Оқыту — даму негізі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Оқыту - даму негізі Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.

Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі - өзара
қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі - мұғалімнің
баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын
қажет етеді. Оқу процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы
ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін
басқару, ұйымдастыра бірі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы)
оқытудағы субъекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық
ойлау болмысы жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес

шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту - баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту - бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады. Л. С. Выготскийдің баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Ол баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді, осыған орай, бала дамуының "екі зонасы" болатынын айтады. "Бірінші зона" - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушьшарды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына ("екінші зонаға") жеткізуге міндетті екендігін айтады.

Оқушының жалпы психикалық дамуы - мектептегі оқу

мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде қолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.

Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту -мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.

Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуына жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған,

ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Сөйтіп оқу процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің

сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен соған

орай өзгертіліп отырады.

Соңғы жылдары философияда, психологияда әрекетті дамуды
зерттеудің әдіснамасы деп қарастыруда. Әрекетте адам субект ретінде,

танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады.

Адамның і -әрекеті, оның бүкіл өмірі өзімен қатар жасап жатқан

адамдармен тығыз байланыста өтеді. Олармен бірге өмірді ұғынып,
күнделікті тіршілік мәелелерін шешеді, болашаққа жоспарлар құрады.
Адам әрекеті сан алуан. Оның негіздері: ойын, оқу, еңбек. Олар жас

мөлшерлерінің әр кезеңінде әр түрліше көрінеді.

Оқыт мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ойының дамуында зор роль атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-ойының; интеллектінің дамуы, "оқи алуға үйрену" бүгінгі күннің басты талабы.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекеті ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізгісі. Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады

Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.

Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу-бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтнжелі болмайды. Сондықтан белгілі бір мақсатқа бағытталған бұндай өзара қарым-

қатынаста біржақты көзі рас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар:

1. Оқытубың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын
тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.

2. Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін
меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.

3. Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-
тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

4. Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және
оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама
жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын
білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-
өзі қадағалауы, тексеріп отыруы.

Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:

  1. Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау
  2. Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.
  1. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік еру.
  2. Белгілген білімді бекітуге басшылық ету.
  3. Білімді практикалық қолдануға қаракет ету.
  4. Оқушының білілімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.

Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушылардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады.

Демек,, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т. б. оқыту процесінің элементтері қолданылады.

Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңінің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн.

Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау - белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқ сөйкес іске асады.

Түрткі - әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін анықтайды.

Мақсат - әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды.

Баланың оқудағы негізгі түрткісінің бірі - қызығу.

Оқу жұмысының жемісті болуы, ең алдымен, балада білімге деген қызьнушылықтың нәтижесі болып табылады. Мүмкін бала өзі оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін үйрету керек.

Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың ішінен мына төмендегідей 3 процесті атап көрсеткен пайдалы:

1. Оқу материалының мазмұны (ондағы жаңалықтар, қазіргі ғылым
мен техникадағы жаңа табыстар, оның практика үшін пайдасы т. б. )

2. Оқуды ұйымдастыру, басқару процесінің ерекшеліктері (оның
әдістері мен формалары т. б. ) Мысалы оқытудың проблемалық сипаты,
оқушылардың творчествалық және практикалық жұмыстарды өздігінен
орындауы, көрнекі құралдар мен техникалық құралдар т. б.

3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың
ерекшеліктері. Мысалы, сабақта мұғалім мен оқушылар арасында жылы
шырайлы педагогикалық қарым-қатынастың болуы, еркін, жағымды
ерекше жағдай, мұғалімнің көңіл-күйі, ақжарқын болуы, оқушылардың
бір-біріне көмек беруі, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру т. б.

Оқу әрекетінің алғы шарттары мектепке дейінгі жаста, рольдік, сюжеттік ойындар кезінде байқала бастайды. Мектеп топтарда балалардың қоршаған дүние жайлы қызығушылықтары артады да, оның танымдық қажеттіліктері молаяды.

Мектепте бұл қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол.
Енді мұғалімнің басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды шеше отырып,
қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды. Осылайша оқу

әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім, оқушының қажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өту мотивтермен байлонысты. Тапсырманы табысты әрі орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықыласы, ішкі түрткілер пайда болады. Сананы билеген ішкі әрекеттің амалдарын, орыңдалудың құралдарын белгілеуді, таңдауды талап етеді.

Оқу әрекеті деп білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше де мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған әрекет теориясының психологаялық негізін Б. Г. Ананьев ; Л. С. Выготский, А. И. Леоньтев, А. Р. Лурья, С. Л. Рубинштейн т. б. ғалымдар жасады. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш. А. Амонашвили, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, П. Е. Гальперин, т. б. зерттеулерінде қарастырылды.

Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан: "Таным -ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой өрісінің күрделі үрдісі". Психолог Б. Г. Ананьевтің пікірінше "Таным - адам сана сезіміндегі табиғат, қоғам, адамзат санасының бейнеленуінің тарихи процесі" 1 .

Практика тұрғысынан оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрдел психикалық үрдіс. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығымен іске асырылып отырады. Оқушы білімді қысқартылған педагогикагі іқ тұрғысынан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оі; улықтардың көмегіне сүйене отырып алады. Дүниетануда оқушы ғалым адамдармен салыстырғанда өзі ғылыми жаңалықтар ашпайды, ол - ғылымда бұрын ашылған зерттелінген фактілерді ұғынуға міндетті. Оқыту - таным процесі өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қарай қадам басқанда ортүрлі қайшылықтар мен қифндықтарға кездеседі, оларды шешу жеңу нөтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту процесіндегі ең

негізгі қайшылық: ол педагогикалық міндет талаптарымен оқушының мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылық. Бұған тағы да оқушының теориялық білімімен репродуктивтік ойлауы арасындағы қайшылықтар жатады. Баланың оқуына күшті әсер ететін себептерінің бірі мотивтер. Мотивтер деп белгілі әрскетке итермелейтін, бағыттайтын себепті айтады. Мотив - адамның объективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне талаптануы. Оқушының мотивтері оның қажеттерімен қызығуларына байланысты болады.

Оқыту практикасында әртүрлі мотивтер болады. Олардың бірі -тікелей талаптандыру мотивтері - бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы оған сүйіспеншілігі. Перспективті талаптандыру мотивтері өзінің көздеген мақсатына ұмтылушылығына оның іс-әрекетін болашаққа бағыттауына байланысты. Бұған жататын мотивтер:

а) мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы. Келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілілі іс-әрекеттерін қызығушылық (ән, сурет, спорт) Түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп (А. К. Марков, Г. И. Щукина, В. И. Ильина) мотивтерді екі топқа ажыратуға болады.

1. Танымдық мотивтер: а) оқушыларды жаңа білімді игеруге және үғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері. ө) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері.

Әлеуметтік мотивтер: а) кең мағынадағы әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезіну) ә) тар мағынадағы әлеуметтік мотивтер (отбасы, ұжым және жолдастарының алдындағы беделі) б) ынтымақтастық әлеуметтік мотивтер оқу тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмытылу және үнемі жетілдіру. Психолог С. Р. Рубейнштейн "Жалпы даму барысында жеке адам қалыптасады. Оның сыртқы қалпын тек ішкі орта арқылы сол жеке бастың өз қуаты, өз белсеңділігі арқылы іске асырады" 1 дейді.

Белсенділік деген не? Белсенді деп тегінде субъектінің іс-әрекет үстіндегі күшін, іс-әрекетін айтады. Оқушылардың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.

Яғни оқушылардың оқуға білімге деген ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі болады.

Оқу процесінде оқушының белсенділігін негізінен екі түрлі сипатта болады. Сыртқы белсеінділік дегеніміз' оқушының қимыл-қозғалыстары

практикалық әрекеті.

Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән маңызы бір қасиет болып саналады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да оның ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруды жүзеге асыру мақсат еткен мұғалім олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Танымдық әрекетінің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Олай болса, танымдық белсенділік дегеніміз, білімді меңгертуді тек байқаумен, сезумен ғана қабылдатып қоймай, керісінше, талданып отырған үрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың теория жүзінде қалай ашылғанын байқата, соны білдірте отырып, меңгерген білімін практикада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс амал-тәсілдерін үйрету, сол арқылы іскерлігі мен дағдысын арттыру болып табылады.

Баланың оқу барысында оқу әрекеті артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6 ж. ) балалар заттарды түсіне қарап ажырата бастайды., олардың құрылысын- пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім беру тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен зандылықтарын терең түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге үйренеді. Оқушылардың таным белсенділігі олардың шығармашылық іздену қабілетіне, мұғалімдердің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты. Н. С. Лейтестің пікірінше, бастауыш мектеп кезеңінде оқушыларда ғажайып өзгерістер болып жатады, яғни, ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады және олардың даму деңгейлері ойдың даму барысының бала кезеңдерімен салыстыруға болмайтындай жылдамдықпен дамиды. 1

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі бағыты бұрынғы, "ойнау" кезеңінен оқу үрдісіне бет бұру кезеңі болып есептеледі. Мектеп

кезеңдері ішіндегі ең негізгі кезең болып саналатын бастауыш кезеңі оқушыларды танымдық, шығармашылық қабілетінің дамуына ең тиімді де қолайлы кезең бола отырып, осы кезеңде олардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізгі қалыптасатын және елестету, армандау мен ойлау амалдары: талдау сияқты көзқарастары жоғары дәрежеде дамуына жағдай жасалу қажет. Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімі дегені ынта ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі. Оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары балалардың белсенділігін арттырады және оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілін қалыптастырады, басқаша айтқанда оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істсуіге үйренеді. Оқу материалымен жұмыс істеудің тиімді жолдарын білетін оқушы оны тек есте қалдыру үшін жаттай алмайды. Ол өзінің белсенді ойлау әрекеті арқылы материалдың негізгі жақтарын айырып оларды белгілі жүйеге байланыстыра түсінуге тырысады. Оқу материалын терең меңгеру үшін теориялық материалдардан нақтыға және керісінше нақтыдан теориялық материалдармен жұмыс істеуге үйренеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге және оның жемісті болуы олардың ойлау әрекеттерінің екендігі. Жүргізілген арнайы пснхологиялық зерттеулер мынаны көрсетеді: жекеленген оқушыларды ойлау әрекетінің салыстыру, талдау, синтез, жалпылау және абстракция- сияқты амалдары бір сатыда болмай бұларды қолдануға дара айырмашылықтар болғандығы айқындалған.

1. 2. Бастауыш мектептегі оқу жұмысын оңтайландыруда

оқыту әдістерінің тиімділігі.

Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр түрлі көзқарастар байқалады. бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекшелігі бар сөздер.

Құрал дидактикада дербес терминологиялық мәні бар сөз. Мысалы, дидактикада қолданылатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратын ң көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары. Көрнекі құралдар т. б. )

Әдіс (методос деген грек сөзінен туады - зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс пеедагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.

Педагогикалық энциклопедия "Оқыту әдістері" - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды" - деп жазылған.

Демек, оқыту әдісітері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиилық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.

Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше іздініп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды:

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты

тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір моліметтерінеи қорытылады.

Осы ереже ердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.

Оқыт әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне. оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардиң белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

Оқыту әдісі - оқыту жұмысын ұйымдастыру мен өткізудің моделі. (С. И Архангельский - Оқыту әдістері 1974 ж) . Оқыту методы деп мұғалімдердің біліммен қаруландыру тәсілдерін және оқушылардың материалды қабылдау жолдарын айтады. (Көшекбаев, 1976) Оқыту әдісі оқушылардың таным әрекетін тәсілі. (Н. Никандров, 1990 ж. ) Оқыту әдісі дегеніміз оқушыларға білім беру оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі және қарым-қатынасының тәсіл амалдарды (Т. Сабыров, 1993 ж. )

Оқыту әдістері дегеніміз мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеітерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. (Ж. Б. Қоянбаев, 1998 ж. )

Метод (metodos) - грек сөзі, ақиқатқа жету жолы) - оқытушы мен оқушыны4 жұмыс кезінде қолданатын тәсілдері, ол арқылы оқушы білім, іскерлік, да5дыларды меңгереді, дүниетанымын қfkыптастырады, қабілетін дамытады. * Н. А. Морева, 1999 ж. )

Оқыту әдісі дегеніміз - мұғалім мен оқушының оқыту мақсатына жету үшін, белгілі бір тәртіппен жүретін іс-әрекеті. Оқыту әдісі (дидактикалық әдістер) - білімділік міндеттерді орындау жолдарының, тәсілдерінің жиынтығы. (И. П. Подласый, 2000 ж. ) .

Оқыту әдісі оқыту барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасуы нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының бір мақсатқа жетуін реттеуші тәсіл ретінде көрінеді (Е. Сағындықұлы, 1999 ж. )

Әдіс - жалпы мағынада - мақсатқа жету тәсілі, анықтап айтқанда, әрекетті білдіретін ұғым (философиялық сөздік, 1999 ж. ) Оқыту әдісі ол оқушы мен оқытушының сабақтағы жұмыс тәсілі (А. Меңжанова, 1996 ж. )

Әдіс (гр. metodos) - танып білудің немесс зерттеудің жолы,

теория, ілім - танып білу жолы, іс-әрекеттің, істің тәсілі, шындықты
меңгерудің практикалық, теориялық тәсілдер мен операциялардың
жиынтығы (А. Молдағалиев, 2001 ж. ) Әдіс дегеніміз оқу-тәрбие

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
Арнаулы оқытудағы Л. С. Выготскийдің теориялары
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Қазіргі заман мектебінде математикадан білім беру
Оқыту техологиясының ерекшеліктері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Психикалық даму негіздері
Сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқыту технологиясын тиімді пайдалану жолдары
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz