Философиядағы діни идеалистік ағымдар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Философиядағы діни идеалистік ағымдар.
2. Діни идеалистік ағым өкілдерінің философиялық көзқарастары.
ІІІ. Қорытынды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейде орын алған әлеуметтік өзгерістер мен шиеленіскен қайшылықтар, одан әрі өрши түскен тап күресі өз бейнесін орыстың ұлы жазушылары Ф.М.Достоевский мен Л.Н.Толстойдың шығармаларынан тапты. Олар кәсіпқой философ болмаса да, философиялық мәселелерді шешуде көбінесе қателіктерге ұрынып, шым-шытырық ой тұңгиығында адасуға мәжбүр болатындығына қарамастан, олардың дәуір қайшылықтарын терең қамтитын, күні өткен қоғамның айықпас дертке шалдыкқанын көркем сөз күшімен шынайы бейнелей алғандығының өзі адамзат мәдениетінің қорына қосылған теңдесі жоқ қазына есепті.
Орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский (1821-1881) жастайынан Гоголь мен Белинскийге еліктеп өсті. Кейіннен петрашевшілдер мен Фурьенің қияли социалистік үйірмелерінің жұмысына белсене араласты. 1849 жылы «азаматтық жазалау» рәсімімен өлім жазасына «кесілген» ол түрмедегі қылмыскер-бұзақылардың, қарапайым халықтың шынайы санасымен етене танысқаннан кейін бұрынғы көзқарастарын мүлдем өзгертті.

1. Ақназаров Х. Философия тарихынан дәрістер курсы. Алматы 1992ж.
2. Қ.Бейсенов. Философия тарихы. Алматы 1990 ж.
3. Философиялық сөздік. Алматы 1996 ж.

Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Философиядағы діни идеалистік ағымдар.
2. Діни идеалистік ағым өкілдерінің философиялық көзқарастары.
ІІІ. Қорытынды.
Діни-идеалистік ағымдар
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейде орын алған әлеуметтік өзгерістер
мен шиеленіскен қайшылықтар, одан әрі өрши түскен тап күресі өз бейнесін
орыстың ұлы жазушылары Ф.М.Достоевский мен Л.Н.Толстойдың шығармаларынан
тапты. Олар кәсіпқой философ болмаса да, философиялық мәселелерді шешуде
көбінесе қателіктерге ұрынып, шым-шытырық ой тұңгиығында адасуға мәжбүр
болатындығына қарамастан, олардың дәуір қайшылықтарын терең қамтитын, күні
өткен қоғамның айықпас дертке шалдыкқанын көркем сөз күшімен шынайы
бейнелей алғандығының өзі адамзат мәдениетінің қорына қосылған теңдесі жоқ
қазына есепті.
Орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский (1821-1881)
жастайынан Гоголь мен Белинскийге еліктеп өсті. Кейіннен петрашевшілдер мен
Фурьенің қияли социалистік үйірмелерінің жұмысына белсене араласты. 1849
жылы азаматтық жазалау рәсімімен өлім жазасына кесілген ол
түрмедегі қылмыскер-бұзақылардың, қарапайым халықтың шынайы санасымен
етене танысқаннан кейін бұрынғы көзқарастарын мүлдем өзгертті. Алайда,
әлемдік сәйкестік, бақытты өмір туралы ойларынан айныған жоқ. Он жыл
каторга мен айдауда азап шеккен Достоевский астанаға қайтып келген соң
бауыры Михаилмен бірге Уақыт, кейіннен Дәуір атты журналдарын шығару
ісін қолға алды. 1860 жылдардың басында Достоевскийдің дүниетанымында діни-
мистикалық сарын бел ала бастады. Бұл жайт оның шынайылық (реализм)
көркемдеу тәсіліне зор нұсқан келтірді.
Алайда, ол өзінің идеалистік-діни философиясынан, гуманизм бағытынан
тайған жоқ.
Достоевскийдің дүниетанымы мен шығармашылығындағы ішкі қайшылықтардың
өрістеуі ұсақ буржуазияның әлеуметтік жағдайымен байланысты еді, өйткені
ұлы жазушының бүйрегі сол тапқа бұрып тұратын. Ұлы суреткер ретінде
Достоевский екі жүзділікті, арамдықты, жалмауыздық пен қаныпезерлікті
аяусыз әшкерелеп өзінің Қылмыс пен жаза, Делқұлы, Жас өспірім,
Ағайынды Карамазовтар атты шығармаларында адамзатты таңдандырған
көркемдік қүдіреті керемет кескіндерді (образ) сомдады. Капитализмді іске
алғысыз етіп әшкерелеген, әрі қияли социализмнен көңілі қатты қалған
Достоевский тығырықтан шығар жол іздеп жүргенде, идеалистік діни
философияның қойнынан бір-ақ шықты. Осының салдарынан ұлы жазушы тығырықтан
шығар жолды діни-эстетикалық ілімнен таптым деп ойлады, адамдардың құлығын
жетілдіруге, жалпыға бірдей махаббатқа, енжарлыққа, қандай қасірет болса да
көнуге үндеді. Адамдар қасірет шегу арқылы тазарады, әлемді сұлулық
құтқарады. деген қанатты ойлар тек Достоевскийге ғана тән еді.
Достоевскийдің зейіні философиялық.мәселелерден гөрі, дін, этика,
эстетика, аракідік социологияға бағытталған болатын. Ол үшін табиғат,
қоғам. ақыл-ой мәселелері бірінші кезекте еш уақытта тұрмаған еді.
Өйткені, оның бар үміті жүректе құдірет күшінен нәр алатын адамның
рухани жанына артылған болатын. Алайда, Достоевский капиталистік дәуір
туғызған рухани азғындау, қылмыс пен жезөкшелік сияқты құбылыстардың
себебін атеизм мен философиялық материализмнен көрді. Оның бұл пікірінің
арқасында діншілер мен сан-алуан идеалистердің құдайы беріп-ақ қалды.
Олар бұл пікірді дәріптеп, жан-жаққа жүгірте әсірелеп, жерден жеті қоян
тапқандай қуанса керек. Әсіресе, олардың құлағына майдай жаққан нәрсе -
Достоевскийдің құдай да шыдаған, біз де көмбіс болуымыз керек деген
ақылы. Ал үстем тапқа бұдан артықтың, сірә, керегі болмас. Ресейдің озық
ойлы азаматтары Достоевскийдің көптеген әттеген-айларына қарамастан, оның
шығармашылығына тән шынайылықты көре білді. Олар ұлы гуманист-жазушы үшін
күресті, оны суреткер-реалист ретінде дәріптеді. Қазіргі заманда да
Достоевский шығармашылығына деген ынтызарлық еш толастаған жоқ. Дүние
жүзіне атағы жайылған алып жазушының шығармаларындағы барлық діни-
мистикалық ойлар идеализмнің сан-алуан түрлеріне талғжау болуда, ал алдыңғы
қатарлы озық ойлы әдебиет пен материализмнің диалектикалық дүниетанымынан
сусындаған зиялы қауым Достоевскийдің шынайылық шығармашылығынан
тағылымдық, тәрбиелік ғибрат алады. Оның әр ілімін, эстетикалық қағидаларын
күнделікті іс-әрекетnерінде басшылыққа ала отырып, ұрпақ тәрбиесінде
кеңінен пайдаланады десек артық айтқандық емес. Ал, қазіргі замандағы
буржуазиялық философияның кейбір ағымдары Достоевскийді біресе
экзистенциализмнің негізін салушы деп, біресе, персонализм деген ағымның
өкіліне жатады деп қоярға жер таппай әлек. Қалай болғанда да ұлы жазушы
өзіндік ой өрнегімен, ғаламат суреткерлік құдіретімен адамзат мәдениетінің
ең биік шоқтығынын бірі болып қалары ақиқат нәрсе.
Л.Н. Толстой (1828-1910) өзінің шығармашылық қызметін XIX ғасырдың 50-
жылдарында бастаған еді. Ол бірінші орыс революциясының қарсаңында
шаруалардың көңіл-күйін, арман-тілегін шығармашылығына арқау еткен болатын.
Осының салдары -шығармаларында Мен мұндалап тұрған қайшылықтар. Лениннің
пікірі бойынша, Толстойдың жеке басына тән нәрсе емес, керісінше, Ресейдегі
қым-қиғаш қайшылықтардың ордасы - әлеуметтік өмірге таптық күрестерге тән
қайшылықтар. Сол қайшылықтарды ғаламат суреткерлік құдіретпен бейнелеп
алған алып жазушы Толстойды В.И.Ленин орыс революциясының айнасы деп
бекер атамаған. Өйткені, оньщ шыгармаларында Ресейдің тарихи ерекшеліктері,
оның күшті жағы да, әлсіз жағы да асқан шыншылдықпен бейнеленген болатын.
Толстойдың тірі кезінде одан сырт айналатын, тіпті шіркеуден
аластатқан дінбасылар, либералдық бурзуазияның өкілдері ол өлген
соң, үлттың ар- ожданы еді, өмірлік ұстаз еді деп көлгірсіп, жер-көкке
сыйғызбай дәріптеген болатын. Олар сонымен қатар ұлы жазушының керітартпа
идеяларын көбірек уағыздауды, әрине ұмытқан жоқ. Өйткені,
зұлымдыққа қарсыласпау, бұл өмірді тәрк ету идеялары либералдық
буржуазияның құлағына мандай жаққан болатын.
Буржуазиялык баспасөз бетінде жарияланған Толстойды өз адамы ретінде
көрсету мақсаты көзделген осы тақылеттес мақалалардың шынайы бет пердесін
ашу үшін В.И. Ленин Толстой шығармашылығына әділ баға беру міндетін өз
мойнына алғанды. Мұндағы түпкілікті мақсат миллиондаған жұмысшылар мен
шаруаларға ұлы жазушының орыс мәдениетінде, азаттық қозғалыста алатын орнын
шыншылдықпен ашып көрсету болатын.
1887 жылы жазылған хаттарының бірінде Толстой философияға ешқандай да
кәсіпқойлық қатысым жоқ деген екен. Алайда, өзінің Арыздасу атты
шығармасында философияға деген менің ынтызарлығым еш уақытта бәсеңдеген
емес. Мені кернеуі күшті ойдың сынаптай сусып, жылжуы әлмисақтан
қызықтыратын еді депті. Толстой философия саласында Жан Жак Руссоны өзіне
ұстаз тұтады. Ал Декарттың Мен ойлаймыи, демек өмірде бармын деген
қағидасын мүлдем жаратпады. Әсіресе, оның соgіtо^-сының (Мен ойлаймын)
орнына volo - ны (сеземін) қою керек деп есептейді.
Табиғатынан таза болып туылатын адамның қоғамдық өмірге араласуы мұң
екен, дереу бұзылып шығады деген Руссонын түжырымын қүптай отырып, Толстой
адамды қалайша жау ортаның ықпалынан қүтқаруга болатындығы туралы көп
ойланып, көп толғанған еді. Толстой ең алдымен санаиың болмысты
билейтіндігін мойындаған. Бұл философияның негізгі мәселесін идеалистік
тұрғыдан шешу деген сөз. Толстойдың қоғам мен адамға деген көзқарасы осы
шешімге негізделеді. Мысалы, адамзаттың жетілу барысының арқауы -
адамдардың аулақтық санасының өсіп-өркендеуі. Адамдарға өмір бойы
жолбасшылық жасайтын күш –бүкіл әлемдік рух, ол әркімнің бойына сіңе алады.
1863 1869 жылдары Толстой өзінің атышулы Соғыс және бейбітшілік
романын жазды- бұл романның тұла бойы философиялық пайымдауларға толы. Оның
ең негізгісі - даму идеясы және тарихи дамудағы халықтың рөлін шынайы
бағалау. Оның іс-әрекетіне қарапайымдылық пен мақсаттылық тән. Соғыстың
партизандық тәсілін Толстой осы тұрғыдан, халықтық соғыстың гүрзісі деп
атағаны белгілі. Толстойдың философиялық көзқарастар жүйесіндегі этиканың
алатын орны ерекше. Жалпыға бірдей махаббат идеясы бақытты өмірге апаратын
бірден-бір жол, дейді ұлы жазушы. Зорлықты жеңетін - тек сүйіспеншілік.
Әрине, Толстойдың бұл тұжырымы ешқандай сын көтермейді. Алайда ұлы
жазушының философиялық тұжырымдары қаншалықты жаңсақ, әлжуаз болса, оның
суреткерлік құдіреті қиындықты бүркемелеген капиталистік қоғамның пердесін
ғаламат шыншылдықпен сыпырып тастай алатындығы, соншалықты керемет
тегеурінділігімен ерекшеленеді. Толстой адамзат үшін осынысымен асқақ
қымбат өйткені ол адамзат мәдениетінің даму жолында діннің діни-мистикалық,
идеалистік көзқарасының арқасында емес, өзін ғажайып суреткерлік құдіреті
арқылы өшпес із қалдырғанды.Оның-баға жетпес туындылары бүгінгі және
болашақ ұрпақтар үшін танымдық, тәлімдік-тәрбиелік мәнін еш уақытта
жоғалтпақ емес. Толстойдың ұлылығы, өміршеңдігі, міне осында.
Мистикалық идеализмнің көрнекті өкілдерінің бірі Владимир Сергеевич
Соловьев (1837-1900) атақты тарихшының баласы еді. 1873 жылы Мәскеу
университетін тәмамдаған соң рухани академияның еркін тыңдаушысы болды.
Кейіннен, біраз уақыт Мәскеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz