Ақшаның уақытша құны, экономикалық мәні



І.Кіріспе
1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі,
экономикалық мәні
2 Несие ақшалар
3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы
4 Ақша айналысының заңдары
5 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы . Теңге
ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
1. Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994 г.
2. Кэмпбелл Р.Макконнелл, Стэнли Л.Брю “Экономикс” т.1. 1992 ж.
3. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
4. Максимова В.Ф., Шишов А.Л. “Теория рыночной экономики” т.1. ч.2., Москва, Соминтэк, 1992г.
5. “Деньги и кредит” 12/1995г. Изд. “Финансы и статистика”.
6. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г.
7. “Деньги, кредит, банки”. Справочное пособие. Под редакцией Г.И.Кравцовой, 1994г.
8. “Қазақстан Респудликасының Банк құқығы” Алматы, “Жеты Жаргы”, 2000г.
9. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996г.
10. “Ақша, Несие, Банктер”, 2003-07.
11. “Ақша, Несие, Банктер”, 2002-11.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ақшаның уақытша құны
Жоспар:
І.Кіріспе
1 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі,
экономикалық мәні
2 Несие ақшалар
3 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы
4 Ақша айналысының заңдары
5 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге

ІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына,
маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы,
қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның
маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және
де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер
экономиканың не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне
әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып
біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық
проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол
тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар
болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да
айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты
баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да,
төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат
өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың
дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың
алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен,
ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы
эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып
табылатындығын көрсетеді.
1. Ақша түсінігі

1.1 Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі
түсінігі. Ақша қызметінің эволюциясы.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар — бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат) оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер
(еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам
тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны;
мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып,
өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас
құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір
сүретін тауар, ол ақша .
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның
кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар —
барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық
бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның
жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.

1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

Ақша өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі
экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде
ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:
жалпыға тікелей айырбасталу;
айырбас кұнының дербес формасы;
оның сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген
материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау, мүмкіншілігінің бар екенін
көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі кысқарды және тек
коғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар,
жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі
кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға
тікелей айырбастау формасында ақшаны тікелей пайдаланудың көлемі едәуір
кеңейді.
Акшанын айырбас құнынын дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада колдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және
өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік
ресурстарды баска банктерге сатуы және тағы баска.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің,
олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның акшалай тауар ретіндегі рөлі
туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы
аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша кызметтерін
атқару рөлін орындауды тоқтатты дейді.

1.3 Несие ақшалар.
Қағаз ақшалар әрдайым көмекші сипатқа ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде
ұзақ уақыт бойында айналу мүмкін емес, сондықтан да олармен қатар несиелік
ақшалар жүреді.
Несие ақшалар — бұл несие негізінде алтынның орнына келген құнның кағаздай
белгісі. Несие ақшалар несие беруші мен несие алушы арасындағы қарыз
капиталының козғалысын көрсетеді және төлем құралы формасы ретінде өмір
сүрудің меншікті формасын алады.
Несие ақшалардын негізгі турлеріне: вексель, банкнота, чек, несие
карточкалары жатады.
Вексель — бұл мерзімі жеткен соң вексель иесіне (вексель ұстаушыға)
вексельде көрсетілген соманы қарыз алушыдан (вексель берушіден) төлеуді
талап ету құқын беретін жазбаша түрдегі қарыз міндеттемесі.
Вексель айналымының қасиетке ие болғандықтан, яғни қолма-қол
ақшаның орнына айналысқа түсуге бейім болғандықтан да, ол сауда ақшасы
деген атауды иеленеді.
Вексель несиеге сату негізінде, яғни коммерциялық несиелеудің
пайда болуымен дүниеге келеді. Коммерциялық несиелеу дегеніміз —
кәсіпорындардың бір-бірін банктерді жанай өту арқылы несиелеу болып
табылады. Несиелеу төлеу мерзімін ұзартып, тауарларды қарызға беру жолымен
жүзеге асады. Сатып алушы- кәсіпорын, тауарларды сатып ала отырып ақшаны
бірден төлемейді, жабдықтаушы кәсіпорынға вексель жазып береді (қарыздық
міндеттеме). Егер де несие берушіге ақша керек болған жағдайда, ол банкке
барып векселін есепке алуын өтінеді, ал банк ондағы есепке алу
мөлшерлемесін алып қалу арқылы вексельде көрсетілген соманы бере алады.
Вексельдер жай және аудармалы болады.
Жай вексельді (соловексель) қарыз алушы жазып береді. Бұл вексель берушінің
вексель ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы сөзсіз
міндеттемесі. Аудармалы векселі (тратта) кредитор — вексель берушінің
(трассанттың) үшінші тұлғаға қарыз алушы (трассатқа) вексельде көрсетілген
соманы төлем уақыты келгенде (ремитентке) төлеу жөніндегі бұйрығы. Трассат
төлеуге келісімін көрсететін оның қолын койған түріндегі акцептен соң ғана
тратта бойынша борышқор болып саналады. Вексель бойынша төлем авальмен
(векселъдік тапсырма) қамтамасыз етілуі мүмкін, онда вексельдің бетінде
және аллонжда (косымша бетте) аваль ретінде саналсын деген жазу болады.
Сонымен вексель — несие және ақшалай есеп айырысу құралы болып табылады.
Вексель айналасында бірнеше тұлға катысуы мүмкін, себебі вексель төлем
құралы ретінде беріледі.
Несие ақшалардың бір түрі болып банкнота саналады. Ол XVII ғасырдың
соңында пайда болды. Алтын құймасының немесе алтын монета иесі бұл қазынаны
банкте сақтай алады. Құрамын анықтағаннан кейін және оны өлшеген соң банк
алтынды сақтауға қабылдағаны туралы қолхат береді. Бұл пайдалануға өте
ыңғайлы болып келеді. Ол алтынмен пара-пар болды, себебі кез келген уақытта
сақталып жатқан металға айырбасталады.
Банкнота өзінің мәні жағынан — бұл банкирге арналған вексель болып
табылады. Яғни, классикалық банкнота екі жақты қамтамасыз етілген:
вексельдік (тауарлық) және алтындық (банктің алтын қоры). Алтынмен
қамтамасыз етілмеген бөлігі фидуциарлы деп аталады (сенімге негізделген).
Вексельдің банкнотаға айналуы қарыз операциялары және эмиссиялар
тәртібінде жүзеге асады.
Банкноталарды тауар айналысын несиелеу тәртібімен вексельдер негізінде
шығару банкнотаардың банкке кері қозғалысын тудырады. Несие бойынша төлем
мерзімі жеткен соң банкноталар орталық банкке қайтарылып отырады.
Қазіргі кезде бүкіл әлемде ақшалар алтынмен қамтамасыз
етілмеген. Сондықтан ұлттық валюта сол елдің шекарасында ғана занды төлем
құралы болып табылады.
1993 жылы біздің республикамызда шығарылған теңге қағаз және несие ақша
- банкнота болып табылады, себебі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің сөзсіз міндеттемесі болып саналады және оның барлық активтерімен
қамтамасыз етіледі.
Банктік салымдар мен қолма-қолсыз есептеулер негізінде құрылатын депозитті
акшалар айналасы чекпен байланысты.
Чек — бұл шот иесі чек ұсынушының шотына чекте көрсетілген ақша сомасын
қолма-қол төлеу және аудару туралы банкке берген жазбаша бұйрығы.
Чектер негізінен ақшалай және есеп айырысу болып бөлінеді. Ақшалай чек
бойынша банктен қолма-қол ақшалар алынады. Есеп айырысу чегі ордерлі
сипатта болады. Шот иесіне чек кітапшалары беріледі. Чек кітапшасынан
жыртып алған чектің парақтары сатып алған тауарлар және көрсетілген
кызметтер үшін есеп айырысуға колданады.
Клиент есеп айырысу чек кітапшасын алу үшін банкке өтініш және тапсырма
береді. Төлем тапсырмасы негізінде банк есеп айырысу шотынан ақша
қаражаттарын есептеп шығарады және шотта сақтайды, сатып алынған тауарлар
(қызметтер) сомасына чек жазып беру арқылы есептеседі, бірақ депонирленген
сома шегінде ғана. Жабдықтаушы-кәсіпорын осы чекті өз банкіне ұсынады,
осыдан барып көрсетілген сома өзінің есеп айырысу шотына бірден жазылады.
Содан соң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері
Шағын кәсіпкерліктің белгілері
Дүниежүзілік ақша қызметі
Қазіргі несие және қағаз ақшалардың айналымынан туындайтын проблемалар
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Ақша Қазақстан халқының сақтау және жинақ ретінде
Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы табиғаты
Ақша деген не
Ақшаның теориялары
Капиталды басқару
Пәндер