Макарон өндірісіндегі технохимиялық бақылау



1. Дайын өнімді ТХБ. Макарон өнімдерінің сапасына қойылатын талап.
Дайын өнімді талдау әдістері мен сынама алу ережелері.
2. Ыдыс: ыдысқа қойылатын талап; ыдыстың физика.химиялық
көрсеткіштері мен органолептикалық бағасы.
3. Шикізат, шалаөнімдер және өнім мен қосымша материалдарды талдаудың жалпы ережесі.
Өндірістегі ТХБ орындаудьщ негізгі ережесі. Сынау әдістеріне арналған стандартгар.
4. Өндіріске, бөлімшеге келіп түскен шикізатган орташа сынаманы алу. Шалафабрикат пен дайын өнімнен өндірісті бақылауда орташа сынама алу. Сапалы бақылаудың органолептикалық әдістері. Су мен құрғақ заттың мөлшерін анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ұнның күлділігін (күлдің мөлшері) келесі тәсілдердің біреуімен анықтайды: тездеткіштерсіз тездеткіш ретінде магний ацетатының спиртті ерітіндісін және азот қышкылын колдана отырып, ұнның нақты өлшемін муфельді пеште жағу ұнның күлділігін анықтаудың негізгі (арбитражды) әдісі – ұнның нақты сынамасын мцфельді пеште тездеткіштерсіз жағу.
Күлділікті тездеткіштерсіз анықтау. Алдын-ала орташа сынамадан алынған 20..30 г ұнның нақты өлшемі 20*20 см шыны пластинкаға салады да, екі жайпақ қалақпен араластырады. Содан сон ұнды біртегіс қабатпен тегістеп, қабаттың қалыңдығы 3..4 мм бетін дәл сондай өлшемдегі басқа шынымен жабады. Жоғарғы шыныны алып, әр жерден (10-нан кем емес) қалақпен 1,5...2,0 мөлшердегі ұнды алып алдын-ала қақталған (тұрақты массаға дейін), әрі аналитикалық таразыда өлшенген тигелге саламыз.
Ұны бар тигелді қою қызыл болып қыздырылган муфель пешінің есікке жақын жағына қояды. Өнімнен булар бөлініп болған соң тигелді муфельдің ішкі жағына қарай жылжытады. Жағуды қара бөлшектер толығымен жоғалғанша, яғни күлдің ақ немесе сұр түс болғанша жүргізеді. Содан соң тигелді эксикаторга суыту үшін кояды. Тигелді үй температурасына дейін суытып болған соң өлшеп, оның массасын журналға жазып қояды.
Өлшенген тигелді қайтадан қызып тұрған пешке 20 минутқа қоямыз, содан соң эксикаторда суытып, өлшейміз.
Егер тигелдің массасы азайса, онда күлдендіруді екі соңғы өлшеу бірдей массаны бергенше жалгастырамыз. Тигел бірдей массаға жеткенде күлдендіру аяқталды деп есептейміз.
1. Контроль качества продукции физико-химическими методами / В. В. Ашапкин [и др.]; Под ред. В.В. Ашапкина. - М. : ДеЛи принт. - 2005
2. Скуратовская О.Д.Контроль качества продукции физико-химическими методами : Производственно-практическое издание / О.Д. Скуратовская ; О. Д. Скуратовская. - 2-е изд., доп. и перераб. - М. : ДеЛи принт. - 2002
3. Дуборасова Т.Ю.
Сенсорный анализ пищевых продуктов. Дегустация вин : Учебное пособие / Т. Ю. Дуборасова. - 3-е изд., перераб. и доп. - М. : Дашков и К, 2008. - 184 с
Экземпляры: всего:1 - Ч1(1)
4. Зверев С.В.
Физические свойства зерна и продуктов его переработки : Учебное пособие для студ. вузов, обуч. по спец. "Машины и аппараты пищевых производств"; Рекомендовано УМО / С. В. Зверев, Н. С. Зверева. - М. : ДеЛи принт, 2007. - 176 с
Экземпляры: всего:10 - ХР(1), Ч1(2), А1(7)

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Макарон өндірісіндегі технохимиялық бақылау.
Жоспар:
1. Дайын өнімді ТХБ. Макарон өнімдерінің сапасына қойылатын талап.
Дайын өнімді талдау әдістері мен сынама алу ережелері.
2. Ыдыс: ыдысқа қойылатын талап; ыдыстың физика-химиялық
көрсеткіштері мен органолептикалық бағасы.
3. Шикізат, шалаөнімдер және өнім мен қосымша материалдарды талдаудың жалпы ережесі.
Өндірістегі ТХБ орындаудьщ негізгі ережесі. Сынау әдістеріне арналған стандартгар.
4. Өндіріске, бөлімшеге келіп түскен шикізатган орташа сынаманы алу. Шалафабрикат пен дайын өнімнен өндірісті бақылауда орташа сынама алу. Сапалы бақылаудың органолептикалық әдістері. Су мен құрғақ заттың мөлшерін анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер

Күлділік (9404 ГОСТ бойынша)
Ұнның күлділігін (күлдің мөлшері) келесі тәсілдердің біреуімен анықтайды: тездеткіштерсіз тездеткіш ретінде магний ацетатының спиртті ерітіндісін және азот қышкылын колдана отырып, ұнның нақты өлшемін муфельді пеште жағу ұнның күлділігін анықтаудың негізгі (арбитражды) әдісі - ұнның нақты сынамасын мцфельді пеште тездеткіштерсіз жағу.
Күлділікті тездеткіштерсіз анықтау. Алдын-ала орташа сынамадан алынған 20..30 г ұнның нақты өлшемі 20*20 см шыны пластинкаға салады да, екі жайпақ қалақпен араластырады. Содан сон ұнды біртегіс қабатпен тегістеп, қабаттың қалыңдығы 3..4 мм бетін дәл сондай өлшемдегі басқа шынымен жабады. Жоғарғы шыныны алып, әр жерден (10-нан кем емес) қалақпен 1,5...2,0 мөлшердегі ұнды алып алдын-ала қақталған (тұрақты массаға дейін), әрі аналитикалық таразыда өлшенген тигелге саламыз.
Ұны бар тигелді қою қызыл болып қыздырылган муфель пешінің есікке жақын жағына қояды. Өнімнен булар бөлініп болған соң тигелді муфельдің ішкі жағына қарай жылжытады. Жағуды қара бөлшектер толығымен жоғалғанша, яғни күлдің ақ немесе сұр түс болғанша жүргізеді. Содан соң тигелді эксикаторга суыту үшін кояды. Тигелді үй температурасына дейін суытып болған соң өлшеп, оның массасын журналға жазып қояды.
Өлшенген тигелді қайтадан қызып тұрған пешке 20 минутқа қоямыз, содан соң эксикаторда суытып, өлшейміз.
Егер тигелдің массасы азайса, онда күлдендіруді екі соңғы өлшеу бірдей массаны бергенше жалгастырамыз. Тигел бірдей массаға жеткенде күлдендіру аяқталды деп есептейміз. Күлділік (% құрғақ зат)
X = m*100*100a(100-WM)
Мұндағы,
m - күлдің массасы,г;
а - ұннын нақты өлшемі, г;
WM - ұнның ылғалдылыгы, %
Ұнның фақталық күлділігіне 2 анықтаудың орташа арифметикасын алады. Күлділікті паралель екі анықтаудың арасындағы айырмашылық 0,025%-тен аспауы керек, ал бақылау және арбитражды анықтау кезінде 0,05%.
Тездеткіш - магний ацетатынын спиртті ерітіндісін қосып кулділікті анықтау. Тигел және нақты сынаманы дайындау жоғарыда қаралған тездеткішсіз күлділікті анықтау тәсіліндей жүргізіледі.
Сынамасы бар әрбір дайындалған тигелге пипетка арқылы 3 мл тездеткіш-магний ацетатының спиртті ерітіндісін қосады.
Тигелді нақты сынама тездеткішпен толық сіңірілу үшін 1 ..2 минутқа тыныштыққа қоямыз.
Нақты сынамасы бар тигелді металл немесе фарфор тегіс ыдысына қояды. Бұнын барлығы суырғыш шкафта жүргізіледі. Тигелдегі қоспаны жағады, тигелдегі спирт жанып біткен соң, ашық қызыл қыздырылған муфель пешінің есік жағына қояды. Жану біткен сон тигелді муфельдің ішкі жағына қарай жылжытамсыз. Тигелді ұннын түріне және пештің қыздыру температурасына қарай қара бөлшектер толық жоғалғанша 40..60 минутқа қақтайды.
Тигелді күлдендіріп болған соң эксикаторда суытып, өлшеп, күлділіктін пайызын анықтайды. Бұл кезде күлдің жалпы массасынан, 0,01 г-ға тең, тездеткіш күлінің массасын алып тастайды. Күлділіктің пайызын есептеу тездеткішсіз күлділікті анықтаудай жүргізіледі.
Ірі тартылған ұн (27560 ГОСТ бойынша ).
Ірі тартылған ұнды анықтау зертханалық елеуде жүргізіледі. Елеу минутына 180-200 тербеліс жиілігінде жүргізіледі. Ірі тартылган ұнды анықтау үшін диаметрі 20 см зертханалық електі қолданады. Жібек матадан жасалынған електің номері 4403 ГОСТ-на сай келу қажет.
Жібек електі тазалау үшін дөңгелек резинаны (диаметрі шамамен - 1 см, қалындығы - 0,3 см, массасы шамамен - 0,5г әрқайсысы) қолданады. Әр елекке 5 дөңгелек резинаны салады.
Ұнның ірілігін анықтау үшін ұнның орташа сынамасынан массасы 50г нақты өлшемді алады.
Зерттелетін ұнға стандартты бекітілген електі тандаймыз. Електің жоғарғы жағына зерттелетін ұнымыздың нақты өлшемін салады да, бетін қақпақпен жабады. Електердің жиынтығын елейтін платформаға қояды, содан соң электрқозғалтқышты қосады. 8 минут өткен соң елеуді тоқтатамыз. Електер қатарын тықылдатып болған соң қайтадан 2 минут елеуді жалғастырады. Елеуді болған соң дөңгелек резиналарды електен алып тастаймыз. Електің жоғарғы және төменгі жағында қалған қалдықты өлшеп, пайызбен есептейді. Нақты өлшемді жоғарыда көрсетілген жағдайларды сақтай отырып, қолмен елеуге болады.
Егер ұнның ылғалдығы 16% жоғары болса, онда оны алдын-ала бөлме температурасында 1...2 сағат төгіп тастап, арасында араластыра отырып 15.. 16 % дейінгі ылғалдылыққа кептіріп алады.
Ірі тартылган ұнды бақылау және арбитражды анықтау кезінде ауытқулар (шамамен %) електегі калдық - 2, електен еткендері - 4 аспау керек.
Металмагнитті қоспалардың мөлшері (20239 ГОСТ бойынша)
Ұннан металмагнитті қоспаларды ПВФ құралында тазалайды.
ПВФ құралында көмегімен бөлгенде массасы 1 кг ұннын онақты өлшемін кұралдың артатын бункеріне салып, кұралды қосады. Араластырып болған соң құралдың алдыңғы қақпағын горизонталь күйде ашып, магнит бөлігінен экранды шығарып аламыз. Экраннан ақ қағаз бетіне металмагнитті қоспалармен бірге ұнның шаң тәрізді бөлшектерін қагып түсіреді. Содан соң экранды кішкентай бояу жабқышпен (кисточка) тазалап, қайтадан құралға орналастырамыз. Өнімді бункердің қабылдағышынан бункердің артатын бөлімінетөгіп, жұмысты қайтадан жүргіземіз.
Металмагнитті қоспаларды қолмен бөлгенде массасы 1 кг ұнның нақты өлшемін ағаш тақтайға төгіп, қабатының қалыңдығы 0,5см болатындай етіп қалақ немесе күрекшемен жазамыз.
Магнитті өнімнің үстінен көлденең және көлбеу жайлап жүргіземіз, сол кезде магнитке жабысқан ұнның бөлшектерін қайта-қайта үрлеп, ал металмагнитті бөлшектерін ақ қағаз бетіне түсіреміз.
Жұмысты үш рет жүргіземіз. Әрбір жұмысты қайталар кезде зерттелетін ұнымызды араластырып, қайтадан жұқа қабат етіп жазамыз. Бөлінген металмагнитті қоспаны шыны тақтайшаға ауыстырып, аналитикалық таразыда өлшейміз. Металмагниттік қоспаның мөлшерін 1 кг ұнға миллиграммен есептейміз.
Ұнның зиянкестермен зақымдануы (9404 ГОСТ бойынша).
1 кг ұнның зақымдануын анықтау үшін, орташа сынамадан бөлінгенді, №056 сымды елек арқылы елейміз. Елек арқылы еткенді кенемен зақымдануды анықтау үшін, ал калдықты - зиянкестердің (амбирлы зиянкестер) басқа турімен зақымданғандығын анықтау үшін колданады.
Қалдықты елеп болған соң, електегіні жұқа ақ қағаз бетіне төгіп, зиянкестерді (коңыз, құрттар және т.б.) анықтау үшін мұқият қарайды.
Ұнның кенемен зақымданғандығын анықтау үшін, сынаманы елеп болған соң әр жерден әр қайсысы 20г 5 нақты өлшемді алады. Нақты өлшемдерді жеке шыныға немесе талдайтын тақтайға салады, қалыңдығы 1 ..2 мм тегіс бетті ұн қабатын алу үшін құрғақ шынымен немесе таза қағазбен жеңіл сығымдап, тегістейді. Содан соң зерттелетін ұнның үстіндегі қағаз немесе шыныны алып, ұнның бетін мұқият қараймыз. Ұнның бетінде ісінген және іздер байкалса ұнның кенелермен зақымданғандығын көрсетеді.
Қышқылдықты анықтау.
27493 ГОСТ бойынша анықтау әдісі.
Зерттеу үшін ұсынылған сынамадан массасы 5г-нан ұнның екі нақты өлшемін алады. Өлшенген нақты өлшемді сыйымдылығы 100..150см3 құрғақ конустық колбаға салады, соның үстіне 50см3 дистилденген суды құяды.
Колбадағыны тез арада түйіндері жоғалғанша шайқайды.
Алынған ерітіндімізге 3% фенолфталеин ерітіндісін қосып, шайқап, 0,1н натрий гидроксидінін ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді біртіндеп тамшылатып, үнемі шайкай отырып 20..30с ішінде жоғалып кетпейтін ашық қызғылт түс пайда болғанша жүргіземіз. Егер көрсетілген уақыт өткен соң, қызғылт түс шайқаған кезде жоғалатын болса, онда тағы 3..4 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосады. Егер бұл кезде қызғылт түс пайда болса, онда титрлеу аяқталды деп есептейміз. Ал ол болмағанда титрлеуді жалғастырамыз.
Егер титрлеуге дейін бастапқы ерітінді қатты боялған болса, онда салыстыру ушін бастапқы ұннан басқа ерітінді болу керек, титрлеу кезінде алынған түсті бастапқы ерітіндінің түсімен салыстырамыз.
Ұнның қышқылдығы қышқылдық градусында 100 г ұндағы қышқылды лейтралдауға кеткен 1н натрий гидроксидінің см3 көлемімен есептелінеді.
Нақты өлшемнің қышқылдығын есептеу үшін 5г ұнның титрлеуге кеткен 0,1 н натрий гидроксидінің миллиметр санын екіге көбейтеді. Зерттеудің соңғы нэтижесінде паралель екі анықтаудың орташа арифметикалық нэтижесін алады.
МТИПП әдісі. Бұл әдісте мақарон ұнын алдын-ала электрлі кофе сақтағышта ұсақтайды, ал талдауға №32 жібек електен және №43 жібек електен еткен фрақцияны алады. Наубайханалық ұнды алдын-ала усақтамай осы електерден өткізеді.
Қосымшалардың сапасын бақылау әдістері. Сынаманы алу ережелері
Сынаманы алу өнімге сай келетін стандарттык көрсетуіне немесе техникалық жағдайларға сәйкес, яғни сүтті өнімдерге - 3622 ГОСТ-на, жұмыртқа ұнтағы - 2858 ГОСТ-ы, концентрлі қызанақ өнімдері - 8756 ГОСТ-ы бойынша сәйкес жүргізіледі.
Органолептикалық көрсеткіштер.
Тауық жұмыртқасы. Тауық жұмыртқасының сыртқы түрін алынған сынамадан овоскопирлей анықтайды. Овоскоп саңылауын үстелге бекінеді, ол лаборанттық көзінің деңгейінен төмен болу керек. Жұмыртқаны овоскоптың саңылауына тегіс дөңгелек жағын жоғары қаратып қояды, айналдыра бұрап қарайды. Жұмысты өте қараңғы бөлмеде жүргізеді.
Тауық жұмыртқасының дәмі мен иісін анықтау үшін сарысы мен ағынан 10..15г қоспа алып араластырады да, оны фарфор тостағаншасына салып ақуыз ұстағанша қыздырады, содан соң дәмі мен иісін анықтайды.
Жұмыртқа ұнтағы.
Жұмыртқа ұнтағының дәмі мен иісін анықтау үшін қалыпты қоспаны дайындайды, бұл үшін 20г жұмыртқа ұнтағының нақты өлшеміне 60 мл суды құйып, тостағаншада еземіз де 15 минутқа қалдырамыз. Содан соңтағы да араластырып, жайпақ фарфор тостағаншасына немесе тапаға құямыз да, әлсіз отта майсыз күйдірмей пісіреміз. Пісірілген массаны бөлме температурасына дейін суытып, иісін және дәмін анықтаймыз.
Иісті тағы басқа жолмен анықтауға болады, бұл үшін 20г зерттелетін ұнтақты жіңішке химиялық стақанға салып, үстінен 20мл кайнаған суды құямыз. Қоспаны шыны таяқшамен араластырып иісті анықтаймыз.
Меланж. Жұмыртқа массасының түсін анықтау үшін, оны ақ қағаз үстіне қойылған шыны стақанға салады.
Меланждың дәмін мұз катқан күйінде, шикі (еріген) күйінде және пісіріліп суыған күйінде зерттейді.
Иісін анықтау үшін шамамен массасы 20г меланжды алып, оны сыйымдылығы 100 мл жіңішке химиялық стақанға салады да, үстіне 50 мл қайнаған сумен бүркейміз. Содан соң тез арада өнімнің иісін анықтаймыз.
Сыртқы қабығының сынықтарын және басқа бөгде қоспаларды анықтау үшін 100 г меланжды алып, оны сыйымдылығы 1л градуирленген цилиндрге салады. Жоғарғы белгіге дейін дистилденген суды құямыз да, жақсылап араластырамыз, содан соң саңлауының диаметрі Імм електен сүземіз. Сүзіп болған сон електе қалдық қалмау қажет.
Ылғалдылықты анықтау.
