Кәсіпкерлік қызметтің мәні мен маңызы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

  1. Кәсіпкерлік қызметтің мәні мен маңызы.
  2. Кәсіпорынның ұйымдық формалары.
  3. Біріккен кәсіпорындар

Экономиканың дамуының барлық кезендерінде кәсіпорын негізгі буын болып саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.

Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтас-тырылуын айтады.

Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншік түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, сыртқы-экономикалық байланыс қызметін қамтиды.

Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстары алдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысында Қазақстан Республикасындағы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасында кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар олардан құралған заңды тұлғалар тобы жатады.

Нарықтық қатынастар жағдайында шешуші тұлға болып кәсіпкер саналады. Кәсіпкер статусы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қальштасады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып жеке азаматта, олардан құралған топ та саналады.

Өндірістік кәсіпорын-деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.

Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.

Кәсіпорын қызметінің бағыты алдына қойған түпкі мақсатымен анықталады. Әдетте кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірнеше тандаулары болуы мүмкін:

- өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу;

- жоғары сапалы өнім өндіру;

- технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену;

- қолда бар шикізат, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану;

- жұмысбастылықты барьшша жоғары деңгейге жеткізу; Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:

- қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек;

- бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек;

- өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек;

- қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек;

- қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады;

- өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай керсеткіштерге жету керек.

Осы мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпорынның қызметі оның жалпы іскерлік саясатын анықтайды. Жұмыс барысьшда іскерлік саясат іс-әрекеттердің нақты жоспарына айналады, ол әетте үш кезеңнен тұрады.

1) кәсіпорын қол жеткісі келетін сандық көрсеткіштерді анықтау;

2) алға қойылған мақсаттарға жету үшін маңызды бағыттар мен іс-әрекеттерді анықтау. Бұл жағдайда екі негізгі факторға назар аударылады:

- кәсіпорын қызметіне әсер етуші сыртқы факторлардың дәрежесін анықтау;

- Кәсіпорынның әлсіз жақтары мен оның ішкі мүмкіндіктерін талдау;

3) кәсіпорын қызметінің құрылымына сәйкес икемді ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін жасау және стратегиясын анықтау.

Нарықтық қатынастардың дамуы өндірістік жұмыстармен айналысушы кәсіпкерді көптеген өзекті мәселелерді шешуге мәжбүр етеді.

Кәсіпкерліктің түрін таңдаудың да мәні зор. Ең бірінші жеке және ұжымдық кәсіпкерліктің ішінен біреуін тандауы тиіс. Кәсіпкер Кәсіпкерліктің жеке түрін тандауда тәуекелділік пен жауапкершілікті өз мойнына алады. Жеке кәсіпорны болғандықтан, оның меншігінде немесе отбасы мүшелерінің жалпы үлестік меншік құқығы болады. Егер сәтсіздікке ұшыраса кәсіпорын міндеттемесінің толық жауапкершілігін өз мойнына алады да өзінің қалған меншігімен есептеседі.

Ал егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерліктің мұндай түрі тәуекелділік дәрежесін азайтады және қосымша ресурстарды тартуға көмектеседі.

Кәсіпкерліктің ұжымдық түрлеріне мыналар жатады:

- Шаруашылық серіктестіктер, олар толық серіктестіктік және сенімділікке негізделген серіктестік болып бөлінеді. Шаруашылық қоғам, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі немесе қосымша жауапкершілігі бар қоғам болып бөлінеді.

- Толық серіктестік, оның мүшелері олардың арасындағы келісімшартқа сәйкес серіктестіктің атынан Кәсіпкерлік жұмыспен айналысады және оларға қатысты мүлік міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.

- Акционерлік қоғам (АҚ), жарғылық қоры белгілі бір акция саны бойынша есептелінеді, акционерлік қоғам мүшелері оның міндеттемелері бойыншажауапты емес, өзіне қатысты акциялардың құлы көлемінде қоғамның шығындарының тәуекелділігіне жауапты болады.

- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп оның бір немесе бірнеше тұлғалардан құрылған қоғамды айтады. Оның жарғылық қоры белгілі құрылтайшылар құжатындағы шамаға сәйкес үлестерге бөлінеді. Қоғамның мүшелері міндеттемелері бойынша жауапты болмайды, қосқан үлестерінің құнының шамасында қоғамның шығындары бойынша тәуелділікке жауапты болады.

- Қосымша жауапкершілігі бар қоғамның мүшелері қоғамның құрылтайшылық құжатында анықталғандай өзінің қосқан үлесінің құлына бірдей еседе өз мүлкімен жауапкершілікті міндетіне алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік тәуекел және оның негізгі белгілері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік іс-әрекет
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі туралы
Кәсіпкерліктің экономикадағы орны
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы
Жалпы кәсіпкерлік
Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz