Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері


ӘОЖ 371. 13: 37. 036. 5-057. 874 Қолжазба құқығында
КАДИРБАЕВА РОЗА ІЗТІЛЕУҚЫЗЫ
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
13. 00. 08- Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған
Ғылыми кеңесшілері: педагогика ғылымдарының докторы
Д. Рахымбек
педагогика ғылымдарының докторы
К. М. Беркімбаев
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы
М. С. Молдабекова
педагогика ғылымдарының докторы
А. А. Жайтапова
педагогика ғылымдарының докторы
С. С. Маусымбаев
Жетекші ұйым: Е. А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік
университеті
Қорғау 2010 жылы «24» қарашада сағат 10 00 -де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 05. 01 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13-үй, 2-қабат, Мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 05, Алматы қаласы, Қазыбек би, 30-үй, 3-қабат.
Автореферат 2010 жылы «20» қазанда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы: Көшербаева Ә. Н.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби қызметке де өз ықпалдарын тигізуде. Заманауи қоғамда мамандардың кәсіби-шығармашылық деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын талаптар күшеюде. Бұған, Елбасының 2010 жылғы жолдауындағы: «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» - деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың бірі - Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы да айрықша мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға десе болады.
Болон процесінің шешімі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына бірқатар мәселелерді, соның ішінде жаңа қоғамның шығармашыл ұстазын қалыптастыру, яғни болашақ он екі жылдық мектеп мұғалімін даярлау мәсе-лесін қойып отыр. Ал, он екі жылдық мектеп болса, оқушыларды әлеуметтік қорғалуы жағынан қамтамасыз етуді, білім сапасын арттыру арқылы олардың құзіреттіліктерін қалыптастыруды, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді мақсат тұтады. Бұл, түрлі жағдайларда өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндігі бар мәселені шешу жолын таба білетін, ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыруды көздейді.
Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді.
Демек, жаңаша білім беру - жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығар-машылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Әлбетте, қарастырылып отырған проблеманы күні бүгін ғана туындап отырған проблема деп қана қабылдауға болмайды, бұл - адамзат баласының ертеден қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп келе жатқан проблемасы.
Оны ежелгі дәуір философтары (Аристотель, Платон, Сократ) мен шығыстың көрнекті ойшылдарының (Әл-Фараби, Қ. А. Ясауи және т. б. ), жаңару кезеңінің ағартушылары (Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, А. Дистервег және т. б. ) мен ТМД мемлекеттері педагогтарының (К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және т. б. ), қазақ ағартушылары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев және т. б. ) мен қоғам қайраткерлерінің (А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов және т. б. ) еңбектері дәлелдейді. Оларда адамның жеке басының мүмкіндіктері көрсетіліп, ішкі рухани байлықтарының үйлесімділікте дамуы мәселелеріне ерекше мән берілген.
Соңғы жылдары ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының (Б. Баймұқанов, А. Е. Әбілқасымова, Ж. Икрамов, К. К. Жампеисова және т. б. ), болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының (В. В. Краевский, В. А. Сластенин, В. Кузьмина, Н. Д. Хмель, Ш. Таубаева, А. П. Сейтешев, Г. Ж. Меңлібекова, М. С. Молдабекова, С. С. Маусымбаев, А. А. Жайтапова, Г. Т. Хайрулин, О. У. Мұсабеков, К. М. Беркимбаев, С. М. Кеңесбаев т. б. ), жеке тұлғаның қазақ этнопедагогикасы негізінде жан-жақты дамуының (С. А. Ұзақбаева, Р. К. Төлеубекова, Қ. Б. Жарықбаев, Қ. Б. Бөлеев және т. б. ) шығармашылықпен байланыстырыла отырып, қарастырылғанын көрсетеді.
Бірқатар зерттеулерде шығармашылықтың жалпы мәселелері (И. Я. Лернер, В. В. Давыдов, Б. Д. Эльконен, Я. А. Пономарев, Д. Б. Богоявленская және т. б. ), шығармашылық қабілеттің құрылымы мен оның түрлері (В. М. Морозова, А. Н. Лук, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, П. Я. Гальперин, және т. б. ), дарындылық пен қабілеттіліктің шығармашылықпен байланысы (Б. М. Теплов, Л. С. Выготский, В. А. Крутецкий, А. М. Матюшкин, В. А. Моляко және т. б. ), оқушы шығармашылығының ерекшеліктері (В. Сухомлинский, Е. А. Акопян, Н. Н. Хан, А. Е. Әбілқасымова, М. Ә. Құдайқұлов, Ә. Ә. Сағымбаев Қ. Ғ. Қожабаев, Р. С. Омарова, Д. Рахымбек және т. б. ) көрініс алады.
Сонымен бірге пәнаралық байланыстар негізінде шығармашылықты дамытудың жалпы мәселелері (В. Н. Максимова, А. Тажмағанбетов, және т. б. ), психологиялық негіздері (И. П. Павлов, Ю. А. Самарин, және т. б. ), ғылыми-әдістемелік талдаулары (И. Д. Зверев, А. А. Бейсенбаева, Ә. Ж. Көшеров және т. б. ) зерттелген.
Жоғары оқу орындарында информатика курстарын оқыту әдістемелерінің түрлі бағыттарына М. П. Лапчик, Е. Ы. Бидайбеков, Қ. А. Камардинов, Б. Бөрібаев, С. С. Қариев, М. С. Мәлібекова, М. Қ. Байжұманов Қ. С. Әбдиев, ал оқыту технологияларының жүйелері мен пайдалану жолдарына А. В. Соловов, А. Я. Савельев, В. П. Беспалько, Г. Д. Жангисина, Т. О. Балықбаев, компьютерлік оқыту мәселесіне Ж. А. Қараев, А. Ә. Шәріпбаев және т. б. назар аударған.
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау жоғары білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесінің бірқатар бағыттарының (қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап еткенімен, оқу үдерісінде бұл мәселені заманауи тұрғыда шешудің ғылыми-педагогикалық негізі жасалмағандығы; білім беруде оқушылардың шығарма-шылық қабілетін дамытуға болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауға бағытталған арнайы даярлық жұмыстарының ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие үдерісі мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; мұғалімдердің қарастырылып отырған мәселе бойынша біліктіліктерінің жеткілікті болмауы, мектеп бітірушілері білімдерінің төмен көрсеткіштері, қазіргі кезде оқушы жастардың басым көпшілігінің білім алуға деген ынталарының азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы және т. б. ) әлі де болса шешімін таппай отырғанын дәлелдейді.
Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлығы бар мұғалімдерге қоғам сұранысының өсуі мен мұндай талапқа сай мамандарды даярлауға байланысты жоғары оқу орындарына арналған арнайы тұжырымда-маның жоқтығы арасында; болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығарма-шылық қабілетін дамытудағы кәсіби даярлық сапасына талаптардың артуы мен оның ғылыми-теориялық, әдстемелік негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі және арнайы оқу-әдістемелік кешендермен арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемасын анықтауға және тақырыпты: “ Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері” деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу объектісі - жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау.
Зерттеу пәні - болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау үдерісі
Зерттеудің мақсаты - болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауды әдіснамалық-теориялық тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асыруды әдістемелік жүйемен қамтамасыздандыру.
Зерттеудің болжамы - егер , болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың әдіснамалық негіздері айқындалып, олардың шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамыту моделі мен құрылымдық моделі жасалса және болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың тиімді кезеңдері айқындалып, тұжырымдамасы негізделсе, оларды жүзеге асырудың механизмі мен педагогикалық шарттары анықталып, әдістемелік жүйесі ұсынылса, онда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту саласынан болашақ мұғалімдердің кәсіби білігі жетілдіріледі, ал бұл болса оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыздандырады.
Зерттеу міндеттері :
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың әдіснамалық негіздерін айқындау.
- Болашақ мұғалімдердің шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамыту моделін және оларды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың құрылымдық моделін жасау, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауды жүзеге асырудың кезеңдерін анықтау.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың тұжырымдамасын жасау.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамы-туға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары мен механизмін анықтау.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың әдістемелік жүйесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы - болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейімен айқындалады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: теория мен практиканың бірлігі туралы философиялық идеялар, қоғамдық даму құбылыстарын зерделеудегі тұлғалық-әрекеттік қатынас қағидалары, тұлғаны қалыптастырудағы жүйелік-тұтастық көзқарас және адамның шығармашылық мәні туралы тұжырымдамалар, шығармашылық теориясының қағидалары, тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің рөлін анықтайтын білім берудің жалпы теориясы болып табылады.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері; ҚР Үкіметінің ресми материалдары; Білім және Ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (тұжырымдамалар, стандарттар, типтік оқу бадарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) ; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау, жоғары мектептің оқу құжаттарын зерделеу, оқу үдерісін бақылау, жалпы білім беретін мектептердің озық тәжірибелерін талдау, әңгімелесу, тест, сауалнама жүргізу, сараптау, тәжірибелі-эксперимент жұмысы, нәтижелерді жүйелеу, статистикалық өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың әдіснамалық тұғырлары, ұстанымдары негізделді.
- Болашақ мұғалімдердің шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамыту моделі және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың құрылымдық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері анықталды.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамы-туға кәсіби даярлауды жүзеге асырудың кезеңдері айқындалды және әр кезеңнің мазмұны анықталды.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың тұжырымдамасы жасалды.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамы-туға кәсіби даярлаудың педагогикалық шарттары мен механизмі анықталды.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың әдістемелік жүйесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.
Зерттеудің практикалық мәні. Оқу-тәрбие үдерісіне:
- болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың тұжырымдамасы;
- болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың әдістемелік жүйесі;
- оқу-әдістемелік кешендер (бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, компьютерлік тестік бағдарлама) ;
- арнайы меншіктік құқығы бар «Сандық әдістер» (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама) атты ақпараттық пәндік орта ендірілді.
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта оқу орындарында, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау нақтыұстанымдарға(жалпыдидактикалық, ізгіліктік, дамытушылық, жеке тұлғалық, мәденилік, халықтық, вариативтілік, жекедаралық, ынтымақтастық, үздіксіздік, сәйкестік) жәнеәдіснамалық тұғырларға(шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру, болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту ) негізделеді.
- Болашақ мұғалімдердің шығармашылық тұрғыдаөзін-өзі дамыту моделіоларды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауда кәсіби-дамытушы кеңістіктің шығармашылық бағдарын жүзеге асырады. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудыңқұрылымдық моделідамытушылық әрекеттің өзара байланысы мен өзара шарттастығына және болашақ мұғалімнің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлығы қалыптасуына ықпал ететін білім беру үдерісін қамтамасыздандырады, ал оның шығармашылық деңгейлерін анықтайтын өлшемдері мен көрсеткіштері болашақ мұғалімдердің даярлық компоненттерінің тиімді қалыптасуына септігін тигізеді.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаутөрт кезеңбойынша жүзеге асырылады: а) болашақ мұғалімдерді педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық тұрғыда бағдарлау, педагогикалық іс-әрекетке қызығушылығын айқындау, осы мамандықты таңдаудағы мотивін анықтау; ә) болашақ мұғалімдерді шығармашылық іс-әрекет қызметіне араластыру, шығармашылықтың мәні мен мазмұнын түсіндіру, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін жинақтау; б) болашақ мұғалімдердің оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға арналған білімдері мен іскерліктерін қорытындылау, педагогикалық технологияларды тиімді қолдану және жаңа технологиялық элементтерді құрастыру мен енгізу; в) болашақ мұғалімдердің кәсіби қызметін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жүзеге асыру, білім мен іскерлікті түрлендіру, өзіне бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге асыру.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының бағыттарына негізделіп мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау жүйесін жаңартады және бағыттары мен тәсілдерін айқындайды.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби шарттарыжоғары оқу орнында оқу үдерісін шығармашыл бағытта ұйымдастыруға мүмкіндік береді, ал оныңмеханизміоқу үдерісінде бірізділікпен сатылап жүзеге асады: жоғары оқу орнының оқытушысы → студенттердің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлық үдерісін ұйымдастырады → студенттерді оқыту барысында практикалық іс-әрекеттер арқылы → олардың репродуктивтік әрекеті мен шығармашылық іс-әрекетін қарастырады → жалпымәдени даярлық, психологиялық-педагогикалық даярлық және кәсіби даярлық пәндерінде → болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлайды.
- Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға даярлаудыңәдістемелік жүйесіолардың оқу үдерісін білім беретін, дамытатын, тәрбиелейтін шығармашылық үдеріс ретінде саналы түрде меңгерулеріне көмектеседі. Өйткені, әдістемелік жүйедепән сабағының мазмұны мен құрылымы, пәнді оқытуды ұйымдастырудың түрлі формалары мен олардың өзара байланысы және әрбір формаларды тиімді пайдалану шарттары мен пәнаралық байланыстары ашып көрсетіледі, сондай-ақ пәнді оқыту құралдары мен оларды түрлі тақырыптарды меңгертуде пайдаланудың амал-жолдары қарастырылады.
Зерттеу кезеңдері: Бірінші кезеңде (1999-2004ж. ж. ) қарастырылып отырған проблеманың зерттелу деңгейі анықталды, отандық, шетелдік ғалымдардың ғылыми-теориялық, әдістемелік еңбектеріне және философия, психология, педагогика ғылымындағы зерттеу проблемасына қатысты іргелі ғылыми зерттеулерді талдау мен жоғары және жалпы білім беретін мектептегі оқыту тәжірибесінің жай-күйі, жетістіктері мен қайшылықтары сараланды, тақырып бойынша ғылыми аппарат құрылды, ғылыми мақалалар даярланып, басылым көрді, тақырып аясында материалдар жиналды.
Екінші кезеңде (2004-2008ж. ж. ) тақырып бойынша материалдар жинау жалғасын тапты, тұжырымдама жасалды, тәжірибелік-эксперименттің анықтау және қалыптастыру кезеңдері жүзеге асырылды, оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламалық кешендер жарық көріп, оқу үдерісіне ендірілді, ғылыми мақалалар даярланып, баспадан шығарылды.
Үшінші кезеңде (2008-2010ж. ж. ) такырып бойынша жиналған материалдар сұрыпталып, жүйеге келтірілді, тәжірибелік-эксперимент жалғасын тауып, зерттеу нәтижелері өңдеуден өтті, зерттеу жұмысы қорытындыланып, ғылыми ұсыныстар даярланды, әдебиеттер жүйеленіп, диссертация талап бойынша рәсімделді,
Зерттеу базасы: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен оның Шымкент институты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті және Шымкент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы № 65 гуманитарлық-эстетикалық гимназия-мектебі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбының теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдаланумен, зерттеу нәтижелерін практикаға ендірумен, алынған деректердің дәлелділігімен, тәжірибелі-эксперимент барысында пайдаланылған ұсыныстардың тиімділігімен, ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс тәжірибесімен қамтамасыздандырылады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қағидалары халықаралық ғылыми-практикалық (Шымкент 2003-2009; Ақтөбе 2006; Түркістан 2008-2010; Алматы 2000, 2009; Прага 2009, 2010; Тула 2010; Ташкент 2010; Бишкек 2009; Пшемысль-Польша 2009), республикалық ғылыми-практикалық ( Шымкент, 2008; Түркістан, 2006; Алматы, 1999) ғылыми-теориялық конференцияларда; республикалық педагогикалық оқуларда ( Шымкент, 2004-2008) және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-әдістемелік семинарларында, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облыстық, аймақтық, қалалық білім беру басқармаларында баяндалды; мерзімді республикалық басылымдарда ғылыми мақалалар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, ақпараттық-сараптамалық материалдар, оқу-әдістемелік және мұғалімдерге арналған көмекші құралдар түрінде жарық көрумен жүзеге асты.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, пәні анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер нәтижелерінің дәйектілігі баяндалады.
«Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімде жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың мәні мен мазмұны және әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары баяндалып, болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудағы педагогикалық технологиялар жүйесі мен жаңашыл бағыттары ашып көрсетіледі.
«Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың теориялық негіздері» атты екінші бөлімде болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау жүйесінің құрылымдық модельдері, кәсіби даярлаудың кезеңдері мен мазмұны негізделеді және болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау тұжырымдамасы ұсынылып, болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлығын қалыптастырудың мүмкіндіктері, механизмі мен педагогикалық шарттары анықталады.
«Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың әдістемесі» атты үшінші бөлімде болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың негізі болатын студенттердің әдістемелік даярлығы және әдістемелік бағдар ретіндегі пәнаралық байланыс мәселелері анықталып, болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлығын қалыптастыруда жаңашыл білім беру технологияларын пайдалану мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері ұсынылады.
Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада болашақ мұғалімдерге арналған сауалнамалар, тест тапсырмаларының бағдарламалық кешені, пәндік орта кешені ұсынылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz