«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Лекцияның Қысқаша курсы

9 . Лекция сабақтарының мазмұны

№1-лекция Бастауыш сыныпта еңбекке баулу мен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасу және негізгі даму кезеңдері.

(1 сағат)

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасу және негізгі даму кезеңдері.
  2. Тыңдаушыларды бейнелеу өнері оқыту әдістемесі пәнімен таныстыру.

Әдебиеттер:

  1. Беда Г. В. «Бейнелеу өнерінің негіздері»
  2. Б. Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері. »
  3. Б. Байжігітов «Өнер тарихы мен теориясы». А. 1981 ж.
  4. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай. » А., 1981 ж.
  5. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерін сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру. » А., Мектеп 1987 ж.
  6. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті. » А., «Өнер» 1982 ж.
  7. Н. Н. РРостовцев «Методика преподавания изоб. Искусства в школе. » М. «Просв. » 1980 ж.
  8. Т. Мусалинов, М. Самылтыров «Бейнелеу өнерінің негіздері. » А. »Рауан» 1996 ж.

Лекция мәтіні:

Мектептегі бейнелеу өнері - басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.

Оның басты мақсаты - өмір шындығының қос қоғамдық ерекше тәлім тәрбие беру. Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды, оқушылардың табиғат сұлулығын, халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білуді қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертеудегі негізі болып табылады.

Бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсіндік үйлесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін, шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Айналадағы өмір шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды еңбекке тәрбелейді, қарапайым заттарға эстетикалық билік талғам тұрғысынан қарауға табиғат пен адам жасаған сұлулықты қорғаи білуге баулиды. Бастауыш кластарда бейнелеу өнерін оқыту ісі алда мынадай міндеттер қояды. Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні.

Айналадағы шындық объектілері мен құбылыстары эстетикалық тұрғыдан қабылдаи білуге баулу.

Балалардың көру мен есту, баиқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың шындық пен өнерге деген белсенді эстетикалық сезімталдық қабілеттерін тәрбелеу өнердегі икемділектерін дағдыларын еңбекке оқуға паидалана білуге үирету. Туған халқының сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру.

Әрбір сабақта қазақ дәстүрлерінің үлгісін пайдалана отырып әдепті тазалыққа сұлулыққа түсіне білуге тәрбиелеу.

Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндіг шексіз мұндай нақты бір шешім болуы мүмкін емес, әр оқушының белгілі затты немесе құбылысты қалай қабылдаса солай бейнелеуге тырысады.

Сондықтан бір оқушының тапқан шешімі екінші оқушының жұмысына ұқсамайды. Осы жағдай кластағы барлық оқушының сабаққа толық ынтамен қатынасуын қамтамасыз етеді, өйткені талантсыз оқушы жоқ, ойын үстінде баланың творчествалық қабілет мүмкіндігі толық ашылады.

Бейнелеу өнерінен үй тапсырмасы берілмейтінін апталық сағат саны бір сағат қана екенін және творчествалық тапсырмалармен жаттығулардың аздығын ескерсек, ойын-тапсырмалардың бейнелеу өнерін оқытуда қаншалықтымаңызды екенін байқау қйын емес. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ойын элементтеріаралас тапсырмалар беру оқушылардың сабаққа деген қызыушылығын арттырып, олардың сабақта творчествалықпен жұмыс стеуіне себебін тигізеді.

Бейнелеу өнері сабақтары өзінің терең мазмұндылығымен оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын қызығуын, творчествалық шабытын арттыратындай болу тиіс, деп көрсетілген.

Мектепте бейнелеу өнері туралы білім беруде оқушылардың кеңістік жөніндегі ұғымын дамытудың маңызы зор. Оқушылар заттың бейнесін дұрыс алғанымен, оның кеңістігі орналасуын дұрыс көрсете алмайды.

Бейнелеу өнерін оқыту программасында композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық түрлері жанырларына қатысты заңдылықтарымен, бейнелеу әдістерімен таныстыру мәселесі де қамтылған.

Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшілігі суретшінің өз көзімен көріп түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде . Сонау ерте заманда адам айнала қоршаған ортасын қызықтырған табиғат құбылыстарын топыраққа балшыққа тасқа түсіріп бейнелеген сол арқылы табиғат сұлулығын ұқты. Жан-жануарлардың әрекетін мінезін зертттейді. Атам заманда жартастарға үңгірлерге қашап салынған суреттер өздерінің шыншылдығымен әсерлігімен көрерменді тамсандырды. Археолог Марселено Алътамира үңгіріндегі ертеден қалған өнер туындылары бар. Осы үңгірде бейнеленген түрлі хайуанат суреттерінің мұнан 40 мың жыл бұрын салынған екен. Сондықтан олар қазіргі заманға жеткен ең ескі өнер туындысы болып табылады. Осындай суреттер Сахара, Мексика, Амазонка өзенінің айналасы\нда өзіміздің елімізде Кавказ тауларында Сібірде Қазақстан аймағында Қапшағай маңайында Шығыс Қазақстан таулы аймақтарында тағы басқа жерлерде кездесіп жүр. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақта мекендеген біздің ата-бабаларымыздың қолынан шыққан өнер шығармалары өзінің бейнелігілімен айтар ойының тереңдігімен ғалымдар суретшілер назарын аударып отыр. Шығыс Қазақстан обл. Бұғытас жартасынан табылған сурет. Бұл сурет өзінің көмегімен үлкенділігімен өте шебер әдемі салынуымен көзге түседі.

Бұғының жалпы келбетін оның дене мүшелерінің салыстырмалы өлшемдерін дәл бере білген. Олардың шеберлігі соншалық жануардың кейбір мінез-құлқын көрсететін дене мүшелерін дәл сала білген. Ерте дүние адамында шыншылдық пен байқампаздық қасиеті цивилизациясы жоғары елдердің адамдарына қарағанда әлеқандай дамыған сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай оған көп көңіл бөліп қастерлеу қажет. Өйткені өнердің бастауы бұлағы. Келе-келе сурет өнерінің дамуы арқасында сәулет өнері мүсін живописъ өмірге келді. Енді адамдар сәулетті сарайлар қалалар ірі қорғаныс құрылыстарын салды. Ғажайып мүсіндер туғызды. Жартастан адам таңданарлық өнер кереметтерін туғызды. Әлем өнерін айтқанда оған өзінің үлесін қосқан тамаша өнер туындыларынқалдырған ата-баба өнері өнер мәдениеті жағынан сол кездегіесік, алтын адамы алтыннан тігілген алтын адам киімі сирек кездесетін өнер туындысы. Сурет салу үшін үйрену өзімізге ұнаған табиғат денелерін көріністерін түрлі-түсті бояулар арқылы бейнелеуде алдыменен табиғат денелерінің сәнділігін әдемілігін тану денелердегі әдемілікті көру. Сол әдемілікті көру оны халыққа көрсету суретшінің міндеті.

Сурет пен бейнелеу өнері бұған қол өнерді қоспағанда қазақ халқында кеш дамыған кәсіптің бірі. Ерте заманда шариғатты қатты ұстаған мұсылман елі бейнелеу өнерін әсіресе сурет салуды оның ішінде адам бейнесін салғызбаған. Сол кезбегі өнерге ұмтылған азаматтарға кінә тағылаиын болса егер де салынған адам бейнесін көретін болсақ ол адамды жазаға тартқан соққыға жыққан болар еді. Шариғаттың тәртібі бойынша адам бейнесін салуға қатал тиым салынған. Сол себептен қазақ халқының өнері Ұлы Октябръ революциясынан кейін дамыды. Живописъ өнеріне алғаш жол тартқан 20-30 жылдары Ә. Қастеев. болды. Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшіліктерін танытуды оқушылардың табиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін тұрмыс салтын мерекелерін еңбек түрлерін жүйелі түрде қабылдауы және мүмкіндігінше өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу. Машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың практикалық білім мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білген, өнердегі әсемдікті сезіне білген, шыңдалу биіктігіне көтерілді. Әсіресе мүсін өнері көне грек дәуірінде дамыды. Солардың бірі екі қанатты қыз баланың бейнесі апалы-сіңлілі оларды муза деп атады. Өнер мен ғылымды мәңгі жастық шақты паш ететін өнер туындысы болды. Жалпы бейнелеу өнері, суретші қауымы арасында үлкен дағдарысты әңгімелер туғызды.

№2-лекция Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы еңбекке баулу мен бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері

(1 сағат)

Қарастырылатын мәселелер:

1. Бейнелеу өнеріне, бағдарламасының мазмұнын ашуда Қазақстан бейнелеу өнерінің ерекшеліктері

2. Қазақстан Республикасының бейнелеу өнеріне қатысты жаңадан 1-сыныптарға арнайы шыққан оқулықтарға анализдік талдау жасау

Әдебиеттер:

  1. Беда Г. В. «Бейнелеу өнерінің негіздері»
  2. Б. Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері. »
  3. Б. Байжігітов «Өнер тарихы мен теориясы». А. 1981 ж.
  4. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай. » А., 1981 ж.
  5. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерін сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру. » А., Мектеп 1987 ж.

Лекция мәтіні:

Бейнелеу өнерін оқыту программасында композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық түрлері жанырларына қатысты заңдылықтарымен, бейнелеу әдістерімен таныстыру мәселесі де қамтылған.

Бейнелеу өнері программасында бірінші класста композиция бойынша жұмыс істегенде қағаз бетіне үйлесімді орналастыру, ал мүсіндеу және сәндік суретте тұтас бейнені сала білуге үйрету керек, екінші класста оқушылар композиция үшін обьектіні өздері таңдап, түрлі суреттер сала бастайды. Үшінші класта композициямен кеңістіктегі заттардың үйлесімділігін сақтаңдар басты көңіл бөлінеді. Сурет салу 4-6 кластарда суреттің мәніне байланысты кеңістіктегі қалпын түс ерекшеліктерін нәрсенің үстіне түсіп тұрған жарықты үйлестірумен тығыз байланысты делінген.

Сәндік сурет салу бейнелеу өнері сабақтарының бір түрі. Оқушылардың бейнелеу жұмысы кезінде олардың өрнекті формат бетіне орналастыруына, бояу кезінде қылқалам мен жұмыс істеу әдістеріне назар аударамыз.

Сабақ соңында жақсы жасалған жұмыстарды оқушыларға көрсете отырып бағалаймыз.

Бейнелеу өнерінде алдыңғы көрініс, ортаңғы көрініс, соңғы көрініс деген ұғымдар кеңістік ұғымын білдіреді. Кеңістіктегі суретшіге ең жақсы орналасқан заттардың бейнесі алдыңғы көрініс деп аталады.

Заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын көрсету үшін, алдыңғы көріністердегі бейнелеу анық етіп штрихталып, соңғы көріністердегі бейнелер оған қарағанда бұрыңғырлау етіп көрсетіледі. Оқушылар сурет салу негізінде перспектива заңдылықтарын білмегендіктен кемшіліктері осыған байланысты болып жатады. Ұстаздық мамандықты жете меңгеру, кәсіптік даярлығын өрістетіп отыру. Бейнелеу өнері басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор. Оның басты мақсаты өмір шындығының қос қағымдық ерекше бір мезетін көркем бейнелеу арқылы мәңгілікке тоқтаудың қыр-сырын балаларға үйрету содан эстетикалық тәлім тәрбие беру. Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды оқушылардың

табиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігіншеөзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертудегі негізгі болып табылады. Бейнелеуөнері сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсінуін үйлесімді ұштастыра білуге, шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдың дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді.

№ 3-Лекция Бейнелеу өнерінің түрлері

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Кескіндеме, гарфика, мүсін, сурет, сәулет өнері
  2. Портрет, пейзаж, натюрморт.

Әдебиеттер:

1. Беда Г. В. «Бейнелеу өнерінің негіздері»

2. Б. Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері. »

  1. Б. Байжігітов «Өнер тарихы мен теориясы». А. 1981 ж.
  2. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай. » А., 1981 ж.
  3. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерін сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру. » А., Мектеп 1987 ж.
  4. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті. » А., «Өнер» 1982 ж.
  5. Н. Н. РРостовцев «Методика преподавания изоб. Искусства в школе. » М. «Просв. » 1980 ж.
  6. Т. Мусалинов, М. Самылтыров «Бейнелеу өнерінің негіздері. » А. »Рауан» 1996 ж.

Лекция мәтіні:

Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлерімен және жанрларымен

танысқан жөн. Сәулет өнері, скулъптура, живописъ өнердің басты үш түрі болып есептелінеді. 19 ғ. аяғына қарай өнердің бір түрі графика дербес түрге айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де айқын бейнесін тапты. Сәулет өнері әрқашан да пластикалық өнердің ішінде ең бастысы болып келеді.

Ол дәуір идеясы мейлінше күшті өз заманының бейнелеу

өнерлерінің мүсін мен сұңғаттың стилъін анықтап отырды.

Мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер. Египеттік пирамидалар немесе

Американ үндістері ежелгі храмдары сан мың жылдаған тұрып

Бізге дейін жетті. Сәулет өнері бұл адам қызметінің ерекше түрі мұнда техника мен өнер пайда мен әсемдік бірге өрілген.

Бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің ішінде біздің сезімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер болып табылады. Дарынды архитекторлар жасаған әрбір құрылыста әрбір ғимаратта өзіндік бет-бейне бар оған ерекше көңіл күй берілген. Ленинградтағы қысқы сарай ол парадтық салтанаттылық құлпырған сәнділік пен байлық әсерін туғызады. Үйдің композициясымен оның құрылысының логикасымен бөліктерімен пропорцияларымен оның деталъдары мен әшекей сипатымен және суретімен анықталады. Мүсін өнері-бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер. Ол шынында адамдарды, хайуанаттарды түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен ортақ қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан ағаштан

тастан металъдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек әсіресе скулъптураны тастан шапқан кезде тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Оның есесіне ол, архитектура сияқты ұзақ сақталады. Сондықтан көптеген скулъптуралық туындылар ғасырды емес мыңдаған жылдарды басып өтіп мысалға ежелгі Мысырдың патша әйелі Нефертитидің басы сияқты күні бүгінге дейін біздерді толғандырып келеді. Скулъптураның әсерлік құралдары графикамен және живописъпен салыстырғанда өте шектеулі. Мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды фигуралардың өзімен олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен қимылымен материалмен фактурамен білдіруге тиіс. Скулъптурада материалды таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл образдың құрама сипаттамаларының бірі.

Суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте ұстайды. Живописъ -бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласының көбіне

өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулер портретті, екіншілер пейзажды үшіншілер тарихи, соғыс немесе

тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі француздың түр немесе тек сөзінен шыққан. Живописъті мынадай

жанрларға бөлінеді. Натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Натюрморт бізге онда бейнеленген заттарды пайдаланған адамдардың өмірін де суретшінің оларға деген көзқарасын ашып берді.

«Пейзаж » бұл табиғатты бейнелеу дербес жанр ретінде Қытайда Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде Еуропадан ерте қалыптасты. Еуропалық живописъте ол алдымен Италияда пайда болды. Содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі 19ғ. Соңына тура келді. Пейзаж-қайсібір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты. Бұлт торлаған аспан теңіз толқындары ормандар мен таулар жүздеген мыңдаған жылдар бұрын қандай болса сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше керіп түрліше бейнеледі. Голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді. Олар табиғат сұлулығын іңкарлықпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз сауда мен жұмыс орны тіршілік арекеті іздестіретін кеңістік.

Біздің атақты Маринисіміз Айвазовскийде теңіз-әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық . Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де -осынау қаһарлы, өлшеуміз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз

де қорғансыз . Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.

Бейнелеу өнерінің негізгі мақсаты сурет салып үйренуге оқушылардың сауатын ашу шығарма шығарманың қабілетін дамыту эстетикалық талғамын арттыру. Бейнелеу өнері сабағының міндеті:

1. Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру.

  1. Оқушылардың сурет салуға икемділік дағдыларын қалыптастыру.
  2. Сурет салудың әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Оқушыларға бейнелеу өнері пәнінен сапалы білім беру үшін әрбір ұстаз шығармашылықө жолмен ізденіп, рзық тәжірибенің ұтымды жақтарын пайдаланған жөн.

Бейнелеу өнері пәнін оқытуда мұғалімге мынадай талаптар қойылды.

--мұғалім бейнелеу өнері пәнінің мақсатын, мазмұнын, бағдарламаларын толық меңгеруі тиіс.

---мұғалімнің жаңа материалды түсіндірудегі жоғары болуы қажет.

---сурет салып үйретуге арналған дидактикалық көрнекі құралдар сабаққа қойылатын жоғары талапқа сәйкес орындалуы тиіс.

---берілетін сәйкес тапсырмалар жүйелі түрде, оқушылардың сауатын білім алуына тікелей әсер етуі қажет.

Оқушыларға арналған сурет салу ережесі.

---сурет салуға арналған құрал-жабдықтар талапқа сай болуы қажет.

---сурет салуға арналған тақтайша немесе арнаулы молъберт көзден 40-45см қашықтықта болуы тиіс.

---оқушы сурет салу барысында кеудені тік ұстауы керек.

---карандашты үш саусақпен ұстаған орынды, бас бармақ, сұқ қол, ортан қол.

---нәрсеге қарап сурет салған кезде оқушы орнын ауыстырмағаны жөн.

---сурет салатын қағазға күннің сәулесі немесе артық көлеңке түспеуі қажет.

бояумен сурет салғанда табиғи жарықты пайдаланған орынды.

---сурет салуда икемді қимылдап, ұқыпты орындауға дағдыланған жөн.

Мұғалім оқушылардың сурет салуға үйрету негізінде бейнелеу өнеріне байланысты ережені мұқият сұрап отыруы тиіс. Бейнелеу өнері сатағында әр түрлі құрал-жабдықтар қажет. Әрбір құралмен дұрыс жұмыс істеудің маңызы зор. Сурет салуға арналған құрал-жабдықтарды таныстыру мұғалімге жүктеледі. Сурет салуға арналған құрал-жабдықтарды таныстыру мұғалімге жүктеледі.

Сурет салуға арналған құралды дұрыс пайдалану үшін атқаратын ролін жақсы білген орынды.

алуан түрлі болады.

№ 4-Лекция. Бейнелеу өнерін психологиялық педагогикалық тұрғыдан оқыту тәсілдері

Қарастырылатын мәселелер:

1. Педагог ғалымдардың бейнелеу өнері жаилы айтқан ой -пікірі.

2. Олардың методикалық тәсілдері педагогикалық тұрғыдан оқыту тәсілдері.

Әдебиеттер:

  1. Б. Әлмухамбетов, Ж. Балкенов «Сурет салу және істеу әдістері. »
  2. Б. Байжігітов «Өнер тарихы мен теориясы». А. 1981 ж.
  3. Е. Каменова «Кемпірқосақтың түсі қандай. » А., 1981 ж.
  4. Қ. Ералин, Қ. Тастемиров «Бейнелеу өнерін сабақтарында оқушылардың кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру. » А., Мектеп 1987 ж.
  5. Ө. Жәнібеков «Қазақ қол өнерінің мәдениеті. » А., «Өнер» 1982 ж.
  6. Н. Н. РРостовцев «Методика преподавания изоб. Искусства в школе. » М. «Просв. » 1980 ж.
  7. Т. Мусалинов, М. Самылтыров «Бейнелеу өнерінің негіздері. » А. »Рауан» 1996 ж.

Лекция мәтіні:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беру пәндер циклы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Еңбек пәнін оқыту әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал)
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz