Студент жастардың әлеуметтену үрдісін психологиялық зерттеу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .: 1 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3:
КІРІСПЕ. . .: 1. 1 Психология ғылымындағы әлеуметтену ұғымының теориялық сипаттамасы . . .
3: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Студент жастардың әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері . . .
3: 21
КІРІСПЕ. . .: 2 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
3:
КІРІСПЕ. . .: 2. 1 Зерттеу жұмысының сипаттамасы мен процедурасы . . .
3: 36
КІРІСПЕ. . .: 2. 2 Зерттеу жұмысының барысы мен нәтижесін талдау . . .
3: 45
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 60
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 62

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі . Бүгінгі жастар ертең ел тізгінін қолға алып, Қазақстан деген ұлы мемлекетті болашаққа апарар ұрпақтың алдыңғы қатарлы арқа сүйер өкіліне айналмақ. “Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе” деген сөз бар. Демек, келешегімізді ойласақ, бүгінгі ұрпаққа жағдай жасауымыз керек.

Сол ұрпақтың бір буыны ақыл-ойы жетілген, қоғамның саналы мүшесі - бүгінгі студент жастар. Ал студент жастар дегеніміз кім? Олар - мектеп табалдырығын келешекке деген үлкен үміттпен аттап, болашақ маман иесі болуды армандап, жоғарғы оқу орындарына келген жастар. Ал статистикаға сүйенетін болсақ, студент жастардың 60-70%-ын ауыл жастары құрайды екен.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер елімізде және басқа елдерде де дамып келе жатқан білім беру мекемелеріндегі студенттердің қоғамдағы ерекше арнайы әлеуметтік топ болып қалыптасуына алғышарт болады. Бүгінгі күнде студенттің ролі ерекше мәнділікпен өсіп келеді.

Студенттің әлеуметтену сипаты ерекше назар аудартады. Қоғамда студент ең алдымен, әлеуметтік жүйенің органикалық түйіні. Екіншіден, студенттің ерекшелігі, мінезі, дүниетанымы, қоғамның мақсат талабына сай келеді.

Арнайы әлеуметтік демографиялық топ - жастардан құрылады. Сондықтан студенттерді ерекше әлеуметтік топ деп қарастыру дұрыс болар еді. Студенттің субмәдениетінің ерекшелігі болып студенттік орта, оқу мақсаты, интелектуалды потенциалы саналады. Студенттердің танымдық құрлысы оның мінезінің бір ерекшелігі, бұл қазіргі уақытта мақсат бағдарлылықпен жоғарғы әлуметтік бағдарды көрсетеді. Студентті сипаттайтын ең негізгі мінездік ерекшелігіне еңбек, таным және қарым-қатынас, сонымен бірге әлеуметтік рольдерді жүзеге асыруындағы студенттің өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыру жатады.

Ал адамның негізгі әлеуметтік потенциялының дамуы үшін студенттік кезең сензитивті болып саналатыны белгілі. Жоғарғы білім адамның психикасына, жеке басының дамуына зор әсерін тигізеді. Жоғарғы оқу орнындағы білім алу кезінде студенттерге жағымды жағдай әсер еткен кезде, яғни әлеуметтену үрдісі қалыпты денгейде өтсе, ол психиканың барлық деңгейлерінің одан ары жақсы дамуына жағдай жасайтыны анық. Олардың өзі тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлауды қалыптастырады. Сонымен қатар, адамның өмірін қызықпен әсемдікпен қамтамасыз ететін эмоционалдық жағдай студенттің оқу стилі мен оқу үлгеріміне, курстастары, сонымен қатар ұстаздарымен өзара қарым-қатынасына мәнді әсерін тигізеді. Студенттің оқу орнына оптималды бейімділігін қамтамасыз ететін тактика мен жоспарларды жасау үшін бірінші курс студенттерінің өмірлік жоспарлары мен қызығушылықтарын, басым мотивтерінің жүйесін, тартымдылық деңгейін, өзін бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін және т. б. білу маңызды. Осы мәселені сәтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты.

Зерттеу мәселесі. Көпшілік бірінші курс студенттері кеше ғана өзі туып өскен, бірін-бірі жақсы танитын ауыл жастары, олар мектептегі мұғалімдерінің назары мен қамқорлығын сезінген, сондықтан оқу орны жағдайында алғашында дискомфортты сезінуі әбден мүмкін. Әр студенттің әлеуметтену үрдісі әр түрлі жүреді.

Ауылдан келген қазақ студенттерінің мінездік қалыптасуы болашақ қоғамымыздың толыққанды құрылымдық сатысын құрайды. Сондықтан студенттің әлеуметтену ерекшелігінің қоғамда болып жатқан құбылыстарға сай қалыптасуы өте маңызды.

Осыған орай біз дипломдық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Студенттердің әлеуметтену үрдісін психологиялық зерттеу» деп таңдадық.

Зерттеудің мақсаты: Студент жастардың әлеуметтену үрдісін психологиялық зерттеу.

Зерттеу нысаны: 1 курс студенттерінің әлеуметтену үрдісі

Зерттеу пәні: Әлеуметтенудің психологиялық ерекшеліктері

Зерттеудің міндеттері:

1) әлеуметтену үрдісінің әдебиеттерде қарастырылуын талдау және мазмұнын сипаттау

2) әлеуметтік -психологиялық бейімделуді анықтауға мүмкіндік беретін әдістер, әдістемелерді тағайындау

3) әлеуметтену үрдісін эксперименталды зерттеу

4) зерттеу жұмысының қорытындысын талдау

Зерттеу болжамы: егер студенттер қарым-қатынаста ашық болса, онда олардың әлеуметтену үрдісі қалыпты деңгейде өтеді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: білім берудегі гуманистік, тұлғаға бағдарланған әдістемелер, тұлғаны тәрбиелеу мен білім берудегі қарым-қатынас мәдениеті, тұлғалық-іс-әрекеттік ыңғай, жоғары мектеп философиясы мен әдіснамасының басты қағидалары, кәсіптік білім беру теориясы, тұлғаның біртіндеп қалыптасуы мен дамуы ретінде адамның бейімделуі туралы түсініктер құрайды.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысының барысында анкеталық сұрақтар, проективті әдістеме «Автопортрет», В. Т. Ряховскийдің «Қарым-қатынас денгейін анықтау» әдістемесі, К. Роджерс - Р. Даймондтың «Әлеуметтену» әдістемесі пайдаланылып, алынған нәтижелердің сенімділігі математикалық статистиканың стандартты әдістерін қолдану арқылы қамтамасыз етілді.

Зерттеу кезеңдері.

Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық әдебиеттер сарапталып, теориялық талдау жүргізілді, зерттеудің құрылымы, оның пәні, объектісі, мақсаты, міндеттері мен болжамы анықталды және зерттеу базасы таңдалды.

Екінші кезеңде студенттердің әлеуметтенуін зерттеудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары негізделіп, ұйымдастырылды, зерттеу эксперименттері жүргізілді.

Үшінші кезеңде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында алынған практикалық нәтижелер қорытындыланып, математикалық статистикалау әдісі арқылы нақтыланды. Диплом жұмысының мәтіні талапқа сай дайындалды.

Зерттеудің базасы. Ақтөбе қаласының Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжі

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеуде әлеуметтену үрдісі теориялық талданып, студент жастардың психологиялық ерекшеліктері, олардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу үрдісі қарастырылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Дипломдық зерттеу жұмысының нәтижелерін психологтар мен әлеуметтік педагог мамандарының, колледж, ЖОО ұстаздарының қолдануына болады. Сонымен қатар зерттеудің нәтижелері тренингтердің бағдарламаларын құру барысында әлеуметтану, педагогика саласы мамандарына да пайдалы деп есептейміз.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі - 65 бет.

1 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Психология ғылымындағы әлеуметтену ұғымының теориялық сипаттамасы

Адам, қоғам және олардың арасындағы байланыс та үнемі түрленіп, дамып, өзгеріп отыратын күрделі құбылыстар. Кез келген қоғамның қандай болуы оны құраушы субьектілердің күш-жігеріне байланысты. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде, әлеуметтік-гуманистік ғылымда жастар мәселесі ауқымды орынға ие. Соңғы жылдары жүргізілген түрлі әлеуметтік, психологиялық зерттеулер жастар бойында жалпы құндылық, нормативті дағдарыстың бар екенін көрсетіп отыр. Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында, күрделі эконномикалық және саяси өзгерістер жастарға ғана емес, жалпы адам психикасына елеулі әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты адамның әлеуметтенуін зерттеу адам мен оны қоршаған орта қатынасының динамикасын күшейтетін факторлардың өсуімен, қоғамның адамға қоятын талаптарының көбеюімен, сондай-ақ психология ғылымының негізгі зерттеу обьектісі - тұлға, оның қалыптасуы мен дамуы мәселесінің маңыздылығымен байланысты ерекше ауқымды орын алып отыр.

Алдымен, әлеуметтену үрдісіне тоқталып өтейік. Әлеуметтену - жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлға сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Әлеуметтану ғылымы “ұрының баласы - қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады [1] .

Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіспен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеуметтік жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқықты жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан - адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан - қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді.

Әлеуметтену - қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. Өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқықтар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т. б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі әлеуметтанушы Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиын” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), якки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары) статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т. б. статусы) кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусын ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеуметтік топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғылыми атақ-дәрежесі т. б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеуметтік-топтық, әлеуметтік-кәсіби, әлеуметтік-этникалық, т. б. ) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т. б. ) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т. б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады [2] .

Әлеуметтік және жеке бастық статустар бір-бірімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Жеке тұлғаға сипаттама беру үшін, сондай-ақ, әлеуметтік рөл ұғымын пайдаланудың да маңызы ерекше. Ол белгілі бір әлеуметтік статус иеленетін адамнан және нақты қоғамдағы осы статустар тән адамдар тобынан үміт етілетін мінез-құлықтар болып саналады. Әлеуметтік статус та, әлеуметтік рөл де ресми түрде (мысалы, заңмен не басқалай құқықтық актімен) бекітілуі немесе бейресми сипат (мінез-құлықтың моральдық нормалары) иеленуі мүмкін. Әлеуметтанушылар (Р. Линтон, Дж. Мид, Т. Шибутани, т. б. ) әлеуметтік рөл проблемаларын әлеуметтік статус мәселелерімен байланыстыра отырып, оны әлеуметтік статустың қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Әсіресе, Т. Парсонс (1902-1979ж. ) рөлдердің құндылықтармен ажырамас байланысын айрықша атап көрсетіп, әлеуметтік рөлді жалпыға бірдей құндылықтарға негізделген әрі әлеуметтік жүйеге қажетті құрылымдық элемент құрайтын, нормативті түрде реттелетін мінез-құлық ретінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік рөл әлеуметтік құндылықтарды жеке тұлғаның нақты әлеуметтік іс-әрекеттеріне ұластырудың құралы қызметін атқарады [3] .

Л. Д. Столяренко «Тұлғаның әлеуметтеу сатысын қарастырғанда, бірінші сатыны - біріншілік әлеуметтену немесе бейімделу сатысы деп көрсетеді. Адамның әлеуметтік бейімделуі жеке позицияны, әлеуметтік статусын түсінуін, сондай-ақ онымен байланысты ролдік мінез-құлық түрі ретінде жалпы топтық міндеттерді шешу процесінде тұлғаның дара ерекшкліктерін жүзеге асыруы» деп қарастырады [4] .

Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына әсер ететін қарым-қатынас, таным, еңбек деп қарастырылатындықтан әлеуметтену тұлға дамуының үрдісі ретіндегі үш негізгі аймақтың ортақ мінездемесі болып, индивидтің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысын кеңейту болып табылады. А. Н. Леонтьевтің пайымдауынша, адам әлеуметтенудің бүкіл үрдісінде көптеген іс-әрекет түрлерімен айналысады [5] . Мұнда үш негізгі маңызды үрдіс өтіледі. Біріншіден, бұл әр іс-әрекет түрінде болатын және оның түрлері арасындағы байланыс жүйесінде бағдар болады. Ол әр тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектісін анықтауы, игеруі болып табылады. Осындай бағдардың жемісі ретінде іс-әрекетті тұлғалық таңдау деп атауға болады. Оның негізінде екінші үрдіс туындайды, яғни - негізгі таңдалған іс-әрекет төңірегінде орталықтану және басқаларды оған бағынышты ету. Үшіншіден, іс-әрекетті жүзеге асыру барысында тұлға жаңа рольдерді игеріп, олардың мәнділігін игереді. Осындай жаңартулардың кысқаша мәнін іс-әрекет жүйесіндегі дамушы индуктивті көрсетуде оның іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею үрдісі айқындалады. Осы мәселе тұрғысындағы зерттеулерде мақсатты білім алу үрдісін қарастыру негізгі сауалдарды құрайды. Өкінішке орай, оның әлеуметтік-психологиялық аспектісі жағынан зерттеу мәліметтері аз. Әлеуметтену контектісінде қарастылатын екінші аумағы қарым-қатынас та оның іс-әрекетпен тығыз байланыста болғандықтан әлеуметтенуді кеңейту, ұлғайту жағынан қарастырады. Қарым-қатынасты кеңейту ретінде адамның басқалармен байланысқа түсуін ұлғайту деп түсіндіріледі, ал осы тереңдету ретінде монологтық қарым-қатынастан диалогтікке көшу, децентрация, яғни қарым-қатынас жасаушыға бағдарлана алуы, оны нақты қабылдай алу мүмкіндігі қарастыралады . Әрине, тұлғаның өмір сүру барысында қарым-қатынас жасау ерекшелігі оның қоғамдағы статусын, жақындары арасындағы орнын белгілейді. Әлеуметтенудің үшінші аумағы, яғни өзіндік сапа жалпылама адамдардағы оның «Менінің» қалыптасуын бейнелейді [6] . Өкінішке орай, осы мәселе төңірегінде даулы қайшылықтар өте көп, себебі авторлардың тұлға концепциясында «Мен-бейнесін» түрліше қабылдайды.

Әлеуметтік-философиялық әдебиеттерде бейімдеу негізінен әлеуметтендіру үдерісінің бір мезеті немесе бөлігі ретінде қарастырылады [1, 2, 3] . Сондықтан бейімделу әлеуметтендіру барысында іске асырылады және бейімдеудің сипатына, айрықша белгілеріне және нәтижелігіне белгілі бір әсер етеді деп саналады.

Көптеген зерттеушілер әлеуметтік бейімделу әлеуметтендіру үдерісінің қызметін атқарады, ол тұлға мен әлеуметтік орта арасында «дәнекер» формасында бола отырып, олардың өзара келісіміне, дамуына, қанағаттандырылуына ықпал етеді деп есептейді.

Д. А. Андреева әлеуметтендіру мен бейімдеуді қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесуінің бірыңғай үдерісі ретінде қарастырады. Сондай-ақ әлеуметтенуді әлеуметтік бейімдеудің формасы ретінде анықтайды [7] .

И. Л. Мушарапова тұрақты түрдегі бейімдеу үдерісін өмір түсінігімен түрлендіреді және адам қоршаған орта жүйесінде олардың қатынастарының барабарлығының бұзылуына алып келетін мәңгі өзгерістер пайда болғанда барлық жағдайларда бейімдеу үдерісі іске асырылады деп есептейді [8] .

Н. В. Бордовская мен А. А. Реан бейімделу үдерісін адамдардың қарым-қатынасы мен бірлескен іс-әрекеттерімен тығыз байланысқан белсенді -ыңғайластырушы және белсенді-дамытушы деп анықтайды [9; 10] .

А. В. Брушлинскийдің пікірі бойынша индивид басынан бастап әлеуметтенген және сондықтан қоғамдықтан даралыққа ғана емес, әртүрлі бағыттарда дамуға икемді [11] .

Жалпы жағдайда бейімделу (латынның adaptio-бейімделу) - екі айнымалының - тірі организмнің қажеттілігі мен оның өмір сүру ортасының ерекшеліктері арасындағы өзара әрекеттесу үдерісі. Ортадағы жағдайдың өзгеруі тірі организмдерге талаптардың өзгеруіне алып келеді, ал организмдердің орта талаптарына сәйкес өзгеруі қажеттіліктердің мазмұны мен затының өзгеруіне алып келеді. Бейімделу тұлғаның өз мақсаттарына жетуі, тұлғалық міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдай тұғызу, яғни оның шығармашылық потенциалын жүзеге асыру үдерісі ретінде болады. Ал бейімделу үдерісі тұлғаның көрсетілген талаптары мен қоршаған ортаның арасында қарам-қайшылықтар пайда болғанда іске қосылады [12] .

Адамның бейімделуі «организм-табиғи орта» қатынасы аймағындағы психофизиологиялық бейімделу және «тұлға-әлеуметтік орта» қатынасы жүйесіндегі әлеуметтік бейімделу ретінде болады. Гуманитарлық білім саласында «бейімделу» термині философияда, социологияда және психологияда жиі кездеседі, бұл жерде ол өздігінен құрылатын жүйелердің ортаның өзгермелі жағдайына бейімделу үдерісін білдіреді [13] .

Т. Шибутани әлеуметтік бейімдеуді бірқатар актілер ретінде түсіндіреді, оның әр қайсысы организмнің ішкі келіспеушіліктерінен, теңдіктің бұзылуынан басталады да оны қалпына келтірумен аяқталады.

Т. Шибутани бойынша бейімдеу механизмі жағдайды ой елегінен өткізу, оны эмоционалды күйзелу, қиын жағдайдан шығуды іздеу, іс-әрекет жоспары және бейімделу стратегиясын таңдауды анықтайтын әрекеттің өзі болып табылады. Бейімделу ішкі белсенділікпен, қиындықтарды жеңуге ұмтылушылықпен және сыртқы әрекеттердің (мінез құлықтық) мазмұндылығымен сипатталады. Сонымен біз бейімделуді индивидтің ұстанымдары, сенімдері және т. б. және қоршаған ортаның жағдайлары арасындағы қарама-қайшылықтарды жоюға бағытталған оны өзгерту үдерісі ретінде, өзін тұлға ретінде сақтауды қарастырамыз [14] .

Дербес жағдай ретінде біз психологиялық бейімделуді қарастырамыз, оның құраушылары тұлғаның тәжірибені белсенді түрде меңгеруі, қарым -қатынас дағдыларын игеруі, тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекеттесуі болып табылады, олар тұлғаның мақсаты мен құндылықтарына және ортаның тиімді қатынасына алы келеді. Сондай-ақ тұлғааралық потенциалды өмірдің нақты жағдайларында жағымды эмоционалды өзін-өзі сезіну барысында іске асыруға болады.

Психологияда бейімдеу тұлғаның ішкі күйінің қоршаған орта мен үйлесуі ретінде анықталады. Бейімдеуді күзетуші өзгертулер организмнің барлық деңгейлеріне әсер етеді, яғни молекулалықтан іс-әрекетті психологиялық «регуляциялауға» дейін. Психологиялық бейімделу құрылымына танымдық, эмоционалды-еріктік, мотивациялық және практикалық аспектілер енеді. Оның тиімділігі тұлғаның өзін қабылдауының және өзінің әлеуметтік байланыстарының барабарлығынан тәуелді болады [15] .

М. С. Бережная жабдықталу дәрежесін нақты мәдени үдерістің элеметтерімен және алынған білімдерді педагогикалық практикада қолдану мүмкіндігімен анықтай отырып, бейімдеуді адамды мәдениетке қатыстыру үдерісі ретінде анықтайды [16] .

Ал Бобнева М. И. «Әлеуметтену мен әлеуметтік - психологиялық бейімделу процесі тығыз өзара байланысқан деп көрсетеді. Психологиялық механизімдер, бейімделу процесінде тұлғаның әлеуметтік орта мен өзара әрекет етуін жеке алғанда, жанама түрде тұлғаның мотивациялық құрылымы, психикалық құрылымы, кейбір даралық ерекшеліктер индивидтің әлеуметтеу процесінде әлеуметтік жағдайдың әсерімен құрылады. Тұлғаның әлеуметтенуі, тұлғаның қоғамда, нақты бір ұжымда бейімделуі үшін қажетті жағдай болып табылады» деп тұжырымдайды [17] . Осы тұжырымдамаларға сүйене отырып, дипломдық жұмыста әлеуметтену үрдісі мен әлеуметтік-психологиялық бейімделу үрдісін бір-бірімен тығыз байланысты, өте ұқсас үрдіс ретінде қарастырдық.

Психология ғылымында бейімделу теориялық сипаттамасында адам кез-келген жағдайда өзін жақсы сезінуі үшін, әр түрлі жағдайларға икемделе, бейімделе алуы өте маңызды болып табылады деп қарастырылған.

Латын тілінен аударғанда «бейімделу» - икемделу, үйлесу деген мағананы береді. Қазіргі уақытқа дейін «бейімделу» түсінігінің нақты бір ашып түсіндіретін анықтамасы жоқ. Ағылшын ғалымы Проссердің айтуынша, оның көп мәнділігі сонша, әрбір зерттеуші өзінің зерттеуіне байланысты әр түрлі жауап қайтарады деген.

Бейімделу үрдісі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбіне обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т. б байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси-әлеуметтендіруде тарихи білімнің орны
Қазіргі кездегі студенттердің тұлғасының дамуы
Қазіргі кездегі студенттер тұлғасының дамуы
Бейімделу алдындағы кезең
Отбасы тәрбиесінің басымдылығын мойындау
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Қазіргі жастардың құндылықтары
Жас стратификациясы
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz