«Ландшафттану және физикалық географиялық аудандастыру»



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендері, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі.
2. Жергілікті жер. Қоныс. Фация.
3. Олардың ландшафтты қалыптастырудағы ролі.Маңызы.Биіктікке байланысты өзгеруі
Қорытынды
Территориялық табиғат кешені туралы ұғым ғылымға берік сіңіскеннен кейін ғалымдар оның аймақтық, типологиялық таксономиясын және морфологиялық құрылымын жіктеумен айналыса бастады.
Көпжылдық географиялық ғылыми зерттеулер жер бетінің бітім жаратылысы әр түрлі факторлар әрекеттеріне байланысты қалыптасатын территориялық табиғат кешендерімен сипатталатынын дәлелдеп отыр. Олар территориялық аумағы бойынша да бірінен-бірі туындайтын сатылары бойынша да әр түрлі болып келеді.
Геологиялық негізі, жер бедері, климат жағдайы гидрологиялық режимі, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын биоценоздары бірдей болып келетін біртекті территориялық табиғат кешенін ландшафт деп атайды. Оның нақты белгілері мыналар:
1) көршілес жатқандарынан өзіндік ерекшеліктері арқылы дараланатын жаратылысы біртекті территория;
2) пайда болған күнінен бастап бүкіл даму тарихында өзіне ғана тән ерекшелігі болады;

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендері, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі.
2. Жергілікті жер. Қоныс. Фация.
3. Олардың ландшафтты қалыптастырудағы ролі.Маңызы.Биіктікке байланысты өзгеруі
Қорытынды

Кіріспе
Территориялық табиғат кешені туралы ұғым ғылымға берік сіңіскеннен кейін ғалымдар оның аймақтық, типологиялық таксономиясын және морфологиялық құрылымын жіктеумен айналыса бастады.
Көпжылдық географиялық ғылыми зерттеулер жер бетінің бітім жаратылысы әр түрлі факторлар әрекеттеріне байланысты қалыптасатын территориялық табиғат кешендерімен сипатталатынын дәлелдеп отыр. Олар территориялық аумағы бойынша да бірінен-бірі туындайтын сатылары бойынша да әр түрлі болып келеді.
Геологиялық негізі, жер бедері, климат жағдайы гидрологиялық режимі, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын биоценоздары бірдей болып келетін біртекті территориялық табиғат кешенін ландшафт деп атайды. Оның нақты белгілері мыналар:
1) көршілес жатқандарынан өзіндік ерекшеліктері арқылы дараланатын жаратылысы біртекті территория;
2) пайда болған күнінен бастап бүкіл даму тарихында өзіне ғана тән ерекшелігі болады;
3) геологиялық құрылысында, жер бедерінде жаратылыстық айырма болмайды, литогенді негіз бен геоморфологиялық кешеннің өзгеріске ұшырауы ландшафттыны да өзгертеді, сапасын морфологиялық құрылымын түрлендіреді, сыртқы белгілерін анықтай түседі;
4) әрбір ландшафттының морфологиялық қайталанбайтынындай тізбектерінен тұрады;
5) ландшафттының барлық құрамдас бөліктері мен морфологиялық құрылымының құрамдас бөлшектерін түзетін территориялық табиғат кешендерінің тізбектелуінде зоналық, бөліктік (секторлық) және биіктік белдеулік айырма болмайды, өйткені ландшафт зоналық, бөліктік және биіктік белдеулік факторлардың тұтас және қатар әрекет ету нәтижесінде қалыптасады.

Мекендердің жіктелуі. Жіктеуде қолданылатын негізгі көрсеткіштер. Қарапайым және күрделі мекендер, қалыптасу ерекшеліктері. Тәуелді, доминантты және субдоминантты мекендер. Зоналық және азоналдық факторлардың тигізер әсері. Жазық және таулы аймақтардың мекендерін жіктеудің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

Мекендер жер бедері мезоформасының біртекті субстратына негізделіп, физгеографиялық үрдістердің жалпы бағытымен сипатталатын фациялардың үйлесімді қатары. Олардың жекелену себебі әртүрлі ылғалдануға, инсоляция айырмашылығына, литологиялық және механикалық құрамдағы айырмаға, жер асты суларының деңгейінің алуан түрлілігіне байланысты болады. Мекендердің бір-бірінен жекеленуінде негізгі рөлді геологиялық, геоморфологиялық негіз атқарады. Олар, әсіресе, жер бедері мезоформасының дөңес және ойыс аймақтары басым жерлерінде айқын - төбелер мен ойпаттар, қыраттар мен сайлар, жыра аралық плакорлар мен жыралар. Жергілікті атмосфера циркуляциясы, химиялық элементтер миграциясы, ағын үрдісі жер бедерінің оң және теріс формасында қалыптасқан фацияларды бір жүйелі қатарға жинақтаса да осы қатардың жоғарғы және төменгі бөліктері жоғарыдағы үрдістердің әсері бойынша бір-бірінен айырмашылығы зор.

Өзен аралық жазықтарда қарама-қайшы жер бедері формалары жоқ болғандықтан мекендердің қалыптасуы аналық жыныстардың айырмашылығымен және табиғи дренаж сызығынан алыс жақындығымен айқындалады. Соңғы фактор әсіресе ылғалдануы жоғары территорияларда негізгі рөл атқарады.
Өтпелі территорияларда әртүрлі өсімдік топтары бірдей экологиялық жағдайда болғанда мекендердің жіктелуіндегі негізгі рөлді өсімдік топтары арасындағы бәсеке таластық қарым-қатынас атқарады. Бәсекелес топтар көршілес орналасып территориясын сақтайды, жергілікті климаттың, топырақ пен су режимінің өзгеруіне де көп әсерін тигізеді.

Ландшафттардың әрбір жекелеген морфологиялық бөліктеріне генетикалық бірлік пен сапалық ұқсастық тән. Өйткені олардың құрамына енетін фацияларға ұқсас, біршама жақын ылғалдану, жылумен қамтамасыз етілу және тау жыныстарының литологиялық құрамы ұқсас болу керек. Сондықтан да мекендер ландшафттардың анық, айқын бөлінетін бірлігі болып табылады, яғни үйлесімді орналасқан мекендер тізбегі далалық ізденістер мен аэрофотосуреттерде негізгі жіктеу объектісі.
Жіктеуде пайдаланылатын критерийлер:

а) мекендерді айқын ажырата білу мезорельеф формасының тілімденуі анық көрінетін жерлерде көрінеді. Мысалы, төбешіктер мен ойыстар. Мекендердің өзгешелігі, айырмашылығы тек жер бедері формаларының сыртқы пішініне ғана емес, сонымен қатар, олардың шығу тегіне, аналық тау жыныстарының литологиялық құрамына да байланысты. Мысалы, сырттай көзбен қарағанда бір-біріне ұқсас жазықтар мен сайлардың субстратындағы айырмашылық олардың су мен жылу режиміне, топырақ түзілу процестеріне және биоценоздарына әсерін тигізбей қоймайды, сондықтан әртүрлі мекендер қалыптасады.
ә) өзен аралық тегіс жерлерде, жер бедерінде айырмашылығы жоқ мекендердің пайда болуы мен дамуындағы, жіктелуіндегі негізгі фактор субстрат ерекшелігі. Мұнда төселме беттің су өткізгіш ерекшелігі, карбонаттығы сияқты көрсеткіштерімен қатар жер беті жыныстарының физикалық қасиеттері есепке алынады. Мысалы, Қазақстанның шөлді аймақтарында механикалық құрамы саздан және саздақ топырақ жамылғысынан құмға дейін алуан түрлі топырақ жамылғысы кездеседі.Жер бедерінде аналық жыныстардың осындай алуан түрлілігі білінбейді, бірақ әртүрлі мекендердің пайда болуына себеп болады.
б) әртүрлі мекендер жер беті жыныстары, тосқындары бірдей болған жағдайда да қалыптасады. Ол үшін:

в) олар біршама аздаған тереңдікте орналасқанымен топырақ түзілу үрдісі мен су мен ылғал режиміне әсерін тигізеді;

г) Өзен аралық жазықтарда мекендерді жіктегенде тағы да есепке алынатын фактор - табиғи дренаж жағдайы - өзен аңғарына алыс, жақын орналасқандығы. Өзен аңғарынан алыстаған сайын жер асты суларының деңгейі төмендейді; су ағыны нашарлайды; олар топырақ пен өсімдік жамылғысына әсерін тигізеді; осының салдарынан су айрықтық жазықтардың орталық бөлігіне қарай мекендер біртіндеп ауысады.

д) территорияның климаттық және геоморфологиялық жағдайы бірдей болса да өсімдік жамылғысымен қаншалықты көмкеріліп тұрғанына байланысты да әртүрлі мекендер дамиды. Өтпелі аймақтарда, әсіресе, зона аралық кеңістікте бірдей экологиялық жағдайда бір-бірімен бәсеке таластық жағдайда болатын өсімдік топтарында әртүрлі мекендер қалыптасады. Бәсеке таластағы өсімдік топтары қатар орналасып әрқайсысы өз территориясын сақтап қалуға тырысады, сөйтіп жергілікті жердің климатының, су және ылғал режимінің, топырақ түзілу процестерінің өзгеруіне ықпал етеді.

ж) жер беті жыныстарының қалыңдығы бірдей болмау керек;

Ландшафттыны құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендері құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жергілікті жер - қоныс - фация деген жүйеге жіктеледі.
Жер бедері мен топырақ жамылғысын түзетін жыныс құрамында, ылғал және жылу режимінде және топырақ жамылғысында айырма болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын территориялық табиғат кешенін фация деп атайды.

Фация жер бедерінің тұтас пішінін де, бір ғана элементін де қамтиды. Жер бедері пішінін тұтас қамтитын фацияға Қазақстан территориясында жиі кездесетін лесс тәрізді саздақ жынысты қара топырақты жерлердегі шөптесінді шабындық өскен тау аралық жазықтарды (Мыңжылқы, Кеген, Қарқара, Асы жайлаулары) жатқызуға болады. Ал көп фациялы жер бедері пішініне жыра да, сай да, өзен аңғары да мысал бола алады. Бұлардың кез келгенінің табанында, оң жақ және сол жақ беткейлерінде экологиялық жағдайлар әр түрлі болғандықтан, әр түрлі биоценоздармен сипатталатын фациялар қалыптасады. Демек ауқымы жағынан фация үлкен аймақты да, шағын өңірді де алып жатуы мүмкін.

Қоныс жер бедері пішінінің тұтас бірлігімен межеленіп, жылу және ылғал режимдерінің біркелкі, топырақ жамылғысы мен биоценоздарының бір типті болып үйлесетіндігі арқылы көзге түседі. Мысал ретінде жыра, сай, өзен жайылмасы, өзен аңғарының сатылары, суайрықты тегіс жазықтар сияқты жер бедері пішінінің тұтас бітімдерін атауға болады.
Қоныстардың территориялық бөлшектенуіне әсер етуші факторларға жер бедерінің тегіс еместігі, тілімдену, жыныстық құрамы, жыныс қабаттарының қалыңдық өлшемдері, биоценоздарының бәсекелестік күресі жатады.
Жер бедері күрделі, тегіс емес жерлерде әрбір оң, немесе теріс формалары жер пішіндері қоныстарды сомдап, олардың көзге көрінетін белгілерін айқындай түседі. Жер бедері далалық зерттеулерде де, аэросурет түсірудің көмегімен ландшафттық карта жасауда да, шекаралары айқын байқалатын белгілердің бірі болып саналады. Кейде жер бедері бірдей жерлерден де әр түрлі қоныстарды кездестіруге болады. Мұндай жағдайда олардың қалыптасуындағы негізгі фактордың рөлін жер бедерінің жыныстық құрамы атқарады. Мысалы, лесс және әктасты жерлердегі сайлар екі бөлек типтегі қоныстарға жіктеледі. Өйткені олардың су және жел режимдері, топырақ жамылғысы мен биоценоздардың қалыптасу жолдары әр түрлі болып келеді. Осы сияқты жер беті жыныстарының құрамдары да бірдей жерлерде әр түрлі қоныстардың қалыптасуы мүмкін. Мұндай құбылысты республикамыздың солтүстігіндегі ежелгі көл табандық құмды жынысты жерлерден жиі байқауға болады. Мұнда, қалың қабатты құмды алқаптарда, жер асты суының деңгейі төмен жатқандықтан, шөптесінді төсеніш бар қарағайлы орман шоқтары өседі. Ал жер асты суы жер бетіне жақын жатқан жұқа қабатты құмды бөліктерінде батпақты қоныстар қалыптасады. Тілімденген жер бедері де қоныстардың қалыптасуында ылғал режимінің қызметін реттеуші рөлін атқарады. Атап айтқанда, белесті жерлерде жер беті және жер асты суының эрозиялық базистері төмен жатады да, судың шаю әрекеті артады, соған орай қоныс ылғалды көп қажет етпейтін биоценозды болып келеді. Мысалы, Қазақстанның Батыс Сібір жазығында жер асты суы жер бетіне таяу жатады да, қоныстарда ылғал сүйгіш биоценоздар қалыптасады.
Қоныстардың қалыптасуындағы биоценоздардың бәсекелестік күресі жоналы ландшафттылардың өтпелі бөліктерінде айқынырақ байқалады. Мысалы, республикамыздың шөлейтті жерлерінде, экологиялық жағдайлардың бірдей болып келуіне қарамастан, дала мен шөлге тән қоныстар іргелес орналасады. Мұның өзі даланың көнелі, бетегелі жерлері мен шөлдің ашқылтым жусан өскен сортанды жерлерінің жағдайын (микроклиматын, су режимін т.б.) және динамикалық тепе-теңдігін бұзбауға тырысады.
Қандай да қоныс болсын заңды түрде үйлесім тауып, түрленген фациялардың тізбегінен тұрады. Фациялық құрылымына қарай қоныстар қарапайым және күрделі болады. Қарапайым қоныстар бір-екі фациядан ғана тұратын суайырықты жондарда, тегіс жазықтарда қалыптасады. Күрделі қоныстар жер бедерінің ойыс немесе дөңес пішіндері тараған жерлерде кездеседі, фацияларының тізбектену қатары жер бедері пішіндерінің формасына қарай жолақты (жыра, сай, адыр) немесе сақиналы (ойыс пен төбе) болып келеді. Күрделі қоныстарды құрайтын фациялар кейде әр түрлі типке бөлінеді. Мысалы, Каспий маңы ойпатындағы көлтабандар орталық бөлігінде қара сулы, шетіне қарай шабындық-шөптесінді, сораң шөптесінді фациялармен көмкеріледі. Күрделі қоныстар төрт түрлі жағдайға байланысты қалыптасады.
Қоныстар ландшафтының морфологиялық құрамында алатын орнына қарай негізгі, қосалқы, сипатты-сипатсыз территориялық табиғат кешендері болып бөлінеді.
Қосалқы қоныстар ландшафттының морфологиялық құрылымына жергілікті жер жағдайына, атап айтқанда суық белдеулерде жылудың, шөлде ылғалдың молдығына, ал ылғалы жеткілікті жерде топырақты құрайтын жыныстардың тұзды болып келуіне байланысты түзіледі. Бұған мысал ретінде көпжылдық тоңды белдеудегі термокарстылық ойысты, шөлдегі оазисты, қоңыржай белдеудегі сор, сортаң жерлерді атауға болады. Қосалқы қоныстар ландшафттық зонаның табиғи табиғи жағдайымен үйлесім тауып, сол жердің ерекшелігін сипаттайды. Жыра, сай, өзен аңғары сияқты қоныстар ылғалы жеткілікті белдеудің бірден-бір белгісі болып саналады.
Қоныс ландшафттының морфоқұрылымын құрайтын тұтас тұлғалы территориялық табиғат кешені болғандықтан, ол географиялық зерттеулердің негізгі объектісі болып саналады.
Қоныс та, фация сияқты, өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын жеке-дара территориялық табиғат кешені емес. Ол биоклиматтық белгілері бойынша типтік, литогенді негізі бойынша тектес, ішкі құрылымдық айырмасы бойынша түрлес бірліктерді топтастыратын территориялық табиғат кешені.

Күрделі мекен мынадай жағдайларда қалыптасады:

а) рельефтің (жер бедерінің) ірі мезоформасына екінші қатардағы мезоформа элементтері кіріккенде. Мысалы, жыралары бар сайлар; көлшігі бар батпақты ойыстар.

ә) мезорельефтің бір формасы немесе элементі, бірақ литологиялық құрамы әртүрлі - күрделі мекен пайда болады;

б) доминантты су айрықтық мекендерде жанамалы немесе осы жерге тән емес фациялар кездескенде (карстар, батпақтар, аңдардың індері т.б.) күрделі мекен қалыптасады;

в) әрқайсысы жеке өзіндік мекен құрайтын мекендер тізбегі кездескенде күрделі мекен пайда болады. Жоғарыда көрсетілгендей мекендер орта және ірі масштабты карталар түсіргенде нақтылы мәліметтерге негізделе түсіріледі. Олар қандай мәліметтер: а) генезисі немесе шығу тегі, пайда болуы; ә) морфографикалық типі мен жергілікті ағын жүйесінде алатын орнына қарай мезорельеф формаларын белгілі бір ретке келтіру. Сонымен - рельеф - ылғалдану мен табиғи дренаж ерекшелігімен тығыз байланыста есепке алынатын көрсеткіш.
Әртүрлі ландшафттық зоналарда, подзоналарда және провинцияларда біртекті жер бедері формаларында, біртекті аналық жыныстан тұрса да климаты, ылғалдануы, топырақ жамылғысы мен биоценозы әртүрлі мекендер пайда болады. Неліктен? Өйткені территорияның орналасуы әр зонада. Сондықтан мекендердің классификациясын жасағанда фация сияқты мекендерде де зоналық және провинциялық ерекшеліктерге сүйену міндетті.
Әрбір нақтылы ландшафт Л.С.Бергтің тұжырымы бойынша уақыт пен кеңістік аралығында қайталанбайды. Бір-біріне ұқсас екі ландшафтты табу мүмкін емес, бірақ бұл түсініктен ландшафттар арасында сапалық ұқсастық жоқ деген ұғым тумау керек. Салыстыру нәтижесінде генезисі мен динамикасы жағынан бір-біріне ұқсас ландшафттарды табуға болады, сондықтан да жүйелеуге мүмкіндік бар.
Ландшафттық жүйеге келтіру жер бетіндегі ландшафттарды танып білуде үлкен ұйымдастырушы рөл атқарады және практикалық та маңызы зор. Қолданбалы мақсатта өткізілетін ландшафттық ізденістерде (мысалы, ауыл шаруа-шылығына тиімді жерді анықтағанда, табиғатты қорғау немесе мелиорация жұмыстары жүргізілгенде) олардың құрылымы күрделі болып, әрбір нақтылы ландшафтқа баға беру, оған талдау жасау қиын және көп уақытты қажет етеді. Сондықтан да көптеген жағдайларда типтік табиғи ерекшеліктерге байланысты типтік нормалар мен шараларды қолдануға тиіс болады. Кез келген табиғи жіктеу объектің инварианттық қасиетіне пайда болуына, құрылымына, өзгермелігіне негізделеді. Бұл көрсеткіштер ландшафттану жұмыстарында маңызды рөл атқаруы тиіс. Бірақ, олардың ұқсастық деңгейі әртүрлі, сондықтан ол өз маңызын жіктеудің сатылығынан табады, яғни таксономиялық бірліктер жүйесін қолданудан. Жоғарғы таксономиялық бірліктерден төменгісіне ауысқан сайын жіктеуде жаңа көрсеткіштер енгізіліп отырады. Осының салдарынан ландшафттар қамтитын шеңбер кішірейген сайын олардың ортақ қасиеттері арта бастайды. Олай болса, ландшафттардың ұқсастығы жіктеудің барлық сатыларында сақталады - тип, класс, түр, бірақ төменгі деңгейде ортақ қасиеттер көп, жоғарғысында керісінше.
Ландшафттардың ұқсастығы мен айырмашылығы көптеген себептерге байланысты, сондықтан таксономиялық қатарда осы себептер қандай тәртіп бойынша есепке алынатынын анықтаған жөн. Ландшафттардың дамуындағы төмендегідей көрсеткіштер: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафттану ғылымы туралы
Ландшафт, геожүйе және оны құрушы компоненттер
Табиғи аумақтық кешендерді зерттеудегі локальді геожүйердегі ландшафтық әдістер
ЛАНДШАФТ ҒЫЛЫМЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТ КАРТАСЫ
Ландшафттану курсы туралы
Антропогендік ландшафттану
Физгеографиялық аудандастыру
Алматы облысы Балқаш ауданы
Ландшафт компоненттері арасындағы байланыс
MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)
Пәндер