Л.В.Занков әдістемелік жүйесін негізге ала отырып, жеке тұлғаның шығармашылық жетілдіруді анықтау



КІРІСПЕ ... ... ... ... 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Дамыта оқыту технологиясы мен әдістемесі
1.1. Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі.
1.2. Бастауыш мектепте дамыта оқыту процесін ұйымдастырудың педогогикалық.психологиялық мәселелері..

2. Бастауыш сыныпта Л.В.Занков әдістемесін қолдану ерекшелігі
2.1. Жаңа буын оқулықтарында Л.В.Занков әдістемесін қолдану
мүмкіндігі (3 сынып қазақ тілі) ... .
2.2. Дамыта оқыту технологиясын жетілдіру (педагогикалық тәжірибе және оның нәтижесі) ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... .32
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, өзекті мәселелерден туған қайшылықтар, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып-үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде. Түрлі ғылым саласындағы мамандар бүгінгі өркениетті нарыққа өту кезеңінде, республикадағы білім беру саласының әлемдік білім беру кеңістігіне енуге қадам басу шағында, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті біріктіре оқыту мен тәрбиелеу мақсатын көздеуде. Сол себептен білікті мамандар өздерінің шетелдік әріптестерінің кәсіби іс-тәжірибесін зерттеуге, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға озық ойлы идеяларын өз ұлтының менталитетіне сәйкестендіруге, өз іс-тәжірибелерімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындауға ұмтылыс білдіріп, алғашқы қадамдар жасалуда. Сондай салалардың бірі – білім беру саласы болып табылады. 21 ғасыр табалдырығын аттаған сәтте білім беру саласы күрделі өзгерістерге ұшырауда.
1. Аренова А. Дербес оқу әрекетінің теориялық негіздері. А.Аренова. //Бастауыш мектеп. – 2001.-№4.- 22 б.
2. Есқазина С. Сын тұрғысынан ойлау. /С.Есқазина. //Бастауыш мектеп.- 2001.- №1- 2.- 30 б.
3. Жұмашев Қ. Дарынды тану және оқыту мәселелері. /Қ.Жұмашев. //Қазақстан мектебі.- №1-2.- 23 б.
4. Заденова С. Оқытудың тиімділігі. /С.Заденова. //Бастауыш мектеп.- 1994.-№8-9.- 39-40 б.
5. Қоңырбаева К. Дарынды балаларды оқыту мәселелері. /К.Қоңырбаева. //Қазақстан мектебі.- 2000.- №3.- 17-18 б.
6. Қазбекова А. Дамыта оқыту тәсілдері. /А.Қазбекова. //Бастауыш мектеп.-1997.-№7-8.- 87 б.
7. Ж. Мұханбетов «Топқа бөліп оқыту» Алматы №5 2005ж. 16 – 18б.
8. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы: Кітап, 2000. – 87б.
9. К.Ж.Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. Алматы. 2004 ж. 208 б.
10. Кобдикова Ж.У. Орта мектепте білім алуды технологияландыру.
11. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика .- А.: - 2000.- 206-207-208 б.
12. Омарова Р.С. Оқу процесінде студенттердің ізденімпаздығын
қалыптастыру. Алматы – 1998.
13. Баженова И.Н. құрастырушы. Педагогикалық ізденіс - А; Рауан, 1990.
14. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2005.
15. Б.А.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы, 2000
16. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар», Тараз. ТарМУ-2003ж.
17.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандарты, 2007
18. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Дамыта оқыту технологиясы мен әдістемесі
1.1. Дамыта оқыту технологиясының
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...10
1.2. Бастауыш мектепте дамыта оқыту процесін ұйымдастырудың педогогикалық-
психологиялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...15

2. Бастауыш сыныпта Л.В.Занков әдістемесін қолдану ерекшелігі
2.1. Жаңа буын оқулықтарында Л.В.Занков әдістемесін қолдану
мүмкіндігі (3 сынып қазақ
тілі) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .21
2.2. Дамыта оқыту технологиясын жетілдіру (педагогикалық тәжірибе және оның
нәтижесі) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .32
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .34

КІРІСПЕ
Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының
дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, өзекті
мәселелерден туған қайшылықтар, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі ғылыми-
білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып-үйренудің қажетті
шарт екенін дәлелдеуде. Түрлі ғылым саласындағы мамандар бүгінгі өркениетті
нарыққа өту кезеңінде, республикадағы білім беру саласының әлемдік білім
беру кеңістігіне енуге қадам басу шағында, әлемдік мәдениет пен ұлттық
мәдениетті біріктіре оқыту мен тәрбиелеу мақсатын көздеуде. Сол себептен
білікті мамандар өздерінің шетелдік әріптестерінің кәсіби іс-тәжірибесін
зерттеуге, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін талдауға озық ойлы
идеяларын өз ұлтының менталитетіне сәйкестендіруге, өз іс-тәжірибелерімен
ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындауға ұмтылыс білдіріп, алғашқы
қадамдар жасалуда. Сондай салалардың бірі – білім беру саласы болып
табылады. 21 ғасыр табалдырығын аттаған сәтте білім беру саласы күрделі
өзгерістерге ұшырауда. Білім беру саласы әлеуметтік инфрақұрылымның бірден-
бір мәнді, динамикалық элементі болып келеді. Дегенмен де, барлық әлемде де
білім беру саласы қандай да бір жағынан, қандай да бір түрде дағдарысқа
ұшырауда. Сол себептен де білім беру ісін реформалау шартты.
Қазір республикамызда білім саласында демкоратияландыру мен
ізгілендіру жүріп жатқандықтан, соңғы кездерге дейінгі дағдарыстан шығудың
альтернативті жолдары көрсетілуде.
Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі – білім берудің жаңа
жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі
өзгерістермен тығыз байланысты білім беру саласының барлық жағына жаңаша
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, (білім мазмұнын жетілдіру, жаңаша базистік
оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен, оқу-әдістемелік кешендерге
көшу т.б.) ұлттық менталитет, тіпті жаңаша ойлау қалыптасуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 8 бабында:
1 Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруѓа, дамытуға жєне кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау.
2 Білім беру жүйесінің басты міндеттері: білім беру бағдарламаларын
меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру тағы басқа. Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан
Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық
ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан
әрі дамыту және жетілдіру.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім
беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі
мәселе болса, бастауыш мектеп – негіздің негізгі түп қазығы. Осыған орай
дипломдық жұмысымды жаза отырып.
Жұмыстың көкейтестілігі: бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге
негізделген егемен мемлекет құруда, үкіметіміз білім беру мекемелерінен
тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр
боларлықтай ұрпақ оқыту ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді
талап етіп отыр, бұл оқушыны бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға,
қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға дайындауды қажет етеді, аталмыш
қажеттілікті дамыта оқыту технологиясы арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ
дамыта оқыту технологияларының әдістемелік жүйесін 1960-70 жылдары орыс
педагогтар В.Давыдов, Д.Эльконин және Л.В.Занков жасағандықтан, бұл
технологиялар ұлттық мектепке енгізуге келмейді, себебі теориялық
тұжырымдамасы мен практикалық іс - әрекеті қолдануда қарама қайшылықтар
туындайды. Біздің зерттеу жұмысымыз осы Л.В.Занков әдістемелік жүйесінің
қазақ тілі сабақтарында қолданудың ерекшелігін айқындау барысындығы зерттеу
болғандықтан бұл жұмысты қазіргі кезеңде көкейтесті деп тануға болады.
Зерттеу мақсаты: Л.В.Занков әдістемелік жүйесін негізге ала отырып, жеке
тұлғаның шығармашылық жетілдіруді анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін жетілдіруді педагогикалық ғылымы мен
тәжірбиеде зерттеу жайын анықтау;
- оқу тәрбиелік үрдісінде жеке тұлғаға бағытталған тиімді педагогикалық іс-
әрекеттер ұйымдасытру;
- жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін жетілдіруге негізделген әдіс
тәсілдер оқыту құралдарын оқытудың жаңа технологияларын қарастыру;
- бағалаудың жаңа түрлерін анықтау
а) бағалау көрсеткіштерінің міндеттерін анықтау;
ә) бағалау көрсетікштерін анықтап, мәліметтер жинақтау;
б) жеке тұлғаның шығармашылық қабілетіне диагностикалық зерттеу жүргізу;
- диагностикалық зерттеулер жүргізу арқылы жеке тұлғаның шығармашылық
қабілетінің критерилік көрсеткішін анықтау.
Зерттеу жұмысыныњ әдістері: эксперимент тақырыбына байланысты нормативтік
құжаттарды, әдістемелік нұсқауларды оқу
- психологиялық-педагогикалық бақылау, сауалнама (интервью, анкета, тест,
дебат, интелллектуалдық ойындар);
- рейтинг, осы тәжірбині оқу және қорыту, модельдеу, салыстыру, жинақтау,
жіктеу, жүйелеу, талдау, синтездеу.
Зерттеу нысаны: жеке тұлғаның шығармашылық қабілентін қалыптастырудағы оқу
тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Л.В.Занков әдістемелік жүйесін қазақ тілі сабағында
қолданудағы оқушының арттыру процесі.
Зерттеу болжамы: егер бастауыш сыныптарда оқу тәрбие үрдісінде Л.В.Занков
әдістемелік жүйесін тиімді қолданатын болсақ, онда оқушыныњ ақыл ойын
дамыту; ақыл-ой қызметінің бала өміріндегі маңызын сезіндіру, талдау,
жинақтау, салыстыру, жүйелеу, жіктеу сияқты ой әрекетерінің негізгі жүйесін
қалыптастыру сезіну, мақсат қоя білу, зейін және есте сақтау сияқты таным
процестері дамиды.
Зерттеу кезеңдері:
1) ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдай келе, бастауыш
мектепте Л.В.Занковтың әдістемелік жүйесі арқылы оқушының шығармашылық
қабілетін арттырудың теориялық негізін анықтау;
2) оқушының шығармашылық қабілетін арттыру деңгейін анықтау мақсатында
педагогикалық эксперимент жүргізу;
3) қазақ тілі сабағында Л.В.Занков әдістемелік жүйесін іс-тәжірибеде,
педагогикалық эксперименте тексеру және оның нәтижесін жинақтау;
4) эксперимент жұмысын өткізу, нәтижесін қорытындылау.

1. ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Болашақ бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға
апаратын күш тек білімді ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
даму бағытына байланысты.
Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылық санасына сіңгенін және бүкіл
білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын байқау қиын емес. Барлық
істерімізді Л.С. Выготский, Л.В.Зачков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин ойларына
негіздеу. Оса ғалымдардан сілтемелер жасау жақсы сыңайға айналуда. Сөз жоқ
бұл үлкен жетістік.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру
мекемелерінде оқыту процесін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі
болып отыр.
Соңдықтан, дамыта оқытуды сөз жүзінде емес, іс жүзінде асыру үшін
мынандай 3 жағдайда міндетті түрде орындау керек:
•Оқыту курсының мазмұнын, оның принциптік құрылымын қайта қарау,
•Жаңа педагогикалық технологияға сәйкес көзқарасқа негізделетін оқу үрдісін
ұйымдастыруға басқаша қарау;
•Мұғалім оқушының аса қарқынмен көтерілу шеңберін болжайтын интелектуалды
дамуына диагностика қоя білуді меңгеру қажет.
Олай болса дамыта оқыту, үстанымдары (принциптері) мынаған негізделеді.
1. Оқыту жоғары қиындық деңгейінде жүргізіледі.
Оқытудың мұндай жағдайында оқушыларға оқу қиындығын тудыратын
міндеттер қойылуға тиіс. Сондықтанда олардың бұл міндеттерді шеше ала-
алмайтындығы себепті жаңғыртылған білімге сүйене отырып, тиісті шешім табу
үшін ойтолғам ұжымдық талқылау, пікір-ұсыныстар және оларды тексеру,
қосымша әдебиетке жүгіну, бақылаулар, зерттеулер талап етілуі қажет. Осы
қағидадан мынандай шарт туындайды:
білім даяр күйінді берілмеуі керек. Оқушы оған қауырт ой еңбегін қажет
ететін тапсырманы орындау арқылы қол жеткізгені дұрыс.
2. Теориялық білімнің жетекші ролі.
Сабақтар кезіндегі таным процесі құбылыстардың өзара байланыстығынан
тұрады.Оларды ой елегінен өткізу оқушының өз байқауы және жүргізген
сараптамасы негізінде жүзеге асырылады.
Кез-келген тақырып, әлдеқандай оқу не оқулылық емес материал алдымен
оның ішкі қалтарыстарынсыз жалпылама түрінде берілуге тиіс. Зерттеудің
немесе оқып зерделеудің екінші кезеңінде тұтастай бөліктері қарастырылады.
Үшінші кезеңде жіктеп оқығаннан соң меңгеріліп жатқан тақырыпқа оқытылған
материалдың бөліктері енгізіледі.
3. Таным процесі жоғары өрлеу түрінде түзеледі.
Мұғалім сұрақ қояды, оқушының ойға нені зерделгенін сұрайды, өз көзқарасын
білдіруді ұсынады, кітапты оқып шығу қажеттігін, жауап табу үшін қосымша
және анықтамалық әдебиетпен жұмыстануды міндеттейді.
4. Оқу бұрыннан белгілі нәрсені қайталаусыз жедел қарқынмен жүргізіледі,
