Диалектиканың категориялары


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ДИАЛЕКТИКАНЫҢ КАТЕ ГОР И ЯЛ АРЫ

1. Жалпы сипаттама

Зерттелетін объектілерді, процестерді дәлірек бейнелендіру үшін әрбір ғылым өз ұғымдарын талдап жасайды. Ғылымдардың бірлесе күш жұмсауының нәтижесінде олардың кейбір топтарына ортақ ұғымдар, сондай-ақ категориялар жасалады. Категориялар философияның неғұрлым жалпы, іргелі ұғымдары.

Философия заттардың неғұрлым жалпы қасиеттерін, байланыстары мен қатынастарын, табиғатта да, коғамда да, адамның ойлауында да әрекет ететін даму заңдарын зерттеп, оларды категориялардың көмегімен бейнелендіріп отырады. Ғылыми ойлаудың универсалды формалары ретінде кате-гориялар қоғамдық практиканың негізінде туып, дамып келеді. Өзінің мазмұны жағынан олар бізден тыс өмір сүретін шындықты объективтік дүниенің қасиеттері мен қатынастарын бейнелейді. Материалистік диалектиканың категориялары танымның қорытындысы, адамзаттың бүкіл тарихындағы дүние тану тәжірбиесі мен практикасының жинақталуы болып табылады. Олар танымның түйінді пункттері, заттардың мәніне ойлаудың ену "баспалдақтары" десе де болалы. Ойдың даму тарихының барысында жеке категориялардың рөлі де, алатын орны да өзгеріп отырды.

Категориялардың әсіресе мазмұны өзгермелі келеді. Бұл үшін, мысалы, материяны ертедегілер қалай түсінгенін және ол категория дүниенің казіргі заманғы ғылыми көрінісінің системасында қалай түсіндірілетінін салыстырсақ та жеткілікті.

Категориялар материалдық дүниенің жалпы қасиеттерін, байланыстары мен қатынастарын бейнелейтіндіктен, бұдан олардың орасан зор методологиялық маңызы бар екені, оларды табиғаттың, қоғам мен ойлаудың нақты құбылыстарын зерттеуге қолдану қажеттігі жайында қорытынды шығады.

Әрбір ғылымның аса манызды ұғымдары да методоло-гиялық рол атқарады. Диалектика категорияларының жеке ғылымдардыи жалпы ұғымдарынан айырмашылығы мынада: егер жеке ғылымдардың жалпы ұғымдары сол ғылымдардың саласында ғана қолданылатын болса, ал философиялық категориялар методологиялық принциптер ретінде ғылыми ойлаудың барлық түрлерінде, білімнің барлық салаларында қолданыла береді. Олар материалдық және рухани дүниенің айрықша күрделі, қайшылықты процестерін дәлме-дәл бейнелендіруге мүмкіндік береді. Философияның категориялары жеке ғылымдардың даму нәтижелерін оз бойына ұдайы жинақтай отырып, сол арқылы өз мазмұнын байыта түседі. Сонымен қатар, жеке ғылымдардың ешқайсысы жалпы философиялық категорияларды айналып өте алмайды, солардың көмегінің арқасында ғана шындықты теориялық жағынан қайта жаңғыртуға және оны ойда творчестволықпен өзгертуге болады.

Категориялар объективтік шындықтың қасиеттері мен қатынастарын бейнелей отырып, ойлаудың да заңдылықтарын көрсетеді. Категориялардың арқасында дара заттар жалпының жекеше көрінісі түрінде кабылданады және аңғарылады. Адамның жеке басының дамуы барысында категорияларды меңгеру оның теориялық ойлау қабілетін қалыптастырудың кажетті шарты болып табылады.

Белгілі бір категорияны дұрыс ұғыну үшін оның өзін ғана, басқа категориядардан байланыссыз талдау жеткіліксіз. Объективтік шындықта барлық нәрсе өзара байланысты, жаппай өзара әрекеттестікте болады. Сондықтан дүниені бейнелендіретін категориялар да өзара белгілі бір түрде байланысты. Категориялардың әрқайсысы объективті дүниенің қайсыбір жағын бейнелейді, ал олардың барлығы бірлікте мәңгі қозғалып, дамып отыратын табиғаттың жан-жақты заңдылығын шартты түрде шамамен қамтиды. Категориялардың бір-бірімен байланыстылығы соншалықты, олардың әрқайсысын белгілі бір категориялар системасының элементі ретінде ғана түсінуге болады.

Диалектиканың категориялары оның негізгі заңдарымен тығыз байланысты болады. Диалектиканың негізгі заңдары белгілі бір категориялардың өзара байланыстары арқылы ғана көрініп, қалыптаса алады, олай болмағанда олар ешқандай көріне алмайды. Мәселен, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы қарама-қарсылықтар, қайшылық және басқа категориялар арқылы көрінеді. Сан өзгерістері мен сапа өзгерістерінің өзара өту заңы сапа, сан, шама, секіріс және басқа категориялар арқылы тұжырымдалады. Екінші жағынан алғанда, диалектиканың заңдары заттардың жалпы жақтары мен қатынастарын білдіретін категориялар арасындағы қарым-қатынасты анықтап береді. Мәселен. мазмұн және форма мен және құбылыс, қажеттілік және кездейсоқтық арасындағы қарым-қатынастар қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңының ерекше көрінісі болып табылады. Бұған дейінгі тарауларда, бірқатар философиялық категориялар, мысалы, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт, сана, сан, сапа, шама, қайшылық және т. б. қарастырылған болатын. Бұл тарауда біз басқа арақатынасты категориялардың бірнеше жұбын қарастырамыз.

2. Жекеше, ерекше және жалпылық

Біз өзімізді қоршаған дүниені қабылдаған кезде біздің назарымызды бірден өзіне аударатын нәрсе - дүниенің сан және сапа жағынан өзгермелі алуан түрлілігі.

Дүние біреу, бірақ ол өзіне ғана тән, қайталанбайтын белгілері бар түрлі жеке заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы түрінде өмір сүреді. Кеңістік және уақыт жағынан бір-бірінен бөлек тұрған, өзіне ғана тән сапалық және саңдық айқындылығы бар жеке нәрселер мен құбылыстардың өмір сүруі жекеше категориялармен сипатталады. Ол бір объектіні басқаларынан айырып тұратын, тек сол объектіге ғана тән нәрсені көрсетеді.

Кез келген нәрсе мен процесс кейбір тұтас системаның бір түрі ғана болып табылады. Бір де бір зат, бір де бір құбылыс өз бетінше өмір сүрмейді. Олар толып жатқан басқа заттармен, құбылыстармен байланыссыз пайда бола алмайды, өмір сүре алмайды және өзгере алмайды.

Заттардың қасиеттері мен қатынастарының ортақ белгі, сапалары жалпылық, категориясымен белгіленеді. Бұл категория объектінің қасиеттері мен жақтарының ұқсастығын, белгілі бір системаның элементтері, бөлшектері арасыңдағы, сондай-ақ түрлі системалар арасындағы байланысты бейнелейді. Жалпылық, мысалы, "кристалл", "жануар", "адам" және т. с. с ұғымдармен белгіленетін белгілі бір топты, жиынды құратын заттардың ұқсас қасиеттері, қатынастары түрінде көрінуі мүмкін.

Жалпы жекеден бұрын және одан тыс өмір сүрмейді, дәл сол сияқты жеке де жалпыдан тыс өмір сүрмейді. Кез келген объект жалпы мен жекенің бірлігі. Жеке мен жалпының арасындағы байланыстырушы буын ерекше болып табылады. Жекеге (мысалы, Сәрсенге) қарағада ерекше (айталық, казақ)
жалпы болады, ал одан да гөрі кең жалпылықка (адамзатқа)
қарағанда, ол жеке болуы мүмкін және т. т.

3. Себеп және салдар

Құбылыстарды зерттеген кезде барлық ғылымдар ол құбылыстардың пайда болу, даму, өзгеру, құбылысқа айналу немесе жойылу себептерін ашуға тырысады. Құбылыстарды, процестерді білу дегеніміз ең алдымен олардың пайда болу және даму себептерін білу деген сөз. Себептілік каузалдық, латынша causa- себеп деген сөзден шыққан- құбылыстардың жалпылама заңды байланысының бір формасы. «Себеп» және «салдар» деген ұғымдарды қалыптастыра отырып, адам біртұтас объективтік процестің қайсібір жақтарын оқшаулап алады. «Жеке құбылыстарды түсіну үшін біз оларды жалпылама байланысынан бөліп алып, оларды оқшау құрастыруға тиістіміз», ал мұндай жағдайда ауысып отыратын қозғалыстардың бірі біздің көз алдымызда себеп ретінде, екіншісі әрекет ретінде көрінеді.

4. Қажеттілік жат- кездейсоқтық

Қажеттілік- шындықтағы құбылыстардың, процестердің, объектілердің одан бұрынғы бүкіл дамуының барысында пайда болған тұрақты мәнді байланыс. Қажетті нәрсе мәні заттардың мәнінен туады және ол белгілі бір жағдайларда міндетті түрде болуға тиісті.

Кездейсоқ дегеніміз - дәл осы жағдайларла болуы ла мүмкін, болмауы да мүмкін сондай болуы да немесе басқаша болуы да мүмкін нәрсе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диалектика категорияларының мәні
Диалектика теориясының мәселелері
Диалектикалық көзқарас негізгі принциптері мен формалары
Диалектика және оның алтернативасы
Диалектика әмбебап байланыстар мен даму туралы ілім
Диалектика және таным теориясының негіздері
Философиялық материализм
Дүниеге көзқарас туралы ақпарат
Пантеизм, гуманизм, диалектика ұғымдары, Эмпиризм мен рационализмнің бір-бірінен айырмашылығы, Субстанция ұғымы,Готфрид Лейбниц, Дж. Беркли, Дж.Юм
Дүниеге қөзқарас пен оның типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz