Бюджет түсінігі. Бюджет тапшылығы және оның мәні



Кіріспе
1. Бюджет түсінігі. Бюджет тапшылығы және оның мәні
2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
3. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

4. Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы

5. Бюджет баланс. Бюджет тапшылығы.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі - салықтар болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың
қатынастарды реттеу өзекті де маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарға қатысты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл қатынастар мемлекеттің салық салу аясында туындайды және олардың басты объектісі тиісті бюджеттерге түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болып есептелінеді. Осы салықтар мемлекеттің атрибуттары қатарынан көрініс табады және жалпы мемлекеттік мүқтаждықтарды қанағаттандыру, қамтамасыз ету: мақсатында заңды негізде, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта салық төлеуліглерден мәжбүрлі түрде, қайтарымсыз, сондай-ақ жекелей ақысьгз негізде тиісті бюджетке алынатын міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық табиғатын ашып көрсететін мына келесідей белгілері болады: салық тек мемлекеттің тарапынан, біржақты өктем түрде белгіленетін төлем заңымен міндеттелген төлем, мәжбүрлі төлем, құқыққа сан төлем, тұрақты төлем, қайтарымсыз төлем, баламасыз төлем, ақшалай нысындағы төлем, мөлшері анықталған төлем т.б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
1. Бюджет түсінігі. Бюджет тапшылығы және оның мәні
2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
3. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

4. Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы

5. Бюджет баланс. Бюджет тапшылығы.

1. Бюджет түсінігі. Бюджет тапшылығы және оның мәні
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі - салықтар болып
табылады. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың
қатынастарды реттеу өзекті де маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық
ахуалдарға қатысты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл қатынастар
мемлекеттің салық салу аясында туындайды және олардың басты объектісі
тиісті бюджеттерге түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болып
есептелінеді. Осы салықтар мемлекеттің атрибуттары қатарынан көрініс табады
және жалпы мемлекеттік мүқтаждықтарды қанағаттандыру, қамтамасыз ету:
мақсатында заңды негізде, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта салық
төлеуліглерден мәжбүрлі түрде, қайтарымсыз, сондай-ақ жекелей ақысьгз
негізде тиісті бюджетке алынатын міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың
экономикалық табиғатын ашып көрсететін мына келесідей белгілері болады:
салық тек мемлекеттің тарапынан, біржақты өктем түрде белгіленетін төлем
заңымен міндеттелген төлем, мәжбүрлі төлем, құқыққа сан төлем, тұрақты
төлем, қайтарымсыз төлем, баламасыз төлем, ақшалай нысындағы
төлем, мөлшері анықталған төлем т.б.
Мемлекеттің салық қызметінің басты мақсаты - салықтың көмегімен
мемлекеттік бюджетке ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік,
экономикалық және саяси құрылыстың мемлекеттік бағдарламаларын ақшалай
қамтамасыз ету.
Салықтың көмегімен мемлекет өзінің функцияларын жүзеге асыруға және
халықтың мүдделу мен мүқтаждығын қашамасыз етүте қажетті мемлекеттік
қаржылардың ең мол базасын - бюджеттерді қалыпта стыр а д ы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрамына мыналар
кіреді:
республикалық бюджет;
жергілікті бюджеттер: облыстық, қалалық, аудандық, қалалардағы
аудандық, поселкалық, селолық және ауылдық бюджеттер.
Республйкалық бюджет жалпы мемлекеттік салықтар есебінен
қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне
Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгіленетін жалпы
мемлекеттік бағлдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады. Республикалық;
бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1. Республикалық бюджеттің кірістері мыналардан тұрады:
- жергілікті бюджеттердің кірістеріне есептелуге тиісті сомаларды
шегеріп тастағаннан кейінгі, жалпы мемлекеттік салықтар
мен
алымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының салық және
кеден заңдарымен белгіленген салық және кеден түсімдері, бұл орайда
жалпы мемлекеттік салықтар бойынша түсімдердің нормативтері мен
олардың облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша
алғандағы жоғары шегі республикалық бюджет туралы заңмен
белгіленеді:
- заңдар және өзіне берілген өкілеттік шеңберінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейтін салықтық емес түсімдер;
■ мемлекеттік капиталымен жасалатын операциялардан түсетін Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де
түсімддер;
2. Ресми алынған трансферттер (гранттар), олар мыналардан
тұрады:
- ішкі трансферттер, соның ішінде атқарушы органдардан
алынатын
■ халықаралық ұйымдармен шет мемлекеттерден алынатын
сыртқы ресми трансферттер;
3.Республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға қажетті ішкі
және сыртқы көздерден бюджетке түсетін түсімдерден тұратын Үкімет
қарыздары;
4. Бұрын республикалық бюджеттен берілген несиелерді
өтеуден түскен түсімдер, сондай-ақ; міндеттемелерді өтеу үшін
мемлекеттік меншік акцияларының мемлекеттік бумасын сатудан түскен
түсімдерді біріктіреді.

2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.

Құндық бөліністің артықшылықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет
мына өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшуланландырумен
және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалану мен
байлагысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып
табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған.
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі
үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте
де, өндірістік емес сферада да тауар –ақша қатынастарымен тығыз
тойқаласып жатады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл іс қимылы, мазмұны, мәні
мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған артықшылығымен айқындалады.
Бөлгіштік функцияның іс -әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық
өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтық, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен
10 % және жалпы ішкі өнімнің 20 % бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет
қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция
шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы
ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру;
әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының
орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау және
пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.
Бақылау функциясы бюджет қорларын бөліудің сандық үйлесімдерінде,
олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде,
бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою
мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға
ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді.
Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін
анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу,
бюджеттің атқарылу процесіне қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен
жүзеге асырады.
Ақырында мемлекеттік бюджет орындалу міндетті мемлекет заңдарының
бірі болып табылады. Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың
жиынтығы ретінде қараған жөн. (1 - сурет) Нарықтық механизмге көшу
жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың
құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды
қаржыландыруға, кешенді мақсатты бюджеттік бағдамаларды қаржыландыруға,
ғылыми – техникалық әулетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге
және халықтын табысы аз жіктерін қолдау, сондай –ақ денсаулық сақтау,
білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы
тиіс.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
БАЗИС МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН РЕСУРСТАР
БӨЛІГІ АҚША ҚОРЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ ҚАТЫНАСТАР

НЕГІЗГІ ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ҚОН -
ДЫРМА
БӨЛІГІ
МЕМЛЕКЕТ ЗАҢЫ
ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ БАСҚАРУ
МЕХАНИЗМІ

( 1 - сурет)
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың
салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал
етеді. Мемлекеттің ақшы қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы
жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен
және ұжымдармен етене баланысқан.
3. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын әрбір
әкімшілік - аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті,
басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін
олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер
тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің
кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде
заңмен реттеліп отыратын белгілі және мемлекеттің әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрады. Ордақтың бюджетке 1970 – 1990 жж.
Мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының
52-50 % тиді, оның 35 % республикалардың республикалық бюджеттерінің
және 15 % жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет түсінігі
Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қоры
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
Қазақстанның бюджет жүйесінің экономикалық мәні
Бюджет балансы, бюджет табысы
Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы
Қр-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды басқару
Бюджет дефициті
Бюджет тапшылығы және оны азайту саясаты
Бюджетті құру принциптері
Пәндер