өйткені мәлім тақырып ойдық жұмысын әлсіретеді. Өткен тақырыпқа оралу жаңа
байланыста түсіндіріледі. Бұл орайда сабақты ұғындырып бекітудің және алға
басу үшін кеңінен қолданылып салыстыру әдісі пайдаланылады. Ұқсастықты
айқындауға арналған салыстыру әдісі ғылыми түсініктерді қалыптастыру. Ал
айырмашылықты айқындауға, арналған салыстыру ақпарат қорын ұлғайтады.
5. Шәкірттердің жаттығу процесін меңгеруі оқушы жаттығу процесін түсінуге
тиіс. Ол сабақтың әр сәтін, қажетті нәрсеге байланысты қандай амал және не
үшін қолданып жатқанын білуі қажет.
6. Барлық оқушылардың жетіліп дамуын қалыптастыруға бағытталған жұмыс.
Әдістемелік жүйе әр оқушының сабақ үстінде өз күш-мүмкіндігін белгілі бір
дәрежеде жүзеге асыруға жағдай жасайды.
7. Танымдық қызмет пен жұмыс қабілетін тиісті деңгейде ұстау үшін мұғалім
оқушылардың денсаулық және көңіл-күйі жағдайын түсінуіне тікелей байланыста
болатын әдіс-тәсілдер тізбегін қолданады.
Бұл оқушылармен жұмыстанудың әдіс-тәсілдерін өзгерту үшін қарым-қатынастың
әр нақты сәтінде ескеріледі.
Біз оқушылардың жалпы дамуы жүйесіндегі нәтижелілікті зерделеу барысында
кейбір тұжырымдар жасауымызға болады:
1. Байқай білуі жөнінде әңгіме, бұл арада талдай білу байқампаздығында.
Балалар кез-келген объектіден барынша көп белгілерді таба алады, яғни ұзақ
бақылауға қабілетті:
2. Балалар көргенін ой қорыту тұрғысында айтып бере алатын болады.
3. Оқушылар өздігінен бірқатар заттарға тән жалпы белгілерді бөліп атай
алады, бір немесе бірнеше белгілер бойынша топтарға жіктеуге қол жеткізеді.
Барлық ой амалдары сөзбен толық есеп беруге ұласып отырады.
4. Жасаған қадамдарын өздігінен негіздеуге ұмтыла отырып, олар өз
ойболжамдарын, олардың кейде қате, шикілеу болып шығуынан именбей дауыстап
талқыға салады. Мұның өзі олардың ойының ұғынықты және сындарлы екенін
көрсетеді.
5.Оқушылар алда тұрған ой операцияларын жоспарлауға және орындалатын
амалдар барысын сөзбен айтып жеткізуге қабілетті.
6.Эмоциялық даму орайында жаттығуға байланысты, эмоциялық әрекеттердің
жарқырай көрінуі байқалады. Бұл оқыту әдістерінің тек интеллектке ғана
емес, сонымен бірге ішкі сезімдерге бағытталып жүргізілетінінің нәтижесі.
7. Ерік-жігерлі даму орайында өзін-өзі қадағалауға және өз іс әрекеттері
мен қимылдарын реттеуге бағыттай білу қасиеттерін атап өткен жөн.
8. Балаларды қадағалау орайында баға соңғы нәтижесі үшін емес, оны қабылдап
алу процесі үшін, соның өзінде біз оқушыны қайсыбір амалдары орындау
тұрғысында бір-бірімен салыстыру арқылы емес, өзін өздерімен, кешегі білім
деңгейімен салыстыра отыру негізінде қойылады.
Мұны оқушының оқу әрекетін меңгерудегі сызбадан көруге болады.

1.1. Дамыта оқытудың тиімділігі

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем
шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі. (11.141)
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми
жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс
деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының
төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара
алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол
жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға
шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой
қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
(13.56.)
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.)
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай
алу дағдысын есептейді. (15.46)
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында
баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды
және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы
олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың
маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының
шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана
дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай
жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен
оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің
көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың
дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (
Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған
(А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының
келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту деп – оқыту
мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына
сәйкестендірілген оқытуды атайды.(16.85). Оқыту арқылы баланың
психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер
болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта
отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге,
шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу,
әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп
қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар
жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы
сипаттамасы

Педагогикалық Мазмұнындағы басымдылық
процесінің
компоненттері
Дәстүрлі иллюстрациялық Дамыту оқыту
түсіндірме әдісі
Мақсат Оқушыларда білім, білік, Байқампаздығын, ойлауын,
дағды қалыптастыру практикалық әрекетін
дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, Заңдылықтарды,
тақырыптар, дәлелдер теорияларды, ұғымдарды,
ережелерді қорыту
Оқытудың формалары Жеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық
іс-әрекет
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, Проблемелық баяндау,
көрнекілік, практикалық ізденушілік,
зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін Өзін-өзі бақылау,
мұғалімнің бақылауы, өзін-өзі бағалау,
бағалауы рефлекция

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық)
әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық
(интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп
есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді
мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте
сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана
білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты
назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының,
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға
түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім
алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас
бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компоненттері. (17.21.)
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді.
Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім
сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде
әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз
ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине,
жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған
еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн.
Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек
барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын
біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз
таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі
жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз.(18.38.)
Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден
көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз
оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа
ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше
шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің
жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары
оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып
өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін
дамуға қол жеткізе алады. “Жақсы оқушы”, “Жаман оқушы” ұғымының болмауы,
балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті.
Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс
жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің
арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол
себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы –
“орындаушы”, “мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта,
ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап,
көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы

1.2. Бастауыш мектепте дамыта оқыту процесін ұйымдастырудың педогогикалық-
психологиялық мәселелері

Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының,
бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше?
Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи
есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын,
сыртқы педогогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды.
Педогогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді.
Бірі-жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықты қуаттаса, екіншісі
керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне,
яғни тынымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты
деп қарайды. Бұл-оқу білім алу деген сөз.
Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
"Даму ұғымы философиялық сөздікте"... мөлшерлік өзгерістердің белгілі
бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы",- деп түсіндіріледі.
Терістеу-дамудың қозғаушы күші. Терістеу-белгілі бір затпен құбылыстың
қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына
мүмкіндік туғызу.
"Даму" ұғымының психологиалық анықтамасы-жаңару процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың
зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың
қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан ауысқан , туа бітті және өмір сүру барысында
қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының
ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының
нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы.
Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-
құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен
сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын
рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады.
Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама
жоғары болмасын, егер мұғалім баланың
өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың
әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде
дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі,
азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз
етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне
келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық
іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы
жеткілікті дәрежеде дәлелдепберді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі
зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті
психолог Л.С. Выготский. Ең алғаш рет бала дамуының тмендегідей екі аймағы
болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы- баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара
алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы баланың үлкендердің көмегінсіз істей
алатын істері.
Бұл теория шеңберінде оқудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже
өмірге келді.
''Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы
керек... Білім беру тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ''- дейді
Л.С.Выготский
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау
алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек
екенін атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім
берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол
психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер
құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазды.
Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен 1960-1990
жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы
жасалды.
Бұл тұжырымдама ''екіліксіз қалай оқытуға болады'', білімге деген
қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты
мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез -құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп
есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе
жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді
дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі.
С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова- Меллер өз зерттеулерінде оқыту -
дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер ''даму'' деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының
дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская
оқи алуды, яғни қысқа мерзімже жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов Оқу
материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдыр құрастыру, негізгіні
және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын
жатқызады.
Л.В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс -әрекеттер атқара білу.
В.В. Давыдов ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай
алу дағдысын есептейді.
Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың
психикасының жаңа сапалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту технологиясы
Бастауыш сыныптарда Л.В.Занков әдістемесін қолдану
Педагогикалық процесінің компоненттері Мазмұндағы басымдылық
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру жайлы
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарты
Дамыта оқыту тенологиясын бастауыш сыныптің үрдісінде қолданудың әдістемесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Пәндер