Жұмыртқаның ұнғағы. Аналитикалық таразыда массасы шамамен 2г нақты олшемді алдын-ала кептіріліп, өлшенген стақанға салып өлшеп алады, содан соң температурасы 100...105°С-ғы кептіргіш шкафта тұрақты массаға дейін кептіреміз.
Алғашқы кептіруден бастап бірінші өлшеуді 3 сағаттан сон, ал келесілерін 1 сағат өткен соң жүргізеді. Кептіруді екі катар өлшеудің нәтижесінің арасындағы айырым 0,0002 г болғанша жалғастырады.
Ылғалдылықты пайызбен есептейді, бұл үшін кептіргенге дейін және кептіргеннен кейінгі нақты өлшемі бар стақандардың массаларының айырымын, алынған нақты өлшемнің массасына бөліп, 100-ге көбейтеміз.
Ылғалдылыкты екі паралель нақты өлшемде анықтайды. Паралель анықтаудың нәтижелерінің арасындағы айырмашылық 0,25% аспауы керек.
Меланж. Меланждың ылғалдылығын анықтау үшін құрғақ металл стақанға термометрді, шамамен 15г қақталған құмды, 5г парафинді салып, барлыгын өлшейді. Содан соң шамамен 5г зерттелетін меланж қосылып, қайтадан өлшенеді. Массалар айырымы бойынша алынған нақты өлшемнің дәл шамасын табамыз. Стақандагыны плитада мұкият кыздырамыз, сол кезде біркелкі әлсіз кайнауда ұстап тұру қажет. Қыздыру кезінде стақандағы қоспаны термометрмен (температура 160°С аспау керек) араластырып тұрады. Барлық процесс 10...12 минутқа созылады. Судың булануынын аяқталуының белгісі кепіршіктену токтап, жарылып, сына бастайды. Қыздыруды стақанның бетіне қойған шыны немесе айна терлеуін койганша жүргізеді. Кептіріп болған соң стақанды суытып, өлшейді.
Меленждың ылғалдылығын пайызбен есептейді, бұл үшін кептіргенге дейінгі және кептіргеннен кейінгі стақан массаларының айырымын алынған нақты елшемнің массасына бөліп, 100-ге көбейтеді.
Құрғақ сүт. Құрғақ сүттің ылғалдылығын анықтау үшін 25г қақталган кұмы және шыны таяқшасы бар стақанды 30 минутқа кептіргіш шкафқа кояды, содан сон эксикаторда суытып, 0,0005г дәлдікке дейін аналитикалык таразыда өлшейді. Осылай дайындалған стақанға З..4г құрғақ сүтті салып дәл сондай дәлдікпен өлшейді. Нақты өлшемді құммен араластырып, стақанды ашық күйінде температурасы 100 ... 1О5°С-ғы кептіргіш шкафқақояды. Кептіруді екі қатар өлшеудің арасындагы айырым 0,0002г болғанша жүргізеді.
Ірімшік. Ірімшіктің ылғалдылығын ВЧ құралында тездетілген әдіспен анықтайды. Ірімшіктің нақты өлшемі (5г) бар пақеттерді 5 минутқа кұралдың плиталарынын арасына қояды, бұл кезде температура 150..152°С болу керек.
Қышқылдықты анықтау.
Жұмыртқа ұнтағы. Жұмыртқа ұнтағының қышқылдығын анықтау үшін сыйымдылығы 250мл өлшегіш колбаға 20г қалыпты қоспаны ("Жұмыртка ұнтағының дәмі мен иісі" қараймыз) салып, қайнатылған дистилденген суды белгіге дейін толтырып өлшейміз.
Титрлеу үшін 20мл эмульсияны аламыз, оған 20мл дистилденген суды және 10 тамшы 2%-ды фенолфталеин ерітіндісін тамшысын кұйып, содан соң 0,01н натрий гидроксидімен әлсіз қызғылт-сарғыш түс пайда болғанша титрлейміз.
Қышкылдықты 100г жұмыртка ұнтағын титрлеуге кеткен 0,1н сілті ерітіндісінің миллиметр санымен есептейді, ол келесі формуламен анықталады:
Х=а*250*5(20* 10)=а*6,25
Мұндағы
а - титрлеуге кеткен натрий гидроксидінің 0,01н ерітіндісінің мөлшері, мл;
250 - өлшегіш колбаның сыйымдылығы, мл;
5 - 100г жұмыртқа ұнтағын есептеу үшін қажетті коэффициент;
20 - титрлеу үшін алынған қоспаның мөлшері, мл;
10 - 0,01н сілті ерітіндісін 0,1н-ға есептеу үшін қажетті коэффициент;
Меланж. 20г меланждың нақты өлшемін сыйымдылығы 250мл колбаға салып қайнатылған дистилденген сумен белгіге дейін толтырып, елшейді.
Титрленетін қышқылдыкты анықтап, жұмыртқа ұнтағының қышқылдығына ұқсас есептейді.
Құрғақ сүт. Құрғақ сүттің қышқылдығын анықтау үшін фарфор тостағаншада немесе стақанда 1,25г тұтас құрғақ сүтті немесе 0,9г майсыздандырылған құрғақ сүтті 0,01г дәлдікке дейін өлшеп алады. Жақсылап үгітіп, соның үстіне 10 мл ыстық температурасы 65°С суды біркелкі масса алғанша аздаган порциямен қосып отырамыз. Алынған дисперсті ерітінді 10 мл тотыксыздандырылган сүтке сәйкес келеді. Ерітіндіні суытып, температурасы 20°С мл суды және 3 тамшы 1%-ды фенолфталеинді қосып, араластырып, 1 минут ішінде жоғалып кетпейтін әлсіз қызғылт түске боялғанша титрлейді. (" Т) Тернер градусында қышкылдықты есептеу үшін титрлеуге кеткен 0,1 н сілті ерітіндінін қажетті миллилитр санын 25-ке көбейту керек.
Ірімшік. Ірімшіктің қышқылдығын анықтау ушін сыйымдылығы 150-200мл фарфор тостағаншасына 5г ірімшікті салады. Жақсылап араластырып, оны 35...40°С температурадағы 50мл суды және 3 тамшы фенолфталеин ерітіндісінің аздаған мөлшерін қосады, содан соң 1 минут ішінде жоғалып кетпейтін әлсіз қызғылттүс пайда болғанша натрий (калий) гидроксидінің ерітіндісімен титрлейді.
Қышкылдық (° Т) 5г өнімді нейтралдауға кеткен 0,1 н сілті ерітіндісінің мл мөлшерін 20-ға көбейткенге тең. Паралель анықтаудың арасындағы айырмашылык 4оT аспау қажет.
Жартылай дүмбілдердің сапасын бақылау әдістері.
Сыртқы түрі.
Қамыр. Қамырдың сыртқы түрін органолептикалық әдіспен анықтайды. Қамырды илеп болған сон қиқымды немесе ұсақ түйіршекті, біркелкі дымқылданған, жақсы иленген болуы мүмкін.
Қамырда ірі түйірлердің мөлшерінің көп болуы қамырдың ылғалдылығының жоғарылығын көрсетеді, ал қамырда ұнның араласпаған бөлігі ылғалдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шикізатты өнімге қайта өңдеу технологиясы
Дипломдық жобаны дайындау, жазу және қорғау тәртібі туралы жалпы ережелер
Лапшаға ұқсас макарон өндірісі
Кәсіпорын, өндіріс
Макарон өнімдерінің сапасын жақсарту
Макарон
Макарон өнімдерінің технологиясымен танысу
Қантты печенье өндірісіне сипаттама
Ұнды кондитер өнімдері
Дәнді ұнға өңдеу технологиясы
Пәндер