Ландшафтардың геологиялық, геоморфологиялық факторлары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ландшафт түзуші факторлар
2. Ландшафтардың геологиялық. геоморфологиялық факторлар әрекетінен түзілуі
3 . Ландшафт құрушы антропогендік фактор
4. Ландшафттың түзілуіне биотикалықфактордың әсері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ландшафт түзуші факторлар
Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды. Қалыпты жағдайда ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафттысын құрайтын құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім тауып, динамикалық тепе-теңдік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылғалдылығы, температуралық режимі, жауын-шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнары т. б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. Мысалы, қайсыбір жылдары Алматы маңындағы жеміс бақтары өнім бермейді. Зерттеген кезде сол жылдары жемістер гүлдеп, тозаңданарда ауа райының қолайсыздығынан жәндіктер дер кезінде ұшпай қалып, гүлдеген жеміс бақтар ұрықтанбай өнімсіз өседі екен. Сондықтан да жәндіктердің ұрықтандырушы әрекеттері жемістердің өнім беруіндегі шешуші фактордың рөлін атқарады.
Тағы бір айта кететін бір жайт - төтенше әрекеттесетін фактордың рөлі ландшафтының құрылымы күрделенген сайын жойыла береді. Мысалы, жазық жердегі аңызақ пен қара суыққа байланысты болатын жұт таулы жерде еш уақытта байқалмайды. Өйткені тау бедерінің кедір-бұдыры мен биіктігінің әр түрлілігі аіызақ желдің арынын, қара суықтың ызғарын басады. Тау беткейінде байқалмайтын температуралық және ылғал инверсиялары да ландшафт құрамдас бөліктерінің тепе-теңдік жағдайының сақталуына қолайлы әсер етеді.
Негізгі бөлім
- Ландшафт түзуші факторлар
Ландшафт түзуші факторлар (Геологиялық және геоморфологиялық, су және климаттық, биотикалық және антропогендік)
Ландшафт түзуші факторлар - ландшафтының ең маңызды қасиеттерін калыптастыратын факторлар. Ландшафт түзуші факторларды сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы факторларына ғарыштық, геодинамикалық факторлар жатады, ішкі факторлары ландшафтыға енетін жеке құрамбөліктері мен төменгі таксондық дәрежедегі табиғат кешендерінің өзара әрекеттері процестерінде байқалады. Барлық ландшафт түзуші факторларды зоналық (климат, топырақ, өсімдік және т. б. ) және бейзоналық (бедер, геологиялык кұрылысы) факторлар деп бөледі.
Ландшафтың түзілуі әр уақытта геологиялық - геоморфологиялық факторларджың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық - геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т. б. жатады.
Су және климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жер асты суы, күн энергиясы мен жауын - шашын жатады. Алғашқы екеуі азоналы, соңғылары зоналы жүйедегі ландшафтысын қалыптастырады. Теңіз ағыстары - жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор. Жер беті мен жер асты суы жаратылысына қарай зоналы фактордың - жауын - шашынның туындысы болып сманалады. Бірақ олар ландшафтының түзілуінде интразоналы фактордың рөлін атқарады. өзен, көл маңы және жер асты суының жер бетіне шыққан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болғандықтан, шөл, шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы қалыптасады. Оазистер саялы көк - жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады
Антропогендік ландшафт - адамның мақсатты қарекеті салдарынан, сондай - ақ табиғи ландшафтыны әдейілемей өзгертуі барысында пайда болған географиялық ландшафт.
Антропогенді фактордың әрекет ету көлемі, қарқыны халықтардың орналасу тығыздығына, өндіріс құралдары мен өндіріс қатынастарына, т. б. әлеутеттік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Жер шары ландшафтысын адам әрекетінің әсеріне қарай төртке бөлуге болады:
1. Адам аяғы баспаған табиғи ландшафты . Мұндай ландшафтыға Арктика, Антарктика және таулы белдеудегі адам қоныстандаған жерлер жатады. Бұл жерлердегі ландшафтының құрамдас бөлігі де, морфологиялық түзіліс құрылымы да тьабиғи фактордың әрекетіне ғана байланысты дамиды
2. Адам әрекетінен көп өзгерсмеген ландшафты . Ландшафтының бұл тобына тундра, тайга және шөлді аймақтарды жатқызуға болады. Бұл жерлерге халыұтар сирек қоныстанған, әзірше табиғат байлықтарын сарқа пайдаланудың қажеттілігі жоқ. Сондықтан ландшафтының құрамдас бөлік аралық тепе - теңдігі бұзылмаған.
3. Адам әрекетінен бұзылған ландшафты . Ландшафтының құрамдас бөліктер байланыстары жан - жақты зерттелмей табиғат байлықтары сарқа пайдаланылған жағдайда аңызақ, сел, індет сияқты дүлей құбылыстардын жер жыраланып, топырақ тұзданады, шабындықты арамшөп басады, жолдар мен жер азады.
4. Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафты. Ландшафтының құрамдас бөлікм арқылы немесе құрылымдық түзілу байланыстары жан - жаөты зерттеліп, табиғат байлықтары толығымен халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдаланылған жерлерде адам әрекеті ғылыми негізде жоспарланады да, ландшафтыны түлетіп, биологиялық зат айналымын, түсімділігін арттыруға, жылу, су, минералды заттар баланысын тепе - теңестіруге, жерді аздыратын жел, су эрозиясы сияқты дүлей құбылыстарлды болдырмауға бағытталады, басқаша айтқанда, жоғары өнімді мәдени ландшафттар түзіледі.
Жас айырмасына қарай антропогендік ландшафт үш топқа жіктеледі:
1 Ұзақ сақталып, өзін - өзі реттеуші ландшафты . Бұлар халық шаруашылығы айналымына қатысы жоқ әрекеттерге байланысты түзіледі. Мысалы: еліміздің әр жерінде жеке, дара немесе топ - тобымен тізбектеліп жататын қорған төбелерді атауға болады. Олар жүздеген, мыңдаған жылдар бойы жергілікті жер жағдайларымен үйлесім тапқан құрамдас бөлік аралық тепе - теңдігін сақтап келеді. Олардың түзілу жолдары адам әрекетіне байланысты болғанымен, қалыптасқаннан кейін даму эволюциясы табиғат заңдылықтарына сәйкес келеді.
2 Көпжылдық, жартылай реттелуші ландшафты . Ландшафтының бұл тобына екпе орман алқабын, канал, бөген сияқты жасанды су жүйелерін, жол тораптарын, шабындық пен жайылымдық жерлерді жатқызуға болады. Оларды халық шаруашылығы айналымынан шығарып алмау үшін мезгіл - мезгіл жаңғырту керек.
3 Қысқа мерзімді, ұдайы реттеп отыруды қажет ететін ландшафт . Бұларға егінжай, елді қоныс, кен орыны жатады. Олардың шығу тегі мыңдаған жылдармен есептеледі, бірақ қай - қайсысы болсын жыл сайын өңдеп күтуді қажет етеді. Мысалы: егістік жер жыл сайын агротехникалық өңдеуден ғана тұрақты өнім бере алады.
- Ландшафтардың геологиялық. геоморфологиялық факторлар әрекетінен түзілуі
Ландшафттының түзілуі әр уақытта геологиялық-геоморфологиялық факторлардың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық-геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрылықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлердің көрінісі, еңістігі т. б. жатады. Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі ландшафттыны бөліктерге бөлетін заңдылықтың негізгі факторы болып саналады. Басқаша айтқанда, климат мұхиттан қашықтаған сайын континентті, немесе мұхитқа жақындаған сайын теңіздік климат болып қалыптасады. Климаттың ерекшеліктеріне қарай ландшафттының басқа да, әсіресе биогендік құрамдас бөліктері секторлық бағытта бөлінеді. Жылу мен ылғалдың бойлық бағыттардағы әр түрлі мөлшерлерде бөлінулерінің айқын мысалдарын Исландия минимумы мен Сібір максимумдарының әсерлерінен көруге болады. Мұхиттар мен құрылықтардағы ауа массасының климатқа тигізетін әрекетіне қарай Еуразия құрлығының ландшафтысы төрт бөлікке бөлінеді. Алғашқысына Батыс Еуропа жатады. Мұнда Атлант мұхитының әрекеті байқалады. Екіншісі - Шығыс Еуропа. Бұл бөлікте ауа массасының батыстан шығысқа қарай ауысуы айқын байқалғанымен, ландшафттының қалыптасуында континентті ауа массасының әрекеті басым болады. Үшіншісі - Орта және Шығыс Сібір жерлерін қамтып, Сібірлік бөлікке жатады. Мұнда ландшафт мәңгі тоң жағдайында қалыптасқан. Төртінші - Шығыс бөлігі муссонды ауа массасымен ерекше көзге түседі. Жер беті жыныстарының литогенді құрамы жер асты және топырақтағы судың режимін, топырақ қабатының тұздылығын, механикалық құрамдарын түрлендіре түседі. Атап айтқанда, жазық жерде жер беті жыныстарының литогенді құрамы саздақты, құмды келеді. Соған орай сазды жынысты жерде зоналы ландшафттыны сор, құмды жынысты жерде шағылдар ерекше көріктендіреді. Тауда жер беті жыныстарының литогенді құрамы өте күрделі болады. Ол тасты шөгінді жыныстар мен жанартаулық құрамдас бөліктердің қатпарлы-жақпарлы қабаттарынан, кесектасты блоктарынан тұрады. Сондықтан жер беті жыныстарының топырақ пайда болатын қабаты жартасты, қорымтасты, қиыршықтасты болып келеді. Жер беті жыныстарының осындай әр түрлілігі сол өңірдің ландшафттысын күрделендіреді.
Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі ландшафттарды бөліктерге бөлетін зандылықтың негізгі факторы болып саналады. Басқаша айтқанда, климат мұхиттан қашықтаған сайын континентті, немесе, мұхитқа жақындаған сайын теңіздік климат болып қалыптасады. Климаттың ерекшеліктеріне қарай ландшафтының басқа да, əсіресе биогендік құрамдас бөліктері секторлық (бөлік) бағытта бөлінеді. Жылу мен ылғалдың бойлық бағыттардағы əр түрлі мөлшерлерде бөлінулерінің айқын мысалдарын Исландия минимумы мен Сібір максимумдарының əсерлерінен көруге болады. Мұхиттар мен құрлықтардағы ауа массасының климатқа тигізетін əрекетіне қарай Еуразия құрлығының ландшафтысы төрт бөлікке бөлінеді. Алғашқысына Батыс Еуропа жатады. Мұнда Атлант мұхитының əрекеті байқалады. Екіншісі - Шығыс Еуропа. Бұл бөлікте ауа массасының батыстан шығысқа қарай ауысуы айкын байқалғанымен, ландшафтының қалыптасуында континентті ауа масса- сының əрекеті басым болады. Үшіншісі - Орта жəне Шығыс Сібір жерлерін қам- тып, Сібірлік бөлікке жатады. Мұнда ландшафт мəңгі тоң жағдайында қалыптасқан. Төртінші - Шығыс бөлігі муссонды ауа массасымен ерекше көзге түседі. Жер беті жыныстарының литогенді құрамы жер асты жəне топырақтағы судың режимін топырақ қабатының тұздылығын, механикалық құрамдарын түрлендіре түседі. Атап айтқанда, жазық жерде жер беті жынысының литогенді құрамы саздақты, құмды келеді. Соған орай сазды жынысты жерде зоналы ландшафтыны сор, құмды жынысты жерде шағылдар ерекше көріктендіреді. Тауда жер беті жынысының литогендік құрамы өте күрделі болады. Ол тасты шөгінді жыныстар мен жанартаулық құрамдас бөліктердің қатпарлы- жақпарлы қабаттарынан, кесектасты блоктарынан тұрады. Сондықтан жер беті жыныстарының топырақ пайда болатын қабаты жартасты, қорымтасты, қиыршықтасты болып келеді. Жер беті жыныстарының осындай əр түрлілігі сол өңірдің ландшафтысын күрделендіреді. Халқымыз табитаттың осындай ерекшеліктеріне үлкен мəн берген. Бұған Қызылтас, Сарытау, Ақшоқы, Қарақия, Ақжон сияқты көптеген жер аттары дəлел бола алады. Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік, керілген кең, сом тұлғалары арқылы ландшафтты айқындап тұратын тосқауыл рөлін атқарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сырттан келген ауа ағымының ылғалын тосып қалады да, гумидті ландшафтының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткейлерде аридті ландшафтысы қалыптасады. Мəселен, Іле Алатауының терістігі гумидті ландшафт, ал оның қарсысындағы Күнгей Алатауының күнгей беткейі желдің ығында жатқандықтан, аридті болып келеді. Тау жоталарының ландшафтысын айқындауға тигізетін əсері барлық географиялық белдеулерде бірдей бола бермейді, ол ауа массасы айналымының бағытына, таудың биіктігіне, орналасқан жеріндегі климат жагдайына байланысты болады. Еуразияның шығысындағы таулар меридиан бағытында орналасқандықтан, Тынық мұхиттан муссонды тосады да, Арктиканың суық ауа массасының ауысуына əсер етпейді. Орал таулары онша биік болмағандықтан, батыстан соғатын желдің де, Сібір антициклонының да екпінін баса алмайды. Іле Алатауы мен Алтай тауларының биіктік айырмасы болмаса да, қарсы беткейлі лан беткейлерінің ландшафттық белдеулері бір-біріне тіптен ұқсамайды, ал Алтай тауларының ылғалы жеткілікті болғандықтан, ондағы қарсы беткей ландшафт айырмасы онша күрделі емес. Тау беткейлеріні! к. рінісі де ландшафт айырушы фактордың рөлін атқарады. Күнгей беткейге күн сəулесі көп түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді, жылу мен ылғал баланстарының ауытқуы артады да, ландшафтысы аридті бағытта, ал теріскей беткейде жылу балансы кеміп, ылғал балансының артуына байланысты жылу мен ылғал қатынасы үйлесімді болғандықтан, ландшафтысы гумидті бағытта дамиды. Тау беткейлері көрінісінің айырмасы қоңыржай белдеуде ғана айқын байқалады, ал ыстық жəне суық белдеулерде онша жақсы байқалмайды. Ыстық белдеуде күн сəулесі жер бетіне 66-90° бұрышпен түскендіктен, қарсы беткейлердің жылу балансында айырма болмайды. Суық белдеуде күн көкжиектен онша биікке көтерілмейді, сондықтан одан келген жылу мөлшері мардымсыз болады. Осыған байланысты қарсы беткейлердің жылу балансы айырмасының практикалық мəні жоқтың қасы. Көптеген жағдайда тау беткейлерінің циркуляциялық жəне инцоляциялық əрекеті қатар дамиды. Мұндайда тау жоталарының ландшафт айыру əрекетінің қарқынын арттырып, қарсы беткейлердің ландшафт айырмасы айқындала түседі. 23 Тау жоталарының ландшафт айыру əрекетінің қарқыны тау беткейлерінің еңістігіне де байланысты. Беткейлері жатық, Карпат таулары ландшафтысының айырмашылығы шамалы. Тянь-Шань тауларының беткейлері тік, еңіс болғандықтан, етегіндегі жазықтардан тік көтерілген ауа тез суынады да, шық нүктесі белдеуіндегі (1600-2200 м) бұлттылықты, жауын-шашын мөлшерін молайтады. Шық нүктесі белдеуінің үстіндегі ауа құрамында ылғал өте аз болады, ол қарсы беткейге ылғалсыз құрғақ күйінде ауысады. Бұл айтылғаннан Тянь-Шань тауларының қарсы беткей ландшафтысының ұқсас құбылыс болмайтындығын түсіну қиын емес. Таулы аймақтардың тектоникалық-эрозиялық жəне эрозиялық жолдармен тілімденулері де ландшафтының бөлінуіне əсер ететін фактор. Тау эрозиялық процестер нəтижесіндс тауаралық жазықтарға, тауіші аңғарларына бөлінеді. Таулардың бастапқы беткейлерінен қосалқы беткейлер туындайды. Оларға байланысты тауаралық жəне таулы аңғарлы ауа айналымы күшейеді, климат инверсиясы жиіленеді. Осылайша қосалқы беткейлердің өзіне тəн климаты қалыптасады. Олар территориялық табиғат кешендерін түрлендіріп отырады. Ландшафтының территориялық бөлшектенуіндегі жер беті биіктерінің атқаратын рөлін өткен ғасырдың өзінде-ақ П. П. Семенов-Тян-Шанский мен В. В. Докучаев тұжырымдап, биіктік зоналылық деген атпен ғылымға енгізген. Ол кездегі биіктік зоналылық туралы түсінік жалпы ұғым шегінен шығып кете алмады. Кейіннен жер беті биіктігінің əсері жан-жақты зерттелді де, биіктік белдеуі деген атпен жалпы географиялық зандылық дəрежесіне дейін көтерілді. Соңғы жылдардағы биіктік белдеуі туралы тұжырым айтқан ғалымдардан А. Г. Исаченко мен Н. А. Гвоздецкийді атауға болады. Ландшафтының биіктік белдеуі аэротермикалық градиенттің əсеріне жəне атмосфералық жауын- шашын мөлшерінің биіктік артқан сайынғы өзгерісіне байланысты болып келеді. Тауда əрбір 1000 м биіктеген сайын күн радиациясының қарқындылығы 10% артады, бірақ жердің ұзын толқынды радиациясының жылдам артуына байланысты ауа температурасы əрбір 100 м биіктеген сайын 0, 5-0, 6°-қа кемиді. Тау беткейлерінде ауаның қозғалыс 24 бағыттары күрделенеді, шық нүктесі төмендейді, ауадағы су буы тез арада сұйық түрге айналып, тау беткейлеріне түсетін жауын-шашын мөлшерін арттырады. Тау беткейлерінің биіктігі артқан сайын беткейлі гравитациялық процестердің (опырылып құлау, сел, қар көшкіні, т. б. ) қарқыны артады. Осылайша ландшафтының басқа құрамдас бөліктерінің өзгерістері де өзіндік сипатқа ие болады. Жазық жерлердің биіктік белдеуі ландшафтысының зоналық ырғағына күрделі өзгеріс енгізбейді. Айтылғандарға талдау жасағанымызда таудағы биіктік белдеудің жазықтағы зоналықтан ерекше бөлініп тұратындығын түсіну қиын емес. Таудың биіктік белдеуі мен жазықтың зоналылығының айырмасын С. В. Калесник төмендегіше жүйелейді:
- жазықтардағыдай субтропиктік атмосфералық максимумдар мен ауаның динамикалық жағдайларына байланысты пайда болатын зоналар тауда кездеспейді;
- жоғары ендіктердегі сияқты, ұзақ полярлық күнді жəне полярлык, түнді ортаға бейімделген ландшафттар тауда кездеспейді;
- таудағы ландшафт белдеулері гидротермикалық градиенттің өлшеміне байланысты енсіз болып келеді; - таудағы жер бедерінің əр түрлі болатынына байланысты ландшафтының биіктік белдеулігі күрделі кестелермен түрленеді.
- таудың бітіміне, əсіресе беткейлердің көрінісіне қарай əрбір таулы аймақтың бөліктері бір-біріне ұқсас бола бермейді;
- тауда жазық жерлерде байқалмайтын биіктік белдеудің инверсиясы жиі байқалады. Соңғы жылдардағы географиялық зерттеулер биіктік белдеудің мұхит түбінде де байқалатындығын дəлелдеді (Д. Г. Панов, 1950) . Əзірше мұхит түбі ландшафттары беттік, аралық тереңдік жəне түптік белдеулерге ғана бөлінеді. Биіктік белдеу туралы жиналған ғылыми материалдарды қорытындылай келіп, Ф. Н. Мильков жердің биіктік белдеулерін төмендегіше бөлді:
- қар сызығымен шектелетін нивальды (мəңгі қар белдеуі) жəне мұздықты 25 белдеу;
- абсолют биіктігі 400 м-ден кем болмайтын таулы белдеу; - мұхит деңгейімен шектелетін континентті жазықтар белдеуі;
- 200 м тереңдікпен шектелетін (фотосинтез процесі дамитын сулы қабат- тың төменгі шегі) таяз сулы құрлықтық қайырлы белдеу; - 3000 м терендікпен шектелетін құрлықтық беткей;
- 4000-5000 м терендіктермен шектелетін (карбонатты шөгінділер мен кремнийлі тұнбаларды бөлетін) абиссальды белдеу; - ультра-абиссальды белдеу, яғни, 6000 м тереңдіктен төмен жататын белдеу.
- Ландшафт түзуші антропогендік факторлар
Адам мен табиғат арасындағы өзара əрекет əр уақытта да күрделі бір ғылыми проблема болып қала бермек. Адам іс-əрекеті техникалық прогрестің артуына байланысты соңғы кезде ландшафтының əсер етуші өте күшті факторлардың қатарына қосылуда. Адам əрекеті ландшафтыны құрайтын құрамдас бөліктердің бəріне бірдей əсер етпейді. Антропогендік факторлар ландшафтының геологиялық негізін, жер бедерін, климаттың басты элементтерін түбірлі өзгерте алмайды. Адам əрекетіне байланысты, негізінен, ландшафтының өзен жүйесі, жылу жəне ылғал балансы, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өзгереді. Бірақ адам əрекеті тоқталысымен, ландшафт табиғи жағдайын қалпына келтіруге тырысады. Бұдан антропогенді жолмен қалыптасқан туындылы ландшафтының да территориялық табиғат кешендер қатарына жататындығын түсіну қиын емес. Антропогенді фактор нəтижесінде жаңа сипатқа ие болатын ландшафт құрамдас бөліктерінің тұрақтануы ортаның экологиялық жағдайынан үйлесім тапқанда ғана байқалады. Олардың құрамдас бөліктер тізбегінен орын алуы тарихи жағдайлармен ландшафтының өздігінен даму ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Құбылыстар мен процестерге жер бетінің жыралануын, топырақ жамылғысының шайылуын, құм шағылдардың көшпелі құм жондарына айналуын, т. б. жатқызуға болады. Жанама əсер ететін адам əрекеті негізінен ландшафт құрамдас бөлікті байланыстарын бұзады. Олар алғашқыда көзге көрінбейтін табиғат құбылыстарын қоздырады да, ұзақ уақыттардан кейін ғана нəтиже береді. Көпшілік жағдайда ландшафтының 33 қалпына келмейтін өзгерісін тудырады. Антропогенді ландшафтысы табиғи ортамен үйлеспейтін географиялық кешендер қатарына жатады. Олардың зат айналымына қатыспайтын қалдықтар- дан тазаруы, түлеп жетуі тек қана адам əрекетіне байланысты болады, өздігінен қалпына келе алмайды. Табиғи жолмен ұдайы дамып күрделене беретін географиялық кешендерге қарағанда, антропогенді ландшафтының жас шағын болмысынан айқын ажыратуға болады. Антропогенді ландшафтының қандай түрін болсын ұдайы жаңғыртып отырмаса, бірте-бірте жойылып кетеді. Мəселен, республикамыздағы өткен ғасырларда гүлденіп көркейген Отырар, Сығанақ сияқты оазистерді атауға болады. Олар моңғол шапқыншылығына байланысты жермен жексен болып кеткен. Демек, жоқтан бар жасау қиын да, бардан жоқ жасау оңай. Сондықтан ел игілігіне жұмсалып отырған егін жайлардың, саялы демалыс орындарының даму жолдарын ұдайы зерттеп, ерекшеліктерін танып-біліп, оларды аздыратын табиғат құбылыстарына қарсы шара қолдану бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық мəселелер қатарына қойылып отыр.
- Ландшафттың түзілуіне биотикалық фактордың әсері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz