Зейнетақы жолдарын жетілдіру


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Зейнетақы жолдарын жетілдіру

Жоспар:

Кіріспе

1. Қазақстанның қазіргі күнге дейінгі зейнетақы өсімділігі

2. Зейнетақы - жасы ұлғайған халықтың үлкен бөлігі ретінде

3. Қазіргі кездегі зейнетақылық жинақтау жүйесінің дамуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәуелсіздік алғаннан бері, яғни 21 жыл тарихында, Қазақстан Республикасында ең маңызды мақсат экономиканы көтеру ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру болды. Реформа барысында әлеуметтік саланың анағұрлым әлсіз екені байқалды. Осы кезде әлемдегі барлық елдер үшін өзекті мәселе - кәрілікті материалдық жағынана қамсыздандыру болып отыр. Біздің елде де бұл өзекті мәселеге айналды. Қазақстан Президенті Н. А. Назарбаевтың айтуы бойынша «2030 жылы 60 жастағы және одан асқан адамдар дамыған ел халықтарының үштен бірін құрайды» . Яғни, зейнетақы алу жасына жеткен азаматтардың тұрмыс - халі қалай болмақ, қандай жүйемен реформалау тиімді болады? 20 жыл ширегі ішінде оның өзгерісі қандайбағыт алды, қазіргі жағдайы қандай, келешекте қандай болмақ? Осы сұрақтарды құқықтық шешу, мемлекеттің экономикасымен қабыстыру оңайға тиіп отырмағаны әрбір азаматқа белгілі.

Еліміз тәуелсіздік атты кеңістікке жеткелі бері, соның алғашқы сәтінен бастап Ел­ба­сы­мыздың «алдымен - экономика, содан кейін - сая­сат» деген қағиданы басшылыққа алып, жұмыс істегені белгілі. Осының нәтижесінде Қазақстан эко­номикасы тез көтерілді десек абден болады. Бұл әлеуметтік сала­ның жақсаруына да айтарлықтай ықпал етті. Мәсе­лен, экономикамыз жақсара бастаған соңғы 11 жылдың ішінде зейнетақының төменгі көлемі 3500 теңгеден 24047 теңгеге дейін өсіп, 7 есе, орташа зейнетақы көлемі 4462 теңгеден 36 205 теңгеге дейін жетіп, 8 есе, ал жоғары деңгейдегі зейнетақы көлемі 8156 теңгеден 52226 теңгеге дейін өсіп, 6, 4 есе артқанынан-ақ байқауымызға болады. Осы аралықта халықтың жан басына шаққандағы табысы да бірнеше есе өскендігі, халықтың әлсіз топтарын қолдайтын түрлі әлеуметтік төлемдердің іске қосылғандығы белгілі. Осылардың нәтижесінде

  1. Қазақстанның қазіргі күнге дейінгі зейнетақы өсімділігі

Қазақстан қазіргі күні тек Орталық Азияда ғана емес, ТМД көлемінде халықтың әлеуметтік жағдайы тұрғысынан көш басындағы мемлекеттердің қатарында келеді. Алайда, бас кезінде қиындықтар болмады деуге де болмайды, себебі-еліміз тәуелсіздікке ие болған кезде жарна ауда­ратын кәсіпорындар санының күрт төмендеп кетуіне және еңбекақы төлеудің азаюына байла­ныс­ты зейнетақы жүйесі дағдарысқа кенелді. Оның үстіне 1990-1995 жылдар аралығында еліміздегі зейнеткерлер саны да 2412 мың адамнан 2980 мың адам­ға дейін өсіп, зейнетақы қорына түсетін жүктеме­ні елеулі түрде арттырып жіберген болатын. Осыған орай 1997 жылы еліміздің зейнетақы жүйесіне реформа жүргізілді. Ол Қазақстанда ха­лық­ты әлеуметтік қорғау жүйесін көп деңгейлі ету­ге бағытталды. 1990 жылы 1 қаңтардан бастап, елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасын­да зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес зейнетақымен қамтудың аралас жүйесі іске қосылды. Осы жүйе бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік бөлу және жинақтау жүйелері пайда болды. Олар халықты зейнетақымен қамтудағы жауапкершілікті мемлекетке, жұмыс берушіге және жұмысшының өзіне бөліп жүктеді. Зейнетақы реформасын жүргізуде көптеген нәтижелермен бірге, әдістемелік қателіктер жіберілді, соның салдарынан нарықтық жағдайға қазіргі зейнеткерлердің зейнетақылық қамтамасыз етілуі толығымен бейімделмеді және мемлекеттік бюджеттен автономдық ала алмады. Бірінші және басты қателік - 1998 жылы бірынғай әлеуметтік салықты енгізу болып табылады, себебі ол да қосылған құн салығы мен табысқа салық қатарына түсіп кетті. Бүгінгі күні осы институттың радикалды трансформациясы қажеттілігінде проблема туындап тұр. 1998-2006 жылдарда зейнетақылық қамтасыз етуде басты кемшілік ол максималды зейнетақы проблемасы болып табылады. Ол зейнетақы көлемі бойынша жоғары емес және азаматтардың еңбегін толық есепке алмайды. Қазіргі таңда мемлекетте үлкен құрылтайшылар иленген жинақтық зейнетақы қорлары қызмет көрсетуде. Мұндай қорлардың нәтижелілігі құрылтайшылардың жағдайларына тәуелді. Сондықтан, қосымша зейнетақылық қаматамасыз етілуге үлкен кәсіпорындар, қаржы-өнеркәсіп топтар мен банктердің жұмыскерлерінің ғана мүмкіндігі бар. Зейнетақы реформасының маңыздылығы, зейнетақының тұтынушы қабілеттілігі төмендеді. Мемлекеттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде қатысу, сақтандырушы жарналарды төлеу төмендеді, себебі көптеген салымшыларға болашақ зейнетақы көлемі мен оның беру тәртібі толығымен анық емес болып келеді. Осындай үдерістер негізінде қазіргі зейнетақы жүйесі қалыптасып отыр. Қазіргі таңда зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол жалпы ЖІӨ-нің 9% құрайды.

  1. Зейнетақы - жасы ұлғайған халықтың үлкен бөлігі ретінде

Зейнетақы - жасы ұлғайған халықтың үлкен бөлігінің табысының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Халықтың ақшалай табыстарының дәрежесі халықтың өмір сүру деңгейінің маңызды әлеуметтік индикаторы саналады. Ақшалай кірістердің негізгі көзі ретінде еңбек табысы көбірек орын алады, ол жалпы табыстар көлемінің 66%-ын құрайды; жәрдемақының салыстырмалы салмағы 4, 5%-ды құраса, мекендік әлеуметтік және тұрғындық көмектер -1, 2%, стипендиялар - 0, 1%-ды құраған. Осы тұрғысынан алғанда, көрсетілген мәлімет халықтың ақшалай табыстарының жалпы құрылымындағы 16, 7%-ын зейнетақы құрайтынын айғақтайды.

Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында 10-ға тарта лицензияланған жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. 2005 жылдың 15-ші қаңтарынан бастап, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 33-ші бабында көрсетілгендей жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративті болып бөлінді. Зейнетақы бекітілген заңдылық ретімен әлеуметтік қорғаудың және басқа да қайнар көздерінің белгілі категория тұлғаларына берілетін үздіксіз ақшалай төлем ретінде танимыз. Қазақстанда бекітілген зейнеткерлік жас Еуропа және Америка елдерінен әлде қайда төмен. Мысалы: Германия, АҚШ, Англияи, Австрия, Польшадағы жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы 65 жасты, Норвегия мен Данияда 67 жасты құрайды. Зейнеткерлік жасты анықтайтын факторлардың бірі орташа өмір сүру ұзақтығы болып табылады. Біздің елде ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 60-64 жас, ал әйелдердің 70-73 жасты құрайды. Қазақстан Республикасындағы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші шетел мемлекеттеріне қарағанда айтарлықтай төмен. Зейнеткерлер саны және олардың қамтамасыздандыруға мемлекет шығындарының көлемі барған сайын өсуде. 2008жылы елімізде халықтың 17% зейнетақы алатын еді, ал 2009 жылдың 1-қаңтарында Республика бойынша зейнеткерлер саны 2771 мың адамды, яғни жалпы халық санының 17, 3% және зейнетақының орташа мөлшері 32830 теңгені құрайды. Зейнетақымен қамсыздандыруға шығын 2006жылы - 9, 5 млн. теңге, 2007 жылы-78 млн. теңге, 2008 жылы - 1, 3 млрд. теңге, 2009 жылы - 20 млрд. теңге болды. Көптеген дерек көздерінде дағдарыс зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін шетте қалдырмады деп айтылып жатады. Жалпылай алғанда, ол бірнеше бағытта қамтылды- зейнетақы қорының шектілігі және оған мемлекеттік бюджеттен құралдардың түсуі және зейнетақылық сақтандыру салымдарының нашар жиналуы салдарынан зейнеткерлерге зейнетақыны төлемеуіне әкеліп соқтырды. Осы аса маңызды механизмдер мәселесі, тіпті халықтың жағдайы үшін де өте маңызды құрылым проблемасы тек бір ғана „дағдарыстың әсері ғой“ деген сылтаумен көрініс тауып отыра берді. Жақсы, дағдарыстың әсері ғой“ деген сылтаудың көрінісі2008 жылдың 1-ші тоқсанында көптеген облыстармен зейнетақы қорына сақтандыру салымдарынан түсім жоспары орындалмауына, зейнетақы қорына сақтандыру салымшыларының қарызы 2008жылдың 1-ші сәуірінде -57, 5 млрд. теңге, зейнетақы төлеудегі қарыз -33, 2 млрд. теңге болды. Осы тұста-кез-келген жүйе, мейлі ол экономика, мейлі ол халықаралық ынтымақтастық болсын оның кішігірім кемшіліктері болады. Жалпы зейнетақы қорының да қазіргі таңда кемшілітері мүлде жоқ деп айтуға да болмайды. Олардың қатарына мыналарды жатқызсақ болады: зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу, демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді), зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі, ендігі кезектежинақтаушы зейнетақы жүйесінің де кемшілітерін атап өтсек: нвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы, ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ, мзж сомасының жалақы мөлшеріне тәуелдігі. Жалпы Республикамыздағы зейнетақы жүйесінің дамуы, оны жан-жақты, түпкілікті жетілдіру туралы сөз болғанда- ең алдымен осы кемшіліктер жиыны алға қойылу керек деп ойлаймын. Ал 2013 жылдың бас шенінде барлық зейнетақы жүйесін бір жүйеге келтіру, яғни біртектендіру жұмыстары бастау алды. Оның іске асуына 6 ай уақыт берілді, қазіргі таңда өте күрделі аударымдар іске асуда. Бәлкім, оның бірігуі зейнетақы қорының үлкен алға басуына әкелер, алайда онға жуық зейнетақы қорланында жұмыс жасап отырғандардың жағдай не болмақ?! Осындай жағдайлар уақыт алға баспай тұрып өз жауабын тапса, нұр үстіне нұр болар еді. Жуырда әйелдер үшін зейнеткерлік жастың 63 жасқа дейін көтерілу мүмкін болатындығы да айтылып жатыр. Бес баланы дүниеге әкелген аналар 50 жасында зейнеткерлікке шығады деп тағы да айтылып өтті. Десек те осы міселелерді толық қанды шешіп алмай, зейнетақы жүйесінің жетілдіру қиынға соғары да анық.

Әрбір зейнетақыны тағайындау жүйесінде белгілі бір шарттар көзделеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы бұрынғы істеген жалақы көлемінен (олардың арасындағы қатынас табысты ауыстыру деп атайды) зейнетақы көлемін белгілеу болып табылады. Негізінен, зейнетақының көлемі мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктеріне қарай, зейнетақы көлемі күнкөріс минимумын және олардың белсенді еңбек қызметі уақытына сәйкес қалыпты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс. Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (әрі қарай ЕХӘҚМ) ұсынысына сәйкес зейнетақы деңгейі 2 жолмен: жалақысына қатысты зейнетақы көлемін анықтау және біріңғай мөлшерлеме бойынша анықталады. Қазақстандағы ынтымақтастық жүйе бірінші жолмен құрылған, бір уақытта табыс деңгейінің мөлшеріне шектеу қоймайды. Елде зейнетақы тағайындаудың келесі шарттары заңды анықталған:зейнетақы жасы (58/63 жас, жеңілдіктерді пайдаланушылардан басқа) ; қажетті стаж (20/20 жыл) ; зейнетақы тағайындау үшін табыс көлемі, орташа айлық табысына қарай жұмыстағы үзілісіне қарамастан қатарынан әрбір 3 жыл жұмысына 1995 жылдың 1 - ші қаңтарынан (15 АЕК аспайтын) ; зейнетақы көлемі орташа айлық табысы есебінен 60 % болуы қажет. Ол үшін зейнетақының көлемі әрбір істелінген жылға қажетті стаждан жоғары 1 % - ға жоғарылайды, бірақ зейнетақыны есептеуге арналған табыстан 75% аспауы қажет. Жоғарыда аталған шарттар негізі тым қатты деп айтатындар бар ма? Жақсы, осы шарттар бар және осылай қалады делік. Шарттар сақталды, алайда осы зейнетақы аударымдары дұрыс, оңтайлы пайда ікелетін зейнетақы қорына жинақталып жатыр ма? Оның кепілі, қарапайым халыққа, не болмақ? Деген сияқты сұрақтар ширегіне кім жауап катпақ. Уақыт алға басқан сайын-зейнеткерлік жас та өсіп келеді. Дұрыс-ақ, алайда, «жастардың жұмыспен қамтылуы», «жас мамандарды даярлау» секілді енді-енді жанданып келе жатқан өзекті мәселелер өз шешімін оңтайлы ете ала ма? Ол тез іске аса ала ма? . . . Басқа жағынан алып қарайық, жасы 27 келген азамат жоғары оқу орнын бітірген делік, жұмысқа орналасуға келеді, оның мамандығы бойынша жасы 67-гі азамат жұмыс жасап отыр. Жұмыс табу оңтайлы шешім таппағаннан соң, ол жалдамалы жұмысқа орналасуға тура келеді, бәлкім бұл мысал алыстап кеткен де болар, бырақ мұндай мысалдар негізінің тікелей қатыстылығын ешкім қайтара алмайды. Сонымен қатар, тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметімен жеткілікті қамтылмауы; ерікті зейнетақы жинақтарының үлес салмағы төмендігі; зейнетақы жинақтарын инвестициялаудың тиімсіздігі; қарттық келіп жеткенде зейнетақы төлемдерінің лайықты өмір сүру үшін жеткіліксіздігі деген сияқты мәселелер жиыны да бізге таңсық емес.

«Өткен күн, кеше - тарих, келер күн, ертең - сыр, ал бүгінгі күн - үлкен сый» деген данагөй Қорқыт бабамыздың нақыл сөзі бар. Ертеңгі күнге батыл қадам жасау үшін бүгінгі күннің маңызын бағалау қажет. Сондықтан да әрбір адамөз болашағын мәнді түрде көргісі келе­тіндігін мойындау қажет. Бұл - қалыпты жағдай. Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» дей отырып, Сондықтан жұмыс жасап жүріп, келешігіңе зейнетақы қоры арқылы қор сақтау үлкен прогресс деп түсінуміз керек.

  1. Қазіргі кездегі зейнетақылық жинақтау жүйесінің дамуы

Қазіргі кездегі зейнетақылық жинақтау жүйесінің дамуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Зейнетақы активтерін инвестициялау үшін керек қаржылық құрал проблемасы қиындығы жағынан алда тұр. Осы уақытта елдің экономикасы «ұзақ» ресурстарды қажет етеді. Осыған байланысты ағымды жылда қаржылық құралдар тапшылығын шешуге арналған бір бірімен байланысты екі бағдарлама- бірі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қор нарығының орта қарқынды даму бағдарламаларының мәнінде жатыр. ҚР-ның зейнетақы жүйесін жетілдіру-қазіргінің, бүгінгі таңның басты талабы болып отыр. Ол үшін мынадай алғышарттарды қатайта түссе оң болар еді:нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылу есебі мен қызметтерінің теориялық негізін қарастыру; дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесін анықтау; республикадағы зейнетақы қорлары есебінің қызмет тиімділігін арттырудың маңыздылығын анықтау; шетел тәжірибелерін талдай отырып, Қазақстандық зейнетақымен қамсыздандыру моделінің құрылу ерекшеліктері; жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінің экономикалық коэфициенттер көмегімен қаржылық талдау әдістерін талдау. Осы маңызды мақсаттарды басты орынға қойғанда - қазіргі кездің басты талабы өзінің нақты оң шешімін табатынына сенеміз.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының» ақпараттық жүйесі
Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының экономиканы қаржыландыруға қатысуы
Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық аспектілері
Зейнетакы
Нарықтық экономика жайлы мәлімет
Персоналды басқаруда еңбекті ынталандырудың рөлі
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі
ХҚЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz