Даму психологиясы



Кіріспе ... ...
1.тақырып Даму психологиясының пәні мен міндеттері ... ... ... ...
2.тақырып Даму психологиясының қысқаша тарихы ... ... ... ... ...
3.тақырып Даму психологиясының негізгі зерттеу әдістері ... ... ...
4.тақырып Психиканың дамуын жас кезеңдерге топтастыру ... ... ..
5.тақырып Баланың ана құрсағында даму мен нәресте кезіңдегі психикалық даму
6.тақырып Бөбек жасындағылдардың психикалық даму ... ... ... ...
7.тақырып Мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс.әрекеті мен таным процестерінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8.тақырып Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы мен таным процестері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9.тақырып Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы ... ... ...
10.тақырып Балаң жас өспірімдік . әлеуметтік.психологиялық құбылыс.
11.тақырып Кемел жас психологиясы...
12.тақырып Қартаю және кәрілік...
Терминдік сөздер..
Тесттер...
Әдебиеттер..
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант» (лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
1 Абрамова Г. С. Сборник задач по социальной психологии и психологии развития : учеб. пособие для вузов / Абрамова Г. С. – М. : Академия,1999. – 144 с.
2 Алферов А. Д. Психология развития школьников : учеб. пособие для студ. / Алферов А. Д. – Ростов н /Д. : Феникс, 2000. – 34 с.
3 Волков Б. С. Психология развития человека : учеб. пособие для вузов / Б. С. Волков., Н. В. Волкова. – М. : Академический проект, 2004. – 223 с.
4 Глушко В. П. Школа гениальности : учеб. пособие по эвристике / В. П. Глушко., А. В. Старцев. – Алматы : Дәуiр, 2005. – 92 с.
5 Крайг Г. Психология развития. – 7-е изд. междунар. – СПб. : Питер, 2000. – 988 с.
6 Крайг Г. Психология развития / Грэйс Крайг, Дон Бокум : науч. ред. Т. В. Прохоренко – 9-е изд. – СПб. : Питер, 2006. – 939 с.
7 Немов Р. С. Общая психология. Возрастная психология (Психология развития). Педагогическая психология : учеб. планы и программы курсов. – М. : Моск. психолого-соц. ин-т; Изд-во "Флинта". 1998. – 71 с.
8 Поляков В. А. Психология развития личности в системных отношениях: методы психологической диагностики, акмеологический релятивизм / В. А. Поляков. – Минск, 1999. – 128 с.
9 Сильва Х. Управление разумом по методу Сильва для физического совершенствования. – Минск : Попурри, 1997. – 383 с.
10 Солдатова Г. Н. Лаврова – Ростов н/Д. : Феникс, 2004. – 383 с.
11 Эльконин Б. Д. Психология развития : учеб. пособие для вузов / Б. Д. Эльконин. – М. : Академия, 2001. – 143 с.
12 Яковлева Е. Л. Психология развития творческого потенциала личности/ Е. Л. Яковлева. – М., Флинта, 1997. – 224 с.
13 Вахрущев Д. Б. Принципы японского управления. – М., 2001. – 45 с.
14 Возрастная и педагогическая психология // под. ред. М. В. Гамезо, М. В. Матюхиной, И. С. Михальник. – М., 2000. – 155 с.
15 Возрастная и педагогическая психология // под. ред. А. В. Петровского. – М., 2001. – 71 с.
16 Волкова К. А., Казакова Ф. К., Симонов А. С. Государственное предприятие структура, положения об отделах и службах, должнонстные инструкции : справочное пособие. – М., 2001. – 56 с.
17 Волков Б. С., Волкова Н. В. Балалар психологиясынан жаттығулар жинағы / Аударма: Бұсұрманова С. Т., Бердібаева С. К. – Алматы, 2002. – 13 с.
18 Вудкок М., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер – М., 2005. – 56 с.
19 Гальперин П. Я., Запарожец А. В. Актуальные проблемы возрастьной психологи – М., 2005. – 23 с.
20 Гастев А. К. Как надо работать. – М., 2006. – 41 с.
21 Гастев А. К. Трудовые установки. – М., 2007. – 75 с.
22 Гвишиани Д. М. организация и управления. – М., 2002. – 92 с.
23 Грызунова Г. В. Межличностный конфликт в сфере управленческой деятельности : автореф. – М., 2001. – 90 с.
24 Добрынин В. В. Основы научного управления предприятиями и учреждениями. – М., 2002. – 25 с.
25 Дорошенко Е. А. Социально- психологические факторы повышения эффективности коллективного труда в аппарате управления. В кн. Эффективность управленческгого труда. – Киев, 2003. – 60 с.
26 Кон И. С. Психология юношеского возраста. – М., 2005. – 7 с.
27 Кроник А. А. Психологический возраст личности. – М., 2000. – 51 с.
28 Кон И. С. Открытие “ Я”. – М., 2006. – 85 с.
29 Край Г. Психология развития. – Питер, 2000. – 69 с.
30 Крутецкий Р. А. Психолог и обучения и воспитание школьников. – М., 2006. – 63 с.
31 Лейтес Н. С. Умственные способности и возраст. – М., 2007. – 26 с.
32 Леонтьев А. Н. Проблемы развития психики. – М., 2002. – 85 с.
33 Люблинская А. А. Детская психология. – М., 2001. – 180 с.
34 Муканов М. М. К вопросу о генезисе внутренней речи в связи с трактовкой механизмов мышления и общении. – М., 2002. – 89 с.
35 Лейтес Н. С. Проблема общих способностей в возрастном аспекте “ Вопросы псхологии”. – М., 2009. – 170 с.
36 Обухова Л. Ф. Детская психология. – М., 2005. – 160 с.
37 Овчарова Р. В. Практическая психология в начальной школе. – М., 2007. – 151 с.
38 Петровский А. В., Шпалинский В. В. Социальная психология коллектива. – М., 2008. – 113 с.
39 Практикум по возрастной психологии. // под. ред. Д. И. Фельдштейна. – М., 2004. – 52 б.
40 Райс Ф. Психология подростков и юношеского возраста. – М., 2000. – 56 б.
41 Смирнова Е. О. Психология ребенка. – М., 2007. – 23 б.
42 Уайт Б. Первые три года жизни: пер. с англ. – М., 2002. – 47 б.
43 Урунтаева Г. А. Практикум по возрастной психологии. – М., 2005. – 89 б.
44 Хрестоматия по детской психологиии. // под. ред. Г. В. Бурменской. – М., 2006. – 55 б.
45 Хрестоматия по психологии // под. ред. А. В. Петровского – М., 2007. – 78 б.
46 Шахова И. П. Практику м по лабораторным работам курса “Возрастная психология”. – М., 2008. – 56 б.
47 Якокка Л. Карьера менеджера. – М., 2001. – 101 б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультеті

Психология және педагогика кафедрасы

ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

5В050300 (050503) - Психология
және 5В010300 (050103) - Педагогика және психология
мамандығының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік құралы

Павлодар
Кереку
2012
ӘОЖ 159.9 (07)
КБЖ 88.3я7
Д15

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің гуманитарлық-
педагогикалық факультетінің
оқу-әдістемелік кеңесімен басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:
С. Е. Булекбаева – медицина ғылымдарының кандидаты, С.
Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің психология және
педагогика кафедрасының профессоры;
Б. Г. Сарсенбаева – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.

Құрастырушы: Н. А. Кударова
Д 15 Даму психологиясы : Психология және Педагогика және
психология мамандығының студенттеріне арналған оқу- әдістемелік
құралы құраст. Н. А. Кударова. – Павлодар : Кереку, 2012. – 71 б.

Оқу әдістемелік кешені Даму психологиясы пәні бойынша
Педагогика және психология, Психология мамандықтарының студенттері осы
курс бойынша оқытушының жұмысын неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған
барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды.
Оқу-әдістемелік құралы Психология, Педагогика және психология
мамандығының студенттеріне, орта кәсіби білім беру мен жоғары оқу
орындарының оқытушыларына арналған.

ӘОЖ 159.9 (07)

КБЖ 88.3я7

© Кударова Н. А., 2012

© С. Торайғыров
атындағы ПМУ, 2012

Материалдық дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге
авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе

Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен даму
деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ
өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік
әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек
алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл
(кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті
қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе,
тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір
зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның
осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай
қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар,
көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден
қалған қалдықты инвариант (лат. тілінен өзгерілмейтін) деп аталады,
осыған тіректелетін жаңаны өзгерілгіш деп аталады. Психиканың дамуын
дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға
жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз
де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір
аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін
емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып
тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың
инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи дәуірлерде психика дамуының
шарты болды. Инварианттық, яғни тұрақты қасиеттер, соның ішінде шартсыз
рефлекстер, не өмір үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында берілетін
адамның кейбір мінез-құлықтары жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі
өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей өзгеріске ұшырайды
деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді, екінші
жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне
үйіліп, қосылып жатады.
Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады. Психикалық
дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған кескінділерді өзіне тірек ретінде
пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, – дейді. Мұны
қирау теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана
емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге
ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына
әсері. Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды,
тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ
кейде зерттеушілер экологиялық деген сөзді тұқым қуалаушылық
мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін
қасиеттер баланың пихикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре
алмайды.
Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды
қызмет еттіріп оятып жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт.
Биологиялық факторды баланың туылғаннан берілген дене бөлшектері десек,
керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. А. Н.
Леонтьевтің пікірінше, әлеуметтік фактордың ықпалы көбірек болады.
Әлеуметтік ортаның атқаратын рөлі өте үлкен.
XX ғасырдың бас кезінде индус психологы Рид Сингх Амаланның ойынша,
бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай дамыту
үшін, оның қоғамдық ортада өсуі, тәрбиеленуі қажет дейді. Әйтпесе, бала
адам қатарына айнала алмайды. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік
факторлардың дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық фактордың
ықпалы баланың жас кезінде (нәресте кезінде) үлкен рөл атқарса, енді
әлеуметтік факторлар күннен-күнге өріс ала бастайды.
Психикалық даму және оқыту. Бала психикасы тек оқытудың негізінде
қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту
керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді. Егер баланы
ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне
дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың
ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, – дейді.
Шетел психологы Дж. Брунердің ойынша, психиканың дұрыс қалып тасып,
дамуы үшін оқыту өте қажет, және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор. В.
В. Давыдовтың ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер етеді,
егер баланың сабақ үлгеріміне шақ келетін материалдар бір қалыпты
меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде ақыл-ой
деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін
айтамыз.

1-тақырып. Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Жоспар
1. Даму психологиясының пәні.
2. Даму психологиясының салалары.
3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысты.
Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні
– адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның
психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар
психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер
психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму
психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық
процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық
мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.
Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы
деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі
жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың
біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге
келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи
биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас
даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.
Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П. П.
Блонский мен Л. С. Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты.
Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың
мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас
кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады
және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының
жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский
жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама
тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен
және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен
анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған
жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп
отырады.
Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен
анықталады. Бұл – әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар
жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін
білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына
тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының
түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық
құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі
т. б.) ерекшеліктері де енеді.
Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер
етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған
қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға
объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы
жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-
қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен
ерекшеліктеріне сабақтас келеді.
Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен
тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-
қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы
дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір
физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.
Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі
бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс
анықтайды.
Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму
ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:
1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін);
2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін);
3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);
4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін);
5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін);
6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін);
7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 – 23 жасқа дейін);
8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін);
9) кемелдік кезең (30 жастан 55 – 60 жасқа дейін);
10) қартаю кезеңі (60 – 70 жас аралығы);
11) кәрілік кезең (70 – тен жоғары).
Даму психологиясының мынадай салалалары бар:
– балалар психологиясы;
– жасөспірім психологиясы;
– балаң жас психологиясы;
– акмеология (кемелдік);
– геронтопсихология (кәрілік).
Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты.
Педагогикалық психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық
заңдылықтарын зерттеу.
Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу
объектісі – бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар
егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму
психолоиясыың зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары
қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады.
Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы,
жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал
оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы –
педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.
Даму психологиясы психологияның басқа да салаларымен (еңбек
психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т. б.) тығыз байланысты.
Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен,
гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты.

Бақылау сұрақтары

1. Даму психологиясы – психология ғылымының саласы.
2. Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму
ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін қалай топтастыруға болады?
3. Даму психология пәнінің басқа ғылымдармен байланыстылығы.

Әдебиеттер [5, 6, 15, 16, 17, 20]

2-тақырып. Даму психологиясының қысқаша тарихы
Жоспар
1. Даму психологиясының пайда болуы.
2. Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік генетикалық
бағыттар.
3. Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері.
Даму психологиясының пайда болуы. Даму психологиясының өмірге келуі 19
ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни психологияға генетикалық идеяның
енуімен байданысты. Даму психологиясының одан әрі өрлеуіне Ч. Дарвиннің
эволюциялық идеялары айтарлықтай әсер етті. Ол психикалық дамудың қайнар
көздері мәселесіне зейін аудартты.
19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында психологиялық экспериментті
даму психологиясында қолданудың арнаы жолдары табыла қоймады.
Эксперименттің психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің
психофизикалық заңды ашуы, Эббингауездің ес процесін зерттеуі,
Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік
пен қимыл-қозғалыстың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттегендері, және
т.б.) осындай зерттеу жетістіктеріне сүйене отырып, даму психологиясы
өрістей бастады.
Адамның өзіндік даму жолындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әсіресе
өмірдің алғашқы кезеңдеріне аса көңіл аудару қажет. Осындай пікірді
қолдайтын психологтар, бала өмірінің ерекшеліктеріне, әсіресе оқыту мен
тәрбиелеу жүйесіне көңіл аударды. Мәселен, Ж. Ж. Руссо Бала – кішкентай
ересек адам – деген жалпы қорытынды жасады. Кейіннен, Кеңес елдерінде, АҚШ-
та өрістеген көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың
байқаулары, есте сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен
адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша
сапалық ерекшеліктері болатыны анық.
Маркстік – Лениндік философияның негізгі қағидаларына және диалектика
қағидаларына, физиология саласындағы жоғары жүйке қызметіндегі жаңалықтарға
сүйене отырып, кеңес ғалымдары адамның даму процесі (онтогенезі) табиғат
құбылыстары мен адам адам қоғамындағы кез келген әсер ететін заңдарға
бағынған, бірақ бұл заңдар адамының жеке бас ретіндегі, жаңа қоғамды құрушы
азамат ретіндегі психикалық даму процесінің ерекшелігіне сәйкес өзгешелік
болып табылады.
Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық
бағыттар. Балалардың психикалық даму мәселесі, мұндай дамудың қайнар
көздері мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты мәселе.
20 ғасырдың басында даму психологиясы саласында балалардың психикалық
дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші 2 ағым
айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай
факторды, биологиялық немесе әлеуметтік
факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине бір бағыт өкілдері балаға
әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық
алғы шарттарын толық жоққа деген сөз емес. Биогенетикалық және әлеуметтік-
генетикалық бағыттар баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым
тенденциясын ғана шамалап айқындайды.
Биогенетикалық бағытқа туа біткен ерекшеліктерді мойындау, баланың
мінез-құлқы мен дамуына жеңіл-желпі, түс түсіну тенденциялары жатады.
Биогенетиктер үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар
тұратын тәрізді болғанымен, биологиялық ең алдымен тұқымқуалаушылық фактор
айқындаушы болып есептелінеді. Биогенетиктердің пікірінше, даму жеке
адамның сапалық және сандық жақтары міндетті түрде тұқымқуалаушылықпен
анықталады, ал орта–бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді
тұқымқуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсы бір
өзгермейтін фактор ғана.
Биогенетикалық заңды ең алғаш тұжырымды алғаш ашқан 19 ғасырда Геккель
болды. Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі
себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы
жатады, ал сыртқы фактор ретінде қайсы бір тұқымқуалаушылыққа байланысты
психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге жарамды
болады деген идея жатқызылады.
Әлеуметтік-генетикалық бағытты қолдаушылардың пікірінше, бала дамуының
орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу
үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті, қоршаған орта қандай
болса, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары, сондай болмақ.
Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып
таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер секілді
социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам
белсінділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік ортада
көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша
қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-
құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы
түсініксіз болып қалды.
Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері. Швейцария
ғалымы Ж. Пиаженің генетикалық психология теориясы – психология ғылымының
кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.
Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық
қағида дәрежесіне көтерді.
Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының (интеллект) қалыптасуына
назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің дамуын
байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен
қызметін білуге болады деп пайымдайды.
Ж. Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу
еді. Осы құрылымды қарапайым эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп
білді, яғни, интеллектілік күрделі ақыл-ойдың психикалық элементтерден
құралатынын дәлелдемекші болды. Ж. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі –
баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын
интеллектінің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол
қоғамдық тарихи әрекет болмысына орын қалдырмады.
Ж. Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау
қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты.
Ой қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол
адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-
жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре алмады.
Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы кемшілік:
интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды
бағаланбай, әлеуметтік – қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні
жоққа шығарылды.

Бақылау сұрақтары

1. Даму психология пәнінің пайда болу ерекшелігі.
2. Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық
бағыттар.
3. Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері.

Әдебиеттер [1, 3, 5, 6, 7, 9]

3-тақырып. Даму психологиясының негізгі зерттеу әдістері
Жоспар
1. Даму психологиясының әдістерін топтастыру.
2. Бақылау әдісі, оның түрлері, ерекшеліктері.
3. Эксперимент әдісі және оның түрлері.
Даму психологиясының әдістерін топтастыру. Ғылым – ең алдымен ісі.
Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмейді, әдістер
аймағын тануды да қамтиды. Осыдан зерттеу әдістері ғылымның өзімен бірге
дамып, өзгерістерге келіп отырады.
Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады. Даму
психологиясында адамның психикалық қызметтің зерттеулерінің алуан түрлі
әдістері бар. Оларды былай топтастыруымызға болады:
- бақылау әдісі;
- эксперимент әдісі;
- әңгімелесу әдісі;
- қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі;
- анкета әдісі;
- тест әдісі;
- модельдеу әдісі;
- егіздерді зерттеу әдісі;
- социометрия.
Бақылау әдісі. Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің
мәнісі, басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы
көріністерін, қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі
жоспарлы түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-
күйі, қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол
адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі
бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.
Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің
керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы.
Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:
Лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі.
Табиғи эксперимент – табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді.
Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф.
Лазурский болған.
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау
қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін
сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет.
Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шумақ ықыласты сақтау керек.
Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамның шамасы, дағдылары,
жұмысқа деген қабілеті, білім деңгейі сияқты психикалық еркешеліктерін
анықтайды. Балалардың жазған шығармаларын, суреттерін, күнделіктерін, еңбек
сабағында істелген заттары арқылы, зерттеу арқылы болады.
Анкета әдісі. Зерттелушілерге бірқатар сұрақтарға жауап жаздырады.
Жазба жауаптарға анализ жасалынады, содан соң статистикалық өңдеуден
өткізіледі, одан кейін белгілі бір қорытынды жасалынады.
Тест әдісі. Ағылшын тілінен енген сөз (сынақ) деген мағына
білдіреді. Арнайы дайындалған, стандартталған сұрақтар тізбегін тест деп
атаймыз.
Интроспекция әдісі. Адамның өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, зерттеу
жүргізуі.
Егіздерді зерттеу әдісі. Егіздер 2 түрлі болады:
– бір жасушадан жаралған;
– екі жасушадан жаралған.
Бақылау әдісі, оның түрлері, ерекшеліктері. Бақылау әдісі – таңдамалы
және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда
зерттеп, психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей
сипаттауды айтамыз.
Бұл даму психологиясында кең тараған. Бұл әдістің мәнісі, басқа
адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлқын, психикасын сыртқы көріністерін,
қозғалысын, сөйлеген сөзін, мимикасын, оның қылықтарын жүйелі жоспарлы
түрде бақылайды. Осыған орай ол адамның психикалық процестері, жай-күйі,
қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Бақылау әдісінің ерекшелігі, ол
адамның психикалық көріністерінің табиғи сақталуын қадағалайды. Кемшілігі
бақылаушы өзі күткен көрінісін тосуға тиіс.
Эксперимент әдісі және оның түрлері. Даму психологиясында
эксперименттің рөлі өте зор. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің
керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы.
Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:
1) лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі;
2) табиғи эксперимент – табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің
барысында өтеді.
Лабораториялық эксперименттік әдісті ең алғаш ашқан орыс ғалымы А. Ф.
Лазурский болған.
Әсіресе, баланы зерттеуде табиғи эксперимент жетекші рөл атқарады. Оқу-
тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент оқушылардың
танымдық әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктері мен жеке адамдар
арасындағы қатынастарды тәрбиешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік
ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік
береді.

Бақылау сұрақтары

1. Даму психологиясында адамның психикалық қызметтің зерттеу үшін
қандай әдістерді қолданылады?
2. Бақылау әдісі, оның түрлері, ерекшеліктері.
3. Эксперимент әдісі және оның түрлері.

Әдебиеттер [4, 5, 8, 9, 20, 21]

4-тақырып. Психиканың дамуын жас кезеңдерге топтастыру
Жоспар
1. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
2. Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы.
3. Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.
4.Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең.
Балалар жасын кезеңдерге топтастыру. Бала жасын кезеңдерге бөлудің
жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы
тұрғысынан дәлелденген болатын.
Жасты кезеңдерге бөлуі жабайы өмір тұрғысынан Г. Гете мен Л. Н.
Толстойдың еңбектерінде кездеседі. Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай
деректерге сүйенеді, әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше
психикалық қасиеттер бар деген шешімге келді. Азия мен Африка елдерінде
бала бір жастан екінші жасқа өткенде той жасап, оны жігіттік дәрежеге
көтеретін болған. Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше
түсінген. Себебі, әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі болып
келеді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгі дәрежеде
болады. Әлеуметтік жас дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың
ерекшелігінің билеуі.
Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы. Қазақ еліндегі адамдар өзге
халықтар сияқты балалары қай жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын
бақылап, оның есеюіне орай неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені
мынадан: әр жас кезінде өз үй ішінде және құрбылары арасында алатын орны
түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай
болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас
кезеңдерін топтастырып көрейік: туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте
жас кезеңі.
Нәресте жас мынадай 2 кезеңге бөлінеді:
– бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін);
– еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
– 1-ден 3 жасқа дейінгі кезең - бөбектер жасы. Бұл кез баланың тілі
шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі;
– 3- тен 7-ге дейінгі кезең – сәбилік жас. Бұл жастағылар жұмыстың
қарапайым түрлерін орындауға қатысты. Қыздар көбіне аналарына көмектесіп,
ұлдар болса әкелеріне көмектеседі;
– 8-ден 11 жасқа дейінгі жас – періште жасы. Психикалық және
физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда (1-1,5) жыл алда
келеді. Бұл жас кезеңін періште жас кезеңі деп атау себебі әдет-ғұрыптарды
сақтау міндеттелінді;
– 12 жастан 15 жасқа дейінгі кезең – бозбала жасы. Бұл мезгіл ұл мен
қыздардың дәуір есейіп қалған кезі. Үйге қонақ келсе қыздар қонақтардың
көзіне көрінбейді, ұлдарды үлкендермен табақтас ететін;
– 15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін
бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.
Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кезеңдегі бала өзінің ісін соған
түгелдей арнап отырған.
Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.
Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Жасты ғылыми
тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер
ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік
ұмтылуының арасындағы қайшылық дағдарыс кездеседі. Психологиялық тұрғыдан
осы процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:
Туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден
және қозғалудан (еңбектеу) тұрады. Ж. Пиаженің жүйесінде сезу-қозғалу
интеллектісінің бастапқы кезеңі.
1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың
тілі шығып, әсіресе, тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін
меңгере бастайды.
3-тен 7-ге дейінгі кезең мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы
ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен өріс алады.
7-ден 11-ге дейінгі кезең – бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың
сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып
дамиды.
16-18-жоғары сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір
зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі, 16-ға толғандар ересек
болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен
үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста балаға тән қасиеттер
бірте-бірте азая бастайды.
Осы келтірілген жас кезеңдері психологиялық тұрғыдан топтастыру
балалар бақшасында, не мектепте ресми түрде қабылданған жастарға үнемі
ұқсамайды. Себебі психологиялық тұрғыдан жасты тиісті кезеңдерге бөлудің
өзіндік сипаты бар.
Бала психикасының дамуындағы сензитивті кезең.
Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері
кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивті кез деп атайды. Сензитивтік кезді,
әдетте, метафора ретінде егіннің жақсы, не нашар шығуымен ұқсастырады. Әр
жылдары егіннің жақсы не нашар шығатын мезгілдері сияқты, адамның, соның
ішінде баланың әр нәрсеге әуесқойлығы, сезімталдығы түрліше болып
кездесетін мерзімі бар. Осы мәселені тұңғыш рет көтерген Италияның педагогы
Мария Монтессори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде біздің елде
психологтар Л. С. Выготский, Н. С. Лесгафт осы жөнінде құнды пікірлер
таратты.
Сензитивті кезге мән беретін себебі, осы кезде аса әсерленгіш келеді,
осыны пайдаланып қалу үшін дұрыс тәрбие мен оқыту тәсілдері қолданылуы
керек. Сензитивтік кез тек қана бала жасында ғана емес, адамның барлық
өмірінде түрліше болып кездеседі. Егер 60-тан асқан кісіден оның өмірінің
қай мезгілі есінде айқын қалған, қай жасында мағлұматтар айқын қалмаған деп
сұраса, ол 20-25-ке дейінгі басынан кешірген оқиғаларын айтып, кейінгі
кездері, әсіресе қартайған уақытын онша еске түсіре алмас еді. Әсіресе
жастық кезеңде адам өте сезімтал болып келеді. Бастауыш мектеп
жасындағыларда (7-10) мұғалімнің айтқанына сын көзбен қарау онша
кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенгіш болып келеді, осыны
пайдаланып көп мағлұматтар ұқтыруы тиіс. Ал егер осы кезеңді дұрыс
пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға түсуі мүмкін. Осы жастағы
балалар келесі кезеңге өткенде (11-16) бұрынғыдай емес, енді ұстаз сөзіне
сынмен қарайды. Сондықтан балалар үшін бастауыш мектеп кезеңі өте маңызды,
оларды оқу мазмұнымен қызықтыру керек. Бірақ жеткіншектердің өздеріне тән
сензитивтік кезеңдері бар: бұлардың күші мен ақылы молайып, қуатын,
ептілігін тиісті салаға қолданғысы келіп, өзін-өзі құрбыларының, не
үлкендердің алдында көрсеткісі келіп тұрады. Ал ересек жас (16-18) кезеңіне
келсек, олар әрі істі ойланып орындауға икемдері көлемді және өзінің
келешегі жөнінде ойланып, өзін-өзі тәрбиелеуге құмар келеді. Сензитивтік
кезең көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. АҚШ-тың тілшісі
Э. Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған
тез үйреніп кетеді. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кезеңі түрлі уақытта
кездеседі.
Осы айтылғандардың барлығы музыка, сурет өнерлеріне де тікелей
қатысты. Ірі суретшілер мен композитерлер өз саласына қабілеті 10-12
жасында дами бастаған. Әрбір нәрсенің өзіндік және сөнетін мезгілі бар. Осы
мүмкіншілікті өз мезгілінде пайдаланып қалу керек.
Бақылау сұрақтары

1. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
4. Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы.
2. Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.
3. Бала психикасының дамуындағы сензитивті кезең.

Әдебиеттер [5, 6, 8, 9, 12, 18]

5-тақырып. Баланың ана құрсағында даму мен нәресте кезіндегі
психикалық дамуы
Жоспар
1. Баланың ана құрсағында жүйке жүйесінің дамуы.
2. Баланың ана құрсағында дамуының биогенетикалық заңдылығы.
3. Нәресте кезеңінің өзіне тән ерекшеліктері.
4. Еңбектеу – нәрестенің сыртқы ортаны тануына қадам жасауы.
Баланың ана құрсағында жүйке жүйесінің дамуы. Бала ана құрсағында
морфологиялық жағынан алып қарағанда едәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен
жүйке жүйесінің төменгі алаптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып
қалыптасады. Бұдан соң бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды.
Мидың төменгі алыптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы
алаптарының шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен болып
табылады. Бұл заңдылық бойынша, бала (бұл жануарларға да тән) анасының
құрсағында биологиялық түрге жататын ата-тегінің тарихи дамуын
(филогенетикалық дамуын) қайталайды. Жүйке жүйесінің ата-тегінің
биологиялық түрдегі дамуын қайталауымен шектелінбейді. Ана құрсағындағы
бала миы биогенеткалық дамуда ата-тегінің алғашқы кездегі жүйке жүйесінің
дамуын қайталайды. Мысалы, баланың жүйке жүйесі анасының құсағында алғашқа
күндері қарапайым жәндіктердің (инфузорияның т. б.) жүйке жүйесі тәріздес
келеді. Осы жәндіктердің, әдетте, жүйке жүйесінің орталығы жоқ, жүйке
талшықтары тұс-тұсынан таралған жапырақ тәріздес болып келеді. Бұдан кейін
сол жапырақ бүктеліп түтік тәріздес болып келеді. Түтік тәріздес жүйке
жүйесі көбінесе құрттарда кездеседі. Осыдан соң түтік үш буынға бөлінеді
(шеткі, ортаңғы, алдыңғы буындарға). Әрбір буын өзінің қол атындағы дененің
аудандарын басқарады. Бірақ осылардың жоғары сатысында алдыңғы буын үстем
алып, кейін бас миының негізіне айналады. Бұдан соң бала жүйке жүйесі
буындарының қалғандарынан озып, тез дамиды да, бас ми сыңарларын құрады.
Ана құрсағында бала миының дамуы орталық жүйке жүйесін қайталайды.
Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген зоолог Э. Геккель
болды (1884-1919). Бұл заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың жүйке
жүйесінің қалыптасуына қатысты екенін дәлелдеген орыс морфологы А. Н.
Северцов (1866-1986) болатын.
Балаға тән жүйке жүйесінің негізі – бас миы. Баланың бас миы ана
құрсағында едәуір дамып қалса да, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық
қалыптаса бастайды. Мысалы, бас ми қабығы және оның микроскоппен көрінетін
6 қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып
қарағанда, баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті
тітіркендірулерге жауап беруге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз
рефлекстерімен туады. Әсіресе, балада ему шартсыз рефлексі жақсы дамыған
болады. Баланың ана құрсағында психикалық ерекшеліктер көрініс береді ме?
Әрине баланың ана құрсағындағы кезеңінде психикалық еркешеліктер көрініс
береді. Оған шартсыз рефлекстер дәлел. Ана құрсағындағы орта мен табиғи
ортаны салыстыруға болмайды, әрине. Метафорамен айтқанда, бұл екі орта әр
түрлі планеталардың өзгешелегімен ұқсастыруға болады. Себебі, бала тамақты
да, ауаны да шешесінің тиісті органдарынан ассимиляция ретінде алып
тіршілік етеді. Ана құрсағындағы ортаның өзіндік ерекшелігі тек шартсыз
рефлекстердің (емшек ему, ауырту т. б.) реттелуіне ғана мүмкіндік береді.
Әрине, дамудың осы түрі кейінгі кезде өзінің түрлі нәрселерге үйренуге
(шартты рефлекстердің жасалынуы т. б.) дайындықтың бір түрі.
90 жылдары неміс ғалымы Хейнз әйелдің ішіндегі баланы массаж арқылы оқытуға
болады деген пікір тастады. Онда бала дүниеге келгеннен кейін физикалық
және ақыл-ой жағынан бірнеше есе жақсы дамиды деген қорытындыға келді.
Баланың әр жасындағы көзге түсерлік қозғалыстардың негізі жануарлар
дүниесінде де кездесіп отырады. Биогенетикалық заңдылық бала психикасының
дамуына әсер етеді.
XX ғасырдың соңғы кезіндегі психологтардың пікірінше (С.
Холл, Ж. Болдуин) баланың ақыл-ойының дамуы қоғам дамуының тарихын
қайталайды, баланың туғаннан кейінгі жас кезеңдерін аңшы, балықшы, малшы,
диханшы, индустрия жастарына бөлген. Бұл пікірге орыс психологы А. К.
Корнилов қарсы шықты.

Бақылау сұрақтары

1. Баланың ана құрсағында жүйке жүйесінің даму ерекшелігі.
2. Балаға тән жүйке жүйесінің негізгі ерекшелігі.
3. Нәресте кезеңінің өзіне тән ерекшеліктері.
4. Еңбектеу – нәрестенің сыртқы ортаны тануына қадам жасауына
сипаттама бер.

Әдебиеттер [5, 6, 7, 9, 10, 12]

6-тақырып. Бөбек жасындағылдардың психикалық дамуы

Жоспар
1. Бөбек жасы кезеңінің өзіндік ерекшеліктері.
2. Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы.
3. Еркелеу – бөбек жасына тән психикалық дамудың өзіндік ерекшелігі.
Бөбек жас кезеңінің өзіндік ерекшеліктері. Егер нәрестенің психикалық
дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық
дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі)
бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б.
Гудинаф өзінің еңбектерінде бөбек жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша,
жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы – бөбек (3
жас) жасы дейді. Ал осындай ірі жетістіктерге бөбек аз уақыттың ішінде
қалай жете алады? Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі (1 жасқа толғанда)
баланың түргелеп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың
балаға тұсау кесу дейтін ырымынан да белгілі. Бұл жетістіктің екінші
себебі: әр заттың өзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр
заттың қандай қызет атқаратынын білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде
соның атқаратын қызметінің мәнісін түсіне бастайды. Бөбек психологиясының
дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі: оның қарапайым ойындары мен
балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі (сызу не үй салу т. б.). Бұл
бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер
бөбек психологиясының дамуына алкен әсер етеді. Мысалы, ойыншықтармен ойнау
осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтардың
сылдарлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің, не машинаның
бейнесі екеніне мән бере алмайды.
Бөбек жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей
емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын бергенде оның үстіне көйлек тігіп,
кигізіп, кішкентай тәрелкеге ас салып, қасықпен оны тамақтандырады. Ұлға
осындай ойыншық ұсынсаң ол одан бас тартып, бұл қыз балалардың қызметіне
қатысты, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып
мініп, осы менің атым жүгіретіні кездеседі. Ойынға қатысушылар аю
ойыншығы нағыз аюдың өзі емес екенін, ал таяқтың ат емес екенін өздері де
жақсы біледі. Бұл сұраққа өздері былай жауап береді: Біз әншейін ермек
үшін ойнаймыз – деп жауап береді. Ал осындай ойындағы заттарды
(ойыншықтарды) өзге заттың символы (не белгісі) деп түсіну бөбектердің
фантазиясын, ой-өрісін дамытуға едәуір пайдасын тигізеді.
Бөбек психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің
қалыптасуының ерекше маңызы бар. Осы кезден бастап сөздерден сөйлем
құрастыра бастайды. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200 – 1500 сөз біледі
(осыған сәйкес 150 – 20-ге жуық морфемаларды меңгеруі мүмкін). К. Чутовский
өзінің Үштен беске дейін атты кітабында бөбектер қалай сөйлем құрастыра
алады және осыған байланысты икемділігі тілші ғалымдардан кем емес екенін
атап керсеткен болатын. Оның ойынша бөбектер тіпті ана тілінде кездеспейтін
(бұрын айтып көрмеген) жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі бөбек әлі
қандай сөздер айтуға болатынын не болмайтынын білмейді. Себебі жаңа
сөйлемді бірден естіп, оны қайталап отырған жоқ. Мұндай сәтсіздіктер кейін
үлкендердің көмегімен түзетіледі.
Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне
де негізделеді. Сондықтан әуелі бөбектің қабылдауы мен елестетуіне
тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде (1,5-2 жаста) бала жан-жағына қарап
заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен, оның
қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бір қасиетіне,
не білгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады. Мысалы, бөбек торғай
сөзді естіп, кейін осы сөзді нақты торғаймен ұшастырады да бұдан соң
торғай деген сөзді естігенде торғайдың мұрны сияқты ағашты да торғай деп
айтатын болған. Себебі торғайдың бейнесін бөбек әлі тұтас ажырата алмайды.
Сол сияқты бөбек танысының суретін көргенде оның көшірмесі (бейнесі) демей,
сол адамның өзі деп түсінеді. Себебі сол адамды ол танитын болғанымен, оның
тек бір мүшесін (мұрнын, не шашы мен көзін) есте қалдырған. Ал бөбектің
қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен,
ұзындығымен, өңімен, түсімен т. б. танысуға келсек, осылар сол заттың
бейнесімен бірге елестетіледі. Бөбек жасының бастапқы кезінде тиісті зат
жоқ болса да, оның бейнесін елестету оның үзінділерінде, не кездейсоқ
жағына мән беруге негізделеді. Бөбек жасының аяқ кезінде бала шеңбер,
төртбұрыш, үшбұрыш, тік бұрыш, көп бұрыш т.с.с. ажыратып, соларды
есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді ( қызыл, сары, көк,
көкшіл, ақ, қара т. б.) ажыратып соларды қосымша түстерден айыра батайды.
Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы. Таным
процестеріне байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге
таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, осыған байланысты дыбыстарды
ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді.
Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі
тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атаймыз.
Фонематикалық есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі
дыбыстарды елемеуі. Осы қасиет тек бөбек жасынан басталып,олар өз тілінің
фонематикалық есту ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды.
Ж. Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде
бөбек жасын ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Ж. Пиаже
ойлану деген терминді – проблемалық мәселені шеше білу ретінде (есеп
шығару т. б.) қолданды. Бөбектерде ойланудың тек қарапайым түрлері бар,
бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеспейді. Мысалы, бөбек кубиктерден үй
құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десең, осыған
ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, қара! деп соны
қайтадан салады. Бұл жағдайда ойын нақты іс-әрекет үстінде қара! деп
жеткізіп отыр. Ал нақты бейне ойы деп заттардың өзін көрмей тұрғанда,
олардың бейнесін басында елестете отырып, соған тіректелетін, ойын
жеткізуді айтады. Соңғы ой амалы бөбекте күшті дамыған.
Бала бөбек жасының бастапқы кезінде өзін Мен дей алмай, көбіне ол,
не өзінің атымен атайды. Л. Н. Толстой бір сөзінде, ол өзінің есін (өзі
жөніндегі және өзгелер жөніндегі оқиғаларды) 2 жасымнан
бастап біле бастадым дейді. Бұл қате болар. Өйткені, бөбек жасының аяқ
кезінде (2,5 жастан асқан соң) ғана балалардың көпшілігінде есі кіре
бастайды. Баланың есінің кіруінің өзі – ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі
кіргеннен кейін бөбекте Мен деген қасиет пайда болады. Егер бөбек жасының
аяқ кезіне дейін бала есін білмей келсе, кейін Мен деген қасиет пайда
болмайды. Сананың, яғни естің бөбекте пайда болуы оның тілінің шығып, ойын
сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының нәтижесінде пайда болады. Егер адам
тіл білмесе (мұндай жағдайдың болуы мүмкін емес), онда оның есі мен санасы
және Мен деген қасиеті де болмас еді.
Бөбекте Мен деген қасиет өзін өзгелерден ажырата алудан пайда
болады. Бұл үшін бөбек әуелі айнаға қарап, өзге кісілерден өзін ажыратады.
Оған дейін (2-2,5 жасқа дейін) зерттеушілердің айтуынша, бала айнаның
бетінде, тек таныс адамдардың бейнесін ажыратады да, өзінің бейнесін айқын
сезе алмайды. Сондықтан өзінің бар екенін (тіршілік ететінін т. б.) бөбек
жасының аяғына дейін бала ажырата алмайды. Тіл арқылы өзгелермен
байланысып, кейін бала үшін сөйлеу қызметі өзін өзгелерден ажыратуға
мүмкіндік береді. Мысалы, бөбек Мынау Менмін, Мен Бұзаубаймын – деп
осы сияқты сөздерінде өзін өзгелерден ажыратып отырады.
Еркелеу – бөбек жасына тән психикалық дамудың өзіндік ерекшелігі.
Бөбек бір істі өзім орындаймын дегенде, солардың бәрін өзбетімен орындау
оның қолынан келе бермейді. Сөйтсе де, ол өзім жасаймын дейді. Мысалы,
бәтеңкесінің бауын байлау бөбектің қолынан келмеуі мүмкін. Бірақ осыған көп
уақытын жіберіп, байлай алмағанда жылап, қалай байлауды маған көрсет беп
өтінеді. Сондықтан бәрін өзім орындаймын деп талаптану сол істі барлық
жағдайда жақсы меңгере алуынан емес.
Еркелеудің бір түрі, яғни дағдарыс кез бөбектерде түрліше кездеседі,
біреуде тым айқын, өзгелерде онша білінбейді. Ал осы менменсу бөбекпен
дұрыс тәрбие жүргізілмесе, ерегесуге, яғни негативизмге алып келеді.
Мысалы, 3 дөңгелекті велосипедке мініп жүрген бөбекке анасы мінуге рұқсат
етпесе, бала ызаланады. Кейін анасы міне ғой! десе, ерегесіп енді
мінбеймін деп отырып алады. Сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даму психологиясының пәні мен міндеттері
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Психикалық даму негіздері
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Психология ғылымының салалары
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
Пәндер