Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік



І КІРІСПЕ ... ... ... ... .3

І БӨЛІМ. ОҚЫТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА СИПАТТАМА
1.1 Оқыту заңдылықтары мен принциптері ...6
1.2 Оқыту заңдылықтары және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

ІІ БӨЛІМ. ОҚУ ПРОЦЕСІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА СИПАТТАМА
2.1 Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы ... ... ..18
2.2 Негізгі әдістемелік принциптер ... ... ... ..

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... .24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ...25

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... 26

ҚОСЫМША
Сабақ оқу процесіндегі ұйымдастыру формасының бір ғана түрі емес, экскурсия, лекция, семинар, практикалық жұмыстар т.б. оқу процесін ұйымдастырудың түрлеріне жатады. Олардың дидактикалық мақсаты сабақ мақсатымен салыстырғанда тарырақ, әрі бір жақты деуге болады. Сабақты жетілдірудің басты шарты - білім беру мазмұнын ғылыми тұрғыда белгілеу және оқушылардың білім игеру заңдылықтарын айқындау [1].
Оқыту процесінің заңдылықтары оның қағидаларында бейнеленеді. Қағида «принцип» - латын сөзі – негізгі бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды.
Оқыту процесінің бірнеше принциптерін, яғни, қағидаларын атауға болады.
Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. ¤йткені, оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұның, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғаліммен оқушылардын іс-әрекеттердің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
1. Қоянбаев Ж.Б Қоянбаев Р.М. //Педагогика Алматы 2002
2. Сабыров Т. //Оқу теориясының негіздері Алматы 1993
3. Әбиев Ж.Ә Бабаев С.Б. Құдиярова А.М // Педагогика Алматы дарын 2004
4. Бабанниский Ю.К //Педагогика Москва Просвещение 1988
5. Қазақ совет энцикклопедиясы 1976 9том
6. Әлібекова С. Сабақ-басты көрсеткіш // Бастауыш мектеп 2004 №3
7. Бейсенбаева А. Пенаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру Алматы 1995
8. Подласый И.П Педагогика // Москва. Владос 2003
9. Волков К. Н,. Фридман Л.М Психологическая наука-учителю Москва 1985
10. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы 2004
11. Смағұлова Д. Мушрапилова З. Ауыл мектептерде оқыту процесінде дәстүрлі емес амал-тәсілдерді қолдану. Бастауыш мектеп
12. Омарбекова А. Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру. Бастауыш мектеп 2006 №3
13. Тәжібаева С. Дәстүрлі емес сабақтар. // Қазақстан мектебі 2003 №2
14. Сағындықова К. Білім сабақ сапасынан Қазақстан мектебі №7
15. Аубакирова А. Нағымжанова Иновация ұғымы теориялық сипаты, инавациялар типологиясы. Ізденіс 1999 №4,5
16. Абдраимов Қ.М. Пікір сайыс шыңдалу мектебі. Бастауыш мектеп 2003 №8
17. Асылбаева Р. Психологияға дем қою-сапаға жету Қазақстан мектебі 2003 №4

Сілтемелер

1. Қоянбаев Ж.Б Қоянбаев Р.М. //Педагогика Алматы 2002 [3 бет]
2. Сабыров Т. //Оқу теориясының негіздері Алматы 1993 [4 бет]
3. Әбиев Ж.Ә Бабаев С.Б. Құдиярова А.М // Педагогика Алматы дарын 2004 [5 бет]
4. Бабанниский Ю.К //Педагогика Москва Просвещение 1988 [6 бет]
5. Қазақ совет энцикклопедиясы 1976 9том [7 бет]
6. Әлібекова С. Сабақ-басты көрсеткіш // Бастауыш мектеп 2004 №3 [9 бет]
7. Бейсенбаева А. Пенаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру Алматы 1995 [10 бет]
8. Подласый И.П Педагогика // Москва. Владос 2003 [11 бет]
9. Волков К. Н,. Фридман Л.М Психологическая наука-учителю Москва 1985
[11 бет]
10. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы 2004 [12 бет]
11. Смағұлова Д. Мушрапилова З. Ауыл мектептерде оқыту процесінде дәстүрлі емес амал-тәсілдерді қолдану. Бастауыш мектеп [12 бет]
12. Омарбекова А. Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру. Бастауыш мектеп 2006 №3 [12 бет]
13. Тәжібаева С. Дәстүрлі емес сабақтар. // Қазақстан мектебі 2003 №2 [13 бет]
14. Сағындықова К. Білім сабақ сапасынан Қазақстан мектебі №7 [14 бет]
15. Аубакирова А. Нағымжанова Иновация ұғымы теориялық сипаты, инавациялар типологиясы. Ізденіс 1999 №4,5 [16 бет]
16. Абдраимов Қ.М. Пікір сайыс шыңдалу мектебі. Бастауыш мектеп 2003 №8 [20 бет]
17. Асылбаева Р. Психологияға дем қою-сапаға жету Қазақстан мектебі 2003 №4 [23 бет]

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

І
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І БӨЛІМ. ОҚЫТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА СИПАТТАМА
1.1 Оқыту заңдылықтары мен принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Оқыту заңдылықтары және олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

ІІ БӨЛІМ. ОҚУ ПРОЦЕСІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНА СИПАТТАМА
2.1 Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты
заңдылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Негізгі әдістемелік
принциптер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..21

ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ҚОСЫМША

Кіріспе

Сабақ оқу процесіндегі ұйымдастыру формасының бір ғана түрі емес,
экскурсия, лекция, семинар, практикалық жұмыстар т.б. оқу процесін
ұйымдастырудың түрлеріне жатады. Олардың дидактикалық мақсаты сабақ
мақсатымен салыстырғанда тарырақ, әрі бір жақты деуге болады. Сабақты
жетілдірудің басты шарты - білім беру мазмұнын ғылыми тұрғыда белгілеу және
оқушылардың білім игеру заңдылықтарын айқындау [1].
Оқыту процесінің заңдылықтары оның қағидаларында бейнеленеді. Қағида
принцип - латын сөзі – негізгі бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің
принциптері деп атайды.
Оқыту процесінің бірнеше принциптерін, яғни, қағидаларын атауға болады.
Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды.
Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. ¤йткені, оқыту әдістері олардың
мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның
ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұның,
әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен
ұйымдастыру мұғаліммен оқушылардын іс-әрекеттердің үнемі жоспарлы түрде
өтуіне игі әсер етеді.
Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымен
байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік
және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке
көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.Оқушыларды еңбектік
іс – әрекеттің түрлеріне қатынастарын, әрекеттің қоғамның түпкі
мүддесі үшін, материалдық және рухани игіліктерді байыту үшін
күресетін құрамды бөлігі екенін қабылдайтындай етуіміз керек.
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы
кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық
деңгейіне байланысты.
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқу-шылар ұжымы
біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған
орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың
шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен
объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады Мысалы, мұғалімдер
мен оқушылар арасындағы қарымқатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық
немесе бірлестік іс-әрекеті т. б. Мұндай байланыстар оқыту процесінің
табысты болуына игі әсер етеді.
Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқы-тудын, мақсаты,
мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер
бірбірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық
процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күш-теріне
байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда
оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды. Егер қойылатын талап
оқушылардың мүм кіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық
даму процесінің көзіне айналады.
Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Оқыту процесі тәрбие
процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын,
нәтижесі тез тексерілегін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау,
жаттығыу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін
іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне
сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл тотығының гидраты мен қышқыл
арасындағы реакцияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар ма
екен? Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның нә-
тижесінде тек қана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакциялы бейтарап
реакция деп атайды.
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәр-бие
шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес.
Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сырт қы факторлар зиянды әсер етеді.
Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан
педагогиканы А. С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және
тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында,
жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю. Қ. Бабанскийдің, И. Я.
Лернердің, И. Ф. Харламовтың енбектерінде кең көлемде баяндалған. Осы
тұрғыдан педагогиқалық процесс заңдылықтарын оқу бағдарламасы негізінде
қысқаша сипаттауды қажет деп таптық.
Кұбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс
философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің зандылықтары оның
тұтастығын дәлелдейді. Мұнда зандылықтардың бірнеше түрлерін атауға
болады[2].
Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына бай-ланысты заңдылығы.
Мектепте бұл заңдылықты іске асыру еліміздін, әлеуметтік-зкономнкалық
дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-
техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептін
оқуматериалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс ти-імді
ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту
процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан
оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру,
тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.
Л. С. Выготокийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып
отырса, ол бала дамуының ең таяу даму зонасын жасайды, баланы ізденуге
талаптандырады және дамудын бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа
келтіреді. Ең таяу даму зонасы одан әрі актуальды даму зонасына
көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен
орындайды.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды,
білімді медгеру негізіиде ғана игі әсер етеді. Егер оку-шы оқуды өзімнің
міндетім деп санамаса, өзініц жауапкершілі-гін сезінбесе, онда оқытуды да
жақсы уйымдастыруға болмайды.
Оқыту процесінде балаиың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді,
ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белссн-ділігі дамиды, затт-ың
мәнін, ғылыми ұғымдарды терен түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған
сұрақтардың жауаптарын табады.
Оқыту іс-әрекеті шешуші роль аткарады, Оқыту іс-әрекетінің бірнеше
түрлері бар. Оларға ойын, оқу, енбек, көркемдік, қоғамдык іс-әрекеттері т.
б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланын, ақыл-ойы, дүниеге
көзқарасы дамиды, әстетикалық- қаснеттері қалыптасады, енбек етуде жауап-
кершілік сезімі артады[3].
Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос
Коменский болды. Ол ХҮІІ ғасырда Ресейдің Львов, Луцкая және басқа да
облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің "Ұлы дидактика"
кітабында атап көрсеткен. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық
тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу әдістері: Курстық жұмыстың мазмұнын аша түсу үшін көптеген
әдебиеттер пайдалана отырып, зерттеу саластыру, саралау мен қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І Бөлім. Оқыту заңдылықтары мен принциптері және оларға сипаттама
1. Оқыту заңдылықтары мен принциптері

Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан
анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар,
процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне
қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады.
Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі
заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп
аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген
заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері
реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар
өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас
концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі
кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог
пікірінше, оқудың негізі – табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған
принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады.
А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен
толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмұнына; 2) оқытушыларға; 3) оқушыларға
қатысты болды. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп
берді: уақытқа сай болуы, бірізділік, табиғилық, тұрақтылық, игеру
беріктігі, анықтығы, оқушылардың дербестік əрекеті, жүктемелердің аса ауыр
не өте жеңіл болмауы, дұрыстық.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи
сəйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі
дидактикалық принциптер төмендегідей: 1) саналылық жəне белсенділік; 2)
көрнекілік; 3) жүйелілік жəне бірізділік; 4) беріктік; 5) түсіністік; 6)
ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен практиканың байланысы.
Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі-
оқыту процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тектәрбие
және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондыктан оған толық та
жан-жақты анықтама беру қиынға соғады.Оқыту процесі әр текті және
табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен
қатынастарын камтиды. Процес аныктамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелгі және отрағасырлык ойшылдардың шығармаларында оқыту, оқыту
процесі ең алдымен максаты- оқушы болған оқыту қызметін біл-дірген.
Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті кұрайтын екі ікті-оқыту
қызметі мен оқып-үйренуді камтитын болды. Оқыту оқу материалын игеруге
ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып -үйрену ұсынылған
білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-әрекетін танытады.
Кейінгі жылдары оқыту ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін
калыптастырушы мұғалімнің басқару іс- әрекетін де, мұғалімдер мен
оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де аңдататын болды.Мұғалім мен оқу-шының
бірлікті іс-әрекеті болған оқыту процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің
бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқыту келесі белгілерімен
сипатталады:1) екі тараптылық; 2) мұғалым мен оқушының бірлікті әрекеті; 3)
басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5)
біртұтастык және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәй-кестік;
7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларың
дүниетанымын, күш-кайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет
барысы.Оқыту барысында оқушының сана- сезімі, адамгершілік кәсиеттері,
әстетикалық талғамы, түлғалық қасиеттері калыптасып дамиды.
Оқытудың психологмялык, педагогикалық ерекшеліктеріне назар
аударйық[4].
Оқыту- мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері мазмұны
мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту-таным процесі.Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген
қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен (табиғар, қоғам) және адам
дамуының негізгі заңдылыктарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын
ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды заңдылыктар мен
тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы
кездегі қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми практикалық
деңгейіне байланысты.
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір
жағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған
орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардын
шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудын объектілері мен
субъектілері арасында әртүрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, мүғалімдер
мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық
немесе бірлестік іс-әрекеті, тағы басқа.
Ондай байланыстар оқыту процесінің табысты болуына игі әсер етеді.
Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері болады. Олар оқытудың мақсаты,
мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер
бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық
процесс сонда ғана татымды нәтиже береді.
Сыныптағы оқыту процесі, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне
сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, әрбір сабақ үстінде металл тотығының
гидратты қышқыл арасындағы реакцияны оқушыларға басқаша түсіндіруге болар
ма екен?
Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл реакцияның
нәтижесінде тек қана тұз бен су пайда болады. Мұндай реакцияны бейтарап
реакция деп атайды.
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез
іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес.
Құбылыстар мен процесстер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс
философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның
тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардын бірнеше түрлерін атауға
болады[5].
Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде
жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы,
берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады.
Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы
анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің зандылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту
зандылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы
зандылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан
тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері,
құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар
бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке
бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1.Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам
талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
Оқушының таным белсенділігі артқан сайын,оқыту сапасы жоғарылайды.
Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға,түзету іс-әрекеттеріне
тәуелді.
Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін
ұйымдастыру.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп,
жаңарып, толықтырылуы.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары
жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен
оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.
Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы
туралы заң.
Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы
туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді.
Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ,
сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педаго-
гикалық зандылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.
Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида.
Дидактикалық принциптер -оқытудың мазмұнның, ұйымдастыру түрлерін,
әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар
жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту
заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі
қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан,
кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері
жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту
принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді
ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас
бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға,
түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен
талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін
басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру
формаларын талдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім
дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ
тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда
оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен
белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика
принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық
өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған
дидактикалық принциптер жүйесі:
ғылымилық,
саналылық пен белсенділік,
көрнекілік,
жүйелілік пен бірізділік,
беріктілік,
тиімділік,
теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына
тоқталайық. Педагогикалық ереже
- жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы
белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі.Ережелер оқыту
принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан
тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Зандылықтармен, принциптермен
салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты
шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау
ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын
төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік,
стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда
дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына
жетері сөзсіз[6].
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге
асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика
принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагоггар оқытудың
принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін
іске асырады.
Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы,
мұғалімнің басшылық рөлі, ынталандыру, проблемалық оқыту, дамыту, оқыту
және тәрбиелеу бірлігі, ізгілендіру, жас және дара ерекшеліктерін назарға
алу, кіріктіру принциптері.
Біреулері: бұл мектепті демократияландырудың дұрыс жолы деп қараса, ал
екінші біреулері керісінше, бұл сабақтар еріншек, еңбектенбейтін және
еңбектенгісі келмейтін жалқау оқушылардың кесірінен мұғалімдердің
педагогикалық принциптерді бүзуына әкеліп соқтырады деп санайды.
Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен дәстүрлі емес жаңаша
оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді: дәстүрлі оқыту үрдісінде
мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда
мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге
жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап
және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді оқушыларға
дайын күйінде меңгертеді.
Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргендерін ғана меңгеріп
қоймай, мұғаліммен тікелей пікірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы
ғана емес, жетекші бағытты үстайды. Ол әлемді тануға, белсенділікті
анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әртүрлі болады. Тапқан
шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады.
Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бірлік
одақта қызмет істейді.
Оқытудың кейбір формалары, мәселен, сабақ сияқтысы адамзатқа ұзақ та
сенімді қызмет етіп келеді. Мұның өзі оқытудың формасы ретінде сабақ
ғасырлар бойында өзгермеді деген сөз емес. Алғашқыда балаларды оқыту,
негізінен алғанда, жеке-дара жолмен жүзеге асырылды. Бірақ мұндай жолмен
оқушылардың шағын ғана мөлшерін оқытуға болатын еді. Қоғамның дамуы барған
сайын сауатты адамдарды көп мөлшерде керек етті, осы қажеттіктің көрінісі
ретінде оқытудың басқа да формалары туа бастады. Жас ұрпақты оқытудың
ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады Тіпті қазіргі кезде Қазақстанда
бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында білімнің жаңа жүйесі
құрылуда. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды
енгізу белсенді түрде қолға алынып отыр. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен
оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде
болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша
қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,
жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.[7].

1.2 Оқытуды заңдылықтары және олардың жіктелуі

Қазақстан Республикасының Егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап
Білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысыңда
оқушының жеке тұлғасын жан - жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін
дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның
дәлелі республикамыздағы Білім туралы заңының қабылдануы.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің міндеті - өзінің
талантын танып және оны таныта алатын жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру
болып табылады. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың іс-әрекетінің маңызды
жақтарына көп көңіл аударуымыз қажет.
Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын, белсенділігін
арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу - ол мектептегі
оқытудың негізгі мәселелері [8].
Білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге
асыруда әр пәнді оқудың өз орны мен ролі бар. Оқытуда оқу үрдісін сапалы
үйымдастыра отырып оқушы белсенділігін арттыру мұғалімнің әдістемелік
шеберлігінде екендігі сөзсіз. К.Д. Ушинский "... өз сабағында барлық
оқушыларды тарта білуі, белсенділігін оята білуі мұғалімнің көрсеткіші", -
деді [9].
Оқытудың формалары туралы айтқанда, оқушылардың белгілі бір оқу
әрекетін ұйымдастыру еске алынады. Ол үшін оқыту дегеніміздің өзі не
екендігін біліп алуымыз қажет.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың
біріккен іс-әрекеті, сондықтан да ол екі жақты, біртекті процесс:
біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді,
екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және
оларды өмірде қолданады. Ал енді бұл жерде "білім беру" дегеніміз не?-
деген сұрақ туындайды.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім
жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін
айтады. Оқыту мен білім беру ұғымдары - тәрбиенің құрамды бөліктері. Бұлар
педагогикада бірыңғай және тұтас процесс болып қарастырылады. Оқыту
барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім
беру және тәрбиелік мәні бар.
Оқыту формалары өзгермейтін дүние емес. Мектептердің даму тарихында
оқытудьщ міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытуды ұйымдастырудың
формасы да өзгереді; ескілер өледі, жаңалар туады. Олардың өзгеруі мұғалім
мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және
үдемелі ғылыми-техниканың өзгеруіне байланысты болады.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы
қалыптасты: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе.
Ерте замандағы Вавилонияда, Египетте, Қытайда, Үндістанда, оқытудың
жеке-топтық формалары шығып дамыды.
Орта ғасырда сабақ бір топ оқушылармен өткізілді. Мектептерде
сабақтардың тұрақты кестесі, оқытудың дәл мерзімі болмады, оқушылар
мектепке жылдың қай мезгілінде болса да қабылданды.
Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық
оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп
отырып, әр кітаптан оқыған.
Қоғамның дамуы білім беру ісіне көтеріңкі талап қойды. Сондықтан оқыту
жұмысын ұйымдатырудың тиімді формасы туралы сұрақтар туа бастады. Оқытудың
мұндайформасы ХҮІ ғасырда Ресейдің оңтүстік батысындағы мектептердің
тәжірибесінде пайда болды. Мектептерде құрамы берік, белгілі жастағы
оқушыларға сынып ұйымдастырылды, оқу сабақ кестесі бойынша өткізілді, әрбір
оқу сабақ деп аталды [10].
Н.В.Савин "Педагогика" атты оқулығында: "оқыту формасын ұйымдастырудың
негізгі формасы сабақ деп есептеледі, өйткені ол ең алдымен мұғалімге
оқытылып отырған пәнді жүйелі де дәйекті түрде баяндап беруге, балалардъщ
ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, олардың дүниеге коммунистік көзқарасын
қалыптастыруға мүмкіндік береді"- деп атап көрсетеді [11].
ХҮII ғ. аяғында XIX ғ. басында Англияда оқытудың "белль-ланкастер"
жүйесі тарады. Бұл жүйені жасаған дін қызметкері А.Белль және мұғалім
Д.Ланкастер. Бұл жүйе бойынша мұғалім оқуды 600-ден астам оқушылармен үлкен
залда өткізеді. Содан кейін оқушыларды топтарға бөледі. Әрбір топтағы
оқушылармен оқуды мониторлар - топ басшылары жүргізеді. "Сатылы" немесе
"өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылында жас шамалары, білім
дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде
болмасын оқуға қабылдап отырған.
Оқытуды ұйымдастырудың мұндай жүйесі XIX ғасырдың үдемелі педагогтары
А.Дистервектің, К.Д.Ушинскийдің идеяларына қайшы келеді. Олар сабақта
ойлау, сұрақтар мен жауаптар, іздену, табу үстем болу керек дейді. Демек,
оқытудың дамыту тәсілдерін қорғайды [12].
Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос
Коменский болды. Ол ХҮІІ ғасырда Ресейдің Львов, Луцкая және басқа да
облыстардағы мектептердің тәжірибесін жинақтап өзінің "Ұлы дидактика"
кітабында атап көрсеткен. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық
тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша
топтастыру.
2.Сыныптағы оқушылар құрамын әркезде тұрақты ету.
3.Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек оқыту.
4.Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға
негіздеу.
5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
6. Оқытуды ұйымдатыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінде үш жүзге дейін оқушыларды оқытудың
мүмкіншілігі туралы пікір айтты. Бұл жерде сыныпты әрбір он балаға бөледі,
оқуды әрбір топпен жақсы оқитын оқушы-декурион жүргізеді.
Америка Құрама Штаттарында Дальтон қаласында XX ғ. басында "дальтон-
план" оқу формасы түңғыш рет қолданылды. Дальтон-план сабақты болдырмауды,
жүйелі курстардың оқытылмауын талап етеді. Сонымен бірге дальтон-план
нәсіліне қарай қабілетті, дарынды балаларды оқытуды жақтайды. Дальтон-
планның мәні: оқушы өз бетімен жұмыс істейді, тапсырманы орындайды, сынақ
тапсырады, келесі тапсырманы дайындайды. Демек, консультанттар балалармен
дербес оқытуды жүргізеді. Дальтон-планның негізгі мақсаты ұжымнан
жекеленетін адамдардың психологиясын тәрбиелеу. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу
жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп
оқытуды ұсынады. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі
төмен болды [13].
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп
атқаратын жұмысы ретівде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл
әдіс бойынша оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын
бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар)
белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын
жинақтап мұғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай,
бригада оқушылар білімінің бағасы қойылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке
басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде
ғана жұмыс атқарды.
Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары
Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Жоғары мектепте оқытудың ұстанымдары
Оқыту заңдылықтары және принциптері туралы жалпы түсінік
Педагогиканың дәрістері
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Дидактика принциптерінің жалпы сипаттамасы
Акмеология
Оқытудың заңдылықтары мен қағидалары
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесі
Пәндер