Қаржы негіздері», Құлпыбаев С., Мельников В.Д., Алматы, 2009 жыл.
3.«Бюджет бойынша тәжірибелік жиынтық»,Қомбарова А.М.Астана, 2007 ж.
4. «Нарықтық экономикадағы қаржы менеджментінің маңызы және қажеттілігі», Әмірханов Р., Экономика негіздері, 2006 жыл.
5.«Әлем экономикасы» Сахариев С.С., Сахариев А.С., Алматы 2003 жыл
6. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Дүйсенбаев Х.Ш., Алматы, 2001 жыл.
7.temakosan.net›.
8.referat911.ru›.
9.freepapers.ru›.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
3
1.БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
4
1.1.КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚАҒИДАЛАРЫ 4
1.2.БАСҚАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
5
1.3.БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
7
2.БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІНІҢ-БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ
МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 8
2.1.ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ 16
2.3.ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ 18
ҚОРЫТЫНДЫ
20

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
21

КІРІСПЕ
Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтеріне толық мәлімет
беріледі. Кәсіпорын автономды құрылым ретінде талқыланады. Басқарудың
жүйелі жолына анықтама беріледі және оның маңызды сипаттамасы анықталынады.
Кәсіпорындағы басқару қызметінің функциялары қамтылады. Басқару жүйесін,
ұйымдық құрылымды таңдау қарастырылады.
  Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтері – бұл жұмыс
орындары, өндірістік учаскілерге біріктірілген цехтар, қызмет көрсетуші
шаруашылықтар.
Кәсіпорынға өзара бөліну қасиеті тән. Мысалы, жұмыс күші, негізгі
өндіріс қорлары, шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын, энергия,
өндірілетін өнім.
Кәсіпорын автономды құрылым: оның әрбір элементі жеке қарастырылуы
мүмкін. Кәсіпорынның басты ерекшіліктерінің бірі-барлық элементтерінің
көрнектілігі және оның жұмысы туралы түрлі статистикалық, бухгалтерлік,
оперативті ақпарат алу.
Ақпараттық жүйе екі кіші жүйеден тұрады.Оларға басқарылатын және
басқарушы, басқарудың субьектілері мен басқарудың обьектілері
басқару жүйесі жатады.
Кәсіпорынды жүйе ретінде 3 түрде қарастыруға болады:
-Физикалық (материалдық).
- Кибернетикалық (ақпараттық).
- Экономикалық (әлеуметтік).
Олардың бірігуі нақты біртұтас жүйені құрады.

1.БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
1.1.КӘСІПОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, ҚАҒИДАЛАРЫ
Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтеріне толық мәлімет
беріледі. Кәсіпорын автономды құрылым ретінде талқыланады. Басқарудың
жүйелі жолына анықтама беріледі және оның маңызды сипаттамасы анықталынады.
Кәсіпорындағы басқару қызметінің функциялары қамтылады. Басқару жүйесін,
ұйымдық құрылымды таңдау қарастырылады.
  Кәсіпорын құрылымының алғашқы негізгі элементтері – бұл жұмыс
орындары, өндірістік учаскілерге біріктірілген цехтар, қызмет көрсетуші
шаруашылықтар.
Кәсіпорынға өзара бөліну қасиеті тән. Мысалы, жұмыс күші, негізгі
өндіріс қорлары, шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын, энергия,
өндірілетін өнім.
Кәсіпорын автономды құрылым: оның әрбір элементі жеке қарастырылуы
мүмкін. Кәсіпорынның басты ерекшіліктерінің бірі-барлық элементтерінің
көрнектілігі және оның жұмысы туралы түрлі статистикалық, бухгалтерлік,
оперативті ақпарат алу.
Ақпараттық жүйе екі кіші жүйеден тұрады.Оларға басқарылатын және
басқарушы, басқарудың субьектілері мен басқарудың обьектілері
басқару жүйесі жатады.
Кәсіпорынды жүйе ретінде 3 түрде қарастыруға болады:
-Физикалық (материалдық).
-Кибернетикалық (ақпараттық).
-Экономикалық (әлеуметтік).
Олардың бірігуі нақты біртұтас жүйені құрады.
Басқарудың жүйелі жолы - бұл логикалық ойлау сана-сезімі,кез келген
шешім қабылдау үрдісі жүенің ортақ бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді.
Мақсат - жүйенің жоспарланған жағдайы, жүйе қызметінің түпкі нәтижесі.
Мақсаттарды белгілеу үшін мақсаттардың деңгейі  бойынша көрсетеді.
Орналасқан мақсаттарды маңыздылығына, орындалу мерзіміне қарай бөліп
қарайды.
Қойылған мақсаттарға жету жолдары - мақсатқа жету жолдары неғұрлым көп
болса, олардың ішінен ұтымдысын таңдау соғұрлым ыңғайлырақ жүзеге
асырылады. Үлгі - жүйелі талдаудың соңғы кезеңі болып табылады.үлгілер
нақты жүйенің мәнді ерекшіліктерін немесе оларды басқаруды зерттеу үшін
құрылады.
Критерий. Критерий деп қойылған мақсатқа жету әдістерінің ең тиімдісін
таңдау үшін белгіленетін шарт пен нысанды айтамыз. Критерийге жататындар-
еңбек өнімділігі, табысты арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, т.б.
Кәсіпорынның  басқарушы және басқарылатын жүйелерінің өзіне тән
құрылымы мен құрамы бар. Басқарылатын жүйе, құрылымдық жағынан, еңбекті
кооперациялау көлемі бойынша және функционалдық белгілері бойынша
сыныпталады.
Кәсіпорынды, өндірістік бірлестікті басқару менеджменттің заңдарына
негізделеді. Сонымен бірге кибернетика және басқарумен байланысты т.б.
ғылымдардың заңдары да басқаруда елеулі маңызды орынға ие болады.
1.2.БАСҚАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Кәсіпорынды басқару қызметі жеті функцияға бөлінеді:
- Болжау және жоспарлау.
-ұйымдастыру.
-үйлестіру және реттеу.
-Ынталандыру.
-Бақылау.
-Есепке алу.
-Қолдау және байланыс.
Басқару қызметі өндірістік үрдістің жекеленген сатыларына әсер етуі
бойыншағөндірістің техникалық деңгейін үнемі көтеру және ұйымдастыру,
жоғары сапалы өнім шығару, тұтынушылар талаптарын барынша толық
қанағаттандыру мақсатында бұйымдар ассортиментін кеңейту және жаңарту
міндеттеріне бағынады.
Міндеттерді шешудің маңызды бағыты-табыстың өсуі және кәсіпорынның
экономикалық және әлеуеттік дамуын өзіндік қаржыландыруы негізінде ғылым
мен техника жетістіктерін ауқымды, кешенді және дер кезінде енгізу.Қазіргі
кезде аталған функциялардың бәрі келесі жүйелерге бөлінеді:
-Перспективті,ағымдағы техника-экономикалық және әлеуметтік жоспарлау.
- Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
-өндірістің техникалық дайындығын басқару.
-Технологиялық үрдістерді басқару.
-өндірісті жедел басқару.
-Метрологиялық жабдықтауды ұйымдастыру.
-Техникалық бақылау және сынақ.
-Еңбекті және еңбекақыны ұйымдастыруды басқару.
- Материалдарымен,техникамен қамтамсыз ету.
-өнімді өткізу.
-Капиталды құрылыс.
-Қаржылық қызметті ұйымдастыру.
-Есеп және есеп-қисап жүргізу.
- Экономикалық талдау.
Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы деп басқарудың органдарға және
сатыларға бөліну жүйесі, олардың өзара байланысы және тәуелділігі
түсіндіріледі.Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыруда басқарудың типтік
құрылымдарының бірқатар ережелері мен элементтерін пайдалану
керек:сызықтық, функционалдық және сызықтық -  функционалдық.
Басқарудың экономикалық әдістерінің ішінде жұмысшылардың еңбегінің
саны мен сапасына байланысты еңбекақысын төлеу маңызды орынды материалдық
ынталандыруды әдісін атап көрсетуге болады. Еңбекте жеке, ұжымдық
ынталандыру қолданылады.
Басқару шешімдерін әзірлеу және жүзеге асыру келесі кезеңдерден
тұрады:
-өндірістік-шаруашылық жағдайын талдау.
- басқару шешімдерін дайындау және негіздеу, шешімдерді оңтайландыру.
- басқару шешімдерін қабылдау.
- қабылданған шешімді жүзеге асыру жөніндегі ұжымның жұмысын
ұйымдастыру, есепке алу, бақылау, үйлестіру.
-қабылданған шешімді жүзеге асыру нәтижелерін талдау, бағалау, жаңа
міндеттерді алға шығару.
1.3.БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
  Басқару жүйесі берілген шарттар негізінде мақсаттарды оңай жүзеге
асыратындай буындар мен байланыстардың жиынтығын білдіреді.Ұйымдық
құрылымды таңдауға келесі факторлар әсер етеді:
-кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны.
-қызмет ету аясы (өндірілетін өнім түрі, бұйымның ассортименті).
-жұмыс ауқымы.
- шаруашылық қызмет ету үрдісінде кәсіпорын шығатын нарықтар.
-қолданылатын сыртындағы және ішіндегі ақпараттық ағындар.
- ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейі және т.б.
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымын қарастыра отырып:ұйымның
сыртқы ортамен, ұйымның бөлімдері, ұйымның адаммен өзара әрекет ету деңгейі
ескеріледі.
2.БӨЛІМ.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІНІҢ-БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі жыне төлем қабілеттілігі ең
алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады, ақша қатынастарының
жүйесі болып табылады және ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың
қалыптасуы мен пайдалануын көрсетеді. Кәссіпорынның негізгі міндеті оның
иелерінің әл ауқатының максималды көбеюуі болып табылады, яғни пайданың ,
кәсіпорынның нарықтық бағасы.
Қаржыларды басқарудың екінші жағы –қорларды сатып алу болып табылады.
Олардың қайнар көзі әр түрлі болып табылуы мүмкін және әрқайсысының өзіне
тән мінездемесі бар, олар капиталмен жабдықтаушылармен анықталады: баға,
төлемнің мерзімі, белгілі бір уақытта қолда бар болуы, мүмкін болатын
қайшылықтар және тағы басқа шарттар. Осы факторлар негізінде қаржылық
менеджер кәсіпорынды қаржыландыру көздерінің оңтайлы шешімдерін қабылдап
отыруы керек.
Қаржылық менеджмент – бұл кәсіпорынның қаржылық ресурстарының
құрылуымен, бөлініуімен, оларды қолданумен және кәсіпорнынның ақшалай жүйе
айналымының ұйымдастырушылармен байланысты болатын басқару нәтижелерінің
әзірленуі және жеткізуінің принциптері мен әдіс-тәсілдерінің жүйе болып
табылады.
Қаржылық менеджмент фирманың қаржысымен жұмыс атқарады, яғни фирманың
өндірістік әрекетіне жұмсалған фирманың өз капиталы және қарыз капиталымен
жұмыс атқарады (бөлінбеген пайда, амортизациялық қорлар, банк несиелері,
құнды қағаздар эмиссиясы және т.б ).
Қаржылық менеджмент акция иелерінің хал-ахуалын немесе меншік
кірістерін барынша көбейту барысында өткізіліп отырған, басқарудағы нарық
жағдайында фирманың қаржы-қаражатының оңтайлы құрылымын құрып, оны
сақтаумен байланысты қабылданған шешімдер жйынтығымен байланысты. Сонымен
қатар қаржылық менеджмент басқа да экономикалық ғылымдармен тығыз
байланысты теориялық ғылым болып табылады.
Қаржылық менеджмент келесі бөлімдерден тұрады:
-Қаржылық талдау және шешім қабылдау жүйесі;
-Қысқа мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау: (комермерциялық
несие) қамсыздандырылмаған қысқа мерзімді қаржыландыру, қамтамасыз
етілмеген қысқа мерзімді қаржыландыру, қысқа мерзімді жалды қаржыландыру;

-Ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын қолдануды жоспарлау:

Капиталды бюджеттендіру, лизинг немесе ұзақ мерзімді несие, қарапайым
және артықшылығы бар акциялар шығару, инвестициялық жобаларды бағалау және
инвестициялық қоржынды басқару, алдағы кезеңдегі кірістерді ескере отырып ,
ақшаның құнын бағалау (дисконттау);

-Мүмкін болатын тәуекелді талдап, бағалау;

-Шешімнің нұсқамасы және орындалуы;

-Шешімнің орындалуын бақылау;

-Шешімнің жүзеге асырылуы барысын талдау және оның орындалуы туралы
есеп беру.

Қаржы менеджментінеің басты мақсаты-қазіргі кезде және болашақта
кәсіпорын иелерінің әл-ауқатын барынша көтеру. Бұл мақсатта кәсіпорынның
нарықтық құнын барынша көбейтуді қамтамасыз ету барысында көрінеді, бұл өз
кезегінде кәсіпорын иелерінің қаржы мүдделерін жүзеге асырады.

Қаржылық менеджменттің басты міндеті-бұл фирма кірісінің қалыпты
деңгейін сақтай отырып, қарапайым акция бойынша, мүмкін болатын дивиденд
бойынша көбеюін қадағалау, яғни фирманың оңтайлы қызмет тәртібін анықтау.

Қаржылық менеджменттің нарықтық экономикадағы жалпыға бірдей
қабылданған жоғарыда атап өткен мақсаты туралы еткенде, бізідің
көпшілігімізде қалыптасқан , кәсіпорынның қаржы әрекетінің басты мақсаты
пайданы барынша көбейту деген ойымызға қарама-қайшы келетінін атап өткен
жөн.

Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша көбейту үрдісі оның пайдасын
барынша көбейту арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп дәрежесі және жиынтығы
жағынан жоғары пайда ағымдағы тұтыну мақсаттарына жұмсалуы мүмкін, соның
нәтижесінде кәсіпорын ары қарай дамуға қажетті , өзінің қаржы ресурстарын
құратын негізгі көзден айрылады (ал дамымайтын кәсіпорын өзінің нарықтағы
конкуренттік (бәсекелік) қабілетін жоғалтады, ішкі көздер есебінен өзінің
қаржы ресурстарын құру әлуетін азайтады, осының барлығы нәтижесінде
кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеліп соғады).

Сонымен қатар жоғары дәрежедегі пайда қаржы-қаражаттық тәуекелдің және
болашақта банкроттықа түсу қаупі есебінен болуы мүмкін, бұл жағдай да
кәсіпорынның нарықтық құнының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, нарықтық
жағдайда пайданы барынша көбейту қаржы менеджментінің басты міндеті
болғанымен, оның ең басты мақсаты емес. Қаржылық менеджмент өзінің басты
мақсатын жүзеге асыру үрдісіне төмендегі негізгі тапсырмаларды шешуге
бағытталады (2.1-кесте).

Қаржылық менеджменттің негізгі тапсырмалар жүйесі 2.1-КЕСТЕ

Қаржылық менеджменттің Қаржылық менеджменттің өзінің басты мақсатын
басты мақсаты жүзеге асыруға бағытталған негізгі
тапсырмалары.
Қазіргі кезде және -алдағы уақытта кәсіпорынның даму
болашақта кәсіпорын тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының
иелерінің әл-ауқатын жеткілікті көлемін құрауды қамтамасыз ету;
барынша көбейтуді - кәсіпорынның негізгі бағыт аясында қаржы
қамтамасыз ету. ресурстарының құрылған көлемін тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету;
-кәсіпорынның негізгі бағыт аясында қаржы
ресурстарының құрылған көлемін тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету;
-көзделген пайда дәрежесінде қаржы тәуекелі
дәрежесін барынша азайту;
- кәсіпорынның даму барысында, оның қаржы
тепе-теңдігін үнемі қамтамасыз ету.

-Алдағы уақытта кәсіпорынынң даму тапсырмаларына сәйкес қаржы ресурстарының
жеткілікті көлемін құрауды қамтамсыз ету. Бұл тапсырма кәсіпорынның алдағы
уақытта қажетті жалпы қаржы ресурстарын анықтау, ішкі көздер есебінен
өзінің қаржы ресурстар көлемін барынша көбейту, сыртқы көздер есебінен
өзінің қаржы ресурстарын құрудың мақсатқа лайықтылығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Салық механизмінің экономикалық мазмұны
Менеджменттің стратегиясы мен талқыласы
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ
Менеджменттің мақсаты, принциптері және құрымы
Кәсіпорынды басқару функциялары
Экономиканы тұрақтандыру жағдайындағы салық механизмінің экономиканы басқаруда алатын орны
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Қызметті әзірлеудегі сапа
Пәндер