Ландшафт түзуші құрайтын факторлар


Кіріспе2
Негізгі бөлім
1. Жер бетінің қүрлықтык жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі3
1. 1Тау беткейлерінің көрінісі4
1. 2 Күннен келетін жылу энергиясы6
2. Биотикалық факторлар7
2. 1 Антропогенді фактор
ҚОРЫТЫНДЫ9
КіріспеЛандшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен калыптасады, дамиды. Қалыпты жағдайда ландшафт кұрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтысын кұрайтын кұрамдас бөліктер бірімен - бірі үйлесім тауып, динамикалык тепе-теңдік калпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылгалдылыгы, температуралық режимі, жауын - шашыннын жылдык мөлшері, топырақ құнары, т. б. орташа жылдык көрсеткіштерінен ауыткымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше кұбылыс байқалып калады.
Су жэне климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жер асты суы, күн энергиясы мен жауын - шашын жатады. Алғашкы екеуі азоналы, соңгылары зоналы жүйедегі ландшафтысын қалыптастырады. Теңіз агыстары - жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор. Жер беті мен жер асты суы жаратылысына карай зоналы фактордын - жауын - шашыннын туындысы болып саналады. Бірақ олар ландшафтының түзілуінде интразоналы фактордың рөлін аткарады. өзен, көл маңы және жер асты суының жер бетіне шыккан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болгандыктан, шөл, шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы калыптасады.
Оаэистер саялы көк - жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады. Күннен келетін жылу энергиясы - жердегі барлық экзогенді геоморфологиялық процестерді дамытушы фактор. Оның мөлшері жеР шары бойынша бірдей емес және жер беті, мұхиттық шаралар мен кұрлықтарға бөлінуіне, құрлық беті жыныстарының литогенді құрамына, өсімдік жамылғысына, жер бедері пішініне қарай әр жерде әр түрлі мөлшердегі жылу баланысы түзіледі. Дегенмен, ол экватордан полюстерге қарай кеми береді.
Осыған орай жер беті ландшафтысы географмялық белдеу, геофафиялық зона және оның бөліктері жалпы географиялық зоналық заңдылықпен түсіндірілетін процестердің нәтежиесінде пайда болған.
Ландшафтының түзілуі әр уақытта геологиялық- геоморфологиялык факторлардың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық- геоморфологиялық факторларга жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т. б. жатады .
1. Жер бетінің қүрлықтык жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуіЖер бетінің қүрлықтык жондар мен мұхиттық шараларға бөлінуі ландшафттарды бөліктерге бөлетін зандылықтың негізгі факторы болып саналады. Басқаша айтқанда, климат мұхиттан қашыктаған сайын континентті, немесе, мұхитқа жакындаған сайын теңіздік климат болып қалыптасады. Климаттың ерекшеліктеріне карай ландшафтының басқа да, әсіресе биогендік құрамдас бөліктері секторлық (бөлік) багытта бөлінеді. Жылу мен ылгалдың бойлық багыттардағы әр түрлі мөлшерлерде бөлінулерінің айқын мысалдарын Исландия минимумы мен Сібір максимумдарының әсерлерінен көруге болады. Мұхиттар мен құрлықтардагы ауа массасының климатқа тигізетін әрекетіне қарай Еуразия құрлығыньщ ландшафтысы төрт бөлікке бөлінеді. Алгашқысына Батыс Еуропа жатады. Мұнда Атлант мұхитының әрекеті байқалады. Екіншісі - Шыгыс Еуропа. Бұл бөлікте ауа массасының батыстан шығысқа карай ауысуы айкын байқалғанымен, ландшафтының калыптасуында континентті ауа массасының әрекеті басым болады. Үшіншісі - Орта және Шыгыс Сібір жерлерін қамтып, Сібірлік бөлікке жатады. Мұнда ландшафт мәңгі тоң жагдайында қалыптасқан. Төртінші - Шыгыс бөлігі муссонды ауа массасымен ерекше көзге түседі.
Жер беті жыныстарының литогенді курамы жер асты және топырақтагы судың режимін топырақ кабатының тұздылыгын, механикалық құрамдарын түрлендіре түседі. Атап айтқанда, жазык жерде жер беті жынысының литогенді 9 құрамы саздакты, кұмды келеді. Соган орай сазды жынысты жерде зоналы ландшафтыны сор, құмды жынысты жерде шагылдар ерекше көріктендіреді.
Тауда жер беті жынысынын литогендік кұрамы өте күрделі бопады. Ол тасты шөгінді жыныстар мен жанартаулык кұрамдас бөліктердің катпарлы-жақпарлы қабаттарынан, кесектасты блоктарынан тұрады. Сондықтан жер беті жыныстарының топырак пайда болатын қабаты жартасты, қорымтасты, киыршыктасты болып келеді .
Жер беті жыныстарының осындай әр түрлілігі сол өңірдің ландшафтысын күрделендіреді. Халқымыз табиғаттың осындай ерекшеліктеріне үлкен мән берген. Бұган Қызылтас, Сарытау, Ақшокы, Қаракия, Акжон сияқты көптеген жер аттары дәлел бола алады. Таулы аймактар жыныстық айырмаларымен бірге аскар биік, керілген кең, сом тұлғалары аркылы ландшафтты айкындап тұратын тоскауыл рөлін атқарады.
Тау жоталарының жел өтіне багытталган беткейлері сырттан келген ауа агымының ылғалын тосып қалады да, гумидті ландшафтының қалыптасуына қолайлы жағдай тугызады, ал желдің ыгындағы беткейлерде аридті ландшафтысы калыптасады. Мәселен, Іле Алатауының терістігі гумидті ландшафт, ал оның қарсысындағы Күнгей Алатауының күнгей беткейі желдің ыгында жаткандықтан, аридті болып келеді. Тау жоталарының ландшафтысын айқындауға тигізетін эсері барлық географиялық белдеулерде бірдей бола бермейді, ол ауа массасы айналымының багытына, таудың биіктігіне, орналаскан жеріндегі климат жагдайына байланысты болады. Еуразияның шығысындағы таулар меридиан багытында орналаскандыктан, Тынық мұхиттан муссонды тосады да, Арктиканың суык ауа массасынын ауысуына эсер етпейді. Орал таулары онша биік болмагандыктан, батыстан соғатын желдің де, Сібір антициклонынын да екпінін баса алмайды. Іле Алатауы мен Алтай тауларының биіктік айырмасы болмаса да, карсы беткейлі лан беткейлерінің ландшафттык белдеулері бір-біріне тіптен ұксамайды, ал Алтай тауларының ылғалы жеткілікті болғандыктан, ондағы қарсы беткей ландшафт айырмасы онша күрделі емес.
1. 1Тау беткейлерінің көрінісіТау беткейлерініц көрінісі де ландшафт айырушы фактордың рөлін аткарады. Күнгей беткейге күн сәулесі көп түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді, жылу мен ылғал баланстарының ауыткуы артады да, ландшафтысы аридті багытта, ал теріскей беткейде жылу балансы кеміп, ылгал балансының артуына байланысты жылу мен ылғал қатынасы үйлесімді болгандыктан, 10 ландшафаысы гумидті бағытта дамиды. Тау беткейлері көрінісінің айырмасы қоңыржай белдеуде гана айқын байқалады, ал ыстық және суық белдеулерде онша жақсы байқалмайды. Ыстық белдеуде күн сәулесі жер бетіне 66-90 градус бұрышпен түскендіктен, қарсы беткейлердің жылу балансында айырма болмайды. Суық белдеуде күн көкжиектен онша биікке көтерілмейді, сондықтан одан келген жылу мөлшері мардымсыз болады. Осыған байланысты қарсы беткейлердің жылу балансы айырмасының практикалық мәні жоқтың қасы. Көптеген жагдайда тау беткейлерінің циркуляциялық жэне инцоляциялық әрекеті қатар дамиды. Мүндайда тау жоталарының ландшафт айыру әрекетінің қарқынын арттырып, қарсы беткейлердің ландшафт айырмасы айқындала түседі.
Тау жоталарының ландшафт айыру әрекетінің қарқыны тау беткейлерінің еңістігіне де байланысты. Беткейлері жатық, Карпат таулары ландшафтысының айырмашылыгы шамалы. Тянь-Шань тауларынын беткейлері тік, еңіс болғандықтан, етегіндегі жазықтардан тік көтерілген ауа тез суынады да, шық нүктесі белдеуіндегі (1600-2200 м) бұлттылықты, жауын-шашын мөлшерін молайтады. Шық нүктесі белдеуінің үстіндегі ауа құрамында ылғал өте аз болады, ол қарсы беткейге ылгалсыз құргақ күйінде ауысады. Бұл айтылғаннан Тянь-Шань тауларының қарсы беткей ландшафтысының ұқсас құбылыс болмайтындығын түсіну қиын емес.
Таулы аймақтардың тектоникалық-эрозиялық және эрозиялық жолдармен тілімденулері де ландшафтының бөлінуіне эсер ететін фактор. Тау эрозиялық процестер нәтижесіндс тауаралық жазықтарға, тауіші аңғарларына бөлінеді. Таулардың бастапқы беткейлерінен қосалкы беткейлер туындайды. Оларға байланысты тауаралық жэне таулы аңғарлы ауа айналымы күшейеді, климат инверсиясы жиіленеді. Осылайша қосалқы беткейлердің өзіне тән климаты калыптасады. Олар территориялық табигат кешендерін түрлендіріп отырады.
Ландшафтының территориялық бөлшектенуіндегі жер беті биіктерінің атқаратын рөлін өткен ғасырдың өзінде-ақ П. П. Семенов-Тян-Шанский мен В. В. Докучаев түжырымдап, биіктік зоналылық деген атпен ғылымга енгізген. Ол кездегі биіктік зоналылық туралы түсінік жалпы ұгым шегінен шыгып кете алмады. Кейіннен жер беті биіктігінің әсері жан-жақты зерттелді де, биіктік белдеуі деген атпен жалпы географиялық зандылық дәрежесіне дейін көтерілді. Соңғы жылдардағы биіктік белдеуі туралы тұжырым айтқан галымдардан А. Г. Исаченко мен Н. А. Гвоздецкийді атауға болады
Ландшафтының биіктік белдеуі аэротермикалық градиенттің 11 әсеріне және атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің биіктік арткан сайынгы өзгерісіне байланысты болып келеді. Тауда әрбір 1000 м биіктеген сайын күн радиациясының карқындылыгы 10 % артады, бірақ жердің ұзын толкынды радиациясының жылдам артуына байланысты ауа температурасы әрбір 100 м биіктеген сайын 0, 5-0, 6°- ка кемиді. Тау беткейлерінде ауаның козгалыс багыттары күрделенеді, шық нүктесі төмендейді, ауадагы су буы тез арада сұйык түрге айналып, тау беткейлеріне түсетін жауын-шашын мөлшерін арттырады. Тау беткейлерінің биіктігі арткан сайын беткейлі гравитациялык процестердің (опырылып күлау, сел, кар көшкіні, т. б. ) карқыны артады. Осылайша ландшафтының баска кұрамдас бөліктерінің өзгерістері де өзіндік сипатка ие болады. Жазык жерлердің биіктік белдеуі ландшафтысының зоналык ыргағына күрделі өзгеріс енгізбейді.
Айтылғандарға талдау жасаганымызда таудагы биіктік белдеудің жазықтағы зоналықтан ерекше болініп тұратындығын түсіну киын емес. Таудың биіктік белдеуі мен жазықтың зоналылығының айырмасын С. В. Калесник төмендегіше жүйелейді:
- жазықтардағыдай субтропиктік атмосфералык максимумдар мен ауаның динамикалық жағдайларына байланысты пайда болатын зоналар тауда кездеспейді;
- жоғары ендіктердегі сиякты, ұзақ полярлык күнді және полярлык, түнді ортаға бейімделген ландшафттар тауда кездеспейді;
- таудагы ландшафт белдеулері гидротермикалык градиенттің өлшеміне байланысты енсіз болып келеді;
- таудагы жер бедерінің әр түрлі болатынына байланысты ландшафтының биіктік белдеулігі күрделі кестелермен түрленеді.
- таудың бітіміне, әсіресе беткейлердің көрінісіне карай эрбір таулы аймактың бөліктері бір-біріне ұқсас бола бермейді;
- тауда жазык жерлерде байқалмайтын биіктік белдеудің инверсиясы жиі байқалады.
Соңғы жылдардағы географиялық зерттеулер биіктік белдеудің мұхит түбінде де байкалатындығын дәлелдеді (Д. Г. Панов, 1950) . Әзірше мұхит түбі ландшафттары беттік, аралык тереңдік жэне түптік белдеулерге ғана бөлінеді.
Биіктік белдеу туралы жиналған гылыми материалдарды қорытындылай келіп, Ф. Н. Мильков жердің биіктік белдеулерін төмендегіше бөлді:
- кар сызығымен шектелетін нивальды (мэңгі кар белдеуі) және мұздықты б ел д еу ;
- абсолют биіктігі 400 м-ден кем болмайтын таулы белдеу;
- муқит деңгейімен шектелетін континентті жазықтар белдеуі;
процесі дамитын кабатгһщ төменп шеп) таяз сулы құрлықтық қайырлы белдеу;
-3000 м терендікпен шектелетін құрлықтық беткей;
-400° - 5000 м терендіктермен шектелетін’ (карбонатгы шөпнділер мен кремнийлі тұнбаларды бөлетін) абиссальды белдеу;
Теңіз агыстары - жылу мен ылғалдың зоналығына өзгеріс енпзетін фактор. Атап айтқанда, Калифорния, Перуан сияқты суық агыстар жылудың жылдық мөлшерін 60 ккал см 2-ге кемітеді, ал Гольфстрим жылы ағысы 80 ккал см2-ге дейін арттырады. Суық ағыс әрекетінен климат коитинеитгі келеді де, ландшафт аридті сипатқа ие болады. Осылай Перуан ағысы әрекетіне байланысты теңіз жагасында орналасқандыгына қарамастан, Атакама шөлінің ландшафтысы түзшген. Жылы агыстар климатгың континентгігін жұмсартады. Мысалы, Мурманск поляр шеңберінен жоғары жатса да, мұзы катпайтын теңіз портгарының тізіміне кіреді.
Жер беті мен жер асты суы жаратылысына қарай зоналы фактордыц - жауын-шашынның туындысы болып саналады. Бірақ олар ландшафтының түзілунде интразоналы фактордың рөлін атқарады. Өзен, көл маңы және жер асты суының жер бетіне шыққан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болгандыкган, шөл, шөлейт, дала орманды дала зоналарьшда оазисті ландшафтысы қалыптасады’ Оазистер саялы көк-жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады.
1. 2 Күннен келетін жылу энергиясыКүннен келетін жылу энергиясы - жердегі бар экзогенді геоморфологиялық процестерді дамытушы фактор. Оның мөлшері жер шары бойынша бірдей емес және жер беті, мұхиггық шаралар мен кұрлықтарға бөлінуіне, кұрлық беті жыныстарының литогенді құрамына, өсімдік жамысына, жер бедері пішініне қарай әр түрлі мөлшердеп жылу балансы түзіледі. Дегенмен, ол экватордан полюстерге қарай кеми береді. Осыған орай жер беті ландшафтысы географиялық белдеу, географиялық зона және оның бөліктері жалпы географиялық зоналық заңдылықпен түсіндірілетін процестердің нәтижесінде пайда болган.
Биоценоздар эволюциялық процесс нәтижесінде ұдайы кұрылымдық жаратылысын жетілдіріп, күрделене береді. Демек, ішкі түр құрылымы қарапайым болып келетін суык белдеулер мен шөлді жерлерге Караганда қоңыржай ендік пен тропиктік, экваторлық оелдеулердегі ландшафтының кұрамдас бөліктерінің тепе-тендігі табигаттын колайсыз құбылыстарына шыдамды болады.
2. Биотикалық факторларБиотикалық факторлар биоценозда кұрайтын тірі ағзалардың өніп-өсу, тіршілік ету күрестері аркылы әрекет етеді. Тірі ағзаларды коректік тізбек, баскаша айтқанда, трофикалык байланысына карай продуценттер, консументтер жэне редуценттер деген үш топка бөледі. Продуценттер күн энергиясын жэне көмір кышкыл газын пайдаланып, органикалық емес заттардан органикалық заттарды синтездеп шыгарады. Консументтер - жануарлар өсімдіктермен коректеніп, өзінше қоректік тізбек қатарын кұрастырады. Жер шарындагы жануарлар жылына 164 млрд тонна фитомасса кажет етеді. Редуценттерге төменгі сатыдағы өсімдіктер мен басқа хайуанаттардың өлексесімен коректенетін хайуанаттар (сапрофагтар) жэне топырақ қабатындағы жануарлар жатады. Олар өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын шірітіп, минералдаушы қызмет аткарады, баскаша айтқанда, топырақ кордасын кұрап, оның құнарлығын арттырады.
Тірі ағзалар қоректік тізбек байланысы негізінде өніп-өсу мүмкіндігін реттеп отырады. Мысалы, республикамыздың шөл даласындагы өзен жағасында жылу мен ылгал балансы үйлесіп, топырак кұнары жоғары болғандықтан, гүлді өсімдіктер, шыбын- шіркейлер, кұстар өзен жағасынан өзгеріс колайлы мекенжай табады. Сонда гүлді өсімдіктердің нәрімен қоректенетін шыбын-шіркейлер, шыбын-шіркейлермен коректенетін құстардың биомассасы белгілі бір өлшем шегінде ала тепе-теңдік тау тұрақтанады да, қоректенушілердің биомассасы әр уакытта қоректенушілердің өніп- өсу, тіршілік ету мүмкіндігін реттеп отырады.
Тірі ағзалардың мекенжайларда орлаласуында да заңды түрде калыптасқан реттілік болады. Биоценоздар экологиялық жағдайына қарай мекенжайларды иеленеді. Мысалы, Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінің ақ аюын еш уақытта тайга зонасындағы кара аю мекеніне жерсіндіре алмайсың. Демек, мекен ландшафтысының түзілістік кұрылымын анықтаушы фактор рөлін аткарады. Белгілі бір мекенде орын тепкен биоценоздар әр түрлі экологиялык жагдайды кажет ететін тірі организм өкілдерінен күралганда гана динамикалык тұрақтылық табады. Экологиялық жағдайы ортақ тірі организмдер бэсекелік күреске түскенде жеңгендері жеңілгендерінің мекенін иеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz