Жүгерінің морфологиялық белгілері


Мазмұны
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1Жүгерінің морфологиялық белгілері
2. 2Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері
2. 3Түр тармақтарын анықтау
2. 4 Пайдалануға рұқсат етілген жүгері будандары
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жүгері-ең маңызды және барынша өнімді жемазықтық дақылдардың бірі. Соңғы жылдардағы орташа астық өнімі Қазақстан Республикасында 40-42 ц/га. 100 кг. жүгері дәнінде 120-130 а. ө., 100 кг. балаусасында өсіп-өну кезеңіне байланысты 12-26 дейі а. ө., 100кг. сүрлемде 16-22 а. ө. және 1, 2-1, 4 кг. сіңімді протеин бар. Құрғақ заттармөдшері өсіп-өну езкңдері мен жинау мерзіміне байланысты 8-27% дейін өзгереді, осыған сәйкес 100кг. балауса мен одан алынған сүрлемде өсімдіктіңпісу кезеңіне байланыты 12-16 а. ө. собық түзілгенше және 17-16 а. ө. собық пайда болғаннан кейін болады. Өсімдік табиғатында мынадай заңдылық бар:ең өнімді сорт немесе будан әдетте кеш піседі, ал ерте пісетіндер-өнімділігі төмен өсімдіктер. Жүгерінің көк балаусасы мен сүрлемінің бір азықтық өлшемінің сіңімді протеинмен қамтамасыз етілуі 60-70г-нан аспайды, ал зоотехнкалық норма100-105г. екенін білеміз, ақуыз сапасы да төмен. Жүгері өнімі өте потенциалды мүмкіндіктермен ерекшеленеді. Сүрлемге өсіргенднол далалық және орманды-дала аймақтарының суарылмайтын жағдайларында 150-300ц/га, ал суармалы жерлерде 600-850ц/га-ға дейін өнім береді. Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсу, ақуыз, май, калий, фосфор, магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан - жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі, үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » - қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель, простокваша, айранмен т. б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді) . Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды.
Жүгерінің морфологиялық белгілері
Жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, Ф. М. Куперманның (1959) сипатгауында бес түрлі- ұрықтық, эшокотильді, немесе буйір, ұрықтық эпикотильді, түйін және сүйеніш тамырлар ажыратылады. Жүгерінің дөні ене бастағанда өуелі 30-40 см тереңдіке тез бойлайтын бір үрықтық тамыр түзеді, көпшілік сорттары мен будандарында2-3 тәулікген соң-ақ 2-ден 7-ге дейін бүйір тамырлары түзіледі, бірқатар сорттарында олар түзілмейді.
Гипокодильді бүйір тамырлары бүтақтанады жөне ұрықтық тамырлармен бірігіп бірінші дөрежелі тамырлар жүйесін қалыптастырады, олар бірінші қабаттың тамырлары деп есептеледі. Бұл тамырдар көктегеннен кейінгі алғашқы 2-3 аптада өсімдікті су және қоректік заттармен қамтамасыз ету қызметін атқарады, ал соңынан мүндай рөлі не төмендейді, немесе мүдде тоқтайды.
Эпикотильді тамыршалар өсімдіктің эпикатильді бөлігінен пайда болады, ұзындығы тұқымның топыраққа сіңірілу тереңдігіне байланысты өзгереді және өте терең сіңірілгенде (10-15 см) дамиды. Бұл тамыршалар тамырлардың екінші қабатын қүрайды, алайда өсімдіктердің қоректенуінде олардың рөлі шамалы. Тамырлардың ушінші қабаты негізгі жөне өсімдіктер тіршілігіңдегі барынша маңызды-түйін тамырлары, олар сабақтың алғашқы 3-5 жерасты түйіндерінен дамиды және олардың біріншісі топырақ бетінен 3-4 см теревдікте орналасады. Түйін тамырлар жан-жағына 1 м-ге дейін тарайды соңынан 2-2, 5 м-ге топыраққа бойлайды, бірақ олардың негізгі массасы 30 см топырақ қабатында щоғырланған. Жүгерінің өскіні мен тамыршалары 46-суретте берілген.
Сүйеніш тамырлар сабақтың топыраққа жақын орналасқан 2-3 түйіндерінен тарайды. Бұл тамырлардың диаметрі түйін тамырларға қарағанда үлкен, қалың қорғаныш тканьмен қапталған, хлорофиль түзеді және жасылданады. Қолайлы жағдайларда негізгі қызметінен басқа-өсімдіктерді жапырылып қалмаудан сақтау-өсімдіктердің қоректенуінде рөл атқарады (тамырлардың 4-ші қабаты) . Егін көгі шыққаннан кейін алғашқы 45-50 күнде жер үсті массасы баяу өседі, есесіне тамыр жүйесі пөрменді өседі де жер үсті массасынан бірнеше есе асып түседі.
Жүгерінің сабағы цилиндр пішінді сорт, будан жөне өсіру ерекшеліктеріне қарай 0, 5 м-ден 7 м дейін биіктікке жетеді. Қазақстанда пайдалануға рүқсат етілген ерте жөне ортадан ерте пісетін будандарының биіктігі 2, 0-2, 5 м дейін. Түйін және түйін аралықтарының саны будандар мен сорттарына қарай 8-40 аралығанда, теменгі түйін (буын) аралықтары барынша қысқа, ал жоғарғылары-барынша үзын.
Олардың 3-10 жер асты, 6-30 және одан жоғары жер үсті буынаралықтары болады. Төменгі буынаралықтары барынша қысқа, ал жоғарғылары барынша ұзын.
Ұрықтық сабақтардың буындарға дифференциясы ұрықтық жапырақтар пайда болғаннан кейін жүреді.
Пісу мерзімі әртүрлі будандар мен сорттардың биіктігіңдегі айырмашылық буындар саны мен буынаралықтарының ұзындығына байланысты өзгереді деп қорытындылауға болады, ал будан (сорт) шеңберінде өр буынаралығының өсуіне өсер ететін жағдайларға байланысты. Буынаралықтардың өсуі интерколярлық есу есебінен төменгі буынаралықтан басталып бірте-бірте жоғарғыларына ауысады.
Сабақтың барынша нөрменді өсуі сіпсебастың жоғарғы жапырақ қынабынан шығарда жөне гудденудің бас кезінде байқалады, жылы өрі ыжалды кундері төулігіне 10-20 см дейін ұзындық қосады, гүлдену кезеңінің аяқталуымән жүгерінің бойлап өсуі тоқталады. Сабақтың буынаралықтары жапырақ қынабымен жабылған, олардың қолтығывда бір-бірден қолтық өркен қалыптасады да сабақта оның пайда болған орнында шамалы ойық түзіледі.
![]()
Жүгерінің өскіні: 1-бірінші урықтык жапырақ; 2-колеоптиле (қынаптық жапырақ) ; 3-қосалқы тамырлар; 4-мезокотиль; 5-колеориза (тамыр қынабы) ; 6-біріншілік тамырлар; 7-екіншілік тамырлар.
Әдетте ерте пісетін будандарда теменгі және жер-асты буывдарынан үзын өркендер дамвды, ал олардың қалыптасуы сорттық ерекшеліктер мен өсіру жағдайларына қарай өзгереді, бірқатар орташа мерзімде жөне кеш пісетін сорттар мен будандарда олар түзілмейді.
Қолтық өркевдерден, 2-4 жоғарғыларынан басқасынан, жүгері собығы дамиды, ал ол түр өзгерісіне үшыраған бүйір сабақ болып табылады. Сабақ жапырағы қанша болса, сонша собық түзіле алады, алайда аудандастыршгған будандарда 5-10 буынаралықтарындағы жапырақ қолтығынан ғана түзіледі. Жүгерінің сабағы жасыл күйін ұзақ уақыт сақтайды. Ол сыртынан эпидермиспен қапталған, одан кейін сабақтың діңі орналасқан, ол бір-біріне жабыса орналасқан түтікті-талшықты шоқтардан түрады жөне сабақтың қатты қабырғасын қүрайды. Сабақтың өзегі борпас паренхима клеткаларынан тұрады, олардың бойынан өткізгіш шоқтар өтеді де олардан бүйір өркендер мен жапырақ түзіледі.
Жүгерінің жапырағы, басқа астық тұқымдастардағы сияқты төменгі жөне орта түйін аралығын тығыз жауып тұратын жапырақ қынабынан жөне енді өрі ұзын жапырақ тақтасы мен кішірек келген тілшеден құралған. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы өртүрлі будандар жапырақтар санының өртүрлілігімен де ерекшеленеді жөне олардың саны 8-ден 30-40-қа дейін өзгереді.
Жүгері будандарын жүйелеу
Осы заманғы жүйелеу бойынша пісу мерзіміне қарай жүгері будандары 7 топқа бөлінеді .
Будандарды пісу топтарына және олардың жылу
Будандардың пісу топтары
Белсенді температура жиынтығы, град.
ФАО
бірлік
Қазақстанда себу-сүттене пісу кезеңінің ұзақтыға, тәулік
Ортадан ерте пісетін
Ортадан кеш пісетін
Жапырақтарының саны бойынша өрбір келесі топ адцыңғысынан 2-3 жапыраққа жөне 200°С белсенді жиынтық температураға ажырасады.
Солтүстік Қазақстанда жапырақтар саны 15-16 болатын ортадан ерте және жапырақтар саны 12-14 болатын ерте пісетін будандар аудандастырылған.
Дүниежүзілік тәжірибеде жүгері будандарын пісу мерзіміне байланысты топтау соңғы жылдары ФАО (БҮҮ азық-түлік жөне а. ш. жөніндегі халықаралық комиссия) бекіткен жүйелеу қолданылады, мүнда ете ерте пісетін будандар үшін 100-ден 149 бірлікке дейін, ерте пісетіндерге 150-199, 3-топта 200-299 ж. б. (74-кесте) қарастырылған. Будандарды пісу мерзіміне байланысты бүлай бөлу оларды нақты сипаттауға мүмкіндік береді, өйткені топтар арасындағы айырмашылық 200° өсіп-жетілу кезеңінің 8-10 тәулігіне сөйкес келеді, ал ФАО бірліктері-белсенді жиынтық температура мен өсіп-жетілу кезеңін айтарлықтай нақты анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан нақты жағдайда биоклиматтық көрсеткіштерді ескеріп барынша жоғары мүмкін өнім (астық, сүрлем) алуды қамтамасыз ететін будандарды тандап алуға болады.
Осыған орай, жылу ресурстарына байланысты әртүрлі еддерде жүгері будандарының түқымдарын ФАО-ның мынадай жүйелеу керсеткіштері ұсынылады: Алмания 180-250; Франция 230-400; Италия 600-700; АҚШ 400-600 басқаша айтқанда Алманияда пісу мерзіміне қарай 2-ші, 3-ші топ будандары пісіп үлгереді, алайда 180 көрсеткіші 3-топқа жақын, қажетті белсенді температура жиынтығы 250 бірлікте шамамен 2500°С.
Сабақтық жапырақтар онтогенезде ұрықтық будандар мен буынаралықтардың дифференциясы кезеңінде салынады, соңынан жапырақтар саны өзгермейді.
Жүгерінің барлық жапырақтарын 4 негізгі топқа бөлуге болады: ұрықтық, нағыз сабақтық, төбе жөне орауыш. Жүгеріде ұрықтық жапырақтар саны 4-7, кейде одан да көп, собықтардың пісу қарсаңында бұл жапырақтардың тақталары солып, түсіп қалады. Нағыз сабақтық жапырақтарға қолтығында бүршіктер түзілетін жапырақтар жатады.
Төбе жапырақтары-бүршіктер қолтығынан шыққандар, осыған сәйкес бүйір өркендер түзілмейді.
Орауыш жапырақтар жапырақ қынабын қүрайтын бөлігі, жапырақ тақтасы өте кішкентай, екінші дөрежелі қысқа өркендерде орналасқан, онда собық қалыптасады (47-сурет) .
Жапырақ тақтасының эпидермис қабатында өте көп мөлшерде устьицелер болады-бір өсімдікте 100-200 млн, мүның езі өсімдіктерде ауа алмасуын жақсартады. Бір өсімдіктің жапырақ беті ауданы буданның пісу тобы мен өсіру жағдайларына байланысты 0, 3-тан 1, 2 шаршы м-ге дейін өзгереді.
![]()
Жүгері: 1, 2-егін көгі және гүлдену кезевдеріндегі өсімдіктер; 3, 4-аталық гүл шоғыры және масақша; 5, 6-аналық гүл шоғыры және масақша.
Гүл шогыры мен гүлдің қүрылысы. Жүгері бір үшіі, дербес жынысты өсімдік, үш типтегі гүдцер қалыптастырады-аталықтар, аналықтар, кейде қосжыныстылар.
Аталық гүддерде негізінен аталық генеративті органдар-аталықтар дамиды жөне олар аталық гүл шоғырында-сіпсебаста (шашақта) жинақталған. Мұнда аналық ұрықтар ерте солып қалады (редукцияланады) .
Аналық гүддерде аналық генеративтік органдар дамиды, ал аталық үрық қаптары ерте солып қалады. Аналықтар қысқарған бүйір өркендеріңде қалыптасады, аналық гүл шоғырын - собық түзеді. Қосжынысты гүлдер жиі түрде өте ерте пісетін сорттарда және бүйір бүршіктерде (қысқарған) қалыптасады.
Жүгерінің сіпсебасы басқа шашақты астықтан бүйір бұтақтарының әлсіз бұтақтануымен ерекшеленеді, жиі түрде 2-3-5 бүйір бұтақты сіпсебас кездеседі. Сіпсебаста масақшалар жұптасып орналасқан, біреуінің масақша білігі ұзын болады, екіншісінде екі гүлді қысқа масақшалар. Олардың өрқайсысы екі гүл қабықшалары мен үш аталықтан тұрады (48-сурет) .
![]()
48-сурст. 1-Гүлдеп тұрғандағы жүгерінің гүл шоғыры (шашақ) ; 2-шашақтың жеке масақшасы; 3-аналық гүл шоғыры (собық) ; 4-төбесінде екіге айырылған аналық аузымен аяқталган бағаналары мен үш жатын.
Собықта масақшалар, сіпсебастағы сияқты, жүптасып орналасады да тығыз етті собық білігінің ұзына бойына бойлай қатарлар қалыптастырады. Собық масақшаларының құрылысы сіпсебастағыға ұқсас-екі гүлді. Алайда біреуі ерте сеніп қалады да, екіншісі ғана бір дән түзеді, осыған сәйкес собықта көбінесе жұп қатарлы дөндер қалыптасады-4-812-16-20 және 32-ге дейін кейде дөндер қатарының саны 6-10-15-19 түрінде болады.
Собықтардың үұындығы әртүрлі және масақшалар саны 20-дан 50-ге дейін және одан да көп болуы мүмкін. Собық білігінің жуандығы мен тығыздығы әртүрлі жөне піскен кездегі оның массасы бүкіл собықтың 18-25%-не тең.
Жүгерінің жемісі-дөн, көпқабатты перикарпий қабығынан тұрады. Жеміс қабығының түсі пигментке байланысты сары, қызыл, қызғылт, қоңыр-шие түсті, күлгін болып келеді, пигменттері болмағандағы негізгі түсі-ақ. эодоспермнің түсі - қоңыр-сары, сары, ашық-сары және ақ. Эндосперм үнды, мүйіз тәрізді, шынылы және балауызды болып бөлінеді. дөннің төменгі жақ бүйірінде қалқанымен үрық орналасқан. Ұрықта 5-7 ұрық жапырақшалары бар алғашқы бүршікті, ұрықтық тамыршаны және эпикатилді ажыратуға болады (49-сурет) .
1000 дәннің массасы будандар мен сорттарына қарай өртүрлі: ұсақ тұқымдыларда 100-150 г, ірі тұқымдыларда 300-400 г. Солтүстік Қазақстанда 200-300 г. Бұдан түрі мен өсіру жағдайларына қарай бір собықта 200-ден 1000-ға дейін (орта есеппен 500-600) дән қалыптасады.
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері
Жүгері - жылылықты сүйгіш дақыл, өсу дәуірі кезінде керекті активті температура қосындысы 1700-3100°. Өсімдік собығы сүттеніп қамырлану кезеңіне жеткенше 1800- 2300°, ал толық пісуі үшін -2100-2700° керек.
Жүгері дәні топырақ 8°С жылы болған жағдайда көктеп шыға бастайды, бірақ ұзақ 15-20 күн өніп, көгі сирек болады. Тез өніп, 6-8 күнде жер бетіне біркелі жиі шығуы үшін себу тереңдігіндегі топырақ жылылығы 10-12°С, ал ауаның жылылығы 18-20°С болғаны жөн.
Жүгерінің жер бетіндегі органдарының өсіп дамуына температураның әсері үлкен. Алғашқы кезеңде өсімдіктің өсіп дамуына онша жылы температура керек емес, ал вегетативтік органдардың жылдам өсетін, гүлдеу және пісу кезеңдерінде температура барынша жылы болуы керек.
Жүгерінің өсу дәуірінің ұзақтығы күнделікті орташа температураның мөлшеріне де байланысты. В. И. Балюраның мәліметіне қарағанда жүгерінің Воронежская - 80 сорты 17, 3° температурада көктеп шыққаннан кейін 65 күнде, ал 18, 6 градуста 56 күнде гүлдеген. Күнделікті орташа температура 16, 3° болғанда собық гүлдегеннен кейін 47 күнде, ал 12, 9° градуста 60 күнде піскен.
Жүгерінің өсіп дамудың әрбір кезеңінде жылылыққа талабы
(В. Н. Степанов, И. С. Шатилов)
Өсімдік 6-8 жапырақты кезеңінен дән қамырлану дәуіріне дейін 2-3° суықтан жүгері толық өледі. Бірақ жүгері алғашқы өсу кезінде (2-4 жапырақты кезең) суықтан зақымданса да қайтадан өсіп, жетіліп кететіндігін тәжірибе көрсетті. Мұның мәнісі, осы кезеңде дәндегі қоректік заттарды пайдалану арқылы зақымданған жапырақтардың төменгі жағы қайтадан әлденіп жаңа жапырақ өсе бастайды.
Кейінгі жылғы зерттеу нәтижелеріне қарағанда көктемдегі суыққа (төменгі температураға) төзімді сорттар шығаруға болатыны анықталып отыр. Мысалы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу жүгері институты шығарған Днепровский - 247 МВ гибриді суыққа төзімді әрі құрамында алмастыруға болмайтын амин қышқылды лизин мол.
Басқа дәнді дақылдарға қарағанда, бір мөлшердегі құрғақ заттарды құрастыру үшін жүгері ылғалды аз жұмсайды. Жүгері 1 кг құрғақ зат құрау үшін шамамен 238 кг суды қажетсінеді. Қазақтың ғылыми-зерттеу егіншілік институтының (Е. Амантаев) мәліметі бойынша бір центнер дән құрау үшін жүгері 40-50 м3 суды пайдаланады.
Жүгері дақылы жақсы өсіп дамуы үшін минералды қоректік элементтер: азот, фосфор, калий, кальций, магний және микроэлементтер - темір, марганец, бор, мыс, қалайы, молибден және басқаларды керек етеді. Бұлардың ішінде жүгерінің өсіп дамуы үшін азот, фосфор және калийдің маңызы ерекше. Мысалы, жүгері гектарына 600-700 центнер көк балауса берген жағдайда топырақтан 180 кг азот, 50-60 кг фосфор және 170 килограмнан артық калийді өз бойына сіңіреді.
Өсуінің алғашқы кезеңдерінде жүгері дақылы азотты біршама көп қабылдап бойына сіңіреді. Бұл кезеңдерде азоттың жетіспеуі өсімдіктің өсуін баяулатады, жапырағы сарғайып әлсірейді. Кейінгі кезеңде де азоттың жетіспеуі әсерінен жапырақ алақандарының көлемі азаяды.
Жүгерінің қоректік заттарды өз бойына қабылдап сіңіру кезеңі өте созылыңқы. Бұл дақылды, өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде және тез өсіп дамитын уақыты: шашақ салудан 15-20 күн бұрын шашақ органогенезінің VI сатысының аяқталуы ВИР 156 гибриді үшін 15-16 жапырақты кезең және собық пен шашақ гүлдеп, ұрықтанғанға дейін жүгеріні азотпен толық қамту жоғары өнім алуда маңызы зор.
Жүгері көктеп шыққаннан толық пісу кезеңіне дейін калийді көп мөлшерде қабылдап бойына сіңіреді. Калий негізгі органикалық қосындылардың (көмірсу, протеин, липоид) құрамына кіреді, органикалық қышқылдарды бейтараптандырады және клетка тургонының бір қалыпты болуына әсер етеді.
Түр тармақтарын анықтау
Жүгерінің 2еа тау турі мынадай белгілері бойынша 9 түр тармақтарына бөлінеді: дән ірілігі мен беті, дәннің бет құрылысы, дәңде мүйіз тәрізді эндоспермнің дамуы, дөннің қабықтылығы
![]()
Әртурлі жүгері түр тармақтары дәндеріндегі ұнды және мүйізді эндосперм бөліктерінің ара қатынасы (бой қимасы) ;
... жалғасы1-тіс тәрізді; 2-кремнийлі; 3-крахмалды; 4-жарылмалы арпалы; 6-қанттық.
Жүгері түр тармақтарының айырмашылық белгілері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz