Негізгі капитал түсінігі және құрамы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Негізгі капитал түсінігі және құрамы.
  2. Нарықты бағалау. Материалды емес активтер.
  3. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы.

Негізгі қорларды жаңарту олардын табиғи көрсеткіші мен ақшалай түрдегі құрылымына, сонымен қатар саралануына сәйкес жоспарланады.

Негізгі қорларды пайдалану және оларды есепке алу үдерісін басқарудағы қажетті шарт - оларды бағалау қағидасының тұтастығымен қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімінің ұзақтығына, оның біртіндеп тозуына және ұдайы өндірістің өзгеріп тұруына байланысты негізгі қорлардың құнын бағалаудың келесі әдістері қолданылады:

-бастапқы құны бойынша;

-ағымдағы құны бойынша;

-теңдестік құны бойынша;

-сатылу (келісілген) құны бойынша;

-қалдық құны бойынша.

Негізгі қорлардың бастапқы құны дегеніміз - бұл негізгі капиталды салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі максатқа пайдалану үшін жұмсалған кез келген шығындардың жиынтығы. Негізгі капиталды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да кажет болып саналатын шығындар негізгі капиталдың бастапқы құнына кіргізілмейді, ол ағымдағы кезең шығыны ретінде есепке алынады. Егер негізгі капитал несие арқылы сатып алынған болса, онда төленген пайыздар ағымдағы шығыстар болып табылады да, нысанның бастапқы құнына қосылады;

Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезіндегі құрылыс материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен тетіктерінің жұмысы, жұмыскерлердің еңбекақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі, сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметтің төлемі. Құрылысты салу кезінде сақтандыруға жұмсалатын төлемдер, құрылыс салу кезінде берілген несие бойынша пайыздар, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын төлемдер, жобалық-сметалық құжаттардың құны және т. б. құрылыс бойынша жұмсалған шығындардың барлығы да бастапқы құнға қосылады.

Жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген кезде оларды өз орнымен пайдалануды есепке алу барысында бұл нысандардың бастапқы құнын шектеу қажет, өйткені үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер тек жер ғана пайдалануға арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс ағаштары және т. б. бұзуға жатады, демек құнға шектеулер қойылмайды, ал жер сатып алынған нысанға жатады. Тозығы жеткен үйлерді бұзуға байланысты жұмсалған шығыннан нысанды бөлшектеу барысында алынған құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы құны есептелінеді.

Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша, нысанды тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар қосылады, егерде оның құны тапсырыс беруші тарапынан төленген болса.

Субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі капитал бойынша, сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша, жеткізу және сатып алынған нысандардың тозу сомасы қоса есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығындар.

Тегін алынған негізгі капиталдың нысандары бойынша кұжаттарда көрсетілген құны алынады (кұрал-жабдыктарды жеткізіп беруге, орналастыруға кеткен шығындарды қоса есептегенде) .

Айырбас операциясы нәтижесінде алынған нысандардың бастапқы құны негізгі капиталдың ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі капиталдың ағымдағы құнына сәйкес алынған ақша қаражатының сомасына тең болады. Айырбастауға пайдаланылатын нысандар қатарына әр түрлі мақсатқа арналған нысандар да жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі капитал: тракторды жүк автомобиліне айырбастау кезінде алынған нысан сатылған нысанның құны бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай түскен сомасы ескеріледі;

Негізгі табынды қалыптастыру үшін алынған ересек малдар бойынша жеткізуге кеткен шығындарды қоса есептегенде сатып алуға шықкан шығындар және сатып алумен байланысты басқа да шығындар.

Жас өсімдіктер бойынша өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, кебейту, тазартуга кеткен нақты шығындар.

Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша, яғни жүргізілген жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.

Негізгі капиталдың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі капиталдың жарым-жартылай қалдығы, нысанды бұзу негізгі капиталдың жағдайына әсер ететін болса, онда пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.

Негізгі капиталдың ағымдағы құны - бүл негізгі қорлардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

Негізгі капиталдың қалпына келтіру құны ұдайы өндіріс жағдайында қызмет жасап жатқан ұқсас негізгі капитал нысанының құнымен анықталады, яғни сәйкес негізгі капитал түрлері үшін осы күні анықталған нарыктық баға қайта бағалау жолымен табылады.

Негізгі қорларды қайта бағалау оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні жасауға кететін кұнына байланысты анықталады. Бұл негізгі капиталдың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі капиталды тиісті түрде қайта бағаланғаннан бастап оларды теңдестікті қалпына келтіру кұнымен есептейді.

Негізгі капиталдың теңдестік құны негізгі капиталдың бастапқы немесе ағымдағы құнынан жинақталған амортизация мөлшерін алып тастағандағы қалған құн.

Кәсіпорын теңдестігінде қайта бағалау жүргізілгенге дейін негізгі қорлар бастапқы құны бойынша, ал қайта бағалаудан соң қалпына келтіру құны бойынша есепке алынады. Сол себепті бастапқы кұнды теңдестік құны деп атайды. Бұл әдіс әр жылдары жасалған негізгі капиталдың бірдей элементтерін бағалауда біртұтас үлгі ретінде қолданылатындықтан, оның «аралас құнға» қатысты бастапқы құны бағалау әдісінің кемшілігін жояды.

Сонымен қатар, негізгі қорларды толық қайта бағалауды реформалауды ұлттық экономика шеңберінде қолданылған әдістеме бойынша жүргізу белгілі бір қиындықты туғызды. Себебі ол үшін негізгі капиталдың барлық элементтерін кешенді түрде қайта бағалап шығу мен олардың сапалық мінездемелерін ескеріп отыру қажет, ал бұл едәуір уақыт пен қаржы шығындарын талап етеді. 1998 жылға дейін бағаның ұдайы өзгеруіне байланысты ҚР Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 24 казандағы №1178 қаулысына сәйкес жыл сайын негізгі капиталды қайта бағалау немесе индекстеу жүргізіліп келді. Негізгі капиталды индекстеуге арналған бастапқы мәлімет ретінде 1 қазандағы қаттамалау нәтижесі бойынша анықталған теңдестік құны мен кәсіпорынның көтерме бағасының орташа салалық индексіне сәйкес есептелген негізгі капитал құнының ұлғаю коэффициенті алынған. Бұл коэффициентті Ұлттық статистикалық комитет департаменті бекіткен. Қазіргі таңда қорларды қайта бағалау жүргізілмейді.

Негізгі капиталдың келісілген құны - бұл кез-келген екі жақтың, яғни негізгі капиталды сатушы мен алушының арасындағы келісілген кұн болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал құрылымын оңтайландыру
Айналым капиталы түсінігі
Корпорациялардың қаржы механизмі
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Ағымдағы активтерді талдау
Меншікті капиталды есепке алу
Бухгалтерлік есеп және аудит туралы ақпарат
Кәсіпорын қаржысы
Қәсіпорынның экономикалық қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz