Жантану жайлы ілім-білімнің ілкі басталуы
1. Дала тұрғынының өмір салты мен психологиясы
2. Мақал.мәтелдер...халық психологиясының айнасы
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАРЫ.
1. 6.8 ҒҒ. ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫ. ҚОРҚЫТ АТА.
2. Әбу Насыр әл Фараби (870.950)

Жантану жайлы ілім-білімнің ілкі басталуы [23 бет]
1. Дала тұрғынының өмір салты мен психологиясы
2. Мақал-мәтелдер---халық психологиясының айнасы
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАРЫ.
1. 6-8 ҒҒ. ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫ. ҚОРҚЫТ АТА.
2. Әбу Насыр әл Фараби (870-950)
Бірінші бөлім
Жантану жайлы ілім-білімнің ілкі басталуы.

Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас
ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдет-
ғұрып, дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар адамдардың тұрмысына сіңген
жөн-жосық, жол-жоралғылары, әр адамның іс-әрекетінің қоғамдық отрада
қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көріністері еді. Көшпелі халық
өзінің өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті
мен тарихына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша
талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал
моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні сегіз қырлы, бір
сырлы делінетін қанатты нақыл сөздерімен қисындалады. Адамға қойылатын
талап-тілектер мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру;
еңбексүйгіштік; қиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау, жаудан беті
қайтпау; ата тегін жадында сақтау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен
алғырлық; ат құлағында ойнау; ата салтын бүзбау(жасы үлкенді сыйлау, құдайы
қонақтың мәселесін қайтармау, көрші хақын жемеу,т.б).
Халқымыздың бойындағы осынау асыл қасиеттерді өткен ғасырларда қазақ
даласында болған Еуропа зиялылары асқан көрегендікпен дәл басып айтқан еді.
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді,
құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болуымен бірге, жан-жүйесі
жағынан да жан-жақты жетіліп, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде
де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың
көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып,
күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың
жырын, әншінің өлеңі мен әуенің қалт жібермей тыңдап, ал аузындағы ұтымды
мақал мен мәтелді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап,
халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын
отырған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал күзету, жау түсіру тұрмысының
дағдылы машығына айналды. Әрбір жас, әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ
иесі болып саналды.
Халық аузында мақал болып кеткен өнерді үйрен де жирен, жігітке жеті
өнер де аз, шебердің қолы ортақ, жауда жүрсе ат ойнатқан батырым,үйде
жүрсе,құрт қайнатқан батырым деген сияқты бес аспап адамның психологиясы
жайлы қанатты сөздердің біздің заманымызға дейін жеткені мәлім. Көшпелі
қауым бірін бірі жақсы білген, әр адамның қадір-қасиеті, оның жасына, жол-
жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отырды.
Мұндай қоғамдық, адам аралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да
өсе, ержете келе ортақ мүдделікті, өмірге көзқарастың сәйкестілігін,
кісіліктін белгісін, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді.
Психологиялық тұрғыдан бірауызды болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің
рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай
көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа,
дау-дамайға төрелік айту сияқты этностық таптаурындар стереотип кең өріс
алды. Әрине, осы таптық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және
биосфералық факторларға орайлас жеке-дара, жас, жыныс ерекшеліктердің де
болатындығы еске алында. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп,
қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен
іңкәрліктің символы деп ұқты, Халық мінезі жақсы, әдепті жігітті қыз
мінезді жігіт екен дейтін болды. Сондай-ақ қыздың жиған жүгіндей,
қыздың тіккен кестесіндей деген тіркестер де қыз баланың нәзіктілігі мен
шеберлігі, ұқыптылығы мен биязылығы жайлы айтылды.
Әрбір отбасы, әке-шеше, аға-жеңге, бойжеткенді ылғи да таза,
мінезінің жайдары болуын қадағалап отырған. Жас өспірім шақтағы олардың
балқыған, толқыған, еліктегіш қасиеттерін ескеріп, оған қырық үйден тыю
салу керектігін де үнемі еске алған. Халқымыз сұлулық пен сымбаттылықты,
шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін үй ішіндік еңбекке (кесте, өрнек,
кілем тоқу) көокем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды –
бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген.
Халықтық дәстүр қыз балаға тәлім-тәрбие беруде тек бағыт, бағдар
беруімен қатар, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн-жосық ңұсқайды. Оның барлық
сыры мен сыпайылық салты оның сапасына, әдебі мен әліне, тілі мен дініне,
ән мен күйіне, мінезі мен құлқына кіріге өрілген обал мен сауап, Адам үшін
ең қымбат түсінік жанымен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену.
Мұның алғы шарты-бақылай білу, көре білу, кісінің ішкі сырые танып ұғыну
арқылы өзін өзі түсініп, имандылық жүзеге асыра білу. Халық бүгінгі
бойжеткенді ертеңгі отбасы ұйтқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ел
ардағы, ақылман әже деп түсінді. Олай болса, бойжеткен үшін-имандылық,
инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісімерлік, биязылық, мейірімділік-бәрі
жарасымды болды.

Бүкіл халық ұстанатын тәліми нормаларды адамның жан дүниесіне
орайластыра баяндайтын қолданбалы мені зор психология ғылымның бір саласы
халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып,
жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан ұрпаққа
біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық таным, еңбек, дене
тәрбиесі, т.б. нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан-дүниесі, өзіндік
мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология
психика мен мінез-құлықтың қанға сіңген, тез өзгеріп не жоғалып кетпейтін
ұлттық бітісі, мезгіл-мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің желісі.
Ұлттық дәстүр мен салт-сананың адам психологиясынан елеулі орын
алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар
ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология-адамдардың қоғамдық және
жеке тәрірибесінен, өмірдегі пайымдалуларынан туындайтын қарапайым
психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл адам мінез-құлқының көптеген
жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәндә
мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтсе де, арнайы әділ ғылыми
жүйеге негізделмегендіктен, бұлар адам психологиясын жан-жақты ажыратуға
жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне
ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен
этнографиямен сабақтас дамыған этнопсихология дейтін арнаулы ғылым саласы
шұғылданады. Этнопсихология-әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф,
фальклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б). жемісін сол халықтың
психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі деп
есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде 19 ғ орта шенінде Ресейге,
кейінірек Батыс Еуропа елдеріне (Лацариус, Штейнталь, Вунд, т.б) пайда
болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов
еді. Оның еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны
халықтық психологи ұғымыдеуге болады. Бұл жәйт біртуар қазақ ғалымының
сол кездегі Еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен хабардар болғандығын
жақсы байқатады.
Жоғарыды айтқанымыздай, этнопсихология қарастыратын психологияның
жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мәселен, қазақ халқының
аңыз-әпсана әңгімелерінде, батырлық эпостарында, ертектері мен салт-сана
жырларында, айтыс өнерінің сан алуан түрлеріне адамның (жас, еркек, әйел,
ер, қария, т.б) жан-жүйесінің не бір түрлері (ойлау, сөйлеу, қиял, сезім,
ерік-жігер) әр қырынан көрініп жатады. Осынау жан қкаттарының ішінде
адамның ойлау (ой) деп аталатын процесі де жиі көрініс тауып отырады. Ойлау-
бұл сұраққа жауап беру қандай да болмасын бір мәселені шешумен көрінетін
күрделі жан қуаты. Оның бірнеше түрі бар. Соның бірі-продуктивтік деп
аталады. Ол адамға бұрын-соңды сыры белгісіз, тың мәселерді шешуде орын
алып отырады. Тың мәселерді шешуде ой жүйелі болуы тиіс. Продуктивтік ой
айтыс, жұмбақ шешуде ерекше байқалады. Мәселен, Сапарғали мен Нұржанның
жұмбақ айтысы терең ойланып-толғанудың жемісі. Ондағы Темірден салбыраған
иегі бар, сабағы бірі қолда бірі белде дейтін Сапарғалидың жұмбағын
жұмбағын Нұржан: Бұл аттың жүгені, тізгіні қолда, шылбыры белде деп
шешеді. Осы жұмбақты қарастырушы да, оның шешудің тапқан кісіде де күрделі
продукті ой орын алып отырғаны хақ.
Продуктіә ойлау айтыс өнерінің кез-келген түрінде, әсіресе ұзақ
жырмен сөз жарастыруда ерекше көрінеді. Бұған 1910 жылы Ақмешітте Қаңлы
Жүсіп пен Кете Жүсіптердің айтыстарын жатқызуға болады. Айтыста көтеріліп
отырған мәселенің мазмұнына ғана емес, оның ұйқасына, сөз саптауына,өрнекті
сөзбен мәнерлеп жеткізуіне ерекше мән беріледі. Айтысқа түсушілер кейде
бірін-бірі сөзбен қағытып, мінеп-сынаудан да бастайды. Бұл тәсіл тек
әріптесін мұқатып, кекету үшін ғана емес, сонымен қатар қарсыласының
тұйықтан, қиыншылықтан құтылу жолдарын іздестіруіне кедергі жасап, оның
айтайын деп отырған дәлелді жауаптарынан жаңылдыру үшін де қолданылады.
Бұл, әрине, қарсы жақтың жағдайын ауырлатып, тұтқиылдан жауап табуды
қиындатады. Мұндайда айтыскер қалай деп жауап қайтарсам екен,ол қандай
жауап айтар екен,-деп қатты ойланады. Айтыстың қандай түрі болмасын
(жұмбақ айтысы, қыз бен жігіт, ақындар айтысы, т.б.) жан-жақты ойлап-
толғануды, ерекше тақырыпты, керемет айлақорлықты қажет етеді. Айтыскерлер
сөзім жұртқа қаншалықты әсер етер екен деп, әр сөзін жеті рет өлшеп, бір
рет пішкендей алдын-ала болжап құрастыруға тыртысады, орамды, ұшқыр, кең,
сыншыл сөйлемдерді сұрыптап, олардың ішінен әр дәлелді , әрі салмақты,
салиқалы дегендерін іріктеп алады. Өйткені бұлардың аузынан шыққан әрбір
сөз мірдің оғындай әбден іріктеліп, ой елегінен өткен қысқы да болса
нұсқа, тайға таңба басқандай, ой түйіндері болып келуі шарт.
Психологияның мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының
ішінде мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу оъектісі болып табылады.
Бұларда – халықтық өмір туралы сан-алуан пайым-байқауларының, ойға
түйгендерінің нақты да дәл сипаттамаларының мәйегі сүзілген. Әрине, осынау
халық даналығында шындықты бейнелейтін, білім-іліммен қатар қоршалған орта
жөнінде, әсіресе әлеуметтік өмірдің кейбір жақтары туралы жекеленген жаңсақ
ойлар да жоқ емес. Бірақ осыған қарамастан бұлар халықтық дүние-танымының,
күрделі де даму қайшылық процестерін негізінен дұрыс көрсетеді. Мақал-
мәтелдер адам іс-әрекетінің себебін тікелей бақылау арқылы өзіше
түйіндейді. Сондықтан да ол ғылыми бақылаудан өзінің кездейсоқтығымен
арнайы ұйымдастырылып, жоспарланбауымен өзгешеленеді. Алайда өмірде жиі
қайталанатын сансыз бақылау күнделікті тәжірибенің өлшемі ретінде қорытыла
келе психологиялық ойдың мәйегіне айналады.
Диалектикалық пікір таластың, ақиқат білімнің алғашқы көріністері де
мақал-мәтелдерде мол. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп
біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес.
Ондай адам та-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі
бір шешім мен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны
тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады. Мәселен,
жоғарыда айтқанымыздай, айтыс ақыны өз ойын орынды келтірілген мақалмен
көркемдеп шегелей түссе, тыңдаушылар оны өте мәнді дәлел (аргумент) ретінде
қабылдайтын. Бұл орайда оның қарсыласы да мақалға жүгінетін. Ал, мұны нақты
жағдайға сәйкес өз орнымен қолдана алмаған кісінің ой-өрісі онша жетілмеген
жанның қатарына қосылатын. Мақал-мәтелмен нәрленген ой-сенімді, нанымды
саналатын. Осынау ел-жұрт даналығында тек халықтық психологияның білімдер
ғана көрініс таппай, бұларда қоғамдық-саяси, философиялық, тәліми ойлармен
қатар мінез-құлық нормалары да кездесетіндігі даусыз.
Көшпелі тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мұғалімнің, кітап
пен баспасөздің қызметін алмастырды. Ол айналадағы сыры мол дүние туралы
білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы
ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойыедағы барлық
жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп, күлкіге айналдырды. Мұндағы ақыл-
кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды. Бұлардың бала тәрбиесіндегі
орны да айрықша еді. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен
бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-
сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік
тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды.
Бала ұғымына лайықты пайдалы кеңестерде айналадағы дүние мен адамның
өзара қарым-қатынасын әр қырынан қамтыған сан алуан ақпараттар аз
болмайтын. Мұнда оқу мен еңбек, ойын мен өнер, сондай-ақ адамның жақсы-
жаман қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу, ұлкенді сыйлау, т.б. үлгі-
өнегелер бала санасында біртіндеп құйыла беретін. Сондықтан да мақал-
мәтелдер қай халықтың болмасын, ілкі психологиялық түсінігі болды, оларды
қазіргі жалпы педагогикалық, жас ерекшелік, медецина, музыка, спорт,
қоғамдық психология деректерімен аралас нақты іс-тәжірибеге негізделген
қызықты идеялар топтасқаны хақ. Қазақ мақалдары адамның ішкі жан-дүниесіне
терең бойлап, кісінің қарым-қатынасын аша түсуге өнеге мектебі дерлік.
Мәселен, халық ұғымында ақылдылық-баға жетпес қазына. Бұл туралы халық
түйедей бойың болғанша, оймақтай ойың болсын. Ақыл озбайды, білім
тозбайды дейді. Ақыл-білім, тәжірибе, тәлім-тәрбиенің нәр алатын бастауы.
Демек әрбір адам, тіпті күнделікті күйбең тіршілігінде де істі ақылға салып
отырмаса болмайды, онсыз мақсатқа жету қиын. Алдағы іс-әрекеттің
нәтижелігін болжау да ақылға байланысты. Мақалдар сөзді салмақтап, ойлана
айтуға үйретеді. (Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле), Аңдамай сөйлеген,
ауырмай өледі). Халық даналығы баспа сөз бен мылжыңдықты ұнатпай,
ондайларды өткір сынға алған(Құрғақ сөз бас ауыртар, Көп сөз күміс, аз
сөз алтын. Қысыр сөзде қырсық көп, т.б). осы айтылғандардың бәрі-бәрі
ақыл ой мен зерделіктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын
меңзейді.
Жалпы, бейнелі сөз, шашендік өнерге құрмет о бастан-ақ қазақ
психологиясына тән сипат. Ш.Уәлиханов Қазақ шешендікке құмар, ол сөз
өнерін, әсіресе әзіл-оспақты қатты сүйеді,-деп тегін айтпаған.
Адамның жан-дүниесіндегі тілдегі көрінісі, яғни ой шындығының сөз
арқылы көрінуі де мақал-мәтелдерде кеңініен бейнеленген. Сөз-күшті, қуатты,
құдіретті қару. Сөз өнері-дертпен тең. Халқымыз ойға олақ,сөзге шолақ
жанды әжуалап, аз сөйлеп, көп ойлап, логикаға жүгініп отыру қажеттігін
ерекше ескерген. Мәселен, тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Сөз
сүйектен, таяқ еттен өтеді. Жылы-жылы сөйлесең,жылан інінен шығады,
Шешенннің тілі- шебердің бізі, Жүйелі сөз жүйесін табар, т.б. мысалдар,
сөз құдіретінің психологиялық астары қандай болатынын жақсы
аңғартады.Сөйтіп, шебер де шешен сөйлей білу адамның асыл қасиеттерінің
бірі болып, кісіге психологиялық әсер етудің ерекше тәсілі болып табылған.
Мақал-мәтелдер қоғамдық ой-сананың қалыптасу кезеңдерінен көптеген
соны мәлімет береді. Адам ақыл-ойының дамуында оқу, білім мен тәжірибенің
атқаратын ролі зор. Мына төмендегі мақалдар: Көп жасаған білмейді, көп
көрген біледі, Білімнен асар байлық жоқ, Көре-көре көсем болады, сөйлей-
сөйлей шешен болады, т.б осы айтылған түйіннің куәсі іспеттес. Халқымыз
оқудың табанды оқуды еңбек пен маңдай терді төгумен ғана миға қонатынын
жақсы түсіндірген (Оқу инемен құдық қазғандай). Өйткені оқу табысты болу
үшін мен ерік-жігер, ынтызарлық пен құмарлыққажет (Шыдамды еңбек алғыр ой,
Анық досың біліп қой, Ықылас пен ынтымақ, бітер іске болсын тап, т.б.).
Мақал-мәтелдерде адамның жан қуаттарының бұлардан басқа да толып
жатқан жақтары бейнеленген. Бұларды психологиялық тақырып тұрғысынан
төмендегіше топтастыруға болады: 1. Психологияның жалпы мәселерері: а) жан
қуаттары,олардың ортақ қасиеттері туралы түсінік; ә) өскен орта және тұқым
қуалаушылықтың жан құбылыстарына әсері; б) психиканың қалыптасуындағы
еңбек, тәжірибе және практиканың ролі; т.б. 2. Сезім мүшелерінің (көз,
құлақ, т.б.) танымда алатын орны. 3. Тіл мен сөйлеу, бұлардың тіршілік пен
қарым-қатынасындағы ролі. 4. Ақыл және ес. 5. Арман мен қиял. 6. Адам
эмоциясы мен сезімдері (қорқыныш пен үрей, қайғы мен қуаныш, махаббат пен
жек көру, шындық пен өтірік, достық пен жолдастық, т.б. 7. Қажыр-қайрат пен
бос белбеу, жүрексіздік. 8. Кісінің жеке дара ерекшеліктері). 9. Түрлі топ
өкілдерінің (еркек,әйел, ата-ана, бала-шаға, туыс, жекжат-жұрат, әкім, т.б.
) әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері. 10. Әртүрлі жас мөлшерінің (бала,
жасөспірім, ересек, кәмелет, қария, т.б.) психологиялық сипаттары. Ал,
кәрілік шақтың рухани (мол тәжірибе , тоқталған ақыл, ескі әдеттің
үстемдігі, кінәмшілдік, ұмытшақтық, т.б.) және тәң (көз бен құлақтың
әлсіреуі, тістің түсуі, бел бүгіліп, қозғалыстың нашарлауы, шаштың ағаруы,
әжімнің көбеюі, т.б.) белгілерін саралаған халықтық пайымдар өз алдына бір
төбе. Осы айтылғанға Көңіл қартаймас, көз қартаяр, Кәрі білгенді, пері
білмейді, Сақалға ақ түсті, көңілге дақ түсті, Көп жасаған көмбенің
үстінен шығады деген тәрізді мақал-мәтелдер жақсы айғақ.
Мақал-мәтелдерде адмның ес, жад қуаттары жөнінде де аз айтылмаған.
Бұлардың ғылыми психологиямен тамаша ұштасып жатуы таңқаларлық. Мәселен,
біреу көзбен көру, екінші біреу құлақпен, үшінші адам қозғалыс мүшелерінің
қатысуымен, ал төртінші біреу бұларды араластыра есте сақтайтындығын,біреу
тез арада есте сақтай алатын болса, екінші біреу бұған ұзақ уақыт
машықтанатын халық даналығы жақсы қөрсеткен. Әрине, жалаң еске сақтаумен
адам алысқа бара алмайды, ол өз есін, оның басқа қасиеттерімен( беріктік,
нақылдық, реакция шапшаңдығы, т.б) ұштастырғанда ғана бағалы болмақ. Бұл
айтқанды Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң, қағып
алады, Оқығаныңа мәз болма, тоқығаныңа мәз бол, т.б. мақалдар жақсы
қуаттайды. Немесе қарт адам жуырда оқыған , естіген, көрген нәрселерін тез
ұмытады, бұл естің әлсіреуіне әкеледі. Осыны Ер қартайса-жаңылшақ деген
дана сөз де нақылдай түссе, оқығанды миға тоқу да қайталаудың маңызы зор
екенін, бұрынғыны айтпай, соңғысы еске түспейді, көз көруге, құлақ
естуге тоймайды дейтін мақалдар қуаттайды. Ал сын көзімен қабылдау естің
дамуына елеулі ықпал ететіндігін Өз қатесін көрмеген, кісі қатесін
сезбейді деп түйіндейді. Есте сақтау да, еске түсіру де материялдың
эмоциялық әсерімен байланысты болатындығын, жақсы, шапағаты мол мәселелерді
есте мықтап сақтауға меңзейтін мақал-мәтелдер де баршылық. Мақалдарда
адамның есте сақтау қабілетіне айрықша баға беріледі, ақылдылық жоғары
дәріптеледі.
Мақал-әтелдерде адам танымының өзге жақтары туралы да қызғылықты
ойлар аз емес. Мәселен, арман мен қиялдың адам өміріндегі орны жайынды
арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ десе, сезім мен ойдың байланысы туралы
аузы күйген үріп ішеді, ал ерік-жігер жөнінде Талапты бала талпынған
құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай, әдет пен дағды туралы ауру қалса да
әдет қалмайды, құмарлық, бейімділік жайында Жақсығы жақсы әуес, Саусағы
ұзын биші болар дейді.
Адам баласы әртүрлі жағдайда тәрбиенің әр алуан әсерінде болып, әр
салада қызмет етеді. Осы фактордың бәрі оның жан-дүниесінің қалыптасуында
елеулі із қалдырады. Кісі оқу, іздену, тәрбиелену арқылы өзін-өзі сомдайды.
Көре-көрекөсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар, Адам туа білмейді, жүре
біледі, деу осы айтылғанның дерегі. Халық даналығында адамның моральдық-
психологиялық ерекшеліктері жай көрініс таппай, оны қалыптастырудың жолдары
да сөз болған, бұларды қалайша тәрбиелеуге болатындығы жайлв түйіндер де
айтылады.
Жас ұрпақты жағымды мінез-құлыққа тәрбиелеудің түрлі әдіс-
тәсілдерімен қатар, ұстаз, тәлімгерлерге бағышталған мақал-мәтелдер де бір
төбе. Баланың алғашқы тәрбиешісі-ата-анасы. Олар өз ақыл , білім, жақсы
мінез-құлқымен, қысқасы бар болмыс-бейнесімен баласына үлгі болуға тиіс.

Қазақ халқының психологиялық ой-пікір мәдениетінің даму тарихы көне
ғасырлар қойнауынан басталады.
Халқымыздың жалпы даму тарихына сүйене отырып біз психологияның ой-
пікірлердің қалыптасуын басты 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.
Бірінші кезең- психологиялық ой-пікірлердің ілкі бастау, түп-
төркіндері, басы 6-8 ғасырлардан басталатын қазіргі түркі тектес
халықтардың бәріне ортақ қоғамдық сананың алғаш дүниеге келу кезеңдері.
Қазақ кеңес өкіметі жылдарында даму тарихы.

6-Ғ Жетісу, Алтай, Орта Азияны мекен еткен ру-тайпалар бірігіп, Түрік
қағанаты дейтін үлкен мемлекет құрды. Зерттеушілердің айтуынша түрік
деген халықтың аты 542 жылдан белгілі болса керек, түрік қағанатының
қоғамдық-экономикалық, саяси-әлеуметтік өмірінде сол кездері жаугершілік
дәстүр сол кездері маңызды орын алды. Олардың алғашқы көсемдерінің бірі
–Бумын қаған айналасындағы көрші елдерді өзіне қаратады. Қағанаттың
орталығы Орхон өзенінің (қазіргі монғолияда) жағасында болды. Истеми
қағанның тұсында елдің терреториясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты
арта түсті. Көп ұзамай, өзара қырғын соғыстар басталды да, қағанат 2-ге
(бірі орталық азиядағы Шығыс Түрік, екіншісі-Жетісу, Шығыс Түркістан, Орта
Азия Батыс түрік қағанаты) бөлінеді.
Құлпытасқа жазылған осы ескерткіштер Орхон-Енисей жазбалары деп те
аталады. Бұлардың авторы Иолығ-Тегін дейтін шежіреші екендігі белгілі болып
отыр, бірақ қайда туып, қашан өлгендігі жөнінде еш мағлұмат жоқ. Шамамен 8
ғасырдың орта шенінде өмір сүрген болу керек. Жазба ескерткіштердің
мазмұнына қарағанда оның өз заманында білімі адамдардың бірі болғаны
байқалады. Білге қаған інісі Күлтегін қайтыс болғаннан кейін (731ж.) оны
өмірлік есте қалдыру үшін шетжұрттан шеберлер алдырып, Қожа-Сайдам ойпатына
үлкен ескерткіш орнатады да, мұндағы өсиет сөздерді өз ағайыны Иоллығ-
Тегінге жаздырады. Кейіннен Білге қаған қайтыс болып, інісінің қасына
жерленеді. Осы ескерткіштің тексін жазған да Иоллығ-Тегін. Құлтегін
(түркі қағанаты туралы сөз) ескерткішіне дейін де халық жадында сақталған
ежелгі бабаларымыздың ерлік істерін, тұрмыс салтын жалпы жұртқа паш ететін
шежірелер болуы ықтимал. Бірақ ол жөнінде әзірше мәлімет жоқ. Автор
түркілер тарихын олардың саяси арнаға шыққан кезі-6ғасыр ортасынан
бастайды, яғни түркі ордасын құрған дәуірден бергі 200 жылдық тарихты сөз
етеді. Құлтегін ескерткіші желісі жағынан екі бөлімнен (Кіші Құлтегін,
Үлкен Құлтегін) тұрады. Біріншісі-жазылу мерзімінің кейін тұрғанына
қарамай-түркі тарихының кіріспе бөлімі іспеттес те, екінші мемлекет
тарихының негізгі бөлімі, ел өсиеті болып есептеледі.
Құлтегін ежелгі түркілердің тамаша ерлік сипаттарын бойына жан-жақты
дарытқан жаужүрек батыр, ұлан-ғайыр даланың еркін билеген дала халқының
қайсар жауынгері. Ал Тоныкөк болса талай қанды жорықтардың куәгері, үлкен
өнер иесі,ойшыл, философ, халық дипломатиясының білгірі. Тас жазуларда
ерліе пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік, тәлім-
тәрбие, тұрмыс-салт мәселелері әсем айшық өрнектермен, жанды бейнелерге
толы сезім толғаныс-тебіреністерімен байқалады.
Мәселен, Бізге жеңіс әперген жер-суымыз-Отанымыз деп біу керек...
Қандай қанағат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз (жалқау, оңбаған)
табылса, онда сол халықтың қанша соры бар десенізші-Құлақ қойып
тыңдаңыздар, тереңнен ойлап толғаныңыздар... су ағысы тартылса, жас жапырақ
қурайды, адамдардан күш кетсе-жат кісіге бағынады... Менің ағам мені адам
етті... Аштықта тоқтықты түсінбейсің,,, Жақын отырған сыйдың құрметтісін
алады, алыс отырған сыйдың немкеттісін алады, деп келетін сөз
тіркетерінің психологиялық мәні зор. Құлпы тастарда осы іспеттес жас
жеткіншектерді елін, халқын сүюге , жақсы, ұнамды әдет-ғұрыптарға баулу,
үлкенді сыйлау, зеректік пен ойшылдыққа, батылдық пен тапқырлыққа үйретіп,
тәрбиелеу жайындағы мәселелер сөз болады. Бұлардың қазіргі жастарымыз үшін
тәлімдік мәнін жоймайтыны хақ.
Тасқа жазылған дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани
мұраның бірі-Қорқыт ата тағылымдары. 8-9 ғғ. Төңірегінде Сырдарияның орта
және төменгі бойын жайлаған Оғыз-Қыпшақ тайпаларының мемлекеті болды.
Оғыздар арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, жыр алыбы, аңыз кейіпкері
ұзақ өмір сүріп, жазмышқа қарсы күресіп, адамның мәнгі жасауын арман етіп
өткен кемеңгер ғұлама Қорқыт еді. Өлім қатері, одан құтылу туралы өзінің
асыл ойлары мен тебіреністерін қобыздың зарлы әуеніне қосқан. Қорқыт туралы
аңыз-жырлар, бізге жеткен Қорқыт ата кітабы+Орта Азия, Қазақстан мен
Әзірбайжан халықтарының аса көрнекті жазба ескерткіші. Қорқыттың музыкалық-
этнографиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге осы аймақтағы халықтардың
ілкі ортағасырлардағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің өзіндік ерекшелігін
бейнелейді. Қорқыт есімі көшпелі қазақ жұртының арасында ерте заманнан-ақ
қастерленіп келеді. Сондықтан да халқымыз :
Жыраудың үлкен пірі-Қорқыт ата,
Бата алған барлық басы, ақын асқан ата.
Таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда,-
деп тегін жырламаған. 1980жылы сырдарияның төменгі сағысында Жосалы
(Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығы) станциясының солтүстік-
батысына таман Қорқыт мекенінен бір жарыс шақырым жердегі оның зияратының
басына тамаша ғимарат ескерткіш орнатылуы оған деген құрметтің белгісі.
Қорқыт ата нақылдарында тәлім-тәрбиелік сипаттағы ақыл-кеңестер әр
қырынан сөз болғанын жоғарыда айттық. Мәселен, имандылық, кісілік,
қанағатшылдық, әрекетшілік жайында айтылған мынадай ақылдарға құлақ
түргеіміз абзал. Тәңіріне сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды... Жігіт
тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыныштық көрмей дүние жияды, байиды.
Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Менмен, тәкаппар
адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға бақ
бермейді...
Дана ойшылдың ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үйішілік жарасымды қарым-
қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның әр түрлі мінез-құлық сипаттары
жайында айтқан тағлымдары да бүгінгі ұрпаққа өнеге боларлықтай: Өзінен
тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды... Мыңғырған
мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген кыз жаман, атадан
тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де
жарамайды. Ананың көңілі балада болар... Ұлың өсіп-жетілсе, отбасының
мерейі, Бас-көзі.
Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірімдердің жанымен қоса тәнінің
шынығуына, елі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz