Оқушыларды бәсекеге қабілетті субъект ретінде қалыптастырудағы ойынның тиімділігі



1 Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік өзгерістер
2 Ағылшын тілі пәнінде ойын технологиясын қолдану арқылы бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. «Субъектілік» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны субъект ретінде жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған білім үрдісінде оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, өздігінен оқуы керек, яғни оқушыға субъект ретінде қарауы керек.
Субъект-таным объектісі ретінде сыртқы әлемге төтеп бере алатын ізденімпаз, іскер, мақсаткер адам.
Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын , өзінді даму траекциясын анықтау, педагог пен оқушы арасындағы және субьекті мен субьекті арасындағы өзіндік қарым –қатынасты қалыптастыру- бүгінгі күннің талабы болып отыр.
1. Ана тілі газеті 2011ж №5
2. Мектеп директорының орынбасары 2010ж-10б
3. Интернет сайтынан, 2010 жыл
4.“Обучающие игры на уроке английского языка” М. Ф.Стронин
5. Иностранный язык в школе. Методический журнал
6. Корпус мира (пособия)
7. Мектеп директорының орынбасары 2008 ж №6
8. Конжунова Г.Ә . Сабақты тиімді өткізудің тиімді әдістері.
9. Бастауыш мектеп.2005 ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Білім беру ортасын субъектілік басқару - бәсекеге қабілетті субъект
қалыптастыру шарты.
Субъектілік дамуда ойынның тиімділігі.

Қайырғазықызы Айнұр
Оралхан Бөкей атындағы
№44 мектеп-лицейі

ОҚУШЫЛАРДЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ
ТИІМДІЛІГІ

Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың
ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа
ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде
тәрбиелеу болып отыр. Субъектілік ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне
жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны субъект ретінде жан-жақты
дамыту мәселесін қойып отыр.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді
дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен
әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған білім үрдісінде
оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, өздігінен оқуы керек,
яғни оқушыға субъект ретінде қарауы керек.
Субъект-таным объектісі ретінде сыртқы әлемге төтеп бере алатын
ізденімпаз, іскер, мақсаткер адам.
Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын
қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын , өзінді даму
траекциясын анықтау, педагог пен оқушы арасындағы және субьекті мен
субьекті арасындағы өзіндік қарым –қатынасты қалыптастыру- бүгінгі күннің
талабы болып отыр.
Ғалым А.В.Брушлинскийдің ұйғарымы бойынша, Субъект-аса жоғары
белсенділік, біртұтастық, автономдық деңгейіне жеткен адам. Адам субъект
болып дүниеге келмейді, субъект болып дамып жетіледі. Оның субъект ретінде
дамуының алғы шарты іс-әрекет, қарым-қатынас, тіршілік барысы болып
табылады.
Субъект психологиясының алғашқы ілімдері С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе,
Б.Г.Ананьев еңбектерінен бастау алады.
Б.Г.Ананьев субъект ұғымын адамның тұлғалық, индивидтік, даралық
негіздері, субъектілік қасиеттер жиынтығынан тұрады деп түсіндіреді.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың алғы шарты - өзгермелі даму
үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, коммуникативті құзіретті, адамдармен
өзара әрекет пен қарым қатынас тәсілдерін білетін, тілі дамыған жеке
тұлғаны субъект ретінде дамыту және қалыптастыру,-деп 12-жылдық жалпы
орта білім беру тұжырымдамасында көрсетілген.
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың
ойын технологиясына үлкен мән берілген. Пәндік, пәнаралық сипаттағы
дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға,
жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін
үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік
ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік
жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді, деп
атап көрсетілген.
Сондай-ақ, 12 жылдық білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік
әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-
қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін
іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен
ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да
әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет
сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?
1. Қисынды ой-қабілетін дамытады
1. Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді
1. Сөздік қоры байиды, тілі дамиды
1. Зейіні қалыптасады
1. Байқампаздығы артады
1. Өзара сыйластыққа үйретеді
1. Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды
1. Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды
1. Сабаққа қызығушылығы артады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым
Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті
негізгі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың
айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану-баланың
болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына
сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым Бала ойында ғана
тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-
қатынас жасау мүмкіндігі артады,-деп атап көрсеткен.
Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе,-деп М.Жұмабаев атап көрсетсе,
Ойын-баланың рухани дамуының негізі,-деп Ж. Плаже, К. Левин, Л.С.
Выгоский, Д.Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.Ойын-балалар үшін
күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап,
үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-
өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала
көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың
берері мол. Менің зерттеушілік тақырыбымның өзектілігі де осында. Мен 2008
жылдан бері осы зерттеу тақырыбымен жұмыс жасап келемін.

Зерттеу мақсатым:
Ағылшын тілі пәнінде ойын технологиясын қолдану арқылы бәсекеге
қабілетті субъект қалыптастыру
Зерттеу міндеттері:
- ойын технологиясының әдіс-тәсілдерін жете меңгеру;
- ойын арқылы оқушының субъектілік белсендіктерін дамыту жолдарын
анықтау;
Зерттеу нысаны: 4 А сыныбының оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: ойын технологиясының тиімділігі, субъектілік белсенділік.
Күтілетін нәтиже: Ағылшын тілін жақсы меңгерген, өз бетімен тиімді
жұмыс жасай алатын, алған білімін өмірде қолдану мүмкіндігін толық
пайдалана алатын шығармашыл, бәсекеге қабілетті субъектінің қалыптасуы.
Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты
ғұлама ойшылдар, философтар, педагог, психолог, ғалымдар көріп, байқап, оны
іске асыру жолдарын ұсынған. Осы ғалымдардың көптеген еңбектерімен
танысып, зерттей келе мен өз сабақтарымда ойын технологиясын қолдануды жөн
көрдім. Мұғалімдердің барлығы бірдей ойын технологиясын өз тәжірбиелеріне
енгізуге құштар деуге болмайды. Өйткені оқу ойыны кезінде оқушылардың қимыл-
қозғалысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды субъект етіп қалыптастырудағы дидактикалық ойынның тиімділігі
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
«Ойыншық дайындау әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы
Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы мен әдістері
Зерттеу – ізденушілік жұмыстарын ақпараттық – коммуникативтік технология негізінде ұйымдастыру арқылы оқушыны оқушыны субъект ретінде дамыту
Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы шет тілінің мүмкіндіктері
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дидактикалық ойындар негізінде қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Пәндер