Тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорында стандарттардың талаптарына сәйкес сапалы және қауіпсіз өнімдерді қамтамысыз ету


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2010 жылғы Жолдауында «Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз . . . Өмірге қабілетті және икемді экономика жасау үшін біз дәйектілікпен күрделі құрылымдық реформаларды жүргізіп, экспорттық әлеуетті ұлғайттық және әр тараптандыруды бастап кеттік . . . Біздің болашағымыз экономиканың одан әрі жаңғыртылуы мен базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты. » делінген.
Экологиялық таза өнім өндіру проблемасы адам қоғамының алдында тұрған ең басты мәселелердің бірі деуге болады. Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу өндірістері экономиканың басты бір кешені болып табылады. Ол тұтынушыларды сапалы тағам өнімдерімен қамтамасыздандыруды жүзеге асырады. Біздің елімізде бұл сала жақсы дамығанымен бұрыңғы кездерде топырақтың, судың, жемнің экологиялық жағдайына үлкен көңіл бөлінбеген. Соның нәтижесінде өндірілетін сүттің сапасы да төмендеген.
Балаларға арналған және жалпы тағам өндіруге қажетті таза экологиялық сүт және сүт өнімдерін алуға мүмкіншілік бар екендігін көрсетеді. Сүт сапасының жақсы болуын сүт шикізатын өндіретін өндірістің барлық сатыларындағы мамандардың біліктілігіне байланысты.
Қазіргі кезде ЖШС, АҚ және басқа да жекеменшік формасы бар көптеген сүт өндіретін өндірістердің пайда болуына байланысты таза экологиялық сүтті өндіретін арнайы шикізат аймақтарын құруда сұрақтар туындап отыр. Бұл сұрақтарда шикізат аймақтарына қойылатын экологиялық талаптардан, сүт өндіретін кешендердің эпидемиологиялық жағдайынан туындап отыр. Сондықтан да экологиялық таза сүтті өндіретін технологияларды енгізу басты мәселе болып отыр.
Қазіргі кезде біздің елімізде өнімдердің сапасына үлкен көңіл бөлініп отыр. Сондықтанда экологиялық жағынан таза аймақтарда өндірілген тағамдарға өте үлкен сенімділік білдіріледі.
Келешек 10 жылдың ішінде сүт және сүт өнімдеріне сұраныс өседі деген тұжырым бар. Егерде өнімді өндірудің жаңа технологиялары жасалса бұл салада менің ойымша тұрақтылық болады. Себебі бұл салада жетілдірудің басты мақсаты өнімнің экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға негізделеді. Ал тұтынушылық қасиетін жоғарылату үшін өнімнің дәмдік, тағамдық, тауарлық түрін және сақтау кезінде тұрақтылығы сияқты көрсеткіштерге үлкен көңіл бөлінеді.
Бұндай талаптардың орындалуының себебі болып отырған бір мәселе, сол өнімнің балалар тағамын өндіруде шикізат ретінде пайдаланатындығы болып отыр.
Соңғы 30 жылдың ішінде сүт өндірісі өте жоғары дамыды. Сонымен қатар оның санитарлы сапасына талаптар да жоғарлады.
Кейбір шет елдерде экологиялық қалпын жақсарту үшін экологиялық таза өнімді өндіре бастады. Оған шикізат химиялық заттарды пайдаланбай өндірген шаруашылықтардан алынады.
Мысалы, Данияда мұндай сүтке жәй сүттің бағасынан 20 пайыз жоғары құнды төлейді. Ал шаруаларды ынталандыру үшін оларға тұрақты бағадан 50 пайыз көлемінде қосымша қаржы береді.
Жұмыстың мақсаты - тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорында стандарттардың талаптарына сәйкес сапалы және қауіпсіз өнімдерді қамтамысыз теу жолында іс-шараларды қарастыру. Осы мақсатты өндірісте іске асыруда келесідегідей тапсырмаларды орындау керек:
1. Өндіріске ықпалдасқан менеджмент жүйелерін енгізуді қарастыру.
2. Өндірістегі технологиялық үдірістердің кезеңдерінде өнімдердің сапасына бақылау жүргізу.
3. Өнімдерді бақылау, сараптау, сертификаттау және оларға сынақ жүргізу кезеңдерін жүргізу керек.
Негізгі бөлім
1 Raimbek Agro «Айналайын» зауытының қысқаша сипаттамасы
Raimbek Agro «Айналайын» зауыты 2001 жылы ҚР-да ең сапалы, ең бағалы, құнды сүт өнімін шығару, өндіру мақсатымен пайда болды. Күніне 125 тонна стерильденген сүт, концентратталған сүт және әр түрлі сүт тағамдарын өндіреді.
Raimbek Agro «Айналайын» зауыты өзінің қызмет көрсету аралығында Алматы облысы зауыттары арасында ең ірі сүт зауыттарының бірі болды. Зауыт сүт өңдеуге арналған жаңа және жоғары технологиялы қондаралғылармен жұмыс істейді. Қазақстан нарығына жақсы сапалы сүт өнімдерін ұсынады. Автоматты түрде жуу жүйесі белгіленген және сүт өңдеудің технологиясы толықтай сақталады. Сонымен қатар тиімді бағадағы сапалы өніммен тұрғындарды қамтамасыз ету үшін жаңа буып-түю машиналары бар. Зауыттың сүт өнімдері халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Барлық шығарылатын өнімдер сертификатталған және ҚРСТ және ТШ нормаларына сәйкес келеді. Кәсіпорындарда жергілікті тұрғындардың ішінен 130 адам жұмыс істейді. Жұмыскерлер еңбек туралы заңға сәйкес жақсы жағдайлармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында еңбек қорғау бойынша қызмет құрылған. Өндірісте қауіпсіз шарттарын қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленген.
Raimbek Agro «Айналайын» басшыларымен жұмыскерлері өздерінің жұмыстағы шығармашылық табыстары олардың ұйымшылдығының және жоғары квалификациялы мамандардың бірігуіне байланысты деп есептелінеді.
Кәсіпорын жұмыскерлері Қазақстандық менеджмент, маркетинг және заң негіздерін жақсы біледі және ірі Қазақстандық фермалардың менеджерлері және маркетологтарымен жұмыс істеу тәжірибиелері бар. Raimbek Agro «Айналайын» - Қазақстандық тұтынушылар үшін жұмыс істейтін және Қазақстанның нарық экономикасының дамуына үлкен үлес қосқан отандық өндірушілердің бірден-бірі болып табылады. Raimbek Agro «Айналайын» зауытының ассортименті. Кәсіпорынның ассортименттік саясаты екі базалық бағыттар бойынша жаңа талаптарға сәйкес келеді:
- жеке компоненттерді құрамы бойынша балансталған өнімді шығару;
- Емдік және арнайы өнімдерді өндіру. Сонымен қатар сүт өнімдерінің ассортиментін жан-жақты үйлестіру мүмкіншіліктерін шектейтін негізгі факторлар:
- Сүт өндірушілердің бос финанстық ресурстардың дефициті;
- Негізгі себеп болған тұрғындардың төменгі төлем қабілеттілігі;
- Тұтынушылардың талғамы, тағам рационының құрылу спецификасы.
Осы саладағы даму ерекшеліктерін, елдің сауда - саттық нарығының құрылымын, әлемдегі тұтынушылық талғамның өзгеру динамикасын, сонымен қатар сүт өндірісінің ассортименттік негізгі бағыттарындағы отандық сүт комбинаттарының мүмкіншіліктерін ескеру керек, яғни онда ескеріледі:
- Майсыз және жартылай майлы сүт өнімдерінің ассортиментін барлық жақтан кеңейту;
- Май және көмірсу үлесін азайтудың арқасында сүт өнімдерінің каллориялығын төмендету;
- Жоғарғы майлылықтағы сүт өніміне қосымша белок мөлшерін қосу.
Майлылығы төмен сүт өнімінің ассортментін кеңейту қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
- Майлылығы төмен сүт өнімдерінің түрлірінің шектеулі санымен;
- Сүт өнімдерінің жеткіліктілігін жоғарлатуымен.
Raimbek Agro зауытының қызметкерлер құрылымының басшылығында Раимбек Ануарұлы Баталов Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы тұр. Ол 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ сәулет-құрылыс академиясының «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша оқу бітірген. 90-шы жылдары «Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушылар кеңесіне кіріп, «Новожамбыл фософор зауыты» химиялық кешенін, Тобол элеваторын, Меркедегі қант зауытын, Шымкент ЖЭЦ-3 басқарған.
1992 жылы бүгіндері табысты дамып келе жатқан Raimbek Group холдингіне айналып отырған, «Раимбек» сауда фирмасын құрды.
«Біздің стратегиямыз бар, біз дүркін-дүркін туып отыратын дағдарыстар мен күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, жетіліп келеміз. Менеджментте табыскерлік-үдерісті оңтайландыру және оларды автоматтандыруға үлкен мән береміз. Бір қарағанда түсінікті сияқты. Бірақ, білу бір бөлек. Оны жүзеге асыру бір бөлек. Бұл екі түрлі тәсілдеме. Жүзеге асыру - қашанда ең күрделісі», - дейді Райымбек Баталов.
Қазақстанда Раимбек Баталов табысты кәсіпкер ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғам қайраткері ретінде де танымал.
1 - кесте Raimbek Agro зауытының қызметкерлерінің құрылымы берілген.
1- кесте. Зауыт қызметкерлерінің құрылымы
1. 1 Raimbek Agro «Айналайын» зауытындағы сүт өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар
Шаруашылықтардың әртүрінен сатып алынған сүттің сапасы өндірістік өңдеу үшін ГОСТ 13264-88 «Сиыр сүті. Сатып алудағы талаптар» талаптары бойынша шектеледі.
Осы стандартқа сәйкес, сүт дені сау сиырлардан, әртүрлі жұқпалы аурулардан аман, ветеринарлық санитарлық ережелерге сәйкес шаруашылықтың түрлерінен алынады. Сапасы бойынша сүт мынандай талаптарға сай болуы керек.
Сүт сауғаннан кейін механикалық қоспалардан тазартылып 2 сағаттан кейін температурасы 6 0 С-қа дейін салқындатылуға тиісті. Сүт табиғи, ақ, сарғыш түсті, тұнбасыз. Сүтті қайтаруға болмайды. Сүтке тән емес заттардан болмауы тиіс. Сүтте ауыр металдар, мышьяк, афлотоксин М1 және пестицидтер қалдығы ҚР ОБД министрлігінің денсаулық комитеті бекіткен жоғары рұқсат деңгейінен жоғары болмау керек. Сүттің тығыздылығы 1, 027 кг/м 3 кем емес. Шикі сүт талаптарға сай үш сортқа бөлінеді - жоғары, бірінші, екінші. [15]
Сүттегі май мен белоктың мөлшері сол аумақтағы базистік нормадан төмен болмауға тиіс. Тығыздылығы 1, 026 кг/м 3 , қышқылдылығы 15 0 С.
ГОСТ 13264-88 талаптары бойынша сүт қасиеті 2-кестеде көрсетілген.
1
300 дейін
500
1
300-ден
500- дейін
1000
2
500-ден 4000 дейін
1000
Кесте 2 - ГОСТ 13264-88 талаптары бойынша сүттің органолептикалық қасиеті
Стандарт талаптарына сай емес немесе сиыр туғаннан кейін 7 күн ішінде және суалудан 7 күн бұрынғы, бейтараптаушы, консервілеуші заттар, өсімдік және мал қорғау химиялық заттары, антибиотиктер және кермек, борсыған иісі, пияз, жусан, жуа иісі білінетін сүттер қабылдауға жатпайды. Сүтте ингибирлік заттар, зерттеу күні байқалған болса, тіпті басқа көрсеткіштері стандарт талабына сай келіп тұрса да сүтті қабылдамайды, сол күні сүтті сортқа жатпайтын ретінде қабылдайды.
Сүттің келесі партиясын, бактериалдық тазалығы мен ингибирлік заттарды зерттеп анықтағанға дейін қабылдауды тоқтатады. Егер зерттеу нәтижесі бұрынғы зерттеуді растайтын болса, сүт қабылдау тоқтатылады.
Сүтті шаруашылықта, Ветеринарлық заңдылықта көрсетілген талапқа сай сақтайды. Сүтті арнаулы сүт автоцистернасымен немесе флягтармен тасымалдайды.
Жоғары сапалы сүт тағамдарын тек қана сапалы сүттен алуға болады, ол белгілі физикалық-химиялық, технологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тамақ өнімдерін өндіру үшін тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі аясындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес шикізатты пайдалану керек.
Тағамдық өнімдерді өндіру кезінде заңнамамен бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден, санитарлы-эпидемиологиялық немесе ветеринарлық-санитарлық сараптаудан өткен азықтық қоспаларды, малдардың өсу стимуляторларын (соның ішінде гормональді препараттарды) пестицидтерді, агрохимикаттарды қолдануға рұқсат етіледі.
Балалар тағамын, диетикалық және емдік профилактикалық тағамдарды өндіру кезінде өсу стимуляторлар (сондай-ақ гормональді препараттарды), дәрі-дәрмектердің жеке түрлерін, пестицидтер, агрохимикаттар, генетикалық модификацияланған объектілер, сәйкестендірілген заттар мен қосылыстар қосылған өндірістік шикізаттарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне өндірістік бақылау, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативті құқықтық актілердің талаптары негізінде тағам өнімдері айналымының субъектілерімен жасалған тәртіпте жүргізіледі.
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау, Қазақстан Республикасынның заңдылығымен бекітілген тәртіпте аттестацияланған немесе аккредиттелген зертханаларда жүргізіледі.
Сүт өнімдерін дайындауға арналған сүт инфекциялық ауруы жоқтығы жөнінде анықтамасы бар, деңі сау малдан алынуы керек.
Сүт және сүт өнімдерін дайындау кезінде механикалық қосындылар болмауы керек.
Токсинді элементтер афлотоксин М 1 , антибиотиктер, пестициттер, патогенді микроорганизмдер, оның ішінде салмонелла санитарлық нормаларға сай болуы керек.
Балаларға арналған сүт тағамдары және диетикалық тағамдарды дайындау сүт жоғарғы сортты болуы керек, ал термотұрақтылығы екінші топтан кем емес.
Сүттің тазалығы сауғаннан кейін 2 сағат ішінде тексеріліп салқындатылады (4±2 0 С) . [16]
Сиыр сүтiнiң сапасы келесi параметрлермен бағаланады:
- тағамдық және биологиялық құндылығы;
- органолептикалық қасиетi;
- физикалық - химиялық қасиетi;
- қауiпсiздiгi;
Белгiленген тәртiп шикi, пастерленген, стерильденген сиыр сүтiне таралады. Тағамдық және биологиялық құндылығы. сүттiң құрамындағы барлық компоненттер адам қорегiнде физиологиялық маңызы зор.
Белок ыдыраған кезде адам организiмiндегi жасушалардың, ферменттердiң, гормондардың, антиденелердiң құрылуына әсер ететiн сүт құрамындағы бағалы биологиялық компонент. Жануарлар белогiнiң iшiнде сүт белогi ең толық бағалы. Барлық ауыспайтын аминқышқылдар казеин, альбумин, глобулин белогiнiң құрамында, сүт белогi организмдегi зат алмасуын, майдың ауысуын және басқа белоктардың қорытылуын реттейтiн липотроптық қасиет және организмдi улы заттардан қорғайтын амфотерлiк қасиетке ие. Адамның аминқышқылдарына деген тәулiктiк мұқтаждығы 28, 4 г белокты немесе 14, 5 г сүт сарысуын пайдаланғанда қамтамасыз етiледi. сүт майы адам организiмiндегi биохимиялық процестердiң негiзгi көзi. сүт майының физиологиялық қасиетi құрамындағы майда еритiн витаминдерге (А, Е, Д) және ауыспайтын аминқышқылдарына (линол, линолен, арахидон) байланысты. Сүт майындағы липоидтар клеткадағы зат алмасуға қатысып ең маңызды рөл атқарады. Сүт майының жағымды дәмi сүт өнiмдерiндегi дәмдi жағымды етiп, сонымен қатар консистенциясын және құрылымын шарттайды. Сүт қанты организмдегi биохимиялық процестiң негiзгi көзi және кальций, фосфор, магний, барий элементтерiн қорытуға қатысады. Сүттегi минералдық заттар, жаңа жасушалардың пайда болуында, ферменттердiң, витаминдердiң, гормондардың организiмдегi алмасуында негiзгi роль атқарады. кальций фосфаты- сүйектiң қалыптасуына қажеттi; кальций - қан қысымын реттеуге, рак ауруына шалдықпауға; йод - қалқанша безiндегi тироксин гормонының синтезделуiне; натрий және калий хлоридi, фосфат - қандағы протаплазманың және элменттердiң пайда болуына қатысады ол 2- кестеде көрсетілген.
3 -кесте. Сүттiң органолептикалық қасиетi
5 және 4 балдық сүт сапасы жоғары, I және II сортқа жататын сүт сапасы ГОСТ 13264 стандартында көрсетiлген, 3 балдық сүт сапасы қыстық сүтке қойылады, көктем мезгiлiндегi сүт II сортқа, ал қалғандары сортсыз сүтке жатады.
Қауiпсiздiк көрсеткiштерi. сиыр сүтi құрамындағы токсикалық элементтер, микотоксиндер, пестицидтер, радионуклеидтер, антибиотиктер және микробиологиялық көрсеткiштерi “Медициналық-биологиялық талаптарға санитарлық нормаларына” сәйкес келуi керек.
Дайындау кезiнде шикi сүтке қойылатын талаптар. Шаруашылықтардан өндiрiспен өңдеуге сатылып алынатын сүттiң сапасы ГОСТ 13264-88 “сиыр сүтi. сатып алу кезiнде қойылатын талаптар. ” стандартына сәйкес келуi керек.
Стандартқа сай сүт - денi сау малдан сауылған, ветеринарлық заңнамаға сәйкес мал ауру еместiгi жөнiнде ақпараты бар болуы керек. Сапасы бойынша сүтке келесi талаптар қойлады. Сүт сауылып алынғаннан кейiн механикалық қоспалардан тазартылуы тиiс және сауғаннан кейiн 2 сағат iшiнде +6°с дан жоғары емес температурада салқындатылады. сүт табиғи және түсi ақ немесе әлсiз - сарғыш, тұнбасыз болу керек. Қатырылған сүт жiберiлмейдi. Сүтте ингибирлiк және нейтралдайтын қоспа (сода, аммиак) болмауы тиiс. Сүт құрамында ауыр металдар, мышьяк, афлотоксин М 1 және пестицид қалдығы жiберiлген мөлшерден көп болмау керек. Тығыздығы 1027 кг/м 3 . Балалар өнiмiне арналған сүт және стерильдеуге арналған сүт бiрiншi сорт немесе жоғарғы сорт талаптарына сәйкес сомалық клеткалар 500 000/см 3 көп емес, термотөзiмдiлiгi жағынан 2 г - нан төмен болмайды. Мәйектi iрмшiгiне арналған сүт жоғары немесе 1-сорт талаптарына сай болу керек және де сомалық клеткалар 500 000 см куб ал, мәйектi ашыту үлгiге байланысты қойылатын талаптар 2 кластан төмен болмау керек. Мезофильдi анаэробты бактерияларының споралары сүтте см кубта 13-тен көп болмауы керек.
Құрамындағы майлардың және белоктардың массалық үлесi аймақтық базалық нормасына сәйкес болады. Егер сүттi қабылдап алғанда соматикалық клеткасы, органолептикалық көрсеткiшi тазалығы бойынша стандартқа сай келiп, ал тығыздығы 1026 кг/м 3 және қышқылдығы 15-21°Т болса бiрiншi және екiншi сортқа жiберiледi. Талдауға арналған бақылау үлгiсiнiң мерзiмi 1 айдан аспау керек. Ветеринариялық заңнамаға сәйкес ауру малдардың сүтi жарамды деген қағазы бар сиырдан сүттi сауып алғаннан кейiн дереу термиялық өңдеуден өткiзiп, 10°с температурада салқындатады. Бұндай сүттi денi сау малдан алынған сүтке қоспайды және сортқа жатқызбайды
1 мм май қыш-
қылды бактерияларының спорасы
4 -кесте. Сүт өндiрiсiндегi сүтке қойылатын талаптар
Пастерленген сүт
Пастерленген сиыр сүтiнiң сапасы ГОСТ 13277-79 стандартында регламенттелген. Пастерленген сүт деп технологиялық өңдеу кезiнде белгiлi бiр температурада өңделiп кейiн салқындатылатын сүттi айтады. Пастерленген сүт келесi түрлерге бөлiнедi:
- 2, 5% майлылықта пастерленген;
- майлылығы 3, 2 % пастерленген сүт;
- майлылығы 6 % пастерленген сүт;
- майлылығы 4 % қойытылған сүт;
- майлылығы 1 % белоктық сүт;
- майлылығы 2, 5 % белоктық сүт;
- с витаминi бар майлылығы 3, 2% сүт;
- с витаминi бар майлылығы 2, 5% сүт;
- с витаминi бар майсыздандырылған сүт;
- майсыз;
- майлылығы 1, 5% пастерленген сүт;
- майлылығы 3, 5% пастерленген сүт;
Органолептикалық көрсеткiшiне байланысты пастерленген сүт сапасы кестеде көрсетiлген талаптарға сәйкес болу керек 4-кесте.
Тұнбасыз бiртектi сұйықтық. Қайырылған сүт және пастерленген сүт үшiн майлылығы 4-6% кiлегейсiз болады.
5- кесте. Пастерленген сүттiң органолептикалық көрсеткiштері
Пастерленген сүт құрамында патогендi микроорганизмдер, токсикалық элементтер, микотоксиндер, пестицидтер болмау керек. Пастерленген сүт технологиялық процесс аяқталғаннан кейiн температурасы 0-ден 8 0 с температурада 36 сағат белгiленген санитарлы талаптарға сәйкес сақталады.
Сараптау сапасы және сынау әдiсi. Үлгi алу және талдауға дайындалатын үлгi ГОСТ 26809-86 стандарты бойынша жүргiзiледi. Бiр тектi сүт өнiмi деп табиғи, майлылығы жоғары қайырылған, белоктық, витаминделген сүт, кiлегей және кiлегейдегi сусындар бiр мезгiлде өңделiп, бiр жұмыс сменасында, бiр ыдысқа буып-түйiлгендi айтады. Цистернадан, флягадан үлгi алу үшiн сүттi араластырады. Механикалық әдiспен сүттi араластырған кезде флягаға құйып бiр минут, уақытында араластырады, автомобиль цистернасында 3-5 минут темiр жол цистернасында 15-20 минут көпiршiктенуге дейiн араластырады және сүттi цистернаның люгынан құяды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz