Адамзаттың XXI ғасырдағы табиғатты тиімсіз пайдалануына байланысты экологиядағы ғаламдық проблемалар



Кіріспе
1 Табиғаттағы дағдарысты құбылыстар
2 Биосфера мен өркениеттің дамуындағы экологиялық дағдарыстар
3 Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсері
4 Табиғи ресурстардың таусылуы мен қалдықтар проблемасы
5 Энергетикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары
6 «Таза ауыз су» проблемасы
Қорытынды
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
«Экологияның танымал сөзіне айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністерді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс-әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанамыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр».
1. Ұ. Б. Асқарова «Экология және қоршаған ортаны қорғау». Алматы, 2004.
2. А. К. Бродский «Жалпы экологияның қысқаша курсы». Алматы: «Ғылым», 1998.
3. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева «Экология». Алматы: «Экономика», 2002.
4. Т. Төлендиев «Ауасы кең, суы бал, жерім майса». Алматы: «Қайнар», 2004.
5. Е. Мамбетқазиев, Қ. Сабанбеков «Табиғат қорғау». Алматы: «Қайнар», 1990.
6. Ж. Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері». Алматы, 2003.
7. Н. Қ. Мамыров, М. С. Тонкопий, Е. М. Үпішев «Табиғатты пайдалану экономикасы». Алматы, 2005.
8. З. М. Моолдахметов, А. М. Ғазалиев, С. Д. Фазылов «Экология негіздері». Қарағанды, 2002.

Адам деген – асқақ ат - М. Горькийдің
гуманизмге толы үндеуі осындай еді.
Табиғат, Табиғат-Ана - деген сөздің
асқақтығы одан кем емес. Жаңа
экологиялық мәдениет осыны мойындауы
тиіс. Табиғатқа деген ілтипат – бұл
адамға да
көрсетілген құрмет.

Кіріспе

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан
алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі
де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің
қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер
етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи
жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы
жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп
жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын
мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан
дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзіне айналғаны соншалық, оны не болса соған –
тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде
жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністерді тек органикалық
тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы
іс-әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында
көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей,
табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанамыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге
берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешеуілдетуге
тырысуымыз жатыр.

Адамзаттың XXI ғасырдағы табиғатты тиімсіз пайдалануына байланысты
экологиядағы ғаламдық проблемалар

Биосфера тек қана табиғи құбылыстармен байланысты қиын дағдарысты
кезеңдерді бірнеше рет басынан өткерді. Әсіресе, осыдан 70-100
млн. жыл бұрын болған кезеңнің жағдайы тарихта жақсы белгілі. Бұл кезеңде
геологиялық қысқа мерзім аралығында ішіне 35-тен кем емес тұқымдастар мен
көп мөлшердегі түрлер кіретін риптилийлердің бес отряды (динозаврлар,
птерозаврлар, ихтиозаврлар, және т.с.с.) құрып кеткен.
Табиғаттағы дағдарысты құбылыстар бірнеше ретте климаттың өзгеруінен
және осы өзгерістерге қосарлана жүрген мұз құрсанудан немесе шөлденуден
туындап отырды. Мәселен, 30 – 40 мың жыл бұрын болған мұз дәуірінде (ерте
палеолит) зіл, мүйізтұмсық пен көптеген жыртқыштар тәрізді ірі жануарлар
қырылып қалған.
Жер бетінен пайда болғаннан бастап адамның іс-әрекеттері көбіне
табиғатқа қарама-қайшы болып отырды, бұл түрлі көлемдегі дағдарыстардың
туындауына себеп болды (1-кесте).
Алайда халықтың саны аз, әрі өздерінің техникамен жабдықталуы нашар
болған кезде, олардың табиғатқа әсері ешқашанда ғаламдық деңгейдегі мәнге
ие болмаған-ды. Адам өзінің мүмкіндігіндегі әдістерімен қандай да бір
ресурсты ғана сарқа немесе шектелген аумақтың табиғатын ғана бүлдіре
алатын. Міне, соған екі мысал.
Ежелгі Вавилонды (миллионға жуық халқы болған қаланы) халқы оның
айналасындағы жерлер топырағының жөнсіз мелиорация нәтижесінде қарқынды
сортаңдануымен және оны одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігіне байланысты
тастап кетіп қалды.
Қарадүрсін суғармалы егіншіліктің қалай болса солай дамуы нәтижесінде
қоршаған орта табиғи жүйелері бұзылды, ал онымен бірге Нілдің,
Месопотамияның, Ежелгі Грецияның және басқа да аймақтардың атырауларында
өркениет (цивилизация) жойылды.
Барлық антропогенді дағдарыстарға тән ортақ нәрсе одан шығу жолы
әдетте тұрғын халықтың санын азайтумен, көшіп-қонуымен және әлеуметтік
сілкіністермен байланысты болған еді. Бірқатар жағдайларда дағдарыстар
қоғамдық құрылысты өзгертумен аяқталатын. Мәселен, алғашқы антропогенді
дағдарыс халықтардың ұлы қоныс аударуы, ауыл шаруашылық өнімдерінің
жетіспеушілік дағдарысы (екінші антропогенді) – Еуропа халқының мұхиттың ар
жағына көшуін тудырды. Егіншілік пен мал шаруашылығына көшу алғашқы
қауымдық құрылыстың ыдырауы мен құл иеленушілік қоғамының пайда болуымен
қатар жүрді, ал соңғысына жер ресурстарының таусылуы мен шөлдену және
феодалдық құрылысқа көшу тән болды. Қазіргі экологиялық дағдарыстың негізгі
ерекшелігі және

1-кесте

Биосфера мен өркениеттің дамуындағы экологиялық дағдарыстар
(Н. Ф. Реймерс бойынша)

Дағдарыс атауы Уақыты Дағдарыс себептері Дағдарыстан шығу
жолдары
Антропоген 3 млн. жыл Қуаңшылық кезеңінің Тік жүретін
алдындағы бұрын келуі антропоидтардың
(қуаңдану) пайда болуы
Адам үшін терімшілк1 млн.-500 Алғашқы қадамға Экожүйелерді
пен кәсіпшілік мың жыл қолайлы ресурстар жаңарту үшін
ресурстарының бұрын жетіспеушілігі өсімдіктерді
жұтаңдануы күйдіру тәрізді
қарапайым
биотехникалық
шаралар
Ірі жануарлар мен 500-300 мыңҚолайлы ірі Қарадүрсін
шектен тыс жыл бұрын жануарларды егіншілікке, мал
кәсіпшілік аңшы-адамның құртып шаруашылығына көшу
(консументтер жоюы (неосаяси
дағдарысы) төңкерісі)
Қарадүрсін 300-150 мыңҚарадүрсін суару, Суғарылмайтын
суғармалы егіншілікжыл бұрын онымен қосарланатын (тәлімі)
топырақтың егіншілікке көшу
құнарсыздануы мен
сортаңдануы
Өсімдік ресурстары 150-50 мың Жерді құнарсыздандыра Өнеркәсіп
мен азық-түлік жыл бұрын пайдалану, артта төңкерісі, ауыл
жетіспеушілігі қалған технологиялар шаруашылығындағы
жаңа технологиялар
Ортаның ғаламдық 50-30 мың Табиғатты түгесе Энергияны үнемдеуші
ластануы мен жыл пайдалану, қалдығы көптехнологиялар,
ресурстарының бұрыннан технологиялар қалдықсыз өндіріс,
таусылу қаупі қазірге шешімдер іздеу
дейін
Ғаламдық Басталды Ортаға, әсіресе, ішкі Энергияны шектеулі
термодинамикалық және көздерден көп мөлшерде пайдалану,
(жылудан ластану) болжауда мөлшердегі жылудың парник эффектісінің
бөлінуі, парник алдын алу, шешімдер
эффектісі іздеу
Экологиялық жүйелерАлғашқы Ғаламшар ауқымында Экологиялық
сенімділігінің белгілері тепе-теңдіктің бұзылуықұндылықтардың
ғаламдық сарқылуы мен болжау басқалардың
барлығының
алдындағы
приоритеті,
шешімдер іздеу

бұрынғылардан басты айырмашылығы – оның бүкіл ғаламдық сипаты. Ол біздің
бүтін ғаламшарымызға таралуда немесе
таралу
қаупін төңдіріп тұр. Сондықтан да жаңа аумақтарға қоныс аудару арқылы
дағдарыстан шығудың дәстүрлі әдістері іс жүзінде жүзеге аспайды. Бұл
дағдарыстан шығу жолдарын тек өндіріс тәсілдерін, табиғи ресурстарды
пайдалану мөлшерін және тұтыну нормаларын өзгерту арқылы ғана жүзеге
асыруға болады.
Адам қазіргі кезде шамамен жылына 140-150 млрд. т қатты тау
жыныстарын өзіне белгілі барлық тәсілдерімен өндіріп (қазбаларды жер
қойнауынан шығарып, өңдеу, топырақ эрозиясы, грунттың бұзылуы және т.с.с.)
оларды қоршаған ортаға шығарып отыр. Химиялық элементтер мен эрозия
өнімдерін құрлықтан мұхитқа шығару жалпы табиғидің 50%-не жетті және жылына
40 млрд. т. асып отыр. Мұның барлығы енді міне, XXI ғасырда табиғи
ресурстардың таусылуы тәрізді ғаламдық проблеманың туындағанын білдіреді.
Адам өзендерден су алудың ең жоғары шекті деңгейіне жетіп қалды
(шамамен ағындыдан 10%). Атмосфераға көмірқышқыл газын, күкірттің кос
тотығын, азот тотықтарын шығару көлемі табиғимен (жанартау атқылауы, тау
жыныстарының бұзылуы) салыстыруға келетіндей болды. Мұның барлығы су және
қоршаған табиғи ортаның ластануы тәрізді ғаламдық проблемалардың тереңдей
түсуіне әкеліп соғады.
Ғаламдық экологиялық жағдайдың өзгеруінде биосфераның тұрақтылығының
бұзылуына әкеліп соғатын табиғи экожүйелердің бүлінуіне ерекше мән
беріледі.
Жер бетінен және жер серіктер (спутниктер) арқылы бақылаулар ғаламдық
өзгерістердің карталарын құрастыруға мүмкіндік берді, ол антропогендік
әсердің нәтижелері мен олардың үлкен ауқымын көрнекті түрде көрсетіп отыр.
Құрастырылған карталарға сәйкес, Жер құрлығында қоршаған ортаның
тұрақсыздануының үш басты орталығы пайда болған, олардағы толық бүлінген
табиғи экожүйелер ауданы 6-7 млн. км2 құрайды. Олардың барлығы Солтүстік
жарты шарда орналасқан. Бұл Солтүстік Америкалық, Еуропалық және Азиялық
орталықтар.
Солтүстік Америкалық орталыққа АҚШ, жартылай Канада мен Мексика
кіреді. Еуропа орталығы бұрынғы КСРО республикалары (Балтық елдері) кіретін
Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаны, сондай-ақ Ресейдің Еуропалық аумағының
(РЕА) көлемді бөлігін қамтиды. Азия орталығына Үндістан елдері, Цейлон,
Малайзия, Бирма, Индонезия (Суматра аралын қоспағанда), Қытай мен Тайвань
(Тибет пен Такла-Макан және Гобби шөлдерін қоспағанда), Жапония, Корея
түбегі, Филиппины кіреді.
Еуропада, Солтүстік Америкада және Жапонияда аумақтар көбірек
деңгейде бұзылған. Халқының тығыздығы жоғары дамушы елдер де Жер бетіндегі
экологиялық жағдайдың тұрақсыздануына өз үлестерін қосуда.
Соған қарамастан Жер бетінде қоршаған ортаны тұрақтандыру орталықтары
болып саналатын ірі аумақтар сақталып қалған.
Солтүстік жарты шарда Солтүстік Еуразиялық және Солтүстік Америкалық
орталықтар ерекшеленеді. Олардың ішіндегі аса ірісі – Солтүстік Еуразиялық,
оның ауданы шамамен 13 млн. км2 құрайды. Бұл Скандинавия елдері, РЕА
Солтүстігі, Батыс Сібірдің едәуір бөлігі, бүтін дерлік Шығыс Сібір, Қиыр
Шығыс (оңтүстік аудандардан басқа). Шамамен 6,5 млн. км2 алып жатқан
Солтүстік Америкалық орталық Канадада және Аляскада орын тепкен. Оңтүстік
жарты шардан Оңтүстік Америкалық және Австралиялық орталықтарды атауға
болады. Оңтүстік Америкалық орталық (шамамен 10 млн. км2 ) – бұл Амазония
мен оған жақын аумақтар, сондай-ақ таулы биогеографиялық провинциялар.
Австралиялық орталыққа Австралияның (4 млн. км2 астам) жақсы игерілген
Шығыс және Оңтүстік бөліктерінен басқа аумағы кіреді.
Құрлықтың қалған бөлігіндегі түрлі биогеографиялық провинцияларда
мөлшерлері 0,1-ден 1 млн. км2 дейін аздап бүлінген және сақталып қалған
экожүйелері бар аумақтар теңбілі кездеседі.
Қоршаған ортаны тұрақтандырудың қуатты орталығы болып дүние жүзілік
мұхит болып табылады.
Осылайша, XX ғасыр – адам әрекеттілігінің барлық салаларындағы басты
ерекшелігі қоршаған ортаға антропогенді жүктемелерді арттыру болған күрт
өзгерістердің ғасыры болып шықты. Тұтынудың артуы, шаруашылық жүргізудің
қарқынды әдісіне, өнімдер өндірудің үдемелі факторларын пайдалануға көшу
дамыған елдерде қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің күрт өсуіне әкеп
соқты, бұл табиғи экожүйелердің бұзылуымен қосарланды.
Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемалары – демографиялық күрт
өсудің ықпалымен және табиғатты пайдаланудағы ұтымсыздықтың ықпалымен
қалыптасатын және адамзаттың тіршілік етуіне қауіп төндіретін себептердің
кейінгі қалдырылатындығымен сипатталатын қоршаған орта күйіндегі
проблемалық жағдайлар жиынтығы.

Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсері

Ортаның ластануы деп әдетте оған тән емес әр түрлі заттарды енгізу
арқылы немесе сол ортадағы табиғи заттардың шектен тыс шоғырлануының
(химиялық, биологиялық, физикалық) нәтижесінде пайда болатын жағымсыз
жайларды түсінеді. Ластағыштар құрамы тек қана улы ғана емес, зиянсыз
заттардан да тұруы мүмкін. Мысалы, егістік жерді шамадан тыс суарған кезде,
табиғи су да зиянды болып шығуы мүмкін.
Ластануды көбінесе экожүйені тепе-теңдіктен шығаратын агент ретінде
қарастыруға болады. Көп жағдайда ластануды өз орнына қойылмаған кез келген
табиғи ресурс немесе оның элементі ретінде қарастырады. Ластану түрлі
белгілері бойынша жіктеледі (2-кесте).

2-кесте

Қоршаған ортанаң ластануының жіктелуі

Белгісі Ластану түрі
Шыққан тегі Табиғи
Жасанды (антропогенді)
Көзі Өндірістік, ауыл шаруашылық,
транспорттық және т.б.
Бір жерлік, объектілік, жайылмалы,
трансгрессивтік (басқа аймақтардан,
мемлекеттерден келуі)
Әсер ету көлемі Ғаламдық
Аймақтық
Жергілікті (локальдық)
Орта элементі Атмосфералық
Топырақтық
Сулылық
Әсер ету орны Қалалық орта
Ауылдық орта
Өндіріс өнеркәсіптердің іші
Үй ішілік
Әсер ету сипаты Химиялық (жеке химиялық заттар, олардың
комбинациясы)
Физикалық (радиоактивті, радияциялық,
жылулық, шулылық, электромагниттік)
Физико-химиялық (аэрозолдар)
Биологиялық
Әсер ету қайтымы Алғашқылық (өндірістік ласлаулар)
Екіншілік (смогтық құбылыстар өнімдері)
Тұрақтылық дәрежесі Өте тұрақты (өмір сүру уақыты –
жүздеген және мыңдаған жылдар бойы)
Тұрақты (өмір сүру уақыты – 5-25 жыл)
Тұрақсыз

Кез келген ластағыш затты ең болмағанда үш параметрі бойынша бағалауға
болады: ортаға түсу көлемі, агрессиялығы (улылығы) және
төзімділік дәрежесі. Мысалы, көмірқышқыл газының жағымсыз әсері оның ортаға
көп мөлшерде түсуімен және ауада ұзақ уақыт сақталуымен
себептеледі, бұның нәтижесінде оның ауадағы мөлшері көбейіп, көшетхана
(парникті) эффектісі әкеледі. Фреондар (суытқыштар) төзімділік және
агрессиялық дәрежесі бойынша атмосфераның қандай қабаттарында екендігіне
байланысты түрлі категорияларға жатқызылады: жер бетінде олардың әсері
селқос және ұзақ уақыт сақталады, ал олар озон қабатында – агрессиялы және
айтарлықтай бұзылыстарға ұшырайды.
Әсер ету сипаты бойынша атмосфераның, дүние жүзілік мұхит суларының,
топырақтардың химиялық ластануы кеңінен таралған. Антропогенді химиялық
заттар қоршаған ортаға түрлі жолдар арқылы түседі. Адам өз тұрмысында
шамамен 70 мыңдай заттарды пайдаланады, оған жыл сайын 500-1000 жаңа
тауарлар қосылып отырады. Газды заттар атмосфераға шығарылады. Сұйық заттар
жер үстілік және жер астылық су объектілеріне төгіледі, қатты заттар –
арнайы алаңдарға қатпарланады немесе жердің қатты қабатына көміледі, ауыл
шаруашылығында тыңайтқыштар мен улыхимикаттар (пестицидтер) пайдаланылады.
Ауаның ластануына негізгі үлесті қара және түсті металлургия, химия
және мұнай химиясы, құрылыс индустриясы, энергетика, целлюлозды-қағаз
өнеркәсібі, автотранспорт кәсіпорындары қосуда. Бұл өндіріс орындары
ластанудың жоғары деңгейін экологиялық қауіпті заттардың: формальдегидтің,
аммиактың, күкіртсутектің және т.б. атмосфераға көп шығарумен жасап тұр.
1996 жыл Қазақстан бойынша тек қана автотраспорттың ауаға қорғасынды,
көміртек тотығын және формальдегидті шығаруы 786,2 мың т. жетті.
Әсіресе ірі қалалардағы өнеркәсіп орындарының ауаны ластауы аса өткір
проблема болып тұр. Ресейдің 63 миллион адам тұратын (халықтың 42 %-ы)
200-ден астам қалаларында орташа жылдық шоғырланулар шектеулі рұқсат
етілген көлеммен (ШРК) асып кетеді. Қазақстанның негізгі өндірісті
қалаларының ауа бассейіндеріне жыл сайын 3 млн. т. ластаушы заттар
шығарылады. 2000 жылғы өлшемдер бойынша ауадағы улы заттар көлемінің ең
жоғары мөлшерлері мына қалаларда - Өскеменде, Балхашта, Шымкентте,
Павлодарда, Жезқазғанда және Теміртауда байқалды. 2002 жылы Қазақстан
өкіметі атмосфералық ауаны қорғау - заңын қабылдады.
Адамның тіршілік етуін қамтамасыз ететін сулы ортаның ластануының
мәнін бағалау өте қиын. Шамамен 1 млрд. адам таза ауыз сумен қамтамасыз
етілмеген; 1,7 млрд. адамнын санитария құралдары жоқ, ал судың жетіспеуі
мен антисанитариядан жылына 2-3 млн. бала өледі.
Ресей гидромет мониторингінің мәліметтері бойынша су объектілерінің
басым бөлігіндегі (1363 су объектілерін қамтиды) судың сапасы нормативі
талаптарға сай келмейді. Негізгі өзендер: Волга, Дон, Кубань, Объ, Енисей,
Лена, Печора ластанған, олардың ірі салалары: Ока, Кама, Томь, Ертіс,
Тобыл, Миасс, Исеть, Тура аса ластанған деп бағаланған. Қазақстанның аса
ластанған өзендеріне Жайық, Сырдария және Ертіс жатады.
Осындай жағдайлар Әлемдік мұхит суларына да тән болып тұр. әлемдік
мұхит суларының ластануында ең үлкен үлес мұнайлы ластануда болып тұр.
Теңіз суларының мұнаймен ластануда ең үлкен үлесті жағалаулық өндіріс
өнеркәсіптері, содан кейін теңіз асты жұмыстары жасап отыр. Өнеркәсіптік
қалдықтар мен ағында сулар мұнайлы ластанудың 60,8 % құрап тұр, мұнай
терминалдары мен мұнай өңдеу зауыттарының ластаулары 10,2 % құраса,
теңіздегі мұнай-газ қондырғылары, платформалар мен скважиналар ластаулары –
2,1 %-ті, су транспортындағы танкерлер ластаулары – 11,3 %-ті, су
транспортындағы басқа ластаулар – 14,4 %-ті құрап отыр.
Теңіз суына түскен мұнай өнімдері су экожүйесінің тамақтық тізбегіне
кіреді (балықтар арқылы) және олар бұл жүйеге жағымсыз әсерлер жасайды:
балдырлардың фотосинтезін нашарлатады, теңіз жәңдіктерінің хеморецепторлық
реакцияларын, олардың репродуктивті және тамақтық функцияларын бұзады.
Қоршаған ортаны өте зиянды ластаушы қатарына радиоактивті ластау
жатады. Бұл ластаудың негізгі көздеріне ядролық қаруды жару, атом
электростанциялары мен атом өндірістеріндегі авариялар, радиоактивті
қалдықтар жатады. Ядролық жарылыс пен авария кезіндегі сәулелену көздері
болып радиоактивті элементтердің бөліну өнімдері, бағытталған нейтрондық
белсенділік, трансурандық элементтер және тритий болып табылады.
Ядролық жарылыс пен АЭС авариялардың әсерлерінің айырмашылықтары бар.
Ядролық жарылыс сәулеленумен, аэродинамикалық толқынмен, радиациямен,
радияциялық ластаумен және электромагниттік толқынмен сипатталады. Ал АЭС
авария кезінде тек қоршаған ортаға радияциялық ластану жүреді. Адам
денсаулығына өте зияндылықты еритін өнімдер және күшті бета-сәулеленудің
көздері болып табылатын стронций мен цезий әкеледі. Егерде олар адам мен
жануарлардың сүйек тініне түссе, бұл жағдай өлімге әкеледі.
Ядролық энергетиканың тағы да бір өнімі – ядролық қалдықтар.
Ағылшындар оларды бочкаларға салып, теңізге лақтырып жатыр. Ресейде олардан
құтылу үшін су линзасы әдісін қолдануда. Бұл линзаларға сұйық күйде
радиоактивті стронций мен цезийді ғана емес, сондай-ақ жартылай бөліну
периоды 24 мың жыл болатын плутоний-239-ды да салады. Егерде осы
мыңжылдықтар ішінде линза жарылса, ол жағдайда Жер бетіндегі барлық
тіршілік жойылып кетуі мүмкін. Су қоймаларындағы суды АЭС-да салқындатқыш
ретінде қолдану олардың радиоактивті изотоптармен ластануына әкелуде.
Ластану жер топырағының құлдырауының негізгі себептерінің бірі болып
тұр. Өндіріс орындары мен автотранспорттың қоршаған ортаға шығаратын улы
заттары, суармалы егістік жерлерде ластанған суларды қолдану, мұнай
өнімдерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудағы қаржылық реттеудің қазіргі жағдайы және шешу жолдары
Қазақстанның экологиялық проблемалары. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Осы күнгі экологияның негізгі бөлімдері. экологияның қатысуымен шешілетін теориялық және қолданбалы мәселелер
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалпы экологияның қысқаша тарихы
Экология түрлері
Экологиялық пирамидалар
Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері
Қоршаган ортаның ластануының жіктелуі
Пәндер